Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2012 в 13:37, доклад
Агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға 120 миллиард теңге жұмсалады – бұл елдің азық-түліктік қауіпсіздігін қамтамасыз ете¬ді, сондай-ақ болашақ, астық, ет және көкөніс экспортына мүмкіндік береді. Осындай көлемде қаржы экономиканың нақты секторына түседі – бұл қаражаттар кәсіпорындарды жаңартуға бағытталады. Дағдарыстық жағдайға қарамастан, Қазақстан өкіметі алға көз жіберіп отыр және инфрақұрылымға біаз ақша салмақ. Үкімет жаңа жолдар мен электр желілерін тартуды жоспарлап отыр, бұл экономиканың дамуын еселей түсіп, дағдарыстан кейінгі кезеңде бәсекеге қабілетті болуына жағдай жасайды.
Құрметтi қазақстандықтар!
Бiздiң алдымызда дағдарыс
салдарын еңсеру және келесi экономикалық
өсуге әзiрлену жөнiнде үлкен
мiндеттер тұр.
Қазiрдiң өзiнде бiз қабылдағанның бәрi
- бұл бүгiнгi дағдарыс туындатқан ағымдағы
проблемаларды шешу.
Мен тоқтап қалмауды, одан әрi жүрудi және
дағдарыстан кейiнгi елдiң дамуын қамтамасыз
ету үшiн экономиканы одан әрi жаңғырту
және жұмыспен қамту стратегиясын iске
асырудың жаңа жоспарын жүзеге асыруды
ұсынамын.
Ең қиын жылдары бiз салуды бастап, елдiң
жаңа байтағын - Астананы, бiз осыны жүзеге
асыра алатынымызға ешкiм сенбеген кезде
тұрғыздық. Бiз осыны жасадық, мұны бүкiл
әлем көрiп отыр. Келiңiздер, осы жақсы тәжiрибенi
жалғастыратын болайық.
Иә, жаңа қаражат қажет. Осы мақсатта дәстүрлi
түрде Ұлттық қорға есептелiп келген шикiзаттық
сектордың табыстарын 2009-2010 жылдары жаңа
жоспарды жүзеге асыруға жұмсау дұрыс
болады деп санаймын. Тұтастай алғанда
бұл Ұлттық қордан бекiтiлiп қойылған трансферттерге
қосымша шамамен 600 миллиард теңгенi құрайды.
Бұл - уақытша, бiрақ та қажеттi шара. Бұл
ретте бiз қазiргi сәтте бар елдiң жалпы
резервiнiң сол көлемiн, яғни 47 миллиард
американ долларын сақтаймыз. Бұл бiзге
осы дағдарыс жалғасқан жағдайда тұрақтылыққа
деген сенiмдiлiк бередi.
Қаражаттың басқа бiр көзi - бұл бюджеттiң
барлық шығындық баптары бойынша қатаң
үнемдеу жене аса қатал қаржы тәртiбi. Осыны
ескере отырып Үкiметке республикалық
бюджет шығындарын оңтайландыруды және
апта сайынғы мониторинг режимiнде бюджеттiк
қаражаттың жұмсалуын жiтi бақылауды тапсырамын.
Осыған сондай-ақ бiздiң депутаттарды да
шақырамын.
Қауырт өсу кезеңiнде үйреншiктi болып
кеткен ысырапқорлық ойлы тұтынумен және
үнемдеумен ауыстырылуы тиiс. Ашығын айтайық,
бiзге ақша пайда болған осы жылдары сұраныс
көбейiп, штаттар қампиып кеттi және iссапарлар
саны, әрқилы ауқымды мәдениет күндерiн
өткiзу ұлғая түстi. Осы мәселеде баршаның
ойланғаны керек.
Қаржы тәртiбiн бұзушыларға дағдарыс уақытының
заңы бойынша қатал сұраныс қойылуы тиiс.
Барлық басым емес шығындар - әкiмшiлiк,
инвестициялық және басқа шығындар - нөлге
теңестiрiлуi тиiс. Бұл жергiлiктi бюджеттерге
де қатысты.
Босаған қаражат бiзге, ең алдымен, қазақстандықтардың
еңбекпен қамтылу стратегиясын iске асыру
мүмкiндiгiн бередi. Ол бiзге дағдарыс ауыртпалығын
еңсеруге ғана көмектесiп қоймайды, сонымен
бiрге дағдарыстан кейiнгi уақытта экономиканың
тиiмдi дамуын қамтамасыз етедi. Ол әрбiр
қазақстандық отбасына жаңа мүмкiндiктер
беруi тиiс.
Жұмыс орындарының жеткiлiктiлiгi Үкiмет
мүшелерi мен әрбiр әкiмнiң Қазақстан экономикасының
тұрлаулы дамуын қамтамасыз етуге қабiлеттiлiгi
айқындалатын негiзгi көрсеткiш болуы тиiс.
Әрбiр әкiм, әр министр апта iшiнде қанша
жұмыс орнының қысқарғанын және жергiлiктi
орындарда қаншасын ашқанымызды бiлуi
тиiс. Нақ осы тұрлаулы дамудың негiзi болып
табылады.
