Қазақстанда салық жүйесінің қалыптасуы мен даму кезеңдері

Автор: Пользователь скрыл имя, 20 Февраля 2012 в 15:12, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан ТМД мемлекеттерiнiң алғашқыларының бiрi болып салық туралы заң қабылдады. Бүгiнде Қазақстанда салық жүйесiнде бiраз табыстар бар, макроэкономикалық көрсеткiштердің тұрақтануына қол жеткiзiлдi. Тиiмдi бюджет жүйесiн құру жөнiнде едәуiр қадамдар жасалды. Салық заңдарын жетiлдiру жөнiнде жұмыс жүрiп жатыр. Қазақстан Республикасында салық салу жалпыға бірдей және міндетті болып табылады.

Содержание

Кіріспе.............................................................................................................

3
1.тарау. Салық жүйесіне түсінік................................................

4
1.1 Салықтың экономикалық мәні, мазмұны.......................................
4
1.2 Салықтардың атқаратын қызметі, түрлері......................................
5
1.3 Салық жүйесінің элементтері. Салық саясаты...............................

8
2.тарау. Қазақстанда салық жүйесінің қалыптасуы мен даму кезеңдері..............................................................................

11
2.1 Қазақстан Республикасындағы тұнғыш салық жүйесі..................
11
2.2«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» заңы...............................................................................................
13
2.3 Салық кодексі....................................................................................
14
2.4 ҚР-ның қазіргі салық жүйесі............................................................
19
2.5 Жаңа салық кодексіндегі дағдарысқа қарсы бағытталған шаралары............................................................................................................
.
24
Қорытынды...............................................................................................

27
Қолданылған әдебиеттер........................................................................
29

Работа содержит 1 файл

Курсовая.doc

— 255.00 Кб (Скачать)

 

 

2.5 Жаңа салық кодексіндегі дағдарысқа қарсы бағытталған шаралары

Жаңа Салық кодексі алдағы кезде мемлекет қазынасына түсетін салық көлемін ұлғайту мақсатында жасалды. Жаңа Салық кодексін жүзеге асыру сала кәсіпорындарына салық салуда неғұрлым айқын жағдай жасауға мүмкіндік береді. Ал ол Қазақстанның салық жүйесінде неғұрлым жоғары белгілілік пен мөлдірлікті қамтамасыз ете алады. Өткен жылы “2009-2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы” заңның да маңыздылығы орасан екенін атап өту қажет. Бұдан басқа “Мемлекеттік мүлік туралы”, “Ұлттық әл-ауқат қоры туралы” заң жобаларының, бұл құжаттардың экономика саласын жандандыруға соны серпін беретіні айдан анық.

2009 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізген “Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы” Қазақстан Республикасының кодексі (Салық кодексі) 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі. Яғни негізгі салықтар бойынша ставкаларды әлдеқайда төмендеткен жаңа Салық кодексі 2010 жылдың қаңтарында іске қосылады.

Салық кодексінің жобасы Мемлекет басшысының Жолдауына сәйкес әзірленіп, ол бойынша экономиканы жаңғырту мен әртараптандыруға, бизнестің «көлеңкеден» шығуына ықпал еткізу шаралары қамтылып отыр. Осыған орай Үкімет тарапынан әзірленген жаңа Салық кодексінің жобасымен тікелей әсер ету заңының қағидаттарын енгізу, өңдеуші сектордың түсімдерін арттыра отырып, экономиканың шикізаттық емес секторына ауыртпалықты төмендету, салықтық әкімшілендіру жүйесін жетілдіру көзделеді.

2008 жылмен салыстырғанда, корпоративтік табыс салығы биылғы жылдың өзінде үштен бірге төмендетіліп, 20 пайызды құрайды, ал 2011 жылы 15 пайыз болады. ҚҚС ставкасы 12 пайызға дейін төмендетілді. Әлеуметтік салық ставкасының регресті шкаласының орнына 11 пайыз көлеміндегі бірыңғай ставка енгізілді. Инвестицияларды жүзеге асыратын кәсіпорындар үшін салық преференциялары көзделген. Бұл құжатқа сәйкес, ендігі жерде шетел инвесторларына салық төлеуге қатаң талап қойылып, ал жергілікті кәсіпкерлерге шағын және орта бизнеспен айналысуына бірнеше жеңілдіктер беріледі.

Өткен жылмен салыстырғанда, корпоративтік табыс салығы биылғы жылдың өзінде үштен бірге төмендетіліп, 20 пайызды құрайды, ал 2011 жылы 15 пайыз болады. ҚҚС ставкасы 12 пайызға дейін төмендетілді. Әлеуметтік салық ставкасының регресті шкаласының орнына 11 пайыз көлеміндегі бірыңғай ставка енгізілді. Инвестицияларды жүзеге асыратын кәсіпорындар үшін салық преференциялары көзделген.

