Баға қалыптастырудың теориялық негіздері

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 14:51, реферат

Описание работы

1Экономикалық теория классикалық мектебінің негізін қалаушы Адам Смит осыдан 200 жылдай бұрын Глазо (Англия) қаласында университетте лекция оқып тұрып, мынандай сұрақ қойған: не бағалырақ? Ішетін су ма, әлде гауһар тас па? Су өте төмен бағаланады немесе ешқандай құны жоқ, ал гауһар тас (бриллиант) болса жоғары бағаланады. Кейінірек А.Смиттің осы сауалы оның «парадоксы» аталып кеткен. Бұл сауалдың жауабын ол шеше алмаған. Себебі А

Содержание

КІРІСПЕ-------------------------------------------------------------------------------------3

І. БАҒА ЖӘНЕ БАҒА ЖҮЙЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛАРЫ-----------------------5
1.1 Баға және баға белгілеу ұғымы, түрлері-------------------------------------------5
1.2 Бағаның қызметтері------------------------------------------------------------------11
1.3 Бағаның экономикадағы мәні мен маңызы-------------------------------------13

ІІ. Қазақстан Республикасындағы бағаны реттеу мәселелері--------------16
2.1.Қазақстандағы инфляцияның пайда болуы мен ерекшеліктері ------------16
2.2 Қазақстан Республикасындағы инфляциялық процестер және бағаның жоғарылауы--------------------------------------------------------------------------------17

ІІІ. ТАБЫС ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК--------------------------------------22
3.1 Кәсіпорынның табысы және оның маңызы мен мәні-------------------------22
3.2 Кәсіпорын табысын қалыптастыру және оның қызметі --------------------23
3.3 Кәсіпорын пайдасының бөлінуі және пайдалануы----------------------------26

IV. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БАҒАЛАРДЫҢ ЖОҒАРЫЛАУЫМЕН КҮРЕСУ ЖОЛДАРЫ-----------------------------------30

ҚОРЫТЫНДЫ---------------------------------------------------------------------------35
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ----------------------

Работа содержит 1 файл

бага жане табыс теориясы.doc

— 1.34 Мб (Скачать)

Кәсіпорындарда пайданы  үлестіру және пайдалану тәртібі  оның жарғысында тіркеліп қойылады және оны кәсіпорын  басшысы  бекітеді.

Кәсіпорын қызметінің пайдалылығы

Тиімділік  деп  кәсіпорьн  кызметі  тиімділігін  ең басты  экономикалық көрсеткіші аталады. Оның екі түрі бар:

•     кәсіпорынның  тапқан  пайдасының өндірістік  негізгі  және   айналмалы   қорларының  құнына   қатысы;

•     кәсіпорынның   тапқан   пайдасының   сатылған   өнімнің өзіндік  құнына  қатысы.

Кәсіпорын қызметінің тиімділік  деңгейін бағалау үшін алынған нәтижеге (жалпы табыс, пайда) кеткен  шығындар немесе пайдаланған ресурстармен салыстырылады. Пайданың шығындармен өлшөмдестігі пайдалылықты немесе толығынан  пайдалылық мөлшерін  білдірөді.

Практикада пайдалылық мөлшерін өлшеу екі нұсқада пайдаланады. Бұл пайданың ағындағы шығъндармен  қатынасы (кәсіпорын шығындары, өзіндік құн) немесе аванстық жұмсау (негізгі өндірістік қорлар жәнө айналым қаражаты). Бұл екі өлшеуші аванстық жұмсау айналымы жиынтығының. көрсеткішіне өзара байланысты. Кәсіпорынның пайдалылық мөлшерін мына төмендегі формуламен есептеуге  болады:

Пм  =  Ө ( Б – Қ ) / Нқ + Ақ

мұнда:     Ө   —   өнім   көлемі;

Б   —   өнім  өлшемінің  бағасы;

Қ —  өзіндік  құн;

Нқ — негізгі өндірістік  қорлардың құны;

Ақ — айналмалы қаражаттың көлемі.

ГІрактикада кәсіпорын  қызметінің бірнеше пайдалылық көрсеткіштері  қолданылады.

1. Өнімнің пайдалылығын  барлық сатылған өнімнің және  оның жеке түрлерін есептегенде  ғана мүмкін болады. Бірінші жағдайда  ол өнімді сатқандағы пайданың  және оны өндіруге және сатуға  кеткен шығындардың қатынасын  анықтайды. Барлық сатылған өнімнің  пайдалылығын тауарлы өнімді сатудан алынған пайданы өткізуден алынған түсімнің қатынасына есептеп шығарады; баланстық пайда жөнінде — өнімді сатудан алынған түсім; таза пайда жөнінде — өнімді сатудан алынған түсім. Барлық өнімді сатудағы пайдалылық көрсеткіштері кәсіпорынның ағымдағы шығындарының тиімділігі және өнімді сату табысы  жөнінде түсінік білдіреді.

