Қазақстан республикасының мамандалған ақша несие институттары

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Ноября 2011 в 12:14, курсовая работа

Описание работы

Қазақстанда өтiп жатқан нарықтық қатынастар экономиканы дамыту үшiн ғана емес, бүкiл қоғамдық өмiр үшiн де орасан зор маңызы бар екендiгiн республикамыздың тәуелсiздiгiнiң 10 жыл астам iшiнде атқарылған жұмыстар көз жеткiзе дәлелдейдi. Реформа қалыптасқан экономикалық қатынастарға елеуге өзгерiстер енгiздi және сайып келгенде әрбiр еңбекшiнiң мүддесiн қамтыды. Сондықтан бұғандейiн ынта-ықыластың уақыт өткен сайын әлсерiмейтiндiгiнiң, қайта арта түсетiндiгiн өмiр көрсетiп отыр.

Курстық жұмыстың тақырыбы - «Қаржы-несие мекемелерi рыноктық экономиканың негiзгi элементi ретiнде»

Курстық жұмыстың өзектiлiгi – нарықтық экономиканың тiрегi ретiнде экономикалық дамудың элементiн бiлдiретiндiктен қаржы-несие мекемелерiнiң мәнiн ашу, қаржы-несие мекемелерiнiң экономикадағы орны мен ролiн, атқаратын қызметтерiн, Қазақстандағы дамуын сипаттауға негiзделген.

Содержание

Кiрiспе

I бөлiм: Қазақстан республикасының мамандалған ақша несие институттары
Қаржы-несие мекемелерiнiң теориялық сипаттамасы

1.2. Қаржы-несие мекемелерiнiң функциялары

II бөлiм: Қазақстан Республикасындағы қаржы-несие мекемелерiнiң дамуы
Сақтандыру компаниялардың дамуы
Ипотекалық компаниялардың дамуы

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

Қазақстан республикасының мамандалған ақша несие институттары.doc

— 239.50 Кб (Скачать)

    Ипотекалық  компаниялар көбiне АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Франция елдерiнде  көп дамыған. Мысалы, АҚШ-та қазiргi заманда ипотека жылына жалпы сомасы 3-4 млрд. долларға 5 млн.-нан астам ипотекалық мәмiле жасалады. 1934 жылы құрылған Федералдық тұрғын үй әкiмшiлiгi жергiлiктi халықты аса жоғары емес топтары үшiн тиiстi үкiметтiк бағдарламалар әзiрлеп отырады. Ұлыбританияда ипотекалық несиелер көлемi – жылдық жалпы iшкi өнiмнiң (ЖIӨ) 60%-ын, Германияда ЖIӨ-ның 50%-дан астамын құрайды.

    Инвестициялық компания (қор)

    «Инвестиция» ұғымы ол латын тiлiнен шыққан «салу» қаржы салу немесе қаржыландыру, қаржы тартуды бiлдiредi. Басты мақсаты экономиканың нақты салаларына қаржы салу арқылы пайда табу.

    Инвестиция  құрамына: мүлiктер, байлықтар, материалдық және интеллектуалдық құндылықтар кiредi.

    Инвестициялық компания – тартылған қаражаттарды бағалы қағаздарға инвестициялау мақсатында, өзiнiң акцияларын шығарғу және ашық түрде орналықтару арқылы ақшалай қаражаттарды тартуға байланысты қызметiн жүзеге асыратын акционерлiк қоғам формасында құрылатын заңды тұлға.

    Акционерлермен  өзара қатынасына байланысты инвестициялық  компаниялардың екi түрi бар:

    • Өзара бiрiккен қорлар - ашық типтi – акция ұстаушының талабы бойынша акцияларды керi сатып алуға мiндеттенедi;
    • Инвестициялық компания - жабық типтi – ондай құқығы жоқ;

     Иневестициялық  компанияны басқарушы  – инвестициялық  қормен оны басқару туралы келiсiм-шарт негiзiнде әрекет етушi және бағалы қағаздар портфелiн басқаруға байланысты кәсiби қызметтi жүзеге асырушы заңды тұлға.

     Инвестициялық банктерден айырмашылығы басқаларының басқарушы  қызметiн атқаруға құқығы жоқ.

