Банк қызметін бақылау және реттеудің экономикалық мәні

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Марта 2012 в 12:01, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың өзектілігі. Бүгiнгi таңда ауқымды өзгерiстер кезеңi қоғам өмiрiнiң барлық саласын жан–жақты қамтуда. Сол себептi қалыптасқан құрылымды мүлдем жаңартып, экономикалық-әлуметтiк және рухани дамуға жол ашатын демократиялық қоғам құруға сай экономиканы нарықтық қатынастарға көшу мiндетi тұрды. Қазiр ендi көштiк десек те болады. Осы негiзгi әлеуметтiк, рухани және тағы басқа күрделi мәселелердi шешу – бүгiнгi күннiң басты талабы. Сөйтiп бұл мәселелердi дәйектi түрде жүзеге асыру бүкiл қоғам мүшелерiнiң жаңаша көзқарасына, нақты iс-қимылына және олардың экономикалық бiлiмiне тiкелей байланысты.

Содержание

КІРІСПЕ......................................................................................................................3

I Банк қызметін бақылау және реттеудің экономикалық мәні
1.1 Банк қызметiн бақылау мен реттеуге жалпы түсініктеме.....................................................................................………...................5
1.2 Банк қызметін бақылауын реттеудің жүргізу әдістері..............……….............9

II Қазақстан Республикасының банк қызметін бақылау мен реттеудің ерекшеліктері
2.1 Банк қызметін мемлекеттік бақылау........................................………............11
2.2 Банк қызметін аудиторлық бақылау.........................................………............12
2.3 Банк қызметін халықаралық бақылау.......................................……................14
2.4 Банк қызметiн қадағалау мен бақылауды талдау (“Темірбанк” АҚ мысалында)................................................................................................................16

III Қазақстан Республикасының банк қызметін бақылау мен реттеудің әдістерін дамыту жайында
3.1Пруденциялық реттеу..............................................................…………….....…20

ҚОРЫТЫНДЫ..............................................................................……………......22
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.............................

Работа содержит 1 файл

БАНК РЕТТЕУ-КУРС.doc

— 180.00 Кб (Скачать)

2.2 Банк қызметін аудиторлық бақылау

 

Аудиторлық бакылауды арнайы және тәуелсіз аудиторлық мекемелер, бақылау палаталары, ассоциациялар жүзеге асырады. Аудит өз алдына банктердің қызметіне бақылаудың тәуелсіз нысаны болып табыла отырып, ол ішкі және сыртқы болып бөлінеді.

Банк қызметінің сыртқы аудиті лицензиясы бар арнайы тәуелсіз аудиторлық ұйымдармен немесе лицензиясы бар тәуелсіз жеке аудитормен ақы төлеу келісім-шарты негізінде жүргізіледі.

Аудиторлық ұйымдар және аудиторлар бухгалтерлік есеп пен есеп берудің нақтылығын тексере отырып, қаржы-шаруашылық операциялардың заңдарға сәйкестігі мен олардын мәліметінің растығын бекітеді; іс жүргізу дұрыстығын, құжат айналымының ұйымдастыруылуын келісім-шарт жасау шарттары мен несиенің қамтамасыз етілуін бақылайды; төлемдердің уақтылы төленуін, кассалық тәртіптің сақталуын, т.б. жағдайларды тексереді.

Өз қорытындысында аудиторлар жіберілген қателер мен кемшіліктер бойынша кеңестер мен ұсыныстар береді.

Ішкі аудит жетекші бақылау формасын білдіреді және оны жұзеге аеыруы үшін банкте арнайы ішкі бақылау бөлімі құрылады. Оның негізгі міндеті: бөлімшелерге берген банк жетекшілерінің нұсқауларын дүрыс орындалғанына, банктік қызмет және оның жеке қызмет пен бөлімдердің әлсіз жерлерін анықтау, материалдық және қаржылық құндылықтарының сакталу қауіпсіздігін тексеру және қамтамасыз ету, т.б. жатады.

              Аудиторлық бақылау – ведомстводан тыс тәуелсіз қаржылық бақылау.Оны біліктілік комиссиясы аттестаттаған "аудитор біліктілігінің берілуі" туралы куәлік алған жеке тұлға да, сондай-ақ үлгідегі акционерлік қоғамды, өндірістік кооператив пен мемлекеттік кәсіпорынды қоспағанда, аудиторлық қызметті жүзеге асыру үшін кез келген ұйымдық-құқықтық нысанда құрылған коммерциялық аудиторлық ұйым да жүргізе алады.

  Шетелдік аудиториялық ұйымдар Қазақстан Республикасында аудиториялық қызметті тиісті аудиторлық ұйымдарды – Қазақстан Республикасының резиденттерін құрған жағдай да ғана жүзеге асыра алады.

