Қазақстан Республикасындағы сақтандыру қызметін жетілдіру жолдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2012 в 20:29, курсовая работа

Описание работы

Қазіргі заманғы ұлттық сақтандыру жүйесін құру сақтық қызметі рыногын сапалы жаңа деңгейге көтеру жөнінде шаралар әзірлеуді және кезең-кезеңімен іске асыруды талап етеді.
Курс жұмысына мынадай міндеттер қойылды:
- сақтандыруды қолдану аясын кеңейту және міндетті сақтандыру түрлерін нақтылау;
- сақтандыру компанияларына салық салу ерекщеліктерін қарастыру;
- сақытандыру ұйымдарына салық салу мәселелері;
- сақтық және қайта сақтандыру ұйымдарының қаржылық орнықтылығы мен төлем қабілеттігі бойынша талаптарды күшейту;
- осы заманғы сақтандыру технологиясын енгізуге жәрдемдесу;

Содержание

Кіріспе....................................................................................................................3

І. Сақтандырдың экономикалық мәні, құрылымы………………………..5
1.1 Қазақстан Республикасындағы сақтандырудың мәні мен түрлері..............5
1.2 Сақтандыру секторының институционалдық құрылымы...........................12

ІІ. Сақтандыру компанияларына салық салу ерекшеліктері...................13
2.1 Сақтандыру компанияларына салық салу...................................................13
2.2 Корпорациялық табыс салығының ставкалары...........................................15
2.3 Сақтандыру компанияларында бухгалтерлік есептің жүргізілуі...............16

ІІІ. Қазақстан Республикасындағы сақтандыру қызметін жетілдіру жолдары...............................................................................................................41
3.1 Сақтандыру нарығын дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасы.......................................................................................................41
3.2 Сақтандыру секторының дамуының негізгі көрсеткіштері......................44

Қорытынды........................................................................................................46
Қолданылған әдебиеттер....................................................

Работа содержит 1 файл

1822______.doc

— 649.00 Кб (Скачать)


1

 

Мазмұны

 

 

бет

Кіріспе....................................................................................................................3

 

І. Сақтандырдың экономикалық мәні, құрылымы………………………..5

1.1 Қазақстан Республикасындағы сақтандырудың мәні мен түрлері..............5

1.2 Сақтандыру секторының институционалдық құрылымы...........................12

 

ІІ. Сақтандыру компанияларына салық салу ерекшеліктері...................13

2.1 Сақтандыру  компанияларына салық салу...................................................13

2.2 Корпорациялық табыс салығының ставкалары...........................................15

2.3 Сақтандыру компанияларында бухгалтерлік есептің жүргізілуі...............16

 

ІІІ. Қазақстан Республикасындағы сақтандыру қызметін жетілдіру жолдары...............................................................................................................41

3.1 Сақтандыру нарығын дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасы.......................................................................................................41

3.2 Сақтандыру секторының дамуының негізгі көрсеткіштері......................44

 

Қорытынды........................................................................................................46

Қолданылған әдебиеттер..................................................................................49

Қосымшалар

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Нарықтық экономикалық даму жолын таңдаған кез келген мемлекеттің шынайы тәуелсіздігі үшін мықты әрі тұрақты қаржылық негіздің болуы міндетті. Ал, салықтар мемлекет бюджетінің кіріс бөлігінің негізгі қайнар көзі болып қана қоймай материалдық, экономикалық және құқықтық категория ретінде қарама қайшылығы мол күрделі құбылыс әрі тауар өндірісінің барысына тікелей ықпал ететін мемлекеттің экономикалық дамуының маңызды факторы болып табылады.

Қазақстан Республикасында іс жүзінде қолданудың оң және теріс жақтарын анықтау мақсатында қажетті талдау, зерделеу жұмыстарын жүргізу үшін Еуропалық Одақтың құрамына кіретін мемлекеттердегі және Шығыс Еуропа елдеріндегі салық салу тәртібін реформалау шараларына, әсіресе, корпоративтік салықты өзгертудің мән жайларына көңіл бөлген жөн.

Курстық зерттеу жұмысының тақырыбы  «Сақтандыру компанияларына салық салу ерекшеліктері» болғандықтан тақырып өзектілігі – сақтандыру компанияларына салық салудың ерекшеіктерін қарастыру, экономикалық мәнін, маңызын және Қазақстандағы сақтандыру компанияларының қызметін  зерттеу болып табылады.