Өңiрлiк жұмыспен қамтылуды және кадрлардың
қайта даярлануын қамтамасыз ету үшiн
мен Үкiметке кем дегенде 140 миллиард теңге
бөлудi тапсырамын.
Жергiлiктi бюджеттерден де жұмыспен қамту
стратегиясын бiрлесе қаржыландыруға
ресурстар бөлiнуi тиiс.
Жұмысынан айырылғандар үшiн жаңа жұмыс
орындарын құратын боламыз. Бiз кем дегенде
350 мың қазақстандықты жұмыспен қамтамасыз
ете аламыз, бұл қазiргi қоғамдық жұмыстарды
есептемегенде.
Бiзде еңбек рыногын дамыту үшiн мүмкiндiктер
бар, оларды ойлап табу керек емес. Нақ
осыған бiз қосымша бөлiнген қаражатты
жұмсаймыз.
Бiрiншiден, бұл коммуналдық желiлердi қайта
жарақтандыру және жаңғырту. Бұл - сумен
қамтамасыз ету, жылумен қамтамасыз ету,
энергетика мен кәрiз сулардың нысандары
мен желiлерi.
Үкiметке әкiмдермен бiрлесiп осы мақсатқа
кететiн қажеттi шығындарды анықтауды,
жұмыстарды қаржыландыруды ғана емес,
сонымен бiрге бюджеттен бөлiнген әрбiр
теңгенiң пайдаланылуын қатаң бақылауды
тапсырамын.
Бұл көзге көрiнбейтiн жұмыс, бiрақ та бiзге
оны бәрiбiр iстеуге тура келедi. Ол - болашақ
дамудың негiзi. Бұл қалалар мен жергiлiктi
орындарда орасан көп жаңа жұмыс орындарын
ашудың мүмкiндiгi. Бiз халқымыздың сатып
алу қабiлетiн арттырамыз. Егер парасатпен
жұмыс iстей бiлсек, босаған адамдарды
жаңа мамандықтарға үйрету керек.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты әлдеқашан-ақ
ретке келтiру керек едi. Келiңiздер, қазiр
осымен айналысайық.
Екiншiден, бұл жергiлiктi мәндегi автомобиль
жолдарын салу, қайта жарақтандыру және
жөндеу, сондай-ақ әлеуметтiк инфрақұрылымды,
ең алдымен мектептер мен ауруханаларды
жаңарту.
Бұл ендi ӘКК-лердiң мiндетi, олар халықтың
барынша жұмыспен қамтылуын қамтамасыз
етуге мiндеттi. Мәселенiң қаржылық жағы
- Үкiмет пен әкiмдердiң құзырында.
Бiз қазiр халықпен келiсiп, тура айтуға
тиiспiз: құрылысы басталған мектептер
мен ауруханаларды салып бiтiремiз. Жағдай
осылай болып тұрғандықтан, бiз жаңаларын
кейiнге қалдыра тұрамыз, алайда қаражатты
қолданыстағы мектептердi, ауруханаларды,
медициналық пункттердi жөндеуге жұмсаймыз.
Осылай жұмыс орындарын да құрамыз.
Сондай-ақ, бiз салуды белгiлеген магистралдық
автомобиль және темiр жолдарын да тоқтата
тұруға тура келедi. Мұның орнына ақшаны
облыс орталықтарының, қалалардың төңiрегiндегi
жолдарды, ауданаралық жолдарды ретке
келтiруге жұмсаймыз. Осылайша бiз тылымызды
бекiте түсемiз.
Үшiншiден, әрбiр нақты елдi мекендегi жергiлiктi
мәндегi нысандар. Бұл жергiлiктi билiктiң
шешуi бойынша жолдарды, клубтарды немесе
басқа нысандарды абаттандыру мен көгалдандыру,
жөндеу. Бұл мақсаттарға атаулы трансферттер
бөлiнуi тиiс.
Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары ретiнде
аудандық мәслихаттарға қаражат бөлiнуi
тиiс. Жұмыспен қамтудың жергiлiктi проблемалары
мен мәселелерiн шешу үшiн бұл қаражатты
қайда жұмсау керектiгiн олардың өздерi
шешетiн болсын.
Бұл жұмыстың тиiмдiлiгi үшiн дербес жауапкершiлiктi
тұтастай әкiмдерге жүктеймiн.
Аталған барлық жобаларды iске асыру үшiн
бiз жергiлiктi өндiрiсшiлердiң әлеуетiн барынша
пайдалануға тиiспiз. Егер қажеттi өндiрiстер
бүгiнде жоқ болса, оларды құру керек, мұның
өзi бизнес үшiн жаңа мүмкiндiктер ашады.
Бiз Тәуелсiздiгiмiздiң 20 жылдығының қарсаңында
тұрмыз. Осы датаға орай бүкiл Қазақстанда
кең ауқымды жұмыс өрiстеуi керек. Бұл бiздiң
ұрпағымыз үшiн, бiздiң халқымыз үшiн ұмытылмас
жылдар. Қазақ ұлтының және бүкiл Қазақстанның
тарихында мұндай кезең болған емес.
