Қазақстан Республикасындағы сақтандыру қызметін жетілдіру жолдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2012 в 20:29, курсовая работа

Описание работы

Қазіргі заманғы ұлттық сақтандыру жүйесін құру сақтық қызметі рыногын сапалы жаңа деңгейге көтеру жөнінде шаралар әзірлеуді және кезең-кезеңімен іске асыруды талап етеді.
Курс жұмысына мынадай міндеттер қойылды:
- сақтандыруды қолдану аясын кеңейту және міндетті сақтандыру түрлерін нақтылау;
- сақтандыру компанияларына салық салу ерекщеліктерін қарастыру;
- сақытандыру ұйымдарына салық салу мәселелері;
- сақтық және қайта сақтандыру ұйымдарының қаржылық орнықтылығы мен төлем қабілеттігі бойынша талаптарды күшейту;
- осы заманғы сақтандыру технологиясын енгізуге жәрдемдесу;

Содержание

Кіріспе....................................................................................................................3

І. Сақтандырдың экономикалық мәні, құрылымы………………………..5
1.1 Қазақстан Республикасындағы сақтандырудың мәні мен түрлері..............5
1.2 Сақтандыру секторының институционалдық құрылымы...........................12

ІІ. Сақтандыру компанияларына салық салу ерекшеліктері...................13
2.1 Сақтандыру компанияларына салық салу...................................................13
2.2 Корпорациялық табыс салығының ставкалары...........................................15
2.3 Сақтандыру компанияларында бухгалтерлік есептің жүргізілуі...............16

ІІІ. Қазақстан Республикасындағы сақтандыру қызметін жетілдіру жолдары...............................................................................................................41
3.1 Сақтандыру нарығын дамытудың 2004-2006 жылдарға арналған бағдарламасы.......................................................................................................41
3.2 Сақтандыру секторының дамуының негізгі көрсеткіштері......................44

Қорытынды........................................................................................................46
Қолданылған әдебиеттер....................................................

Работа содержит 1 файл

1822______.doc

— 649.00 Кб (Скачать)

Жазатайым жағдайдан және аурудан сақтандыру сақтандырылушы жазатайым жағдайдың немесе аурудың салдарынан қайтыс болған, еңбек ету (жалпы немесе кәсіби жағынан) қабілетін (толық немесе ішінара) жоғалтқан немесе оның денсаулығына өзге де зиян келтірілген жағдайда оның қосымша шығыстарын тіркелген сомада не ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтық төлемді жүзеге асыру көзделетін жеке басты сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.

Медициналық сақтандыру сақтандырылушының медицина мекемесінен медициналық сақтандыру медициналық сақтандыру бағдарламасына енгізілген медициналық қызмет көрсетулерді сұраған жолдамаларынан туындаған шығыстарын ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтық төлемдерді жүзеге асыру көзделетін жеке басты сақтандыру түрлерінің жиынтығы.

Көлік құралдарын сақтандыру көлік құралын иеленуге, пайдалануға, оған билік етуге байланысты адамдардың мүліктік мүдделеріне оның зақымдануы немесе жойылуы, соның ішінде айдап немесе ұрлап әкетілуі салдарынан келтірілген зиянды ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтық төлемдерді жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.

Жүктерді сақтандыру жүктерді иеленуге, пайдалануға, оған билік етуге байланысты адамдардың мүліктік мүдделеріне оның зақымдануы немесе жойылуы, соның ішінде жүктердің тасымалдану әдісіне қарамастан жоғалып кетуі салдарынан келтірілген зиянды ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтық төлемдерді жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.

Мүліктік сақтандыру мүлікті иеленуге, пайдалануға, оған билік етуге байланысты адамдардың мүліктік мүдделеріне (автомобиль, темір жол, әуе немесе су көліктерін, жүктерді қоспағанда) оның зақымдануы немесе жойылуы салдарынан келтірілген зиянды ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтық төлемдерді жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.

