Баға қалыптастырудың теориялық негіздері

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 14:51, реферат

Описание работы

1Экономикалық теория классикалық мектебінің негізін қалаушы Адам Смит осыдан 200 жылдай бұрын Глазо (Англия) қаласында университетте лекция оқып тұрып, мынандай сұрақ қойған: не бағалырақ? Ішетін су ма, әлде гауһар тас па? Су өте төмен бағаланады немесе ешқандай құны жоқ, ал гауһар тас (бриллиант) болса жоғары бағаланады. Кейінірек А.Смиттің осы сауалы оның «парадоксы» аталып кеткен. Бұл сауалдың жауабын ол шеше алмаған. Себебі А

Содержание

КІРІСПЕ-------------------------------------------------------------------------------------3

І. БАҒА ЖӘНЕ БАҒА ЖҮЙЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛАРЫ-----------------------5
1.1 Баға және баға белгілеу ұғымы, түрлері-------------------------------------------5
1.2 Бағаның қызметтері------------------------------------------------------------------11
1.3 Бағаның экономикадағы мәні мен маңызы-------------------------------------13

ІІ. Қазақстан Республикасындағы бағаны реттеу мәселелері--------------16
2.1.Қазақстандағы инфляцияның пайда болуы мен ерекшеліктері ------------16
2.2 Қазақстан Республикасындағы инфляциялық процестер және бағаның жоғарылауы--------------------------------------------------------------------------------17

ІІІ. ТАБЫС ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК--------------------------------------22
3.1 Кәсіпорынның табысы және оның маңызы мен мәні-------------------------22
3.2 Кәсіпорын табысын қалыптастыру және оның қызметі --------------------23
3.3 Кәсіпорын пайдасының бөлінуі және пайдалануы----------------------------26

IV. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БАҒАЛАРДЫҢ ЖОҒАРЫЛАУЫМЕН КҮРЕСУ ЖОЛДАРЫ-----------------------------------30

ҚОРЫТЫНДЫ---------------------------------------------------------------------------35
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ----------------------

Работа содержит 1 файл

бага жане табыс теориясы.doc

— 1.34 Мб (Скачать)

- есеп айырысу бағасы - жеке тапсырыс бойынша өндірілетін  стандартты емес құрал-жабдықты дайындау туралы шарттарда, келісім-шарттарда қолданылады; жеткізуші әрбір жеке тапсырыс бойынша, оның техникалық және коммерциялық жағдайына сәйкес есептеп дәлелдейді.

2.  Нарық түріне байланысты:

- аукциондық база - тауарлар партиясын (лотын) сатып алушы алдын ала қарау арқылы ашық сауда кезінде ұсынылған ең жоғарғы баға деңгейі;

- биржалық бага белгіленімі - биржа арқылы сатылатын біртекті стандартталған тауарлардың (оның ішінде бағалы қағаздардың) бағасы;

- сауда-саттық бағасы - алдын-ала ерекше құжатта (теңдерде) жарияланған шарттар бойынша белгілі бір жұмысты орындауға мердігерлікті жеңіп алу, немесе тауарларды жеткізуге тапсырыс беруге негізделген арнаулы сауданың ерекше нысанының бағасы.

3. Ішкі фирма немесе трансферттік бағалар - кәсіпорын (фирма) бөлімшелерінің немесе бір ассоциацияға ұйымдастыру нысанына кіретін түрлі кәсіпорындардың арасында өнімді өткізу кезінде кәсіпорын (фирма) ішінде қолданылатын баға. Трансферттік бағалар дайын өнімдерге, жартылай дайын өнімдерге, шикізатқа сонымен қатар қызметтерге, оның ішінде, басқару қызметтеріне тағайындалады.