     Несиелiк  серiктестiк

     Несиелiк  серiктестiк – банк болып табылмайтын, өзiнiң қатысушыларына несие беру және қызмет көрсету мақсатында құрылған, өз қызметiн Ұлттық банктен қарыздық және басқа да банк операцияларын жүргiзуге асырушы заңды тұлға. Несиелiк серiктестiк жабық акционерлiк қоғам және жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк түрiде құрылатын және өз қызметiн жүзеге асыратын коммерциялық ұйым. Несиелiк серiктестiктiң қатысушылары жарғылық қорының елу пайыздан астамы мемлекетке жататын өкiлеттi атқарушы және сот билiгiнен, қаржылық капиталы мемлекеттiк кәсiпорындар мен ұйымдардан, сондай-ақ, оны тiркеген мемлекеттiң заңымен сәйкес келетiн оффшорлық аймақтағы компания статусы бар заңды тұлғалардан басқа жеке және заңды тұлғалар (резиденттер және резидент еместер) болуы мүмкiн.

     Несиелiк  серiктестiктердiң  жарғылық капиталы пай  қосу және мiндеттi кiру жарнасын төлеу жолымен  қалыптасады. Мұндағы қосқан үлестер мүшелiктен шығып қалған жағдайда қайтарылмайды. Несиелiк серiктестiктердiң мүшелерiне кооперативтер, жалгерлiк кәсiпорындар, банктер, шағын және орта бизнес, жеке тұлғаларыф кiредi. Несиелiк серiктестiктердiң Қазақстан Республикасының аумағында, сондай-ақ одан тысқары жерлерде филиалдарын, өкiлеттiлiктерiн және еншiлес серiктестiктерiн ашуға құқығы болмайды.

     «Несиелiк серiктестiк туралы» ҚР заңына сәйкес несиелiк серiктестiк бұл оның қатысушыларының бос ақшалай қаражаттарын жұмылдыру жолымен қаржылық көмек көрсету барысындағы қажеттiлiктерiн қанағаттандыру мақсатында заңды және жеке тұлғалардың ерiктi түрде бiрiгуiнiң нәтижесiнде құрылған, банк болып табылмайтын және ҚР Ұлттық банкiнiң лицензиясы негiзiнде жекелеген банк операцияларын жүзеге асыратын заңды тұлға.

     Несиелiк  серiктестiктердiң  мынандай түрлерi болады:

  • Несиелiк-депозиттiк серiктестiк – заңды тұлғалардың қабылдау мүмкiндiгi;
  • Ауыл несиелiк серiктестiгi - өзара несие беру үшiн, оның қатысушыларының ақшаларын жинақтау жолымен ерiктi түрде жеке және заңды тұлғалардың өзара бiрiгуiнiң нәтижесiнде құрылған, банктiң жекелеген операцияларының түрлерiн жүзеге асыратын заңды тұлға. Оның құрылтайшысы: Орталық банк, коммерциялық және мамандырылған банктер, үкiмет құрылымдары, заңы және жеке тұлғалар бола алады. Олардың басты қызметi – ауыл шаруашылығы несие-еcеп айырысу қызметiн көрсету; шаруашылық заттарын, мал, тұқым, тыңайтқыш сатып алу шығындарын және өзге де жұмыстарды несиелеу. Ауыл шаруашылығы несиелiк серiктестiктерiнiң клиенттерiне шаруақожалықтары, фермерлер, сондай-ақ ауыл шаруашылық кәсiпорындар жатады. Негiзгi операциялары: қысқа және орта мерзiмге ссудалар беру және салымдарды қабылдау, делдалдық қызмет. Ауыл шаруашылық несиелiк серiктестiктердi ұйымдастырудың басты ерекшелiгi – олардың қызметiнiң бiрқатар салық жеңiлдiктерiне ие болу, сондай-ақ оларға үлес қосушыларға да салықтық жеңiлдiктер болады;
  • Несиелiк серiктестiк – коммерциялық ұйым;

     Несиелiк  серiктестiк және ауыл несиелiк серiктестiгi ҚР заңдылықтарындағы  ерекшелiктерiне сәйкес мынадай ұйымдық-құқықтық формада құрыла алды:

  • Коммандиттiк серiктестiк;
  • Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк;
  • Толық серiктестiк;
  • Акционерлiк қоғам;

    Микрокредиттiк  ұйымдар

    Микрокредиттiк  ұйымдар – бұл микрокредит берумен айналысатын ұйымдар болып табылады.

