Қазақстан нарық жолында

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Декабря 2011 в 22:12, курсовая работа

Описание работы

Саяси экономикалық мағынада нарықты айырбас қатынасын білдіретін экономикалық категория деп қарайды. Ол экономикалық қатынастар жүйесінде ұдайы өндіріс процесінің маңызды сатысы, айырбасты сипаттайды. Сонымен, нарық тауарлы өндірістің құрамды компоненті, тауарлы өндіріс пен айналыстың заңдарына сүйенетін айырбас процесі. Нарық – тауар мен ақша айналысы қатынастарының жиынтығы.

Содержание

Кіріспе
Нарық қоғам өмірінде…………………..……………………………….. 3
І бөлім
Нарық – қоғамның экономикалық өмірінің негізі
1.1. Нарықтың атқаратын қызметі ………………………………………. 4
1.2. Нарықтың мәні ………………………………………………………..6
ІІ бөлім
Нарықтың құрылымдары
2.1. Нарықтың құрылымы ……………………………………………….. 11
2.2. Нарықтың инфрақұрылымы ……………………………………...….15
ІІІ бөлім
Қазақстан нарық жолында
3.1. Қазақстан экономикасының ерекшеліктері.........................................19
3.2. Қазақстан экономикасының бүгінгі таңдағы жағдайы.......................22
Қорытынды………………………………………………………………….24
Қолданылған әдебиеттер тізімі………

Работа содержит 1 файл

462 Нарық.doc

— 126.50 Кб (Скачать)

      Осы шараларға қарамастан, материалдық  өндіріс салаларында өндіріс  көлемінің кемуі тоқтаған жоқ.1993 жылы таза материалдық өнім 1992 жылмен салыстырғанда 14,8 пайызға кеміді. Бұл жағдайда пайдаланылған ұлттық табыстың құрылымында тұтыну қоры 1992 жылдағы 67,3 пайыздан 76,5 пайызға дейін өсіп, ал қорлану қоры, бұған керісінше, 32,7 пайыздан 23,5 пайызға кеміді.

      1993 жылы инфляцияның көрсеткіші  – тұтыну бағасының индексі  2265 процентке (1993ж.- 3061 пайыз) тең  болды. Азық-түлік тауарлары – 23 есе, азық-түлік емес тауарлар – 18 есе қымбатты. Осы жылы ауыл шаруашылық жалпы өнімнің көлемі 6,3 млрд. теңге, немесе 1992 жылға қарағанда, 9,8 пайызға кеміді.

      1994 жылдың бірінші жартысы өндірістің  төмендеуі, инфляцияның өрістеуі  және біршама халықтың әл-ауқатының, тұрмыс жағдайының төмендеуімен сипатталады. 1994 жылдың 1-ші шілдесінде 730 кәсіпорын толық немесе олардың бірен-сараны тоқтап тұрды, соның ішінде 55,2 мың жұмыскерлерді қамтитын 106 кәсіпорын толық жұмыс істеген жоқ. Сонымен қатар, 163 кәсіпорындар мен мекемелер толық емес жұмыс уақыты тәртібінде әрекет жасады.

      Осылардың нәтижесінде жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) осы жылдың қаңтар-маусым айларында 1993 жылдың осыған сәйкес кезеңінен 27 пайызға, өнеркәсіп өндірісінің көлемі- 29,4 мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелерінің күрделі қаржылары – 61,2 пайызға кеміді.

      Республика  көптеген ТМД-ға кіретін мемлекеттерден табыс деңгейі бойынша артта қалып отыр. 1994 жылдың бірінші сәуірінде Қазақстанда орташа жалақы 23,8 долл. тең болса, бұл көрсеткіш Өзбекстанда-39,6 , Түркменияда- 57,7, Ресейде- 94 доллар болды.

      Экономикалық  реформа осындай қиын жағдайда жүргізілуде.

                                          

             

      Қорытынды  

      Біз нарықтың негізгі ерекшеліктерін қарастырып шықтық, оның артықшылықтары мен кемшіліктерін, құрылымы мен инфрақұрылымын. Осыларды негізге ала отырып, аздаған қорытынды жасасақ:

      ● Нарық дегеніміз баға арқылы сұраным  мен ұсынымның өзара бірлескен  іс-қимылы және тауар мен ақша айналысы қатынастарының жиынтығы.

           ● Нарықтың құрылымы өте күрделі және ол экономиканың барлық    саласында әсерін жүргізеді.

      ● Нарықтардың құрылымын зерттеу  олардың негізгі түрлерге   бөлуге мүмкіндік береді. Мысалға, тауарлар мен қызметтер нарығы, өндіріс  факторларының нарығы деген сияқты.

