Қазақстан нарық жолында

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Декабря 2011 в 22:12, курсовая работа

Описание работы

Саяси экономикалық мағынада нарықты айырбас қатынасын білдіретін экономикалық категория деп қарайды. Ол экономикалық қатынастар жүйесінде ұдайы өндіріс процесінің маңызды сатысы, айырбасты сипаттайды. Сонымен, нарық тауарлы өндірістің құрамды компоненті, тауарлы өндіріс пен айналыстың заңдарына сүйенетін айырбас процесі. Нарық – тауар мен ақша айналысы қатынастарының жиынтығы.

Содержание

Кіріспе
Нарық қоғам өмірінде…………………..……………………………….. 3
І бөлім
Нарық – қоғамның экономикалық өмірінің негізі
1.1. Нарықтың атқаратын қызметі ………………………………………. 4
1.2. Нарықтың мәні ………………………………………………………..6
ІІ бөлім
Нарықтың құрылымдары
2.1. Нарықтың құрылымы ……………………………………………….. 11
2.2. Нарықтың инфрақұрылымы ……………………………………...….15
ІІІ бөлім
Қазақстан нарық жолында
3.1. Қазақстан экономикасының ерекшеліктері.........................................19
3.2. Қазақстан экономикасының бүгінгі таңдағы жағдайы.......................22
Қорытынды………………………………………………………………….24
Қолданылған әдебиеттер тізімі………

Работа содержит 1 файл

462 Нарық.doc

— 126.50 Кб (Скачать)

      Өзге  нарықтар үшін «мемлекеттік нарықтың»  маңызы ерекше, өйикені оған тән белгіленген бағалар және кепілді өткізу барлық нарықтың қозғалысына реттегіш ықпалын тигізеді. «Монопольдік нарық» та әдетте өзіне тән тұрақты бағаларымен тұрақтанушы міндет атқарады.

      Нарықтық  процестер көптеген факторлардың ықпалын  бастан өткереді. Қысқа мерзімді кезеңде мынандай факторларға басымдық беріледі, олар:

      а) баға деңгейінің өзгеруі;

      б) тауарлар қорларымен өзгерістер жасау;

      в) тұтынушылардың ақшалай табысын реттеу.

      Ұзақ  мерзімдік кезінде осы саналып  өткен факторлардың мына секілді  көлемде өзгерістерге тәуелді екендігі байқалады, олар:

    а) қоғамдық еңбек өнімділігінің және қоғамдық өндіріс тиімділігінің қозғалысы;

      б) экономиканы тұтас алғандағы  пропорционалдық деңгейі;

      в) жеке тұтыну құрылымындағы өзгерістер.

      2. Сауда. Нарықтың инфрақұрылымына, сондай-ақ халық шаруашылығының өзгешелігі бар саласы ретінде сауда алуан түрімен қоса көтерме және бөлшек сауда, сауда кәсіпорындары, аукцион, жәрмеңкелер, сауда-саттық, делдалдық орталықтар, тауар биржалары енеді.

      3. Нарықтық мекемелер – сауда-саттық банктері, қор биржалары, сақтандыру компаниялары, аудиторлық фирмалар, еңбек биржалары, заң кеңселері, ақпарат орталықтары, жарнама бюролары.

      Банктер. Экономикасы дамыған көп елдерде банктер екі дәрежелі жүйеде беріледі. Мұндай жүйе біздің Қазақстан Республикасында да бар. Оның бірінші деңгейінде ұлттық банк тұрады. Ал, екіншісінде – банктердің мемлекеттік емес түрлері: коммерциялық, инновациялық, инвестициялық, сақтау, тұтынушыларға несие беру, кооперативті және басқа да жұмыс істейді.

      Банктер төмендегідей қызмет атқарады:

       уақытша бос ақша қаржыларын жинастырады;

       несие береді;

     ақша белгілері мен құнды қағаздар шығару арқылы (эмиссия) ақша көлемін  жасайды;

       ақшасыз есеп айырысуды ұйымдастырады;

       ақша қатынасы жағынан тауар айырбасын  атқарады.

