Банк қызметін бақылау және реттеудің экономикалық мәні

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Марта 2012 в 12:01, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың өзектілігі. Бүгiнгi таңда ауқымды өзгерiстер кезеңi қоғам өмiрiнiң барлық саласын жан–жақты қамтуда. Сол себептi қалыптасқан құрылымды мүлдем жаңартып, экономикалық-әлуметтiк және рухани дамуға жол ашатын демократиялық қоғам құруға сай экономиканы нарықтық қатынастарға көшу мiндетi тұрды. Қазiр ендi көштiк десек те болады. Осы негiзгi әлеуметтiк, рухани және тағы басқа күрделi мәселелердi шешу – бүгiнгi күннiң басты талабы. Сөйтiп бұл мәселелердi дәйектi түрде жүзеге асыру бүкiл қоғам мүшелерiнiң жаңаша көзқарасына, нақты iс-қимылына және олардың экономикалық бiлiмiне тiкелей байланысты.

Содержание

КІРІСПЕ......................................................................................................................3

I Банк қызметін бақылау және реттеудің экономикалық мәні
1.1 Банк қызметiн бақылау мен реттеуге жалпы түсініктеме.....................................................................................………...................5
1.2 Банк қызметін бақылауын реттеудің жүргізу әдістері..............……….............9

II Қазақстан Республикасының банк қызметін бақылау мен реттеудің ерекшеліктері
2.1 Банк қызметін мемлекеттік бақылау........................................………............11
2.2 Банк қызметін аудиторлық бақылау.........................................………............12
2.3 Банк қызметін халықаралық бақылау.......................................……................14
2.4 Банк қызметiн қадағалау мен бақылауды талдау (“Темірбанк” АҚ мысалында)................................................................................................................16

III Қазақстан Республикасының банк қызметін бақылау мен реттеудің әдістерін дамыту жайында
3.1Пруденциялық реттеу..............................................................…………….....…20

ҚОРЫТЫНДЫ..............................................................................……………......22
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.............................

Работа содержит 1 файл

БАНК РЕТТЕУ-КУРС.doc

— 180.00 Кб (Скачать)

—    төлем карточкаларын шығару;

—   банкнота мен монеталарды және бағалы заттарды инкассациялау және жөнелту;

—      шетел валютасымен айырбас операцияларын ұйымдастыру;

—     төлем құжаттарын инкассоға қабылдау (вексельден басқаларын);

—     чек кітапшаларын шығару;

—     бағалы қағаздар нарығындағы клирингтік қызмет;

—     аккредитивті ашу, растау және ол бойынша міндеттемені орындау;

— ақшалай формада орымдалуды көздейтін банктік кепілзаттарды беру;

— үшінші тұлғаның атынан ақшалай формада орындалуды көздейтін банктік кепілдеме беру.

Банктер бағалы қағаздар нарығында басқа да кәсіби қызмет түрлерін жүзеге асыра алады. Оларға мыналар жатады:

—     брокерлік — мемлекеттің бағалы қағаздарымен;

—     дилерлік — мемлекеттің және езге де бағалы қағаздармен;

—     кастодиандық;

—       клирингтік.

Осы аталған қызмет түрлеріне Ұлттық банктен жекелеген және кешенді (бІрнеше қызметке) лицензиялар беріледі.

Сонымен қатар, ҚР-ғы екінші деңгейдегі банктер өз қызметін жүзеге асыру барысында филиалдарын, өкілдіктерін, жинақ-кассаларын, сондай-ақ еншілес банктерін аша алады.

Банктің филиалы — филиал туралы ережеде немесе лицензияда көрсетілетін банктік операцияларды жүзеге асыруга құқылы және өзінің дербес бухгалтерлік балансы бар, занды тұлға болып табылмайтын банктік мекеме.

Заңға сәйкес, банктер өздерінің филиалын ашу үшін Ұлттық банктің келісімін алуға тиіс. Ол үшін мынадай құжаттарды тапсырады:

—    Филиал ашуға рұқсат алу өтініші;

—   Банк операцияларының тізімі көрсетілген банк филиалы туралы ереже;

—   Бірінші жетекші және бас бухгалтер қызметіне кандидаттар туралы мәліметтер.

Шетелдік банктердің ҚР аумағында филиалдарын ашуға заңмен тыйым салынады.

