Қазақсталаға дағдарысқа қарсы бағдарламалар

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2012 в 13:37, доклад

Описание работы

Агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға 120 миллиард теңге жұмсалады – бұл елдің азық-түліктік қауіпсіздігін қамтамасыз ете¬ді, сондай-ақ болашақ, астық, ет және көкөніс экспортына мүмкіндік береді. Осындай көлемде қаржы экономиканың нақты секторына түседі – бұл қаражаттар кәсіпорындарды жаңартуға бағытталады. Дағдарыстық жағдайға қарамастан, Қазақстан өкіметі алға көз жіберіп отыр және инфрақұрылымға біаз ақша салмақ. Үкімет жаңа жолдар мен электр желілерін тартуды жоспарлап отыр, бұл экономиканың дамуын еселей түсіп, дағдарыстан кейінгі кезеңде бәсекеге қабілетті болуына жағдай жасайды.

Работа содержит 1 файл

НАЗАРБАЕВТЫҢ ДАҒДАРЫСҚА ҚАРСЫ БАҒДАРЛАМАСЫ.docx

— 113.25 Кб (Скачать)

НАЗАРБАЕВТЫҢ ДАҒДАРЫСҚА ҚАРСЫ БАҒДАРЛАМАСЫ

Газетіміздің өткен  санында «Российская газета»  басылымында жарияланған Михаил Гусевтің мақаласын оқырмандарға жеткізуге уәде еткенбіз. Белгілі орыс сарапшысы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ұсынып отырған еліміздің экономикалық дағдарысқа қарсы бағдарламасына өзінің бағасын беріп, талдау жасаған болатын.

ДАҒДАРЫСТЫ ЕҢСЕРУ ЖОЛДАРЫ

Соңғы жылдары біздің оңтүстіктегі көршіміз өсу мен дамудың барынша жақсы қарқынын көрсетті. Шетелдік инвесторлармен тығыз және білікті байланыстар республикаға бұрынғы КСРО-ның елдерін шаң қаптырып, оқ бойы озып шықты. Қазақ басшылары әліптің артын бағып, қол қусырған жоқ, Олар дағдарысқа тас-түйін болып шықты. Әлемдік қор рыноктарындағы қазан айындағы құлдыраудан кейін Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-министр Кәрім Мәсімовке тұрақтандыру жоспарын әзірлеуді тапсырды Ал қарашаның ортасында Ұлттық инвесторлар кеңесінің отырысында оның шешуші басымдықтарын бөліп көрсетті: қаржы секторын тұрақтандыру; жылжымайтын мүлік рыногындағы проблемаларды шешу; шағын және орта бизнесті қолдау; агроөнеркәсіп кешенін ынталандыру және инновациялық, индустриялық және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру. Бұл орайда, Президент мемлекет пен бизнестің өзара іс-қимыл жасасуын негізге алды. Осыған байланысты Нұрсұлтан Назарбаев тұрақтандыру жоспары барлық ықтимал тәуекелдер ескеріле отырып байыпты есептелуі тиіс екендігін алға тартты.

КЕМЕЛ БОЛАШАҚ

Қазақстан дағдарыс кезеңінде экономиканы құрылымдық реформалау күтілуде, оның нәтижесінде бюджет, әкімшілік және салық кодекстері елеулі өзгерістерге ұшырайды. Енгізілген түзетулер 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді. Қазақстан экономикасындағы тұрақтандыру жоспарын іске асыру аясында мемлекет 2,2 триллион теңге шамасында немесе ішкі жалпы өнімнің 20 пайызына жуығын инвестициялайтын болады. 480 миллиард теңгеге жуығы қаржы секторын тұрақтандыруға жұмсалады, ол қаржы мекемелерінің өтімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Республикада Стрестік активтер қоры құрылған, оның міндетіне күмәнді активтерді сатып алу және одан әрі оларды басқару есебінен отандық банктердің несиелік қоржындарын жақсарту енеді. Жаңадан құрылған «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры – тұрақтандыру жоспарын іске асыруға арналып бөлінген қаржылық қаражаттардың негізгі операторы жұмыс істей бастады.

Агроөнеркәсіптік  кешенді дамытуға 120 миллиард теңге  жұмсалады – бұл елдің азық-түліктік қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, сондай-ақ болашақ, астық, ет және көкөніс экспортына мүмкіндік береді. Осындай көлемде қаржы экономиканың нақты секторына түседі – бұл қаражаттар кәсіпорындарды жаңартуға бағытталады. Дағдарыстық жағдайға қарамастан, Қазақстан өкіметі алға көз жіберіп отыр және инфрақұрылымға біраз ақша салмақ. Үкімет жаңа жолдар мен электр желілерін тартуды жоспарлап отыр, бұл экономиканың дамуын еселей түсіп, дағдарыстан кейінгі кезеңде бәсекеге қабілетті болуына жағдай жасайды.

