Қазақстан Республикасының валюта жүйесі және валюталық саясаты

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Декабря 2011 в 12:13, курсовая работа

Описание работы

Ақша, несие, банктер - қазіргі өркениеттіліктің өзінен ажырағысыз белгілері. Олардың қызметі қоғамдық өнімді өндіруді, бөлуді, айырбастауды және тұтынуды бір-бірінен бөлінбейтін үздіксіз процеске айналдырады. Оларды пайдаланбай ешбір шаруашылық субъектісінің ісі тынбайды, ал кез келген адам үнемі немесе анда-санда банк қызметін пайдаланады. Банктер уақытша қолданылмаған ақша қаражатын жинақтап, оларды салалар мен аймақтар, кәсіпорындар мен халықтар арасында қайта бөлумен қатар, экономиканы қосымша капиталмен қамтамасыз етіп, сайып келгенде қоғамдық байлықты көбейтуге негіз қалайды.

Содержание

КІРІСПЕ 3
І. ВАЛЮТАЛЫҚ НАРЫҚ ЖӘНЕ ВАЛЮТА ЖҮЙЕСІ 4
1.1. Валюталық нарықтың мәні 4
1.2. Валюта жүйесі және оның түрлері 5
ІІ. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ВАЛЮТАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР 11
2.1. Халықаралық валюталық қатынастарды реттеу. Валюталық саясат 11
2.2. Дүниежүзілік валюта жүйесінің даму кезеңдері 15
ІІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ВАЛЮТА ЖҮЙЕСІ 22
3.1. Қазақстан Республикасының валюта жүйесі және валюталық саясаты 22
3.2. Теңге: тарихы мен келешегі 24
ҚОРЫТЫНДЫ 36
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 37

Работа содержит 1 файл

халыкаралык валюта.docx

— 70.74 Кб (Скачать)

     Валюталық түзімді ұйымдастыру саласында  күрделі мәселерді шешу күн тәртібінде тұрды. Валюталық бақылаудың дәрежесі мен нысандарын түбірінен өзгерту  шешілді. Шетел валютасын Қазақстан  банкілеріне шет жерден қайтаруды  қамтамасыз ететін уәкілетті банктердің атқарымдары мен экспорттаушылардың міндеттерін айқын белгілеу керек  еді. Сондай-ақ реттелетін құбылмалы  айырбас бағамының түзімін таңдаудың  ерекше маңызы болды.

     Ұлттық  валютаны енгізу тұсында Қазақстан  Ұлттық Банкі күрделі, қарама-қайшылық жағдайда 452 млн. доллар мөлшерінде алтын-валюталық қорды құра алды. Жаңа купюралардың қажетті қоры құрылды, олар өз банкнот фабрикамыздың жоқтығынан қатаң құпия түрде ең қысқа мерзімде Ұлыбританияда басып шығарылды.

     Ақша  реформасының қарсаңында Қазақстан  Республикасының Президенті теледидар  арқылы 1993 жылдың 12-қарашасында Қазақстан  Республикасының азаматтарына оның мақсаты мен қажеттігін түсіндіре  мәлімдеме жасады. Теңге 1993 жылдың 15-қарашасынан  еліміздің бүткіл аумағы бойынша  айналысқа енгізілді. Бірінші кезеңде  қарашаның 15-нен 17-сі бойынша ұлттық валютамен қатар 1-500 сомдық банкноттардың  қосарлай жүруіне жол берілді. Ал 1993 жылдың 18-қарашасынан ұлттық валюта Қазақстан Республикасының аумағында  жалғыз заңды төлем құралы болып  табылды. Банктер мен басқа да шаруашылық субъектілерінің барлық активтері мен пассивтері теңгеге  қайта есептелінді.

     Айналыстан 1961-1992 жж үлгіден рубль купюралары 950,6 миллиард сомасында алынып тасталды. Айырбас нәтижелері еліміздің аумағындағы  бар рубльдің мөлшері туралы болжамды растады. Алдын ала есептеулер бойынша  республикада шамамен 1,3 триллион сомға  дейін қолма-қол ақша жиналған. Ұлттық банк мекемелерінің резервтік қорындағы  қолма-кол ақшасын ескергенде жалпы  сомасы 1,2 триллионды құрады.

     Дер кезінде жүргізілген дайындық іс-шаралары айырбасты белгіленген мерзімде аяқтауға және ақша реформасының мақсаттарына жетуге мүмкіндік берді. Осы мұғдарда әрбір есепшіге, бухгалтерлік жұмыскерге, ақша жинаушыға түскен жүктің бірнеше  есе ауыртпашылық жағдайында банк жүйесі мекемелерінің жұмысын айрықша  атап өту керек.