Қазақстан Республикасы екіпші деңгейдегі банктердің қызметін реттеу механизмінің тәртібі Ұлттық банктің екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттеу және қадағалау бойынша нормативтік құқықтық актілерімен анықталады.

1995 жылы 31 тамызда қабылданған «Банктер және банктік қызмет туралы» К,Р заңының 41-бабына сәйкес, ҚР Ұлттық банк екінші деңгейдегі баиктердің қаржылық тұрақтылығыи қамтамасыз ету, олардың салымшыларының мүдделерін ңорғау, сондай-ақ республикадағы акша-несие жүйесінің тұрақтылығын қолдап отыру мақсатында аталған банктердің қызметін реттеуді мынадай жолдармен жүзеге асырады:

■    пруденциялық нормативтер белгілеу;

■   банктердің  орындауына  міндетті  нормативтік құқықтық актілер шығару;

■ банктердің қызметін тексеру;

■ банктің қаржылык жағдайын сауытандыруға байланысты ұсыныстар беру;

■   банктерге ықпал ететін шектеу шараларын қолдану;

■  банктерге немесе олардың лауазымды тұлғаларына санкциялар беру.

Ұлттық банк халықаралық банктік тәжірибеде қолданылатын пруденциялық нормативтер мен орындауға міндетті басқа да нормалар мен лимиттерді белгілеуге құқылы. Ол сонымен қатар банктердің пруденциялық норматинтерді және орындауға міндетті басқа да нормалар мен міндеттерді бұзғаны үшін жауапкершілікті белгілейді.

Қойылған талаптарға банктің қаржылық жағдайының сәйкестігі туралы мәселені шешу мақсатында Ұлттық банк белгілі мөлшерде банктің капиталының көлемін анықтауға құқылы.

Пруденциялық нормативтер немесе орындауға міндетті басқа да нормалар мен лимиттердің нормативтік белгілері мен есептеу әдістемесін, белгіленген күнге банктің капиталының көлемін, ашық валюта позициясының лимиттерін және оларды есептеу тәртібін, резервтік талаптар нормасын және оларды есептеу әдісін, есеп берудің сәйкес формалары мен оны тапсыру мерзімін Ұлттық банк белгілейді.

Банктік қызметті жүзеге асырумен байланысты шығындарды табу мақсатында банктер резервтік қор құруға міндетті. Резервтік қорлар банктердің дивидендтерді төлеуге дейінгі табысының есебінен құрылады. Банктер резервтік қорларының көлемін Ұлттың банк белгілейді.

Банктер жүргізетін операцияларының түрлері мен көлеміне қарай өздерінің қызметінің сенімділігіне бақылауды қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасындағы банктер туралы заңға сәйкес, Ұлттың банк бекіткен тәртіпте күмәнді және үмітсіз қарыздарға қарсы арнайы провизиялар құру арқылы берілген несиелер мен басқа да активтерді жіктеуге міндетті.

 

 

1.2 Банк қызметін бақылауын реттеудің жүргізу әдістері

 

Қазақстандағы екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттеу Ұлттық банктің Қаржылық қадағалау департаменті көмегімен жүзеге асады.

Мұндағы басты міндеттерінің бірі — бұл банктердің қызметін реттеуді экономикалық тиімді жолмен жүргізуді қамтамасыз ету, яғни банктік сектордың сенімділігі мен тұрақтылығын қолдау. Ал ол міндетті шешуде банктердің қызметін қадағалаудың 2 негізгі әдісін қалай тиімді қолдану мәселесі туады.

Бұл — қашықтан (дистанционды) қадағалау әдісі және инспекциялық әдісі.

Қашықтан қадағалау әдісі — бұл банктердің қадағалау органдарына мәліметтер беру түрінде жүргізілетін пруденциялык, қадагалау әдісі.

Ақпараттық есеп базасы. Банктердің қызметін кешенді түрде сипаттайтын ақпараттық негізгі және жинақтаушы көздері болып табылатын банк балансы мен қаржылық есеп есебін талдау барысында жеке банктік операциялардың тәуекелдік деңгейі мен табыстылығын, өтімділігін анықтауға, меншікті және тартылған қаражаттардың көздерін, олардың белгілі бір мерзімге немесе белгілі бір кезеңге орналастыру құрылымын айқындауға, сондай-ақ банк жүйесіндегі жеке бір банктердің қызметінің мамандануы мен маңызын белгілеуге мүмкіндік береді.