4. Өнімді жеткізу және сату шарттары бойынша бөлінеді:

-   нетто-баға - сатып алу - сату жеріндегі баға;

-  брутто-баға (фактуралық баға) - сатып алу және сату шарттары (тауар бойынша салықтардың түрлері мен мөлшері, жеңілдіктердің болуы мен деңгейі, франко түрі және сақтандыру шарттары) есепке алынып анықталады. «Франко» термині тауардың сатушыдан сатып алушыға дейінгі жылтуы кезінде тасымалдау шығындарын жеткізуші қай жергедейін өз мойнына алатынын білдіреді. Сатушының франко-қоймасы - тауарды жеткізу шығындарын толығымен сатып алушы көтереді;

* сатып алушының франко-қоймасы - барлық шығынды сатушы төлейді.

5. Әлемдік бағалар  - бұл нақты тауарларды сататын халықаралық сауданы жеткілікті түрде сипаттайтын ірі экспорттық және импорттық операциялар жургізілетін бағалар. Практикада әлемдік бағалар тауарлардың түрлі топтарында келесідей болып аныкталады;

- шикізат тауарлары бойынша олар экспорттаушы немесе импорттаушы елдердІң бағалары деңгейімен, немесе аукциондар мен биржалар бағаларымен анықталады.

- өндірістік-техникалық бағыттағы бұйымдар бойынша - жетекші әлемдік өндірушілер бағалары;

- тұтыну тауарлары  бойынша - көш басындағы ірі  сауда үйлерінің каталогтарында жарияланған бағалармен анықталады.

 

1.2  Бағаның  қызметтері

 

1. Есепке алу қызметі,

2.  Ынталандыру қызметі.

3.  Бөлу қызметі.

4. Өлшеу және теңестіру  қызметі.

1. Есепке алу қызметі.  Баға - құнның ақшалай көрінісі. Құн  - бағаның түпкі мәні мен мазмұны.  Сондықтан баға кандай да бір  өнімге деген нақты қажеттілікті  қанағаттандыру қоғам үшін қаншаға  түсетінін көрсетеді. Баға бір  тауарды жасап шығару үшін  қанша шығын кеткенін және оның тиімділігін көрсетеді. Түптеп келгенде, баға өндірістің жиынтық шығындарының шамасымен қатар алынатын пайда мөлшерін көрсетеді.

Шығынды есепке алудың негізгі  ұстанымы кәсіпорында қолданылатын шығындарды есепке алудың ұстанымдары  мен әдістері, басқарушылық және ұйымдық құрылымға шығарылған тауарлардың номенклатурасына, өндіріс технологиясымен, нарықпен байланысу әдістеріне сәйкес болуы қажеттігінен көрінеді.

2. ЬІнталандыру қызметі.  Оның мәні түрлі тауарларды  өндіру мен тұтынуға әсер етуден тұрады. Баға өндірушіні ол жердегі пайда деңгейі арқылы ынталандырады. Соның нәтижесінде түрлі тауарларды шығару мен тұтынудың өсуіне көмектеседі немесе кедергі жасайды. Егер тауарға сұраныс өсіп, баға жоғарыласа, онда, бұл жағдай тауар өндірісіне онды әсер етеді, оны шығару көлемі өседі. Тауар бағасы тұрақты болғанда немесе өте мардымсыз өскен болса, онда өндірушілер өндіріс шығындарын қысқартуға, технологияны жетілдіруге, тиімділікті арттыруға мүдделі және мәжбүр болады. Баға өндіріске, оның барлык буындары технологияға, ұйымдастыру жэне басқару жағдайларына әсер етеді.

Ынталандыру баға құрылымындағы  пайданың үлесін арттыру негізгі  бағаға үстеме кою және оған шегерім  жасау арқылы іске асады. Ынталандыру  қызметі ұдайы өндіріске қатысушылармен жалпы қоғам мүдделерінің баға жүйесі арқылы іске асатынын білдіреді. Бұл басқаруда экономикалық әдістер бірінші орынға шығатын нарықтық экономика үшін ерекше маңызды. Ынталандыру кеңейтілген ұдайы өндірістің барлық кезеңдері мен бағыттарында іске асып отырады. Бағалар жүйесі арқылы өндіріс көлемінің өсуі, тауарлардың сапалық көрсеткіштерінің жақсаруы, ассортименттің жаңартылуы, тұтыну құрылымының жақсартылуы айналым уақытының қысқартылуы, ұтымды емес тасьмалдаудың қысқаруы, көлік құралдарын тиімді пайдаланылуы ынталандырылады. Қажетті тауарларды тұтынуға ең төмен бағалар арқылы жағымды жағдай жасалған кезде, бағаның ынталандыру қызметі әлеуметтік мәселелерді шешуде де үлкен рөл атқарады.

