Қазақстан Республикасының нарық жағдайында шағын кәсіпкерліктің дамуын жетілдіру

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Марта 2013 в 17:16, дипломная работа

Описание работы

Шағын кәсіпкерліктің артықшылықтары және Республикамызда оның дамуының жетілмегендігі диплом жұмысының тақырыбының өзектілігін ашады. Республика бойынша, соның ішінде жеке салаларда шағын кәсіпкерліктің дамуын қамтамасыз ететін тиімді механизмінің болмауы оның қызметін тежеді. Бұл механизм басқару, салық, қаржы – несиелік саясатты, кеден заңдарын, инфрақұрылым және т.б. мәселелерді қамтиды. Еліміздің экономикасы шағын кәсіпкерлік дамуының жетілдіру жолдарын қажет етеді.
Зерттеу объектiсi боп “Прогресс- СС” ЖШС таңдалды. “Прогресс-СМ” ЖШС Алматы облысы Үштөбе қаласында орналасқан. Ол “РМЗ” АҚ сегменттелуi нәтижесiнде құрылған.Шағын кәсiпкерлiк субъектiсi болып табылады.

Содержание

Кіріспе .....................................................................................................................3

1. ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ДАМУ ДЕҢГЕЙІ
1.1. Шағын кәсіпкерліктің экономикалық мәні және оның экономикадағы алатын орны.............................................................................................................5
1.2. Қазақстан Респуликасында шағын кәсіпкерлікті мемлекет тарапынан қолдау.....................................................................................................................14
1.3.Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерліктің қазіргі кездегі даму тенденциясы ..........................................................................................................25

2. «ПРОГРЕСС-СМ» ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ШЕКТЕУЛІ СЕРІКТЕСТІГІНІҢ КӘСІПКЕРЛІК-ШАРУАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ
2.1. «Прогресс-СМ» ЖШС-ң кәсіпкерлік-ұйымдастырушылық қызметін талдау......................................................................................................................29
2.2. «»Прогресс-СМ» ЖШС-ң экономикалық әлеуетін бағалау ......................43
2.3. Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметін талдау...............................62

3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ДАМУЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3.1. Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерліктің болашақ даму мәселелері және оны шет ел тәжірибелерін қолдана отырып шешу жолдары..................................................................................................................71
3.2. .Кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігін басқару жүйесі кәсіпкерлік қызметтің тиімділігінің негізгі факторы ретінде...............................................90

Қорытынды .........................................................................................................101


Қолданылған әдебиеттер көздері...............................................

Работа содержит 1 файл

«Қазақстан Республикасының нарық жағдайында шағын кәсіпкерліктің дамуын жетілдіру» («Прогресс-СМ » ЖШС-ң мысалында) тақырыбына.DOC

— 915.50 Кб (Скачать)

Шағын кәсіпкерлікті  дамыту  қызмет ұйымының комиссиясы Қазақстан Республикасының Үкіметі және жергілікті атқарушы органдары кіреді. .

Кәсіпкерлікті қолдаудың және дамытудың бес мемлекеттік бағдарламаларын (199-1994ж.ж., 1994-1996ж.ж.ж, 1999-2000ж.ж.ж, 2001-2002ж.ж.,  2004-2006ж.ж.) жасалды. Оларды іске асыру республикада кәсіпкерлік секторда қалыптастыруға және дамытуға оң әсер еткенін көрсетті. Тауарлар мен қызметтер көрсетудің бәсекелі рыногы құрылды және шағын кәсіпкерлікті қоладудың және дамытудың институционалдық шаралары айқындалды.

