Қазақстан Республикасының нарық жағдайында шағын кәсіпкерліктің дамуын жетілдіру

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2013 в 17:16, дипломная работа

Описание работы

Шағын кәсіпкерліктің артықшылықтары және Республикамызда оның дамуының жетілмегендігі диплом жұмысының тақырыбының өзектілігін ашады. Республика бойынша, соның ішінде жеке салаларда шағын кәсіпкерліктің дамуын қамтамасыз ететін тиімді механизмінің болмауы оның қызметін тежеді. Бұл механизм басқару, салық, қаржы – несиелік саясатты, кеден заңдарын, инфрақұрылым және т.б. мәселелерді қамтиды. Еліміздің экономикасы шағын кәсіпкерлік дамуының жетілдіру жолдарын қажет етеді.
Зерттеу объектiсi боп “Прогресс- СС” ЖШС таңдалды. “Прогресс-СМ” ЖШС Алматы облысы Үштөбе қаласында орналасқан. Ол “РМЗ” АҚ сегменттелуi нәтижесiнде құрылған.Шағын кәсiпкерлiк субъектiсi болып табылады.

Содержание

Кіріспе .....................................................................................................................3

1. ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ДАМУ ДЕҢГЕЙІ
1.1. Шағын кәсіпкерліктің экономикалық мәні және оның экономикадағы алатын орны.............................................................................................................5
1.2. Қазақстан Респуликасында шағын кәсіпкерлікті мемлекет тарапынан қолдау.....................................................................................................................14
1.3.Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерліктің қазіргі кездегі даму тенденциясы ..........................................................................................................25

2. «ПРОГРЕСС-СМ» ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ШЕКТЕУЛІ СЕРІКТЕСТІГІНІҢ КӘСІПКЕРЛІК-ШАРУАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ
2.1. «Прогресс-СМ» ЖШС-ң кәсіпкерлік-ұйымдастырушылық қызметін талдау......................................................................................................................29
2.2. «»Прогресс-СМ» ЖШС-ң экономикалық әлеуетін бағалау ......................43
2.3. Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметін талдау...............................62

3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ДАМУЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3.1. Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерліктің болашақ даму мәселелері және оны шет ел тәжірибелерін қолдана отырып шешу жолдары..................................................................................................................71
3.2. .Кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігін басқару жүйесі кәсіпкерлік қызметтің тиімділігінің негізгі факторы ретінде...............................................90

Қорытынды .........................................................................................................101


Қолданылған әдебиеттер көздері...............................................

Работа содержит 1 файл

«Қазақстан Республикасының нарық жағдайында шағын кәсіпкерліктің дамуын жетілдіру» («Прогресс-СМ » ЖШС-ң мысалында) тақырыбына.DOC

— 915.50 Кб (Скачать)

және  қызметкерлернің  орташа  жылдық  саны  50 адамнан  аспайтын  активтердің  жалпы  саны  алпыс  мың  еселенген  есептік  көрсеткіштен  аспайтын,  кәсіпкерлік  субъектілері  болып  табылады.  Яғни  шағын  кәсіпкерлік субъектілері 2 критерий  бойынша  анықталады:  жұмыскерлердің  орташа  саны  және  активтердің  жалпы  құны.

          Заңды   тұлға  құрмайтын  жеке  кәсіпкерлер,  сондай- ақ  мынадай  ұйымдық-  құқықтық  нысандардағы  заңды   тұлғалар  шағын  кәсіпкерлік   субъектілері  болуы  мүмкін:

-  толық  серіктестік;

-  коммандиттік  серіктестік; 

          -  жауапкершілігі  шектеулі  серіктестігі;

          -  қосымша   жауапкершілігі  бар  серіктестік;

          -  өндірістік  кооператив.

Шағын  кәсіпорындар  2  түрге  бөлінеді: өсу  үшін  шектелген  мүмкіндіктері  бар  қарапайым  кәсіпорындар-  иесіне  қолайлы  өмір  деңгейін  қамтамасыз  етуге  қабілетті.  Оларға:

  1. кеңес  берушілер,  гүл  дүкендері,  пиццериялар  жатады.
  2. жаңа  тез  өсетін  кәсіпорындар.  Олардың  мақсаты-  шағын  кәсіпкерлік  аясынан  тезірек  шығу.  Олар:  құрылыс,  медициналық  қызмет,  экологиямен,  клиенттерге  жеке  қызмет  көрсетумен  байланысты  фирмалар.
  3. кеңес  берушілер,  гүл  дүкендері,  пиццериялар  жатады.
  4. жаңа  тез  өсетін  кәсіпорындар.  Олардың  мақсаты-  шағын  кәсіпкерлік  аясынан  тезірек  шығу.  Олар:  құрылыс,  медициналық  қызмет,  экологиямен,  клиенттерге  жеке  қызмет  көрсетумен  байланысты  фирмалар.