Бүгінгі күрделі  жағдайда баға белгілеу мен бірқатар компаниялардың жұмысына араласпаса болмайды. Мемлекет негізгі үш мұнай өңдеу зауытының капитал үлесіне кіріп, елдің ішінде отын бағасын бақылау мүмкіндігіне ие болды. Соның арқасында бензин орташа алғанда 20 пайызға арзандады. Салыстыратын болсақ, Ресейде, президент Дмитрий Медведевтің сынға алғанына қарамастан, жанармай бағасы бар болғаны 4-ақ пайызға төмендеді. Бұдан басқа, үкімет ішкі нарықта өткізілетін шикі мұнайға, шетелде сатылатыннан гөрі 2 есе төмен құн салығы индексі мөлшерлемесін белгіледі. Осыған орай 2009 жылы республикада жанармай бағасы одан әрі төмендейді деп күтілуде.

Қазақстан шикізаттық емес секторға бұрын-соңды болмаған салықтық түзетулерді қабылдады. Корпоративтік табыс салығының мөлшерлемесі 30 пайыздан – 2009 жылы 20 пайызға, 2010 жылы – 17,5 пайызға және 2011 жылы – 15 пайызға дейін азаяды. Үкіметтің есептеулері бойынша, тұтастай алғанда, салық жүктемесінің азаюы республика кәсіпорындарына келесі жылы 500 миллиардқа жуық теңгені босатуға және оны өндірісті дамытуға салуға мүмкіндік береді.

Зейнетақы мен жәрдемақылар төлеу 2008 жылғы 555 миллиард теңгеден 2011 жылы бір триллион теңгеге дейін жетеді. Таяудағы үш жыл ішінде орташа зейнетақы мен бюджет қызметкерлерінің еңбекақысы 2 есеге дерлік өседі. Бұдан басқа қазақ өкімет орындары өндіруші өнеркәсіптің ірі компанияларымен жұмыс орындарын қысқартуға уақытша тыйым салу жөнінде уағдаласты. Республиканы тұтастай алғанда, қараша айындағы инфляция 0,4 пайызды, ал он бір айдың қорытындысы бойынша – 9,2 пайызды құрады. Бұл Қазақстанның Достастықтың басқа елдерінен айырмашылығы – инфляцияны бақылауда ұстап отыр және ол азаюда дегенді білдіреді.

Бүгінгі таңда әлемнің  көптеген елдерінде әлі де дағдарысқа қарсы айқын бағдарлама жоқ. Мемлекеттер қабылдап жатқан шаралар көбіне жергілікті шеңберден аспайтын сипатта болып келеді. Қазақстан бұл жағдайда басқалардан гөрі батылырақ және көреген болып шықты. Қазақ өкімет орындары американдық долларға байланып қалмай, тұтастай өз қорларына иек артқан дамудың жаңа жолына бел шешті. Сонымен қатар Қазақстанда дағдарыс салдарын еңсеруге жеткілікті елеулі көлемде халықаралық резервтер бар. Елде мемлекет қарызы көп емес, бюджет жетіспеушілігі де төмен, ағымдағы жылдың жалпы ішкі өнімінің 2,1 пайызы деңгейінде. Бұл қазақстандық экономиканың беріктігіне қажетті мүмкіндіктер береді.

Көршілеріміздің дағдарысқа қарсы жоспарында көптеген жаңа құралдар бар, оған басқа елдердің басшылығы мін тағуы да, қолдауы да мүмкін. Мемлекеттік холдингтерді шоғырландыру, Стрестік активтер қорын құру, түбегейлі салықтық өзгерістер, бюджетті қайта қарау – мұның бәрі республиканы дағдарыстан шығаруға тиіс қадамдар.