Осының барлығына тереземiз тең, керегемiз
кең ел болғанның арқасында қол жеткiздiк,
ел ретiнде, қазақ ретiнде, мемлекет ретiнде
мұндайлық сәулелi күннiң басымызға тәуелсiздiктiң
арқасында ғана қонғанын бiздiң ұрпақ ұмытпақ
емес. Ел шежiресiндегi ерекше бұл белеске
бiз барынша дайындықпен баруымыз керек.
Қазiрден бастап әр ауылдың кем-кетiгiн
қалпына келтiрiп, көгалдандырып, жолдарымызды
жөндеп, үйлерiмiздiң iшi-сыртын әрлесек,
елдiң де көңiлi көтерiле түседi.
Сондықтан бұл жұмысты бiз қазiрден бастауға
тиiспiз. Әр ауыл әкiмiне шамамен 50-100 миллион
теңгедей аздап ақша бөлсек, олар аудандық
мәслихаттардың бақылауымен қандай да
бiр қиындық көрiп жатқан тұрғындарға қажеттi
мәселелердi шешер едi, шағын несиелер
берер едi.
Осылайша бiз жұмыспен қамтылу мәселесiн
шешiп қана қоймаймыз, сонымен бiрге бiздiң
елiмiзде жаңа өндiрiстердiң пайда болуы
үшiн ынталандыру жасаймыз.
Төртiншiден, бұл әлеуметтiк жұмыс орындарын
кеңейту және жастар практикасын ұйымдастыру.
Халықты жұмыспен қамту туралы қолданыстағы
Заң бiзге бюджет қаражатын осы мақсатқа
пайдалануға мүмкiндiк бередi. 2008 жылы 13
мыңнан астам адам осы бағдарламалар бойынша
өз мүмкiндiктерiн iске асырды.
Бiздiң бүгiнгi мiндетiмiз - қазiргi бар бағдарламалардың
аясын кеңейту.
Осы мақсатқа қосымша 8,6 миллиард теңге
бөлудi тапсырамын. Сонда бiз 96 мыңға жуық
адамды жұмыспен қамтамасыз етемiз.
Осымен бiр мезгiлде бiз Әлеуметтiк сақтандырудың
мемлекеттiк қорынан жұмыссыздығы бойынша
жәрдемақы төлеудiң барынша ұзақ мерзiмiн
4-тен 6 айға дейiн ұлғайтуға тиiспiз.
Әлемдiк дағдарыс жағдайында бiздiң жұмыспен
қамту стратегиямыз кадрларды қайта үйрету
және қайта даярлау жөнiндегi толық ауқымды
жұмысқа бағытталған.
Үкiметке әкiмдермен бiрлесiп қазiргi бар
оқу орындарының базасында мамандарды
қайта даярлауды ұйымдастыруды тапсырамын.
Бiздiң адамдарымыз оқып-үйренуге тиiс,
бүкiл әлемде адамдар өмiр бойы оқумен
өтедi. Мына жағдайда қайта оқуға, сөйтiп
бүгiн қажет болып отырған мамандықты
игеруге мүмкiндiк те бар, қажеттiлiк те
бар.
Бiз қазiр барлық iрi құрылыс кәсiпорындарын
адамдарды басқа мамандықтарға оқыту
үшiн қарыз бөлуге мiндеттеймiз. Барлық
жерде осылай болуға тиiс. Егер Үкiмет пен
әкiмдер жұмысты ойдағыдай ұйымдастыра
алса, адамдар оқуға отырады да, жаңа мамандықтарды
игерiп алып кетедi.
Кадрларды қайта даярлау және қайта оқыту
жөнiндегi жүйелiк жұмыс мынадай мақсаттарды
көздеуi тиiс:
- Жаңа мамандық бойынша жұмыс iстегiсi
келетiн әрбiр адамның оқу мүмкiндiгi болуы
тиiс.
- Экономиканың еңбек ресурстарына деген
болашақ сұраныстарын, ең алдымен, ауыл
шаруашылығында қамтамасыз ету.
- Шетелдiк жұмысшыларды отандық кадрлармен
бiртiндеп алмастыру. Бiз оларды жартылай
қысқартып, өз адамдарымызбен алмастырмақпыз.
Сонымен қатар әлемдiк дағдарысқа, бiз
бастан кешiп жатқан кезеңнiң қиындықтарына
қарамастан, бiз олардың шешiлуiне ғана
шоғырланып қоя алмаймыз. Бiздiң болашағымыз
экономиканың одан әрi жаңғыртылуы мен
базалық инфрақұрылымның дамуына байланысты.
Бiз қолданыстағы перспективалық инвестициялық
жобаларды қаржыландыру және iске асыруды
жалғастырамыз.
Ең алдымен бұл мұнай өңдеу зауыттарын
жаңғырту.
Бiзде мұнай өңдейтiн үш зауыт бар, сөйтсе
де әлi күнге жанармай сатып аламыз, авиация
керосинiмен де қамтамасыз етiлмегенбiз.
Ендi қазiр бұл iспен айналысу керек.