 

 

1 сурет-   Кәсіпкерліктің түрлері. 

  1. кеңес  берушілер,  гүл дүкендері,  пиццериялар жатады.
  2. жаңа  тез  өсетін  кәсіпорындар.  Олардың  мақсаты-  шағын  кәсіпкерлік  аясынан  тезірек  шығу.  Олар:  құрылыс,  медициналық  қызмет,  экологиямен,  клиенттерге  жеке  қызмет  көрсетумен  байланысты  фирмалар.

         Нарықтық  жағдайда  шағын  кәсіпкерліктің  орны  зор.Қазіргі  кезде  ірі  компаниялардан  шағын  кәсіпкерлік  жетекшілігіне  ауысу  тенденциясы  қарастырылуда.  Негізінен  3  тенденция  байқалуда:

    1. Компъютерлер  мен  электронды  техникалық  енгізілуі  шағын кәсіпорындарға  ірі кәсіпорын секілді жұмыс жасауға мүмкіндік берді;
    2. Қызметкерлердің  көбі  ірі  фирмаларды  тастап,  өз  кәсіптерін,  қызметтерін  ашуда;
    3. Шағын  кәсіпкерлікте  әйелдердің  үлкен  ағымы.

          Әлемдік  тәжірибе  көрсеткендей,  шағын  кәсіпкерлік  әр  елдің,  соның  ішінде  дамыған  елдердің  экономикасында  да  елеулі  роль  атқарады.  Себебі  оған  тән  артықшылықтар бар:

    • шаруашылықтың  жергілікті  жағдайларына  тез  бейімделу; 
    • шағын  кәсіпкерлік  субъектілерінің  істі  жүргізу тәуелсіздігі;
    • шешімдер  қабылдауда  және  оларды  шешудегі  иілімділік  пен  оперативтілік;
    • қызметін  іске  асыруда  шығындардың  жоғары  болмауы,  әсіресе  басқаруға  жіберілген  шығындар;
    • өзінің  идеяларын  іске  асырудағы,  қабілеттілігін  көрсетудегі  жеке  адам  үшін  үлкен  мүмкіндіктің  бар  болуы;
    • алғашқы  капиталға  төмен  қажеттілік  және  жергілікті  нарық  талаптарына  сай  өнімне  және  өндіріс  процесінге  тез  өзгеріс  енгізу  қабілеттілігі;
    • меншік  капиталының  жоғары  айналымдылығы.

Сонымен,  Халықаралық  еңбек  бюросының  баяндамасында  былай 

деп  берілген:  шағын  кәсіпорвндар  ірі  кәсіпорындарға  қарағанда  әлдеқайда  көбірек  бәсекелестік  артықшылықтарды  иеленеді,  1 жұмыскерге  есептегенде  аз  капитал  салымдарын  қажет  етеді,  жергілікті  материалды  және  еңбек ресурстарын кең қолданады.

           Шағын кәсіпорындар  иелері  қор жинауға және  инвестицияға  бейім болып келеді,  оларға  табыстарға  жетуде үнемі жеке  ынталандыру,  басқаша айтқанда,  жеке  мотивация  жоғары  деңгейде  болады.  Шағын кәсіпкерлік субъектілері  жергілікті нарықтағы сұраныс деңгейін  жақсы біледі,  тұтынушылардың  белгілі тобының тапсырыстары  бойынша тауарлар  өндіру  жиі кездеседі,  жалдамалы қызметкерлердің санының жоғары  болуына  мүмкіндік  береді.  Ең  бастысы,  шағын  кәсіпкерліктің  қызметіне инновациялық бағыт тән. Антибиотиктер, инсуллин,  пестицидтер,  тік  ұшақтар,  кондиционерлер,  оттегі  конвенторлары,  целлофан,  микрокомпъютерлер тәрізді  маңызды  жаңалықтарды  бірінші  болып  шағын  фирмалар  дайындады және  игерді. 