2009 жылы “Салық және бюд­жетке төленетін басқа да мін­дет­ті төлемдер туралы” Қазақстан Рес­пуб­ликасы Кодексінің (Салық ко­дексі) жобасы таныстырылды. Осы жобамен бірге “Салық және бюд­жет­ке төленетін басқа да мін­детті тө­лем­дер туралы” Қазақстан Республика­сының Кодексін (Салық кодексін) қол­данысқа енгізу ту­ралы” және “Қа­зақстан Республи­касының кейбір заңнамалық акті­леріне салық салу мә­селелері бой­ынша өзгерістер мен то­лықтырулар енгізу туралы” заң жо­баларының тұсаукесері болып өтті.

Осы аталған заң жобаларының ма­ңызы мен мақсаты туралы Эко­но­ми­ка және бюджеттік жоспарлау ми­нистрі Бақыт Сұлтанов баяндама жа­сады. Салық кодексінің жобасы Мем­лекет басшысының 2008 жылғы 6 ақпандағы “Қазақстан хал­қының әл-ауқатын арттыру – мем­лекеттік саясаттың басты мақ­саты” атты Қа­зақ­стан халқына Жолдауына сәйкес әзірленген.

Мемлекет басшысы экономика­ны жаңғыртуға және әртарап­тан­ды­руға, бизнестің “көлеңкеден” шы­ғуы­на ықпалын тигізетін жаңа Са­лық кодексін әзірлеу міндетін қой­ған болатын. Осы міндетті іске асыру мақсатында жаңа Салық ко­дексі бірнеше ұстанымдарды көз­дейді. Атап айтқанда, тікелей әсер ету заңының қағидаттарын енгізу, өң­деуші сектордың түсімдерін арт­тыра отырып, экономиканың шикі­зат емес сек­торын­дағы жалпы ауырт­палықтарды төмендету қажет. Және де экономи­каны жаңғыртуға және әртараптан­дыруға ықпал ететін жағдайлар жасау, салықтық әкім­шілендіру жүйесін жетілдіру мақсаты көзделген.

Өз баяндамасында Бақыт Сұл­та­­нов: “Жаңа Салық кодексін қа­был­­дау экономиканың тұрақты да­муына және әртараптануына жағ­дай жа­сай­ды, экономиканың кө­лең­келі сек­то­рын қысқартуды қам­тамасыз етеді. Қазақстанның инвестициялық ахуа­лын жақсарта­ды. Ол елге капитал ағымы ықпал етеді және экономи­ка­ның шикі­заттық емес секторына салықтық жүк­темені төмендетуге мүмкіндік береді. Салық кодексін тікелей қол­данылатын заңның қағи­да­ларына сәйкес келтіру, салық ор­гандары әрекеттерін терең регла­менттеу, са­лық бақылау жүйесін құру салық­тық жүйесінің сыбайлас жемқорлы­ғын азайтуға мүмкіндік береді және салық органдары мен салық тө­леу­шілердің тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді”, – деді.

Жаңа Салық кодексін әр түрлі түсіндіруді болдырмау мақсатында заң жобасында еліміздің заңнама­лық актілеріне өзгерістер мен то­лық­тырулар енгізуді көздейтін ережелер енгізілген. Олар са­лықтық құқықтық қатынастар субъектілері­нің жауап­кер­шілігін күшейтуге, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жәрдем көрсететін салық төлеушілерді уәждеуге бағытталған.

Заң жобасының таныстырылы­мын Мәжілістің Қаржы және бюд­жет комитеті ұйымдастырды. Оты­рысқа аталған комитеттің төрайы­мы Гүлжан Қарағұсова жетекшілік жасады. Осы басқосу Парламент Мәжілісі Төраға­сының орынбасары Сергей Дьячен­коның қатысуымен өтті. Аталған заң жобасы бойынша құрылған жұмыс тобына депутат Аманжан Жамалов жетекшілік жасайды. 2008 жылы басталған басты жұмыс деп жаңа Салық кодексі мен Бюджеттік кодекстің қабылданғанын атап өтуге болады. Қазіргі күні аталмыш құжаттардың маңыздылығын ескере отырып, көрші елдер де оларды өздерінде іске асыруға мүдделілік танытуда. Жаңа Салық кодексі алдағы кезде мемлекет қазынасына түсетін салық көлемін ұлғайту мақсатында жасалды. Бұл құжатқа сәйкес, ендігі жерде шетел инвесторларына салық төлеуге қатаң талап қойылып, ал жергілікті кәсіпкерлерге шағын және орта бизнеспен айналысуына бірнеше жеңілдіктер беріледі.

Осы заң жобасы жаңа Салық ко­дексінің нормаларын кедер­гісіз әрі толық көлемде іске асыруға мүмкіндік беретін Қа­зақстан заңнамасының ажырамас және құрамдас бөлігі болып табылады.


