Қазақстанда бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы мен азық-түлік өндірісін басқару мәселелері

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Февраля 2012 в 17:43, курсовая работа

Описание работы

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Көп салалы экономика қалыптастыру және нарықтық қатынастарды дамыту аграрлық өндірістің тиімділігін арттыруда, елімізді азық-түлікпен қамтамасыз етуде, халықтың тамақ азық-түлігіне деген қажеттілігін қамтамасыз етуде және ауылдың әлеуметтік проблемаларын шешуде маңызды.
Қазақстан агроөнеркәсіптік кешені ауыл шаруашылығы өнімдері мен азық-түлік өндіру бойынша оның экономикасын дамытуға басым бағыттардың бірі болып саналады.

Работа содержит 1 файл

NurmanovAA_abstract.doc

— 408.00 Кб (Скачать)

- құрама жем-шөп құнын қаражаттандыру, техникалық және технологиялық қайта жарақтандыру үшін мал шаруашылығы саласын лизинг бағдарламасына қатыстыру.

 

Бәсекеге қабілетті азық-түлік тауарлар өндірісіндегі қаржылық менеджмент стратегиясын жетілдіру

Экономикалық теорияда салықтық реттеу қоғамның дамуында басым бағыт болып қала береді. Дегенмен, салық салу әдістеріне бірыңғай тәсілдеме (көзқарас) жоқ, қысқа мағынада айтсақ мақсатқа жету үшін мемлекеттің жұмыс жасауындағы механизм ретінде деп түсіндіретін тәсілдеме қалыптаспаған, ал кеңірек мағынада - «салық салу» қоғам негізін

байланыстыратын қарапайым категория (адам тұрмысының объективті және субъективті жағдайларын үйлестіретін - экономика, социология, психология).

Осыған байланысты салық жүйесі мемлекеттік экономикалық саясаттың бірден-бір негізгі элементі болып қала бермек, ол арқылы қоғамның экономикалық дамуындағы негізгі үйлесімдіктер, сыртқы экономикалық қызмет, өндірістегі құрылымдық өзгерістер іске асырылады.

              Біздегі салық салу жүйесі, ең алдымен патент негізінде жүргізіледі. Қазіргі салық жүйесі бәсекеге қабілетті ауыл – шаруашылық өнімдерін өндірудегі жағдайды қамтамасыз етеді. 1га ауыл – шаруашылығы пайдаланылатын жерге патент бойынша салықтық жүктелім 17,2 АҚШ доллары, ал бірыңғай жер салығы бойынша (ШҚ - на) – 3,8 АҚШ доллары. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімдегі салықтық жүктелім Қазақстанда ең төмен (1,4 %).

       Қысқасы Қазақстандағы аграрлық секторда салықтық жүйенің жағдайын өзара іштей байланыспаған және жеке заңшығарушылық өзгерістер мен түзетулерге арқау болған әр түрлі төлемдер ретінде қарастырылған деуге болады. Салықтық жүйе өз дәрежесінде бағалардың  тұрақсыз болуын қолдайды, несиелік пайыздардың абсолюттік мөлшерін жоғарылатады, халықтың белгілі бір бөлігінің аграрлық өндірістің тиімділігін арттырумен байланысты емес табыстарын арттыруға мүмкіндік береді.

Экономикаға салықтық жүктелім – ол жалпы ішкі өнімдегі салықтардың үлесі. Бұл көрсеткіштің экономикалық мағынасы салықтардың қайта бөлу атқарымының іске асуымен түсіндіріледі (ЖІӨ-нің қанша бөлігі салық жәрдемімен қайта бөлінетінін көрсетеді) және барлық түскен салықтардың ЖІӨ-ге қатынасымен анықталады.

Салық салу жүйесінде ерекше орынды салықтық базаның өсуімен байланысты салық мөлшерлемесін өзгерту тәртібімен белгіленетін салық салу әдісі алады. Әлемдік тәжірибеде салық салудың негізгі төрт әдісі бөлінеді: теңдік, үйлесімдік, прогрессивтік және регрессивтік.

Осы кездегі салық салу жүйесін оңтайландыра отырып, мына төмендегідей қорытынды жасауға болады: осы нақты кезеңде салықтар – қазыналық, бөлу, реттеу және бақылау, мадақтау атқарымдарын орындайды (4-кесте).

Қазақстан ауыл шаруашылығындағы салық салынатын өнімдерде салықтың сыбаға салмағы өте төмен (1,2%), ал мемлекеттік қаржылық қолдауды ескергенде – 1,9%. Заңды тұлғасына ие ауылшаруашылық тауар өндірушілері патент төлеп отырады (барлық салықтар сомасынан 20%), шаруа (фермер) қожалықтары – бірыңғай жер салығын жер учаскесінің бағаланған құнынан 0,1% мөлшерінде төлейді.