          Шағын   кәсіпкерліктің  маңыздылығын  Елбасымыз  Н. А.  Назарбаев  өзінің  Қазақстан  халқына  арналған  соңғы  «Қазақстан  экономикалық,  әлеуметтік  және  саяси  жедел  жаңару жолында»  жолдауында  да  атап  өтті.  Онда  былай деген:  «Мемлекеттік  кәсіпорындар мен  мегахолдингтердің,  ең  алдымен  ірі  мемлекеттік  компаниялар  мен  монополиялардың  өздеріне  үйлеспейтін  міндеттерін  шағын  және  орта  бизнеске  беру  жөніндегі  жұмысты  тындыратын  сәт  туды.  Сол  арқылы  біз  бизнеске тың  тыныс  ашамыз»[1]

           Яғни  шағын  кәсіпкерлік – бұл шаруашылық  жүргізуші  субъектілердің  толық  экономикалық  жауапкершілігіне,  ынталы,  инновациялық  қызметіне  негізделген  қаржы  қорларының  шектелген  жағдайларында  жұмыс  істейтін  қауіппен  және  тәуеклділікпен  жанасатын,  табыс алу мақсатында  өндіріс факторларын қозғалысқа  келтіретін  және  меншік  иесінің  өндіріс  пен  басқару  процесіне  және  қатысуын  талап

ететін,  өзін - өзі  ұйымдастыру  және  өзін - өзі  жаңарту  процесі.

           Шағын кәсіпкерліктің  рөлі  туралы  айтатын болсақ,  шет  ел  тәжірибесіне  сүйене  отырып,  шағын  кәсіпкерлік  дамуы   келесі  мәселелерді  сәтті  шешудің  маңызды  факторы  болып табылады:

          -  тұрғындардың  тауарға (жұмысқа,  қызметке)  деген  қажеттілігін 

               жақсы қамтамасыз  етілуіне  әсерін  тигізетін бәсекелестік  өркениетті  нарықтық  қатынастар  құру;

    • ассортиментті  кеңейту  мен  тауарлар,  жұмыстар,  қызметтер  сапасын  көтеру.  Тұтынушылар  талаптарын  қанағаттандыруға  талпына  отырып,  шағын  кәсіпкерлік  тауарлар  сапасының  және  қызмет  көрсету  мәдениетінің  көтерілуіне  септігін  тигізеді;
    • тауарлар  өндіру  мен  қызмет  көрсетудің  нақты  тұтынушыларға  жақындауы;
    • экономиканың  құрылымдық  қайта  құрылуына  себеп  болу,  шағын кәсіпкерлік экономикаға иілімділік,  мобильдік,  моневрлік сипат береді;
    • өндірісті  дамытуға  тұрғындардың  өз  қаржысын  тарту,  шағын  кәсіпорындарда  сыбайластар  ірі  компанияларға  қарағанда  іске  үлкен  қызығушылықпен  салады;
    • қосымша  жұмыс  орындарын  құру,  жұмыссыздық  деңгейін  қысқарту;
    • ірі  өндіріс  белгілі  шектеулер  қоятын  тұрғындардың  бөлек  топтарын,  атап айтқанда зейнеткерлерді, мүгедектер, оқып  жүргендер,  үйде  отырған  әйелдерді  еңбекке жұмылдыру;  
    • ғылыми – техникалық  прогресті  жетілдіру;
    • жергілікті  шикізат  көздері  мен  ірі  өндіріс  қалдықтарын  игеру  және  пайдалану;
    • ірі  кәсіпорындар  қызметіне  жабдықтаушы ұйымдар, остнаскалар  шығару  мен  қосымша  және  қызмет  көрсететін  өндірістер  құруға  көмектесу;
    • мемлекетті  рентабельділігі  төмен  және  шығынды  кәсіпорындардан  олрды  жалға  алу  мен  сатып  алу  есебімен  бастау.         

           Шағын   кәсіпкерліктің  осы  және  тағы  басқа экономикалық,  әлеуметтік  функциялары  оның  дамуын  мемлекеттің  маңызды  мәселелері  қатарына  қояды.

                      Қазіргі кезде шағын кәсіпорындар  дамып,  экономикадағы позицияларды  жеңіп алуда,  ірі бизнестің серіктері  болды.  Бұл  инновациялық  ұғым – кластерге  тән. Сонымен  қоса,  барлық  елдер  мемлекеттері  шағын  кәсіпкерліктің  дамуын  қолдау  мен  ынталандыруда.