Егеменді еліміздің сақтандыру жүйесін реформалаудың, оның шын мәнінде экономикалық-құқықтық тұрғыдан негіздеп қайта құрудың бастамасы 1992 жылғы шілденің 3-інде қабылданған «Қазақстан Республикасындағы сақтандыру туралы» Заңы болды.

Өтпелі экономика жағдайындағы сақтандыру институтының ерекше маңыздылығы бірқатар факторлармен айқындалады.

Біріншіден, мемлекет тарапынан көзделген шаралардың сипаты мен көлеміне қарамастан, сақтандыру халық пен ұйымдардың түрлі мүдделерін қосымша қорғауға мүмкіндік береді. Қазіргі кезде табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі шығыстардың негізгі ауыртпалығы мүмкіндігі объективті түрде шектеулі болып табылатын мемлекеттік бюджетке түседі.

Екіншіден, сақтандыру механизмін қазіргі жағдайда пайдалану елдегі кәсіпкерлік қызметті жедел дамытуды, Қазақстан экономикасының негізгі саласының ерекшеліктерін, оның климаты мен географиялық орналасуын, экологиясының деңгейін ескере отырып, өндіріс технологиясын жетілдіруді қамтамасыз етеді.

Елімізде сақтандыруды дамытудың негізгі мақсаты – мемлекеттің, азаматтардың және шаруашылық жүргізуші субъектілердің мүддесін қорғаудың нақты құралы бола алатын толыққанды, орнықты жұмыс істейтін ұлттық сақтық рыногын қалыптастыру.

Қазіргі заманғы ұлттық сақтандыру жүйесін құру сақтық қызметі рыногын сапалы жаңа деңгейге көтеру жөнінде шаралар әзірлеуді және кезең-кезеңімен іске асыруды талап етеді.

Курс жұмысына мынадай міндеттер қойылды:

- сақтандыруды қолдану аясын кеңейту және міндетті сақтандыру түрлерін нақтылау;

- сақтандыру компанияларына салық салу ерекщеліктерін қарастыру;

- сақытандыру ұйымдарына салық салу мәселелері;

- сақтық және қайта сақтандыру ұйымдарының қаржылық орнықтылығы мен төлем қабілеттігі бойынша талаптарды күшейту;

- осы заманғы сақтандыру технологиясын енгізуге жәрдемдесу;

- сақтандыру саласында кадрлар даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру жүйесін ұйымдастыру.

Зерттеу құрылымына тоқталатын болсақ, курстық жұмыс кіріспеден, 3 бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттерден тұрады. Теориялық бөлімде сақтандырудың экономикалық мәні, құрылымы қарастырылады. Негізгі талдау бөлімі сақтандыру компанияларына салық салу ерекшеліктеріне, ал жетілдіру жолдары Қазақстан Республикасындағы сақтандыру қызметін жетілдіру жолдарына арналған.

І. Сақтандырдың экономикалық мәні, құрылымы

1.1 Қазақстан Республикасындағы сақтандырудың мәні мен түрлері

 

Сақтандыру — қоғамның экономикалық қатынастарының айрықша сферасын бейнелейтін көне категорияларының бірі. Сақтандыру сферасы адам өмірінің, өндірістік және әлеуметтік-экономикалық қызметтің барлық жағын қамтиды. Сақтандыруға түрткі болатын басты себеп — бұл өндіріс пен адам өмірінің қауіп-қатерлі сипаты. Сондықтан өндіріс процестерін жалғастыру, азаматтардың жекелеген санаттарының өмір тіршілігі мен әл-ауқатын қолдап отыру мақсатында оларды сатып алу үшін қоғамның, жеке өндірушілердің, олардың топтарының (салалық және аумақтық аспектілерде) натуралдық-заттай босалқы қорларын да немесе резервтерін де, сондай-ақ ақша ресурстарын да кіріктіретін қажетті қаражаттары болуы тиіс. Мұндай ақша қаражаттары әдетте резерв және сақтық қорлары түрінде  қалыптасады.

Сақтандырудың мақсаты қоғамдық ұдайы өндірістің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін азаматтарды, мүліктерді, өндіріс процестерін қоғамдық және ұжымдық қорғау болып табылады.