Қазақстан Республикасында  шағын кәсіпкерлікті дамытудың  және қолдаудың 2004-2006 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан  әрі  - Бағдарлама) Қазақстан Ремспубликасының 2003 жылға дейінгі кезеңге арналған Даму  стратегиясын және „Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы” Қазақстан Республикасының Заңын және Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2005 жылдарға арналған стратегиясын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы  31 қазанындағы Қазақстан кәсіпкерлерінің 11-форумында берген тапсырмаларын іске асару мақсатында әзірленген  болатын.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасы шағын бизнесті мемлекеттік қолдаудың  нысандары мен әдістерін жетілдіру  жөнінде одан әрі белсенді жұмыс жүргізуді көздейді. Шағын кәсіпкерлік саласын дамытуда бизнестің тиімділігіне кедергілерді жою үшін атқарушы органдар қабылдайтын шешімдірдің әсерін бағалау және осы процесске кәсіпкерлермен олардың қоғамдық ұйымдарын тарту жолымен қамтамасыз ету болжанған  болатын.

Кәсіпкерлердің  қоғамдық бірлестіктерінің мемлекеттік  органдарының экономикалық және әлеуметтік саяси саласында шешімдерді әзірлеуіне барынша қатысу үшін Үкіметтің 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес шағын кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту мәселелері жөніндегі сарапшы кеңестердің қызметі жандандыруды  көздеген болатын. Осындай кеңестер жұмысының негізінде норматив тік құқықтық актілерді әзірлеу мен ұсынымдар дайындау мемлекеттің экономикалық саясатты барынша тиімді жүргізуіне мүмкіндік береді.

Бағдарламаның мақсаты- неғұрылым көп қосылған құны бар  жоғары жаңа технологиялық  өндірістерді құруға бағдарланған шағын  кәсіпкерлікті дамыту есебінен орташа топты қалыптастыруға бағытталған  институционалдық жағдайларды жетілдіру  болып табылады.

Алға қойылған мақсатқа жету үшін мынадай міндеттерді  шешу қажет:

    • шағын кәсіпкерлікке салық әкімшілігін жүргізу жүйесін жетілдіру;
    • шағын кәсіпкерліктің несие ресурстарына қол жетімділігін жеңілдету;
    • шағын кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік және мемлекеттік емес инситутардың тиімділігін арттыру;
    • кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеуді оңтайландыру;
    • шағын кәсіпкелікті қолдаудың бірыңғай білім беру және кәсіпкерлікті тиімді ақпараттық-әдістемелік қолдау жүйесін құру;
    • кәсіпкерлік мәселелері бойынша норматив тік құқықтық базаны жетілдіру.

Бағдарламаның негізгі бағыттары мен оң іске асыру тетіктері:

  1. шағын кәсіпкерлікке салық-әкімшілігін жүргізу жүйесін жетілдіру.
  2. шағын кәсіпкерлікті қаржы-несиелік және инвестициялық қолдау жүйесін дамыту.
  3. шағын кәсіпкерліктің инфроқұрылымын дамыту.
  4. шағын кәсіпкерлікті оқыту, ақпартаттық, ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету және насихаттау.
  5. кәсіпкерлік мәселелрі бойынша норматив тік құқықтық базаны жүйелеу және жетілдіру.

Нарықтық реформалар жылдарында кәсіпкерлік сектор қоғамда елеулі орынға ие болды. Басты стратегиялық мақсатқа: кәсіпкерлікпен айналысу мүмкіндігі республика азаматтарының конституциялық құқықтарының шынайы және ажырамас бөлігіне айналуына қол жеткізілді, ол үшін мемлекет қажетті жағдайларды жасады.

Шағын кәсіпкерлікті  реттеудің нормативтік  құқықтық негзі құрылды.

          Қазақстан Республикасы Салық кодексінің жекелеген бөлімінде салық жүктемесін айтарлықтай төмендететін  және салық салу жүйесін, соның ішінде шағын бизнес субъектілеріне, шаруа фермер қожалықтарына, заңды тұлғалар – ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге қатысты оңайлататын арнайы салық режимдері көзделді. Шағын бизнес субъектілері үшін арнайы салық режимі бір жолға талаптардың, патентердің және оңайлатылған декларацияның негізінде айқындалады. 2004-2005 жылдардың ішінде  Қазақстан Республикасының  салық кодексі не шағын бизнес субъектілері үшін салық ауыртпалығын одан әрі төмендетуге байланысты өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Мемлекеттік бағдарлама көзделген іс-шаралар жоспарын іске асару үшін жыл сайын республикалық бюджеттен 159,12 млн.тенге  көлемінде  қаражат бөлініп  жатыр.

