Баға қалыптастырудың теориялық негіздері

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 14:51, реферат

Описание работы

1Экономикалық теория классикалық мектебінің негізін қалаушы Адам Смит осыдан 200 жылдай бұрын Глазо (Англия) қаласында университетте лекция оқып тұрып, мынандай сұрақ қойған: не бағалырақ? Ішетін су ма, әлде гауһар тас па? Су өте төмен бағаланады немесе ешқандай құны жоқ, ал гауһар тас (бриллиант) болса жоғары бағаланады. Кейінірек А.Смиттің осы сауалы оның «парадоксы» аталып кеткен. Бұл сауалдың жауабын ол шеше алмаған. Себебі А

Содержание

КІРІСПЕ-------------------------------------------------------------------------------------3

І. БАҒА ЖӘНЕ БАҒА ЖҮЙЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛАРЫ-----------------------5
1.1 Баға және баға белгілеу ұғымы, түрлері-------------------------------------------5
1.2 Бағаның қызметтері------------------------------------------------------------------11
1.3 Бағаның экономикадағы мәні мен маңызы-------------------------------------13

ІІ. Қазақстан Республикасындағы бағаны реттеу мәселелері--------------16
2.1.Қазақстандағы инфляцияның пайда болуы мен ерекшеліктері ------------16
2.2 Қазақстан Республикасындағы инфляциялық процестер және бағаның жоғарылауы--------------------------------------------------------------------------------17

ІІІ. ТАБЫС ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК--------------------------------------22
3.1 Кәсіпорынның табысы және оның маңызы мен мәні-------------------------22
3.2 Кәсіпорын табысын қалыптастыру және оның қызметі --------------------23
3.3 Кәсіпорын пайдасының бөлінуі және пайдалануы----------------------------26

IV. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БАҒАЛАРДЫҢ ЖОҒАРЫЛАУЫМЕН КҮРЕСУ ЖОЛДАРЫ-----------------------------------30

ҚОРЫТЫНДЫ---------------------------------------------------------------------------35
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ----------------------

Работа содержит 1 файл

бага жане табыс теориясы.doc

— 1.34 Мб (Скачать)

Қазақстанда  инфляцияның дамуының  қосымша факторы  пайдаланылатын кредиттер бойынша  пайыздарды жатқызудың  тәртібі  болып табылады;  кредит үшін төлем ақының  өсуі жағдайында   бұл өнімнің  өзіндік құнының, бағаның өсуіне соқтырады.

        Батыс елдерінің экономистері  жасаған теорияларда альтернативті  (балама) консепция ретінде «сұраным инфляциясы» және «шығын инфляциясы» анықталады. бұл консепцияларда инфляцияның қалыптасу себебтері (механиз-моделі) қарастырылады.       

«Сұраным инфляциясы» жалпы сұраным мен ұсыным арасындағы тепе-теңдіктің сұраным жағынан бұзылуын білдіреді. Бұл жерде мемлекет шығындарының артуы, өндіріс және еңбек ресурстарын толық іске қосылған жағдайында өндіріс құралдарына қосымша сұранымның қалыптасуы және тұрғындардың тұтынушылық мүмкіншіліктерінің артуы негізгі себеп болуы мүмкін. Осы жағдайларды байланысты айналымға артық ақша массасы шығып, жалпы баға денгейі өседі. Өндіріс саласында еңбекпен толық қамтылған жағдайда айналымдағы артық төлем ақша массасы шектеулі тауар ұсынымына тап болып, бағалардың инфляциялық өсуін қалыптастырады. Сұраным инфляциясын график түрінде 1 – суретте көрсетілген.

Жоғарыда келтірілген  себептерге байланысты ақша массасының өсуі жалпы сұраным сызығын солдан оңға қарай жылжытады (AD1 – AD2) және, экономика жалпы ұсыным қисығының аралық (2) немесе классикалық (3) үзіндісінде болса, бұл баға деңгейін арттырады (Р1 – Р2), яғни инфляция қалыптасады.       

                      Шығындар инфляциясы график түрінде 2 - суретте көрсетілген:  

Айтылған себептерге байланысты өндіріс шығындары өседі, жалпы ұсыным қисығы солға қарай  жилжыды (AS2 - AS1), баға даңгейі өседі (Р1 –Р2) өндіріс көлемі қысқарады (Q2 – Q1), яғни  ЖҰӨ-нің нақты көлемі қысқарады.  Бағалардың өсуі тұрғындардың нақты табысын төмендетеді. Сондықтан кәсіподақтар еңбекақының номиналды деңгейін көтеру туралы талап қояды. Үкімет инфляция шығындарының орнын толтыру саясатын ұстануға мәжбүр болады. Табысты индексациялау бағдарламасы экономиканың әр түрлі салалары үшін бірдей болу мүмкін емес, басқаша айтқанда табысты индексациялау барлық топтар үшін бірдей болмайды.