Бiз осы мұнай өнiмдерiне деген iшкi сұранысты
бiртiндеп толық қамтамасыз етуге тиiспiз.
Бiз Атырауда мұнай-химия кешенiн салуды
жалғастырамыз. Мойнақ ГЭС-iнiң құрылысын
биыл аяқтаймыз, Екiбастұз 1-ГРЭС-iн кеңейту
және қайта жарақтандыру жөнiндегi жұмысты
жалғастырамыз. Ол жерде сегiз блоктың
орнына төрт блок жұмыс iстеп тұр. Бұл дайын,
шығынды қажет етпейтiн электр қуаты. Екiбастұз
2-ГРЭС-iнiң үшiншi энергия блогын салу жұмысын
жалғастырамыз, биыл Балқаш ЖЭС-iн салуды
бастаймыз.
Бiздiң жоспарларымызда "Бейнеу-Бозой-Ақбұлақ"
магистралдық газ құбырын салу, "Батыс
Еуропа-Батыс Қытай" автожолының транзиттiк
дәлiзiн қайта жарақтандыру бар. Биыл бiз
дайындық жұмысын қолға аламыз. Онда 5
мың адам жұмыс iстейтiн болады, ал 2010-2012
жылдары 50 мың адамға дейiн жетедi.
Мұның өзi Қазақстанды Еуропадан Азияға
жетiп жататын көлiк дәлiзiне айналдыратын
күретамыр болады.
Бiз электровоздар, жолаушы және жүк вагондары,
жол битумдары өндiрiсiн, химия өнеркәсiбiн
ұйымдастыруға кiрiстiк.
Агроөнеркәсiптiк кешен туралы айрықша
айтқым келедi, оның дамуы арқасында бiз
бiр мезгiлде елiмiз үшiн аса маңызды екi
мiндеттi - азық-түлiк қауiпсiздiгiн қамтамасыз
етудi және экспортты әртараптандыруды
шешемiз.
Сондықтан да бiз тауарлы - сүт фермаларын,
құс фабрикаларын, мал бордақылау алаңдарын
ұйымдастыру мен дамыту, тамшылап суаруды
қолдану арқылы жемiс-көкөнiс дақылдары
өндiрiсiн ұйымдастыру, ауылшаруашылық
техникаларын жинау жөнiндегi өндiрiстердi
құру, ет өңдеу өндiрiсiн дамыту, биязы жүндi
қайта өңдеу, қазақстандық астық экспортының
инфрақұрылымы және оны терең қайта өңдеу
секiлдi экспортқа бағдарланған өндiрiстердi
дамыту жөнiндегi инвестициялық жобаларды
қаржыландыруды жалғастыруға шешiм қабылдадық.
Құрылыс үшiн басқа да маңызды жобаларды
қарастыру керек. Бұл Көксарай су қоймасын,
басқа да iрi ирригациялық нысандарды салуды
жалғастыру.
Қызылқұм массивiнде 60 мың гектар суармалы
жердi игеру мақсатын алға қойғанбыз. Бүгiнде
техникалық-экономикалық негiздемесi мен
кiрме жолдары бар нысандарда жұмысты
бастау керек. Ауыл шаруашылығы өнiмдерiн
ұқсату - маңызды сала. Бiз қазiр консервiленген
жемiс-жидек өнiмдерiнiң 80 пайызын, ет өнiмдерiнiң
жартысын, құрғақ сүттiң 53 пайызын сырттан
әкелiп жүрмiз. Егер осының бәрiн шеше алсақ
- онда адамдар қаладан селодағы өнеркәсiпке
жұмыс iстеуге баратын болады.
Бiздiң бағалауымыз бойынша, экспорттық
мамандандыру перспективада 500 мыңнан
астам жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкiндiк
берiп, таяудағы бес жылда IЖӨ-нiң қосымша
өсiмiнiң 8 пайызға жуығын қамтамасыз етедi.
Осылайша, өзiмiздiң стратегиялық таңдаумен
жүрiп, бiз экономиканың нақты бәсекеге
қабiлеттi болатын, сыртқы рыноктарда өз
орнымызды табатын секторларында жұмысты
дәйектiлiкпен жалғастырудамыз.
***
Қазiргi қиындықтар - бұл бiздiң
үлесiмiзге тиген алғашқы
Өтпелi кезеңнiң аса ауыр дағдарысын бiз
90-шы жылдардың басында еңсердiк.
Ол кезде экономиканың құлап түсуi 60 пайызға
жетiп, инфляция жылына мыңдаған пайыздармен
есептелетiн.
Азияның қаржы рыноктары туындатқан екiншi
әлемдiк дағдарысты бiз 90-шы жылдардың
аяғында еңсердiк. Мұнай бағасы онда бiр
баррель үшiн 9 долларға дейiн төмендедi.
Бiз зейнетақы мен жалақыны төлей алмадық.
Ол қиындықтарды да бiз еңсердiк.
Уақыт өтедi, содан кейiн бiз осы дағдарысты
да еңсергенiмiз туралы айтатын боламыз.