      ● Нарықтың дамыған инфрақұрылымы – қоғамның экономикалық байлығы болып табылады.

      Нарық қатынастарын зерттеуін экономикалық теория классикалық мектебі өкілдерінің еңбегінен іздегеніміз дұрыс. Оған Адам Смит пен Давид Рекардо жатады. Адам Смит рыноктык экономикаға барынша еркіндік беру қажет деп есептеген. Мемлекет «laissez faire» – «өзінше жүре берсін» саясатын жүргізгені абзал. Рыноктың өзі ұлы үйлестіруші саналады. Рыноктың тепе-теңдігі жай адам эгоизмінің негізінде жүзеге асады – пайдаға мүдделі және еркін бәсекенің болуы. Адам Смиттің ойынша, адам рынокта өз пайдасын көздей отырып, «қаперінде жоқ нәрсеге көрінбейтін қол арқылы мақсатқа бағытталады. Өзінің мүддесін көздей отырып, қоғам мүддесіне жиірек қызмет жасайды». Еркін рынокқа бар ниетінің артуының арқасында А. Смит либерализм мектебінің айтулы идеологы болды. (Liberalis – еркін деген латын сөзі.) К.Маркс экономикалық теорияда рынок тепе-тепеңдігі мәселесі үш деңгейде қараған: микродеңгей – көпсалалы шаруашылық деңгейін және қоғамдық шаруашылықтың ең жоғарғы, көп факторлы, ұдайы өндіріс дәрежесінің деңгейі. Мысалы, К.Маркс «Капиталдың» екінші томында рыноктык тепе-теңдіктің схемасын экономиканың әр түрлі аясындағы өндіріспен қорланудың өзара байланыстылығына қатысты қарастырған. К.Маркс схемасында ұдайы өндірістің екі бөлімшесі пайдаланылады. (І-өндіріс құрал-жабдығының ұдайы өндірісі, ІІ-тұтыну заттарының өндірісі) және өзара айырбастың болуы қарастырылады. Жай және ұлғаймалы ұдайы өндіріс заңдары айқындалады және жиынтық қоғамның өнімінің өткерілу шарты көрсетілген. Жиынтық қоғамдық өнімнің өткерілуі І мен ІІ бөлімшелердің арасындағы және әр бөлімшенің өз ішіндегі пропорциясының сақталғанында ғана жүзеге асу мүмкіндігін К.Маркс ұлғаймалы ұдайы өндіріс схемасында көрсеткен. Осы прапорцияның бұзылуы әр түрлі өндіріс аясының өзара байланысының бұзылуына әкеліп, артық өндіру дағдарысын тудырады. К.Маркстың ұлғаймалы ұдайы өндіріс схемасындағы жалпы рыноктык тепе-теңдік швейцар экономисі Леон Вальрас (1834-1910жж.) осы тектес теориясына дөп келеді. Италия экономистері Вальфредо Паретто (1848-1923жж.) мен Энрико Баронне (1859-1924жж.) сияқты замандастары дер кезінде ол теорияны бағаламады. Шынын айтсақ, жалпы тепе-теңдікті талдау шаруашылықты жоспарлы жүргізу теориясының салдарын жасады. 

          

       

               

Қолданылған әдебиеттер тізімі: 

1. Мәуленов  С.С., Бекмолдин С.Қ., Құдайбергенов  С.Қ.,

 «  Экономикалық теория» - Алматы  « Экономика» 2003 жыл.

2. Осипова  Г.М.,

« Экономикалық теория негіздері». Алматы, 2002 жыл.

3. Каренов  Р.С.

«Қазақстан  экономикасы дамуының нарыққа көшу мәселелері» Монография. І-т.-Қарағанды «ҚарМУ» баспасы, 2004 жыл.

4. Шеденов  Ө.Қ., Байжомартов Ү.С., Комегин Б.И.,

« Жалпы  экономикалық теория» - Алматы- Ақтөбе, 2001 жыл.

5. С.Әкімбеков,Баймұхаметов  А.С., Жанайдаров Ү.А.,

« Экономикалық теория» - Астана, 2002 жыл.

6. А.И.Добрынин, Г.П.Журавлева, А.С.Тарасевич,

« Экономическая  теория».Учебник. М.Инфра-2003 год.

7. Современная  экономика. Лекционный курс. Многоуровневое  учебное пособие. Изд. 6-е, Ростов  н/Д, изд «Феникс», 2003 год.

8. Әбдіразақов Т.

« Орталықтанған  жоспарлы экономикадан нарықтық қатынастарға өтудің негізгі мәселелері». Қарағанды, 1994 жыл. 

Информация о работе Қазақстан нарық жолында