Қаржылық талдаудың мақсаты — енді пайда болып келе жатқан мәселелерді қаржылық тұрақсыздыққа ұшырауға дейін айқындау. Бұндай мәселелерді айқындау банктердің қаржылық есеп беруінен және осы мәселеге қатысты басқа да ақпараттардан (басқару сапасы туралы, сыртқы аудиттің сапасы мен аудиторлардың есеп беруінің мазмұны туралы ақпараттар) алынатын қаржылық ақпараттарды талдауды жүзеге асырумен іске асады.

Қашықтан талдау жүргізетін мамандар мынадай міндеттерді шешеді:

1) Банктердің пруденциялық нормативтер мен сақтауға міндетті басқа да нормалар мен лимиттерді, резервтік талаптар және күмәнді қарыздарға қарсы провизияларды құру барысының орындалуын тексеру.

2) Банктердің қаржылық қызметін қарастыру, оның болашақтағы жұмысы мен дамуы жайлы ой қалыптастыру, оның нәтижелерін соған ұқсас банктердің нәтижелерімен салыстыра отырып бағалау.

Екінші деңгейдегі банктердің қаржылық қызметін талдау банктердің қызметінің қаржылық жағдайы мен нәтижесіне қатысты мынадай маңызды сұрақтарды қамтиды:

1)        капитал;

2)        активтердің сапасы;

3)        пайдалылық пен рентабельділік;

4)         өтімділік.

Қаржылық талдаумен айналысатын мамандар банктік мәселелердің пайда болуының мүмкін болар жақтарын айқындауы тиіс.

Капиталды талдау.

Капитал банктің қаржылық жағдайының ең маңызды  көрсеткіші болып табылады.

 

 

II Қазақстан Республикасының банк қызметін бақылау мен реттеудің ерекшеліктері

2.1 Банк қызметін мемлекеттік бақылау

 

Банктік жүйенің елдің экономикасында алатын ролі мен орны ауқымды.

Сондықтан несие банктік сфера мемлекеттік органдар жағынан мұқият бақылау мен талдаудың объектісі болып табылады. Әрбір елде банктік қызметті әр түрлі аспектілерде реттеп отыратын, өзіндік бақылау мен құқықтық актілер жүйесі жұмыс істейді. Республикамызда банктерді бақылау мен қадағалау Қазақстан Республикасының банктік және басқа да заңдарының сақталуын қамтамасыз етуге, шаруашылық-қаржылық қызметті және банктегі оның мекемелерінде жұмысты ұйымдастыруды кезеңдік тексеруге бағытталған кешенді шаралар жиынтығы ұсынылады.

Банктер үстінен жасалатын бақылау мен қадағалауды: халықаралық, мемлекеттік, аудиториялық және құрылтайшылық деп бөлуге болады.

Мемлекеттік бақылау барысында екінші деңгейдегі банктердің жалпы көлеміне қатысты капитал мөлшері, отандық экономиканы несиелеу рыногындағы үлесі, жеке тұлғаларды несиелеу рыногындағы үлесі, заңды тұлғалар депозиттері рыногындағы үлесі, екінші деңгейдегі банктер төлеген жалпы салықтарға қатысты төлеген салықтарының үлесі және жұмыс істейтін қызметкерлерінің саны есепке алынады. Осы бес көрсеткіштің әрқайсысы банк жүйесінің жалпы көлемінің 5 пайызынан кем болмауға тиіс. Осылайша, қазіргі таңда Қазақстанда жұмыс істеп тұрған 36 банктің тек алтауы ғана жоғарыда аталған критерийлерге жауап береді. Олар – Қазкоммерцбанк, Халық банкі, БТА Банк және Альянс банк. Олардың сыртында қажет болған жағдайда банктерге қаржы рыногындағы жағдай жақсарғанға дейін қолдау көрсету мүмкіндіктеріне ие ірі шетелдік инвесторлары бар АТФ Банк пен Банк Центр Кредитті де жүйе құраушы банктер қатарына жатқызуға болады.

Бүтіндей алғанда осы алты банк ел экономикасының шикізаттық емес секторының 80 пайыздан астамын қаржыландырады. Сондықтан Қазақстанның қаржы жүйесі мен банк секторының тұрақтылығы да негізінен алғанда осы банктер қызметіне тікелей байланысты.