Қалыптасқан жағдайдан объективтi шығындармен,
бiрақ та жаңа өсуге әзiр болып шығатын
барлық мүмкiндiктер бiздiң қолымызда.
Дағдарыстар қайталанатын болады, ал бiздiң
мақсат - оны басқаруды үйрену. Әзiрге бiзде
бұл орындалуда.
Бүгiнде бiз өз күштерiмiз бен ресурстарымызды
қайта топтастыруға мәжбүрмiз және бiз
мұны сыртқы жағдайлардың ықпалымен iстеудемiз.
Алайда бұл бiз өз бағытымызды өзгерттi
дегендi тiптi де бiлдiрмейдi. Ол бағыт 2030
жылға дейiнгi елдiң Даму стратегиясында
анықталған. Өмiр түзетулерiн енгiзуде.
Бiрақ та атап көрсеткiм келедi, ол бұрынғысынша
қалып отыр.
Барша қазақстандықтардың өркендеуi, қауiпсiздiгi
мен әл-ауқатының жақсаруы бiздiң мемлекетiмiз
үшiн аса маңызды үш тұғырлы мiндет болып
қала бередi.
Бiзде дағдарысқа қарсы жоспар бар, мемлекеттiк
резервтен жеткiлiктi қаражат бөлiнген.
Тұтастай Үкiмет және Премьер-Министр,
мемлекеттiк органдардың басшылары, әкiмдер
дағдарыстан шығу жөнiндегi белгiленген
шаралардың орындалуына тiкелей жауапты
болады.
Бүгiнгi проблемалар және бiздiң оларды
қалай шешiп жатқанымыз - кемелдiктiң және
бiздiң қоғамымыз бен мемлекетiмiздiң тұрақтылығының
сынағы. Бiз бұл сынақты тапсырамыз деп
ойлаймын. Бiзге өз дамуымыздың жаңа кезеңiне
кiруге және бiздiң жетiстiктерiмiздi еселеуге
тура келедi. Мұны да орындайтынымызға
сенiмдiмiн.
Белгiлеген мақсаттарға қол жеткiзу үшiн
бiздiң халқымыздың топтасқандығы қажет.
Сондықтан да барша қазақстандықтарға
аталған шараларды жүзеге асыруға кiрiсуге,
еңбекқорлық пен табандылық танытуға,
ұсынақты болуға, жақындарына, көмекке
мұқтаж адамдарға көмектесуге және қамқорлық
жасауға шақырамын.
Парламенттiң, мәслихаттардың, "Нұр
Отан" партиясының депутаттарына сөз
арнаймын. Бiздiң партия үшiн дауыс берген
сайлаушылар бiзге зор сенiм көрсеттi. Ендi
қазiр, қиын дағдарыс кезеңiнде, бiз оны
ақтап, қоғамдағы дағдарысқа қарсы ауқымды
қозғалыстың басында болуға тиiспiз.
Үкiметпен және жергiлiктi органдармен
бiрлесiп адамдардың нақты проблемаларын
шешу, дағдарысқа қарсы шаралардың iске
асырылуын, осы мақсаттарға бөлiнген бюджеттiк
қаражаттың жұмсалуын айрықша бақылауға
алу керек.
Қазақстан халқы Ассамблеясына, барлық
саяси күштерге сөз арнаймын. Қазiр халық
туралы кiмнiң шын мәнiнде ойлайтыны, ал
кiмнiң - ойламайтыны сөзбен емес, iсте тексерiледi.
Келiңiздер, планета тарихындағы аса қатал
дағдарысты еңсеру жолында бiрiгейiк!
Адамдарды ашындырмайық, оларға сөзбен
және iспен көмектесейiк. Мемлекет қазiр
нақ осыны жасап отыр. Елде тыныштық пен
келiсiмдi сақтау маңызды мiндет болып қалады.
Бүгiнде бүкiл дүние бiр-бiрiне қарап отыр.
Дағдарыстың бетi қалай болар екен, одан
қай мемлекет қалай шығар екен деп бақылауда.
Сан түрлi саясаткерлер, сарапшылар Қазақстан
қазiргiдей қиындықтан өтер ме екен, осы
кезде ел бiрлiгiн сақтап қалар ма екен,
бұл ел өзiнiң мемлекеттiлiгiн құрметтей
бiлер ме екен деп тұрған сын сағатта мен,
әсiресе, қазақ халқына бөлекше жауапкершiлiк
жүктеп сөз арнаймын. Қазiр алып бара жатқан
қиын ештеңе жоқ. Жерiмiз кең, елiмiз бай,
iстеген адамға далада да, қалада да жұмыс
жетiп жатыр. Бел шеше кiрiсiп, бiлек сыбанып
жұмыс iстейтiн кез келдi. Бiр-бiрiмiзге қарайласатын,
көмектесетiн, ағайыншылықты танытатын
кез дәл осы кез.
Барлық мемлекеттiк қызметшiлерге сөз
арнаймын. Қазiр бiз бәрiмiз қызмет ететiн
халықтың алдындағы әрбiр басқарушының
жауапкершiлiгi еселеп арта түседi. Жергiлiктi
орындарға жиi шығып, еңбек ұжымдарымен,
халықпен кездесу керек. Мемлекет қолға
алып жатқан шараларды түсiндiрiп, адамдарды
бiрiктiру, оларды проблемаларды шешуге
көтеру керек.