2. Өндіріс   қорларының   пайдалылығы   баланстық   пайданың   негізгі   өңдірістік   қорлардың   және   айналым   қаражаттарының    жылдың    орташа    құнына    қатынасы.    Бұл көрсеткішті таза  пайда арқылы да есептеуге  болады.

3. Кәсірорынның   жұмсалым   пайдалылығы   оның   қарауындағы   мүліктердің   құны   арқылы   есептелінеді.   Есептегенде    баланстың    және    таза    пайданың    көрсеткіштерін пайдаланады.

Кәсіпорынның жеке қаржының пайдалылығы таза пайданың баланс арқылы есептелінетін оның жеке қаржысының қатынасымен  анықталады.

Пайданы қалыптастыруға ықпал ететін несие бойынша процент   мөлшерлемесі:

•  басқа     кәсіпорындардың     үлес     қосуынан     түскен табыстар;

•  құнды  қағаздардан  түскен  табыстар;

• алынған  айыппұлдан асып  түсу,  өсімақы,  төлемнің тұрақсыздығы.

Шығынның белгілі бір  мөлшерін мейлінше тиімдету — шаруашылықты жургізудің әр түрлі мәселелерін  шешуге келгенде басты талап осы болып отыр. Тек қанша өнім өндірілгендігінің ғана емес, оны өндіруге қанша еңбек жұмсалғандығының да маңызы зор. Мәселенің осылай қойылуы мынаны аңғартады: шикізат пен материалдарды жұмсай отырьш, шикізаттың әрбір өлшеміне неғұрлым көп өнім алуға, шығарылған бұйымдардың өзіндік құнын төмендетіп, кәсіпорындардың пайдасын көбейтуге, өндірістің тиімділігін арттыруға  жету  керек.

Егер кәсіпорын ішкі шаруашылық резервтерін тауып, пайдаланудың негізгі бағыттарын қорытындылауға талпыныс жасалса, онда оларды үш топқа бөлуге болады. Өндіріс тиімділігі, біріншіден, негізгі өндірістік қорлардың пайдаланылуна жақсартудың, екіншіден, айналмалы өндірістік қорларды неғұрлым тиімді пайдаланудың және үшіншіден, қазіргі еңбек шығындарының нәтижелілігін жақсартудың есебінен  арттырылады.

       Кәсіпорын  қызметінің экономикалық тиімділігін  молайтудың басты шарты — еңбек  өнімділігін барынша арттыру  жәнө өзіндік құнды арзандату.  Басқа да біркелкі жағдайларда  өнімнің өзіндік құны неғұрлым  арзан болған сайын тиімділік соғұрлым жоғары болатыны белгілі Кәсіпорынның тиімділігіне сонымен қатар, өнімнің немесе шығаратын тауарлардың сапасы да едәуір ықпал етеді өйткені жоғары сапалы өндірілетін тауарларды көтеріңкі бағамен сата алады.

 

 

 

 

IV. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БАҒАЛАРДЫҢ ЖОҒАРЫЛАУЫМЕН КҮРЕСУ ЖОЛДАРЫ

Нарықтық экономика  еркін билеген елдерде көтерме  және бөлшек бағалары кенінен қолданылады. Оларға деген қолданыс сұраным мен  үұыныммың өзара қатынасымен  жүрігіледі:

— өндіріс бағасы, өндіріс  шығындары жиынтығы және барлық авансталған капиталдың орташа шығынынан құралады;

—  ұсыныс бағасы, сатушының  ешнәрсе қоспаған арнайы ұсынымы;

— базистік баға, сатушы мен сатып алушы арасыңцағы алдын  ала келісілген баға, сондай-ақ нақты  бағаны аныктаудың негізгі бола алады  және нарық конъюктурасына, тауар сапасына т.б. байланысты косымша бағаның қосылуы;

— сатып-алу-сату бағасы (фактуралы) — сатушы бағасы немесе контрактде тауарды жеткізуді көрсету;

—  көтерме баға, ірі  партия тауарларын сауда және өнеркәсіп  кәсіпорындарына жеткізуде қолдалынады;

—  бөлшек баға, тауарды  сатып алушыға бөлшектеп сатканда колданылады. Оның қүұылымына мыналар  енеді: өндіріс шығындары плюс пайда,  өткізу ұйымдарындағы айналым шығындары  плюс қосымша күн салығы;

— монополды баға, монополиялар бекіткен жоғарғы немесе төменгі өндіріс бағасы;

— номинадды баға, арнайы прейскурантта, анықтамаларда, биржа  котировкасында жарияланады;

— прейскуранттық баға, анықтамалық баға болып табылады. Ол баға биржасында керсетіліп, диллер тапсырысыныың бланкысы мен каталогында жарияланады;

— анықтамалық баға, жасалған істің сандық нәтижесін көрсетеді (квартал, жыл т.с.с.) және базистік бағаның қалыптасуында қолданылады;

—  қатты баға, сату-сатып  алу контрактсінде көрсетіледі  және

өзгертуге жатпайды;

— сырғыма баға, нарық  конъюктурасының (биржа котировкасы, инфляция және т.б.) белгілі мерзімде өзгеруі жағдайында қолданылады;

— әлемдік баға, халықаралық  сауда бағасы;

 

 

Кесте -1.

