Қазақсталаға дағдарысқа қарсы бағдарламалар

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2012 в 13:37, доклад

Описание работы

Агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға 120 миллиард теңге жұмсалады – бұл елдің азық-түліктік қауіпсіздігін қамтамасыз ете¬ді, сондай-ақ болашақ, астық, ет және көкөніс экспортына мүмкіндік береді. Осындай көлемде қаржы экономиканың нақты секторына түседі – бұл қаражаттар кәсіпорындарды жаңартуға бағытталады. Дағдарыстық жағдайға қарамастан, Қазақстан өкіметі алға көз жіберіп отыр және инфрақұрылымға біаз ақша салмақ. Үкімет жаңа жолдар мен электр желілерін тартуды жоспарлап отыр, бұл экономиканың дамуын еселей түсіп, дағдарыстан кейінгі кезеңде бәсекеге қабілетті болуына жағдай жасайды.

Работа содержит 1 файл

НАЗАРБАЕВТЫҢ ДАҒДАРЫСҚА ҚАРСЫ БАҒДАРЛАМАСЫ.docx

— 113.25 Кб (Скачать)

Б сценарийі бойынша әлемдік  экономикадағы жағдайдың нашарлауы жөнінде пессимистік болжамдарды көздейді. Мемлекеттердің дағдарысқа қарсы шараларының әлсіз болуы, қаржы секторындағы мәселелердің асқынуы 2009 жылдың аяғы мен 2010 жылдың басында жаһандық экономикалық дағдарыстың екінші толқынына себеп болады. Әлемдік экономикадағы кезекті төмендеуі сұранысқа азаюын және әлемдік тауар нарықтарында бағалардың едәуір төмендеуіне әкеледі.

Берілген сценарий мұнайдың әлемдік бағалардың 2009 ж. аяғында баррель үшін 30 АҚШ долл.-ға дейін төмендеп, 2010 жыл бойы сол деңгейде ұстап қалуын болжамдайды. Бұдан кейін 2012-2014 ж.ж. 40 АҚШ долл. дейін сәл көтеріледі.

Б сценарийі бойынша 2009-2010 жылдары Қазақстан экономикасының төмендеуі болжамдалады. 2011 жылдан бастап экономика өсімінің баяу қалпына келуі байқала бастайды.

Бұдан басқа Б сценарийі  экономикадағы жұмыссыздық деңгейімен сипатталатын болады.

Осымен бірге макроэкономикалық  даму болжамынан және бюджет параметрлерінен  басқа әр сценарий үшін Қазақстан  Республикасы Үкіметінің, Қазақстан  Республикасы Ұлттық Банкі мен Қазақстан  Республикасы Қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау  агенттігінің экономиканы және қаржы  жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009-2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл  жоспары әзірленді. Аталмыш жоспар да өз кезегінде әлемдік экономикадағы ахуалға байланысты өзгеріп отырады.

Іс-шаралар жоспары сценарийлерге  байланысты сұраныспен, жұмыспен қамтуды қолдауға бағытталған шараларды, экономика секторларын қаржыландыруды, қаржыландырудың әртүрлі көздері мен механизмдерін қамтиды. Мәселен, жағдай нашарлаған жағдайда бюджет шығыстарын қысқарту мен бюджет тапшылығын ұлғайту варианты қарастырылған. Осымен бірге, сыртқы қаржыландыру көздерін және белсенді бюджеттік араласусыз ішкі қаржы секторының ресурстарын тарту мүмкіндігі көзделген.

Өз ісіңізді қалай  бастауға болады?

– Егер сіз өз ісімді ашсам  деген ойға келсеңіз, мынаны айтқымыз келеді.

Кәсіпкер болу өз бизнесіңізді басқару шеберлігін былай қойғанда, оңай шаруа емес. Кәсіпкерлердің барлығы  бірдей жетістіктерге қол жеткізе  бермейді.