Азаматтық-құқықтық жауаптылықты сақтандыру кезінде, үшінші бір адамдардың өміріне, денсаулығына немесе мүлкіне зиян келтірудің салдарынан туындайтын міндеттемелер бойынша жауапты болу (келтірілген зияндар үшін жауаптылықты сақтандыру), сондай-ақ шарттардан туындайтын міндеттемелер бойынша жауапты болу (шарт бойынша жауаптылықты сақтандыру) тәуекелін сақтандырады.

Зиян келтіргендігі үшін азаматтық-кұқықтық жауаптылықты сақтандыру мүмкін болатын өзге тұлғаның жауаптылығы да сақтандырылады.

Шартты бұзғандығы үшін азаматтық-құқықтық жауаптылық тәуекелі шартта оның талаптарына сәйкес сақтанушы оның алдында азаматтық-құқықтық жағынан жауапты болуға тиіс тарап болып табылатын және бұл жағдайда пайда алушы ретінде іс-қимыл жасайтын тұлғаның пайдасына сақтандырылған болып есептеледі.

Кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру кезінде кәсіпкердің сақтанушы ретінде іс қимыл жасайтын келісімшарт жасаушы агенттерінің өз міндеттемелерін бұзуынан болған кәсіпкерлік қызметтің залалдар тәуекелі немесе кәсіпкерге байланысты емес жағдайлармен осы қызмет шарттарының өзгеруінен болған залалдар тәуекелі, соның ішінде күтілген кірісті ала алмай қалу тәуекелі сақтандырылады. Кәсіпкерлік тәуекелдерді сақтандыру шарты бойынша тек сол сақтанушының кәсіпкерлік тәуекелі және тек соның пайдасына ғана сақтандырылуы мүмкін.

Сақтанушы болып табылмайтын тұлғалардың кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру шарты немесе өзге тұлғаның (пайда алушының) пайдасына жасалған шарт жарамсыз болады.

Сақтандырылған мүліктің түріне немесе тобына қарай сақтандырудың мынадай түрлерін ажыратады: ауыл шаруашылығы дақылдарын, малдарды, құрылыстарды, мемлекеттік, жеке меншік, кооперативтік кәсіпорындардың, қоғамдық ұйымдардың мүлкін, көлік құралдарын, қаржылық тәуекелді (соның ішінде банк салымдары мен банк операцияларын, бағалы қағаздар рыногіндегі операцияларды), жүктерді, мұнай операцияларын (мұнай шығару, оны өңдеу және тасымалдау жөніндегі) және т.т. сақтандыру. Мүліктік сақтандыруда міндетті нысанда көліктің барлық түрімен тасу жасалғанда тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауаптылығы мен автокөлік иелерінің азаматтық-құқықтық жауаптылығы сақтандырылады. 1996 жылдан бастап ауыл шаруашылығы өндірісін: көп жылдық өкпелерді, ауыл шаруашылығы малдарын, жылжымалы және жылжымайтын мүліктерді, ауыл шаруашылығы өнімдері мен тауарларын қолайсыз табиғат-климат жағдайларынан, эпизоотиялардан және басқа дүлей апаттардан міндетті сақтандыру қайта қалпына келтірілді. [7]

 

1.2 Сақтандыру секторының институционалдық құрылымы

              Сақтандыру секторының институционалдық құрылымы

 

Субъектілер саны

01.01.2006

01.01.2007

Сақтандыру ұйымдары, оның ішінде:

-         резидент еместердің қатысуымен

-         өмірді сақтандыру бойынша

Сақтандыру брокерлері

Актуарилер

Аудиторлық ұйымдар

37

6

3

12

30

34

38

5

4

12

33

36

 

2007 жылдың 1 қаңтары бойынша республиканың қаржы нарығында Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және қаржылық ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің (ҚҚА) берген лицензиялары бойынша 38 сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары, оның ішінде 34 – «жалпы сақтандыру» саласында және 4 – «өмірді сақтандыру» саласында жұмыс істейді. Олардың ішінде: 1. «Мемлекеттік өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ «Мемлекеттік аннуитеттік компания» және 4 меншіктегі «БТА өмірді сақтандыру», өмірді сақтандыру бойынша «Казахинстрах дочерлік компания» АҚ, «Халық – Life» және қайта құрылған сақтандыру компаниясы «Казкоммерц – Life» АҚ.