3.   Бөлу қызметі.  Бұл көптеген нарық факторларының  әсерінен бағаның құннан ауытқу мүмкіндігіне байланысты болады. Баға экономика салалары, оның секторлары, меншіктің түрлі нысандары, аймақтар, жинақтау және тұтыну қорлары, халықтың түрлі әлеуметтік топтары арасында ұлттық табысты бөлетін және қайта бөлетін құрал ретінде көрінеді.

Сонымен бірге бағаның бұл қызметі бағада жеке тауар топтарының акциздері мен қосылған құн салығы (ҚҚС) және жалпы мемлекеттің мұқтаждықтар үшін түрлі деңгейлі бюджеттерге түсетін орталықтандырылған таза табыстың түрлі нысандарын есепке алуды көздейді. Бағаның осы қызметінің арқасында қоғамның әлеуметтік міндеттері де шешіледі. Қайта бөлу құралы ретінде көбіне Реттелетін бағалар пайдаланылады. Бірақ, олар ұлттық табысты бөлетін және қайта бөлетін жалғыз құрал емес. Бұл жерде қаржы және несие жүйесі ерекше қызмет атқарады.

4. Өлшеу қызметі. Баға  тауар айналымына қызмет көрсетеді және тауар айналымына дербес қатысушылардьгң (өндірушілер делдалдар тұтынушылар) барлығының экономикалық мүдделерін іске асыруды қамтамасыз етеді.

Ол осы түрде тауардың немесе көрсетілген қызметтің бірлігі үшін төленетін және алыннатын акша (тауарлар мен кызмет көрсетулер) көлемі ретінде жүреді.

Бағаның арқасында сатылған тауар үшін сатушы қанша ақша алатыны, ал сатып алушы канша акша төлеуі кажет болатынын аныкгауға мүмкіндік туады. Түрлі тауарлар кызмет көрсетулер бағасын, сатылған және сатып алынған тауарлардың көлемін біле отырып, тауарлар үшін төленетін ақша сомасын аныктауға болады. Жұмыс күші, еңбек бағасын біле отырып, кәсіпорын, саладағы жалақы мөлшерін анықтауға болады. Түрлі тауарлардың бағаларын салыстырып, оларды қымбат және арзан тауарлар ретінде бөліп жіктеуге болады. Егер бағалар пайдалылықты ескеретін болса, онда осындай бағалардың арақатынастары бойынша түрлі тауарлардың пайдалылығының арақатынастарын да айқындауға болады. Келтірілген кезеңдер бағаның түрлі тауарлар құндылығын салыстыратын өлшеуші қызмет атқаратынын көрсетеді.

1.3  Бағаның  экономикадағы  мәні мен маңызы

Көптеген сөздіктерде  баға — бұл тауар өлшемінің  ақшалай түріндегі құны деп түсіндіріледі  «Баға — бұл ақша сомасы, осы үшін сатып алушы тауарды сатып алуға, ал өндіруші — сатуға дайын» деген ұғымды да кездестіруге  болады.

Нарықтық қатынастар жағдайында бағаның рөлі кез-келген коммерциялық ұйымдар үшін кенет артады. Мұндай  жағдай  көптеген себептерге себепші болады.

Бағаның деңгейінен  тәуелді болатындар:

•   коммерциялық  ұйымның пайда  мөлшері;

•   ұйымның бәсекеге  жарамдылығы  және  оның өнімдері

•   кәсіпорынның  қаржы тұрақтылығы.