Бағдарламаны  іске асару кезеңінде кәсіпкерлікті  қолдаудың  ақпараттық желісімен 400 мыңға дейін шағын кәсіпкерлік  субъектілері қамтылуы тиіс. Бағдарламада көзделген шараларды нақтылы іске асару нәтижесінде: шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны 550 мыңға дейін, оның ішінде: 2004 жылы – 510 мыңға дейін; 2005 жылы – 530 мыңға дейін; 2006 жылы – 550 мыңға дейін; шағын кәсіпкерлікте жұмыс істейтіндердің саны 2004 жылы – 1,4 млн. адамға дейін; 2005 жылы -  1,5 млн. адамға дейін; 2206 жылы – 1,6 млн. адамға дейін; ЖІӨ құрылымындағы шағын кәсіпкерліктің үлесі  27 %-ға дейін оның ішінде: 2004 жылы - 23 %-ға дейін; 2005 жылы - 25 %-ға дейін; 2006 жылы - 27 %-ға дейін ұлғайту қарастырылған болатын.

Кәсіпкерлер  жиі  кездесетін  нарықтық  инфрақұрылым  объектісі -  бұл  бизнес – инкубаторлар.  Қазақстанда  бизнес – инкубаторлар  жүйесін  құру  бастапқы  қадамда  тұр.  Қазіргі  кезде  республикада  50 – ге  жуық  бизнес – инкубаторлар  жұмыс жасауда.  Олар  жергілікті  атқару  органдарының  инициативасы  бойынша шағын кәсіпкерліктідамыту және  қолдаудың аймақтық  бағдарламасы  шегінде құрылған  болатын.

Бүгінгі  күні  Қазақстанда  қызмет  ететін  бизнес – инкубаторлардың  көбі  Қазақстандық  бизнес – инкубаторлар  және  инновациялық  орталықтар   

 ассоциациясына  (КАБИЦ)  кіреді.

Мониторингтік  зерттеулер  нәтижелері  бизнес -  инкубаторлардың  жпртысынан  астамы  халықаралық  тәжірибеде  жасалған  инфрақұрылымның  бұл  нысанын   құрудың  концепциясына  сай  келмейтінін  көрсетті:  олар  тек  оффистік  және  өндірістік  орындарды  берумен  шектеліп  қана  қояды, немесе  мәселелердің  азғантай  спектрі бойынша  қызмет  көрсетеді.  Бұл  зерттеулер  бойынша  респонденттердің  31,35 % - бизнес- инкубаторлар  қызметін  мүлде  пайдаланбаған.

Қалғандары  келесідей  бөлінген:

-   құқықтық  қызметтер – 31%;

-   аудиторлық  және  бухгалтерлік  қызметтер  – 25,2%:

-  оқыту –  20,4%:

-  несие алу   бойынша  қызметтер – 16%:

-  лизингтік   қызметтер – 7,4%. 

Инфрақұрылымның  келесі объектісі - консалтингтік  фирмалар. Қазіргі  кезде  консалтингтік  компаниялар  шағын  кәсіпкерлік  субъектілеріне  келесідей  қызметтер  көрсетеді:

    • құқықтық  қамтамасыз  ету;
    • аудит  және  бухгалтерия;
    • маркетингтік  зерттеулер;
    • бизнес – жоспар
    • салық  заңдылығы;
    • кедендік  қызметтер  және  т.б.

Қолданыстағы  салық жүйесінің осы кезеңде  экономикалық реттеуіш ретінде шағын  кәсіпкерлік субъектілері санының артуын ынталандыра отырып, жұмыс орындары санының, өндірілетін жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер көлемінің ұлғаюын қамтамасыз етуі өте маңызды.

