Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Марта 2012 в 12:01, курсовая работа
Курстық жұмыстың өзектілігі. Бүгiнгi таңда ауқымды өзгерiстер кезеңi қоғам өмiрiнiң барлық саласын жан–жақты қамтуда. Сол себептi қалыптасқан құрылымды мүлдем жаңартып, экономикалық-әлуметтiк және рухани дамуға жол ашатын демократиялық қоғам құруға сай экономиканы нарықтық қатынастарға көшу мiндетi тұрды. Қазiр ендi көштiк десек те болады. Осы негiзгi әлеуметтiк, рухани және тағы басқа күрделi мәселелердi шешу – бүгiнгi күннiң басты талабы. Сөйтiп бұл мәселелердi дәйектi түрде жүзеге асыру бүкiл қоғам мүшелерiнiң жаңаша көзқарасына, нақты iс-қимылына және олардың экономикалық бiлiмiне тiкелей байланысты.
КІРІСПЕ......................................................................................................................3
I Банк қызметін бақылау және реттеудің экономикалық мәні
1.1 Банк қызметiн бақылау мен реттеуге жалпы түсініктеме.....................................................................................………...................5
1.2 Банк қызметін бақылауын реттеудің жүргізу әдістері..............……….............9
II Қазақстан Республикасының банк қызметін бақылау мен реттеудің ерекшеліктері
2.1 Банк қызметін мемлекеттік бақылау........................................………............11
2.2 Банк қызметін аудиторлық бақылау.........................................………............12
2.3 Банк қызметін халықаралық бақылау.......................................……................14
2.4 Банк қызметiн қадағалау мен бақылауды талдау (“Темірбанк” АҚ мысалында)................................................................................................................16
III Қазақстан Республикасының банк қызметін бақылау мен реттеудің әдістерін дамыту жайында
3.1Пруденциялық реттеу..............................................................…………….....…20
ҚОРЫТЫНДЫ..............................................................................……………......22
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.............................
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ.......................
I Банк қызметін бақылау және реттеудің экономикалық мәні
1.1 Банк қызметiн бақылау мен реттеуге жалпы түсініктеме...................
1.2 Банк қызметін бақылауын реттеудің жүргізу әдістері..............……….....
II Қазақстан Республикасының банк қызметін бақылау мен реттеудің ерекшеліктері
2.1 Банк қызметін мемлекеттік бақылау.......................
2.2 Банк қызметін аудиторлық бақылау.......................
2.3 Банк қызметін халықаралық бақылау.......................
2.4 Банк қызметiн қадағалау мен бақылауды талдау (“Темірбанк” АҚ мысалында)....................
III Қазақстан Республикасының банк қызметін бақылау мен реттеудің әдістерін дамыту жайында
3.1Пруденциялық реттеу........................
ҚОРЫТЫНДЫ.....................
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР....................
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі. Бүгiнгi таңда ауқымды өзгерiстер кезеңi қоғам өмiрiнiң барлық саласын жан–жақты қамтуда. Сол себептi қалыптасқан құрылымды мүлдем жаңартып, экономикалық-әлуметтiк және рухани дамуға жол ашатын демократиялық қоғам құруға сай экономиканы нарықтық қатынастарға көшу мiндетi тұрды. Қазiр ендi көштiк десек те болады. Осы негiзгi әлеуметтiк, рухани және тағы басқа күрделi мәселелердi шешу – бүгiнгi күннiң басты талабы. Сөйтiп бұл мәселелердi дәйектi түрде жүзеге асыру бүкiл қоғам мүшелерiнiң жаңаша көзқарасына, нақты iс-қимылына және олардың экономикалық бiлiмiне тiкелей байланысты.
Банк жүйесi – нарықтық экономиканың ең маңызды және бiртұтас құрылымдарының бiрi.