        Дағдарысқа қарсы қимыл: қазақстандық тәжірибе 
Әлемдегі қаржы дағдарысы бүкіл қоғамға өз әсерін тигізуде. Күнделікті ақпараттардан көріп отырғанымыздай, күллі әлемді жайлаған қаржы дағдарысы АҚШ, Еуропа елдері секілді “мен” деген алпауыт мемлекеттердің экономикасын тамырынан шайқалтты және оның әсері Қазақстанды да айналып өтпеді. Елбасы айтқандай, бүгінде әлемді дүрліктіріп отырған дағдарыс бізге сырттан келді. Менің пайымдауымша, оның көзі жаһан экономикасының теңгерімсіз пішінінде. Сондықтан да бұл тығырықтан құтылу, болмаса, оның алдын ала білу мүмкін болмады. Осыған орай, Елбасымыздың тікелей басшылығымен Үкімет тарапынан экономикалық дағдарысқа төтеп беретін кешенді іс-шаралар жүйесі қолға алынуда. 
Мемлекет дағдарыстың барлық шараларын жасауда. Дағдарысқа қарсы бағдарламаның бес бағытына байланысты – қаржы секторы, құрылыс саласы, шағын және орта бизнес, агроөнеркәсіп кешені, инновациялық-индустриялық даму – Президент Үкіметке тапсырыстарында келесі мәселелерге ерекше көңіл аударды: отандық өнім өндірушілерді қолдау қажеттігіне, оларға мемлекеттік сатып алуда басымдық беруіне; Қазақстанда жұмыс істейтін шетелдік кәсіпорындардағы жұмыссыздықтың өсуіне және жұмыс орындарының қысқаруын болдырмауына; ауыл шаруашылық шикізаттарын өндірушілердің қаржы айналымына мұқтаждығын жедел қамтамасыз етуіне; үлестік құрылыс проблемасын шешу жөніндегі жұмысты күшейтуіне; шағын және орта кәсіпкерлікке тексеріс жасауға жарияланған мораторийға қарамастан, ағымдағы жағдайда бюджеттің кіріс бөлігін орындауына; Республикалық және жергілікті бюджеттердің мейлінше үнемделуіне. 
Осынау сындарлы кезеңде әлемде санаулы мемлекеттердің ғана өз экономикасын қолдауға қаржылық мүмкіндігі бар. Солардың бірі – біздің мемлекетіміз екені бәріміз үшін үлкен мәртебе. Нақты айтар болсақ, сан-салалы ел экономикасына дағдарысқа қарсы мақсаттарда қосымша 2 триллион 700 миллиард теңгеден астам қаржы жұмсалуда. Тұрғын үй құрылысына және үлескерлер проблемаларын шешуге қолдау білдіруге 545 миллиард теңге жұмсалады, шағын және орта бизнес субъектілеріне 275 миллиард теңге көлемінде қолдау жасалады. Агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға 280 миллиард теңге, инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға 120 миллиард теңге бөлінді. Ел экономикасын әртараптандыруға 600 миллиард теңге бөлінді. Оның үстіне Үкімет әлеуметтік төлемдерді және бюджеттегі мекемелер қызметкерлерінің жалақысын ұлғайту жөніндегі мемлекеттің барлық міндеттемелерін толық көлемінде сақтап отыр. Бұрын жоспарланғандай, 2010 жылы бюджеттегілердің жалақысы, зейнеткерлердің зейнетақысы 25 пайызға, ал 2011 жылы тағы да 30 пайызға ұлғайтылатын болады. Сонымен қатар ел экономикасын әтараптандыруға 600 миллиард теңге бөлінді. Тұрғын үй құрылысы мен үлескерлер проблемаларын шешуге, шағын және орта бизнеске қолдау көрсетіледі. Салық азаяды. Жаңа жұмыс орындары ашылады. 
Елбасы Қазақстан халқына арнаған “Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға” атты Жолдауында коммуналдық желілерді – сумен, жылумен қамту, энергетика желілерін қайта жаңғыртуға және жаңарту, автокөлік жолдарын реконструкциялау мен жөндеу, әлеуметтік инфрақұрылымды, ең алдымен мектептер мен ауруханаларды жаңалау, қалалар мен елді-мекендерді абаттандыру және көгалдандыру міндеті, сондай-ақ, әлеуметтік жұмыс орындарын кеңейту мен жастар тәжірибесін ұйымдастыру, қазақстандықтарды жұмыспен қамту стратегиясы үкімет назарында болатынын қадап айтты. Елбасының халыққа арнаған Жолдауында әлемдік қаржылық дағдарыстан қиналмай шығудың айқын міндеттері белгіленген. Солардың бірі өңірлік жұмыспен қамту және кадрларды қайта даярлау стратегиясын мүлтіксіз жүзеге асыру болып табылады. Сонымен қатар, мемлекет әлемдік дағдарысқа, біз басымыздан өткеріп жатқан кезеңнің қиындықтарына қарамастан, өмірлік маңызы зор әлеуметтік бағдарламаларды қаржыландыру мен қолданыстағы перспективалық инвестициялық жобаларды іске асыруды одан әрі жалғастыра береді. Ең алдымен “Бейнеу-Бозой-Ақбұлақ” магистральдік газ құбырын салу, “Батыс Еуропа-Батыс Қытай” автожолының транзиттік дәлізін қайта жарақтандыру, Атыраудағы мұнай-химия кешенін салуды жалғастыру және т.б. жұмыстар әрі қарай шешімін таба береді. Cондай-ақ, “Еуропаға жол” бағдарламасы негізінде саяси және экономикалық ынтымақтастықты кеңейту арқылы еліміздің Еуропа мемлекеттерімен қатынастарын стратегиялық әріптестік деңгейіне көтеру күн тәртібіндегі іс. Ал алдағы 2010 жылы Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етудегі басымдықтары мен міндеттері – гуманитарлық, экономика-экологиялық және әскери-саяси қызметін дамыту жөніндегі белсенді жұмыстарын жалғастыруға мемлекетіміз ниетті. 
