Багалы кагаздар нарыгы

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Января 2013 в 22:10, курсовая работа

Описание работы

Өркениетті, нарықтық экономикасы дамыған мемлекеттерде экономикалық өрдлеуді қаржыландырудың басты жолы бағалы қағаздар нарығы болып табылады. Бағалы қағаздар кез-келген мемлекеттің төлем айналымында маңызды орын алады, себебі олар арқылы мемлекеттің инвестициялық қызметі жүзеге асырылады. Дәлірек айтқанда, күрделі қаржы тікелей халық шаруашылығының ең тиімді саласына жіберіледі, яғни оларды нарық жүйесіндегі ең өміршең субъектілер ғана ала алады. Бағалы қағаздар нарығын қалыптастыру және дамыту Қазақстан Республикасындағы нарықтық экономиканы тұрақты дамытудың алғышарттарының біріне жатады және республикадағы экономикалық ресурстарды тиімді қолдана отырып, халықтың тұрмыс жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді.

Содержание

КІРІСПЕ
1 БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫНЫҢ ЭКОНОМИКАДАҒЫ ОРНЫ МЕН РОЛІ
1.1. Бағалы қағаздар нарығының мәні және қажеттілігі
1.2 Бағалы қағаздар нарығының механизімін ұйымдастыру құрылымы
1.3 Бағалы қағаздар нарығының орналасу құрылымы
2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫНЫҢ ҚАЖЕТТІЛІГІ ЖӘНЕ ҚАЛЫПТАСУ ПРОБЛЕМАСЫ
2.1 Қазақстанда бағалы қағаздар нарығының қалыптасуы мен дамуы
2.2 Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығын жетілдіру жолдары
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Работа содержит 1 файл

Бағалы қағаз нарығы.doc

— 155.00 Кб (Скачать)
  • компанияны құруға (акционерлік қоғам) және меншікті капиталды құруға;
  • қосымша бағалы қағаздарды шығару арқылы капиталды басқару;
  • ұзақ мерзімді бағалы қағаздарды шығару арқылы қарыз капиталын тарту;

Кәсіпкерлік құрылымдар үшін бағалы қағаздарды эмиссиялау капиталдар нарығына кірудің ең оңтайлы түрі. Шығындардың төмен деңгейінде бағалы қағаздарды табысты эсмиссиялау  меншікті (акция шығарғанда) және қарыз (облигация шығарғанда) капитарлдарының иегері болуға мүмкіндік береді. Әртүрлі мақсаттарда бағалы қағаздарды эмиссиялауда компания әртүрлі бағалы қағаз түрлерін таңдай алады.

Басқа коммерциялық ұйымдар  түрлеріне қарағанда кәсіпкерліктің акционерлік түрі көптеген артықшылықтарға ие. Жекелей алғанда, акционерлер корпорацияның қарыздары бойынша жауапты емес және өмір сүрулері үзіліссіз.

Ашық акционерлік қоғамдардың  акционерлері бір-біріне немесе үшінші тұлғаға акцияларын оңай бере алады. Осылайша акционерлік меншіктің тағы бір  артықшылығы - өтімділік қасиеті бар.

Әр түрлі сипаттамалар бойынша акцияларды шығару корпорацияны үлкен қаржылық күшпен қамтамсыздандырады.

Акционерлік компаниялардың эмиссиялық қызметі тек қана капиталдың құрылуына ғана емес, сонымен қатар  ағымдық қызметтердегі жаңа мақсаттар мен мәселелерге байланысты. Сондықтан қазіргі уақыттағы акцияны шығарудың басты себебі:

- толықтыру мақсатында  қаржыландыру;

- жиынтық капиталдағы  қарыз капиталының үлесін төмендету;    

- өндірістік қызметке  инвестицияларды қаржыландару;

Компанияның эмиссиялық қызметі акция шығарумен шектелмейді. Компания өзінің қаржылық қызметін кеңейту  барысында қарыздық құралдарды облигациялар шығару арқылы тартуға мүмкіндігі бар. Олар облигация шығаруға көбірек  ұмтылады, себебі облигацияның салыстырмалы түрде пайыздық ставкасы төмен болады. Облигацияның бір кемшілігі сол, оған пайызды пайда болмаған күнде де төлеу міндетті.