 

4-кесте. Салықтардың, мемлекеттік қаржылық қолдаудың ауыл шаруашылығы ЖӨ-дегі және ауылшаруашылық тауар өндірушілердің табыстарындағы сыбаға салмағы (2006 ж.), %

 

Ел

Салықтар үлесі

ауыл шаруашылығы ЖӨ-індегі

ауылшаруашылық ЖӨ-ін мемлекеттік қолдауды ескергенде

Австралия

Германия

АҚШ

ЕО елдері

Ресей

Қырғызстан

Қазақстан

6,5

2,7

9,6

11,5

14,9

2,5

1,2

3,6

2,3

8,6

8,3

10,5

2,2

1,9

Ескерту –2006 жылғы ОЭРС мәліметі бойынша автор құрастырған.

 

Қаржылар, ақшалай формада көрсетілген қоғамдық өнімді бөлумен байланысты экономикалық қатынастардың өте кең аймағын қамтиды.

Қаржылық жүйе мынадай кіші жүйелерді біріктіреді: базалық (салықтық, бюджеттік, сыртқы экономикалық қатынастар); қамтамасыз етуші (қаржылық жоспарларды, есеп, статистика, нормативтік-заңдық қамтамасыз ету, қаржылық бақылауды, автоматтандырылған басқаруды, кадрмен қамтамасыз етуді).

Қаржылар жалпы қоғамдық өнімді және ұлттық табысты бөлу мен қайта бөлуде қатынаса отырып, бөлу категорияларымен – баға, несиелер, еңбекке ақы төлеумен, сақтандырумен өзара іс-әрекетке түседі. Осы ақшалай категориялар бөлісу процесінде және ұдайы өндіріс процесінің басқа да сатыларында қатынасады, ұдайы өндіріс қатынастары жүйесінде оларға тән әдіс және тәсілдермен қоғамдық өнім мен ұлттық табысты бөлудің бірыңғай процесінде өз орнын иеленеді.

Аграрлық өндіріске инвестициялар тарту көздері болып: мемлекеттік қаражаттар, халықаралық қаржы институттарының заемдары, тікелей шетелдік инвестициялар, ұлттық жеке инвесторлар. Мемлекеттік көздерден алынған барлық қаражаттар жеңілдік жағдаймен бәсекелестік және қайтарымдылық негіздерде бөлінеді. Халықаралық қаржы институттарының заемдары құндылық, салалық және аумақтық шектеулерден босатылуы тиіс. Тікелей шетелдік инвестициялар бірыңғай қаржылық қамтамасыз ету жүйесінде жұмыс істейді. Ұлттық инвесторлар ішкі қорланым есебінен іс жүзіне асырылады.

Несиелендіру өтемпаздықты, жобаларды дамыту жоспарын, мемлекеттік қаржыландыруды қамтамасыз етеді, белгілі қызмет түрлерін іске асыруға бағытталады. Стратегиялық инвестициялар – рынокты тұрақты дамытуға жұмсалады. Зерттеулер көрсеткендей, инвестициялық механизм мыналарды есепке алуы керек:

- инвестициялық процесті дәйектілікпен орталықтан алу, күрделі салымдардың жалпы көлемінде кәсіпорындардың өз қаражаттарының үлесін көбейту, амортизациялық аударымдардың ролін арттыру;

- мемлекеттік инвестицияларды бәсекелестік негізде өндірістік мақсатқа орналастыру;

- орталықтандырылған күрделі салымдардың қайтарымдылығы;

- жобаларды бірлескен мемлекеттік-коммерциялық қаржыландыру тәжірибесін кеңейту;

- инвестицияға бағытталған мемлекеттің бюджеттің мақсатты жұмсалуына мемлекеттік бақылауды күшейту;

- мемлекет қолдап отырған инвестициялық жобаларды сақтандыру мен кепілдік беру тәжірибесін кеңейту;

- шетелдік инвестицияларды ынталандыру.

Ауыл шаруашылығы өндірісіне инвестиция көлемі, есептеулер бойынша, 2006-2010 жж. 2006 ж. қарағанда 3,2 есеге көбейеді, оның ішінде негізгі капитал – 7,4 есеге, қаржылық емес активтер – 2,5 есеге.

Ауыл шаруашылығы негізгі капиталын инвестициялау құрылымында амортизациялық аударымдар үлесін 25,5%-ға, бөлініске түспеген табыс – 40,0, сырттан тартылған қаражаттар - 35%-ға дейін, о.і. банк несиелері - 18%-ға дейін көбейту ұсынылады.