            Сақтандыру компаниясы

          Сақтандыру дегенiмiз – белгiлi бiр сақтандыру жағдайлары кезiнде сақтаушылардың сақтандыру төлемдерiнен, сондай-ақ заңмен тыйым салынбаған басқа да көздерден құралатын сақтандыру өтемдерi ақшалай қорлардың есебiнен төленетiн жеке және заңды тұлғалардың (сақтандырылғандардың) мүдделерiн мүлiктiк қорғау жөнiндегi қарым-қатынас болып табылады.

    Сақтандырушы – сақтандыру қызметiн жүзеге асыру үшiн құрылған, сақтандырудың тиiстi түрiн жүргiзу құқығына лицензия алған коммерциялық ұйым.

    Сақтандыру  компаниясы – сақтандыру ұйымдары айналасатын операциялармен шұғылданады. Олар сақтандыру полистерiн сату арқылы қаражат табады. Пассивi сақтандыру жарнамаларынан және активтiк операциялардан түскен табыстан құралады. Оларды сақтандыру полистерiн төлеуге, ұзақ мерзiмдi бағалы қағаздарға және тұрғын үй құрылысы үшiн кепiлдiкке жұмсайды.

    Сақтандыру  мiндеттiлiк дәрiжесi бойынша:

    • Ерiктi сақтандыру – тараптардың ерiк бiлдiруiне сәйкес жүзеге асырылатын сақтандыру.
    • Мiндеттi сақтандыру – тараптардың ерiк бiлдiруiне сәйкес жүзеге асырылатын сақтандыру.

    Сақтандыру объектiсi бойынша:

    • Жеке сақтандыру:  өмiрдi, денсаулықты, еңбек қабiлеттiлiгiнжәне азаматтық жеке басына байланысты өзге де мүдделердi сақтандыру жатады.
    • Мүлiктi сақтандыру: кәсiпкерлiк тәуекелдер мен азаматтық-құқықтық жауапкершiлiктi сақтандыруды қоса алғанда мүлiк пен онымен байланысты мүдделердi сақтандыру жатады.

    Жинақ мекемелерi

    Жинақ мекемелерi – жергiлiктi басқару органдары, не пошта ұйымдастырған мемлекеттiк мекемелер, яғни ол капитал ретiн пайдалануға болмайтын ұсақ жинақтар мен табыстарды өзiнде жинақтайды. Жинақ мекемелерi XX ғ. 30-40жылдарынан бастап жеке жинақ мекемелерi түрiнде болды. Оның мынандай түрi бар:

    • өзара жинақтау банктерi
    • несие-жинақтау ассоциациялар
    • несиелiк одақтар

    Өзара жинақтау банктерi

    Өзара жинақтау банктерi – «өзара бiрiккен» кәсiпорындар. Олар халықтың ұсақ салымдарын белгiлi бiр мерзiмге қабылдайды. Осы салымдарды тек 30 күннен кейiн қайта алуға болады. Қаражат негiзiнен жылжымайтын мүлiк туралы актiлер мен бағалы қағаздарды кепiлге ала отырып, мемлекеттiк бағалы қағаздарға, тұрғын үй салу үшiн ипотекаға, үкiмет органдарының облигацияларына жұмсалады. Сондай-ақ, коммерциялық және тұтыну қарыздарын бередi.

    Несие-жинақтау ассоциациялары

    Несие-жинақтау ассоциациялары – клиенттерге керi сатып алынатын және процент түрiнде табыс түсiретiн сертификат сату арқылы капиталы құрылатын мекеме. Ассоциация капиталының көп бөлiгi ипотекаға салынады. 

    Несиелiк  одақтар – бұл белгiлi бiр жеке тұлғалардан немесе ұсақ мекемелерден ұйымдастырылатын несиелiк кооперативтер. Оны кәсiподақтар, iрi кәсiпорындар, шiркеулер ұйымдастырады. Олар негiзiнен АҚШ-та, Ұлыбританияда, Канадада кең таралған.