     Ұлттық  валютаны енгізу Ұлттық Банкке экономикалық, ақша-несиелік және валюталық саясатты дербес жүргізуге мүмкіндік жасады. Енгізілген тұстан теңге құбылмалы  айырбас бағамының түзімінде  қолданыла бастады.

     Осы оқиғалардан соң ілезде Қазақстандық Банкаралық Валюта Биржасы құрылды. Жаңа қаржы институты валюта бағамын  түзілдіру мен реттеу үшін керек  болды. Биржалық сауда-саттық алдымен  аптасында 2 рет, сонан соң 3 рет және ары қарай 1995 жылдан бастап күнделікті жүргізілді.

     1994 жылы Қазақстанның жаңа тарихында  алғаш рет егеменді мемлекеттің экономикасы ұлттық валютаға негізделді. Бұл жыл күрделі болды. ТМД-қа қатысушы елдердің қаржылық жүйелерінің бөлінуі тиісті өзара үйлесімсіз, валютаны енгізу мерзімдерін, бұрын қол қойылған келісімдерді бұза жүргізілді. Бұған экономикалық қиындықтар, банк жүйесінің өркендеуі мен қаз тұру мәселелері қосылды.

     АҚШ долларына қатысты теңге бағамы 1994 жылы 8,6 есе кеміді. Бұл бірқатар себептердің салдарынан болды. Ең алдымен 1994 жылы инфляция шығандап 1158,3 пайызға  жетті. Өзара есепке жазу сәтсіз жүргізілді. Теңге бағамына 12,6 пайызға жеткен өндірістің құлдырауы да теріс әсерін тигізді. Импорттық тауарларға қанағаттанғысыз  сұраныстың көлемі едәуір боп қалды. Ал, сыртқы сауданы ырықтандыру импорт көлемдерінің өсуін және оның экспорттан асуын тудырды. Сөйтіп бұл шетел  валютасына сұраныстың артуына, демек, доллар бағамының өсуіне ықпал етті. Осы мезгілде кәсіпорындардың өкілетті банктер арқылы қазақстандық Банкаралық Валюта Биржасындағы (ҚБВБ) тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің экспортынан  түскен пайданың 50 пайызын міндетті түрде сатуын енгізуге тура келді. Бұл  валютаның түсуін көбейтті және ұлттық валюта бағамын белгілі бір тұрақтандыруға келтірді.

     1995 жыл республикадағы толыққанды  валюта нарықнамасын түзілдіруде  бетбұрыс кезең болды. Жыл қорытындысы  бойынша инфляция деңгейі 60,3 пайызды,  ал долларға қатысындағы құнсыздануы  17,9%-ды құрады.

     Ұлттық  валютаға деген өскелең сенім, сауда-саттық теңгерім сальдосының жақсартылуы, көшіп келушілер трансферттерінің кемуі, сондай-ақ жаңа табыстық қаржы  құралдарының іске қосылуы қолма-қол  және қолма-қолсыз валютаға дүрлікпелік  сұранысты жоқ қылуға жәрдемдесті. Нәтижесінде валюта рыногында тұрақтанудың алғашқы белгілері байқала бастады. Біртіндеп валюталық түсімнің міндетті сатып алуы 50-ден 30 пайызға кемітілді, сонан соң мүлдем алынып тасталды. Өз кезегінде, бұл жеткілікті түрде  өтімділігі және көлемдері бойынша  едәуір банкаралық валюта нарықнамасының қалыптасуына қол жеткіздірді.

     Ұлттық  Банктің теңгенің айырбас бағамын  түзілдіруге қатысуы ҚБВБ-на шабуылдармен шектелді. Олар валюта рыногындағы  жағдаяттың қысқа мерзімдік өзгертулерінің нәтижесінде бағам тербелісін жою  үшін жүргізілді. Жоғары тиімділігін  көрсеткен реттелетін құбылмалы бағам саясаты асқын инфляцияны ауыздықтауға мүмкіндік берді. Мұндай түзімде тұрақтандыруға, сонан кейін экономиканың өркендеуіне қол жеткізілді. 1996 жылы Ұлттық Банк реттелетін өзінің валюталық саясатын жүргізуді жалғастырды.

     Теңгенің  АҚШ долларына қатысты бағамының  бір мезгілдегі құлдырау кезінде  инфляция тежелді. Ұлттық валютаға деген  сенім артты. Ал, Қаржы министрлігінің мемлекеттік қазынашылық міндеттемелері және Ұлттық Банк ноталары секілді  қаржылық құралдарды енгізу нәтижелері қолма-қол және қолма-қолсыз шетел  валютасына елеулі сұранысты әжептәуір  азайтуға мүмкіндік жасады. Долларға қатысты атаулы айырбас бағамының  төмендеуі 15,4%-ды құрады.