Банктердiң және тауарлы ақшалай қарым - қатынастардың даму тарихи тұрғыдан қатарлас жүрдi және де олар бiр – бiрiмен өзара тығыз байланысты. Банктер халық шаруашылығы қызметiнiң деңгейiндегi басқарумен тiкелей байланысты болды. Олар арқылы ұдайы өндiрiс үрдiсiне қатысушыларды экономикалық мүдделерiн қанағаттандыру жүзеге асырылды. Осы кезде банктер қаржылық делдал ретiнде шаруашылық органдарының капиталдарын, халықтық жинақтарын және шаруашылық қызметтiң үрдiсiнде босаған басқа да бос ақша қаражаттарын тарта отырып, қарыз алушылардың уақытша пайдалануына бередi, ақшалай есеп айрысу жүргiзедi және экономика үшiн басқа да көптеген қызмет көрсетедi, соның арқасында өндiрiстiң тиiмдiлiгi мен қоғамдық өнiмнiң айналысына тiкелей ықпал етедi.
Банктiк қызметтi жүзеге асыруға байланысты шығындарды табу мақсатында банктер қор құруға мiндеттi. Резервтiк қорлар банктiң девиденттердi төлеуге дейiнгi табыстардың есебiнен құрылады. Банктер резервтiк қорларының көлемiн ұлттық банк белгiлейдi.
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Банктер жүргiзетiн операциялардың түрлерi мен көлемiне байланысты өздерiнiң қызметiнiң сенiмдiлiгiне бақылауды қамтамасыз ету үшiн олар Қазақстан Республикасының банктер туралы заңға сәйкес, ұлттық банк бекiткен тәртiпте күмәндi және үмiтсiз қарыздарға қарсы арнайы провизиялар құру арқылы берiлген несиелер мен басқа да активтердi жiктеуге мiндеттi.
Банк қызметiн реттеу шараларының iшiндегi ең маңызды пруденциялық нормативтер. 2002 жылы 3 маусымдағы ұлттық банк Басқармасының №213 қаулысымен бекiтiлген «Екiншi деңгейдегi банктерге арналған пруденциялық нормативтер туралы» ережеге сәйкес оларға мыналар жатады:
1. жарғылық қордың ең төменгi мөлшерi,
2. меншiктi қаражаттардың жеткiлiктi коэффициентi,
3. бiр қарыз алушыға тәуекелдiң ең жоғарғы мөлшерi,
4. өтiмдiлiк коэффициентi,
5. Ашық валюталық позиция лимитi,
6. Негiзгi қорларға және басқа қаржылай емес активтерге жұмсалынған банк инвестициясының ең жоғары мөлшерiнiң коэффициентi.
Курстық жұмыстың құрылымы. Жұмыс үш тараудан құрастырған. Бірінші бөлімінде банк қызметін бақылау мен реттеудің экономикалық мәнін жайында жазылған. Негізгі бөлімі "Қазақстан Республикасының банк қызметін бақылау мен реттеудің ерекшеліктері" деп аталған. Онда банк қызметінің бақылау және реттеудің әдістері, талдаулары қарастырған. Соңғы бөлімінде банк қызметін реттеу әдістерінің дамыту ретінде жазылған. Жалпы курстық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытынды және қолданылған әдебиеттерден тұрады.
I Банк қызметін бақылау және реттеудің экономикалық мәні
1.1 Банк қызметiн бақылау мен реттеуге жалпы түсініктеме
Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктер өз қызметінде 1995 жылы 30 наурызда қабылданған «ҚР Ұлттың банкі» және 1995 жылдың 31 тамызында қабылданған «ҚР-дағы банктер және банктік қызмет туралы» ҚР заңдарын басшылыққа алады.
Коммерциялық банктер банктік жүйенің екінші деңгейін білдіреді. Олар банктік ресурстарды шоғырландыра отырып, заңды және жеке тұлғалармен кең көлемде банктік операциялар мен қаржылық қызметтерді жүзеге асырады.
Қазіргі коммерциялық банктер жүйесі 1990 жылдың аяғынан бастап қалыптасты, яғни қазақстандың банктік жүйенің не-бары 13 жылдық тарихы бар. Коммерциялық банктердің соңғы сегіз жылдағы сандың құрамы 1-кестеде берілген.
90-шы жылдың, басында банктердің саны 200-ден асты, әрине бұл олардың экстенсивті жағынан дамуын снпаттаса, сол жылдың орта кезінен бастап, күні бүгінге дейін банктеріміздің саны біртіндеп азаюда, ал бұл құбылысты олардың қарқынды өсуімен байланыстыруға болады.
