Қазақстанда бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы мен азық-түлік өндірісін басқару мәселелері

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2012 в 17:43, курсовая работа

Описание работы

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Көп салалы экономика қалыптастыру және нарықтық қатынастарды дамыту аграрлық өндірістің тиімділігін арттыруда, елімізді азық-түлікпен қамтамасыз етуде, халықтың тамақ азық-түлігіне деген қажеттілігін қамтамасыз етуде және ауылдың әлеуметтік проблемаларын шешуде маңызды.
Қазақстан агроөнеркәсіптік кешені ауыл шаруашылығы өнімдері мен азық-түлік өндіру бойынша оның экономикасын дамытуға басым бағыттардың бірі болып саналады.

Работа содержит 1 файл

NurmanovAA_abstract.doc

— 408.00 Кб (Скачать)

ОҚО-ы аумағында көлік-логистикалық терминал салу.

Тоқыма саласындағы мақта-тоқыма сегментінің целлюлозалық қоспа (ЦДС) элементтерін қалпына келтіру үшін саланы жіп иіру және мата өндіру бойынша тұрақты және серпінді түрде дамыту керек. Себебі қазіргі кезде тоқыма саласының бұл сегменті басқаларына қарағанда бәсекеге елеулі қабілетті болып отыр. Тоқыма өндірісінің осы сегментіне қосымша құнның 80%-на жуығы келіп отыр, ал мақта-талшығы өндірісіне - 10%-дай, дайын киімдерге – 1-3%. Бәсекеге қабілетті тоқыма сегментін құру Қазақстанда өндірілетін мақтаны қайта өңдеуге мүмкіндік береді, демек қосымша құнды арттырады және тігін кәсіпорындарына қажетті әрі қарай өңдейтін өнім өндіріледі.

Қазақстанда әлеуетті тоқыма кластерінің бәсекелестік қабілетін арттыру үшін мына төмендегі бағыттарда жұмыс жүргізу керек: еңбек өнімділігін арттыру, мақта сапасын бағалау стандарттарын енгізу (грединг), кластердің барлық компоненттері мен әлемдік сауда және логистикалық тізбектері арасындағы өзара қатынастарды қалпына келтіріп, тәртіпке түсіру, шикізат сапасын арттыру, білікті жұмыс күшімен қамтамасыз ету, жаңа ақпараттық және өндірістік технологияларды енгізу.

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Қазақстанда бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылық саласын басқару проблемаларын жан-жақты зерттеудің ғылыми және тәжірибелік нәтижелері төмендегідей:

1. Басқарудың экономикалық механизмін қалыптастырудың теориялық-әдістемелік тәсілдері өндірістік қатынастардың жиынтығын қамтиды. Қоғамды ұйымдастыру мәселелерін шаруашылық жүргізудің толық жүйесі ретінде немесе экономикалық ұйымдық формалар жәрдемімен ұдайы өндірісті жүргізу әдісі ретінде қарастырады. Олардың фундаментті меншік қатынастары, өзара іс-әрекеттерінің принциптері болып табылады.

Мемлекет ел экономикасын басқару атқарымдарын орындайтын ұйымға айналды. Экономиканы мемлекеттік бақылау салықтар мен шығындардың және тікелей заңдардың жәрдемімен жүргізілуі керек.

Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік басқару шараларын таңдау барысында табыстар деңгейі мен бағалардың арақатынастарын анықтау үшін АӨК-нің макроэкономикалық үлгісін пайдалану қажет. Себебі, ол үлгі халықты тамақ өнімдерімен қамтамасыз етуге, азық-түлік тауарларын өндірудегі өзіндік құнына, кедендік тарифтер жүйесін және т.б. белгілеуге әсер етеді.

2. АӨК-ін мемлекеттік басқару атқарымдарына мына төмендегілерді жатқызу ұсынылады: нарықтық қатынастарды дамытуды ынталандыратын нормативтік-заң актілерін қалыптастыру, және олардың орындалуын бақылау; экономикалық механизмдерді анықтау (баға белгілеу, салық салу, қаржыландыру, несиелендіру, сақтандыру); тауар өндірушілердің табыстарын қолдау; ғылым мен техника жетістіктерін енгізуді ынталандыру; жұмыспен қамту проблемаларын шешу және т.б.