        Инфляцияның әр түрін оның  басқа түрінен ажырату өте қиын, олар өзара тығыз байланысты түрде қалыптасып дамиды. Мысалы, еңбеқақының өсуі табыс инфляциясының себебі ретінде көрінуі мүмкін.  

        ХХ – ғасырдың  екінші жартысында  жұмыспен толық қамту, еркін  бәсекелік нарық жағдайы, бағалардың ұзақ мерзімдік тұрақтылығы әлемнің бірде – бір елінде  қатар қалыптаспағанын айту қажет. Бұл кезеңде бағалар тоқтаусыз өсіп отырды, ал 60 – шы жылдардың соңынан бастап экономиканың  құлдырау  жағдайында да бағалар өсті. Дағдарыс фазасында бағалардың өсуі ХІХ ғасырдағы циклдер үшін болмаған жағдай. Бұл құбылыс экономикада «стагляция» деп аталады.  

        Мемлекет сұранымды шектеу  мақсатында  инфляцияға  қарсы  іс –  шаралар  жүргізуі қажет.  Жаңа  классикалық экономистердің айтуынша  өндірістің  өсуін ынталандыру  және жұмыссыздықты қысқарту  саясаты инфляцияны асқындырады, инфляция бақылаудан шығып кетеді. Инфляция  осы күнгі  нарықтық  экономиканың  табиғатына  сай келеді, инфляция жағдайларын  (бюджет тапшылығы,  монополия, қағаз ақша, т.б.) толық  жою мүмкін емес. Осыған байланысты  инфляцияны толық жою мүмкін  еместігі өзінен - өзі және алдын ала белгілі. Сондықтан да көп елдерде инфляцияны жою емес, оны бағындыру, қарқынын баяулатып, реттеу мақсаты қойылған.

        Батыс  елдерінде жинақталған  тәжірибе  көрсеткендей,  инфляцияға  қарсы  ұзақ  және қысқа  мерзімдік іс – шаралар  саясатын қолдану қажет. Мемлекеттің  ұзақ  мерзімдік саясаты:

         Біріншіден, халықтың инфляциялық үрейін жою мақсатын көздейді. Ол үшін кез келген  үкімет инфляцияға  қарсы саясатты үздіксіз  де тұрақты  түрде  жүргізіп, тұрғындардың сенімін  орнықтыруға тырысады. Үкімет өзінің  белсенді іс  шаралары негізінде (өндірісті ынталандыру, монополиямен күресу, т.б.) нарықтың тиімді қызмет атқаруына жағдай жасайды. Үкіметтің мұндай  саясаты  тұтынушылардың сана – сезіміне қажетті әсер жасап, олардың дұрыс шешім қабылдауын қамтамасыз етеді.

        Екіншіден, салықтарды арттырып, бірақ мемлекеттік шығындарды қысқарту арқылы бюджет тапшылығын реттеу іс – шаралары жүргізіледі. бюджет тапшылығын Орталық банк несиемен қаржыландыру инфляцияны асқындырады.

        Үшіншіден, ақша  айналымын реттеу іс –шаралары, нақты айтқанда, әр жылдық  ақша  көлемінің өсуіне  шек қою, бұл инфляцияның өсуін қадағалауға мүмкіндік береді.

       Төртіншіден, сыртқы факторлардың әсерін әлсірету. Жеке алғанда, бюджет тапшылығын қаржыландыру  үшін сырттан алынған қысқа мерзімдік қарыздардың экономикаға жасайтын  инфляциялық ықпалын әлсірету. Бұл өте күрделі және өзекті  мәселе. Сондықтан оны арнайы түрде  жеке зерттеп, қарастыру қажет болады. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІІ. ТАБЫС ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК

3.1 Кәсіпорынның табысы және оның маңызы мен мәні

Табыс — төтенше таралған, кең түрде қабылданатын, сонымен  қатар түрліше маңызды қолданылатын көп мағыналы ұгым. Сөздің кең мағынасында аңшалай құнына ие болуды кез келген ақша қаражатының түсімі немесе материалдың  құндылықты  алуды  көрсетеді.

Кәсіпорынның табысы олардың активтерінің артуы немесе капитал меншігінің көбеюіне әкелетін міндеттемелердің  кемуі. «Табыс»   ұғымы   жалпы   мемлекетте  ұлттың табыс, кәсіпорындарда (жалпы табыс, таза табыс), ал жеке түлғаларда (халықтың аңшалай табысы, жеке табыс болып   қолданылады.

 

 

 

 

Кәсіпорынның жалпы  табысына ақшалай түсім тауарларды сату және қызмет көрсетуден түсетін ақшалай түсім, атқарылған қызметтен, мүліктік бағалылықты сатудан, несие берілгендегі алынатын тиісті проценттер және басқа да ақшалай материалдық түсімдер жатады.