Өткен жылы әлемдік қаржы дағдарысының Қазақстан экономикасының даму көрсеткіштеріне тигізген әсеріне қарамастан, жалпылай алғанда, экономикалық өсуді тұрақтандыру бойынша жоспарланған жұмыстардың бәрі тиісті деңгейде атқарылды. Сондай-ақ, ол биылғы жылы да Үкіметтің жүктеген міндеттеріне сәйкес, алға қойылған жұмыстардың бәрі жоспарланған кесте бойынша өз деңгейінде жүзеге асатынын кәміл сенеміз. Былтырғы жылы әлемдік қаржы дағдарысы жағдайында Қазақстан экономикасын тұрақтандыру бойынша бірқатар жұмыстар атқарылды. Яғни, еліміз экономикалық өсу деңгейін сақтап қалу мақсатында макроэкономикалық болжамдар жасау, инфляциямен күрес, серпінді жобаларды іске асыру мен басқа да шараларды жүзеге асырумен айналысты. Жыл басында инфляцияға қарсы саясат, еліміздің даму деңгейін тұрақтандыруды қамтамасыз ету жөнінде салааралық үйлестіру шаралары жасалынып, 2009-2013 жылдарға арналған макроэкономикалық болжам жасау жөнінде құжат қабылданды. Сонымен бірге, 2008-2009 жылдарға арналған инфляциялық үдерістерді реттеу жөнінде іс-шаралар жоспары бекітіліп, жыл соңына қарай 2009-2010 жылдарға арналған экономиканы тұрақтандыру жөнінде бірлескен шаралар жоспары қабылданды. Елімізде тұңғыш рет бүкіл дүние жүзіндегі саяси-экономикалық үдерістерді бақылауға арналған жедел мониторинг жүйесі енгізілді. Бұдан басқа жасалған тағы бір жұмыс, “Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы” бағдарламасы мен 45 серпінді жобаларды іске асыру бойынша мониторинг жүргізіліп, ол тиісті нәтижесін берді. Осының нәтижесінде қазір еліміздің әр шалғайында аталмыш бағдарламаның іске асырылу барысы жөнінде мәліметтермен он-лайн режімінде танысу мүмкіндігіне ие болдық. 
Былтыр елімізде концессия институтын дамыту ісі қолға алынып, осыған қатысты қабылданған заңдық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде жұмыс атқарылды. Сонымен бірге, 2008 жылы басталған басты жұмыс деп жаңа Салық кодексі мен Бюджеттік кодекстің қабылданғанын атап өтуге болады. Қазіргі күні аталмыш құжаттардың маңыздылығын ескере отырып, көрші елдер де оларды өздерінде іске асыруға мүдделілік танытуда. Жаңа Салық кодексі алдағы кезде мемлекет қазынасына түсетін салық көлемін ұлғайту мақсатында жасалды. Бұл құжатқа сәйкес, ендігі жерде шетел инвесторларына салық төлеуге қатаң талап қойылып, ал жергілікті кәсіпкерлерге шағын және орта бизнеспен айналысуына бірнеше жеңілдіктер беріледі. 
Жаңа Салық кодексін жүзеге асыру сала кәсіпорындарына салық салуда неғұрлым айқын жағдай жасауға мүмкіндік береді. Ал ол Қазақстанның салық жүйесінде неғұрлым жоғары белгілілік пен мөлдірлікті қамтамасыз ете алады. Өткен жылы “2009-2011 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы” заңның да маңыздылығы орасан екенін атап өту қажет. Бұдан басқа “Мемлекеттік мүлік туралы”, “Ұлттық әл-ауқат қоры туралы” заң жобаларының, бұл құжаттардың экономика саласын жандандыруға соны серпін беретіні айдан анық. 
Қазіргі жаһандық қаржы дағдарысының дауылы ең ауқатты мемлекеттердің экономикасының өзін шайқалта бастаған кезде “Қазақстан-2030″ барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы” атты стратегияда айқындалған мемлекеттік бағыт тұрақты түрде біздің мемлекетіміздің үш тұғырлы міндеті болып қала береді. Біздің өз күштеріміз бен қорларымызды қайтадан топтастыру жолындағы жүзеге асырып жатқан әрекеттеріміз еліміздің бағытының өзгергендігін білдірмейді. 
Әлемдегі дамыған мемлекеттерде елдің ішкі жалпы өнімінің (ІЖӨ) 60-70 пайызы (тіпті Германия, Малайзия, Жапония сияқты елдерде – 90%-ға дейін) шағын және орта бизнестен құралатыны белгілі. Біздің елде бұл көрсеткіш 25 пайыздан аспайтыны мәлім. Шағын кәсіпкерлік халықты жұмыспен жаппай қамтамасыз етудің ең тиімді жолының бірі екендігін дүниежүзілік тәжірибе көрсетіп келеді. Осыған орай, қазіргі қаржылық дағдарыстың қиындықтарынан қиналмай өтіп, республикамыздың экономикасын жаңғыртып, халықты жұмыспен қамтудың стратегиясын іске асырудың жаңа жоспары ұсынылды. Бұл Жолдау бойынша, “Елдегі іскерлік белсенділікті сақтау үшін шағын және орта бизнес субъектілеріне 275 млрд. теңге көлемінде бұрын-соңды болмаған қаржылық қолдау” көрсетілмек. Осындай дағдарысты кезеңде, әсіресе, кадрларды қайта даярлау және қайта оқыту жөніндегі жүйелі жұмыс жүргізілуі тиіс. Мұндай кезек күттірмес міндетті жүзеге асыруда халықтың жаппай нарықтық сауаттылығын көтерудің маңызы зор екендігі даусыз. Демек, халықтың нарықтық сауаттылығын көтеруге ықпал етудің тиісті жүйесін құру керек. 
Ал жалпы әлемде орын алған дағдарыстың әсерін азайту мен оған қарсы төтеп беру мақсатында Елбасының Үкіметке арнайы жауапкершілік жүктегеніне, бүгінде осы бағытта тиісті іс-шаралар атқарылып жатқандығын айрықша айтуға болады. Мысалы, еліміздегі коммерциялық банктердің тоқыраудан аман қалуына былтырғы жылы мемлекеттік қордан бөлінген қаржы өз септігін тигізді. Қазақстандықтардың дағдарыстан қатты зардап шекпеуі – Президенттің ел ішіндегі және сыртқы елдермен жүргізген сарабдал саясатының зор жемісі.. 
