Қазақстан Республикасының валюта жүйесі және валюталық саясаты

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Декабря 2011 в 12:13, курсовая работа

Описание работы

Ақша, несие, банктер - қазіргі өркениеттіліктің өзінен ажырағысыз белгілері. Олардың қызметі қоғамдық өнімді өндіруді, бөлуді, айырбастауды және тұтынуды бір-бірінен бөлінбейтін үздіксіз процеске айналдырады. Оларды пайдаланбай ешбір шаруашылық субъектісінің ісі тынбайды, ал кез келген адам үнемі немесе анда-санда банк қызметін пайдаланады. Банктер уақытша қолданылмаған ақша қаражатын жинақтап, оларды салалар мен аймақтар, кәсіпорындар мен халықтар арасында қайта бөлумен қатар, экономиканы қосымша капиталмен қамтамасыз етіп, сайып келгенде қоғамдық байлықты көбейтуге негіз қалайды.

Содержание

КІРІСПЕ 3
І. ВАЛЮТАЛЫҚ НАРЫҚ ЖӘНЕ ВАЛЮТА ЖҮЙЕСІ 4
1.1. Валюталық нарықтың мәні 4
1.2. Валюта жүйесі және оның түрлері 5
ІІ. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ВАЛЮТАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР 11
2.1. Халықаралық валюталық қатынастарды реттеу. Валюталық саясат 11
2.2. Дүниежүзілік валюта жүйесінің даму кезеңдері 15
ІІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ВАЛЮТА ЖҮЙЕСІ 22
3.1. Қазақстан Республикасының валюта жүйесі және валюталық саясаты 22
3.2. Теңге: тарихы мен келешегі 24
ҚОРЫТЫНДЫ 36
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 37

Работа содержит 1 файл

халыкаралык валюта.docx

— 70.74 Кб (Скачать)

     • валюталық шектеудің болуы немесе болмауы. Мысалы, Ресейде ел экономикасының тұрақсыздығына байланысты шектеу, лимит  белгілеу, белгілі бір валюталық  құндылықтармен жүргізілетін операцияларға  тиым салу енгізілген; 50-жылдардың аяқ  кезінен бастап дамыған мемлекеттер  бірте-бірте валюталық шектеуді алып тастаған. 1996 жылы Ресей ХВҚ  Жарғысының VIII бабына қосылып, саудалық және саудалық емес операцияларға валюталық  шектеулерді жойды.

     • төрт қосындыдан тұратын (елдің ресми  алтын және валюта резервтері, СДР  есепшоттары, еуро (1999 жылдан ЭКЮ-дың  орнына), ХВҚ резервтік позициясы (бағыты) және елдің сыртқы қарызын  өтеу мүмкіншілігін білдіретін мемлекеттің  халықаралық валюта өтімділігін  реттеу;

     • халықаралық несиелік айналым құралдары  мен халықаралық есеп айырысу  формаларын қолдану тәртібін белгілеу;

     • валюта нарығы мен алтын нарығы ережесі;

     • валюта қатынастарын реттейтін ұлттық органдардың статусы (орталық банк, Қаржы министрлігі, арнаулы органдар, мысалы, Қазақстанда Ұлттық банк, Ресейде - валюталық және экспорттық бақылаудың федералдық қызметі).

     Әлемдік шаруашылық қатынастарының дамуына  байланысты әр елдің ұлттық валюта жүйелерінің негізінде дүниежүзілік және аймақтық валюта жүйелері қалыптаса бастады. Олардың негізгі принциптері мемлекетаралық келісіммен заңды түрде бекітіледі.

     Дүниежүзілік  валюта жүйесі деген халықаралық валюта қатынастарының ұйымдастыру формасы, яғни ол - халықаралық несие-қаржы институттарымен халықаралық шарт және мемлекеттік құқық нормасы кешендерін біріктіретін жүйе. Бұл ереже-шарттардың негізгі міндеті - халықаралық сауда-саттық процестерін жеңілдету, саудаға қатысушы фирмалардың іс-әрекеттерінің тиімділігін қамтамасыз ету. Жалпы валюта жүйесі халықаралық экономикалық және сауда қатынастарын ұзақ мерзімге жоспарлауға мүмкіндік туғызуы қажет. Басқа жағынан, оның мақсаты - кейбір мемлекет пен үкіметтер жағынан болып тұратын әр түрлі валюталық шектеуді және тамыр-таныстық (протекционизм) әрекеттерді түп-тамырымен құртуға мүмкіндік жасау.