Құқық қорғау органдарының қызметкерлерiне
сөз арнаймын. Бiздiң қалалардың көшелерi
мен ауылдардағы тыныштық сiздерге байланысты.
Қылмыспен, сыбайласпен, жемқорлықпен,
алаяқтықпен, заңдардың бұзылуымен табанды
да қатал күрес жүргiзу керек. Осы қиын
кезде бiздiң азаматтардың, бүкiл қоғамның
қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн бәрiн
де iстеу керек.
Мен бұқаралық ақпарат құралдарын белсендi
азаматтық ұстаным танытуға шақырамын!
Сiздердi "төртiншi билiк" деп кездейсоқ
атамайды!
Қазiр БАҚ адамдар үшiн қиындықты қалай
еңсеруге болады, мынандай қиын кезде
қалай аман қаламыз, қалай төтеп беремiз
деген мәселелерде "кеңесшi" ретiнде
көрiнуге тиiс. Азаматтарды басқа адамдардың
оң тәжiрибесi арқылы үйрету керек. Бiздiң
ғылыми және шығармашылық интеллигенцияға
да осындай рөл жүктеледi.
Сенiмдiлiк, жеке белсендiлiк, төзiмдiлiк,
патриотизм, Отанға деген сүйiспеншiлiк
секiлдi көңiл күйлердi орнықтыратын материалды
жиi беру керек.
"Нұр Отан" партиясының мүшелерi үйдi-үйде
көбiрек болуға, қандай мамандықтарға
қайта оқуға мүмкiндiк бар екенiн, несиелер
мен шағын несиелердi қалай алуға болатынын,
қиын жылдарда не iстеу керектiгiн түсiндiруге
тиiс. Әр үйге, әр отбасына бару, қарапайым
адамдардың көмекшiлерiне, кеңесшiлерiне
айналу керек. Асып-сасатын ештеңе жоқтығын,
елдiң байтақ екенiн, iстеген адамға жұмыс
жететiнiн ұғындыру шарт. Сондықтан қай
жерде де бiрiмiзге бiрiмiз көмектесiп, бiлетiндер
бiлмейтiндерге айтып жүруiмiз керек. Осының
өзi халықты бiрiктiре түсетiн болады.
Қадiрлi әлеумет!
Отандастарым!Қиындық
атаулыны жеңетiн бiр-ақ күш бар, ол - бiрлiк.
Елiңдi, жерiңдi қорғау үшiн бiрлiк қаншалықты
кажет болса, тәуелсiздiк жемiстерiн, бүгiнгi
қол жеткен табыстарымызды сақтап қалу
үшiн де ол сондай қажет.
Ел басына күн туған нелер бiр қилы замандарда
да халқымызды ұлт ретiнде сақтап қалған
осы ынтымағы мен бiрлiгi емес пе едi?
"Мың өлiп, мың тiрiлген" қазақ халқы
кеңес дәуiрiндегi басқа түскен үлкен нәубет
жылдарында да өзiнiң елдiгiн ыңтымақ пен
бiрлiктiң арқасында сақтай бiлдi. Тәуелсiздiктiң
алғашқы жылдарында өзге республикаларда
қантөгiстер мен қақтығыстар болып жатқанда,
татулық пен бiрлiктiң арқасында жас мемлекетiмiздi
жасақтап, өтпелi кезеңнен шығынсыз өттiк
емес пе?!
Бүгiнгiдей қиын-қыстау кезiнде мен туған
халқымның ынтымақ пен ауызбiршiлiк танытарына
сенемiн.
Сiздер өздерiңiз бас болып өзге де отандас
ағайындарға ұйтқы болыңыздар. Әрдайым
кеңдiк пен кемеңгерлiк, сабырлылық пен
iскерлiк көрсетiңiздер.
"Саусақ бiрiкпей, ине iлiкпейдi" деген
аталы сөздi бәрiңiз бiлетiн шығарсыздар.
Олай болса ендi ұсақ-түйектi, берекесiз
тiрлiктi доғарған жөн. Ел үшiн, ұрпақ үшiн
бiр жеңнен қол, бiр жағадан бас шығаратын
кез келдi, ағайын.
Баршаңызға: "Iске сәт!" демекпiн
ҚаРЖЫ
НАРЫҒЫНДАҒЫ АХУАЛЫ ЖӘНЕ 2010-2012 ЖЫЛДАРДАҒЫ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ДЕПОЗИТ НАРЫҒЫНЫҢ ДАМУ КЕЛЕШЕГІ
Қазақстан экономикасына жалпы шолу
Алдыңғы екі жыл қазақстанның қаржылық секторы мен тұтастай экономика үшін ұзаққа созылған дағдарыс кезеңі болып табылды, ол әлемдік экономикадағы белсенділіктің баяулауы қаржылық және тауар нарықтарының тұрақсыздығымен, экономикалық өсу мен республикадағы ішкі сұраныстың азаюымен, негізгі экспорт тауарларына, сондай-ақ, жылжымайтын мүлік нарығындағы бағаның құлдырауымен сипатталды.
