Қазақстан республикасының мамандалған ақша несие институттары

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Ноября 2011 в 12:14, курсовая работа

Описание работы

Қазақстанда өтiп жатқан нарықтық қатынастар экономиканы дамыту үшiн ғана емес, бүкiл қоғамдық өмiр үшiн де орасан зор маңызы бар екендiгiн республикамыздың тәуелсiздiгiнiң 10 жыл астам iшiнде атқарылған жұмыстар көз жеткiзе дәлелдейдi. Реформа қалыптасқан экономикалық қатынастарға елеуге өзгерiстер енгiздi және сайып келгенде әрбiр еңбекшiнiң мүддесiн қамтыды. Сондықтан бұғандейiн ынта-ықыластың уақыт өткен сайын әлсерiмейтiндiгiнiң, қайта арта түсетiндiгiн өмiр көрсетiп отыр.

Курстық жұмыстың тақырыбы - «Қаржы-несие мекемелерi рыноктық экономиканың негiзгi элементi ретiнде»

Курстық жұмыстың өзектiлiгi – нарықтық экономиканың тiрегi ретiнде экономикалық дамудың элементiн бiлдiретiндiктен қаржы-несие мекемелерiнiң мәнiн ашу, қаржы-несие мекемелерiнiң экономикадағы орны мен ролiн, атқаратын қызметтерiн, Қазақстандағы дамуын сипаттауға негiзделген.

Содержание

Кiрiспе

I бөлiм: Қазақстан республикасының мамандалған ақша несие институттары
Қаржы-несие мекемелерiнiң теориялық сипаттамасы

1.2. Қаржы-несие мекемелерiнiң функциялары

II бөлiм: Қазақстан Республикасындағы қаржы-несие мекемелерiнiң дамуы
Сақтандыру компаниялардың дамуы
Ипотекалық компаниялардың дамуы

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

Қазақстан республикасының мамандалған ақша несие институттары.doc

— 239.50 Кб (Скачать)

Мазмұны

Кiрiспе

I бөлiм: Қазақстан республикасының мамандалған ақша несие институттары

    1. Қаржы-несие мекемелерiнiң теориялық сипаттамасы

1.2. Қаржы-несие мекемелерiнiң  функциялары 

II бөлiм:  Қазақстан Республикасындағы қаржы-несие мекемелерiнiң дамуы

    1. Сақтандыру компаниялардың дамуы
    2. Ипотекалық компаниялардың дамуы

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 

    Кiрiспе 

    Қазақстанда өтiп жатқан нарықтық қатынастар экономиканы  дамыту үшiн ғана емес, бүкiл қоғамдық өмiр үшiн де орасан зор маңызы бар  екендiгiн республикамыздың тәуелсiздiгiнiң 10 жыл астам iшiнде атқарылған жұмыстар көз жеткiзе дәлелдейдi. Реформа қалыптасқан экономикалық қатынастарға елеуге өзгерiстер енгiздi және сайып келгенде әрбiр еңбекшiнiң мүддесiн қамтыды. Сондықтан бұғандейiн ынта-ықыластың уақыт өткен сайын әлсерiмейтiндiгiнiң, қайта арта түсетiндiгiн өмiр көрсетiп отыр.

    Курстық жұмыстың тақырыбы -  «Қаржы-несие мекемелерi рыноктық экономиканың негiзгi элементi ретiнде»

      Курстық жұмыстың  өзектiлiгi – нарықтық экономиканың тiрегi ретiнде экономикалық дамудың элементiн бiлдiретiндiктен қаржы-несие мекемелерiнiң мәнiн ашу, қаржы-несие мекемелерiнiң экономикадағы орны  мен ролiн, атқаратын қызметтерiн, Қазақстандағы дамуын сипаттауға негiзделген.