2008 жылдың 24 қазанында Үкімет капиталдандыруға қолдау жасауға және қазақстандық банк секторының тұрақтылығы мен өтімділігін нығайтуға бағытталған бірқатар кешенді шараларды жүзеге асыру жөнінде банктерге ұсыныс жасағаннан кейін “Самұрық-Қазына” қоры БТА Банк, Альянс банк, Халық банкі және Казкоммерцбанк тәрізді төрт ірі жүйе құраушы банктерді қосымша капиталдандыру жөніндегі жұмыстарды бастады. Сөйтіп, 28 қарашада осы банктермен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

Осы аталған меморандум шеңберінде Үкімет, сол сияқты Халық банкі мен Казкоммерцбанктің негізгі акционерлері тиісті уағдаластықтарға қол жеткізді. Соның нәтижесінде бүгінде Халық банкі мен Қазкоммерцбанкке ұлттық экономиканың нақты секторы үшін қажет болатын қаржы көлемі аударылды. Бұл жұмыс өзінің тиімділігін көрсетті. Осы қадамның арқасында 2 миллиард АҚШ доллары экономиканың нақты секторына және банктерді капиталдандыруға бағытталды. Сол сияқты Халық банкі мен Қазкоммерцбанктің меморандум бойынша міндеттемелерді орындауының қаржыны бөлу жүйесіндегі мөлдірлік пен оның мақсатты жұмсалуын қамтамасыз ететіндігінің де маңызы зор.

Сонымен қатар, акционерлерінің банктер тұрақтылығының кепілін нығайту жөніндегі меморандумда еркін түрде қабылданған шарттарды орындамауына немесе орындай алмауына байланысты былайғы екі негізгі жүйе құраушы банк – “БТА Банк” және “Альянс банк” акционерлік қоғамдарына қатысты ахуал біршама күрделене түсті.

Осындай жағдайда Үкімет “БТА Банк” АҚ пен “Альянс банк” АҚ-ты мемлекеттің бақылауына алу жөнінде шешім қабылдады. Мемлекеттік бақылау бірінші кезекте Қазақстанның бүкіл банк жүйесінің, барлық жүйе құраушы банктердің тұрақтылығы мен оларға деген сенімнің сақталуын қамтамасыз етеді. Бұл санатқа сыртқы борыштары бар банктер де енеді. Өйткені ол қажет болған жағдайда мемлекеттің әлемдік қаржы дағдарысының “өтінде” қалған қаржы институттарын өз басқаруына алуға дайын екендігін көрсетеді.

Елдегі қаржылық тұрақтылықты сақтауға бағытталған басым мақсаттарды басшылыққа ала отырып Үкімет өзінің тұрақтандыру бағдарламасы шеңберінде қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуде алдын ала қадамдар жасады.

Қазіргі уақытта негізгі акционерлерде өтімділіктің жетіспеуіне байланысты жүйе құраушы банктерде пайда болуы мүмкін тұрақсыздық мәселесі көптеген елдердің үкіметтерін алаңдатуда. Көптеген жағдайларда мұндай проблемаларды шешетін әмбебап рецептердің болмауы салдарынан үкіметтер әліптің артын бағуға мәжбүр болып отыр. Оған АҚШ-ты мысал ретінде келтіруге болады. Бірақ үкіметтердің бәрі дерлік Қазақстан Үкіметі таңдаған бағытпен алға басуда, бар айырмашылығы, олардың бәрі бірдей ондай қадамға бірізділікпен және батыл түрде бара беріп отырған жоқ. Мәселен, Ресейде де мемлекеттің қатысы бар банктер арқылы (Сбербанк, ВТБ) экономиканың нақты секторына қаржы аударылуда, бірақ ол қаржылар әлі де нақты секторға жете алмай жатыр.

Мамандардың пайымдауынша, банктердің мемлекет бақылауына көшуі жүйе құраушы банктердің іркіліссіз жұмыс істеуін, елдің экономикалық мүдделерін, ұлттық қауіпсіздік пен Қазақстан азаматтарының ақшалай салымдарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жағдай жасайды. Осы қадам арқылы Қазақстан экономикасының қаржылық “қан айналысы” жүйесінің тұтастығы қамтамасыз етіліп, банктердің ел ішіндегі және шетелдердегі инфрақұрылымы сақталатын болады.