Жиі қолданылатын «таза  табыс» ұғымы жалпы табыс және материалдық ресурстардың шығындары  арасындағы айырмашыльғы  болып  саналады.

Экономикалық теорияда табыс деп тұрақты және нарықтық субъектілердің қарамағына заңды түрде  тікелей түсетін ақша сомаларын  айтады. Табыс алудың шарты -бұл қоғамның пайдалы қызметі. Бұл сұраныстың  қажетіне жататын тауарларды шығару. Мына төмендегі  табыстардың түрлерін айыруға  болады:

Жалпы табыс (ЖТ) — бұл  тауарлардың белгілі мөлшерін сатудан  түскен ақшалай сомасы. Ол тауар  бағасын тауар  мөлшеріне көбейтуге  тең.

-     Орта   табыс   (ОТ)   -   жалпы   табысты   (ЖТ)   өнім өлшемінің мөліііеріне бөлу (К)

ОТ=ЖК/К

Шекті   табыс   (ШТ)   —   бұл   өнім   өлшемін   сатуды көбейту арқасында  жалпы табыстың үстелуі

ШТ=ЖТ/К                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                       

Шекті    табыс    шығарған    әрбір    қосымша    өнім    өлшемінің   өтемділігін   бағалауға   мүмкіндік   береді.   Және   де өзіндік    құнмен    ұштаса    отырьш,    кәсіпорынды    ұлғайту мүмкіндігінде   құндық  бағдарлар  қызмет  етеді.

 

 

3.2 Кәсіпорын табысын қалыптастыру және оның  қызметі

Таза пайда экономикалық санатының маңызды және кез келген коммерциялық мекемелері қызметінің негізгі  мақсаты больш табылады. Нарықтық қатынастарда пайда .экономикалық санаты ретінде кұрылған материалдық өндіріс сомасьның таза пайдасын қамтиды.

 

 

Әрбір кәсіпорынның жиынтық  көрсеткіші пайда түсімі болып табылады. Пайда дегеніміз - тауар өткізуден  және қызмет көрсетуден алынған ақшалай  кіріс пен оны өндіруге және сатуға жұмсалған шығындардың айырмасы. Бьлайша айтқанда, пайда - бұл өндірістік айналымының қаржылық қорытындысын білдіретін кәоіпорын қызметінің нәтижелі    экономикалық    көрсеткіші.    Кез    келген    кәсіпорында жалақы ұжымға оның жұмсаган еңбегінің әрбір бөлігінің ғана орнын толтыратыны, ал оның басқа бөлігі — қосымша еңбек-қосымша өнім немесе құн жағынан алғанда, пайда кұрайтыны осыдан келіп шығады. Мұнсыз жалпы тауар өндірісінің болуы мүмкін емес Шынында да, сатқанда бұйым тек жұмсалған шығындарға ғана өтеп, ешқандай пайда келтірмесе, кәсіпорьнға бүйьм шығарудың  қажеті  не?

Шынында да, кәсіпорын  қорлануының мөлшері неге байланысты? Егер белгілі бір кезеңде ұжым қажет болып отырған өнім өндіруді арттырып, оның сапасын жақсартып  ассартиментін кебейтсе, егер еңбек  өнімділігі артып, өндіріс. шығьны азайтылса, пайда мөпшері де өседі. Демек, бұл. кәсіпорын өндіріс тиімділігін арттырды деген сөз.

Пайда баланстық және есептеулік болып бөлінеді Жалпы  баланстың  пайда   мынадан  құралады:

•     тауарлы   өнімдөрді  сатудан  түскен  пайда;

•     тауарлы  өнімнің  құрамына  жатпайтын  басқа   өндрістерден     және    қызмет    көрсетуден    түскен     пайда немесе зиян;

•     сатылатыннан    тыс    операцияларды     жоспарлаудан түскен    пайда немесе зияндар. Оған жататындар                                                                                                айыппұлдар, сыйлықтар және т.б.

Есептеулік пайда —  бұл негізгі өндірістік және айналмалы  нормативтік қорларды және банктерден алынған несиелерді шегергендегі бюджетке түсетін жалпы баланстық  пайда.

Пайда жоспары бағалар  мен келісім-шарттар, салыстырмалы және қазіргі қолданылып жүрген бағалар , негізінде жасалады. Пайда көлемін  анықтау тікелей есеп' немесе талдау әдістерімен жүргізіледі. Пайданы  тікелей есептеу әдісімен аньқтау  — өнімнің әрбір жеке түрлерін көтерме бағамен есептегендегі сатудан түсетін ақшалай түсім және оның өзіндік құнының арасындағы айырмасы больш табылады.