Екінші деңгейдегі банктердің шағын кәсіпкерлік субъектілеріне кредиттер беру рәсімдерін және онымен байланысты шығыстарды:

    • шағын бизнес субъектілері үшін кредиттерге қызметтер көрсету төлемдерін азайту жөніндегі тетіктерді әзірлеу және енгізу;
    • шағын бизнес кәсіпорныдарын оларды жеңілдетілген нысан бойынша жобаның техника-экономикалық негіздемесімен ауыстыра отырып, несие берілетін іс-шара бойынша бизнес-жоспарларды міндетті түрде ұсынудан босату;
    • қарыз алушы шағын бизнес кәсіпорындарының қаржы жағдайын бағалау өлшемдерін, сондай-ақ несиелерді қамтамасыз ету түрлеріне қойылатын талаптарды жеңілдету жолымен оңтайландыру қажет болады.

Бағдарламаны  іске асару шеңберінде кәсіпкерлердің қызметті игеруге немесе кеңейтуге  байланысты шығындарын жүйелі түрде  сүйемелдеу және олардың уәждері  мен мақсаттарын есепке алу жолымен  қысқарту үшін жағдайлар жасалады. Осы міндетті орындау әкімдердің шағын кәсіпкерлік инфроқұрылымын жергілікті жерлерде дамытуға жауапкершілігін және  Шағын кәсіпкерлік жөніндегі республикалық ақпараттық-көрме орталығы мен оның филиалдық желісі, кәсіпкерлердің жұмыс істеп тұрған қауымдастықтары, бизнес орталықтар, бизнес-инкубаторлар мен технопарк тер, оқу және ақпараттық–талдау орталықтары қызметінің тиімділігін арттыру есебінен мүмкін болады  деп күтілген.

Кәсіпкерлердің  қоғамдық бірлестіктер нысанындағы  қауымдастықтарды құруы кеңінен  таралуда.

Шағын кәсіпкерлікті дамыту үшін ірі кәсіпорындармен шағын бизнестің ықпалдасуы үлкен маңызға ие болады. Сондықтан мемлекет тарапынан шағын және ірі шаруашылық құрылымдардың ынтымақтастығын ұйымдастыру мен қолдау жөнінде іс-шаралар жүргізілуде. Бұл қолдау:

    • шағын бизнесті демеушілікті ынталандыру;
    • шағын бизнестің ірі бизнеспен өзара іс-қимылын франчайзинг қағидаттарымен қамтамасыз ету;
    • жинақтаушы бұйымдар өндірісіне және қызметтер көрсетуге ірі кәсіпорындардың тапсырыстарының негізгі үлесін отандық шағын кәсіпорындар арасында  орналастыру (кемінде 70-90 %);
    • шағын кәсіпкерліктің минай-газ және тау-кен-металлургия, соның ішінде шетел қатысатын компаниялармен байланыстарды нығайту; тиімді жұмыс істеу және ірі компаниялармен тапсырыстар алу үшін
    • шағын кәсіпкерліктің кәсіби деңгейін жетілдіру;
    • жоғары технологияларды қолданатын өндірістік процесстерге (минай-газ кешені, машина жасау, радиоэлектроника, аспап жасау және басқа салалар) шағын кәсіпкерліктің қатысуын қамтамасыз ету. Қажетті тауарларды шығару мен сервистік қызметтер көрсетуді қоса алғанда, минай-газ саласының тіршілік әрекерінің қамтамасыз ету бойынша инфроқұрылымының даму жөніндегі мәселенің маңыздылығын ескере отырып, қосылған құны жоғары тауарлар шығару, сон дай-ақ жүйе қалыптастыратын кәсіпорындарға тауарлар жеткізу және қызметтер көрсету мақсатында отандық кәсіпкерлерді тарту жөнінде іс-шаралар әзірленеді;
    • шағын кәсіпорындарды ірі кәсіпорындардың тиісті бөлімшелері жұмысының орныққан жабдықтау-өткізуші, маркетинг схемаларына қосуды қамтамасыз ету жолымен жүзеге асырылады.