Шикізат тауарларына әлемдік бағаның елеулі ауытқуы өтімділік тапшылығы жағдайын шиеленістіре түсті. Мысалы, 2008 жылғы шілдеде Brent маркалы мұнай баррелінің бағасы шамамен 147 долларды құраса, ал 2008 жылдың аяғында мұнай бағасы 3,7 есе төмендеп, баррелдің бағасы бар болғаны шамамен 40 долларды құрады.
2009-2010 жылдар республиканың
негізгі экспорт тауарларына
бағаның біртіңдеп қалпына
Шикізат тауарларына әлемдік бағаның өсуі, сонымен қатар Ұлттық банк 2009 жылдың басында жүргізген бір сәттік девальвация экономиканың экспорттық-бағытталған салаларын қолдады, яғни өткен жылдың 2-жартысынан бастап өндірістің қалпына келу динамикасын және қаржылық көрсеткіштердің жақсартылғанын көрсетеді.
Тұтастай, 2009 жылы ЖІӨ 1,2%-ды құрады. Экономиканың өсуін сақтауға мемлекеттік қолдаудың маңызды көлемі, сондай-ақ өткен жылдың екінші жартысынан бастап әлемдік тауар нарықтарындағы баға конъюктурасының жақсаруы ықпал етті.
Мемлекеттік дағдарысқа қарсы бағдарлама және оның нәтижелері
Ағымдағы әлемдік дағдарыс Қазақстанның экономикасына бірнеше себептер бойынша елеулі әсер етті, олардың арасынан мыналарды бөліп көрсетуге болады:
банк секторының қорландырудың сыртқы көзіне жоғары тәуелділігі. Нарық әлемдік экономикаға • жоғары енуімен ерекшеленді, ал шетелдік несиелер бойынша төмен пайыздық мөлшерлемелер отандық банктерді қорландырудың сыртқы көздеріне тәуелділігінің артуына алып келді. Банктердің сыртқы қарыз алуының жоғары деңгейі елдің қаржы жүйесінің тұрақтылығы үшін қауіп тудырды;
банк сегментінің экономиканың құрылыс секторына тартылуының жоғары деңгейі. АҚШ-та • басталған ипотекалық дағдарыстың және қазақстан банктері үшін шетелдерден жаңа заемдарды тарту мүмкіндіктерінің төмендеуі нәтижесінде, сол сәтте елеулі бөлігі құрылыс секторы мен халықтың ипотекалық заемдары алып отырған несиелеудің көлемін қысқарту қажеттілігі туындады;
ел экспортының жалпы көлеміндегі шикізат құрайтындардың басым келуі, осыған байланыс• ты негізгі шикізат өнімдеріне бағаның күрт ауытқуынан құндық мәнде экспорт көлемінің елеулі құлау тәуекелі өте жоғары болып қалады.
Банктердің несие беру белсенділіктерінің төмендеуін, ең алдымен құрылыс саласы сезінді, ал кейіннен экономика секторларының арасындағы өзара қарым-қатынас жүйесі арқылы «домино» әсері байқала бастады.
Экономикадағы оқиғаның мұндай кері дамуы мемлекеттен қаржылық тұрақтылықты қолдау мақсатында ауқымды қаржылық және реттеуіштік араласуды талап етті.
Дағдарыстың экономиканың ең маңызды және сонымен қатар осал сегменттеріне теріс әсерін төмендету үшін, ҚР Үкіметі негізінен банк арқылы жүзеге асырылатын неғұрлым проблемалы сегменттерге ақшалай қаражат құюды жүзеге асырды.
2008 жылғы 25 қарашада қабылданған Үкіметтің, Ұлттық банктің және Қаржы нарығы және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыpу
ЖАҢА ОНЖЫЛДЫҚ - ЖАҢА ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨРЛЕУ - ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРІ - ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы
АСТАНА. Қаңтардың 30-ы. ҚазАқпарат - Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, кеше ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына жаңа Жолдауын жариялады. ҚазАқпарат ҚР Президенті Жолдауының толық мәтінін ұсынады.
Ел тарихының ХХІ ғасырдағы
аса бір күрделі кезеңі аяқталып
келеді. Дүние жүзінің экономикасын
тұралатқан жаһандық дағдарыс дауылы
әлі басыла қойған жоқ. Алайда ол өзінің
алғашқы алапат қуатынан айырылды. Біз
тастүйін дайын болғандықтан, оның салдары
біздің еліміз үшін соншалықты ауырға
соққан жоқ.
Дағдарысқа дейінгі кезеңде біз Қытай, Үндістан және өзге де экономикасы қарыштап алға басқан мемлекеттер қатарында дамудың жоғары деңгейіне көтерілдік. Өйткені біз оған қалай қол жеткізуге болатынын білдік.
Бәрін дұрыс жоспарлап, сауатты іске асырғандықтан, біздің дамуымыз сәтті болды.