Кәсіпкерлік қызмет деп қарапайым  сөзбен айтқанда, табысқа қол жеткізуді  көздейтін азаматтың және оның бірлестігінің  өз бастамасымен өз жауапкершілігіне алған қызметін атауға болады. Сіздің идеяңыз материалдық формаға айналуы үшін неден бастау керек? Бұл үшін: өзін өзі бағалау, кәсіпкерлік идея, қаржы тарту туралы шешім шығару, ұйымдастыру-құқықтық формасын таңдау тәрізді бірнеше кезеңдерден өту қажет.

Мәселен, өз ісіңізді ашу  туралы шешім қабылдаған кезде өз мүмкіндігіңіз мен қабілетіңізді, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың басымдықтары мен олқылықтарын объективті түрде бағалау қажет.

2. Кәсіпкерлік қызмет идеядан  басталады, ол кейіннен нақты  кәсіпкерлік жобада іске асырылады.  Мақсат қоя білу – бұл, ең  алдымен, өз ісіңізді басқара  білу өнері. Мақсат нақты, өлшемді,  қолжетімді, шынайы, уақыты шектеулі  болуы керек. Бизнесті жоспарлай  отырып біздер болашақты қалайша  бағдарлайтынымызды білдіреміз. Өз  ісіңізді бастаған кезде мақсат-міндетті  айқындай білудің маңызы зор. 

Жоспарға мақсат қою қажет. Осы мақсатқа қайтіп қол жеткізесіз, қай қызмет түрін таңдайсыз, осы  жұмыста қандай ресурстар қажет  болады, осы тәрізді сұрақтарға сіздің нақты жауаптарыңыз болуы қажет.

Жаңа кәсіпорын құру тек  өндіріс ресурстарын қажет етпейді, бұған қоса сіз тауарыңызды немесе қызметіңізді бағыттайтын нарықты, нақты тұтынушыларыңызды білуіңіз қажет, өз қызметкерлеріңізді басқару қабілетіңіздің т.б. болуы шарт.

Сонымен қатар, сіз қандай ұйымдастыру-құқықтық формасын таңдайтыныңызды шешесіз: жеке немесе бірлескен кәсіпкерлік, ол шаруашылық серіктестік, акционерлік қоғам, өндіріс кооперативі немесе мемлекеттік кәсіпорын болуы мүмкін.

Осыдан кейін жеке ісіңізді тіркеуге көшесіз. Жеке кәсіпкерлерді  мемлекеттік тіркеу сіздің тұрақты  тұратын жеріңіздегі салық органында  жүзеге асырылады.

Ал заңды тұлғалар мен  филиалдарды, өкілдіктерді әділет органдары тіркейді. Заңды тұлғаның барлық мемлекеттік тіркеу рәсімдері “бір терезе” қағидаты бойынша Халыққа қызмет көрсету орталықтарында іске асырылады.

Жалпы, қазір елімізде кәсіпкерлік  ортадағы бастамаларды іске асыру үшін қолайлы жағдайлар жасауы және өзінің бәсекеге қабілеттілік көзқарасы бойынша  әлеуеті ең жоғары шағын және орта кәсіпкерлік кәсіпорындарына көмек  көрсетуге және елдің ғылыми-техникалық әлеуетін көтеру мақсатында бірқатар шаралар қолға алынды.

2008 жылғы 6 ақпандағы Елбасының  “Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты” атты Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексі әзірленді және осы жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді.

Салық кодексі Қазақстан  экономикасының әртараптануы мен жандануына бизнестің “көлеңкеден” шығуына, салық  төлеушілердің мүддесін қорғап, салықтық әкімшілендірудің сапасын арттыруға  ықпал жасады. Ең бастысы, экономиканың шикізаттық емес салаларына, оның ішінде дамытуды қажет ететін кіші және орта бизнеске түсетін салмақты жеңілдетті. Егер 2008 жылы шикізаттық емес сектордан  түскен салық түсімдері ІЖӨ-ге шаққанда 17,6 пайызды құраса, 2009 жылы бұл көрсеткіш 13 пайызды құрап отыр.

