Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2013 в 17:16, дипломная работа
Шағын кәсіпкерліктің артықшылықтары және Республикамызда оның дамуының жетілмегендігі диплом жұмысының тақырыбының өзектілігін ашады. Республика бойынша, соның ішінде жеке салаларда шағын кәсіпкерліктің дамуын қамтамасыз ететін тиімді механизмінің болмауы оның қызметін тежеді. Бұл механизм басқару, салық, қаржы – несиелік саясатты, кеден заңдарын, инфрақұрылым және т.б. мәселелерді қамтиды. Еліміздің экономикасы шағын кәсіпкерлік дамуының жетілдіру жолдарын қажет етеді.
Зерттеу объектiсi боп “Прогресс- СС” ЖШС таңдалды. “Прогресс-СМ” ЖШС Алматы облысы Үштөбе қаласында орналасқан. Ол “РМЗ” АҚ сегменттелуi нәтижесiнде құрылған.Шағын кәсiпкерлiк субъектiсi болып табылады.
Кіріспе .....................................................................................................................3
1. ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ДАМУ ДЕҢГЕЙІ
1.1. Шағын кәсіпкерліктің экономикалық мәні және оның экономикадағы алатын орны.............................................................................................................5
1.2. Қазақстан Респуликасында шағын кәсіпкерлікті мемлекет тарапынан қолдау.....................................................................................................................14
1.3.Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерліктің қазіргі кездегі даму тенденциясы ..........................................................................................................25
2. «ПРОГРЕСС-СМ» ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ШЕКТЕУЛІ СЕРІКТЕСТІГІНІҢ КӘСІПКЕРЛІК-ШАРУАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ
2.1. «Прогресс-СМ» ЖШС-ң кәсіпкерлік-ұйымдастырушылық қызметін талдау......................................................................................................................29
2.2. «»Прогресс-СМ» ЖШС-ң экономикалық әлеуетін бағалау ......................43
2.3. Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметін талдау...............................62
3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ДАМУЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3.1. Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерліктің болашақ даму мәселелері және оны шет ел тәжірибелерін қолдана отырып шешу жолдары..................................................................................................................71
3.2. .Кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігін басқару жүйесі кәсіпкерлік қызметтің тиімділігінің негізгі факторы ретінде...............................................90
Қорытынды .........................................................................................................101
Қолданылған әдебиеттер көздері...............................................
Кәсіпкерлік ортаны одан әрі нығайту мәселесіне Қазақстан халқына арналған таяудағы Жолдауда да айрықша көңіл бөлінген. Бүгінде біздің елімізде кәсіпкерлікті дамытудың перспективасы айқындалды. Қазіргі уақытта, Мемлекет басшысының халыққа жолдауы негізінде шағын және орта кәсіпкерлікті 2006 – 2008 жылға дейін дамыту жөніндегі жеделдетілген шаралардың жаңа ауқымды бағдарламасы әзірленуде. Бизнес құру жолындағы бюрократялық кедергілер азайтылды. Тек соңғы жылдары ғана лицензияланатын қызметтердің 350 – ге жуық түрлері қысқартылды. Кейбір лицензияларды беру өңірлік деңгейге көшіріліп, процедуралар айтарлықтай қарапайымдандырылды.
Елбасымыз Жолдауында басты міндетіміз – ұлттық экономиканы инновациялық технологиялар негізінде диверсификациялауды жүзеге асыруда жеке бизнеске жетекші рөл бөлетінімізді атап көрсеткен: ”Бірлесе отырып бізге экономиканың шикізаттық емес дамытуға қол жеткізу қажет. Болашақта экспорттық әлеуетті ұлғайтатын басты көз де солар болу тиіс”.[5]
Ол мақсатқа жету үшін қажетті ресурстарымыз бар. Арнайы құрылған даму институттары – Қазақстанның инвестициялық қоры, Қазақстанның даму банкі, Инновациялық қор, Экспортты сақтандыру жөніндегі корпорация, Инжиниринг және технологиялар трансферті орталығы осы жылды қоса есептегенде 120 млрд. тенгеден астам қаржы жинақтауға жағдай туғызды. Өзі өмір сүрген қысқа мерзім ішінде даму институттары жалпы сомасы 1 триллион 570 миллиард теңге болатын 760 – тан астам жобаларды қарады. Қазіргі уақытта сомасы 60 млрд. теңгеден асатын 90 – ға тарта жоба қаржыландыруда. Шағын кәсіпкерлікті дамытудың арнайы қоры жұмыс істейді, ол шағын және орта бизнеске атаулы көмектер көрсетуде.
Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауға Елбасымыз үлкен назар аударуда. Ол: „Даму банкі мен Инвестициялық қорға барлық кәсіпкерлердің қолы жете бермейді. Сондықтан „Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры” өзіндік бір „үлкен қаржылық маркетке” айналуға тиіс...” демекші, Қорға биылғы жылы республикалық бюджеттен қосымша 10 млрд. теңге бөлінетін болды. Ол қаржы біріншіден, микрокредиттік ұйымдарды құру мен олардың ресурстарын ұлғайтуға – 3 млрд. теңге,екіншіден, шағын бизнес субъектілері үшінбанк кредиттері бойынша кепілдіктер беруге – 4 млрд. теңге , үшіншіден қаржы лизингін, франчайзингті несиелеуді, халықаралық стандартты енгізуді қоса алғанда, жобалық несиелеуге 3 млрд. теңге көлемінде бөлінеді. Нәтижесінде шағын бизнесті несиелеу мүмкіндігі 25 млрд. теңгеге дейін артады. Әрине бұл – шағын кәсіпкерлікті дамытудағы мемлекет тарапынан жасалған үлкен қолдау. [4]
Мемлекет тарапынан Шағың кәсіпкерлікті қолдау қорының бағдарламалары арқылы жеке кәсіпорындардың халықаралық сапа стандарттарына көшуіне септесетін және бұл жолда оларды енгізу үшін жұмсаған шығындарының 50 % - н өтеп беретін болады.
Мемлекет басшысы мемлекеттік деңгейде де, облыстарда да таңдаулы кәсіпкерлерге баға беретін конкурстар өткізуді ұсынды. Еңбек өнімділігі жоғары және экспорттық әлеуетті мықты сапалы өнімдерді шығаратын кәсіпкерлер мен өндіріс орындарының беделін барынша биіктете беру керек, деді Президент.
Информация о работе Қазақстан Республикасының нарық жағдайында шағын кәсіпкерліктің дамуын жетілдіру