Шағын бизнес субъектілеріне беру мақсатында тоқтап тұрған кәсіпорындарды бөлшектеу және қайта құрылымдау жөніндегі жұмысты  жалғастырылды..

Кәсіпкерлерді ақпаратпен қамтамасыз ету шағын  бизнес мәселелері жөніндегі кешені ақпаратты қамтитын кәсіпкерлікті қолданудың бірыңғай ақпараттық желісінің жұмыс істеуі арқылы жүзеге асырылады.

Шағын кәсіпкерлікті  дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты тиімді іске асыруға бұқараның қоғамдық санасында азаматтардың күделікті  материалдық қажеттіліктерді қанағаттандыру көзі ғана емес, сондай-ақ лайықты өмір сүруді қамтамасыз ететін кәсіпкерлік бастамасына оңды көзқарас қалыптастыру үшін насихат жұмысын ұйымдастыру ықпал ететін болады. Осыған байланысты бұқаралық апарат құралдарын тарта оырып, ақпараттық-танымдық сипатқа ие семинарлар, конференциялар, „дөңгелек үсьелдер” өткізуді жоспарлануда.

Бұдан басқа, осы  бағыттың аясында әйелдер мен  жастар кәсіпкерлігін дамытуды насихаттау жүргізіледі.  Кәсіпкерлердің осы  тобына кәсіпкерлік негіздерін үйретуге баса назар аударылады. Кәсіпкерлік қызметпен дербес айналасу үшін күш-жігері және ниеті бар азаматтарды қолдауды республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражатынан қаржыландырылатын бизнес-инкубаторлардың шеңберінде жүзеге асару болжанған.

Соңғы он жыл  ішінде қалыптасқан кәсіпкерлік ортада болған өзгерісер оның нормативтік құқықтық базасын және мемлекеттік реттеудің негіздерін жетілдіру қажеттігін бірінші орынға қойып отыр.

Осы мақсатта кәсіпкерлік  мәселелерін реттейтін қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерде орын алған қайшылықтарды жою және экономика дамуының қазіргі таңдағы жай-күйінің талаптарына сейкес келтіру мәніне тексеру жүргізіледі.

Шағын кәсіпкерлік  субъектілерінің таратылу тәртібі  ықшамдалады.

Қызметтің түрлерін лицензиялау және басқа рұқсат беру жүйесі оңтайландырылады, сон дай-ақ оларды беру рәсімдері мен тәртібі

жетілдірілді.

Шағын кәсіпкерлік  субъектілеріне бұл ресурстарды  экономикалық қызмет саласына қатыстыру  үшін жер учаскелерін беру тәртібі оңайлатылды..

Бүгінгі  күні  өнеркәсіп  өндірісі көлемінің 85 %- ы жеке  секторда  өндіріледі.  Елдің ЖІӨ - дегі  шағын және  орта  бизнестің үлесі шамамен 25 %  құрайды,  экономиканың  жеке  секторында  еңбекпен  қамтылған халықтың  60 % - дан астамы  еңбек етеді. Кәсіпкерлікті қолдау  үшін бес мемлекеттік бағдарлама  қабылданып,  жүзеге  асырылуда.

 Бүгінде  біздің  елімізде  кәсіпкерлікті  дамытудың  перспективасы  айқындалды.  Қазіргі уақытта,  Мемлекет  басшысының  халыққа жолдауы негізінде шағын және  орта  кәсіпкерлікті 2006 – 2008  жылға дейін дамыту жөніндегі жеделдетілген шаралардың  жаңа  ауқымды бағдарламасы  әзірленуде.  Бизнес  құру  жолындағы бюрократялық  кедергілер  азайтылды.  Тек соңғы жылдары ғана  лицензияланатын қызметтердің  350 – ге жуық  түрлері қысқартылды.  Кейбір  лицензияларды  беру  өңірлік  деңгейге  көшіріліп,  процедуралар  айтарлықтай  қарапайымдандырылды. 

Информация о работе Қазақстан Республикасының нарық жағдайында шағын кәсіпкерліктің дамуын жетілдіру