Қазақстан Республикасындағы сақтандыру қызметін жетілдіру жолдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2012 в 20:29, курсовая работа

Описание работы

Қазіргі заманғы ұлттық сақтандыру жүйесін құру сақтық қызметі рыногын сапалы жаңа деңгейге көтеру жөнінде шаралар әзірлеуді және кезең-кезеңімен іске асыруды талап етеді.
Курс жұмысына мынадай міндеттер қойылды:
- сақтандыруды қолдану аясын кеңейту және міндетті сақтандыру түрлерін нақтылау;
- сақтандыру компанияларына салық салу ерекщеліктерін қарастыру;
- сақытандыру ұйымдарына салық салу мәселелері;
- сақтық және қайта сақтандыру ұйымдарының қаржылық орнықтылығы мен төлем қабілеттігі бойынша талаптарды күшейту;
- осы заманғы сақтандыру технологиясын енгізуге жәрдемдесу;

Содержание

Кіріспе....................................................................................................................3

І. Сақтандырдың экономикалық мәні, құрылымы………………………..5
1.1 Қазақстан Республикасындағы сақтандырудың мәні мен түрлері..............5
1.2 Сақтандыру секторының институционалдық құрылымы...........................12

ІІ. Сақтандыру компанияларына салық салу ерекшеліктері...................13
2.1 Сақтандыру компанияларына салық салу...................................................13
2.2 Корпорациялық табыс салығының ставкалары...........................................15
2.3 Сақтандыру компанияларында бухгалтерлік есептің жүргізілуі...............16

ІІІ. Қазақстан Республикасындағы сақтандыру қызметін жетілдіру жолдары...............................................................................................................41
3.1 Сақтандыру нарығын дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасы.......................................................................................................41
3.2 Сақтандыру секторының дамуының негізгі көрсеткіштері......................44

Қорытынды........................................................................................................46
Қолданылған әдебиеттер....................................................

Работа содержит 1 файл

1822______.doc

— 649.00 Кб (Скачать)

 

       Сақтандыру рыногының қатысушыларының қаржылық жетістіктері жоғары. Сақтандыру сыйлықақыларының түсуі жылдан жылға көбейіп келеді. Соңғы 7 жылда орташа өсім 540 % құрды. Бұл сақтандыру бизнесіне жаңа технологиялардың енгізілуіне, жаңа қызмет түрлері және нарықта бар проблемаларды шешуге мүмкіндік береді. [3]

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Сонымен, курстық жұмысты қорытындылай келе сақтандыру – қолайсыз құбылыстар мен күтпеген оқиғалар болған кезде жеке және заңды тұлғалардың мүліктік мүдделерін қорғау және оларға материалдық зиянды төлеу үшін мақсатты ақша қорларын құру және пайдалану жөніндегі қайта бөлгіштік қатынастардың айрықша сферасы болып табылады. Оның экономикалық мәні барлық қатысушылардың төлемдері есебінен оқыс оқиғаға ұшырағанға көмек көрсетілуінде. Сақтандырудың экономикалық категориясын сипаттау үшін оның бөлу, өтемдік, жинақтық және бақылау функциялары қарастырылады.

Елімізде сақтандыру ұйымының сақтандыру қызметі «өмірді сақтандыру» саласы және «жалпы сақтандыру» саласы бойынша жүзеге асырылады. Сақтандыру секторының институтционалдық құрылымында сақтандыру ұйымдарының, сақтандыру брокерлерінің, актуарилер мен аудиторлық ұйымдардың санының өсуі байқалады.

Сақтандыру ісіндегі бухгалтерлік есеп операцияларының шешуі бірнеше кезеңдерге бөлінеді:

16) бастапқы мәліметтер бойынша кіріспе баланс құрастыру;

17) бухгалтерлік есеп шоттарының корреспонденциясы бойынша шаруашылық операциялардың журналын толтыру;

18) синтетикалық шоттар бойынша есеп регистрлерін құру (проводкалар жазу);

19) айналым ведомостарын құру және талдау;

20) бас кітапты толтыру;

21) жиынтық жылдық табысты (негізгі қызмет бойынша) анықтау;

22) өткізілген өнім, жұмыстар, қызметтер бойынша шығындарды
анықтау;

23) салық салынатын табыстың мөлшерін анықтау;

24) корпоративтік табыс салығының мөлшерлемесін (ставкасын) анықтау;

25) есептелген салықтың сомасын белгілеу;

26) қаржылық есептіліктің мәліметтері бойынша таза табыстың (залалдың) мөлшерін анықтау;

27) қаржылық есеп беру бойынша табыстың (залалдың) декларация бойынша табыспен (залалмен) салыстыру;

28) бөлінбеген табыстың (жабылмаған залалдың) сомасын есептеу;

29) бухгалтерлік балансты құрастыру;

30) жылдық декларацияны толтыру. 

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары табыстар мен шығыстар бойынша бөлек есеп жүргізуге және салық кезеңінің қорытындысы бойынша барлық табыстар жөніндегі декларацияны есепті жылдан кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей табыс етуге міндетті.

Сақтандыру ролін нығайтуға бағытталған ұлттық сақтандыру индустриясын қайта құруға сақтандыру нарығын дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасының маңызы зор. Сақтандыру мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп, нормативтік құқықтық актілер қабылданды.

Сақтандыруды дамыту, өз кезегінде, заңнамалық базаны, мемлекеттік салық - бюджет және ақша – кредит саясатын жетілдіруге сақтық қызметті қадағалау сапасы мен сақтық ұйымдары жұмысының сенімділігіне байланысты болады.

Қорыта келе сақтандыру еліміздің экономикасының дамып келе жатқан саласы. Ол елдегі кәсіпкерлік қызметті жедел дамытуды, өндіріс технологиясын жетілдіруді қамтамасыз етеді. Сонымен қатар халық пен ұйымдардың түрлі мүдделерін қосымша қорғауға мүмкіндік береді.

Экономикалық және әлеуметтік жағдайлардың өзгеруіне, нарықтық қатынастарының дамуына қарай еліміздің сақтық рыногының толыққанды жұмыс істеуі, сақтық міндеттемелердің экономикалық және математикалық есеп – қисабы саласындағы мамандар институтын енгізуді, уәкілетті аудиторлар мен басқа да мамандарға қойылатын тиісті талаптарды қажет етеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

1.      Қазақстан Республикасының Салық кодексі. Алматы – 2007 ж. [1]

2.      «Қаржы қаражат» журналы №2 2006 ж. [2]

3.      «Қаржы қаражат» журналы №2 2007 ж. [3]

4.      Үмбеталиев А.Д. «Салық және салық салу» [4]

5.      Сақтандыру қызметі туралы Қазақстан Республикасының Заңы. [5]

6.      Мырзалиев Б.С., Әбдішүкіров Р.С. «Бухгалтерлік есеп жүргізетін тәжірибелік әдістемелері» (Практикум) арнайы курс. Алматы – 2006 ж. [6]

7.      Құлпыбаев С., Ілиясов Қ. «Қаржы» [7]

8.      Салық есептілігі №48 желтоқсан 2001 ж. [8]

9.      Бухгалтер бюллетені №15, сәуір 2006 ж. [9]

 



Информация о работе Қазақстан Республикасындағы сақтандыру қызметін жетілдіру жолдары