Қазіргі Қазақстан Республикасындағы  қызмет етуші заң  бойынша бағалы қағаздың келесі түрлері эмиссияланады:

  • мемлекетпен – қазыналық вексельдер, қазыналық бондар, облигациялар;
  • меншік түрінен тәуелсіз шаруашылық субъектілерімен – акциялар, облигациялар;

Эмиссиялау үрдісі өзіне  бір-бірімен байланысты келесі актілерді  енгізеді:

1. Эмиссиялау туралы  шешім қабылдау. Мемлекеттік бағалы қағаздарда шығару туралы шешімді министрлер Кабинеті қабылдаса, заңды тұлғалардың бағалы қағаздарды шығару туралы шешімін – жалпы акционерлер жиыны қабылдайды.

2.  Эмиссиялауды тіркеуге  мемлекеттік органға өтініш беру  мен керекті құжаттарды дайындау. Құжаттарға сәйкес эмиссия жобасы болуы қажет. Жобада: эмиссияның жалпы көлемі, айналым мерзімі, күтілетін табыстар, акциоенрлер тізімі  (акционерлер кәсіпорынның 5 пайзын иеленуге тиіс), соңғы үш жылға эмитенттің қаржылық  қызметіне байланысты тәуекел туралы ақпараттар көрсетілуі тиіс. Бұл ақпараттар әлуетті инвесторға оның мақсаттарына сәйкес бағалы қағаздардың дұрыс түрін таңдауға мүмкіндік береді.

3.  Бағалы қағаздарды  эмиссиялауды мемлекеттік тіркеу. Оны бағалы қағаздар бойынша  Қазақстан Республикасының Ұлттық Комиссиясы жүзеге асырады.

4.  Бағалы қағаздардың  бланкілерін өндіру. Оны ереже  бойынша эмитенттер тапсырысы  бойынша арнайы кәсіпорындар  заңға сәйкес шығарады.

5.  Инвесторлар арасындағы  бағалы қағаздардың таралуы. Ол  екі әдіспен таралады:

- жабық таралу –  алдын-ала анықталған эмитенттер  арасында;

- ашық таралу –  алдын-ала анықталмаған эмитенттер  арасында;

Бағалы қағаздар айналысы барлық меншік құқықтарды беру бойынша  келісімдер. Бағалы қағаздардың тұрақты  айналысы бағалы қағаздар нарығына шектеулі мамандандырылған бағалы қағаздар нарығына қатысушылар кеңістігінде жүреді. Ал бағалы қағазға басқа қатысушылар өз қызметтерін мамндандырылған бағалы қағаздар нарығына қатысушылар: брокер және дилерлер арқылы жүзеге асырады.

 

 

 

 

2. Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының қажеттілігі және қалыптасу проблемасы

 

2.1 Қазақстанда  бағалы қағаздар нарығының қалыптасуы  мен дамуы

Нарықтық экономика – адамзат өркениеттілігінің ең жоғарғы жетістігі және өндірісті ұйыдастырудың ең тиімді түрі екендігін дәлелденген ақиқат шындық. Ал Қазақстан Республикасы үшін шаруашылықты жүргізудің жаңа әдістеріне өту – тек ашық нарыққа өту ғана емес сонымен қатар әр нарықтың салалық, сапалық жақтарын жетілдіру болып табылады. Қазіргі таңдағы Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздарды орналастыру жөніндегі басты негіз - қор  нарығы болып табылса, Үкіметтің негізгі алға қойған мақсаты ішкі инвесторларды ынталандыру шарттарымен өздерінің жинақтары және бос құралдарын ел экономикасының  нақты секторына бағыттау, жұмсау болып табылады.