 

 

Кесте 2

— ену бағасы, нарықты жаулап алуға бағытталған. Бұл баға өндіріс шығыны денгейінен темен болып белгіленді немесе демпингті баға дейміз;

—  өтімді баға, сұранымы жоғары ерекше тауардың бағасы; тұтынушыны өзіне тарту үшін бекітіліп, сагтасы, статусы, тауар ерекшелігіне аса үлкең мән беріледі, басқа бағаларға қарағанда;

— трансферттік (басқаға берілуші) баға, затты кооперация түрінде үсынып, өнімді монополияның өз ішінде өткерілуімен айкындайды және салық салудан құтылу үшін қолданды.

Тауардың келісімді  бағасы деп екі жақтың өзара шаруашылық шартындағы керсетілген уәделестікті айтамыз. Реттеуші баға тауардың шектеулі тізіміндегі бағасы. Бұл бағаны жергілікті өкімет орындары белгілейді. Әдетте монополист-кәсіпорын өніміне жүргізіледі. Баға құрылымы ұйымдары осы бағаны белгілейді немесе ауытқу шегін анықтап отырады.

Экономиканың еркін секторы шекарасында нарықтық еркін бағалар қызмет жасайды. Бұл бағамен қамтылмаған өнімнің барлығына осы бағаны ұсынады.

Сұраным мен ұсынымның  негізінде белгіленген бағаны еркін  баға дейміз немесе сатушы мен сатып  алушы арқылы да анықталатын баға. Мемлекет тарапынан реттеуге келмесе; оның құрамына енетін шығындар мен пайда, сонымен катар салык пен еркін емес сиякты нәрсе, жеңілдік, дотация рентабельділік шектеу ж.б. ескерпімесе еркін бағаға бағалаймыз.

1.  Үкімет органдары  тарапынан бағаны бақылау. Мемлекеттік  орган мен олардың әлеуметтік партнерлары бағалы бақылаудың басты мақсаты — өмір сүру құнының өсуін айқындау. Оның зейнетақы мен жалақының жыл сайынғы номинальды көтерілу индексін анықтау. Сонымен катар бағаның көтерілуі өндіріс шығыны және ұлттық бәсеке қаблеттілігіне қалай әсер ететіндігін шешіп алу. Бағаны бақылаумен орталық статистика агенттігі айналысады.

2. Бағаға жанама әсер  ету. Мұның мәні мынада: сыртқы  саудада кейбір сандық немесе  кедендік шектеуді енгізу немесе  алып тастау. Сондай-ақ есептеу  ставкасының өзғеруі, салық ыкпалдылығын ескеру, ақша эмиссиясының көлемін (размер) көбейтуге немесе азайту т.б.ж. Бағаға барлық мемлекеттік реттеуші акциялар әсер етеді.

3. Мемлекеттің баға  құрылу процесіне араласуы. Бұл  жерде үкімет органдарының өндіріс  шығындарын көтеруге рұқсат етілуі көзделген: өзіндік құнға кетеріңкі жойылған амортизация қосылады және басқа қорларға жіберілген нәрселер. Нәтижесінде кептеген сіъчаларда «шығындар бағаны қысатын» жағдай туады.

4.  Бағадағы лидерлік. Бұл құбылыс өндіріс саласының  тауар мен қызмет көрсету саласында басталады. Себебі мемлекеттің үлесі сүбелі. Егер салаларды мемлекет пен жеке кәсіпорындар басқарса, мемлекет  құрылымдық - саяси мақсатта өзіне жататын кәсіпорындар бағасына әсер ету қолынан келеді. Мемлекет нарықтың көлемді бөлігін бақылап, ұсынымның шектелуімен баға белгілеуде лидер болып, сала бойынша оның деңгейін анықтайды. Осындай жағдай мемлекеттік ірі сатып алушы жәнс тапсырыс беруші саясаты да қалыптасқан. Мысалы:көптеген құрылыс түрлерінде, соғыс өндірісі мен армияға керекті тауар ендірісінде және т.б. Мұндай жағдайда үкімет оргакдары тауар мен қызмет жасайтын фирма-өндірушімен келісіліп «контрактлі баға» белгілейді. Кейін сол сапа үшін баға базалық болып калады. Әйтпесе мемлекет көп салаларда сатушы тарапынан ғана емес, сатып-алушы тұрғысынан да бағада лидер болып кетуі мүмкін.