    Олар  негiзгi екi типте  болуы мүмкiн:

    • Қысқа мерзiмдi тұтыну несиесiн беру мақсатында кәсiби немесе аумақтық белгiлерiне қарай жеке тұлғалар тобымен ұйымдастырылған;
    • Еркiмен қосылған дербес несиелiк серiктестiк түрiнде, мысалы, ссуда жинақ серiктестiктерi, өзара несие қоғамдары, кооперативтер және т.б.
    • Несиелiк одақтардың капиталдары олардың мүшелерiнiң қосатын үлесiнен және пайыздарды төлеу, сондай-ақ зайымдарды шығару жолымен қалыптасады.
    Ақша  нарығының өзара  бiрiккен қорлары 

    Ақша  нарығының өзара  бiрiккен қорлары – пайлық депозиттiк сертификаттарды, қазыналық вексельдердi сату жолымен инвестициялық капитал жинақтап, оны нарықта айналысқа түсетiн қысқа мерзiмдi бағалы қағаздардан тұратын активтер портфелiн құруға бағыттайды. Осыдан түскен табыс акционерлерге төленедi. Ақша нарығының өзара бiрiккен қорлары алғашқыда 70-жылдары пайда болған.

    Қаржы компаниялары

    Қаржы компаниялары – тұтыну тауарларын қарызға сатуды несиелеуге және коммерциялық несие беруге маманданған мекемелер. Олар компаниялардың өздерi шығарған қысқа мерзiмдi мiндеттемелер мен коммерциялық банктердiң берген несиесiнен құралады.

    Бюджеттен тыс қорлар

    Бюджеттен тыс қорлар – мемлекет олрды белгiлi бiр қоғамдық қажеттiлiктердi қаржыландыру үшiн тарта отырып, оперативтiк дербес негiзiнде жұмсайтын қаржылай қаражаттарды қайта бөлу жзәне пайдалану нысандардың бiрiн бiлдiредi. Бұл қорлар қаржы нарығының инвесторлары және қатысушылары ретiнде бола алады, себебi, бiрiншiден, ақшалай қаражаттарды пайдалану, оларды жинақтау уақытымен дәл келмейдi, ал екiншiден, инвестициядан түсетiн табыстар сол немесе басқа қордың шығынын қаржыландыратын қосымша табыс болып табылады.

    Қазақстандағы мемелекеттiк бюджеттен  тыс қорларға жататындар:

    • Зейнетақы қоры;
    • Халықты жұмыспен қамту мемлекеттiк қоры;
    • Әлеуметтiк сақтандыру қоры;
    • Мiндеттi медициналық сақтандыру қоры;
     Жинақтаушы  зейнетақы қорлары
       Жинақтаушы зейнетақы қорлары - жұмыс жасайтын адамдардың жалақысынан белгiлi мөлшердегi аударымды жинақ ретiнде қабылдап, оларды зейнет жасына жеткенде берiп отырады. Оладың активтерiн басқаратындарды «Зейнетақы қорларының активтерiн басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар» деп атайды. Бұл ұйымдар олардың активтерiн белгiленген нормативтерге сәйкес әр түрлi бағыттарда орналастырып, оларда табыстар алады. Сөйтiп, ондай табыстарды зейнетақы қорында жинағы бар салымшылардың шотына есептейдi.

      Жинақтаушы  зейнетақы қорлары  екi түрге бөлiнедi:

    • Мемлекеттiк
    • Жеке

     Әлеуметтiк  сақтандыру қоры

     Әлеуметтiк  сақтандыру қоры – аумақтық және салалық деңгейде бөлiнетiн, мемлекеттiк маңыздылығы бар ресурстардың орталық қоры болып табылады. Әр түрлi меншiк формасындағы кәсiпорындардың, ұйымдардың және кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын тұлғалардың қаражаттарының мiндеттi түрде қатысуымен сақтандыру әдiсi арқылы құрылады. Әлеуметтiк сақтандыру қорының қаражаты еңбекақы төлеу қорынан – мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыруға аударымдар жасау есебiнен қалыптасады. Әлеуметтiк сақтандыру қорының қаражаттары әр түрлi жәрдемақылар төлеуге емдеу-демалыс орындарын қаржыландыруға жұмсалады. Бұл қордың шығындарының басым бөлiгiн жәрдемақы төлеуге жұмсалатын қаражаттар алады.

Информация о работе Қазақстан республикасының мамандалған ақша несие институттары