Аграрлық өндірісте шаруашылық жүргізу механизмдерін тиімді және объективті бағалау үшін мына төмендегі нәтижелі экономикалық көрсеткіштер ұсынылады: кәсіпорын мүлкінің (активтерінің), айналымнан тыс активтерінің, инвестициялардың, меншік капиталының, сатылған өнімнің, қарызға алған қаражаттарының, жиынтық пайдаланатын капиталының (капитал салуының) рентабельділігі; төлемқабілеттілігі; еңбек өнімділігі; қаржылық тұрақтылық; өзін-өзі өтеушілік және өзін-өзі қаржыландыру.

Аграрлық өнеркәсіп өндірісін басқару барысында, болжамдар дайындауға, жалпы жоғарыдағы бағдарламалардың орындалуын қамтамасыз ету үшін Қазақстан ауыл шаруашылығын дамытудағы аумақтық ерекшеліктерін ескеру керек. Қазақстандағы 5 экономикалық өңірлердің аумақтық – шаруашылық бірлігін, физикалық – географиялық және демографиялық нышандарын, олардың күшті және нашар жақтарын ойластыра отырып өндірісті басқаруды ұйымдастыру керек.

3. Бәсекеге қабілеті бар аграрлық өндіріс қалыптастыру үшін баға, ең жоғары пайда алуға және ең жақсы өткізу рыногын қалыптастыруға, жоғары сапалы азық-түлік тауарларына қажеттілікті қанағаттандыруға бәсекелестік орта құру керек. Бұл кәсіпорындардың және салалардың әр түрлі қызмет түрлерін оңтайлы үйлестіруге жағдай туғызады, оның негізгі көрсеткіші әрбір пайдаланылған ресурс бірлігіне алынған пайда болып табылады.

Аграрлық өнімнің бәсекеге қабілеттілігі интенсивті технологиялар және жоғары білікті еңбек негізінде өзіне өндіріс, жоғары сапалы өнімді қайта өңдеу сияқты бағыттарды үйлестіруі керек.

4. Ауыл шаруашылық құрылымдарының, қайта өңдеу кәсіпорындарының ресурстық әлеуетін пайдалану барысында әр түрлі әдістер қолданылады, олар жекелеген коэффициенттерді қамтиды. Ресурстарды анығырақ және объективті бағалау үшін біз коэффициенттерді ескере отырып әдіс ұсынамыз: өзін-өзі билеу (автономия), берешектер, тауарлы қорлардағы меншікті айналым қаражаттарының үлесі, оңтайландырғыштығы, меншікті айналым қаражаттарымен өндірістік бағыттағы мүлікпен қамтамасыз етілуі; өнім рентабельділігі; бәсекелестік қабілет индексі, сұраныс пен ұсыныс индексі.

Ресурстық әлеуеттерді, бәсекелестік өнімдер мен азық-түліктерді ұтымды пайдалану үшін орта және ірі кәсіпорындар және олардың бірлестіктерін кооперация, интеграция және мамандандыру негізінде құру ұсынылады.

5. Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың негізгі бағыттары деп мыналарды санауға болады: өнімдер мен азық-түліктердің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату, өндірісті оңтайландыру, қызмет көрсету инфрақұрылымдарын дамыту, өндірісті жүргізудің ғылыми-негізделген жүйесін енгізу, олардың мамандануы мен шоғырлануын дамыту.

Ресурсты үнемдеу технологияларын енгізу, есептеулер көрсетіп отырғандай, техника санын 2 есеге дейін қысқартуға мүмкіндік береді, оны жаңартуға инвестицияны көп талап етпейді, ЖЖМ-ын тұтыну 1,5 есе төмендейді, ал қаражаттарды үнемдеу 1 гектарға 15 долл. құрайды. Өсімдік және мал шаруашылықтары өнімдерін өндіруге шығындар қысқарады. Өнімдерді сатудан алынатын пайда 2010 жылға 2004 жылмен салыстырғанда 2,4 есе артады, о.і. өсімдік шаруашылығы өнімдері – 2,3 есе, мал шаруашылығы – 2,5 есе; өсімдік шаруашылығы өнімдерінің рентабельділік деңгейі 24,1%-дан 41,8%-ға дейін, мал шаруашылығы – 7,2%-дан 16,0%-ға дейін жоғарылайды.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер мен оны қайта өңдеушілер арасындағы экономикалық өзара қатынастарын жетілдіру тереңдете қайта өңдеу ауқымын көбейтуге мүмкіндік береді және шеттен әкелуді елеулі қысқартады; тамақ өнеркәсібі өнімдерін өндіру көлемі кластерлік құрылымдар қалыптастыру негізінде 1,4 есеге дейін артады.