Корпоративті бағалы қағаздар нарығының дамуы үшін инвестиция объектісі болып табылатын тұрақты  дамып жатқан табысты кәсіпорындар мен компаниялар болуы қажет. Экономиканың нақты секторындағы кәсіпорындар дамуы – импорталмастыратын өндірітсі ынталандыру мен жергілікті  тауар өндірушілерді қорғау кешенін туралы шараларды өткізу және үкіметтің өндірістік саясатын дұрыс жүргізуі басты мәселе болып табылады.

Бүгінде экономиканың нақты  секторына тікелей инвестициялар  қажет. Бірақ елде отандық өндірушілердің қаржылық механизмі арқылы қолдау әлі жоқ. Қор нарығы дамымаған. Бұл мәселені орнынан қозғау үшін қор биржаларына елдің ірі өндірістік салаларында дамуға мүмкіндк беру керек. Ал олар яғни ірі өндірістік салалар республикалық қор нарығына шығуда нақты мамандандырылған эмитенттер мен ивесторларды дайындауға мүмкіндік береді. Мұндай қор нарықтары тек аумақтағы эмитенттермен шығарылатын бағалы қағаздар ұсынымының құрылымын толығырақ көрсетумен ғана емес, сонымен қатар оларға деген сұраныс құрылымы, яғни инвестициялар құрылымы және бағалы қағаздардың екінші айналымының динамикасы мен мамандандырылған қатысушыларының құрылымын анықтауға мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің негізгі мақсаты болып  ішкі инвесторларды ынталандыратын (республика халқы мен әр түрлі  институтционалды инвесторларды) мемлекет экономиканың нақты секторына бос  құралдары мен өз жинақтарын бағыттау табылады.

Бағалы қағаздар нарығы қызметінің құқықтық базасы қатысушылардың құқықтық қатынастарының барлық спектрін, мемлекеттік бағалы қағаздарды орналастыру тәртібін, есеп айырысуларды жүргізуді реттейтін құжаттар пакетімен бейнеленеді.. Негізгі нормативті актілердің ішінде ҚР-ң Азаматтық Кодексін, «Бағалы қағаздар нарығы туралы» ҚР-ң Заңын, «Мемлекеттік және кепілденген мемлекеттік қарыз туралы» ҚР-ң Заңын, мемлекеттік бағалы қағаздардың әр түрлерін шығару, олардың айналымы мен өтелуі туралы ҚР-ң Заңын, сонымен қатар «ҚР-ң мемлекеттік бағалы қағаздар нарығын РЕПО және кері РЕПО операцияларын жүргізу ережелерін» атап кетуге болады.

Қазіргі уақытта мемлекеттік  бағалы қағаздардың ішкі нарығы толығымен  қалыптасып, ұлттық экономиканың қазіргі  даму деңгейіне сәйкес келеді деп  айтуға болады.

Инвестицияларды нақты  экономикаға тартудың Ұлттық Комиссия бойынша келесі жолдары жалпы  бағалы қағаздар нарығының орналасуын дамыта алады:

    1. бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеудің жүйесін жетілдіру, ол ішкі қаржы нарығын қорғаудың механизмдерін қалыптастыру мақсатынан жасалады;
    2. қаржы нарығына ішкі инвесторларды, соның ішінде кәсіпқой емес инвесторларды тарту, ұжымдық инвестициялық әр түрлі формасын дамыту, ішкі жинақтарды ынталандыру;
    3. қаржы нарығында инвестициялау құралдарының сенімділігі мен қауіпсіздігін ұйымдастырылмаған нарықта операцияларды шектеу есебінен арттыру;
    4. қаржы нарығының қатысушыларының іс-әрекеттерінің ақпараты мен мөлдірлігінің қамтамасыз ету деңгейін қамту;
    5. әр түрлі қаржы құралдары мен инструменттеріне тәуекелділіктің әр деңгейімен инвестицияларына ориентирленген инвестициялық инвесторларды дамыту;
    6. бағалы қағаздар нарығының кәсіпқой қатысушыларының іс-әрекетінің өзін-өзі реттейтін процестердің дамытылуы;
    7. бағалы қағаздар нарығының инфрақұрылымын дамыту мен жетілдіру;
    8. қор нарығының негізгі институтының іс-әрекетінің универсалдылық деңгейін арттыру, олар (институттар): брокер-дилерлер,бағалы қағаздардың портфелдерін басқаратын институт, инвесторлар;
    9. қазақстандық нарықта негізгі қор инструменттерін акциялар мен корпорация облигацияларын шығаруды активизациясы есебінен инвестициялау мүмкіндігін арттыру.