   Жүргізу нысандары мен уақытына қарай қаржылық бақылау: алдын ала бақылау, ағымдағы және кейінгі бақылау болып бөлінеді. Бақылаудың мұндай нысаңдары бақылаушы органдардың көбісінің қызметіне тән.

 

 

2.3 Банк қызметін халықаралық бақылау

 

Республикада банктер үстінен халықаралық бақылауды Дүниежүзілік банк, Халықаралық валюталық қор, т.б. жүзеге асырады. Олар республикаға өз несиелері мен экономикасын нарыққа көшіру барысында қаржылық және ғылыми-техникалық көмек көрсете отырып, белгілі бір талаптар мен шарттар қояды. Мысалы, елде инфляцияны белгілі бір шекке төмендету, банктік реформа бойынша олардың ұсыныстарын есепке алу, т.б. Сонымен қатар, елдегі экономикалық жағдайдың дамуымен бірге – банктік жүйенің жұмысы мен жеке банктердің қызметін де бақылап отырады.

Банк қызметіне құрылтайшылық бақылау бірнеше формада жүргізіледі: басқарма қызметіне бақылау кеңесінің жүргізетін ревизиялық комиссия; акционерлерінің бақылауы.

Акционерлер банк жетекшісімен өткен қаржылық жылдағы, оның қызметінің нәтижелері жайлы қажетті мәліметтерді алуға, қорытындыланатын банк қызметіне тікелей бақылау жасауға құқылы және олар бақылау қорытындысын акционерлердің жиналысында жариялайды.

Бақылауды жүргізу үшін акционерлер сараптамашыларды, аудиторларды, т.б. шақыра алады.

Шет елдерде әрбір жеке елде, тарихи даму мен әр түрлі саяси экономикалық факторлар әсерінен қалыптасқан банктердің қызметіне бақылау мен қадағалаудың өзіндік жүйесі бар.

Мысалы, Англияда соңғы кезге дейін банктің жұмысын реттейтін арнайы заңдар болған жоқ, ал оларға жасалатын бақылау жасырын және қағаз жүзіндегі сипатта болды.

Бұл елдегі банктер акционерлік компаниялар туралы жалпы Заңмен реттеліп отырды. 1979 ж. заң бойынша банктік қызметті міндетті түрде лицензиялау және жалпы ұлттық сақтаңдыру қоры құрылды. 1987 ж. банктік заң ірі қарызды беру ережесін, банктердің бірігу тәртібін, аудиторлық тексерілулерді анықтады. Дегенмен де Ұлыбританиядағы банктік қызметке жасалатын бақылау бүгінгі танда да басқа елдерге қарағанда формалды және онша қатаң емес.

АҚШ-та банктік қызметті реттеу басты екі мақсатты көздеді: банктердің тұрақтылығын қамтамасыз ету және олардың күйреуіне жол бермеу; азғана несиелік мекемелердің қолында капиталдың шоғырлануын шектеу және ақша нарығында монополиялық бақылауды болдырмау.

АҚШ-та банктердің күйреуін алдын алуда реттеудің келесідей екі түрі қолданылады: жоғары тәуекелге әкелетін және өтімділікті төмендететін банк операцияларын зандық шектеу және банктік депозитгерді сақтандыру жүйесі.

АҚШ-та заң негізінде филиалдарды ашуды аумақтық бойынша шектейді және ақша нарығында бәсекелестік қатынастарды қолдайды.

Осы саясаттың нәтижесінде Батыс Еуропа және Азия елдеріне қарағанда АҚШ-та көптеген ұсақ филиалсыз банктер сақталған. Барлық банктердің жартысының өз филиалдары жоқ.

АҚІІІ-та банкердің жұмысын қадағалау үшін бақылау органының ең жақсы тармақталған жүйелерінің бірі құрылған. Ұлттық банктер жүйесін бақылауды – ақша айналысының бақылаушылары (ААБ), ал штаттардың банкттер жүйесіне бақылауды – штаттардың банктік департаменттері (ШБД) жүзеге асырады.

Одан басқа бақылауды федералды резервтік жүйе (ФРЖ) және депозиттерді сақтандыру бойынша федералды корпорация (ДСФК) жүргізеді.

ААБ – бұл қазынашылық орган. Оның қол астында 4,9 мың ұлттық банктер бар. Ол ұлттық банктерді құруға рұқсат береді, бақылау мен ревизияны мезгілінде жүргізіп отырады, банктердің бөлімшелерінің ашылуы мен бірігуі туралы өтініштерді қарастырады.

ФРЖ-ның тікелей бағынысында 1056 штаттық банк-мүшелері бар. Сонымен қатар, ФРЖ заң бойынша банктік холдинг-компаниялар (олар 88 мың еншілес банктермен қосқанда, 5,6 мың) үстінен қадағалауды жүргізеді.