Салықтық жүктемені төмендету  мақсатында 2009 жылдан бастап 2012 жылға  дейінгі кезеңде корпоративтік  табыс салығы 30 пайыздан 20 пайызға  дейін төмендетілген, бұл салықтың түрі 2013 жылы – 17,5 пайызға, 2014 жылы – 15 пайызға дейін төмендетіледі. Қосылған құн салығының ставкасы 13 пайыздан 12 пайызға дейін төмендейді. Осы  тұста бұл әлемдегі ең төмен ставка болып есептелетінін атап өту  қажет.

Салық жүктемесін жеңілдетумен қатар, инвестициялық салықтық преференциялар алу және қолдану тәртібі жеңілдетілді. Бұл инвесторларға инвестициялық салықтық жеңілдіктерге кеңінен жол ашты және салық төлеушілдерді айтарлықтай ынталандырды. Осыдан шикізаттық емес секторға инвестиция ретінде қосымша қаражат тарту мүмкіндігі пайда болды.

Бұдан басқа, ел Үкіметі Қазақстан  Республикасында 2005-2007 жылдарға арналған шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бойынша жеделдетілген шаралар бағдарламасын қабылдады, ол кластерлік-желілік тәсіл негізінде шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың жаңа мемлекеттік саясатына, сондай-ақ мемлекет пен бизнестің өзара қарым-қатынасының жаңа идеологиясына өту кезеңі ретінде қаралды.

2008 жылғы 6 ақпандағы Жолдауында  Мемлекет басшысы бизнеске әкімшілік  жүктемені төмендету қажеттігіне  және рұқсат беру жүйесін, ең  алдымен, лицензиялау, сертификаттау,  аккредиттеу жүйелерін одан әрі  жеңілдету қажеттігін атап көрсетті.

Осы мақсаттар үшін Үкімет Қазақстан Республикасында рұқсат беру жүйесін жетілдірудің 2009-2011 жылдарға арналған Тұжырымдамасын (бұдан әрі – Тұжырымдама) мақұлдады, оның негізгі міндеттері халықаралық тәжірибені ескере отырып қазіргі бар бизнес шығыстарын жоюға бағытталған лицензиялау, сертификаттау, аккредиттеу саласында мемлекеттік саясатты әзірлеу болып табылады.

Рұқсат беру жүйесіне жүргізілген  талдау елде 1004 әр түрлі рұқсаттар, оның ішінде 504 лицензия және сертификаттау, аккредиттеу, аттестаттау, рұқсат беру мен келісу және т.б. бойынша рұқсат берудің 500 басқа да түрі бар екенін көрсетіп отыр. Қазіргі уақытта 35 пайызға  жуығының, атап айтқанда, 348 рұқсат беру, оның ішінде 113 лицензия алу рәсімінің  күшін жою ұсынылды.

2009 жылдың 1 қазанындағы жағдай  бойынша шағын және орта кәсіпкерлік  субъектілерін (ШОКС) мемлекеттік  қаржылық қолдау І, ІІ, ІІІ транш,  сондай-ақ “Даму-Өңірлер” бағдарламасы  шеңберінде жалпы сомасы 338,2 миллиард  теңгеге 9 102 ШОКС-ті жеңілдікті  кредиттермен қамтамасыз етті. Бұдан  басқа 22,3 мың жұмыс орны жасалып,  қолдау көрсетілді.

Жоғарыда көрсетілген  транштардың барлығы бойынша 70 пайыздан астамы сауда және қызмет көрсету  салаларына жіберілді. Бұл елдегі шағын  және орта кәсіпкерлік субъектілерінің  қалыптасқан салалық құрылымына байланысты болып отыр.

Әкімшілік кедергілерді азайту жөніндегі шараларды жалғастыру Дағдарысқа қарсы бағдарламамен  бір сапта соңғы қиын жылдарда аса маңызды шешімге айналды.  

