Қазақстан нарық жолында

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Декабря 2011 в 22:12, курсовая работа

Описание работы

Саяси экономикалық мағынада нарықты айырбас қатынасын білдіретін экономикалық категория деп қарайды. Ол экономикалық қатынастар жүйесінде ұдайы өндіріс процесінің маңызды сатысы, айырбасты сипаттайды. Сонымен, нарық тауарлы өндірістің құрамды компоненті, тауарлы өндіріс пен айналыстың заңдарына сүйенетін айырбас процесі. Нарық – тауар мен ақша айналысы қатынастарының жиынтығы.

Содержание

Кіріспе
Нарық қоғам өмірінде…………………..……………………………….. 3
І бөлім
Нарық – қоғамның экономикалық өмірінің негізі
1.1. Нарықтың атқаратын қызметі ………………………………………. 4
1.2. Нарықтың мәні ………………………………………………………..6
ІІ бөлім
Нарықтың құрылымдары
2.1. Нарықтың құрылымы ……………………………………………….. 11
2.2. Нарықтың инфрақұрылымы ……………………………………...….15
ІІІ бөлім
Қазақстан нарық жолында
3.1. Қазақстан экономикасының ерекшеліктері.........................................19
3.2. Қазақстан экономикасының бүгінгі таңдағы жағдайы.......................22
Қорытынды………………………………………………………………….24
Қолданылған әдебиеттер тізімі………

Работа содержит 1 файл

462 Нарық.doc

— 126.50 Кб (Скачать)

Жоспар

Кіріспе

Нарық қоғам өмірінде…………………..………………………………..  3

І бөлім

Нарық – қоғамның экономикалық өмірінің негізі

1.1. Нарықтың атқаратын қызметі ………………………………………. 4

1.2. Нарықтың мәні ………………………………………………………..6    

ІІ бөлім

Нарықтың  құрылымдары

2.1. Нарықтың құрылымы ……………………………………………….. 11

2.2. Нарықтың  инфрақұрылымы ……………………………………...….15 

ІІІ бөлім

Қазақстан нарық жолында

3.1. Қазақстан  экономикасының ерекшеліктері.........................................19

3.2. Қазақстан  экономикасының бүгінгі таңдағы  жағдайы.......................22

Қорытынды………………………………………………………………….24 

Қолданылған әдебиеттер тізімі…………………………………………….25 
 

                                                         Кіріспе 

      Қоғамдық  өндіріс процесінде қоғамдық өнімнің  нақтылы қозғалысы сан мыңдаған шаруашылық байланыстары арқылы жүреді. Олар кәсіпорындардың, аймақтық кешендердің ( территориялық комплекстердің), халық шаруашылығының экономикалық қан тамыры іспетті, осы байланыстар арқылы өндірістің «қан айналымы» жүзеге асады. Міне, қоғамдық өнімнің осы қозғалысында нарық маңызды қызмет атқарады. Әрине, оның өміршеңдігі өндірістің табиғатына, экономикалық, әлеуметтік жағдайына байланысты, дегенмен нарықтардың біраз дербестілігі бар, сондықтан да болар ұдайы өндірістің барлық сатыларына, түпкі нәтижесі мен тиімділігіне айтарлықтай әсер етеді.

      Жалпы нарық мәселесі төңірегінде осы  күнге дейін теориялық айтыстар толастамай келеді. Экономикалық әдебиеттер мен зерттеулерде «нарық» деген  терминнің мәні осы күнге дейін  толық ашыла қойған жоқ. Көпшілігі  нарықтық қатынасты стихиялық күштер үстемдік ететін ұйымдастырылмаған, у-шуы көп кәдімгі базармен теңесе, ал енді біразы нарықты экономиканы барлық ауруынан тез жазатын керемет «дәрі» деп те, немесе осы салада орын алып отырған ол қылықтар мен қайшылықтарды тез реттейтін керемет «күш» деп те дәріптеуде.

      Саяси экономикалық мағынада нарықты айырбас  қатынасын білдіретін экономикалық категория деп қарайды. Ол экономикалық қатынастар жүйесінде ұдайы өндіріс  процесінің маңызды сатысы, айырбасты  сипаттайды. Сонымен, нарық тауарлы өндірістің құрамды компоненті, тауарлы өндіріс пен айналыстың заңдарына сүйенетін айырбас процесі. Нарық – тауар мен ақша айналысы қатынастарының жиынтығы.

      Экономикалық  дамудың объективті жағдайы нарықты  және оның категорияларын (баға, ұсыныс, бәсеке және т.б.) өмірге әкелді. Көп уақыт бойы біздің еліміздегі басқарудың әкімшілдік- әміршілдік әдісі үстем етуі нарықтың дамуына тежеу алды. Соңғы жылдары басқарудың экономикалық әдісіне көшу нарықтық айырбасқа кең жол ашып отыр. Экономикалық өмірде шаруашылық қызметін ұйымдастырудың бұл әдісі «батыстық модельдерді» қайталау емес. Бұрынғы социалистік елдердегі нарықтық қатынастардың ұлғаюы шаруашылық механизмін қайта құру барысындағы заңды көрініс. Мысалы, Венгрияда 1988 жылдың өзінде экономикалық реформа барысында өндіріс құрал-жабдықтарына көтерме сауданы енгізу арқылы нарықтың тепе-теңдігі қалыптастырылды. Әрбір өндіріс әдісіндегі нарық меншікке байланысты өндіріс қатынастарының бүкіл жүйесінде әрекет етеді. Біздің қоғамымызда да нарық өндірістің тиімділігі мен халықтың әлеуметтік-тұрмыс дәрежесін жақсарту бағытында қызмет істей бастады.

      Соңғы уақытта, теориялық дискуссияларда нарық пен жоспар бір-біріне орынсыз қарсы қойылып жүр. Шын мәнінде ұдайы өндіріс (жоспарлы ұйымдасқан процесс) нарықты, оның икемділігін, экономиканың тиімділігін арттыруға пайдалануы аса маңызды мәселе. Сондықтан, нарық ұдайы өндірісті үйлесімді дамытудың басты тұтқасы. Экономиканы нарықтық реттеу ұйымдасқан жоспарлы шаруашылық механизмінің құрамды бөлігі, онымен тығыз байланыста әрекет ететінін естен шығармаған жөн. 

      І бөлім. Нарық- қоғамның экономикалық өмірінің негізі.

          1.1. Нарықтың атқаратын қызметі 

      Нарықтың  атқаратын басты қызметтеріне өндіріс  пен тұтынудың арақатынасын реттеу, ұдайы өндірістің үйлесімдігін қамтамасыз ету жатады. Қоғамдық қажеттіліктерді өтеу барысында халық шаруашылығы құрылымдары, өнімнің түрлері және басқа да шаруашылық параметрі жоспарланады. Сөйтіп, өндіріс пен тұтыну процестерінің арасындағы байланыстар белгіленеді. Ал мұндай жоспарлы бағыт-бағдарлар мен тапсырмалар алдымен нарықта, сұраныс пен ұсыныс, кәсіпорындардың келісімдері арқылы алғашқы сынақтан өтеді. Сонымен қатар, нарық белгіленген жоспарды жүзеге асыруда маңызды рөл атқарады. Өйткені ол өндірілген өнімнің оған жұмсалған еңбектің қоғамдық қажеттілігін дәлелдейді. Нарықтың тағы бір маңызды қызметі өндіріс шығындарын азайту. Бұл қызметін ол бағаның қоғамдық қажетті еңбек шығындарын нақты сипаттауымен байланысты атқарады. Тек бағалар нарықтық өзгерістерді әрдайым ескеретіндей икемді болулары керек.

      Көп уақыт бойы біздің шаруашылығымыздың  бұрынғы социалистік елдердегі  сияқты сәйкестілігі бұзылып, экономика  тапшылық жағдайында болып келді. Мұны ұдайы өндірістің заңдылығы деп  түсінушілер де аз болған жоқ. Сөйтіп, социализм тұсында сұраныс ұсыныстан әрдайым артық болуы керек деген формула пайда болды. Нарық құрылымы өте күрделі. Мұның ең басты буыны- өндіріс құрал- жабдықтары қозғалысы материалдық-техникалық жабдықтау түрінде жүзеге асты. Материалдық-техникалық жабдықтау – орталықтан ресурстарды жоспарлы түрде өндірушілер мен тұтынушыларға бөліп отыру. Бұл басқарудың әкімшілдік-әміршілдік түріне тән әдіс еді. Сырт қарағанда материалдық-техникалық жабдықтау сатып алу, сату арқылы жүргізіледі, бірақ бұл формальді түрде болып келеді. Нарықтың ұдайы өндірістегі рөлін көтеру үшін өндірушілер мен тұтынушылар арасында тікелей коммерциялық және аралық рөл атқаратын көтерме базалар арасындағы қатынасты кеңінен дамыту өмір талап етті. Материалдық-техникалық ресурстарды орталықтан бөлуден өндіріс құрал-жабдықтарын нарық арқылы сатуға көшу, еңбек ұжымдарының өзін-өзі басқару мен экономикалық дербестігін күшейтіп іскерлігін көрсетуге жол ашты.

      Көтерме сауданың бірінші көрінісі - өндірушілер  мен тұтынушылардың арасындағы келісім  шарт түріндегі байланыстар. Олар өзара өнім өндірудің көлемдерін, оның сапасын және жабдықтау жағдайларын анықтайды. Көтерме сауда шаруашылық есептегі базалар мен магазиндер арқылы да ұйымдастырылады. өндіріс құрал-жабдықтарын көтерме сауда арқылы сату алдын-ала экономикалық және ұйымдастыру алғышарттарын қажет етеді. әңгіме сұраныс пен ұсыныстың арақатынасын ескертетін бағалар жүйесіне, нақтылы шаруашылық есепке көшу, дамыған инфрақұрылымын жасау (қоймалар мен базалар, транспорттық қызмет көрсету және т.б.). Тек шаруашылық коммерциялық есепті нығайту арқылы ресурстарды үнемдейтін экономикалық тұтқаларды жасауға болады. Көтерме сауда нарығына көшудің басты жағдайына ресурстар мен қажеттіліктің сәйкестілігін сақтау да жатады.

      Жалпы тауар айналысы ақша айналысымен  тығыз байланысты. Сондықтан өндіріс құрал-жабдықтары нарығының дамуы, кәсіпорындардың коммерциялық сауда қызметінің кеңеюі ақша ресурстарының қарыз қорын және бағалы ақшалардың жеке нарығының құрылуын, олардың қозғалысының икемділігін жарастыруды талап етеді. Сөйтіп, нарықтың құрамында бағалы ақшалардың облигациялар мен акциялардың коммерциялық айналымы орын алуы мүмкін. Әзірге бұрынғы социалистік елдерде мемлекеттік облигациялар механизмі жолға қойылған. Венгрия мен Қытайда сонымен қатар акциялар нарығы да орын алуда. Нарықтық дамыған форма биржалардың ұйымдасуын талап етері сөзсіз.

      Болашақта нақты жүйенің қалануына ұлттық ақшаның төлем қабілетінің, айналым  қызметінің өсуіне қарай теңгенің белгіленген  курсқа сәйкес шетелдік валюталарға  еркін айырбастау нарығының да құрылуы  объективті құбылыс.

      Ұдайы өндіріс процесінде тұтыну тауарлары  мен қызмет көрсету нарығының  маңызы да зор. Тек осының негізінде  өндірісті ұлғайту мен тауарлардың  сапасын жақсарту бағдарламалары жүзеге асырылады. Осы проблеманың маңыздылығын былай анықтауға болар еді: егер біз нарықты алуан түрлі тауарлармен және көрсетілетін қызмет түрлерімен толықтыра алмасақ, бөліс қатынастарын жетілдіру жөніндегі барлық күш-жігерлеріміздің тиімділігі шамалы болып шығады, ал халықтың әл-ауқатын арттыру жөніндегі міндетіміз орындалмай қалады. Халық тұтынатын тауарлар өндіру мен қызмет көрсету саласын дамытудың кешенді бағдарламасы міне осыған бағытталуы қажет. Қазіргі кезеңдегі тұтыну тауарлары нарығының ерекше белгісі- тұтынушылар сұранысын жақсы өтеу барысында өндірушілер арасында конкурс пен жарыс өткізу. Мұнда көтерме сауда жәрмеңкелерін жиі өткізудің маңызы зор. Әсіресе ТМД елдерінің, аймақтардың арасында осындай жақсы тауарлар сату жарысын ұйымдастыру өндірушілер үшін үлкен сын болар еді. Бұл болашақта халықаралық экономикалық қатынасқа кәсіпорындардың өз еркімен қатынасуына да үлкен әсер етері сөзсіз. 

     1.2. Нарықтың мәні

      Көптеген  елдердің тауар айналымында ауыл шаруашылығы мен басқа кооператив өнімдері, өздерінің қосалқы шаруашылығында өндірген өнімдерді өткізетін нарық  көрнекті орын алуда. Экономикалық реформа барысында колхоздар жоспардан тыс 30 пайызға дейінгі жоспарлы өнімді қалаларға апарып келісім бағалармен сатуға құқылы.

      Нарықты сапалы жақсы тауарлармен толтыру  мен қызмет көрсетуді жақсарту, біздің әлеуметтік саясатымыздың басты міндеті. Ең бастысы реттелетін әлеуметтік нарықты дамыту, алыпсатарлармен күрестегі жеңістің, «көлеңкелі экономиканы» жоюдың алғышарттары.

      ТМД елдерінің ұлттық нарықтары бір-бірімен  тығыз байланыста. Олар дүниежүзілік нарықпен де қарым-қатынасты ұлғайтуда. Бұл қатынастарды дамытудың материалдық негізі ол елдер арасындағы еңбек бөлінісін тереңдету, тікелей тауар айырбасы мен сату қызметтерін кеңейту. Тауар айналысы мен нарық «сатушы мен сатыпалушылардың» арасындағы қатынастың көріну формасы болғанымен, олар шын мәнінде өндіріс пен тұтынудың, сұраныс пен ұсыныстың қайшылықтарын нақты көрсетеді.

      Сұраныс пен ұсыныс- халықтың тауарларға деген төлем қабілеті бар сұранысы (сатып алу қабілеті) мен ол тауарларды ұсынудың (сатуға шығарудың) арасындағы қатынас. Тауарды сатып өткізу процесі қалыпты жүзеге асып тұруы үшін сатуға шығарылатын тауар мен халықтың төлем қабілеті бар ұсынысы сай келуге тиіс. Алайда өмірде дәл осылай бола бермейді. Өйткені, сұраныс қоғамның барлық қажеттерін көрсетпейді, ол тек ақша қаржысымен қамтамасыз етілген өндіріс құрал-жабдықтарымен тұтыну заттарына деген сұранысты қанағаттандыруды қамтиды. Сұраныс сияқты, ұсыныс та елдегі өнім өндірудің бүкіл көлемін сипаттайды. Мысалы, ол тауар айналысы саласынан тыс өндірістік және жеке тұтынуға түсетін өнімдерді өндіру резервтері мен көлемін қамтымайды. Халық тұтынатын тауарларға сұраныс пен ұсыныс арасындағы сәйкестік тұтыну заттарының көлеміне, қорлану қорын ұтымды пайдаланып, өндірістің тиімділігін арттырумен тікелей байланысты. Сұраныс пен ұсыныстың арақатынасына қоғамдық өндірістің екі бөлімінің - өндіріс құрал-жабдықтарымен тұтыну заттары өндірісінің өсу қарқыны әсерлі ықпал етеді.

      Сұраныс пен ұсыныс тепе-теңдігіне халықтың ақшалай табысы мен еңбек өнімділігінің  өсу қарқынының арақатынасы да ықпал етеді. Осы арақатынасты реттеуде баға да маңызды рөл атқарады. Егер, жекелеген тауарлар ұсынысы сұраныстан асып кетсе, мемлекет бөлшек сауда бағасын кемітеді, осының салдарынан нарық сыйымдылығы артып, тауарлар тез өткізіледі. Ал егер ұсыныс сұраныстан артта қалса, мемлекет ең алдымен тұтыну заттарын өндіруді ұлғайту шараларын қолданады, тек кейбір жағдайда ғана, осындай тауарларды едәуір ұлғайту мүмкіндігі болмаған сәтте мемлекет бұл тауарға деген сұраныс пен ұсынысты бір-біріне сәйкестендіру мақсатымен бағаны көтеруге мәжбүр болады. Бірақ мұндай жағдайларда бір тауардың бөлшек сауда бағасын көтеру, әдетте, басқа тауарлардың бағасын кемітумен толықтырылады. Халық тұтынатын тауарлар бойынша нарықтық тепе-теңдікті орнатудың және оны бірқалыпты сақтаудың қажетті алғышарты халықтың сұранысын үнемі зерттеп, есепке алу болып табылады. Нарықтық тепе-теңдік халық шаруашылығының үйлесімді дамуының бір белгісі. Сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігінің бұзылуы экономиканың сәйкестілігінің бұзылып, өндірістің дамуына, әлеуметтік мәселелерді шешуді қиындатады.

      Сұраныс пен ұсыныстың арақатынасының бұзылуы  тек бағаларды өсіріп қоймайды. Ұсыныстың  сұраныстан өнебойы артта қалуы  нарықтың қалыпты жұмысын бұзып, экономикалық айналымды бүркемелеп, өндірістің құрылымында да әсер етеді. Нәтижесінде өнімді жаңартып отыру баяулап, ғылыми-техникалық прогресс тежеліп, тауарлармен қызмет көрсетудің сапасы нашарлап, экономиканың қаржылық тұрақтылығы бұзылады. Мұндай жағымсыз құбылыстарға орын бермеу үшін нарықта оның заңдары негізінде басқара отырып, оны экономиканы реттеу механизміне енгізу керек. Жалпы сұраныс пен ұсынысты реттеу – нарықты басқарудың басты қызметі, шаруашылық механизмінің құрамды бөлігі. Мұндай реттеу әр түрлі әдістермен, мысалы тікелей (айталық мемлекеттік заказдарды стратегиялық, әлеуметтік маңыздылығы басым өнімдерге беру) және жанама жолмен (бағалар, қаржы-несие тұтқалары, салық, жарнама және т.б.) жүргізіледі. Соңғы уақытта нарықты реттеп, сұраныс пен ұсынысты үйлестіру мақсатымен маркетинг жүйесі енгізілуде.

Информация о работе Қазақстан нарық жолында