ҚР екінші деңгейдегі банктері ҚР Ұлттық банктің берген лицензиясы негізінде қызмет етеді.
Лицензияның өзіндік стандартты формасы бар және онда коммерциялық банктердің айналысатын қызмет түрі жазылады. Қазақстанда берілетін лицензияның дамыған шет елдерден айырмашылығы әмбебаптығы болып табылады.
ҚР-дағы банк қызметінде мемлекеттік органдар банктердің мамандануын белгілемейді, мысалға, инвестициялық-ипотекалық қызметтерді жүзеге асырады және т.б. Қазақстандық банктер бағалы қағаздар нарығына да тікелей қатысуға толық құқылы.
Банктік операцияларды жүзеге асыруға алатын лицензиядан басқа ҚР Ұлттық банктен валюталық операцияларды жүзеге асыруға бас лицензия алады. Бас валюталық лицензия оларға өз қылмысты жүзеге асыруы үшін қажетті саналатын банктер қатарымен корреспонденттік қатынастар орнатуға, сондай-ақ дамыған шет елдерде өз филиалдары мен өкілеттігін ашуға құқық береді.
Сонымен қатар, Қазақстандық коммерциялық банктерге бағалы металдармен операцияларды жүзеге асыру үшін ҚР Ұлттық банкі лицензия береді.
1995 жылдың 31 тамызында қабылданған «ҚР-дағы банктер және банктік қызмет туралы» ҚР-ның заңына сәйкес ҚР-да банкті ашу немесе оның қызметін ұйымдастыру мынадай үш кезеңнен тұрады:
1) Банк ашуға Ұлттық банктен рұқсат алу;
2) Әділет Министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өту;
3) Банк операцияларын жүргізуге Ұлттық банктен лицензия алу.
Аталған заңға сәйкес банкті заңды және жеке тұлға ашуға құқылы.
Бірінші кезеңде, банк ашушы Ұлттық банкке банк ашу үшін рұқсат алуға өтініш береді және оған қоса темендегідей құжаттарды тапсырады:
• рұқсат алу үшін беретін өтініші;
• құрылтайшылың шарт (түпнұсқа);
• банктің жарғысы (тұпнұсңа);
• банк жарғысын қабылдау және банк орғанын сайлау тур-лы хаттама;
• құрылтайшылар туралы мәліметтер (Ұлттық банктің белгілеген тізімі бойынша);
• құрылтайшылардың соңғы екі есептік жылдағы бухгалтерлік балансы (заңды тұлғалар үшін);
• құрылтайшылардың қаржылық жағдайлары туралы аудиторлың қорытынды;
• егер бір немесе одан да көп құрылтайшылары ҚР-ның президенті болмаса, ондай жағдайда сол мемлскеттегі тиісті мемлекеттік немесе қадағалау органынан жазбаша келісімі;
• егер банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым банк ретінде қайта құрылса, онда оның жарғысы, құрылтайшылық шарты, соңғы есептік мерзімге жасалған бухгалтерлік балансы, ұйымның қаржылық жағдайы туралы аудиторлық қорытынды;
• банктің жетекшілік қызметіне тағайындалатын тұлғалар туралы мәліметтер, оның ішінде банк төрағасы мен бас бухгалтерінің банк жүйесінде кемінде — үш жыл, ал олардың орынбасарларының кемінде екі жыл, банк филиалының бірінші жетекшісі мен бас бухгалтерінің кемінде — бір жылдың еңбек тәжірибесі болуы және т.с.с;
• жаңадан құрылатын банктің толық ұйымдастырылу құрылымы (банктің өкілетті органымен бектілуі тиіс);
• жаңадан құрылатын банктің ішкі аудит қызметі туралы ережесі (банктің өкілетті органымен бектілуі тиіс);
• жаңадан құрылатын банктің несиелік комитеті туралы ережесі (банктің, өкілетті органымен бекітілуі тиіс);
• жаңадан құрылатын банктің бизнес-жоспары, оның ішінде болу керек, оның ішінде банк қызметінің стратегиясы, бағыттары мен ауқымы, қаржылық болашағы (есеп айырысу балансы, бастапқы қаржылық (операциондық) үш жылға арналған пайда және зиян туралы есебі, маркетинг жоспары (банк клиенттерін қалыптастыру), еңбек ресурстарын қалыптастыру жоспары);
• тапсырылған бизнес жоспарына сәйкес дайындық шарлары туралы құрылтайшылардың есебі;
• нотариалды түрде куәландырылған, құрылтайшылардың атынан өтініш беруге құзыретінің барлығын растайтын құжатты;
• басқа банктің жарғылық капиталына қатысуы туралы мәліметтері.