Дағдарыстан - дамуға Қазақстан  Республикасының Президентi Н.Ә.Назарбаевтың халыққа Жолдауы

Қазақстан Республикасының  Президентi Н.Ә.Назарбаевтың халыққа  Жолдауы, Астана қ., 2009 жылғы 6 наурыз

Қадiрлi қазақстандықтар! 
Қымбатты менiң отандастарым!

Қазiр бүкiл әлем жұртшылығы экономикалық дағдарыстың қиындықтарын бастан өткеруде. 
Жаһандық дағдарыс дауылы алпауыт мемлекеттердi де шайқалта бастағанын бәрiңiз көрiп, бiлiп отырсыздар. 
Дағдарыс салқыны бiздi де айналып өткен жоқ. 
Оқтын-оқтын айналып соғатын әр деңгейдегi дағдарыстарға бiз бұған дейiн де төтеп берiп келгенбiз. 
Тәуелсiздiк шежiресiн парақтасақ, күйреген кеңестер империясының орнына жаңа мемлекет құру бiзге оңайға түскен жоқ. Тұралап қалған экономиканы қайта қалпына келтiру, оны жаңаша даму жолына түсiру - тақыр жерден тау тұрғызғанмен бiрдей едi. 
Ел болып ол қиындықтарды да еңсерiп өттiк. 
Өткен ғасырдың соңында Шығыс Азияда басталған кезектi дағдарыс тұсында тәуелсiздiгiмiз тағы бiр сынаққа түскен болатын. 
Дер кезiнде қабылданған дұрыс шешiм, ұтымды iс-қимылдың арқасында бiз одан да аман-есен өте шықтық. 
Бiз осылайша сындарлы жылдар мен күрделi кезеңдерде лайықты тәжiрибе жинақтап, ысылып, шыңдала түстiк. 
Ел дамуының жаңа бағыттарын айқындап, қарыштап алға басумен болдық. 
Сол сияқты қазiргi әлемдiк дағдарыс та өткiншi құбылыс. 
Халқымыз мұндай күйзелiстер кезiнде "көппен көрген ұлы той" деп, сабыр сақтап, ынтымақ-бiрлiгiн бекiте түскен. Қиындықтарды бiрлесiп жеңiп отырған. 
Мемлекет дағдарыстың алдын алудың барлық шараларын жасауда. Ұлттық қордан бөлiнген ауқымды қаражат қазiр отандық экономиканың кiдiрiссiз жұмыс iстеуiне қызмет ете бастады. 
Әлеуметтiк кепiлдiктер толығымен сақталып отыр. 
Олай болса, бұл дағдарыстан да бiздiң аман-есен өтетiнiмiз айдай анық. 
Дағдарыстар өтедi, кетедi. Ал мемлекет тәуелсiздiгi, ұлт мұраты, ұрпақ болашағы сияқты құндылықтар мәңгi қалады. 
Алдымызда бiздi үлкен белес күтiп түр. Ол - Қазақстан тәуелсiздiгiнiң жиырма жылдығы. 
Дүние дамуымен есептегенде жиырма жыл деген көп те емес шығар. Бiрақ бiз үшiн үлкен кезең тұтас бiр дәуiрмен барабар. 
Олай болатыны, тәуелсiздiк - ата-бабаларымыздың жүздеген жылдармен өлшенетiн арман-аңсарының жүзеге асқан ақиқаты. 
Сол себептi тәуелсiздiктiң әрбiр жылының бiз үшiн мәнi бөлек, маңызы айрықша. 
Халқымыздың басына түскен қандай да бiр сынаққа қарамастан бiз тәуелсiздiгiмiздi нығайту жолындағы жасампаз iстерiмiздi жалғастыра бермекпiз. 
Барша қазақстандықтардың жұмған жұдырықтай бiрлiгiнiң арқасында бiз алмайтын асу, бiз жеңбейтiн кедергi болмайды. 
Солай боларына нақты сенiңiздер, құрметтi отандастар!

