Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Января 2013 в 22:10, курсовая работа
Өркениетті, нарықтық экономикасы дамыған мемлекеттерде экономикалық өрдлеуді қаржыландырудың басты жолы бағалы қағаздар нарығы болып табылады. Бағалы қағаздар кез-келген мемлекеттің төлем айналымында маңызды орын алады, себебі олар арқылы мемлекеттің инвестициялық қызметі жүзеге асырылады. Дәлірек айтқанда, күрделі қаржы тікелей халық шаруашылығының ең тиімді саласына жіберіледі, яғни оларды нарық жүйесіндегі ең өміршең субъектілер ғана ала алады. Бағалы қағаздар нарығын қалыптастыру және дамыту Қазақстан Республикасындағы нарықтық экономиканы тұрақты дамытудың алғышарттарының біріне жатады және республикадағы экономикалық ресурстарды тиімді қолдана отырып, халықтың тұрмыс жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді.
КІРІСПЕ
1 БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫНЫҢ ЭКОНОМИКАДАҒЫ ОРНЫ МЕН РОЛІ
1.1. Бағалы қағаздар нарығының мәні және қажеттілігі
1.2 Бағалы қағаздар нарығының механизімін ұйымдастыру құрылымы
1.3 Бағалы қағаздар нарығының орналасу құрылымы
2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫНЫҢ ҚАЖЕТТІЛІГІ ЖӘНЕ ҚАЛЫПТАСУ ПРОБЛЕМАСЫ
2.1 Қазақстанда бағалы қағаздар нарығының қалыптасуы мен дамуы
2.2 Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығын жетілдіру жолдары
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Сақтандыру инвестор үшін нарық конъюктурасының ауытқуы бейтараптылығынан тұрады. Егер инвестор бағалы қағаз иесі болса және белгілі денгейден бағамдық құнының төмендеуін қауіптенсе, сақтандырудың қарапайым әдісі, брокерге белгілі бағаны атап, нарықта сатуға бұйрық беру. Егер инвестор бағалы қағаз бағасының өзгеруінен, өсуінен сақтанса, брокерге белгілі бағаны атап, ол баға нарықта сатып алуға бұйрық береді.
Бағалы қағаз нарығы қызмет етуінің механизмі осы нарықтың құрамды элементтеріне, яғни оның құрылымына байланысты болады. Бағалы қағаз нарығын шартты түрде жеке секторларға бөлуге болады:
Бағалы қағаз нарығының бөлек, жеке секторлары (сегменттері) оның дамуына маңызды әсер етеді.
Бағалы қағаздар экономикалық категория ретінде белгілі бір сипаттар мен қасиеттерге ие болады:
Бағалы қағаздың негізгі түрлері: акция, облигация, вексель, чек, жинақ кітапшасы, депозиттік сертификат,опцион, фъючерс, коносамент, т.б.
Бағалы қағаз нарығында оларға экономикалық, заңды және техникалық талаптардың жиынтығы ретінде болатын белгілі бір стандарттар бар болады.
Бағалы қағаздың тек кейбір негізгі түрлерін қарастырып өтейік.
Акция – үлесті немесе меншікті куәлардыратын бағалы қағаз. Ол иемденушісіне компания капиталының, мүлкінің, кірісінің бір бөлігіне заң жүзінде меншік құқық береді. Компания қанша уақыт жұмыс істеп тұрса, акция да сонша уақыт қолданылады. Бірақ осы уақыт ішінде акцияның иесі сан рет өзгеруі мүмкін. Акционердің акцияны шығарған компанияға қайтаруға құқығы жоқ. Акционерлік капитал бөлінбейді. Акционер оны тек екінші нарықта сатуына болады, яғни:
Атап айтқанда, жарғылық капитал деген шығарылған акциялардың бастапқы жиынтық құны. Акция белгілі бір жағдайда акционерлік қоғамның өз капиталын ұлғайтуға және оны инфляциядан қорғау үшін жұмсауға болатын бағалы қағаздың бірден-бір түрі. Акция компаниясының акционерлер алдындағы қарыз міндеттемесі. Компанияның өз акциясын қайта сатып алатын құқықтан айырылады деген ереже бар.
Акцияның екі түрін қарастырайық: жай және артықшылықты.
Жай акцияларды иеленушілердің корпорациясының тапқан пайдасының мқлшеріне байланысты дивидендтер алу құқығы, жиналыстарды дауыс беру арқылы корпорацияны басқаруға қатысу құқы және корпорация жабылып қалған жағдайда несие берушілермен есеп айырысқаннан кейін мүліктің бір бөлігін алу құқы бар.
Артықшылықты акциялар – корпорация пайдасының деңгейіне қарамастан белгіленген мөлшерде неғұрлым нақты дивиденд төлеуін қамтамасын етеді. Бұл акция дауыс беру құқын бермейді.