      Қор биржалары. Акция мен облигацияларды бағалы қағаздар нарығында сатып алынады, олар қор биржасы түрінде жұмыс істейді. Оның құрамында биржалық операцияларды атқаратын брокерлік компаниялары кіреді. Нарықты шаруашылықта қор биржасы маңызды міндет атқарады.

      Қор биржасы арқасында өндіріс капиталды болады. Ол капиталды сала және аймақтар араларында тиімді бөлуге жәрдемдеседі. Биржа эмиссиялық жұмыспен айналысады, қауіп-қатерді азайтады, яғни төмен табыс табатын орындардың салынған қаржылардан жоғары пайда алуға жәрдемдеседі.

      Қор биржасы тауар нарығы және банктермен тығыз байланысты. Инвестицияны қаржылай отырып, ол инвестициялық тауар нарығына «шығады». Банктер мен қор биржасы  сақтық қаржының қозғалысы, Ұлттық банктің  «ашық нарықтағы операциялары»  ұтыс пайызы мен акциялар бір-бірімен бірлесіп жұмыс істеуі нәтижесіне байланысты.

      Акционерлік қоғам – бұл капиталдың негізгі бөлімі кәсіпкерлердің мүшелік жарна төлемі арқасында пайда болған кәсіпорын, сондықтан олар «акционерлер» болады. Акционерлер кәсіпорынның қарыздарына жеке жауап бермейді. Мұнда жауапкершілік ұжымдық түрде, сондықтан акционерлердің барлық меншіктегі емес, тек кәсіпорнына салынған капиталдан ғана қауіп-қатер төнуі мүмкін.

      Қазақстан Республикасында қоғамның екі ашық және жабық үлгілері құрылады.

      Нарықтық дамыған инфрақұрылымы – қоғамның экономикалық байлығы болып табылады. Оның қалыптасуы – нарықтық экономикаға қатысушылардың тұтас ұрпағы еңбегінің нәтижесі.

      Ерекше  нарық шеңберінде жұмыс істеп, бір-бірімен  байланысты және арнайы міндеттер атқаратын  институттардың жиынтығы нарықты экономиканың инфрақұрылымын құрастырады.

      Нарық инфрақұрылымының бөлінуі, олардың арнайы мазмұны нарықтардың қазіргі жағдайларда жұмыс істеулеріне қарай төмендегідей бөлінеді.

      Тауарлар  мен жұмыс атқару нарығы. Мұнда  жұмыс істейтіндер: тауар биржалары, көтерме және бөлшек сауда орындары, жәрмеңке және сауда орындары, аукциондар нарықты қатынастарға қатысуы туралы хабарламалар жинап, өндеуші фирмалар, жарнама берушілер, маркетингпен айналысатын, дәнекерші компаниялар, сервистік қызмет орны т.б.

      Тауарлық  нарық инфрақұрылымының барлық бөлімдерінің жұмысы экономикалық «кеңістікті» өндірушілер  мен тұтынушылар деп аталатын өзіне тән «полюстермен» толтырады.

      Тауар нарығының инфрақұрылымының негізгі  міндеті өндірістік қоғамның бөлімдерін бір-бірімен байланыстыру. Тауар және жұмыс көрсету нарығының инфрақұрылымы сапалық және аймақтық бағыттардағы тауар тасқынының қозғалысын ұйымдастырып, тауарларды дер кезінде жеткізу үшін келісім-шарттарды жасауды, өнімдерді өткізуді және тұтынушыларға қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді.

      Инфрақұрылымның бұл элементтерінің ерекше қабілеттілігі  сонда, сұранымнан түскен хабарлама  тез арада әсер тигізеді. Мұның  өзі нарық жағдайында тез түрде  экономикада да пайда болған үйлеспеушілік  пен тапшылыққа шара қолдану болып табылады, яғни оның тепе-теңдігін жасайды. 

      ІІІ бөлім. Қазақстан  нарық жолында

           3.1. Қазақстан экономикасының ерекшеліктері 

      Қазақстанның халық шаруашылығының құрылымы мен дамуының аймақтық ерекшеліктері бар. Республикамызда әртүрлі пайдалы қазбалар мол және жер қойнауының геологиялық құрылымы біркелкі емес.