Баға экономикалық санаты ретінде бірнеше маңызды бернелерді  (функцияларды)  атқарады:

Бағаның есептік бернесі - небір өнімді өндіру мен сатуға кететін қоғамның қажетті еңбек шығындарын қамтып көрсетеді. Баға еңбек шығындарын қанша, шикізат материалдар, тауарларды дайындаудағы бұйым жиынтылығын анықтайды. Ең ақырында, баға тек өндіріс шығындарының жиынтың мөлшерін және тауар айналымын қамтып қана қоймайды, сонымен қатар пайда мөлшерін де қамтиды.

Бағаның өндірісті ұтымды орналастырудағы бөрнесі - нарықтық экономика жағдайында барынша толық  көрінеді. Баға тетігі көмегімен капиталдың экономика секторларына және өндіріске пайданың ен жоғары мөлшерінің  қайта  құрылымы  пайда  болады.

Бағаның ынталандыру бернесі - кейбір жағдайларда ғылыми-техникалық прогресті жеделдету, өнімді шығару және оған деген сұранысты арттыруда ынталандырудың қажет екендігі белгілі. Мұнда техникалық деңгейіне және өнімнің сомасына байланысты баға сараланады. Осы себептерге байланысты бағалар өндірісті ынталандыруға ықпал етпеуі де мүмкін.

Нарықтық экономика  жағдәйында тауар бағалары үнемі ауытқын отырады. Тауарлардың нақтылы түрлері және нақтылы кезеңдері үшін бағаның өзгеру бағыты түрлі болуы мүмкін.

 

Сонымен, еліміздің экономикасының жалпы дамуына және шаруашылық жүргізушілердің әрбір субъктілеріне баға ерекше рөл ойнайды. Осыдан барып, баға құрылымы  жөніндегі саясаттың мәнділігі туады.

    

 

 

 

 

 

 

ІІ. Қазақстан Республикасындағы бағаны реттеу мәселелері

2.1.Қазақстандағы инфляцияның пайда болуы мен ерекшеліктері

(2000-2006)

         Осы күндері Қазақстанда  қалыптасып  отырған  инфляцияның  ерекшеліктерін және негізгі  себептерін  бұрынғы Кеңес Одағының тарихи – экономикалық даму  процесінде  қалыптасқан өндіріс, қаржы және баға жүйелерінің  құрылымдылық  диспропорцияларынан іздестірген дұрыс болады.

        Қоғамдық өндіріс   құрылымы қаржы  баға  жүйелерін  анықтайды. Өндірісте  диспропорциялар қалыптасса, қаржы  мен  баға жүйелерінде де  сәйкессіздіктер пайда болады.

        Қеңес экономикасының  70 – ші жылдың даму кезеңдерінде  қоғамдық өндірістегі  диспропорциялар  әр бесжылдық  сайын тоқтаусыз   ұлғайып тереңдеп отырған. Кеңес экономикасында  тарихи  түрде қалыптасқан диспропорцияларды бірнеше топқа бөліп анықтауға болады:

  1. өнеркәсіп өндірісі мен ауыл шаруашылығы арасындағы алшақтық;
  2. ауыр өнеркәсіп пен жеңіл өнеркәсіп арасындағы сәйкессіздік;
  3. шикізат өндірісі мен дайын (түпкі) өнімдер  өндірісінің  арасындағы  диспропорция;
  4. әскери өндіріс пен азаматтық  өндіріс  арасындағы сәйкессіздік;
  5. материалдық өндіріс пен материалдық емес  өндіріс арасындағы  диспропорция т.б.

            Бұл диспропорциялар Кеңес экономикасының өзінде  бағалардың инфляциялық өсуін тұрақты  түрде қалыптастырып келді. Кеңес шаруашылық жүйесінде  әрбір 10 -15 жылда бір  рет жүргізіліп келген бағаларды реформалау шаралары осы инфляцияның нәтижесін заңдастыру ғана болған.