ДСФК — тәуелсіз федералдық ведомство. Ол ФРЖ-ның мүше болып табылмайтын (олар 8,4 мың) сақтандырылған штаттық банктерді бақылайды. ДСФК негізінен сақтандырумен айналысады, бірақ ол кез келген банкті тексере алады.

Штаттардың банктік департаментіне (ШБД) 9,5 мың штаттық банктер бағынады. ШБД оларға банктік операцияларға рұқсат береді, тексерулер жүргізеді.

Жекелеген несиелік құрылтайшылар тобының жұмысын бақылайтын үкіметтік емес бақылау органдары да бар, мысалы: банктердің Американдық бірлестігі, клиринттік палаталар комиттетері, тәуелсіз банктер бірлестігі.

Германияда банктерді, банктер үстінен бақылауды Федералдық ведомство сияқты арнайы орган жүргізеді.

Бақылаудың негізгі себебі осы ведомствоның арнайы декретімен, Орталық банктің келісімі бойынша анықталады.

Францияда банктерді қадағалау қызметі Франция банкінің басқарушысы жетекшілік ететін бірнеше комитеттердің қолында шоғыраландырылған.

 

 

 

2.4 Банк қызметiн қадағалау мен бақылауды талдау (“Темірбанк” АҚ мысалында)

              “Темiрбанк” АҚ бойынша I деңгейлi капитал тиiсiнше 606 478 мың тенгені  құрайды.

              КI = 772030+598275+1024438+57349-8679116=606478 мың тенге.

    Мұнда, акцияларға салынатын инвестициялар мен басқа да заңды тұлғалардың субординацияланған қарызын шегерiп тасғандағы меншiктi капитал тиiсiнше 579928 мың теңгенi құрайды:

              КI = 606478-26550=579928 мың теңге

   Жоғарыда қарастырылып отырған банк  бойынша II деңгейлi капитал тиiсiнше 606478 мың теңге құрайды:

              КI = 376637+59776+170075=606478 мың теңге

              Ендiгi жерде КI және КII сомасы ретiнде банктiң меншiктi капиталының жалпы сомасын есептеуге болады:

              К=579928+606478=1186406 мың теңге

              ‘’Темiрбанк’ АҚ-тың жалпы активтерi – 13532379 мың теңге болса:

                         579928


  R1=                  = 0,042

          13532379

 

               1186406


R2=                          = 0,11

        13605989-2884644

      Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң банктiк қадағалау жүргiзуiне көмектесетiн келесi пруденциалдық нормативi - өтемдiлiк коэффициентi:

               ӨА


  ӨК=                 

                М

Мұндағы  ӨА - өтiмдi активтер, М – мiндеттемелер.

Кесте 1

‘’Темiрбанк’’ АҚ меншiктi капиталының есебi

Баптардың атауы

‘’Темiрбанк’’ АҚ балансы бойынша

Жарғы капиталы

қосымша капитал

қорлар

барлығы

материалдық емес

активтердi шегерiп тастағанда

7720230

598275

1024438

9342943

57649

8679116

Барлығы

8736465

Барлығы I деңгейлi капитал

606478

Бiрiншi деңгейлi капитал – одан шегерiп тасталынады: акцияларға салынатын инвестициялары мен басқа да заңды тұлғалардың субординацияланған қарызы

 

606478

36550

Барлығы I деңгейлi капиталдан шегерiп тастағанда

579928

Ағымдық жылдық табыстарының шығындардан артуы

376637

Негiзгi қорлар мен бағалы қағаздарды қайта бағалау

59766

Тәуекел деңгейiн ескергендiгi актвитер сомасының 1,25% аспайтын жалпы резервтер (провизиялар)

 

170075

I деiгейлi капитал сомасының 50% аспайтын субординацияланған қарыз

 

0

Барлығы II деңгейлi капитал

606478

Капитал (К1+К2)

118606

Барлығы банк активтерi

13532,379

К1

0,04

Тәуекел деңгейiн ескергендегi активтер сомасы

13605989

Арнайы резервтер (Пс)

2884644

Арнайы резервтердi шегерiп тастағандағы активтер сомасы

10721345

К2

0,11

        Бiз қарастырып отырған банктер бойынша өтiмдiлiк коэффициентiн келесi кестеден байқауға болады (кесте 2)

Кесте 2

Банктiң өтiмдi активтерi мен мiндеттемелерiнiң қатынасы

Банктер

Өтiмдi активтер

Мiндет-

темелер

Өтiмдiлiк

коэф.

Норматив

тiк мәнi

‘’Темiрбанк’’ АҚ

4869791

9350181

0,52

Min 0,2

Информация о работе Банк қызметін бақылау және реттеудің экономикалық мәні