      Қазақстанның  әр түрлі аудандары мен аймақтарындағы халық шаруашылығында қалыптасқан  құрылымдарының негізгі ерекшеліктері  қандай ?

      Өндіріс. Солтүстік және Батыс Қазақстан өнеркәсіп пен ауылшаруашылық өндірісінің жылдам дамуымен сипатталатын аймақтар.

      Орталақ Қазақстан негізінен жоғары деңгейде көмір өнеркәсібі, түсті және қара металлургия, машина құрылысы және металл өндеу, химия өнеркәсібі дамыған. Жеңіл өнеркәсіптің дамуы бүгінгі күннің талабына сай келмейді. Өндірілетін жалпы өнімнің 7 пайызы ғана жеңіл өнеркәсіп өнімі.

      Шығыс аймақтары өздерінің табиғат- ауа райы ерекшеліктеріне байланысты дамыған. Семей облысында ет, жүн, тігін бұйымдарын өндіру және т.б. салалар басым. Шығыс Қазақстан облысында түсті металлургия, энергетика, ағаш, қағаз, жеңіл және тамақ өнеркәсіптерінің дамуы ерекше көзге түседі.

      Оңтүстік  аймақтарда республикада дағдарысқа дейін өндірілетін аяқ киімнің 60 пайызы, тері өндірісінің 40 пайызы орналасқан. Аймақтың негізгі кәсіпорындары Жамбыл облысы мен Алматы қаласында шоғырланған.

      Ауыл  шаруашылығы. Қазақстанда егін және мал шаруашылығын дамыту үшін барлық қолайлы жағдайлар бар. Олар – құнарлы қара топырақты /солтүстікте/ және сұр топырақты /оңтүстікте/ жер алаңдары.

      Республикамыз бидай өндіру мен оны сатудан бұрынғы КСРО-да екінші / Ресейден кейін/ орын алатын. Бидай өндіретін ірі аймақтар – республикамыздың солтүстік облыстары. Бүкіл егіс алқабының шамамен 62 пайызы осы облыстардың үлесіне тиеді.

      Қазақстан қой мен ешкінің саны бойынша бұрынғы одақтас республикалардың ішінде екінші, ал ірі қара мал саны бойынша үшінші орын алатын. Тығыз қоныстанған еңбек ресурстары жергілікті Оңтүстік Қазақстан мал саны бойынша сирек қоныстанған Солтүстік Қазақстаннан кейін екінші орында. Сондықтан бұл аймақшылық табиғат пен ауа райының ерекшелігінен ғана емес, сонымен қатар, түптеп келгенде халық шаруашылығы құрылымының едәуір айырмашылықтарынан туындап жатыр. Бұл жағдайда Солтүстік аймақта Павлодар (село тұрғындары-37), Оңтүстікте Алматы облыстарын (Алматы қаласын есептемегенде, мұнда село халқы 75 пайыз) атап айтқан жөн. Павлодар облысындағы бұл ерекшелік – Павлодар- Екібастұз ірі территориялық өндірістік кешеннің қалыптасуына, ал Алматы облысындағы өнеркәсіптің негізінен – Алматы қаласында орналасуына тікелей байланысты.

      Қорыта  айтқанда, Қазақстанның халық шаруашылығындағы қалыптасқан салалық құрылым  – біріншіден, республикамыздың  экономикасы бұрынғы Одақтың  бірыңғай халық шаруашылық кешенінің  ірі бөлігіне айналғандығын дәлелдейді. Екіншіден, халық шаруашылығын басқаруда кейінгі кезге дейін үстемдік еткен әкімшілдік-әміршілдік және орталықтан әділетсіз түрде «бәрін бір өзі шешу» зардабын тигізгендігін көрсетеді. Осы айтқандарға байланысты 80 жылдардың ортасында 73 жыл бойы қалыптасқан республикамыздың халық шаруашылығының құрылымы оңды болған жоқ. Мәселен, республика индустриясында жеңіл өнеркәсіптің алатын үлесі не бары 3 пайыздың төңірегінде. Мұның өзі халықтың қажетін 40-50 пайыз ғана қанағаттандыруға мүмкіндік береді. Ал мәдени тұрмыстық және шаруашылық тауарлары жөніндегі қажеттік одан да аз – небары 20-30 пайызға сәйкес келеді.