Құрметтi қазақстандықтар! 
Қымбатты отандастар!

Iс жүзiнде жиырма жыл  бойы күннен-күнге бiз сiздермен  жаңа елдi құру үстiндемiз. 
Ашық та өркендi елдi. 
Жылдан-жылға қазақстандықтардың әл-ауқаты жақсара түскен елдi. 
Саяси тұрақты және өз азаматтарының қауiпсiздiгiн қамтамасыз еткен елдi. 
Ешқашан және ешкiм үшiн сыртқы қатер көзi болмайтын елдi. 
Ондаған жылдар оза қабылдаған Қазақстанның даму стратегиясы, оны елдiң нақты табыстарына айналдыру тәжiрибесi бiзге өз күшiмiзге деген сенiмдiлiктi бердi, бiз таңдап алған жолымыздың дұрыстығына көз жеткiздiк. 
Нақ сондықтан да бұдан екi жылдан астам бұрын басталған әлемдiк қаржы рыноктарындағы дағдарыстың әу басында бiз дағдарысқа қарсы шаралардың кешендi жүйесiн әзiрлеп, дәйектiлiкпен iске асырып келемiз. 
Бiз iшкi және сыртқы конъюнктураны жiтi қадағалап, еш кiдiрiссiз табанды шараларды қолға алудамыз. Нақ сондықтан да жаһандық азық-түлiк дағдарысы бiз үшiн ұлттық апатқа айналған жоқ. 
Бiрақ бүгiнде бүкiл әлемдiк экономиканы дiңкелетiп үлгерген экономикалық дағдарыс бiздiң берiктiгiмiздi сынаққа салуда. 
Дағдарыс бiзге сырттан келдi. Оның көздерi елдiң iшiнде емес, әлемдiк экономиканың сәйкессiздiгiнде жатыр. 
Дағдарысты болдырмау және бәрiн алдын ала көздеу мүмкiн емес едi. 
Оны еңсеруге әлемнiң жетекшi экономикалары қазiрдiң өзiнде 10 триллионнан астам АҚШ долларын, яғни бүкiл әлемдiк IЖӨ-нiң iс жүзiнде 15 пайызын жұмсады. Бiрақ та ахуал жақсы жаққа қарай әлi өзгеретiн емес. 
Дағдарыс өз ауқымына дәйектiлiкпен Америка континентiн, Еуропа мен Азияны тартты. 
Бүкiл жағдайға қарағанда, ол ұзаққа созылады. Талдамашылар айтқанындай, әлемдiк экономика өз құлдырауында әлi шыңырау түбiне жеткен жоқ. 
Әлемде болып жатқан үдерiстерге өз көзқарасымды мен өзiмнiң "Дағдарыстан шығу кiлтi" атты мақаламда баяндадым. Оған түрлiше қарауға болар, бiрақ та бiз, қазақстандықтар, осынау дағдарыстан шығудың жалпы iзденiсiне өз ойымызды қостық. Дағдарыс қатардағы емес, одан шығудың нұсқалары мүлдем әртүрлi болуы тиiс. 
Мен осынау жаһандық дағдарыстан кейiн әлемдiк қаржы жүйесi, бәлкiм, мемлекеттердi саяси басқаруда өзгеретiнiне сенiмдiмiн. Көпшiлiк экономиканы "қолмен басқару" қажеттiгiне келiп отыр, ал реттеу осы дағдарыстан шығудың аса маңызды iсiне айналуда. 
Сондықтан да тереңде түбегейлi көзқарас әлемдiк қоғамдастықта әлемдiк нарықтық экономиканың келесi бұрылыстарында бiздi қауiпсiздендiру жолын табуға көмектеседi. 
Сондықтан мен ұсынған түбегейлi шаралар әлемдiк қоғамдастықта талқыланатын болады. 
Менiң ұсынысым - бұл жаһандық проблемаларды шешу iзденiсiне қосқан үлесiм. 
Бiрақ та бүгiнгi нақтылық мынадай, әлемдегi iскерлiк белсендiлiктiң қысылуы мұнай мен металға деген сұраныстың төмендеуiне соқтырды. Ал бұлар - Қазақстан экспортының негiзi. 
Бiр жылда мұнай бағасы 4 есе дерлiк, металл бағасы 2 есе дерлiк құлап түстi. 
Бiздiң негiзгi сауда-саттық әрiптестерiмiз әрi жақын көршiлерiмiз - Ресей мен Украина өздерiнiң ұлттық валюталарын 40-45 пайызға құнсыздандырды. Сондықтан да бiз өзiмiздiң тауар өндiрушiлерiмiздiң мүддесi тұрғысынан теңгенiң құнсыздануына баруға мәжбүр болдық. Өйтпесек қазақстандық өнiм өзiнiң бәсекеге қабiлеттiлiгiн жоғалтар едi. Бiз елдiң алтын-валюта резервiн жұмсауды жалғастыра берер едiк.