Әрине, қазіргі уақыттағы  болып жатқан проблемалар мен  қарама-қайшылықтардың себебі елімізде кәсіпқой мамандардың аз болуы мен  тәжірибенің аздығы табылады. Сонымен  қатар, кәсіпқой мамандардың қазіргі нарықтық жағдайларға баяу бейімделетіні, әлемдік экономиканың даму деңгейінен артта қалуы да әсер етеді. Бұл құралдар мен инструменттердің әлемдік жағдайларға сай келмейтінімен де түсіндіріледі.

Қазақстан үшін жаңа үлгідегі бағалы қағаздар нарығын қалыптастыру процесінде пайда болатын біздегі көптеген сұрақтар бойынша дамыған қаржы орталықтандырылған тәжірибесін алу тиімді болар.

2.2 Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығын жетілдіру жолдары

Қарыз капиталының нарығы, бағалы қағаздар нарығы, валюта нарығы және алтын нарығы ретінде бейнеленетін төрт бөлікті өзіне біріктіретін қаржы нарығының сегменттерінің дамуы мемлекеттің жалпы экономикалық дамуына байланысты болады. Сондықтан, әрбір мемлекетте бағалы қағаздар нарығының дамуына да маңызды көңіл аудару көрініс таба бастады. Әрине, ол әуелі бюджет тапшылығын жабудың бір көзі ретінде  болады.

Қазақстан Республикасындағы  бағалы қағаздар нарығының даму деңгейін келесі көрсеткіштерден көруге болады: 2005 жылы Қаржы Министрлігімен алғаш рет 5 жылдан артық (6, 7, 8, 9, 10 жылдық МЕОКАМ) айналым мерзімімен орта мерзімді бағалы қағаздар орналастырылды. Қазіргі уақытта Қаржы Министрлігімен шығарылатын орта мерзімді бағалы қағаздардың барлық түрлері айналымда бар. 2005 жылдың желтоқсанында Қаржы Министрлігі 10 жылдық айналымы болатын МЕАКАМ арнайы қазынашылық міндеттерді ұзақ мерзімде өтеуді жүзеге асырды.

2005 жыл ішінде   Қаржы Министрлігі өткен жылға қарағанда бағалы қағаздар эмиссиясының көлемін жуықтап 2 есе 105, 3 млрд. теңгеге өсірді. Жалпы орналыстыру көлемінде қысқа мерзімді бағалы қағаздар 7,8 % (8,2 млрд. теңге) құраса, орта мерзімді  - 92,2 % (97,2 млрд. теңге) болды. Қаржы Министрлігіның айналымдағы мемлекеттік бағалы қағаздардың көлемі 50 %-ға, яғни 162, 7 млрд теңгеге дейін өсті.  

2005 жылдың 1 желтоқсанында акциялардың эмиссиясын жүзеге асыратын 2966 акционерлік қоғам тіркелді. Айналымда 3513 акция эмиссиясы және 67 мемлекеттік емес облигациялар эмиссиясы болды, олардың сомалық номиналдық құны 173,1, млрд. теңгені құрады.

2005 жылдың 11 айы ішінде акцияның 103 эмиссяисы және мемлекеттік емес облигациялардың 26 эмиссиясы болды, олардың сомалық номиналдық құны 83,3 млрд. теңгені құрады Мемлекеттік емес бағалы қағаздармен келісімдер көлемі 2002 жылдың деңгейіне қарағанда 34 %-ға арты және 116,8 млрд. теңгені құрады.