     1996 жылдың 16-шілдесінде Қазақстан өзіне  "Халықаралық валюталық қор  келісімдері баптарының" шарттарына  қосылғаннан соң қайсыбір валюталық  шектеулерді қолданбауға міндеттеме  алды. Біздің еліміз сондай-ақ  төлемдік балансқа байланысты  себептер бойынша валюталық бағамдардың  көбейтілуін іске асырмауға, импортқа  шектеулерді енгізбеуге және  күшейтпеуге міндеттемелер алды. Халықаралық ағымдық мәмілелер  бойынша төлемдер мен аударымдар  жөнінде шектеулер алынып тасталды. Бұл теңгенің еркін айырбасталымдығын  қамтамасыз етуге және шектеулерден  азат көпжақты төлемдер жүйесіне  көшуге мүмкіндік берді.

     Ұлттық  Банктің 1997-1998 жж. ішкі валюта рыногындағы  басқыншылығы жалғасты. Олар теңгенің атаулы бағам тербелістерін деңгейлестіру  мақсатында жүзеге асырылды. Осы мезгілде республикамыздың тәуелсіздігінің 7 жылы ішінде ұлттық валютаның АҚШ долларына  қатысындағы ең төменгі құнсыздану көрсеткішіне - 2,8 пайызға қол жеткізілді. Әсіресе теңге бағамының күрт тербелістері қолма-қол шетел валютасы рыногында байқалды. Қазақстандықтар  Ресейдегі оқиғалар бізде де көрініс  табады деп күтті. Соның нәтижесінде  құнсыздану болып өтті. Тамыз-қыркүйек айларында шетел валютасына дүрлікпелік  сұраныс туындады.

     Қазақстанның  сауда-саттық серіктес елдеріндегі, ең алдымен Ресейдегі ұлттық валютаның  елеулі құнсыздануы, сондай-ақ мұнай  мен түсті металдарға әлемдік  бағалардың қолайсыз жағдаяты теңгенің шынайы мәнінде айтарлықтай қымбаттауына әкеп соқты (1998 жылдың қаңтарынан желтоқсаны бойынша 21 пайызға, жылына орташа есеппен -14,5 пайызға). Бұл қазақстандық тауарлардың  ішкі және сыртқы рыноктағы бәсекелестік қабілеттігін азайтты, сыртқы саудалық операциялар жөніндегі төлемдік баланстық теріс сальдосын ұлғайтты, экономикалық өсу қарқынына қолайсыз әсер етті.

     Көтеріңкі бағамның еліміздің экономикасына  теріс салдарларының алдын алу  үшін Үкімет пен Ұлттық Банк 1999 жылдың 4-сәуірінде реттелетін құбылмалы  айырбас бағамы түзімінен еркін  құбылмалыққа көшу туралы жария жасады.

     Валюталық бағам түзімінің ауысуы және соның  ізінше болған теңгенің құнсыздануы  теңге бағамын асыра бағалауды  жоюға мүмкіндік берді. Бұл тұтастай алғанда, еліміздің әлемдік нарықнамада  бәсекеге қабілеттілік айқындамаларын қалпына келтіруге ықпал етті.

     Ұлттық  банк өзінің ішкі валюталық рынок  сауда-саттығына қатысуын едәуір қысқартты  және енді басым түрде шетел валютасын  сатып алушы ретінде бой көрсетті. Сөйтіп өзінің алтын-валюталық резервтерін  толтырып алды. Ұлттық Банктің ішкі валюталық рыноктағы әрекеттері бағамның ұтымды күтістерден асатын тербелістерге жол бермеумен  шектелді. Сонда да еркін құбылмалы  бағамның түзімі қазақстандық тауарлардың  бағалық бәсеке қабілеттігін кемітетін  валюталық бағамды артық бағалаудың алдын орады.

     1999 жылдың сәуірінде жаңа түзімді  енгізген кезде ұлттық валютаның  30,3 пайызға күрт құнсыздануы болды.  Сонан соң құлдырау қарқыны  мамырда 12,4 пайызға, маусымда 2,5 пайызға  кеміді. Ұлттық Банктің валюталық  рыноктағы белсенділігінің едәуір  төмендігін ескергенде, бұл валюталық  рынокта ағымдағы нарықтық жай-күйге  пара-пар салыстырмалы тепе-теңдікке  қол жеткізгені туралы айғақтады.  Одан арғы мезгілдерде теңгенің  биржалық бағамының орташа айлық  тербелістері 0,3 пайыздан аспады. Тұтастай  алғанда, 1999 жыл үшін теңгенің  АҚШ доллары бойынша биржалық  бағамы 64,6 пайызға кеміді және  жылдың аяғыңда АҚШ доллары  үшін 138,25 теңгені құрады.

