Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Декабря 2011 в 12:13, курсовая работа
Ақша, несие, банктер - қазіргі өркениеттіліктің өзінен ажырағысыз белгілері. Олардың қызметі қоғамдық өнімді өндіруді, бөлуді, айырбастауды және тұтынуды бір-бірінен бөлінбейтін үздіксіз процеске айналдырады. Оларды пайдаланбай ешбір шаруашылық субъектісінің ісі тынбайды, ал кез келген адам үнемі немесе анда-санда банк қызметін пайдаланады. Банктер уақытша қолданылмаған ақша қаражатын жинақтап, оларды салалар мен аймақтар, кәсіпорындар мен халықтар арасында қайта бөлумен қатар, экономиканы қосымша капиталмен қамтамасыз етіп, сайып келгенде қоғамдық байлықты көбейтуге негіз қалайды.
КІРІСПЕ 3
І. ВАЛЮТАЛЫҚ НАРЫҚ ЖӘНЕ ВАЛЮТА ЖҮЙЕСІ 4
1.1. Валюталық нарықтың мәні 4
1.2. Валюта жүйесі және оның түрлері 5
ІІ. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ВАЛЮТАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР 11
2.1. Халықаралық валюталық қатынастарды реттеу. Валюталық саясат 11
2.2. Дүниежүзілік валюта жүйесінің даму кезеңдері 15
ІІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ВАЛЮТА ЖҮЙЕСІ 22
3.1. Қазақстан Республикасының валюта жүйесі және валюталық саясаты 22
3.2. Теңге: тарихы мен келешегі 24
ҚОРЫТЫНДЫ 36
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 37
ЕВЖ-ге
мүше-елдер ХВҚ-ға қарсы өзінің мемлекетаралық
валюталық реттеу органы - Еуропа валюталық
ынтымақтастық қорын (ЕВЫҚ) құрды. Ол
қор 1994 ж. Еуропа одағын (ЕО) құру туралы
Маастрихт келісіміне сәйкес Еуропа
валюталық институты болып
Екі валюта жүйесін салыстырғанда ЕВЖ-ге валюта бағамы сиректеу ауытқиды. Ол жетістікке келесі факторлар себепші болды: экономикалық және валюталық интеграцияның үдемелі дамуы; ұлттық органдардың дербес құқының бір бөлігін басқаға беру; нақты бағдарламаға бейімделу; валюта қатынастарының бағытын және әдісін таңдаудағы икемділік; қаулы қабылдау және оны орындау механизмін дайындау.
Дегенмен ЕВЖ-ге мүше-елдердің өзара қарама-қайшылығынан біраз қиыншылықтарды басынан кешіруде. Олар сол елдердегі экономиканың, инфляцияның, жұмыссыздықтың, төлем балансы жағдайының, алтынвалюта резервтерінің әр түрлі деңгейлілігі мен қарқындылығынан туындайды.
ЕВЖ-нің дамуындағы маңызды кезең - саяси, экономикалық және валюталық одақ (ЕО) құру жөнінде 1994 ж. қарашада қол қойылған Маастрихт шарты. ЕО-ны құрудың бірінші кезеңі 1990 ж. шілдеде басталып (бұл шарт алдыңғы "Делор жоспары" негізінде жасалған), мүше-елдерге 1992 ж. аяғында валюталық шектеуді мүлдем жоюды қарастырған. Бұл кезеңде мемлекеттердің экономикалық дамуының деңгейін жақындастыруға, инфляция қарқынын төмендетуге, бюджет кемшілігін қысқартуға зор көңіл бөлінген.
Екінші кезеңде Еуропа валюталық институты (ЕВЫҚ-ның орнына) құрылып, оның құрамына он екі орталық банктердің басқармалары енді. Оның мақсаты - орталық банктердің Еуропалық жүйесін эмиссиялау. Бұнда ЕО-ың министрлер Кеңесінің директивалары негізінде экономикалық үйлестікке және оған мүше-елдердің Еуропарламентке берген есебінің орындалуына басты назар аударылады. Экономикалық (әсіресе бюджеттік) тәртіпті бұзушыларға Еуропалық инвестициялық банктің (ЕИБ) несиесін шектеу, айыппұл төлеу, бюджет кемшілігін төмендеткенге дейін ЕО-ың процентсіз депозитін шектеу формасында жазалау шаралары қолданылады. Экономиканы сауықтыруға бірлескен қорлар есебінен және ЕИБ несиесінен ЕО-ң көмегі қарастырылған.
Үшінші
кезек ЕО-ның бірнеше
Нарыққа
өту кезінде Қазақстан
Қазақстан
1992 жылдың шілдесінде ХВҚ-ға мүше болып
кіргеннен бастап өзінің валюта қатынастарын
Ямайка валюта жүйесінің құрылымдық
қағидалары мен қордың Жарғысына
сәйкес қалыптастыруда. Валюта қатынастарын
ұйымдастыру үшін 1993 жылдың 14 сәуірінде
"Валюталық реттеу туралы" алғашқы
заң қабылданды. Ол кезде Қазақстан
сом аймағында болғандықтан шетелдермен
жеке валюталық байланыстары жоқтың
қасында болатын. Сонымен қатар
еліміз өзінің ұлттық валютасын айналымға
шығаруға дайындап, жеке алтын валюта
резервтерін құру жұмыстарын жүргізумен
шұғылдануда еді. Қабылданған заң
бағаны ырқына жіберу (либерализация)
деңгейіне сәйкес келіп, кейбір жағдайларда
дамып келе жатқан валюта қатынастарына
тіпті қарама-қайшы сипатта
Қазақстан
Республикасының шетелдермен
Қазақстан
заңдары бойынша валюталық
•
Қазақстан Республикасында
•
Қазақстан Республикасының
• Қазақстан Республикасынан тыс жерлердегі дипломатиялық, сауда және басқа ресми өкілдіктер, сондай-ақ шаруашылық немесе коммерциялық іспен шұғылданбайтын өкілдіктер.