5. Мемлекеттің бағаға  тікелей әсері. Мұны мемлекеттік  субсидия {бюджет қорынан бөлінген  ақшалай және натуральды түрдегі  көмек) жүзеге асырып, сала ішінде, салада немесе аймақта жеке  түұынушылар шығынының төмендеуін байқатады. Сондай субсидияның бірі -кейбір тауар мен қызмет көрсетуде бағаны төмендету немесе тоқтату. Бұл тәсіл өндіруші мен тұтынушыға арнайы қосымша ақы төлеу жолымен жүзеге асады. Бағаны тікелей реттеудің тиімді жолы (әдісі) кқсымша құнға салынатын салық болып табылады.

Мемлекеттің баға құрылымы процесіне тікелей араласуы мемлекеттің  «акциздік тауарға» баға бекіту саясаты  болмақ.

Сыртқы сауда бағасына мемлекеттің әсері экспорттаушыларды  салықтан босата отырып, экспортты  мемлекеттің марапаттауы арқылы жүргізіледі. Кейбір елдерде-экспорттық субсидия, жеңілдетілген несие мен транспорттық тарифтерді беру аркылы жүзеге асады. Ішкі бағаны мемлекеттін тікелей ретгеуінін бірден-бір тиімді инструменті импортты шектеу және кеден салығын төмендету болмақ. Ішкі нарықты шетел бәсекелестігінен қорғау, импортталған тауар бағасына кедендік мөлшер дәрежесінде әсер ету үсынымды шектеуге әкеледі. Сондай-ақ ішкі нарыктағы бәсекелестікті бәсеңдетіп, импортталатын тауарға бағаны көтеріп, отандық өнім өндірісі бағасына әсері болады.

6.  Экономиканың мемлекеттік секторында өндірілген тауар және жасалатын қызметке жеңілдетілген баға мен тарфитерді белгілеу.

Бұған минерал-шикізат  және жағармай — энергетикалық ресурстар, темір жол мен почта-телеграф тарифтерінің бағасын айтамыз.

Бұл жасанды түрде  тоқтатылған баға мен тарифтер жеке сектордағы өндіріс шығындарын төмендетуге  ықпал жасап, үлтгык бәсеке қабілетгілігін арттырады.

7. Бағанынң көрсетілген түрін немесе олардың белгіленген көтерілу шегін үкіметтің бақылауы. Бағаны осылай реттеу әдеуметтік келеңсіздіктің белең алғанында ғана қолданылады.

8. Тауардың кейбір түрлеріне бағаны бекіту мен бақылауды ұлттық органдар  береді. Мысалы бұған көмір мен қара металға Еуропалық көмір және болат бірлестігінің бағаны белгілеуін айта аламыз. Сондай-ақ ауылшаруашылығы өніміне уақытша бағаны Еуропалық экономикалық одақтың (ЕЭО) белгілеуі,  ішкі интеграциялық бірлестіктерде транспрт тарифы мен салықты унификациялау.

Қорытынды

        Бағалардың өсуі тұрғындардың  нақты табысын төмендетеді. Сондықтан кәсіподақтар еңбекақының номиналды деңгейін көтеру туралы талап қояды.   

      2004 жылдан  бастап  Ұлттық  банктің  негізгі   мақсаты ретінде  бағалардың  тұрақтылығын  қамтамасыз ету   ақша – кредит  саясатындағы  мүлдем жаңа айқындама  болып табылады.

       Негізгі   мақсатты  орындау үшін Ұлттық  банкке  мынадай  міндеттер  жүктелген:

  • мемлекеттің ақша – кредит саясатын әзірлеу және жүргізу;
  • төлем жүйелерінің  жұмыс істеуін  қамтамасыз  ету;
  • валюталық реттеуді және  валюталық  бақылауды жүзеге асыру;
  • қаржы жүйесінің  тұрақтылығын қамтамасыз етуге ықпал  ету.

 Баға және баға белгілеу нарықтық экономиканың негізгі элементтерінің бірі болып табылады. Баға - күрделі экономикалық категория. Бағада іс жүзінде экономиканың жалпы қоғам дамуыыың барлық негізгі мәселелері түйінделген және шоғырланған. Бұл тауарларды өндіру және сатып өткізу, олардың құнын қалыптастыру жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) мен ұлттық табысты құру, бөлу мен пайдалануға қатысты болады.

Информация о работе Баға қалыптастырудың теориялық негіздері