Сақтандыру қызметтерін көрсету рыногында сондай-ақ 12 сақтандыру брокерлері, 33 актуарилер және 36 аудиторлық ұйымдар, сақтандыру қызметінің аудитін жүзеге асыру құқығына лицензиялары бар 70 аудитор қызметін жүзеге асырады.

[9]

 

 

 

 

ІІ. Сақтандыру компанияларына салық салу ерекщеліктері

2.1  Сақтандыру  компанияларына салық салу

 

Сақтанушылар мен қайта сақтанушылардан салық кезеңі ішінде сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша алуға жатқызылған (алынған) сақтандыру сыйақыларының қайта сақтандыру шарты бойынша төленген сақтандыру сыйақыларына азайтылған сомасы түріндегі табысы сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына олардың сақтандыру және қайта сақтандыру қызметін жүзеге асыратын бөлігінде корпорациялық табыс салығын салу объектісі болып табылады.

Сақтандыру қызметінің мынадай кіріс түрлері, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының салық салу объектісі болып табылмайды:

1) қайта сақтандыру шарттары бойынша алуға жататын (алынған) комиссиялық сыйақылар;

2) инвестициялық  кірістер,  сондай-ақ  сақтандыру  (қайта сақтандыру) ұйымының активтерін депозиттерге, бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарына орналастырудан алуға жататын (алынған) бағам айырмасы жөніндегі кірістер;

3) сақтандыру (қайта сақтандыру) шартына байланысты дебиторлық және кредиторлық берешектерді қайта бағалау жөніндегі бағам айырмасы;

4) қайта сақтандыру шартына сәйкес сақтандыру жағдайын реттеу жөніндегі сақтандыру төлемдері мен шығыстарындағы қайта сақтандырушының үлесі;

5) сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша үшінші тұлғалардан суброгация (регресс) тэртібімен қойылатын талаптар бойынша кірістер;

6) 2002 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылған Қазақстан Республикасының салық зандарына сәйкес шегерімдерге жатқызылған сақтандыру резервтеріне аударымдар сомаларын қоспағанда, салық кезеңі ішіндегі сақтандыру резервтерінің мөлшерін азайту;

7)  жинақтаушы сақтандыру шарттары бойынша сақтанушларға берілген заемдар бойынша кірістер;

8) шығыстары 2002 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылған Қазақстан Республикасының салық зандарына сәйкес шегерімге жатқызылған күмәнді міндеттемелерді қоспағанда, сақтандыру қызметінен күмәнді міндеттемелер бойынша алынатын кірістер;

9)  сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры мәжбүрлеп таратылатын сақтандыру ұйымының сақтанушысымен жасалған міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақыларын төлеу үшін сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру жүйесіне қатысушы болып табылатын   сақтандыру ұйымдарына беретін өтемақы төлемдері.

Өзге қызметтен алуға жататын (алынған) жиынтық жылдық кіріс пен белгіленген тәртіппен анықталатын шегерімдер арасындағы айырма ретінде есептеліп, салық салынатын кіріс жоғарыда көрсетілмеген өзге қызметтен алуға жататын (алынатын) кірістер бойынша корпорациялық табыс салығын салу объектісі болып табылады.

Сақтандыру   (қайта  сақтандыру)  ұйымының  өзге   қызмет бойынша шегерімге жатқызуға жататын шығыстар сомасы, шығыстардың жалпы сомасында қайта сақтандыру шарттары бойынша төленген сақтандыру сыйақыларын қоспағанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының жалпы кірістер сомасындағы езге қызметтен алуға жататын (алынған) кірістерінің үлес салмағы негізге алына отырып, барабар әдіспен белгіленеді.

 

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының салық кезеңі ішіндегі табыстары мен шығыстарының есебі

 

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары салық салу мақсатында сақтандыру сыйлықақыларын орналастыру қызметін қоса алғанда, сақтандыру және қайта сақтандыру қызметін жүзеге асырудан алынатын табыстары бойынша және жоғарыда аталмаған өзге де қызметтің табыстары, шығыстары бойынша бөлек есеп жүргізуге міндетті.