Сақтандыру категориясы үшін мына белгілер оған төн болып келеді:

1)     қатынастардың ықтималдық сипаты;

2)     қатынастардың төтенше (жай емес) сипаты (кез келген ауқымда — мемлекеттік, аймақтық деңгейде, кәсіпорын немесе оның бөлімшесі, жеке адам деңгейінде).

Сақтандыру категориясының қаржы категориясымен ортақ өзгеше белгілері бар:

      сақтық қатынастарының ақшалай сипаты;

      сақтандырудың қоғамдық өнімнің құнын қайта бөлуге қатысуы;

      оның іс-қимылы ақша қорларын жасап, пайдаланумен қосарланып отырады;

      сақтық қатынастарының бір бөлігінің міндетті сипатының болуы;

      ақша қорларын жасап, пайдалану кезіндегі сақтық баламалығы барлық жағдайда бола бермейді (қатынастардың баламасыздығы).

Сақтандыру шеңберінде мемлекет сақтық ресурстары меншігінің субъектісі болып келетіндіктен сақтандыру жалпы мемлекет қаржысының құрамды бөлігі болып табылады, қалған барлық жағдайда сақтық ісін (қызметті, бизнесті) экономикалық жүйе шеңберіңдегі айрықша сақтанушыға немесе оның қайта бөлу процестерін жүзеге асыратын арнаулы қаржы-кредит институты ретінде қарауға болады.

Сақтандырудың экономикалық мәні барлық қатысушылардың төлемдері есебінен оқыс оқиғаға ұшырағанға көмек көрсетілетіндігінде. Демек, сақтандыру — қолайсыз құбылыстар мен күтпеген оқиғалар болған кезде жеке және заңи тұлғалардың мүліктік мүдделерін қорғау және оларға материалдық зиянды төлеу үшін мақсатты ақша қорларын құру және пайдалану жөніндегі қайта бөлгіштік қатынастардың айрықша сферасы.

Сақтандырудың экономикалық мәніне бұл категорияның қоғамдық арналымының көрінісі ретінде оның бөлу, өтемдік, жинақтық және бақылау функциялары сай келеді.

Бөлу функциясы: бұл функцияның өзгешелігі қайта бөлу ретінде көрінуі. Ол алдын алу функциясына, мысалы, алдын алу шараларын қаржыландыру жолымен сақтық жағдайының бөлу мүмкіндігін жоюға бүгіледі. Жеке басты сақтандыруда бөлу функциясы сақтандырудың тиісті түрлерінің жинақтық функциясына бүгіледі.

Бақылау функциясы сақтық төлемдерін жұмылдыруды және сақтық қорын қатаң мақсатты пайдалануды қамтамасыз етуге байланысты болатын тараптардың нақты қатынастарында көрінеді.

Соңғы уақытта бірқатар зерттеушілер сақтандыру экономикалық категориясын сипаттау үшін тәуекелдік функциясын қарауды ұсынады, өйткені сақтық тәуекелі сақтандырудың негізгі арналымымен - қолайсыз оқиғалардан болған зиянның орнын толтырумен байланысты.

Сонымен, сақтандыруды жүргізуге байланысты өте күрделі, сақтандыруға қатысушылардың әр түрлі сақгандыру мүдделерін көрсететін, әралуан сақтандыруға жататын объектілер мен өте кең шеңбердегі сақтандыру оқиғаларын қамтитын арнайы қатынастар туындайды.

Осы сақтандыру қызметі біртектес тәуекелдер қағидаттарына негізделетін әртүрлі салаларға бөлінеді. Осы сақтандыру салалары өздеріне орай былайынша топтастырылады: сақтандыру объектілері бойынша; сақтандыру өтемдерінің түрлеріне байланысты; баланстың құрылымына байланысты болады.