     1999 жылғы ішкі валюталық рыноктың  дамуы көбінесе экономикадағы  оңды алға жылжуларымен айқындалды. Сол жылы евро бойынша сауда-саттықтың  басталуы маңызды жаңалық болды.

     2000 жылы теңгенің биржалық бағамының  тербелістері ұтымды күтіс шектерінде  болып, орташа айлық өзгерістері  0,1-0,5 пайыз аралығын алды. Осы  жылы АҚШ долларына қатысындағы  теңге бағамы 5,2 пайызға кеміп,  жыл аяғында 1 АҚШ доллары үшін 145,4 теңгені құрады.

     Теңгенің  айырбас бағамының қазақстандық қор биржасында АҚШ долларына қатысындағы өзгеріс серпіні ішкі валюталық рыноктағы тұрақтылық туралы түйіндеуге мүмкіндік берді. Байқалған тыныштық заңды еді. Теңгенің нығаюына көбіне әлемдік өндірістің жандануы мен қазақстандық экспорттың негізгі баптарына арналған баға жағдаятының арқасында онды төлем балансы, алтын-валюталық резервтердің өсуі, сондай-ақ ресейлік рубльдің долларға қатысты нығаюы ықпал етті. Ұлттық валюталық бағам алыпсатарлық қысымға ұшырамады, шетел валютасының жеткілікті ұсынысы оған деген сұранысты толық қанағаттандырды.

     Ұлттық  Банк теңгенің шынайы мәнінде едәуір нығаюына жол бермеуге бекер ұмтылмады. Бұл әрекеттер қазақстандық экспорттық тауарлардың бәсекелестік қабілет  деңгейін сақтауға мүмкіндік жасады. Шынайы айырбас бағамының индексі (бәсекелестік қабілеттің негізгі көрсеткіші) бойынша есептеулер қаржылық саясаттың  дұрыстығын растады. 2000 жылы теңге бағамы бар-жоғы 2,8 пайызға өсті.

     2001 жылдың бас кезінен ішкі валюта  рыногындағы жағдаят айтулы тербелістерге  ұшыраған жоқ: теңгенің биржалық  бағамының долларға қатысты өзгерістері  елеусіз және біркелкі болды,  теңгенің АҚШ долларына бағамы 148,95-ті құрады.

     Мұнда қазіргі таңдағы экономика өркендеуінің көбінесе дүниежүзілік тауарлық нарықнамадағы (мұнайға, металдарға және т.б. жоғары бағалар) қолайлы жағдаятпен байланысты екенін терістеуге болмайды. Соңғы жылдары  мұнай мен металдарға жоғары бағалар  сақталып қалды. Алайда, нақ инфляция өсуінің төмен қарқыны және айырбас  бағамының салыстырмалы тұрақтылығы  мемлекетіміздің экономикалық саясатына  деген сенімнің артуына ықпалын  тигізді.

     Ұлттық  валютаның қалыптасуын қарастыра  отырып, таңдалған бағыт дұрыс  деген қорытынды шығаруға болады. Өз ақша бірлігін енгізу дербес экономикалық саясаттың негізіне кірді және нарықтық түрлендіру жолында тұтқалы кезең  атанды. Мемлекетіміздің валюталық  саясатын дамытудың негізгі бағыттарының біріне Қазақстан Республикасында  валюталық түзімді ары қарай  ырықтандыруды жүзеге асыру жатады. Мақсаты Қазақстан Республикасы резиденттерінің экономикалық еркіндігін кеңейту болып табылатын ырықтандыру  қажеттігі объективтік экономикалық себептерден туындайды. Бұл капитал  қозғалысымен байланысты Ұлттық банкте валюталық, операциялардың кейбір түрлерін лицензиялауды кезең-кезеңмен жоюды  қоса отырып, капиталды кіргізу мен  шығаруға валюталық реттеуді және бақылауды меңзейді.

     Жақын жылдары Ұлттық Банк қазақстандық тауарлардың  бағалық бәсеке қабілетін сақтауға ықпалын тигізетін теңгенің еркін  құбылмалы айырбас бағамын сақтауды көздеп отыр. Ұлттық Банк теңгенің айырбас  бағамының алыпсатарлық секірістерін алдын алу қажеттігі кезінде  ішкі валюталық рынокта өте аз қатысуын жүзеге асыра отырып, айырбас  бағамының түзілуіне араласпайды. Ал, жүйеленген оңды үрдістердің сақталуы отандық экономиканың ары қарайғы  дамуы мен ұлттық валютаның ұзақмерзімдік  келешектегі орнықтылығын сақтауға ықпал етеді.

Информация о работе Қазақстан Республикасының валюта жүйесі және валюталық саясаты