 

2.2 Корпорациялық  табыс салығының ставкалары.

 

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша тіркелген аударымдар түрінде корпорациялық табыс салығын мынадай мөлшерде төлейді:

1)     жинақтаушы емес сақтандыру (қайта сақтандыру) бойынша  алынуға жататын (алынған) сақтандыру сыйлықақылары сомасының 4 пайызы;

2)     аннуитеттік сақтандыруды қоспағанда, жинақтаушы сақтандыру (қайта сақтандыру) бойынша алынуға жататын (алынған) сақтандыру сыйлықақылары сомасының 2 пайызы.

3)     аннуитеттік сақтандыру бойынша алынуға тиіс (алынған) сақтандыру сыйлықақылары сомасының 1 пайызы мөлшерінде төлейді.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары салық кезеңі ішінде алуға жататын (алған) табыстарынан 30 пайыздық ставка бойынша корпорациялық табыс салығы салынуға тиіс.

Корпорациялық табыс салығы бойынша декларация және есеп айырысу.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары сақтандыру сыйлықақылары түріндегі табыстар бойынша салық органдарына есепті айдан кейінгі айдың 15-інен кешіктірмей бір ай ішінде есептелген корпорациялық табыс салығы бойынша ай сайынғы есеп-қисапты табыс етеді.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары аванстық төлем сомаларының есеп-қисабын аванстық төлем төлеуде белгіленген тіртіппен ұсынады.

Салық кезеңінің қорытындысы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары барлық табыстар жөнінде декларацияны есепті жылдан кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей табыс етуге міндетті.

 

Корпорациялық табыс салығын төлеу және түпкілікті есеп айырысуды декларация тапсыру үшін белгіленген мерзімнен кейін он жұмыс күнінен кешіктірмей жүзеге асырады.

Корпорациялық  табыс салығын төлеу мерзімдері.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары негізінде сақтанушылар мен қайта сақтанушылардан алынуға жататын (алынған) сақгандыру сыйлықақылары түріндегі табыстар бойынша корпорациялық табыс салығын есепті айдан кейінгі айдың 15-іне дейін төлейді.

Салық кезеңі ішінде алынуға жататын (алынған) табыстар бойынша аванстық төлемдер төлеу мерзімдеріне кейінірек тоқталып өтеміз. [1], [4]

 

2.3 Сақтандыру компанияларында бухгалтерлік есептің жүргізілуі

 

Сақтандыру ісі мен инвестициялық қызметтегі бухгалтерлік есеп

«Сенім» сақтандыру компаниясының реквизиттгері:

СТТН № 582000039423. Түркістандағы «Наурыз» банкіде 000401806 есеп айырысу шоты бар. Кәсіпорынның мекен-жайы: Түркістан қаласы. Байбурт көшесі № 25 үй.

Директоры - Мұтанов Б.Ю.

Бас бухгалтері - Молдахметова А.М.

Касіпорын сактандыру ісі және инвестициялық қызметпен айналысады. Өзінің қызметін биыл бастады. Қазіргі уақытқа оның балансында негізгі құралдар жоқ. Кеңсе үшін басқа үй жалдауда.

І. Кәсіпорын өзінің қызметін биыл бастағандығынан кіріспе балансы нөлге тең болады.

II. 2003 жылы кәсіпорында төмендегі қаржы және шаруашылық
операциялары жасалды:

1)     Кәсіпорында бағалы қағаздарды сатьш алу үшін 800000 теңге мөлшерінде ақша каражаттары салынды (қатысушылардың келісім шарттары бойынша).

2)     Кассаға сақтаңдыру жарналары 1200000 теңге мөлшерінде келіп түсті (сақтандырудың келісім шарттары бойынша).

3)     Сатып алу құны бойынша 800000 теңгеге акциялар сатып алынды (акциялар реестрі бойынша).

Информация о работе Қазақстан Республикасындағы сақтандыру қызметін жетілдіру жолдары