Экономика – алдымен жаңадан өндіріс орындарын ашып, тауар шығару. Ал экономиканы дамыту – ол жаңа технологияны ендірген өндіріс орындарын ашып, бәсекеге қабілетті тауарлар шығару болып табылады. Бұл – аксиома. Сондықтан, дағдарыс кезінің өзінде-ақ алдағы болашақты ойлай отырып, еліміздің экономикасын индустрияландыру мен әртараптандыру жұмыстарын одан әрі жүйелендіре түсу міндеті алға қойылды. Нанотехнология мен ақпараттық жүйелерді өндіріске енгізуіміз қажет. Отандық өндірістерді дамыта отырып, қандай өнім болсын, өзімізде өндіруді қолға алуымывз керек. 
Елімізде 2003 жылы қабылданған индустриялық даму стратегиясы бойынша жиыны 12 трлн. 73,5 млрд. теңгеге немесе 80,5 млрд. АҚШ долларына бағаланатын 392 жобаны іске қосу мәселесі алға қойылып отыр. Бағдарламаның бірінші кезегі (2003-2005 жылдары) жалпы дайындық жұмыстарын қамтыса, қазіргі уақытта жобаларды белсенді түрде іске қосу мерзімі өтіп жатыр. Осыған орай Елбасы Үкіметке осы мәселелерді жүйелендіре отырып, нақты жүзеге асыруға кірісуді тапсырған. Осыған орай елімізде жүзеге асырылатын индустриялық-инновациялық жобалар үш топқа бөлініп қарастырылуда. Соның бірінші тобына Индустрия және сауда министрлігінің қадағалауымен жүзеге асырылатын 215 жоба жатқызылған. Бұл жобалардың жалпы құны 30,2 млрд. АҚШ долларын құрайды. Жобалар толық жүзеге асқанда елімізде 41 мың жаңа жұмыс орны құрылуы тиіс. Екінші топта Ауыл шаруашылығы министрлігінің, “ҚазАгро” холдингінің қадағалауымен жүзеге асатын 132 жоба бар. Олардың жалпы құны 86,6 млрд. теңгені құрайды. Бұл жобалар жүзеге асқан жағдайда 5,5 мың жұмыс орны құрылуы тиіс. Қазіргі таңда ауыл шаруашылығы саласындағы өңдеу ісіне ерекше мән беріліп отырғандықтан бұл жобалар да маңызды болып табылады. Осы аталған жобалардың ішінде бірінші топ бойынша 124 жоба, екінші топ бойынша 84 жоба 2009 жылы жүзеге асуы тиіс. Екінші топтағы жобалардың арасынан агроөнеркәсіп кешеніндегі 11 бағыт бойынша жүзеге асатын жаңа технологияларды игеру, осы бағыттағы кәсіпорындарды іске қосу ісіне ерекше мән беріледі. Мемлекет тарапынан бөлінетін ресурстар алдымен “КазАгро” холдингіне түседі. Кейіннен ауыл шаруашылығы тауарларын өңдірушілерге бағытталады. Содан кейін тауар өндірушілер оны шағын шаруашылықтарға береді. Осыған орай, ірі тауар өндірушінің шағын шаруашылықтар есебінен үлесі артады. Демек, аталған мәселе бойынша тәртіп ретке келтірілсе болғаны. Жобалардың үшінші тобына “30 корпоративтік көшбасшы” бағдарламасы бойынша жүзеге асатын 45 серпінді жоба жатқызылған. Мұның 2007 жылы біреуі, 2008 жылы алтауы жүзеге асқан болатын. Ал биылғы жылы 12 жобаны жүзеге асыру міндеті тұр. Бұл жобалардың барлығы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің қадағалауына тапсырылған. Мәселен, құрылыс жұмыстары қызып тұрған кезде кәсіпкерлердің көпшілігінің назары кірпіш, цемент зауыттарын тұрғызу ісіне ауып, іс алдын ала жүйеленбегендіктен кәсіпкерлердің ұсынысы бойынша Ақтөбе облысынан 3 кірпіш зауытын, Қостанайдан 3 цемент зауытын, Жамбылдан 3 цемент зауытын тұрғызу жоспарланған болатын. Құрылыс бәсеңдеген қазіргі жағдайда осының барлығын тұрғызған жағдайда кәсіпкерлердің қаржысы өзін-өзі ақтамауы да мүмкін. Индустриялық-инновациялық жобаларды алдын ала жүйелеу ісі, міне, осы үшін де қажет. 
Дағдарыстан шығудың да, тұрақты дамудың да өзекті мәселесі – экономиканы әртараптандыру. Осыны көздеген индустриялық-инновациялық стратегияны алған бес жыл ішінде әртараптандырудың құқықтық-нормативтік базасы жасалды, даму институттары құрылып, оларға молынан қаржы бөлінді. Жер-жерде ақпараттық технология, басқа да технопарктер, венчурлық қорлар, бизнес-инкубаторларын құруды жалғастыра түсуіміз керек. Дағдарысқа қарсы қимыл барысында, әсіресе жаңа әлеуметтік экономика құру жағдайына, елдегі демографиялық даму үрдісіне, рухани дамуды қолға алу мәселелеріне аса көңіл аударуымыз қажет. Отандық банктер қаржыларын отандық өндіріс орындарына жұмсау керек. Өнеркәсібін өркендетпеген, ауыл шаруашылығын дамытпаған ешқандай ел, ешқандай мемлекет дағдарыстан шыға алмайды. Ауыл шаруашылығына көңіл бөлмеген, қамқорлық танытпаған ел өркениетті елдер қатарына қосылмайды. Сондықтан ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуді дұрыстап қолға алуымыз қажет. Экономиканың негізгі діңгегі шағын және орта бизнесте жатыр. 
Халықаралық валюта қоры 2009 жылы әлемдік экономикадағы рецессиялық жағдай одан әрі жалғаса түседі деп болжам жасаған. Соның ішінде, осының алдындағы қаңтар айында әлемдік экономиканың даму деңгейі 0,5 пайызға төмендейді деген болжамына түзетулер енгізіп, рецессия деңгейі енді 1,0 пайызға дейін тереңдей түседі деп отыр. Мұндай төмендеу деңгейі соңғы алпыс жылдан бері бірінші рет күтілуде. 