        Қазақстанда қалыптасқан өндірісаралық, оның ішінде шикізат өндірісі мен түпкі өнімдер  өндірісі арасындағы  диспропорция, тіпті бұрынғы Одақтас Республикаларға қарағанда, бірнеше есе жоғары. Қазақстанның  экономикасы  негізінен Кеңес Одағының, тіпті бүкіл социалистік  елдер қауымдастығының шикізат пен энергия  өндіруші базасы ретінде дамып қалыптасқан. Қазақстанда  өндірілетін шикізат өнімдерінің 90-95 % шетелдерге жіберіліп отырған, ал  өзіне  қажетті өндіріс құралдарының 90 %, тұтыну товарларының 60% сырттан тасымалданатын. Кеңестік жүйе ыдырап  күйреген кезде Қазақстанда товар тапшылығы  қалыптасқаны белгілі. 2001-2004 жылдары Ресейден тауарлар алу үшін  алынған несие көлемі бір жарым млрд. доллардан артып кеткен болатын. 2000-2005 жылдары Қазақстандағы бағалардың өсуі мен ақшаның құнсыздануы 2000% - тен 20% - ке төмендеді. Бұл кездері Қазақстанда гиперинфляция  қалыптасты, тек  өзіміздің ұлттық  валютаны  (тенгені) енгізгенннен кейін ғана, Қазақстан инфляцияға қарсы  саясат жүргізіп, оның деңгейін 3 жылдың ішінде 100 есе төмендетті. Бұл өтпелі кездегі Қазақстанның  макроэкономикалық  деңгейдегі  айтарлықтай  жетістігі болды. Бірақ Қазақстан үшін бұл жеңіс тегіннен  тегін келген жоқ, оның нәтижесінде  ұлттық өндіріс  күрт құлдырап кетті. Мысалы, жеңіл өнеркәсіп  пен  машина  жасау көлемі 90 %  - ке, ауыл   шаруашылық  пен азық – түлік  шаруашылықпен  азық – түлік өндірісі – 50 -60% -қысқарды.

       

2.2 Қазақстан Республикасындағы инфляциялық процестер  және бағаның жоғарылауы

         Қазақстан Республикасындағы инфляцияның дамуы – мемлекеттік бюджет тапшылығына байланысты. Бюджет тапшылығы   инфляцияның   қайталама факторы болып табылады, өйткені ол  шығындардың инфляциясынан және  осыған  байланысты  мемелекет кірістерінің  құнсыздануынан туады. Бюджет  тапшылығы Қазақстанның  егемендінгі жағдайында  да  сақталып отыр: ол 1991 ж.  бюджеттің  шығыс  бөлігінде 20,4 %, 1994 – 8,6 %,  19935– 11,9 %,1996 – 10,2 %,1997 – 17,4%, 1998 – 15,4 %, 1999– 17,7  %, 2000– 18 %, 2001– 14,3 %, 2002 – 9,8 %, 2003 – 6,4 %, 2004 – 5,2 %

құрады. 2004 жылы  республикалық бюджеттің тапшылығы 1,453 млрд.  теңгені (ЖІӨ - ге  0,11 %) құрады.

Қазақстандағы  инфляцияның  дамуына  инфляциялық  нәтижені  тудырған  жаңа салықтарды – алғашқы  мөлшерлемесі 28 %  қосылған  құнға  салынатын  салықты, акциздерді, экспорттық  және импорттық кеден баждарын  енгізу, өнімнің   өзіндік құнына  қосылатын қаражатт ар аударымдарын  экономиканы   жаңарту қорына, халықты жұмыспен  қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік қорына  аудару,  әлеуметтік  сақтандыруға  аударылатын  аударымдарды  бірден көбейту  сияқты  қаржыны   және  әлеуметтік шараларды  жүргізу  мүмкіндігін  туғызды.

Информация о работе Баға қалыптастырудың теориялық негіздері