Пайда белгілі бір  нысандарды орындайды.

Біріншіден, кәсіпорын қызметінің нәтижесіне жетуде экономикалық тиімділікті сипаттайды.

Екіншіден, пайда ынталандыру нысанына ие болады. Оның мазмұны, ол бір жолғы қаржы нәтижесі және кәсіпорынның қаржы ресурстарының негізгі элементтері больш  табылады.

Үшіншіден, пайда бюджеттің  түрлі деңгейін қалыптастырудың бірден-бір көзі. Ол бюджетке салық түрінде түседі жәнс басқа да табыс түсімдерімен қатар қоғамдың қажеттілікті қанағаттандыру үшін қаржыландыруга пайдаданады.

Нарықтық экономика жағдайында пайданың маңызы орасан зор. Оны алға ұмтылу тауар өндірупіілерді өнім өткізудің көлемін арттыруға, оған кететін шығындарды азайтуга бағыт көрсетеді.

Кәсіпорынның пайдасы  әр түрлі қызмет есебінен алынуы мүмкін. Барлық пайданың жиынтық деңгейі — кәсіпорынның жалпы пайдасы. Жалпы пайданың негізгі жиынтық  элементтері болатындар:

•     өнімді    сатудан,    қызмет    атқарудан,    қызмет    көрсетуден түсетін пайда;

•     негізгі    қорларды,    сол    сияқты    басқада        кәсіпорынның  мүліктерін  сатудан  түсетін пайда;

•  өткізуден тыс  операциялардың қаржы нәтижелері. Кәсіпорынньщ   пайдасы    екі    көрсеткішке    байланысты:

өнім бағасы және оны  өндіруге кететін шығындар. Нарықтағы өнім бағасы — сұраныс пен ұсыныстың өзара іс-қимылының нәтижесі. Еркін бөсеке жағдайында нарьқтың баға құрылымы заңының әсерінен өнім бағасы не жоғары, не төмен болуы өндірушінің немесе сатып алушының қалауынша болуы мүмкін емес, ол автоматты түрде  теңеседі.

 

3.3 Кәсіпорын пайдасының бөлінуі және пайдалануы

Пайданы үлестіру объектісі  кәсіпорынның баланстың пайдасы  болып табылады. Оны үлестіруді пайданың бір бөлігін бюджетке жолдау деп  түсінуге болады. Пайданы үлестіру заңдылығы — салық және басқа  да төлем шарттары түрінде түрлі деңгейде бюджетке түсетін бөлігі. Пайданы үлестірудің бағытын анықтау, кәсіпорынның қа рауында қалатын, құрылым статьясын пайдалану кәсіпорынның құзіретіне  жатады.

Пайданы  үлестірудің  принциптері:

•     кәсіпорынның   өндірістік-шаруашылық   және   қаржы қызметі    нәтижесінен   алынған   пайданы   шаруашылык субъектісі ретінде  мемлекет пен  кәсіпорының  арасында   бөлінеді;

•     мемлекет алған пайданың бөлігі  салық  және  альм ретінде    бюджеткө    түседі,    мөлшерлеменің    өзгоруі мүмкін    емес.    Салықтың    құрамы    және    алым, оларды   есептеудің   жэне   бюджет   жарнама   тәртібі заңды түрде  белгіленеді;

•     салықтан   кейінгі   кәсіпорынның  қарауында   қалатын пайда    мөлшері   өнім   көлемінің   артуы    және   өндірістік-шаруашылық  және  қаржы  қызметінің жақсаруына оның мүдделілігі  кемімеуі керек;

•     кәсіпорынның   қарауында   қалатын   пайда   әуелі  кә-сіпорынның   одан   әрі   дамуын   қамтамасыз   ететін қорланымға   бағытталады,   ал   қалған   бөлігі   тек   тұтынуға  кетеді.

Кәсіпорынның қарауында  қалатын  пайда екі бөлікке  бөлінеді Біріншісі — кәсіпорынның мүлкін көбейтеді және тұтыну процесіне  қатысады. Екіншісі — тұтынуға пайдаланатын пайда үлесін сипаттайды. Сонымен, тұтынуға бағытталған барлық пайданы толық пайдаланудың қажеті жоқ. Мүлікті көбейтуге байланысты пайдаланбай қалған пайда қалдығының үлкен маңызы бар және алдағы жыллдардағы мүмкін болатын залалдарды, түрлі шығындарды қаржыландырудың орнын толтыруға бағытталады.

Бөлінбеген пайда кең  мағынада пайда ретінде тұтынуға пайдаланған және өткен жылдардағы пайдаланбаған пайда кәсіпорынның қаржы орнықтылығын, кейінгі дамуы  үшін  қаржы  көздерінің бар болуын дәлелдейді.

Информация о работе Баға қалыптастырудың теориялық негіздері