Бұдан да жақсы және жемісті  нәтижелерге қол жеткізу мақсатында Қазақстанда бағалы қағаздар нарығын  кеңейту жолдарын қарастырайық:

  1. Әрбір мемлекет өзінің ұлттық, саяси, экономикалық ерекшеліктерін ескере отырып, даму керек. Сондықтан, қор нарығының дамуы туралы сөз қозғағанда, бағалы қағаздар нарығының өз моделін құруы қарастырылады. Мұнда, әрине, шетел мемлекетінің тәжірбиесін көрсету маңызды болады.

Осылайша, АҚШ- та 1970 жылы инвесторларды  банкроттықтан қорғау мақсатында Конгерсстің арнайы шешіміне сәйкес инвесторларды қорғау бойынша Корпорация  құрылды, оның міндеті – инвесторлардың 500 мың долларға дейінгі шығындарын компенсациялау болып табылады. Корпорация коммерциялық емес ұйым болып табылды және оның мүшелері – инвесторлық институттар салымдары есебінен жұмыс істейді. Берілген тәжірбиені біздің мемлекетке енгіуге болар еді, себебі «Акционерлік қоғамдар туралы» заңға сәйкес құқықты қорғау ешқандай нәтиже бермейді.

2. Тәжірбие келесіні  көрсетті: акционерлер құқықтарын қорғау аз және инвесторлардың инициативаны көрсету үшін кедергілердің көп болған сайын, бағалы қағаздар нарығы төмен дамып отырады. Осылайша, 1989 жылы Нью- Йорктік Investor Responisibility Research Center ғылыми орталығымен жүргізілген АҚШ акционерлерінің мүмкіншіліктерін зертеу ең жоғарғы индекске, яғни 100 – ге теңестірілді. Мұнда негізге 4 көрсеткіш алығна болатын: корпорация ақпараттарының ашылуы, дауыс құқығы, болатын жиналыс туралы акционерлерді хабардар ету және сенім бойынша дауыс беру.

Қазақстанда да бағалы қағаздар бойынша Ұлттық Комиссия жанындағы ашық баспа үшін аналитикалық ақпаратты дайындайтын аналитиктердің маманданған бөлімін ұйымдастыру өте керек болар еді. Бұл өз алдына инвесторларды бағалы қағаздарға бос құралдарын салуға мүмкіндіктерін кеейтіп, қызықтырушы еді.

Өкінішке орай, қазіргі  уақытта бағалы қағаздар туралы американдық  заңға сәйкес  тоқсан сайын есеп беруі керек болатын американдық  компанияларға қарағанда, қазақстандық компаниялар бұны өте сирек –  жылына бір рет жайсайды, сонымен қатар ақпарат көлемі олардыкіне қарағанда маңызды аз болады.  Жүргізілетін жиналыстар финция, формальдылық болып табылады. Биліктің нақты рычактары директорлар кеңесінің қолында орналасады, ұсақ инвесторлар қоғамның құқығы жоқ кредиторлары болып табылады.

3. Мемлекеттік акциялар  пакетін сақтайтын республиканың  ірі акционерлік қоғамдарының  акцияларын шығаруға байланысты  «көк фишкалар» бағдарламасы  бойынша тендер қор нарығына  бірнеше себептерге байланысты  ауыстылыдды. Нәтижесінде Қазақстан  ақшаның үлкен сомасын жоғалтты, алайда қазақстандық экономистердің ойы бойынша шетел инвесторлары капиталды салудың жаңа нарықтарын іздегенде, өсіп келе жатқан әлемдік қаржы дағдарысы шарттарында біздің республика шетел инвестицияларын өздеріне тарта алады. Инвестицияның салынуына Қазақстан Республикасының 1997 жылдың 26 ақпанында қабылданған «Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы» заңы әсер теуі мүмкін, ол заңда инвестициялық жобаларды іске асыру үшін қажетті шикізат пен материалдар, құралдар импортына кедендік баждан толық немесе бөлек, жеке босату және табыс, жер, мүлік салықтары ставкаларының төмендеуі түріндегі преференциалар мен жеңілдіктер қарастырылған.

Информация о работе Багалы кагаздар нарыгы