      Оның  үстіне, шикізат пен жартылай фабрикаттың  құны әділетсіздікпен төмендетіліп, дайын өнімнің құны өз бетінше  жоғарылатылғандықтан баға және баға жасау саясатындағы ауытқулар салдарынан жағдай күрделене түсті. Сонымен қатар, республика территориясындағы өнеркәсіптің басым үлесі, яғни 93 пайызы республика қажеттерін елей бермейтін бұрынғы одақтық органдардың қолына шоғырланды.

      Осы жағдайды қалай түзетуге болады? Тығырықтан шығудың жолдары қандай?

      Қазір өркендеу бағыты болып табылатын  республика экономикасын нарық жолына бағдарлау кең көлемде жүргізілуде.

      Нарықты қалыптастырудың алғышарты –  нақты тәуелсіздік. Республика тәуелсіздігі - өмірдің өзі күн тәртібіне жоғары талаппен қойып отырған мәселе.

      Тәуелсіздік не үшін қажет? Бұл сұраққа жауап  бермес бұрын мына төмендегі деректерге көңіл аударайық. Бұрынғы Одақта орталықтандырылған одақтық басқару  ведомостволары мен министірліктерінде басты-басты 30 өндіріс, олардың ішінде көмір және металлургия өнеркәсібі, мұнай, газ, химия және мұнай айыру, жалпы машина жасау, басқа да Қазақстан экономикасын дамытуға елеулі үлес қосатын салалар қалып қойған.

      Осының  салдарынан республикада өндірілетін  осы салалар өнімдерінің басым мөлшері сыртқа кетіп, сырттан еңбек құралдары мен тұтыну заттарын әкелуге мәжбүр болып отырдық.

      Бұдан шығатын қорытынды: Қазақстан өз экономикасының құрылымын өзі айқындап, оның салдарының арақатынас пропорцияларын белгілеу және оған уақытында керекті  түзетулер енгізу, күрделі қаржыларды пайдалану ісінде нағыз тәуелсіздік алуы қажет. Міне, осы жағдайда ғана республика қандай өнімді қанша мөлшерде және оларды қандай бағамен сыртқа шығаруды дұрыс реттей алады.

      3.2. Қазақстан экономикасының  бүгінгі таңдағы  жағдайы 

      1992 ж. Қазақстан экономикасы үшін  қоғамдық өндіріс деңгейінің  төмендеуі сипатты болды. Бұл  тенденция, әсіресе, өнеркәсіптің  негізгі салаларында, күрделі  құрылыста және тұтыну нарығы  саласында ерекше көрінді. Мұның  себептерінің бірі көптеген кәсіпорындардың мемлекеттік бақылаудан шығып кеткені болып отыр. Мұның өзі өнімнің бағаларын күрт арттыруға әкеліп соқты. Егер 1991 жылы өнеркәсіпте көтерме бағалар үш есе өскен болса, 1992 жылы 1991 жылмен салыстырғанда олар 24,7 есе өсті. Өнеркәсіп орындарының жартысы 1991 жылғы деңгеймен салыстырғанда, өндірістің құлдырауына жол берді, ал жалпы өнеркәсіп бойынша, ол осының алдындағы жылдағы 0,9 пайызбен салыстырғанда 14,8 пайызға жетті. Халық тұтынатын тауарлар өндіретін салаларда аландарлық жағдай қалыптасуда. Оны өндіру көлемі өнеркәсіп өндірісінің бүкіл көлемінің бестен бір бөлігін ғана құрып отыр, сөйтіп 1991 жылмен салыстырғанда 21,5 пайыз кеміп кетті.

      1993 жылы Қазақстан Республикасының  экономикасына бірнеше факторлар  тікелей әсерін тигізді. Біріншіден, мемлекеттік меншікті мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру дәйекті жүргізіле бастады. Екіншіден, өндірісті құрылымдық жағынан қайта құру және экономиканы басқаруды жетілдіруді ілгерілету шаралары жүзеге асырылды. Үшіншіден, қаржы-несие және инвестициялық саяттарға түбегейлі өзгерістер енгізілді.

Информация о работе Қазақстан нарық жолында