    Жалпы негiзгi мақсаты – Қазақстан Республикасындағы қаржы-несие мекемелерiнiң экономиканы тұрақтандырудағы мәнiн, оның экономикаға әсер ету маңызын, оған қатысушы субъектiлердiң немесе қарыз берушiнiң пайыз түрiнде табыс алуын анықтауға негiзделе отырып теориялық жағын неғұрлым ашып көрсету.

      Субъектiсi – несие берушi: банк және арнайы қарыз мекемелерi қарыз алушылар ретiнде кәсiпкерлiкпен немесе бизнеспен шұғылданатын қаржы ресурстарына деген сұранысы кез келген заңды ұйым болып табылады.

    1-сұрақта қаржы-несие мекемелерiнiң түрлерiн, мазмұнын, қызметiн, формасын, теориялық сипаттамасына, оның функциясына көңiл бөлдiм.

    2-сұрақта Қазақстан Республикасындағы қаржы-несие мекемелерiнiң – сақтандыру және ипотекалық компаниялардың дамуы, олардың нарықтық экономикаға өтудегi ролi мен қызметтерi жайлы мәлiметтер сипатталады. 
 
 
 
 
 
 

I бөлiм: Қазақстан республикасының мамандалған ақша несие институттары

    1. Қаржы-несие мекемелерiнiң теориялық сипаттамасы

    Несие жүйесi – жалпы банктердiң ( ұлттық және коммерциялық ) және банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын банктiк мекемелердiң жиынтығы.

    Көпреген  мемлекеттерде несие  жүйесi туралы екi ұғым қалыптасқан:

    • Несие-есеп қатынастары, оның түрлерi мен несиелеу әдiстерiнiң жиынтығы;
    • Қаржы-несие мекемелерiнiң жиынтығы;

    Несие қатынастары несиенiң  барлық формалары  мен түрлерiн қамтиды. Несие жүйесi қаржы-несие мекемелернiң жиынтығы ретiнде жеке және заңды тұлғалардың уақытша бос ақшаларын есепшоттарда шоғырландырып, оларды кәсiпорынға, үкiметке және халықтың әр түрлi топтарының қарызға беруi.

          Несие мекемелерiнде әр түрлi субъектiлердiң уақытша бос ақша капиталдарын шоғырландырып және оларды белгiлi бiр мерзiмнен кейiн және белгiлi бiр төлем ақымен қайтару үшiн бөлiп беру.

          Несие жүйесi мемлекеттiң  ақша айналымын реттеп, ақша қаражатының  экономиканың бiр  саласынан екiншi саласына ауысуын қамтамасыз ету арқылы өндiрiстiң тиiмдiлiгiн арттыруға ықпал етедi. Несие жүйесi арқылы кәсiпорындардың, ұйымдардың және халықтың ақшалы есеп айырысуы мен төлемдерi жүргiзiлiп, сонымен несиелiк, сақтандыру, делдалдық, инвестициялық, сенiмдiлiк, кеңес беру және с.с. көптеген операциялар өтедi.

          Несие жүйесiнiң ұғымы  банк жүйесiне қарағанда  кеңiрек, яғни мұнда  өзге де несиелiк  мекемелер қамтылады. Әр елдiң өзiндiк  ерекшелiгiне қарай  несие немесе банк жүйесiнiң құрылымы қалыптасты.

          Қазiргi уақытта несие жүйесiнде көптеген өзгерiстер кездеседi:

  • Банк монополиясының пайда болуы нәтижесiнде банк капиталының шоғырлануы мен орталықтануы. Бiрiшiсiнде ұсақ банктердiң күйреуi, олардың бiр-бiрiмен қосылуы, бөлiмшелерiнiң дамуы, ал екiшiсiне корреспонденттiк қатынастар мен көпбанктiк жүйелердiң дамуы. Корреспонденттiк қатынастар дегенiмiз несие мекемелерi арсындағы келiсiм бойынша жүргiзiлетiн операциялар, олардың мақсаты – бiр-бiрiнiң тапсырмасы бойынша төлемдер мен есеп айырысуды жүзеге асыру.
  • Әр түрлi несие мекемелерi арасында бәсекенiң күшеюi. Банк монополиясы мен несие қатынастарының өркендеуi қарыз капиталының нарығында бәсекенi өрмiте түстi. Бәсеке бiртектес және әр түрлi несие мекемелерiнiң арасында жүредi.
  • Банк капиталы мен өнеркәсiп капиталының бiрiгiп қаржы капиталын құру. Өнеркәсiп пен банк iсiнде монополиялардың пайда болуы және олардың бiрiгiп жұмыс жүргiзуi қаржы капиталының құрылуына негiз болады.
  • Несие жүйесiндегi құрылымдық өзгерiстер. Несие-қаржы мекемелерiнiң ұлғаюы қаржы капиталы нарығындағы банк iсiнiң кеңеюiне жол ашып, несие жүйесiндегi құрылымдық өзгерiстерге әкеледi.

    Капиталын иемденуiне қарай қаржы-несие мекемелерi:

    • Мемлекеттiк
    • Жеке

    Екiншi дүниежүзiлiк соғыстан кейiнгi кездерi отарлау  жүйесiнiң құлауы  нәтижесiнде елдерде  құралған ұлттық несие мекемелерiнiң пайда болуына мүмкiндiк туғызды. Әлемде валюта-несие және қаржы мекемелерi: Халықаралық валюта қоры, Халықаралық қайта құру және Даму банкi, аймақтық Даму банктерi және т.с.с.

          Несие мекемелерiнiң клиенттерге  көрсететiн қызмет түрлерiне қарай несие жүйесi 3 элементтен тұрады:

  • Орталық (эмиссиялық) банк – «банктердiң банкi», бiрiншi деңгейдегi мемлекеттiк банк, кез келген елдiң мемлекеттiк, халықтық немесе ұлттық банк  деп аталуына тәуелсiз эмиссиялық, ақша-несие мекемесi болып табылады. Ол заңды және жеке тұлғалармен операциялар жүргiзбейдi, оның клиенттерi - коммерциялық банктер, үкiмет ұйымдары және басқа да мекемелер. Банктiк мекемелерге қатысты Орталық банк тiкелей әрекет ету және реттеу, бақылау мен қадағалау қызметтерiн атқарады. Несиелiк жүйесiнiң қалған буынына Орталық банк несиелiк және ақшалай операциялар, рыноктың әр түрлi секторлары, несие-қаржы қызметтерiнiң өзара байланыстарында байқалатын жанама әрекет етедi.
  • Коммерциялық банктер. Ол – екiншi деңгейiндегi банк, қарыз капиталы нарығының әр түрлi секторларында қызмет ететiн көп қызметтi мекемелер. Олар кәсiпкерлiк тәжiребисiнде белгiлi бiр көптеген қаржылық операцияларды орындайды. Коммерциялық банктер елдiң несие жүйесiнде негiзгi, базалық буын ролiн атқарады. Олар үкiметтiң, iскерлiк мен миллиондаған жеке тұлғалардың салымдарын шоғырландыра отырып, қаржы жүйесiнiң орталығы болып қала бередi. Коммерциялық банктер қарыздық және инвестициялық операциялар арқылы өздерiнiң әр түрлi қорларына қарыз алушылардың қол жеткiзуге мүмкiндiк бередi.
  • Мамандырылған несиелiк мекемелер: сақтандыру, жинақтық, ипотекалық ,сенiмгерлiк және т.б.
 