Жағдайдың ауырлығына сәйкес көптеген елдер өздерінің 2009 жылға арналған бюджет кірістері мен шығыстарын қайтадан қарастыру үстінде. Енді осындай қадамға Қазақстан да баруға мәжбүр болып отыр. Өйткені, бюджетте белгіленген бағдарламаларды қаржыландыру мүмкіндігі нақты болуы тиіс. Осы ретте 2009 жылы әлемдік экономиканың баяулайтынына және әлемдік тауар рыноктарындағы тұтынудың қысқара түсетіндігіне байланысты қазақстандық экспорттың негізгі түрлерінің (мұнай мен металл) бағасы өспейді деген болжам жасалынып отыр. Атап айтқанда, мұнайдың бағасы 2009 жылы 1 баррелі 40 АҚШ доллары деңгейінде, 2010-2013 жылдары 50 АҚШ доллары деңгейінде болады деп болжануда. Ал металдың әлемдік бағасы 2009 жылы орта есеппен алғанда 30-40 пайызға дейін төмендейтін болады. Металл бағасының өсуі 2010-2013 жылдары 8-10 пайыз деңгейінде күтіледі. 
Осы жағдайға орай қарастырылып отырған бюджет жобасының жаңа сценарийі бойынша 2009 жылы ішкі жалпы өнімнің өсуі 1 пайыз деңгейінде қалыптасады деп болжануда. Бұл – осыдан бұрын мақұлданған болжамнан 1,7 пайызға төмен көрсеткіш. Ал 2010 жылдан бастап экономиканың өсуі 3 пайызды, 2013 жылы 4,3 пайызды құрайды деп күтілуде. 
Осындай жаңа болжамдарға сәйкес бюджеттің оңтайландырылған жаңа жобасы бойынша 2009 жылғы түсімдер 2 триллион 837,4 миллиард теңгені құрамақ. Бұл – осының алдында бекітілген бюджетке қарағанда 23,4 миллиард теңгеге аз. Ал бюджет шығыстары 3 триллион 411,0 миллиард теңгені құрап, осының алдындағыдан 21,2 миллиард теңгеге қысқартылады. Республикалық бюджеттің тапшылығы 573,6 миллиард теңгені құрайды. Ал бюджет шығыстарында қарастырылып отырған әлеуметтік мақсаттардағы шығындар қысқармайды, яғни бюджет тарапынан қаржыландырылатын жалақылар сол күйінде сақталынатын болады. Яғни, қарастырылып отырған әлеуметтік шығындардың бәрі қаржыландырылмақ. Қысқарту негізінен алғанда инвестициялық жобаларға қатысты болып отыр. Бірақ, олардың барлығы бірдей емес. Мәселен, басталған инвестициялық жобалар, соның ішінде «Астана-Щучье» автожолы, «Бейнеу-Бозой» газ құбыры секілді инфрақұрылымдық ірі жобаларға бөлінетін қаржылар қысқармайтын болады. Сонымен қатар, бюджеттегі қысқартулар тек қана 2009 жылға қатысты болып отырғандығын айта кеткеніміз жөн. 2009-2011 жылдар үшін белгіленген үш жылдық бюджеттің қалған жылдарғы бөлігі өзгеріссіз қалпында қалмақ. 
Мұнай бағасының 2008 жылдың тамызындағы өзінің шарықтау мәнінен шындап және көрер көзге ұзаққа құлағаны айқын болған өткен жылдың күзінде бюджеттің шапшаң түрде қайта қаралғанын еске түсіруге болады. Мәселен, көршілес Ресейде дәл осы кезде 2009 жылдың бюджетін, сол кездің өзінде баға 50 доллардан аспай тұрса да, мұнай баррелінің 95 долларлық мөлшерін басшылыққа ала отырып бекітті. Мұнай бағасының құлдырауына сәйкес бізде жалпы өте шапшаң іс-әрекеттер жасалды. Өткен жылдың соңында мұнай өндірушілермен арада 2008 жыл бойына әңгіме болып келген мұнай экспортына баж салығы батыл түрде алынып тасталды. Ал Ресейде аталмыш салықты төмендеткенмен ол өте баяу болды, нәтижесінде мұнай компаниялары мұнайды өздеріне шығын келтіре отырып сатуға мәжбүр болды, ал ол мұнай өндірісін стагнацияға соқтырды. Сонымен бірге бізде тоқ жылдары 2009 жылға жоспарланған салықтарды төмендету ісінен бас тарту болған жоқ. Соның нәтижесінде бүгінде бізде әлемдегі ең бір либералды салық жүйесі қалыптасты. Ал көршілеріміз Ресейде дағдарыс өсіп отырған жағдайда керісінше 2010 жылдан бастап әлеуметтік салықты көтеру мәселесін талқылай бастады. 
ҚР Статистика агенттігінің деректері бойынша, ел экспортының 65%-ын құрайтын минералдық шикізат – мұнай және мұнай өнімдері, 8% – қара металл, 6% -мыс және оның өнімдері, 4% – неорганикалық химия өнімдері, құнды және сирек кездесетін металдар, одан кейінгі кен, шлак барлығы – 3%, цинк және цинк өнімдері әрқайсысы 3%-дан құрайды. Қалған 9 пайызы басқа заттар. Бұлардың барлығы шикізат күйінде шығады. Соңғы бір жылда мұнайдың бағасы 4 есеге жуық, металл 2 есеге (мыс пен цинк 3 есеге), басқа тауар түрлерінің бағасы да 1-3 есеге төмендеді. Шикізат сататын, оның ішінде негізінен мұнай сататын ОПЕК-ке мүше елдердің ішінде Норвегиядан басқалары дамушы елдер. Ресей де соның ішінде. Мысалы, мұнай шикізаты Иран мемлекеті бюджеті түсімінің 85%-ын құраса, оның Қазақстандағы үлесі – 45%. 90-шы жылдардағы бір баррель мұнайдың құны 15-18 доллар болғанда Иран экономикасы терең дағдарысқа ұшыраса, Қазақстанның мұнай экспортындағы үлесі 10 пайыздан төмен болғандықтан, ол дағдарыс бізді айналып өтті. Қазіргі дағдарыс басқаша болып отыр. Оның негізгі себебінің бірі – экономиканың мұнай шикізатына тәуелділігінде. 2009 жылы мұнай және мұнай өнімдерінің құны 25-50 долларды құрап, 2008 жылғыдан 2-3 есе кем болады деп болжануда. Ондай жағдайда көптеген кен орындары жұмысын тоқтатып, мұнайдың экспорттық көлемі азаяды 
20.01.2012