 

 


Қорытынды

 

Экономикалық жағынан салық жүйесі мемлекеттің, аймақтардың және муниципалды құрылымдардың қызметін қаржылай қамтамасыз етуге байланысты әр түрлі мемлекеттер, мемлекет пен салық төлеуші арасындағы, әр түрлі салық төлеушілер арасындағы, сондай-ақ оған тікелей қатысушы заңды және жеке тұлғалар арасындағы күрделі өзара байланысты әлеуметтік-экономикалық қатынастардың жиынтығын құрайды.

Салық қызметі органдары салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің толық түсуін, міндетті зейнетақы жарналарының толық және дер кезінде аударылуын қамтамасызету жөніндегі, сондай-ақ салық төлеушілердің салықтық міндеттемелерін   орындауына салықтық бақылауды жүзеге асырады.

Мемлекеттiк бюджеттiң кiрiс бөлiгiнiң нығаюына және өсу мүмкiндiктерiне орай халықтың және экономиканың жекелеген секторларына салық жеңiлдiктерiн беру саясатынан халықтың әлеуметтiк әлсiз жiктерiне, сондай-ақ экономиканың тиiмсiз, бiрақ үлкен әлеуметтiк маңызы бар секторларын мемлекеттiң тiкелей қолдауының рөлiн күшейту саясатына көшу қажет.

Мемлекеттiк бюджетке салық түсiмiнiң өсуi салық әкiмшiлiгiн жүргiзудi жақсарту және салық заңдарының нормаларын мүлтiксiз сақтау есебiнен қамтамасыз етiлетiн болады.

Барлық дамыған елдерде бөлiнетiн IЖӨ-нiң үлесi әрбiр он жыл сайын заңды түрде өсiп, IЖӨ-нiң 50%-ына жақындағанын ескере отырып, таяу жылдарда мемлекеттiк бюджетке салық және салықтық емес түсiмдердiң деңгейi IЖӨ-ге тысы бойынша 30%-ға жетедi.

Салық заңдары мен салық әкiмшiлiгiн жүргiзудiң жетiлдiрiлмегендiгi төлем тәртiбiн арттыруға ықпал етпейдi.

Алым түрлерінiң және басқа да мiндеттi төлемдердiң және оларды өндiрiп алу рәсiмдерiнiң көптiгi салық жүйесiн күрделендiредi.

Салық саясаты – мемлекеттік қаржылық қажеттіліктерін мемлекет пен салық төлеушілердің экономикалық мүдделері тепе-теңдігінің сақталуы негізінде қамтамасыз ету мақсатында жаңа салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді белгілеу және қолданыстағыларының күшін жою, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша ставкаларды, салық салу объектілері мен салық салуға байланысты объектілерді, салық базасын өзгерту жөніндегі шаралар жиынтығы.

Қазақстанда салық жүйесiнде бiраз табыстар бар, макроэкономикалық көрсеткiштердің тұрақтануына қол жеткiзiлдi. Тиiмдi бюджет жүйесiн құру жөнiнде едәуiр қадамдар жасалды. Салық заңдарын жетiлдiру жөнiнде жұмыс жүрiп жатыр. Қазақстан Республикасында салық салу жалпыға бірдей және міндетті болып табылады.

Қазақстан Республикасының салық заңнамасы Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қолданыста болады және жеке тұлғаларға, заңды тұлғалар мен олардың құрылымдық бөлімшелеріне қолданылады. Қазақстанның экономикасын көтеру үшін мынадай шаралар жүргізілу керек: салық салу базасын өндiрiстiң өсуi мен салық әкiмшiлiгiн жүргiзудi жақсарту есебiнен кеңейту, кейбiр салықтардың ставкасын төмендету,салық салу жүйесiн жеңiлдету, тұрақты кiрiс көздерiн iс барысында айқын анықтау кезiнде бюджетаралық қатынастардың орнықты жүйесiн қалыптастыру, халықаралық ұйымдар тарапынан жәрдемдесудiң болуы, шетелдiк тәжiрибенi зерделеу және енгiзу.

Салық жүйесі мемлекеттің қаржы көздерін жасақтаудың ең негізгі құралы болуымен қатар, ел экономикасын қайта құруға, өндірістің ұлғайып, дамуына және саяси-әлеуметтік шаралардың толығымен жүзеге асуына мүмкіндік туғызады.

 

 

 

 


Қолданылған әдебиеттер тізімі:

 

1.            ҚР Салық кодексі

 

2.            «ҚР Президентінің Қазақстан халқына жолдауы».

 

3.            Н.Назарбаев. «Қазақстан жолы»-Астана, 2007ж.

 

4.            Шеденов Ө.Қ., Жүнісов Б.А., Байжомартов Ү.С., Комягин Б.И. «Жалпы экономикалық теория» Алматы-2002ж

 

5.            Г.С.Вечканов, Г.Р.Вечканова «Макроэкономика» Москва 2008г

 

6.            «Макроэкономика», Н.Қ. Мамыров, М.Ә. Тілеужанова. Алматы – Экономика, 2003ж.

2

 



Информация о работе Қазақстанда салық жүйесінің қалыптасуы мен даму кезеңдері