Сақтандыру объектісіне жеке басты сақтандыру, мүлікті сақтандыру және жауапкершілікті сақтандыру жатады. Ал сақгандыру өтемдерінің түрлеріне байланысты мынадай құрылымды көрсетуге болады: зиян-залалды сақтандыру немесе зиянды қалпына келтіру (өтеу) өзінше үшке бөлінеді: жеке басқа байланысты залалдарды сақтандыру; келісім бойынша төленетін соманы сақтандыру; өмірді сақтандыру; қатерлі жағдайлардан сақтандыру; медициналық сақтандыру. Міне, осындай негіздерге орай залалды және соманы сақтандыру ісі орындалады. [7]

Сақтандыру ұйымының сақтандыру қызметі «өмірді сақтандыру» саласы және «жалпы сақтандыру» саласы бойынша жүзеге асырылады.

«Өмірді сақтандыру» саласы ерікті сақтандыру нысанында мынадай сыныптарды қамтиды:

1)     өмірді сақтандыру;

2)     аннуитеттік сақтандыру.

«Жалпы сақтандыру» саласы ерікті сақтандыру нысанында мынадай сыныптарды қамтиды:

1)     жазатайым жағдайдан және аурудан сақтандыру;

2)     медициналық сақтандыру;

3)     автомобиль көлігін сақтандыру;    

4)     темір жол көлігін сақтандыру;

5)     әуе көлігін сақтандыру;  

6)     су көлігін сақтандыру;  

7)     жүктерді сақтандыру;  

8)     осы тармақтың 3)-7) тармақшаларында аталған сыныптарды қоспағанда, мүлікті сақтандыру;

9)     кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру;

10) автомобиль көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру; 

11) темір жол көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтаңдыру;

12) әуе көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;

13) су көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;  

14) тасымалдаушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;

15) шарт бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;  

16) осы тармақтың 10)-14) тармақшаларында аталған сыныптарды қоспағанда, зиян келтіргені үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру. [5]

Жалпы сақтандыру және өмірді сақтандыру бірнеше тәуекелдіктен тұрады.

Жалпы сақтандыруға және өмірді сақтандыруға тән экономикалық қатынастар қоғамдық өндіріс процесіндегі зиянның орнын; егер бұл процесс дүлей апат пен басқа төтенше немесе күтпеген оқиғалардың нәтижесінде бұзылса, толтырумен байланысты. Зиянның орны ынтымақтастық негізде сақтық қатынастарға қатысушылардың төлейтін сақтық жарналары есебінен толтырылады, бұл жарналардың жиынтығы, жоғарыда айтылғандай, сақтық қорларды құрайды.

Мүліктік және кәсіпкерлік тәуекелдер (қауіп-қатерлер) азаматтық-құқықтық жауаптылықты қоса алғанда, оларға байланысты мүдделерді сақтандыру жалпы (мүліктік) сақтандыруға жатады. Мұндай сақтандыру кезінде мүліктің жоғалу (жойылу) қаупі (тәуекелі), жетіспеуі немесе бүлінуі және езге де мүліктік игіліктер мен құқықтар сақтандырылады.

Сақтанушының немесе пайдаланушының мүліктерді сақтандыруға мүддесі болмаған жағдайда жасалған мүліктік сақтандыру шарты жарамсыз болады.

Өмірді сақтандыру — азаматтардың өмірін, денсаулығын, еңбек қабілеттігін және жеке басына байланысты өзге де мүдделерін залалдан қорғаудың нысаны, ол жеке басты сақтандыруға жатады. Жеке басты сақтандыру шарты бойынша сақтанушының өзі, сондай-ақ шартта аталған басқа (сақтандырыдған) адам (тұлға) сақтандырылған болуы мүмкін. Өмірді, денсаулықты, еңбек қабілеттілігін және азаматтардың материалдық тұрмыс халін сақтандыру арқылы қорғау сонымен қатар олардың экономикалық мүдделерімен тығыз байланысты және мүліктік, жеке басты және әлеуметтік сақтандыру қызметтерінің көмегімен жүзеге асады.

         Аннуитеттік сақтандыру сақтандырылушы белгілі бір жасқа жеткен, еңбек ету қабілетін (жасына, мугедектігіне байланысты, науқастығына байланысты) жоғалтқан, асыраушысы қайтыс болған, жұмыссыз қалған жағдайларда немесе сақтандырылушының жеке табыстарының кемуіне немесе одан айырылуына әкеліп соққан өзге де жағдайларда зейнетақы немесе рента түрінде кезең-кезеңімен сақтық төлемдерді жүзеге асыру көзделетін жеке басты сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы сақтандыру қызметін жетілдіру жолдары