Қазақстан
Республикасындағы "резидент еместерге"
жоғарыда республика "резиденттері"
түсінігінде көрсетілмеген
Қазақстан заңдарына сәйкес шетел валютасын сатып алу-сату мәмілелері Ұлттық банк валюта операцияларын жүргізуге берген лицензия бойынша өкілетті коммерциялық банктер мен валюталық биржалар арқылы жүреді.
Қазақстан
Республикасында негізгі
• шетел валютасының және шетел валютасындағы бaғалы қағаздар айналысының аясы (сфера) мен тәртібін белгілейді, шетел валютасында операциялар жүргізуге қажетті шектеулер енгізеді, ондай шектеулерді сыйақы (мүдде) көлеміне де енгізеді;
•
резиденттер мен резидент еместердің
республикада шетел валютасымен
және шетел валютасындагы бағалы
қағаздармен операциялар
• peзиденттердің шетел банктерінде шот ашу шарттарын анықтайды; беру, тіркеу ережелерін белгілеп, валюталық операциялар жүргізуге лицензиялар береді;
• ұлттық валютаның - теңгенің шетел валютасына шаққандағы бағамын, оның ішінде бухгалтерлік есеп жүргізу, кедендік және салық төлемдері үшін, сондай-ақ шетел валюталарымен және бағалы металдармен жасалатын операциялар бойынша Қазақстан теңгесіне нарықтық баға белгілеу мақсатында Ұлттық банктің ресми бағамын белгілеу жолымен реттейді;
• алтын валюта активтерін құрап, солармен операциялар жүргізеді;
•
халықаралық есеп айырысуды ұйымдастырып,
шетелдермен қаржы-валюталық
•
қабылданған мемлекеттік
Қазақстанда валюталық бақылауды валюталық бакылау органдары және олардың агенттері жүргізеді. Валюталық бақылау органдары болып Ұлттық банк және Қазақстан Республикасының Үкіметі саналады. Бақылау агенттері болып заң бойынша валюталық бақылау қызметін жүргізетін ұйымдар, атап айтқанда, валюталық операциялар жүргізетін өкілетті банктер есептеледі.
Валюталық бақылау негізінен мына бағытта жүргізіледі:
• жүргізілетін валюталық операциялардың заңға сәйкестігін анықтау және оған қажетгі лицензиялар мен рұқсаттың болуы;
•
резиденттердің мемлекет алдындағы
шетел валютасымен
Сөйтіп, валюта қатынастары халықаралық экономикалық, саяси және мәдени қатынастарға қызмет етіп, ол төлем баланыснда көрініс табады.
Ұлттық
валютаны енгізгенге дейін Қазақстанның
саяси ұстанымы ТМД елдерінің
экономикасын біріктіруге бағытталған
еді. Шындығында, бірыңғай валютаны пайдалана
отырып, кооперацияның артықшылықтарын
толайым қолдануға және өзара
тиімділікпен ынтымақтасуға болар
еді. Алайда, қазақстандық басшылық пен
ТМД-ның басқа қатысушыларының
талпыныстарына қарамастан, рубль аймағы
ұзаққа бармады. Ресейлік рубльдің енгізілуі
шын мәнісінде ыдыраудың
Қазақстан теңгені тура он бір жыл бұрын енгізді. Тарихи даму тұрғысынан бұл мерзім көп емес, бірақ экономикалық тұрғыда өз валютасының Қазақстан үшін маңыздылығын шынайы да бүкпесіз бағалауға толық жеткілікті.
Теңгені енгізу түбегейлі экономикалық түрлендіру жағдайларында жүргізілді. 1992 жылдың қаңтарында бағаны әкімшілік реттеу жағдайында жасырынған инфляцияны босатқан бағаның ырықтану үдерісі басталды. Мемлекет біртіндеп тұтыну, өнеркәсіп тауарларына, ауыл шаруашылығы өнімдеріне бағаларды, энергия тасымалдаушылар тарифтерін реттеуден бас тартты.
1992-93
жылдарғы ақша жиынының
Республика экономикасын инфляцияны күшейткен теріс үрдістерден қорғау мақсатында Президент пен республика Үкіметі ұлттық валютаны енгізу туралы шешім қабылдады.
Ұлттық
валютаны енгізу жөнінде алдын ала
жүмыс босалқы нұсқа ретінде 1992
жылдың күзінде басталды. Сол кезде
оны енгізу жөнінде бағдарлама жасақталып,
Қазақстан Республикасының
Ұлттық валютаны енгізу жөніндегі іс-шараларды тым қысқа мерзімде жүргізу керек болды. Мұнда осы қадамға техникалық дайындықты қамтамасыз ету мен ақша-несиелік, салық-бюджеттік, әлеуметтік және сыртқы экономикалық салаларда шаралар кешенін жүргізу қажет еді.
Күрделі экономикалық ахуалда басты назар ескі ақшаларды айырбастау шараларымен байланысты мәселелерді шешуге, сондай-ақ айырбастаудың шынайы ауқымын анықтауға аударылды. Ұлттық валютаны енгізудің әралуан нұсқалары пысықталып жатты. Аралық немесе қосарлас валютаны, "купондарды" не оның қайсыбір алмастырғыштарын енгізбей, тез арада толыққанды валютаны тікелей енгізу шешілді. Уақыт осындай қадамды ақтады, өйткені уақытша ақша белгілерін енгізген елдер шын мәнісінде екі ақша реформасын бастан кешірді.
Информация о работе Қазақстан Республикасының валюта жүйесі және валюталық саясаты