Құрметтi қазақстандықтар!

Өкiнiшке орай, қиын сынақтар мен дағдарыс қысымының салмағы  әлсiремей тұр. Мұны сiздер де бiлуге тиiссiздер. 
Бiрақ та мынаған сенiмдi болуға тиiссiздер, бiз бұл сынақтарға дайын ғана емеспiз. 
Бiз оларды өңсеремiз және осы дағдарыстан әлдеқайда күштi және өркендi мемлекет болып шығамыз. 
Бiз әлемдiк қауымдастықтағы өз ұстанымымызды сақтаймыз. 
Ұлттық қорды құра отырып, бiз қорланудың мақсатты саясатын жүргiздiк. 
Бұл қорды құру керек пе, әлде қаржыны баршаға аз-аздап үлестiремiз бе дегенге орай қаншама талас жүргенiн сiздер жақсы бiлесiздер. Қазiргiдей бюджетке алымдар 20 %-ға төмендеген кезде зейнатақы және жалақы төлеумен не iстер едi? 
Жақсы уақытта осы қорды құра отырып, бiз дұрыс iстедiк. Өзiнiң ертеңгi күнi туралы ойлайтын мемлекеттер осылай iстеуге тиiс. 
Сол арқылы бiз осы тұрпатты сiлкiнiстер мүмкiндiгiнiң алдындағы экономикамыздың берiктiк қорын қамтамасыз еттiк. 
Өмiрге қабiлеттi және икемдi экономика жасау үшiн бiз дәйектiлiкпен күрделi құрылымдық реформаларды жүргiзiп, экспорттық әлеуеттi ұлғайттық және әртараптандыруды бастап кеттiк. 
Нақ сондықтан да бүгiнде бiздiң айтарлықтай мүмкiндiгiмiз бар және ойластырылған әрi тиiмдi дағдарысқа қарсы саясат жүргiзуге жағдайымыз жетедi. 
Көптеген мемлекеттердiң пайда болған жаһандық дағдарысқа жауап берген шарасы ынталандырушы экономикалық шаралар пакетiн қабылдау болды. 
Қазақстан әлемдiк экономиканың өскелең турбуленттiлiгiне жедел үн қатқан және алдын алу шараларын iске асыруға кiрiскен әлемдегi алғашқы мемлекеттердiң бiрi болды. 
Қаржы жүйесiнiң тұрақтылығын сақтау үшiн бiз банктерге қосымша өтiмдiлiк бердiк. Бұл шағын және орта бизнестiң, iрi кәсiпорындардың экономикалық белсендiлiгiн қамтамасыз ету үшiн жасалды. 
Жеке тұлғалардың салымдары бойынша кепiлдi өтеудiң сомасы 700 мыңнан 5 миллион теңгеге дейiн ұлғайтылды. Мемлекет сыртқы қарыз алумен және меншiк капиталының жеткiлiктiлiгiмен байланысты банк секторының тәуекелдерiн төмендетуге көмектестi. 
Тұрғын үй құрылысына және үлескерлер проблемаларын шешуге қолдау бiлдiруге 545 миллиард теңге жұмсалды. 
Елде iскерлiк белсендiлiгiн сақтау үшiн бiз шағын және орта бизнес субъектiлерiне 275 миллиард теңге көлемiнде бұрын соңды болмаған қаржылық қолдау жасадық. Әкiмшiлiк кедергiлердi табанды қысқарту жөнiндегi жұмыс жалғастырылды. 