Қазіргі әлемдік дағдарыстың ерекшелігі сол, әлемнің бірде-бір елі одан құтыла алмайды, себебі экономикалық жаһандану үрдісі әлем бойынша ерекше қаржылық тұрақсыздық туғызуда. Егер орыс ғалымы Н.Кондратьевтің сонау 1926 жылы капиталистік экономиканың үлкен жартығасырлық циклдармен даму теориясын ұсынған «экономиканың үлкен толқындары» заңын ұстанатын болсақ, осынау әрбір циклда қоғам толқынның екі кезеңін: көтермелі және төмендегіш кезеңдерін басынан кешіруі тиіс. Түрлі факторларға байланысты әлемдік қоғам 2000-2007 жылдары көтермелі кезеңді бастан кешірді және бүгін қоғам үлкен толқынның төмендеуші кезеңіне тап болуда, осының барлығы Кондратьевтің теориясын қуаттап отыр. Экономикалық теориялардың өкілдері, саясаттанушылар қаржы дағдарысын туғызған себептердің нағыз кінәлілерін анықтауға тырысуда. Ол дұрыс та, себебі нақты шаралар қабылдау үшін сол құбылыстың түпкі себептерін білу керек. ХХ ғасырдың екінші жартысында қоғам бастан кешірген дағдарыс циклдары, ХІХ ғасырдың ортасындағыдай 50-55 жылда емес, 40 жылға дейін сығымдалуы мүмкін. Мұндай дағдарыстар аяқ астынан, тосын пайда болмайтыны анық. Әлемдік дағдарыстар циклы жаһандық жаңалықтардан, бұған дейін де бес әлемдік дағдарыс туғызған инновациялардан басталады. ХХ ғасырдың соңы мен ХХІ ғасырдың басы жаңа базистік инновациялармен мазмұндалды, олардың негіздерін микроэлектроника, компьютерлік техника, интернет, ұялы байланыс, экономиканың дамуын өзіне бейімдеген және жалған капиталдардың түрлі нарықтарын қалыптастырып, нақты құндылықтармен қамтылмаған қаржы «көпіршіктеріне» себеп болған басқа да инновациялар құрайды. Және оған бейімделмеген ақша-валюта жүйесі жаһандық экономикалық дағдарысқа әкеледі. Экономикалық қауіпсіздіктің негізін тек мемлекеттік меншік пен ұлттық компаниялардың активтері, мемлекеттің алтын-валюта резервтері мен ұлттық банктің активтері ғана құрамайды, оны коммерциялық банктер мен қаржы нарығының басқа да қатысушыларының активтері де анықтайды. Қаржы дағдарысы сияқты құбылысқа дәл осындай ресурстар қарсы тұра білуі керек. Мемлекет өзінің қаржылық қауіпсіздігін қамтамасыз етуі, оның ішінде, елдің орнықты экономикалық дамуын, негізгі қаржылық-экономикалық көрсеткіштердің төлемдік-есептесу жүйелерінің тұрақтылығын, әлемдік қаржы дағдарысының әсерін жұмсартуды, капиталдың шетелдерге ағылуына және экономиканың нақты секторынан «қашуына» жол бермеуді, бюджет қаражатының тиімді және оңтайлы жұмсалуын, шетелден несиелер оңтайлы тартылуы қамтамасыз етуі керек. Мемлекет қабылдаған шаралардың арқасында 2008 жылдың І тоқсаны қорытындылары бойынша жалпы ішкі өнімнің 5 пайызға өскенін айтып өтті. Дегенмен, дағдарыс құбылыстарына және несие ресурстарының қымбаттауына байланысты шағын мен орта бизнестің іскерлік белсенділігінің бұл кезеңде біршама төмендегенін естен шығармаған жөн. Қазақстандық банктер сыртқы несиеден ішкі қорға ауыса алды. Оған қоса, екінші деңгейлі банктердің активтері мен өз капиталдарының кіріс көрсеткіштері төмендеді. Банк қызметтерін анықтайтын көрсеткіштерге әсер еткен факторлар жеткілікті: несиелік операциялардың қысқаруы, жаңадан тартылатын ресурстар бойынша екінші деңгейлі банк ставкаларының көтерілуі, актив сапасының құлдырауы мен т.б. факторлар. Әсіресе, 2008 жылы банк активтері сапасының нашарлау проблемасы қатты байқалды.

Информация о работе Банк қызметін бақылау және реттеудің экономикалық мәні