Облигация деп элименттің белгілі бір шартты орындауға, яғни алған ақша сомасын қайтаруды және белгіленген сыйақыны төлеуді міндеттенген жазбаша қағаз құжатын айтады. Ол корпорацияның активіне қарсы қойылады. Облигация арқылы тартылған капитал акционерлік капитал деп есептелінбейді. Облигация мерзімдік қарыз міндеттемесі болғандықтан оның кепілі болып эмитенттік жалпы кепілдігі саналады. Ол кепілдік-эмитенттің банкротқа ұшырап, өз міндетін орындай алмаған кезінде корпорация мүлігінің бір бөлігін иемденуге облигация ұстаушының құқы. Облигация да акция сияқты корпорацияны инвестордың ең маңызды көзі.
Вексель – қарызды өтеуге заңды түрде бекітілген төлем міндеттемесі. Вексель беруші тауарды несиеге алғанда тауар сатушыға, яғни несие иемденушіге береді. Вексельдің мәні – несиеге алған белгілі бір соманы төлем уақыты жеткенде келісілген жерде өтеу үшін тауар сатып алушының (вексель берушінің) сатушыға (вексель иемденушіге) берген қарыз міндеттемесі. Вексель шығарып және оны пайдалануды дамыту ертеден несие қаржы қызметін көрсету нарығының басты бағытының бірі болып табылады. Себебі, вексельдің мәні – тек қарызды қайтару кепілі емес, сондай - ақ саудалық қарым - қатынастың тиімділігін арттыру мақсатында осы төлем міндеттемесін белсенді пайдалану арқылы ресурстардың айналымын жеделдету. Сондықтан, вексель иемденуші, төлемнің түсуін күтпей-ақ вексель сатып алушыны немесе оны тауар төлем қаржысы ретінде қолданушы іздестіреді. Әдетте, вексельді банк сатып алды.
Вексель – тауар – ақша қатынастарын және коммерциялық несиені дамытуда ертеден келе жатқан ең бір басты қаржылық құрал. Қаржы жүйесі дамыған елдердің ақша айналымында вексель елеулі орын алады. Қазіргі кезде электронды несие жүйесенің кез-келген операцияны бар болғаны 1 сағаттың ішінде орындайтын мүмкіндігі бар.
Дамымаған елдерде бағалы қағаз нарығының үш түрі әрекет етеді: бастапқы, екінші (биржалық) бағалы қағаз нарығы және биржадан тыс нарық.
Бастапқы және биржалық нарық бір-біріне қарама-қарсы, бірақ осы мерзімде бір-бірін өзара толықтырып тұрады. Қарама-қайшылықтың болуы мына жағдайға байланысты, олар сауда және бағалы қағаздың айналысындағы жалпы қызметті атқара отырып, оларды таңдау және сатудың арнайы әдістерімен басқарылады.
Бастапқы айналым ереже ретінде жаңа бағалы қағазды шығару және сауда - өнеркәсіптік корпорацияда облигацияларды таратуды қамтиды.
Екінші нарықта (биржада) ерте шығарылған бағалы қағаздармен сауда өнеркәсіптік корпорацияның акцияларына баға белгіленеді.
Биржадан тыс айналым
арқылы негізінен ұдайы өндіріс
процесін қаржыландыру іске асады. Биржадан
тыс нарықта ұйымдық
Батыс елдердің көпшілігінде
биржадан тыс нарықтағы негізгі
рольді биржа брокерлері атқарады.
Биржадан тыс нарықтың ерекшелігі,
мұнда қор биржаларына
Қор биржалары жеке акционерлік қоғам немесе жариялық-құқықтық институттар түрінде ұйымдасқан. Олардың іс-әрекеті мүшелер құрамы мен қабылдау ережелері, биржа органдарының қызметі мен басқарылуын реттейтін жарғыға негізделген. Қор биржасының жоғарғы сатысында биржалық комитет немесе басқару кеңесі қызмет атқарады.
Биржа мүшелері брокерлер (жеке тұлғалар) немесе өз клиенттерінің атынан делдалдық қызмет атқаратын брокерлік компаниялар болып табылады (есепте тұрған жеке тұлғалар, сауда-өнеркәсіптік корпорациялар және несие қаржылық мекемелер). Олар ақша салу арқылы ақша сомасының ірі көлемін алатын жеке тұлғалар немесе компаниялар бола алады. Биржадағы орын саны жетіспейтін болса, онда олар арнайы аукциондарда сатылады.
1.3 Бағалы қағаздар нарығының орналасу құрылымы
Тауарлы экономиканың негізгі мақсаты пайда алу болғандықтан кез-келген қызмет капиталды көбейтуге арналады. Бұл тұрғыдан алып қарағанда кез-келген нарық бір уақытта капитал салымын атқара алады. Ақшалай қорлар өндірістік, тауарлық қызметке, жылжымайтын мүлікке, антиквариат, қымбат металдарға салынады. Кез-келген жағдайларда бұл ақша құралдары уақыт өте өзінің өсімін әкеледі, яғни егер капитал ретіеде салынатын ақша дұрыс бағытта салынса дұрыс шарттар жасалса қомақты пайда әкелуі мүмкін. Бірақ қарастырылған жағдайларда ақша сомасын капитал салымы ретінде салу үшін оған қажет ең алдымен жобалы жинақ мөлшері қажет. Себебі, ең бірінші капитал салу үшін оны ең алдымен жинақтау керек.