ҚР Үкіметі қазақстандықтарды экономикалық сілкіністерден қорғайтын шаралар қабылдауда

Қазіргі уақытта  әлемдік экономикада тұрақсыздық  тәуекелдері күшейіп отыр. Әлем экономистерінің пессимистік болжамдарына сүйенсек, қаржы дағдарысы қайталануы ықтимал. Дағдарысты еңсеруде тиімді тәжірибесі бар Қазақстан ел халқын ықтимал экономикалық сілкіністерден қорғайтын шаралар қабылдауда.

Әлем елдерінің сарапшылары  экономикалық дағдарыстың қайталану  мүмкіндігін қызу талқылауда. 20085 жылдағы  дағдарысты болджаған американдық  экономист Н.Рубинидің пікірінше, дағдарыстың жаңа толқыны басталып кетті.

«Жаңа дағдарыс, жұрт ойлағаннан ертерек келеді. Осыдан бірнеше ай бұрын, дағдарыс 2013 жылы орын алады деп пайымдаған болатынмын. Бірақ қазір, АҚШ экономикасы, еуро зонасы және Біріккен Корольдік экономикасы әлсіреп отырған тұста, менің ойымша, дағдарыс ертерек келетін сияқты. 2013 жылы дағдарыс шарықтау шегіне жетеді. Мүмкін, бәрі одан да ертерек болуы мүмкін. Барлығы, үкіметтердің қандай шаралар қабылдайтындығына байланысты. Дағдарыстың белгілері байқалып жатыр», - дейді сарапшы.

Әлем экономистерінің  ортақ пікірін білдірген Халықаралық валюта қорының әкімші-директоры Кристин Лагардтың айтуынша, «дағдарысты еңсеріп келе жатқан процеске төнген тәуекел бар, қазір біз экономика дамуының қауіпті жаңа кезеңіндеміз».

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан  Назарбаев ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына  арналған жиналыста сөйлеген сөзінде, «әлемнің жаһандық депрессияның алдында  тұрғанын» мәлім етті.

«Жаһандық дағдарыстың толқынынан ешкім сырт қала алмайды. Оны Еуропадан және басқа елдерден көруге болады. Бізді де қиын кезеңдер күтіп тұр», - деді Елбасы.

Қазақстанның дағдарысқа қарсы бағдарламасы дүниежүзіндегі ең тиімді бағдарламаның бірі деп танылды және дағдарыс сценарий қайталанар болса, өзгертулер енгізе отырып, сол моделді қайта қолдануға болады.