Біз жасампаздыққа жұмыла кіріскендіктен, дамудың даңғыл жолына түстік.
Толағай табыстарымен дүние жүзін мойындатқан Қазақстанның әлеуеті артып, экономикасы серпінді бола түсті.
Дамуымыздың маңызды алғышартына айналған қазақстандық бірліктің өнегелі үлгісі ғаламшардағы мемлекет басшылары мен конфессия жетекшілерінен лайықты бағасын алды.
Осылайша Қазақстан қуатты да табысты мемлекетке айналып, өзінің бастамалары арқылы жоғары халықаралық беделге ие болды.
Жасампаздық қуатымен дүние жүзінде даңқы артқан Қазақстан әлемді өз жетістіктерімен таң қалдырды.
Сондықтан Қазақстанға Еуропадағы
қауіпсіздік және ынтымақтастық
ұйымына төрағалық ету
Біз жаңа онжылдығымызды әлемдік деңгейдегі осындай абыройлы тарихи оқиғамен бастадық.
Мен біздің алдағы барша жетістіктеріміз осындай жарқын болады деп сенемін.
Менің басты мақсатым - еліміздің
алдағы онжылдықтағы экономикалық өрлеуін
қамтамасыз етіп, жаңа мүмкіндіктерге
жол ашу. Бүгінгі Жолдауым осыған арналған.
"Қазақстан-2030" Стратегиясын орындай
отырып, біз алғашқы онжылдыққа бағдарлама
жасап, оны тәмамдадық. Ендігі мақсат -
осы Стратегияның келесі онжылдығына
қарай қадам жасау.
2. Дағдарыс кезеңі
- дұрыс шешімдер қабылдау уақыты
Әлемдік қаржы-экономикалық дағдарысы
экономиканың өсу қарқынына ықпал етті,
бірақ біздің дамуымызды тоқтатқан жоқ.
Жинақталған экономикалық әлеует соңғы
үш жылдың аса қиын дағдарыстық шайқасында
бізге тұрлаулылықты қамтамасыз етті.Біз
еліміздің қаржы жүйесін қорғап, жүйе
құраушы банктерді сақтап қалдық.Біз шағын
және орта бизнесті қиыншылықта қалдырмадық.Ұлттық
және трансұлттық компаниялардың мемлекеттік
сатып алуларындағы "қазақстандық үлестің"
болмаған өсіміне қол жеткіздік.Агроөнеркәсіптік
кешенге бұрын-соңды болмаған көмек көрсеттік.Мемлекет
үлестік құрылысты аяқтау жөніндегі барлық
шығындарды өз мойнына алды."Жол картасы-2009"
бағдарламасын табысты іске асырудың
арқасында ел өңірлерінде ТКШ-ны реконструкциялау
жөнінде 862 жоба іске асырылып, 737 шақырым
электр желісі, 1029 шақырым сумен жабдықтау
желілері, 284 шақырым жылу трассасы, автожолдар,
жүздеген мектептер мен ауруханалар, мәдениет
пен спорт нысандары жөнделді.Әр ауылға
дейін жеткен мұндай аса маңызды жұмысты
біз тұңғыш рет жүргіздік. Халық бізге
риза - біз жақсы жұмыс атқардық. Барлығы
да менің бақылауыммен, жедел, жария атқарылды.Біз
рецессияға жол бермедік, өйткені, не істеу
керектігін білдік және мұны жедел істедік.Ұлы
Неру бір кездері былай деген екен: "Табыс
кім батыл қимылдаса, соның үлесіне жиі
түседі". Ал біз батыл қимылдадық.2009
жылы экономиканың артуы 1,1%-ды, өнеркәсіпте
1,7%-ды құрады. Біз оң өсу қарқыны бар елдердің
"серіппелі тобына" жаттық.Ұлттық
қордың жалпы халықаралық резервтері
мен активтері бүгіннің өзінде 50 миллиард
доллардан асып түсіп, соңғы он жылда 25
еседен астамға өсті.Өткен жылы біз Қор
қаржысының бір бөлігін жұмсадық, ал бүгінде
Қордың көлемі өткен жылдың желтоқсанындағыдан
көп екенін атап өту маңызды.Қордың арқасында
біз дағдарысқа қарсы шараларды жүргізіп
қана қойған жоқпыз, сонымен бірге мемлекетке,
бізге қиын болған кезде, сатуға мәжбүр
болған маңызды активтерді қайтардық.
Бұл - Екібастұз 1-ші ГРЭС-і, "Богатырь"
разрезі, Қашағандағы біздің үлесіміз,
Маңғыстаумұнайгаз және барлық үш мұнай
өңдеу зауыты.Жұмыссыздық деңгейі 6,3%-ды
құрады, ал бұл дағдарысқа дейінгі уақыттағыдан
төмен. Тиімді іске асырылған Жұмыспен
қамту стратегиясының арқасында елде
400 мыңнан астам жұмыс орындары ашылды.
Біз төтеп бердік. Енді біз 2020 жылға дейінгі
Даму стратегиясын орындауға кірісеміз
Информация о работе Қазақсталаға дағдарысқа қарсы бағдарламалар