     Валюта  жүйесі әлемдік шаруашылық байланыстарда  дербес роль атқарады. Ол өндірістің даму қарқынына, халықаралық айырбастың көлеміне, баға саясаты мен жалақыға әсер етеді. Дүниежүзілік валюта жүйесі елдер арасындағы ақша-есептесу қатынастарын, сондай-ақ қатысушы елдердің әрқайсысының ішкі ақша айналымын қамтиды. "Дүниежүзілік валюта жүйесі" деген ұғымға кіретін  ішкі және сыртқы жүйелер органикалық  өзара байланысты, себебі екеуін біріктіретін түйін - әлемдік ақша белгілері.

     Алғашқыда әлемдік ақшаның бірден-бір түрі болып алтын, кейін құйма формасындағы алтын есептелді. Алтын монетаны халықаралық есептесуде қолдану  үшін алдымен құйма жасау, содан  соң басқа елдің монетасын  соғу қажет болды. Біртіндеп айналыс  шығындарын азайту мақсатында халықаралық  есеп айырысуда ұлттық алтын монета және несие айналым құралдары  қолданыла бастады.

     Ұзақ  тарихи дамудың нәтижесінде дүниежүзілік валюта жүйесінің негізгі элементтері  қалыптасты. Олар:

     • әлемдік ақшаның міндетті формасы (алтын, резервтік валюта, халықаралық  валюталық өлшем);

     • валюталардың айырбасталу шарттарын  белгілеу;

     • валюталық паритет пен валюта бағамы тәртібін үйлестіру;

     • валюталық шектеу көлемін тәртіптеу;

     • халықаралық валюта өтімділігінің  құрамдас бөліктерін белгілеу (мысалы, ХВҚ 1970 жылдан айналымға жаңа халықаралық  валюта өлшемі СДР-ды, ЕВҚҚ - 1979 жылдан еуропалық валюта өлшемі ЭКЮ-ді, ал 1999 ж. қаңтардан еуроны енгізді);

     • халықаралық несиелік айналым құралдарын қолдану тәртібін үйлестіру;

     • әлемдік валюта нарығы мен алтын  нарығының ережесі;

     • мемлекетаралық реттеу институтының статусы - 1944 жылдан Халықаралық валюта қоры бекітілді.

     Аймақтық  валюта жүйесі (ЕВЖ) - дүниежүзілік валюта жүйесінің шеңберінде батыс Еуропаның өнеркәсібі дамыған, мемлекеттерін біріктіретін ұйым. Ол 1957 жылы Рим шарты бойынша құрылған "Жалпы нарық" одағындағы мемлекеттердің экономикалық және валюталық ынтымағының дамуынан бастау алып, 1979 жылы құрылды. Оның мақсаты — ынтымақтастық процесін ынталандыру, еуропалық саяси, экономикалық және валюта одағын - Еуропалық одақ (ЕО) құру, Батыс Еуропаның позициясын күшейту. Еуропа валюта жүйесінің элементтері дүниежүзілік валюта жүйесінің элементтеріне дәл келеді.

     Дүниежүзілік  валюта жүйесінің ерекшеліктері  мен тұрақтылығы оның құрылымдық принциптерінің әлемдік шаруашылықтың  құрылымы принциптеріне, әлемдік тұрғыда  күштердің орналасуына және басшы  елдердің мүддесіне сәйкестік деңгейіне  байланысты өзгереді. Бұл принциптер сәйкес келмесе дүниежүзілік валюта жүйесі әлсін-әлі дағдарысқа ұшырап, оның ыдырауымен және жаңа валюта жүйесінің  құрылуымен ұштасады. 
 