         Экономикасы дамыған және  дамушы  елдерде шағын кәсіпкерлік ең  алдымен экономиканың  маңызды  сфераларының  бірі,  ал  қоғамда  өтетін  барлық  процестермен  кешенді  дамуы,  орташа  және  ірі  кәсіпкерлікпен  тығыз  байланысты.  Берілген  елдер  Үкіметі,  әр  түрлі  формаларда  және  түрлерде  көрінетін,  шағын  кәсіпкерліктің  дамуына  белсенді қолдау  көрсетеді.  Елде  отандық  кәсіпкерліктің  тиімді  дамуы  үшін  инновациялық  қызметті  енгізу  мен,  өнім  экспортымен  байланысты.  ШКС  жеңілдетілген  несиелеу  сияқты  қолдау  түрін  әрі  қарай  дамыту  және  кейбір  жағдайларды  іске  асыру  механизмін  құру  қажет,  франчайзинг,  венчурлік  бизнесті,  субмердігерлік  және  лизингті  белсенді  қолдау  үшін  жағдайлар  жасау  керек.  Осындай  қолдаудың  нәтижесінде  шағын  кәсіпкерлік  ұлттық  экономикада  елеулі  рольді  атқара  бастайды.   

    1. Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерлікті мемлекет тарапынан қолдау

 

Шағын  кәсіпкерлікті  қолдаудың  негізгі  мақсаты –  олардың  әлеуметтік – экономикалық  қызметін  тиімді  атқаруына  мүмкіндіктер  жасап,  өмір  сүру  мерзімінің  неғұрлым  ұзаруына  ықпал  ету.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                        

Шағын  кәсіпкерлікті  мемлекеттік  қолдау  жүйесінің  құрылымы  3  деңгейде  қалыптасады:

    • республикалық;
    • аймақтық;
    • жергілікті.     .                                                                                                                                                                                                                                                                                                                        

Біздің мемлекетімізде, кәсіпкерліктің, шағын бизнестің  ролі күннен-күнге арта түсуде. Біздің экономикамызда кәсіпкерліктің мынандай міндеттерін шешу жүктелген:

    • аймақтағы шикізат түрлерін қолдана отырып, аса маңызды капитал салымын үлкейтпей-ақ қызмет, тұтыну тауар өндірісін кеңейту;
    • аса ірі кәсіпорындардан босап қалған жұмысшыларға жаңадан жұмыс орнын құру;
    • ғылыми-техникалық прогрессті жылдамдату;
    • қылмысты бизнес түрлеріне және т.б. оңды альтернатива құру.

Кәсіпкерлік өз қызметінде дамуын баяулайтын көптеген жағдайлармен кездеседі. Қазақстан экономикасының қазіргі кезеңіндегі қандай маңыздылығын ескере отырып, басшылық құрылымы кәсіпкерлікті қолдамауға бара алмайды.

1997 жылы „Мемлекет  тарапынан шағын кәсіпкерлікті  қолдау” туралы Парламентпен  қабылданған Заң Қазақстан Республикасының экономикалық дамуына маңызды бастапқы қадам болды.

Кәсіпкерлік келесідей  кепілдіктер алды:

    • кәсіпкердің шаруашылық қызметіне мемлекеттік органның қызметтік тұлғалары дәлелсіз істеріне кірісу құқықтары жоқ.
    • казақстан Республикасының заңында басқа жағы қарастырылмаса, онда мемлекеттік тексеріс органдармен кәсіпкерлердің қаржа-шаруашылық қызметін жылына бір реттен көп тексерілмейді.

Заң қазақстандағы  өндірістің, кәсіпкерліктің дамуына  ыңғайлы жағдай құрумен қатар, ХХІ  ғасырда технологиялық дамудың негізін құрайды.

Шағын кәсіпкерлікті  қолдаудың мемлекеттік негізгі  бағыттарына  мыналар жатады:             

    • шағын кәсіпкерлік субъектілеріне мамандандырылған кадр жүйесін дайындау, қайта дайындауды жоғарылатуды ұйымдастыру;
    • шағын кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекеттік қаржы, статистикалық, материалды-техникалық және ақпарат құралдары, сонымен қатар ғылыми-техникалық, технология қолдануда жеңілдіктер жасау;
    • шағын кәсіпкерлік субъектілерін мемлекттік тіркеуді, қызметтерін лицензиялау, өнімдерін куәліктендіруді жеңілдете түрде орнату;
    • салық жүйесін, кеден салымдарына жеңілдік салу;
    • шағын кәсіпкерлік субъектілерін инвестиция, шетел инвестицияларын тарту жүйесін құра отырып оны дамыту, қолдау;
    • шағын кәсіпкерлік субъектілердің сыртқы экономикалық қызметін қолдау, сонымен қатар оның сауда, ғылыми-техникалық, өндірістік және басқа да шетел әріптестерімен байланысын қолдау;
    • қаржы көздерін анықтай отырып шағын кәсіпкерлік субъектілерді арнайы программасын құру.

Информация о работе Қазақстан Республикасының нарық жағдайында шағын кәсіпкерліктің дамуын жетілдіру