    Қазақстанда несиелiк жүйе екi буыннан тұрады:

  • Банктiк жүйе. Банктiк жүйебанктiк операциялардың жалпы жиынын шоғырландырушы несие жүйесiнiң негiзгi буыны. Банктiк Қазақстандағы банк жүйесiнiң тарихы 15 жылдай. Банк жүйесiнiң реформалаудың мақсаты – отандық банктерiмiздiң қызметiн халықаралық стандартқа өткiзу. Қазақстандағы банк жүйесiнiң қызметi 1995 жылғы шығарылған «Қазақстан Республикасының ұлттық банкi туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктiк қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң заңында жазылған.
  • Парабанктiк жүйе (банктiк емес мекемелер). Парабанктiк жүйе экономикамыздың нарықтық қатынастарға көшуi барысында жаңадан қалыптасып, ендi ғана бiртiндеп дамып келе жатқан жаңа құрылымды сипаттайды. Банктiк емес мекемелердiң немесе парабанктiк мекемелердiң банктерден айырмашылығы – олар бiрiншiден, клиенттердiң белгiлi бiр түрiне қызмет етсе, банктiк операциялардың жекелеген түрлерi бойынша қызмет көрсетедi.

    Қазақстан Республикасының  несиелiк жүйесiнiң  құрылымы мынадай  сызбамен берiлген: 
     
     
     
     

                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                           

Мақыш С.Б. «Ақша, несие, банктер» - А: Қазақ университетi, 2007 ж. 
 

    Маманданған қаржы-несие мекемелерi кез келген елдiң несие жүйесiнiң маңызды буыны. Олар қарыздық капиталдар нарығының кiшкене аясында ғана қызмететедi. Бұл әр түрлi мамандалған қаржы-несие мекемелерiнiң жиынтығы: сауда жинақ мекемелерi инвестициялық компаниялар және қорлар, несие-жинақтау мекемелерi, зейнетақы қорлары, сақтандыру компаниялары, мекемелердегi өзара көмек кассалары, ломбардтар және т.б. Бұл мекемелер өздерiнiң бастапқыдағы дамуында коммерциялық банктер орындамайтын операцияларды орындаған. Бұл мекемелердiң несие банктерден айырмашылығы – халықтың жинағын тарту арқылы ресурс жинақтау, ал коммерциялық банктер өз пассивтерiн негiзiнен заңды тұлғалардың уақытша бос қаражатын тарту.Ал, қазiргi кезде дамыған елдерде бұл мекемелер халыққа, фирмаларға және компанияларға қызметкөрсетуге байланысты коммерциялық банктермен өзара бәсекеге түседi, яғни коммерциялық банктер мен банктiк емес мекемелер арасындағы айырмашылық жоғалтады. Дәстүрлi емес операцияларды кеңейту арқылы бұл мекемелер банктiк нарыққа енiп келедi.

    Мамандандырылған  қаржы-несие мекемелерi ипотекалық және тұтыну, сол сияқты ауыл шаруашылық несиелерi саласындағы кең ауқымда тарауда. Олар халықтың ұсақ жинақтарын тарту, капиталды инвестициялау бағалы қағаздарды орналастыру және т.б. айналысады.

    Кейбiр  арнайы несие институттары Қазақстан аумағында  революцияға дейiн  Жаңа экономикалық саясат жылдарында және ауыл шаруашылығын ұйымдастыру  тұсында несиелiк  серiктестiктер өзара  несие беру қоғамы несиелiк одақтар және т.б. түрiнде болған. Қазiр банктiк емес мекемелерге өзара көмек беру кассаларын, ломбардтарды, сондай-ақ шаруа қожалығы бiрлестiктерiнiрi агроөнерәсiп бiрлестiктерiн, қаржы-есеп айырысу орталықтарын жатқызуға болады.

    Маманданған қаржы-несие мекемелерi алуан түрлi қызмет көрсетедi:

    • Тұтыну  несиесiн беру;
    • Ауыл  шаруашылық несиесiн  беру;
    • Халықтың ұсақ жинақтарын;
    • Ипотекалық несие беру;
    • Сыртқы сауда операцияларын қаржыландыру;

    Экономикалық  нарыққа өтуi несиелiк  жүйеде маңызды роль атқаруы мүмкiн қаржы-несиенiң дамуын талап етедi.