 
 
 
 
 

ІІ. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ВАЛЮТАЛЫҚ  ҚАТЫНАСТАР

2.1. Халықаралық валюталық  қатынастарды реттеу. Валюталық саясат

     Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, нарықтық экономика  жағдайында халықаралық валюталық  қатынастарды реттеу екі түрде жүзеге асырылады:

     • нарықтық реттеу;

     • мемлекет тарапынан реттеу;

     Валюталық нарықта валюталарға деген сұраныс  және ұсыныс, сондай-ақ олардың бағамдық шекті қатынастары қалыптасады. Нарықтық реттеу құн заңына бағынады. Мұндай заңдардың валюталық нарықтағы  бәсекелестік жағдайында жұмыс жасауы, валюталар айырбасының қатысты  эквивалентін, тауарлар, көрсетілетін қызметтер, капиталдар, несиелер қозғалысына  байланысты әлемдік шаруашылықтың  қажеттілігіне валюталардың халықаралық  ағымының сәйкес келуін қамтамасыз етеді. Баға механизмі және нарықтағы валюталық  бағам динамикасының белгілері  арқылы экономикалық агенттер валюталарды  сатып алушылардың сұранысы мен  оларды ұсыну мүмкіндіктері туралы біле алады. Сонымен бірге, нарық, валюталық  операциялардың жағдайы туралы ақпараттар көздері болып табылады.

     Бірақта, мемлекет ертеден бері валюталық  қатынастарға араласып келген, бастапқысында  ол, жанама түрде, кейіннен оның әлемдік  шаруашылықтағы маңыздылығын ескере отырьш, тікелей араласа бастады. 30 жылдардағы XX ғ. алтын стандарты алынып тасталуына байланысты валюталық бағамды реттегіш ретінде алтын механизмі қызметін тоқтатты. Бағамдық шекті қатынастардың  аяқ асты ауытқу мен валюталық  дағдарыстар ұлттық және әлемдік  экономикаға теріс әсер ете отырып, ауыр әлеуметтік-экономикалық зардапқа ұшыратты.

     Нарықтық  және мемлекеттік валюталық реттеу бірін-бірі толықтырады. Біріншісі, бәсекеге негізделген, яғни дамуды ынталандыра  түссе, ал екіншісі, валюталық қатынастарды нарықтық реттеудегі теріс салдарларды  жоюға бағытталған. Екі реттегіш арасындағы шекара нақты жағдайлардағы  тиімділік және шегуге байланысты анықталады. Сондықтан да, олар арасындағы шекті  қатынас жиі ауысып отырады. Дағдарыс, соғыс және тағы басқа қиын жағдайларда  қатаң мемлекеттік валюталық  реттеудің маңыздылығы артады. Сондай-ақ валюталық-экономикалық жағдайдың  жақсаруы барысында валюталық операциялар  ырықтандырылып, бұл аумақта нарықтық бәсеке орын алады. Бірақ та мемлекет, бұл жағдайда да,  валюталық қатынастарды қалыпқа келтіру және қадағалау  мақсатында валюталық бақылау жасайды. 

     Валюталық саясат. 

     Нарық экономикасын реттеу жүйесінде валюталық  саясат маңызды орын алады.

     Валюталық саясат - бұл елдің ағымдық және стратегиялық мақсаттарына сәйкес, халықаралық валюталық және басқадай экономикалық қатынастар аумағында жүзеге асырылатын шаралар жиынтығын білдіреді.

     Валюталық саясат экономикалық саясаттың ең басты  мақсаттары: тұрақты экономикалық өсуді  қамтамасыз етуге, жұмыссыздық пен  инфляцияның өсуін тоқтатуға, төлем  балансындағы тепе-теңдікті ұстап отыруға  бағытталады.

     Валюталық саясаттың басты бағыттары мен  формалары елдердің валюталық-экономикалық жағдайына, әлемдік шаруашылықтың  эволюцияларына, әлемдік аренадағы  күштердің орналасуына байланысты анықталады.

     Заңды түрде валюталық саясат валюталық  заңдылықтар, яғни, елдегі және одан тысқары  жерлердегі валюталық бағалылармен байланысты операциялардың жасалу тәртібін реттейтін құқықтың нормалар жиынтығы мен, сондай-ақ екі жақты көп жақты  валюталық проблемалар бойынша  мемлекеттер арасындағы жасалатын  келісім-шарттарға сүйенеді.