Банк ашу үшін рұқсат алуға берілген өтініш үш ай, әрі кеткенде алты ай мерзім ішінде Ұлттың банкте қаралады.
Ұлттық банк банк ашуға рұқсат алуға берілген өтініштердің есебін жүргізеді.
Екінші кезенде жаңадан құралатын банк Ұлттық банк рұқсат берген күннен бастап, бір ай ішінде Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуге алынады. Оған Ұлттық банктің банк ашуға берген рұқсатын және Ұлттық банктің келісімімен расталған құрылтайшылық құжаттарын тапсырады.
Үшінші кезеңде банктік операцияларды жүзеге асыру үшін Ұлттық банктен лицензия алады. Лицензия алу үшін мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап, бір жылға дейін мыналарды орындауға тиіс:
— ұйымдастырушылық – техникалық шараларды орындау, оның ішінде Ұлттық банктің нормативтік талаптарына сәйкес бөлмелерді және құрал-жабдықтарды дайындау, тиісті біліктілігі бар қызметкерлерді қабылдау;
— жарияланган жарғылық капиталды төлеу.
Лицензия алуға берген өтінішпен бірге жоғарыда аталған талаптарды орындағандығын растайтын құжатты беруге тиіс. Өтінішті берген уақыттан бастап, бір ай ішінде Ұлттық банк қарайды. Лицензияның мерзімі шектелмейді және онда банктің жүргізетін барлық операциялар тізімі көрсетіледі.
Аталған заңның 30-бабына сәйкес банктік операцияларға мыналар жатады:
— заңды тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банктік шоттарын ашу және жүргізу;
— жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау, банктік шоттарын ашу және жүргізу;
— банктердің және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың корреспондентік шоттарын ашу және жүргізу;
— заңды және жеке тұлғалардың металдық шоттарын ашу және жүргізу;
— кассалық операциялар: банкнота мен монетаны қабылдау, беру, қайта санау, айырбастау,ұсату, сорттау, қаптау және сақтау;
— аударым операциялары: заңды және жеке тұлғалардың ақшаны аударумен байланысты тапсырмаларын орындау;
— есепке алу операциялары: заңды және жеке тұлғалардың вексельдерін және өзге борыштық міндеттемелерін есепке алу (дисконт);
— заемдық операциялар: ақы төлеу, мерзімін белгілеу және қайтару шартымен ақшалай формада несиелер беру;
— заңды және жеке тұлғалардың, оның ішінде корреспондент-банктердің тапсырмаларына байланысты, олардың банктік шоттары бойынша есеп айырысу операцияларын жүргізу;
—сенім (траст) операциялары: сенім білдірушінің тапсырмасы бойынша және оның мүддесіне сай ақшасын, құйма бағалы металын және бағалы қағаздарын басқару;
— клирингтік операциялар: төлемдерді жинау, тексеру және растау, сондай-ақ олар бойынша өзара есепке алу операцияларын жүргізу және клирингке қатысушылардың таза позициясын анықтау;
— сейфтік операциялар: клиенттердің құжатты формада шығарылған бағалы қағаздарын, құжаттарын және бағалы заттарды сақтау қызметін көрсету, сондай-ақ жәшіктерді, шкафтарды және бәлмелерді жалға беру;
— ломбардтың операциялар: тез іске асатын бағалы қағаздар мен жылжитын мүліктерді кепілге алып, қысқа мерзімді несиелер беру;
Информация о работе Банк қызметін бақылау және реттеудің экономикалық мәні