 

   Ломбард

    Ломбардтар – бұл жылжитын мүлiктердердi кепiлге ала отырып, қысқа мерзiмдi ссудалар беретiн несиелiк мекеме.

    Тарихта ломбардтар өсiмқорлық  несие беретiн  жеке меншiк кәсiпорын  ретiнде пайда  болған. Ломбардтардың мамандану саласы жылжитын мүлiк, оның iшiнде бағалы қағаздар мен асыл тастар (бағалы қағаздардан басқа) кеiлге алып, тұтыну несиесiн беру болып табылады. Олардың ссудалары негiзiнен қысқа мерзiмге (30 күнге дейiнгi мерзiмге) кепiлге салатын мүлiк құнының 50-80 мөлшерiнде берiледi. Кепiлге алып ссуда берумен қатар, олар клиенттердiң құндылықтарын сақтау, сондай-ақ комиссиондық негiзде кепiлге салынған мүлiктердi сатумен айналысады.

    ҚР  Ұлттық банктiң 1997 жылғы 29 тамыздағы №314 «Ломбард туралы» ережесiне сәйкес, ломбард банк болып табылмайтын Ұлттық банктiң берген лицензиясы негiзiнде операциялар мен қызметтердi жүзеге асыратын заңды тұлға.

    Өзара несие қоғамдары 

    Өзара несие қоғамдары - шағын және орта бизнеске қызмет көрсететiн коммерциялық банктерге қызметiнiң сипаты жағынан ұқсас келетiн несиелiк мекеме.

    Бұл қоғамдар Ұлы Қазан  төңкерiсiне дейiнгi Ресейде, соның iшiнде Қазақстан  аумағында жеке өнеркәсiпшелер мен саудагерлерге  несие-есеп айырысу қызметiн көрсеткен. Өзара несие қоғамдарының қатысушыларына заңды және жеке тұлғалар жатады. Оның капиталы оған қатысушылардың қосқан жарналарынан қалыптасады.

    Ипотекалық  компаниялар 

    «Ипотека» деген термин ең алғаш рет бiздiң эрамызға дейiнгi I-II ғасырларда Рим қаласының территориясында пайда болған. Ежелгi Грецияда бiздiң эрамызға дейiнгi XIV ғасырларда пайда болды. Ипотека терминi «hyrotheke» -  «кепiлдiк, кепiлзат, кепiлге салу» деген мағынаны бiлдiредi. Ипотекалық несие дегенiмiз – бұл қозғалмайтын мүлiктердi (тұрғын үйдi, өндiрiс ғимараттарын, жердi және т.с.с.) кепiлге алып, ұзақ мерзiмге берiлетiн несие. Ипотекалық несие жеке тұлғаларды несиелеудiң бiр түрi болып табылады. Ипотекалық несиенiң экономикалық жағынан - бұл банктен немесе басқа да қаржы ұйымдарынан ссуда алу мақсатымен жылжымайтын мүлiк кепiлiнiң алуан түрлiлiгi болып табылады. Қарапайым тiлмен айтсақ, ипотека дегенiмiз - қарыз ақшаға үй сатып алу. 2002 жылғы 1 қыркүйектегi «Жылжымайтын мүлiк ипотекасы туралы» Қазақстан Ресубликасының заңына сәйкес ипотекалық несие дегенiмiз – кепiлге берiлген жылжымайтын мүлiк немесе ондағы үлесi кепiл берушiнiң немесе үшiншi тұлғаның иелiгi мен пайдалануында қалатын кепiл түрi. Жылжымайтын мүлiк – жер учаскесi, ақ үйлер, ғимараттар және жермен байланыстағы өзге де мүлiктер. Ал осы қарыз ақшаны ол ипотекалық компаниядан ала алады.

Информация о работе Қазақстан республикасының мамандалған ақша несие институттары