     Валюталық саясатты іске асырудың басты бір  құралы -валюталық реттеу болып табылады.

     Тікелей валюталық реттеу — заңды актілер және атқарушы өкіметтің әрекет ету жолымен іске асса, ал, жанама валюталық реттеу - нарықтың экономикалық агенттерінің мінез-құлқына экономикалық, валюталық және несиелік әдістерді пайдалану арқылы әсер етеді.

     Мемлекетаралық  валюталық реттеу ұйымы - Халықаралық  Валюталық қор (ХВҚ) болып табылады.

     Валюталық саясат өзінің мақсаттарына және формаларына  байланысты екіге бөлінеді:

     1.) Құрылымдық валюталық саясат;

     2.) Ағымдық валюталық саясат;

     Құрылымдық  валюталық саясат — дүниежүзілік валюталық жүйедегі құрылымдық өзгерістерді жүзеге асыруға бағытталатын ұзақ мерзімді шаралар жиынтығын білдіреді. Ол, валюталық саясат реформа формасында іске асырылады. Құрылымдық валюталық  саясат ағымдық валюталық саясатқа әсер етеді.

     Ағымдық валюталық саясат - валюталық бағамды, валюталық операцияларды, валюталық  нарық пен алтын нарығының  қызметтерін күнделікті оперативті түрде реттеуге бағытталған қысқа  мерзімді шаралар жиынтығы.

     Валюталық саясаттың келесідей формалары  қолданылады:

     1.) Дисконттық валюталық саясат.

     2. ) Девиздік валюталық саясат.

     Сонымен қатар, девиздік саясаттың келесідей  жүзеге асырылу формалары болады:

     а) валюталық интервенция;

     ә) валюталық резервтерді диверсификациялау;

     б) валюталық шектеу;

     в) валюталардың алмастырылу дәрежесін  реттеу;

     г) валюталық бағам режимі;

     д) девальвация;

     з) ревальвация;

     Дисконттық (есепке алу) саясаты - бір жағынан, валюталық  бағам мен төлем балансын реттеуге, екіншіден, ішкі несиелер динамикасын, ақша массасын, бағаны, жиынтық сұранысты  реттеуге бағытталатын орталық банктің  есепке алу мөлшерін өзгертуін білдіреді. Мысалға: пассивтік төлем балансы  кезінде капиталдың еркін орын ауыстыруы  жағдайында есепке алу мөлшерінің көтерілуі, ең төменгі пайыз мөлшерлемесі бар  елдерден, капиталдың келуін ынталандырып, төлем балансының жағдайын жақсартады және валюталық бағамды арттыра  түседі. Ал, егер орталық банк есепке алу ресми мөлшерін төмендететін болса, отандық және шет елдік  капитал сыртқа ағылып, төлем балансының активтік қалдығы азаяды жөне валютаның  бағамы төмендейді.

     Қазіргі жағдайда дисконттық саясаттың тиімділігі төмендеген. Себебі, егерде төлем балансын жақсарту мақсатында есепке алу мөлшерін арттыратын болса, оның экономика үшін теріс әсері болады. Ал оның төмендеуі, төлем балансына кері әсер етіп, яғни капиталдың сыртқа ағылуына жол  береді.

     Девиздік  саясат - мемлекеттік ұйымдардың немесе орталық банктің шетел валюталық caтy және сатып алу жолымен ұлттық валюта бағамына әсер ету әдісін білдіреді.

     Ұлттық  валюталық бағамын көтеру мақсатында орталық банк шетел валютасын  сатады, ал бағамын түсіру үшін, шетел  валютасын ұлттық валютаға айырбастау арқылы сатып алады.

     Девиздік  саясат көбіне валюталық интервенция  формасында жүзеге асырылады. Валюталық  интервенция XIX ғасырдан бастап қолданыла бастаған. Алтын монометализмі алынып тасталғаннан кейін валюталық интервенция кеңінен қанат жайды.

Информация о работе Қазақстан Республикасының валюта жүйесі және валюталық саясаты