6. Жаһандану жағдайындағы Қазақстан аграрлық саласының экономикасын мемлекеттік басқару аясында мынадай бағыттарды ұсыну қажет:

- азық-түлікпен қамтамасыз ету жүйесін кешенді түрде қарастыру керек: тұтыну, өндіру және тауарларын үлестіру проблемарын.

- ДСҰ-ға кіру кезінде есте ұстау керек: ағымдағы шот бойынша баланстың қалдығын (сальдо), табыс балансын, төлем балансын; мемлекеттік емес сектордың сыртқы қарызын; негізгі шығыстар бойынша экономикалық ысырапты; еңбек ресурстарының қалдығын.

- экономиканың жаһандануы барысында мемлекеттік механизмнің қазіргі әдіснамасы экономика-математикалық үлгілерін, олардың бағдарламалық іске асыру құралдарын (жалпылама және жекелеген тепе-теңдіктің талдамалы және болжамды есептерін (үлгілерін) қамтамасыз ететін), арнайы қорғау механизмдерін, қолданыстағы және ең төменгі деректер алу туралы ережені, ерекше және сараланған тәсілдемелерді, базалық және имплементациялық кезеңін пайдалануды топшылайды.

7. Агроөнеркәсіптік кешеннің салаларын әлемдік рыноктағы бәсекелестік қабілетінің деңгейіне байланысты бірнеше бағытта беру ұсынылады: азық-түлікті сыртқа шығаруға бағдарланған және тамақ өнімдерін өндіруді сыртқы рыноктарда сату үшін жүргізетін; әлемдік рынокта бәсекелестік қабілеті бар өнім түрлерін өндіру үшін өндірістік және ғылыми-техникалық әлеуеті бар; ішкі рынокта халықтың қажеттілігін қанағаттандыруға бағдарланған.

Мемлекеттік қаржылық қолдау төмендегідей негізгі бағыттарды қамтуы керек: индустриаландыру, инфрақұрылымдарды дамыту, ұлттық бәсекелік артықшылықтар, рынокты мемлекеттік реттеу және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

8. Бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру барысындағы салық жүйесін мемлекеттік басқару.

Салық жүйесін құруда мынадай негізгі принциптерді пайдалану керек: салықтарды үйлестіру теңдей болуы тиіс, салық төлеушіге ықпал жасау  - ең төменгі дәрежеде; әр түрлі жеңілдіктерді ең аз шегіне келтіру; салық жүйесі анық және қарапайым болуы керек.

Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерден сатып алатын ауыл шаруашылығы шикізаттарының құнының, зерттеулер көрсетіп отырғандай, елеулі бөлігін дайын өнімдер құрайды: өсімдік жән мал шаруашылығының негізгі өнімдері бойынша - 90%-дан жоғары. Осыған байланысты, ҚҚС-ын 10%-ға дейін төмендету ұсынылады, ол есептеген салықтар көлемін 12,4 млрд.теңгеге қысқартуға мүмкіндік береді.

9. Агроөнеркәсіптік кешенінің салаларын нарықтық қатынастар жағдайында қаржылық қамтамасыз ету:

Экономикалық тиімділікті талдау үшін кешенді көрсеткіштер жүйесін пайдалану қажет: инвестициялардың бір бірлігіне келетін қосымша табыс (өнім түрінде), инвестициялардың бір бірлігіне есептегенде өнім бірлігінің өзіндік құнының төмендеуі, инвестициялар бірлігіне есептегенде таза табыстың жоғарылауы, инвестициялардың қайтарым мерзімі.

Инвестициялау барысында оның (инвестициялаудың) тәсілдерін анықтау керек: несиелендіру, мемлекеттік қаржыландыру, стратегиялық инвестициялар, халықаралық капитал. Осы тәсілдердің артықшылықтары мен кемшіліктерін ескеру қажет.

Аграрлық саладағы инвестициялық механизмдерді мына принциптерді сақтай отырып, іске асыру керек: орталықсыздандыруды, меншікті қаражаттар үлесін көбейту, мемлекеттік инвестицияларды өндірістік мақсаттарға орналастыру, орталықтандырылған күрделі салымдардың қайтарылымы, бірлескен мемлекеттік-коммерциялық қаржыландыру, ақша қаражаттарының мақсатты жұмсалуына мемлекеттік бақылау, шетелдік инвестициялар салуды ынталандыру.