 

5-кесте. Қазақстан ауыл шаруашылығы өндірісінде инвестициялар

               қажеттілігінің болжамы және оның көздері

 

Көрсеткіш

2006 ж. (негізі)

Орташа

2006-2010 жж., барлығы

млрд.

теңге

%

2006-2010 жж.

млрд.

теңге

%

млрд.

теңге

%

Меншікті қаражаттар

46

29

280

55

1660

65

о.і. бөлінбеген табыс

40

25

178

35

1020

40

амортиз. аударымдар

6

4

102

20

640

25

Тартылған қаражаттар

114

71

228

45

890

35

мемлекеттік бюджет

27

17

43

8

215

8

банк несиелері

72

45

110

22

462

18

халықтың қаражаты

5

3

15

3

23

1

басқа инвестициялар

10

6

60

12

190

8

Барлығы

160

100

508

100

2550

100

Ескерту – автордың есептеулері

 

Кәсіпорындардың қаржылық жағдайы – оларда қаржы ресурстарының, шаруашылық қызметіне қажет, қызметтің оңтайлы режимін қолдау, басқа объектермен ақшалай есеп жүргізу үшін ақша қаражаттарының болуы.

Ауылдық несие серіктестіктер (АНС) ауылдағы тауар өндірушілер үшін ең бір тартымды қаржылық ұйым болып отыр. Олар шағын және орта тауар өндірушілерді несиелермен қамтамасыз етуде сыйақы мөлшерлемесі бойынша жылына 10%-дан көп емес етіп қолын жеткізіп отыр. Оның үстіне ол мекемелерді тікелей ауылдық аудандарда орналастыру арқылы, ауыл адамдарын меншікті бизнес дамыту үшін несиелік ресурстар көздеріне жақындата түсті. Оған қосымша АНС-дің екінші деңгейдегі банктермен салыстарғанда ешкім жоққа шығара алмайтын артықшылықтары бар: өзін-өзі бақылауға, өзара сенімділікке және алынған қарыз үшін ұжымдық жауапкершілікке негізделген жұмыс істеу механизмі бар.

Аграрлық несиелік корпорацияның жұмыс істеген кезеңінде жарғылық капиталын қалыптастыруға республикалық бюджеттен 895,3 млн теңге бөлінген және несиелендіру мақсатына – 10,2 млрд.теңге бөлінген.

Республиканың (2006ж) 13 облысында 130 АНС құрылған. Олардың жалпы жарғылық капиталы 2,9 млрд.теңгені құрады, о.і. корпорацияның үлесі - 22% немесе 640,5 млн теңге. Қатынасушылар саны – 4,3 мыңнан көбірек ауыл шаруашылығы құрылымдары, пайдаланылатын жер ауданы – 7,4 млн гектардан көп. Қызмет бастағалы бері 13,6 млрд.теңгенің несиесін тауар өндірушілерге жеткізді, сол несиенің 4 млрд.теңгесі қайтарылды. Осындай жағдайда 2698 ауылшаруашылық құрылымдары несие алушылар қатарына өтті: ШҚ – 2131, ЖШС – 301, ӨК – 178, АҚ – 7, жеке кәсіпорындар – 81.

Алынған несиелер бойынша берешектер құрылымында өсімдік шаруашылығын дамытуға 30% (2,9 млрд.теңге), мал шаруашылығына - 43% (4,1 млрд.теңге), ауыл шаруашылығы техникасын алуға - 27% (2,6 млрд.теңге). Ал қысқа мерзімді несиелерге – 31,7%, орта мерзімді - 43%, ұзақ мерзімді - 53%.

Қазақстанда бәсекеге қабілетті аграрлық өндіріс қалыптастыру

Экономикалық теория мен шаруашылық тәжірибесінде бағаның және баға белгілеудің механизмінің маңызын ашуға әр түрлі тәсілдемелер бар және пайдаланылады. Ол әлемдік экономикалық ғылымда теориялық тұжырымдардың көп болуымен, күрделілігімен және қарама-қайшылығымен анықталады.

Нарықтық экономика жағдайында өндірістік-экономикалық және қаржылық тұрақтылық рынокта қалыптасқан бағалармен, өндіріс пен өнім сату көлемдерімен өндірістің өзіндік құны деңгейімен, кәсіпорынның пайда алу шамасымен анықталады.

Ресурстарды пайдаланудың оңтайлы саны (ең жоғары пайда) егер қосымша бірлік ресурстар пайдаланудан алынған түсім шегі ресурс бағасына тең болғанда ғана шығады.

Информация о работе Қазақстанда бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы мен азық-түлік өндірісін басқару мәселелері