Негiзгi салықтар бойынша ставкаларды әлдеқайда төмендеткен жаңа Салық кодексi iске қосылды. 
Өткен жылмен салыстырғанда, корпоративтiк табыс салығы биылғы жылдың өзiнде үштен бiрге төмендетiлiп, 20 пайызды құрайды, ал 2011 жылы 15 пайыз болады. ҚҚС ставкасы 12 пайызға дейiн темендетiлдi. Әлеуметтiк салық ставкасының регрестi шкаласының орнына 11 пайыз көлемiндегi бiрыңғай ставка енгiзiлдi. Инвестицияларды жүзеге асыратын кәсiпорындар үшiн салық преференциялары көзделген. 
Осының бәрi экономиканың шикiзаттық емес секторын, шағын және орта кәсiпкерлiктi дамытудың аса маңызды ынталандырғышының бiрiне айналды. 
Мемлекеттiк сатып алулар туралы Заң отандық өндiрiсшiлерге артықшылық бередi, мұның өзi де шағын және орта бизнеске қолдау бiлдiруге бағытталған. 
Агроөнеркәсiптiк кешендi дамытуға 280 миллиард теңге, инфрақұрылымдық жобаларды iске асыруға 120 миллиард теңге бөлiндi. 
Тұтастай алғанда ел экономикасына дағдарысқа қарсы мақсаттарда қосымша 2 триллион 700 миллиард теңгеден астам жұмсалды. 
Бұл әлемдiк дағдарыс салдарын еңсеру үшiн қуатты ынталандыру екенiмен келiсерсiз. 
Бiз табанды да жедел әрекет етемiз, өйткенi әлемдiк дағдарыстың бiздiң экономикамыз бен қоғамымызға соққы күшiн әлсiрету үшiн қашан және не iстеу керектiгiн бiлемiз. 
Бұған ел Үкiметi мен Парламентiнiң бiрлескен жедел жұмысы жәрдемдестi. 
Құрметтi менiң отандастарым, осы кезеңнiң қыспағына бәрiмiз бiрге қарсы тұруға тиiс екенiмiздi сiздер түсiнсе екен деймiн. 
Үкiмет әлеуметтiк төлемдердi және бюджетшiлердiң жалақысын ұлғайту жөнiндегi мемлекеттiң барлық мiндеттемелерi толық көлемiнде сақталуына кепiлдiк беруге мiндеттi. 
Бұрынғы жоспарланғанындай, 2010 жылы бюджетшiлердiң жалақысы және шәкiртақы 25 пайызға, ал 2011 жылы тағы да 30 пайызға ұлғайтылатын болады. 
Зейнетақының орта мөлшерi 2010 жылы 25 пайызға және 2011 жылы 30 пайызға ұлғайтылады. 
Бұл ретте 2011 жылы базалық зейнетақылық төлемдер мөлшерi ең төменгi өмiр сүру мөлшерiнiң 50 пайызына дейiн өседi. 
Өздерiңiзге белгiлi болғанындай, мемлекет оқу ақысын төлеу үшiн қаржысыз қалған студенттерге қолдау бiлдiрдi. Мемлекет барлығы студенттер үшiн 11 мың грант және 40 мың несиенi қосымша бөлiп отыр.

Информация о работе Қазақсталаға дағдарысқа қарсы бағдарламалар