10. Есептеулер көрсетіп отырғандай, өндірісті тиімді дамыту үшін негізгі капиталға инвестициялар көлемін 2007-2010 жж. 2006 жылмен салыстырғанда 3,2 есе көбейту керек, оның ішінде негізгі капиталға – 7,4 есе, қаржылық емес активтерге – 2,5 есе. Ауыл шаруашылығының негізгі капиталын инвестициялау құрылымында амортизациялық аударымдар үлесін 25%-ға дейін, бөлінбейтін табыс - 40%-ға дейін, сырттан тартылған қаражаттар үлесін - 35%-ға дейін арттыру ұсынылады.

Зерттеулер көрсеткендей, өсімдік  және мал шаруашылығында өндірістік процестерді жүргізу үшін 850 млрд.теңге (барлық көздерден) бөлу керек, о.і. трактор паркін қалыптастыруға – 650 млрд.теңге, өндірістік құрылыстар мен ғимараттарға – 250 млрд.теңге инвестицияларды көбейту өндіріс тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді – пайда көбейеді және рентабельділік деңгейі жоғарылайды.

11. Экономикалық қатынастар тепе-теңдігіне екі түсінікті кіргізу мақсатқа сай келеді: тепе-тең (тең салмақты) және салыстырмалы. Тепе-тең немесе тең салмақты экономикалық қатынастарды паритетті салааралық қатынастар деп түсіну керек. Мұнда рентабельділік нормасы халық шаруашылығы бойынша орташа нормамен тоқайласады (совпадает), ауыл шаруашалығындағы еңбек ақы еңбектің салыстырмалы интенсивтігіне және күрделігіне түзетулерден кейінгі орташа еңбек ақыға тең, қолданылып жүрген амортизация нормасы халық шаруашылық нормативтеріне сәйкес келеді.

Салыстырмалы тепе-теңдік (паритет) – салааралық қатынастар жағдайы. Мұнда ауыл шаруашылығындағы капиталдың табыстылығы, еңбек ақы халық шаруашылығындағы орташа еңбек ақыдан төмен, дегенмен бұл ауытқу кеңейтілген ұдайы өндіріске кедергі жасамайды.

 

ДИССЕРТАЦИЯ ТАҚЫРЫБЫ БОЙЫНША ЖАРИЯЛАНҒАН             

                                       ЕҢБЕКТЕР ТІЗІМІ

 

1. Монография: «Менеджмент в агропромышленном производстве 

Казахстана: Опыт и перспективы» Алматы-2005,с.236, усл.печ.л.13,0.

 

     а)   Халықаралық ғылыми-практикалық материалдары:

2.      Формирование налоговой системы в АПК при производстве конкурентоспособной продукции в Казахстане // Вестник    Кыргызско – Российского Славянского университета, 2007, том 7,

       № 11.с.108 – 111.

3.      Проблемы организации финансово-устойчивых конкурентоспособных агроформирований в Казахстане. Вестник №1 (5)  Кыргызское отделение Международной Академии Энергетики им. А.Эйнштейна, г. Бишкек, 2007 г. С.25-30.

4.      Зональная особенность развития сельхозпроизводства Казахстана//Вестник Кыргызского государственного университета строительство, транспорта и архитектуры. Выпуск 4, Бишкек, 2006, С.58-63.

5.      Проблема повышения конкурентоспособности сельскохозяйственной продукции и продовольствия в Казахстане при вступлении в ВТО. «Агро XXI» № 4-6 2006 г. Научно-практический журнал,г. Москва. С.16-18.

6.      Кредитование в аграрном производстве Казахстана, «Агро XXI» № 10-12, 2006 г. Научно-практический журнал, г.Москва. с. 10-13.

7.      Инвестиционный механизм в производстве конкурентоспособной продукции и продовольствия Казахстана на внешнем и внутреннем рынках // Научные труды Московского гуманитарного университета. Выпуск 83, М., 2007, с.97-102.

 

б) Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті ұсынған Қазақстан Республикасының арнаулы ғылыми журналдар мен мерзімдік баспалардағы жарияланымдар:

 

   8 . Нурманов А.А. Государственное управление экономического 

        комплекса   в условиях рынка //Қаржы-қаражат. Финансы           

       Казахстана, 2006, №3-4. с.12-15.

9 . Нурманов А.А. Совершенствование государственной финансовой

     поддержки аграрного сектора экономики Казахстана в условиях ВТО,

     2005, №4, Каз ЭУ Хабаршысы.с.286-289.

10. Нурманов А.А. Финансовое обеспечение сельскохозяйственного  

Информация о работе Қазақстанда бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы мен азық-түлік өндірісін басқару мәселелері