Капиталды жинақтап немесе оны алу сферасына – қаржылық қызмет сферасы жатады. Қаржылық қарым-қатынастары басым негізгі нарықтар келесілер:
- банктік капиталдар нарығы;
- бағалы қағаздар нарығы;
- валюта нарығы;
- сақтандыру және зейнетақы қорларының нарығы;
Сәйкесінше капиталды жинақтау үшін нарықтарды айыра білу керек. Қаржылық нарықтар, басқаша айтқанда капиталдар нарығы – бұл ақша қорларының бірінші иеленушілері мен соңғы қолданушыларының делдалдық нарығы болып табылады.
Ақшалай қорларды тарту ішкі және сыртқы кзөдер бойынша жүзеге асырылады. Ішкі көздерге әдетте, амогртизациялық қатынастар және алынған пайда жатады. Негізгі сыртқы көздерге бағалы қағаздарды шығарудан алынған банктік ссудалар мен құралдар жатады. Қоғамда көбінесе, ішкі көздер арқылы ақша құралдары тартылады. Орта есеппен дамыған елдерде ішкі көздер 75 пайызды, албанктік ссудалар мен бағалы қағаздар 5-20 пайызды құрайды.
Бос ақша құралдары көптеген сфераларда пайдалы инвестициялау үшін қолданылады. Өндірістік немесе басқа да шаруашылық қызметке (өндіріс, құрылыс, сауда, байланыс) жылжымайтын мүлік антикварита, құнды металдарға бос ақша құралдары салынады. Ақша құралдары сонымен қатар шетел валютасына (егер құнсызданып жатса), зейнетақы және сақтандыру қорларына әртүрлі бағалы қағаздарға немесе ссудаға, банктік депозитке пайызға беріледі. Келтірілгендерден мынаны көруге болады: бағалы қағаздар нарығыкөп сферасының ішінен бос каптиалдарды салудың бір сферасы болғандықтан оған оны тарту үшін бәсекелесуге тура келеді.
Аталған нарықтар арасындағы капитал
салымындағы құралдардаң
Бағалы қағаздар нарығының құрамды бөліктеріне мыналар жатады::
біріншілікті және екіншілікті; ұйымдасқан және ұйымдаспаған;биржалық және биржадан тыс;дәстүрлі және компьютерлендірілген; ассолық және жедел;
Біріншілік нарық – бұл бағалы қағаздарды бірінші иеленушілері мен бағалы қағаздардың нарықта ең бірінші пайда болуы, олар белгілі ережелер мен міндеттемелерге байланысты шығарылады.
Екіншілікті нарық –
бұл бұрын шығарылған бағалы қағаздар
айналымы. Бұл барлық шығарылған бағалы
қағаздардың сату-сатып алу
Ұйымдасқан бағалы қағаздар нарығы – бұл бағалы қағаздардың қатаң бекітілген ережелернегізінде лицензияланған мамандандырылған делдалдар арасындағы айналыс.
Ұйымдаспаған нарық - бағалы қағаздарды сатуда барлық қатысушыларға бірдей ережелердің сақталмауы.
Биржалық нарық – бағалы қағаздарды қор биржалары арқылы сату.
Биржадан тыс нарық – сәкесінше бағалы қағаздарды қор биржасынан тыс сатылымдар.
Бағалы қағаздармен сауда жасау дәстүрлі түрде және компьютерлендірілген нарықтарда жүзеге асады. Кейінгісінде сауда компьютер желілері арқылы жүзеге асады. Бұл сәйкесінше қор делдалдарын біріктіретін келесі сипаттамаларға ие:
- физикалық орынның
жоқ болуы, яғни сатушы мен
сатып алушы кездесуі
- сауда үрдісі мен
оны қамтамасыз етудің
Кассолық бағалы қағаздар нарығы – бұл келісімшарттың тез арада 1-2 жұмыс күнінде орындалатын нарық.
Жедел бағалы қағаздар нарығы – бұл келісімшарттың әр түрлерінің 2 жұмыс күнінен артық мерзімде орындалатын нарық. Көбінесе орындалу мерзімі 3 ай.
Енді бағалы қағаздардың шығарылу мақсаты мен олардың сатушыларына түсініктеме берейік.
Бағалы қағаздар нарығының сатушылар есебіне келесілер қатысады:
Бағалы қағаздарды жеке ұстаушылар ұзақ мерзімді қолдануға тауарлар сатып алуға немесе үй құрылысын қаржыландыру үшін, яғни жалпы құралдарға қажеттілік пайда болған кезде осы нарықтың сатушылары бола алады. Бірақ олар бұл нарықтың негізгі қатысушыларына жатпайды.
Бағалы қағаздардың ірі ұсынушылары – кәсіпкерлік құрылымдар мен үкімет. Бағалы қағаздарды шығару мен айналу үрдісі келесі мақсаттарды жүзеге асыру үшін қолданылады: