Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Декабря 2011 в 22:12, курсовая работа
Саяси экономикалық мағынада нарықты айырбас қатынасын білдіретін экономикалық категория деп қарайды. Ол экономикалық қатынастар жүйесінде ұдайы өндіріс процесінің маңызды сатысы, айырбасты сипаттайды. Сонымен, нарық тауарлы өндірістің құрамды компоненті, тауарлы өндіріс пен айналыстың заңдарына сүйенетін айырбас процесі. Нарық – тауар мен ақша айналысы қатынастарының жиынтығы.
Кіріспе
Нарық қоғам өмірінде…………………..……………………………….. 3
І бөлім
Нарық – қоғамның экономикалық өмірінің негізі
1.1. Нарықтың атқаратын қызметі ………………………………………. 4
1.2. Нарықтың мәні ………………………………………………………..6
ІІ бөлім
Нарықтың құрылымдары
2.1. Нарықтың құрылымы ……………………………………………….. 11
2.2. Нарықтың инфрақұрылымы ……………………………………...….15
ІІІ бөлім
Қазақстан нарық жолында
3.1. Қазақстан экономикасының ерекшеліктері.........................................19
3.2. Қазақстан экономикасының бүгінгі таңдағы жағдайы.......................22
Қорытынды………………………………………………………………….24
Қолданылған әдебиеттер тізімі………
Қазіргі кезеңдегі нарықты реттеудің бір ерекшелігі орталық экономикалық органдар сұраныс пен ұсыныстың макропропорцияларын реттеуді өз жауапкершілігіне алып отыр. Ал микоапропорцияларды, яғни кейбір тауар түрлерін қызмет көрсетуді нақтылы тұтынушылар мен жабдықтаушылардың арақатынасын реттеуге кәсіпорындар мен кәсіпкерлерге тұтас алғанда еңбекшілерге кең құқықтар берілген.
Еңбек нарығы өндірістің тиімділігін өсіруге, ғылыми-техникалық прогресті жеделдетуге осы негізде еңбекшілердің тұрмыс дәрежесін елеулі көтеруге көмектеседі. Еңбек нарығы жұмыс орны мен кәсіпті (профессияны) таңдауға, өмір салтын қалыптастыруға, адамның экономикалық тәуелсіз дігін қамтамассыз етуге жол ашады. Еңбек нарығы асқан жауапкершілікті, жинақтылықты, тәртіпті қажет етеді. Мемлекет әр адамға нақтылы жұмыс орнын дайындау міндетінен арылады, сонымен әр адам өзіне лайықты еңбек орнын таңдап алуға ерікті. Мемлекеттің міндеті-еңбекшілерге тиімді еңбек етуіне қолайлы жағдай жасаумен бірге уақытша жұмыссыз қалғандарға әлеуметтік жәрдем жасау, оларды барынша қолдау және қорғау.
Еңбек нарығы туралы сөз болғанда жұмысқа тарту теориясында жаңа көзқарас пайда болғанын атау керек. Кеңестік қоғамтану, экономикалық әдебиеттерде ондаған жылдар бойы социализм жағдайында жұмыссыздар болмайды, бұл социализмнің капитализммен салыстырғандағы белгілі бір артықшылығы деген қағида берік орын алып келді. Қоғамдық пікір де осы тұрғыдан қалыптасқан еді. Елімізде нарықтық шаруашылық жүйесіне көшуге орай экономикалық теория алдында бірсыпыра жаңа сұрақтар қойғаны туралы жоғарыда сөз болды. Сол сұрақтардың бірі еңбек нарығы және жұртшылықты еңбекке тарту мәселесі. Шындығында, 1989 жылдан бері әдебиет бетінде, түрлі ғылыми-өндірістік конференцияларды, жиналыстарда айтылған пікірлерді негізін екі топқа бөлуге болады. Бір топ біздің елде еңбек нарығы болуға тиіс емес десе, екіншілері еңбек нарығы бар, бірақ ол тежелген, ерекше нарық дегенді айтып жүр. әрине, кеңестік, дәстүрлік саяси экономия теңдік, әділеттілік пен қазіргі ілгері дамыған елдердегі жалақы, еңбекке тарту, оған ынталандырумен байланыстырғысы келеді. Онымен бірге жаңа көзқарас еңбек проблемаларын зерттегенде экономикалық және әлеуметтік саясат, еңбектің сипаты мен мәні, оның тиімділігін, әділеттілігі туралы мәселені қамтуды қажет етеді.
Еңбек нарығының құрамдас бөлігі жұмысшы күшінің сипатына да анықтама беру керек. Соңғы мезгілге дейін кеңестік экономикалық ой-пікірде жұмыс күші біздің елімізде тауар емес, оның себебі жұмысшылар өз мемлекетінің, қоғамның қожасы болды, қанаушы устем таптар жойылды, сондықтан жұмысшы өз еңбегін өзіне сата алмайды деген түсінік кең орын алды. Осы қағиданың дұрыс еместігін өмір тәжірибесі дәлелдеп берді. Себебі жоғарыда аталған топшылу шындыққа жатпады. Керісінше, жұмысшылар өндіріс құрал-жабдықтары мен өндірісті басқарудан тыс қалды, олардың еңбекке деген белсенділігі де кеміді. Осыған орай теорияда және практикада жұмысшы күші қайта даярлау, ұдайы өндіру, оның нақтылы құнын анықтау мәселесі жете зерттелмеді. Осы жағдай кеңес елінде жұмыс орны мен жұмыс күшінің өте арзан болғанын анықтайтын себеп. Кеңес елінде де теориялық қағидалар қаншама теріс болғанымен еңбек нарығы болды, бірақ та ол ашық түрде шаруашылық механизмінің құрамдас бөлігі ретінде қызмет атқара алмады. Жұмысшылар бір кәсіпорыннан екінші кәсіпорынға, түрлі мекемелерге жиі ауысып жүрді. Техникалық жабдықталу, еңбек жағдайы және жалақысы жоғары кәсіпорындарды жұмысшылардың іздейтіні ақиқат. Осыған орай экономикадағы қолайсыз жағдайдың бірі жұмысшылардың жиі ауысуы болды. Мәселен бұрынғы Одақ бойынша 80-жылдары бір жылда 20 миллиондай адам еңбек орнын ауыстыратын. Осындай құбылыс Қазақстан жағдайында да орын алды. Қазіргі экономикалық теориядағы жаңа көзқарас бойынша жұмыс күші тауар ретінде қаралуы керек. Олай болса жұмыс күшінің тұтыну құны және құны бар. Жұмыс күшінің тұтыну құны дегеніміз оның материалдық және рухани игіліктерді өндіріп, қызмет көрсетуді атқару қабілеті. Жұмыс күші арқылы адам құн және қосымша құн өндіреді. Нарық қатынасында жұмыс күшіне сұраныс тауар өндірушінің сапалы өнім шығарып, оны сатудан пайда түсуімен белгіленеді. Сонымен жұмыс күшіне сұраныс проблемасы экономикалық өсумен тығыз байланысты. Әрине, мемлекет бұл процесті тікелей және жанама реттеуге мүмкін. Ол үшін экономика құрылымын қалай құру, перспективалық, стратегиялық күрделі қаржылар жұмсау көзделуге тиіс. Көп салалы экономикада жұмысшыны қабылдайтын кәсіпорын оның жұмыс күшінің сапасына ерекше назар аударады. Осыған орай еңбекақы да белгіленеді. Жұмысшының еңбекақысының мөлшеріне түрлі факторлар әсер етеді, оның ішінде еңбек туралы заң, ұжымдық шарт, салық саясаты т.б.
ІІ бөлім. Нарықтың құрылымдары
2.1.
Нарықтың құрылымы
Нарықтың құрылымы өте күрделі болады және ол экономиканың барлық сферасында әсерін жүргізеді. Нарықтық экономикалық құрылымы мынадай жағдайлармен белгіленеді:
● меншік формалармен (мемлекеттік, жеке, ұжымдық, аралас);
● шаруашылық субъектілерінің әр түрлі формаларының экономикадағы үлес салмағымен белгіленетін, тауар өндірушілердің құрылымымен (мемлекеттік, арендалық, кооперативтік, жеке меншік кәсіпорындары, т.б.);
● тауар айналымы сферасының ерекшеліктерімен;
● шаруашылықты құрылымдық бөлімдерінің мемлекет иелігінен алыну және жекешелендіру дәрежесімен;
● осы елде пайдаланатын сауданың түрлерімен.
Осы жағдайлар нарық жүйесіне ерекше қасиеттер береді.
Құрылымы жағынан нарықты мынадай критерийлер арқылы бөлуге болады:
1. Нарық қатынастары объектілерінің атқаратын экономикалық қызметі бойынша:
игіліктер мен қызметтер
өндіріс құралдарының нарығы;
ғылыми-техникалық жұмыстар нарығы;
құнды қағаздар нарығы;
жұмыс күші нарығы.
Нарықтың көп түрлілігі кәсіпорындардың өзара әсер етуінің барлық жүйесіне күрделі өзгерістер енгізуге талап етеді, тауардың өткізілуін тікелей байланыс негізінде жүргізуді, сату-сатып алудағы бейнелеп-есептеу сипатын нақты сату-сатып алумен алмастыруды, шаруашылық байланыстарындағы серіктерді еркін таңдауды талап етеді. Осындай нарықтың құралдарына тауар және қор биржалары, маманданған қоймалар, коммерциялық орталықтар, көтерме сауда орындары, т.б. жатады.
2. Нарықтарды тауарлық топтар бойынша жіктеуге болады:
өндірістік қызметке бағытталған тауарлар нарығы;
халық тұтынатын тауарлар; азық-түлік тауарлар нарығы;
шикізат пен материалдар және т.б. нарықтар.
Ауыл шаруашылық шикізаттары нарығында азық-түлікке және ауыл шаруашылық шикізаттарына қажеттіліктерді қамтамасыз ететін, ауыл шаруашылық өнімдер қоры жасалады. Тұтыну тауарлар нарығының қалыптасуы осы тауарлардың өндіру көлемінің елеулі дәрежеде өсуін тілейді, сатып алушылық сұранысты қанағаттандыру үшін бәсекеліктің кең пайдаланылуын, фирмалық дүкендердің көбеюін тілейді.
3. Кеңестік (территориялық) критериі бойынша мынадай нарықтар болады:
аймақтар ішіндегі;
аймақаралық;
республикалық;
республикааралық;
халықаралық(әлемдік) нарықтар.
Осындай нарықтардың қалыптасуы республиканың мемлекеттік егемендігін қамтамасыз етеді.
4. Бәсекенің шектелу дәрежесі бойынша мынадай нарықтар болады:
монополиялық;
олигополиялық;
салааралық нарықтар;
5. Нарық қатынастарының субъектілері бойынша мынадай нарықтар болады:
көтерме сауда нарықтары. Бұнда сатып алушы мен сатушылар болып кәсіпорындар және ұйымдар әрекет етеді.
бөлшек сауда нарықтары. Бұнда сатып алушылар – жеке азаматтар.
ауыл шаруашылық өнімдері мемлекеттік сатып алу нарықтары. Бұнда сатып алушы мемлекет, сатушылар – ауыл шаруашылық өнімдерін тікелей өндірушілер: совхоздар, колхоздар, фермерлер, агрокешендер, т.б.
Көтерме сауданың екі түрі болады. Бірінші түрі – жабдықтаушы (жеткізуші) мен тұтынушылар арасында тікелей байланыс жасау. Бұл түр еңбек кооперациясы тұрақты байланысты болғанда пайдаланылады (тоқыма және тігін комбинаттары, автомобиль және шина жасайтын заводтар). Бұндай байланыстарда келісім шарт нарықты қалыптастырудың басты және белсенді құралы болады. Көтерме сауданың екінші түрі – коммерциялық орталықтар, биржалар. Бұл түр өніммен қамтамасыз етушілерді көптеген ұсақ тұтынушылар пайдаланғанда орын алады. Көтерме сауда тек белгілі экономикалық және әлеуметтік жағдайларда мүмкін болады.
6.Экономикада заңдылықты сақтау жағынан мынадай нарықтар болады:
заңды, ресми нарықтар;
заңды емес, «көлеңкеленген» нарықтар т.б.
Нарықтардың құрылымын зерттеу, оларды негізгі түрлерге бөлуге мүмкіндік береді.
Тауарлар мен қызметтер нарығы. Бұл топқа жататын нарықтар:
тұтыну тауарларының нарықтары - азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар нарығы;
қызметтер нарығы – тұрмыстық, көлік, коммуналдық қызметтер;
тұрғын үй және өндірістік емес ғимараттардың нарығы.
Өндірістік факторларының нарығы. Бұған жататындар:
жылжымайтын мүліктер нарығы;
еңбек құралдарының;
шикізат пен материалдардың;
қуат ресурстарының;
пайдалы қазбалардың нарықтары.
Қаржылар нарығы:
капиталдар нарығы, немесе инвестициялық нарықтар;
несие нарықтары;
құнды қағаз нарықтары – акциялар, облигациялар, опциондар, варианттар, және фьючерстық контаркттардың т.б.;
валюта – ақша нарықтар.
Интелектуалдық өнімдер нарығы – инновациялардың, ойлап табулардың, информациялық қызметтердің, әдебиет және өнер еңбектерінің нарықтары.
Жұмыс күші нарығы. Бұл еңбек ресурстары қозғалысының экономикалық формасы. Бұнда нарық экономикасы заңдарына сәйкес жұмысшы күші миграция жасап отырады.
Аймақтық нарықтар: жергілікті, ішкі, ұлттық, сыртқы, халықаралық нарықтар.
Нарықтарды сегменттеу. Нарықтың негізгі түрлері әртүрлі субнарықтарға, нарықтық сегменттерге бөлінеді. Нарықты сегменттеу – тауарларға бірдей емес талаптар қоятын осы тауардың тұтынушыларын жеке-жеке топтарға бөлу болып табылады. Нарықтың сегменті – бұл нарықтың бір бөлімі, белгілі ортақ көрсеткіштер негізінде құрылған тұтынушылар, өнімдер немесе кәсіпорындардың тобы болып табылады. Сегменттеу әртүрлі жолдармен, әртүрлі факторларды (көрсеткіштерді) қолдану арқылы жүргізіледі. Осылардың негізгілері:
1.Географиялық:
аймақтар бойынша: Солтүстік, Орталық, Батыс, Шығыс, Оңтүстік;
2. Демографиялық:
адамдардың жасына сәйкес топтау;
жыныстық топтау;
отбасы мүшелерінің санына қарай таптау;
табыстар дәрежесіне қарай;
кәсіби
құрамына сәйкес – ғылыми қызметкерлер,
мемлекеттік кәсіпорындардың
3.Психографиялық:
халықты әлеуметтік құрамына сәйкес топтау;
табыстардың дәрежесіне сәйкес;
өмір салтына сәйкес: жастар, спортпен шұғылданатындар, ақсүйектер;
жеке басының қасиеттеріне сәйкес: ашуланшақтар, өзімшілділігі молдар.
4. Мінез-құлықтық (тауарларды таңдау):
тауарларды кездейсоқ сатып алады;
сатып алуда пайда, бағалылық көздейді;
сапалы заттар, төмен бағалы заттар алады;
клиент болудың тұрақтылығы, өнімнің қажеттілік дәрежесі: үнемі керек, анда-санда керек;
өнімге эмоционалдық қатынасы: позитивтік көзқарас, негативтік көзқарас.
2.2.
Нарықтың инфрақұрылымы
Нарық
дегеніміз баға арқылы сұраным мен
ұсынымның өзара бірлескен іс-
1. Нарықтар. Қазіргі кезде нарықтардың алуан түрі ( жергілікті, аймақтық, салалық, ұлттық, халықаралық) қалыптасуда. Олардың ішінде капиталдар, ресурстар, еңбек және валюта нарықтарына ерекше орын беріледі.