Айта кету керек, Қазіргі  таңда Қазақстан Үкіметі ел халқын ықтимал экономикалық сілкіністерден қорғайтын әлеуметтік жаңғырту шараларын жүргізуде. «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасына 56 мыңнан астам қазақстандық қатысуда. Индустрияландыру бағдарламасының арқасында 1,8 трлн. теңге соманың 389 жобасы іске қосылды, 90 мың адам жұмыспен қамтылды. 2011 жылы білім беру және денсаулық сақтау салаларын дамытудың мемлекеттік бағдарламалары қолға алынды. Қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған бұл жұмыстар алдағы жылдары да жалғасын таппақ.

Жаһандық әлемдік дағдарыстың  тұсында Қазақстан Үкіметі «5 батыл қадам» Дағдарысқа қарсы бағдарламасын  әзірлеген және жүзеге асырған болатын. Үкімет сыртқы экономика шайқалып тұрған кезде, ішкі ресурстарды жұмылдыру және алдын ала даму саясатына ауысты.

2008 жылдың 13 қазанында өткен  Үкіметтің кеңейтілген отырысында  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметке  экономиканы және қаржы жүйесін  тұрақтандыру жөніндегі шаралар  кешенін әзірлеу туралы тапсырма  берді.

 

«Үкіметтің осынау дағдарыстан  экономиканы «пісіріп, жетілдіріп» шығарудың жақсы мүмкіндігі бар. Біз дағдарыстың тұсында да экономика үшін пайда келтіруді үйренуіміз керек. Ол үшін экономикалық дамудың сапасын арттыру керек. әлемдік дағдарыстың салдарын еңсеру - Үкіметтің 2009-2010 жылдардағы негізгі жұмысы»,- деді сол кезде Нұрсұлтан Назарбаев.

Ел Үкіметі Ұлттық банкпен  және Қаржы нарығын қадағалау  агенттігімен бірлесіп әзірлеген «5 батыл қадам» бағдарламасы макроэкономикалық тұрақтандыруға және жаңа жағдайда Қазақстанның орнықты экономикалық дамуын қамтамасыз етуге бағытталған шаралар кешенін анықтады.

Алға қойылған мақсаттарға  қол жеткізу үшін Үкімет, Ұлттық банк және Қаржы нарығын қадағалау  агенттігі негізгі жұмысты бес  бағытқа: қаржы секторын тұрақтандыру, жылжымайтын мүлік нарығындағы  проблемаларды шешу, шағын және орта бизнесті қолдау, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту, инновациялық, индустриялық және инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру сияқты бес басым бағытқа негіздеді.

«Ел экономикасы 1990 жылдардың  басындағы экономикалық тоқырауға барабар рецессияға сәл қалды. Біздің бағалауымызша, экономикалық даму қарқынының күрт төмендеуі 2009 жылдың басында 1 миллионға жуық адамның жұмыссыз қалуына әкелетін еді. Ел Үкіметі, Ұлттық банк және Қаржы нарығын және қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау ұйымы бірлесіп, бұл ығыттарға жауап ретінде Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі бірлескен жоба және Жұмыспен қамту және кадрларды қайта мамандандыру стратегиясын - Жұмыспен қамтудың жол картасын қабылдады», - дейді Премьер-Министр Кәрім Мәсімов.

Осынау шаралардың арқасында  Қазақстан жалпы ішкі өнімді «психологиялық плюс» деңгейінде сақтай алды. Атап айтқанда, 2008 жылы экономиканың өсімі 3,1 пайызды құраса, 2009 жылы – 1,2 пайыз болды. Оған қоса, Қазақстан дағдарысқа дейінгі экономикалық өсудің шегіне оралды: 2010 жылы ЖІӨ - 7 пайызға, 2011 жылы -7,5 пайызға жетті. Осылайша, республикада макроэкономикалық тұрақтылық және орнықты экономикалық өсу қамтамасыз етілді.

«5 батыл қадам» бағдарламасы халықаралық қоғамдастықтың тарапынан  оң баға алды. Әлемдік сарапшылардың  осыған қатысты пікірлерін «Уақыт үзеңгісінде» деректі фильмінен көруге болады

АСТАНА. Қаңтардың 18-і. BNews.kz –Қарқынды дамудың онжылдығынан кейін экономикасы өте жақсы  макроэкономикалық көрсеткіштерді көрсетіп келген Қазақстан әлемнің басқа да көптеген елдері сияқты 2007-2009 жылдары жаһандық қаржы дағдарысының әсерін бастан кешірді, деп хабарланған ҚР Премьер-министрі Кәрім Мәсімовтің Facebook-тегі ресми бетінде.  
Әлемдік экономиканың жағымсыз салдары бірінші болып Қазақстанның банк секторынан көрініс тапты. Сол кезде ел Үкіметі Президент жоспарының негізінде әлем бойынша ең тиімді дағдарысқа қарсы бағдарламалардың бірі болып мойындалған «5 батыл қадам» атты Дағдарысқа қарсы бағдарлама әзірлеп, жүзеге асырды. Қаржы саласын тұрақтандыру негізгі іс-шаралардың бірі болды, ол төрт жүйе құрушы банкті қосымша қаржыландыру мен 486 млрд. теңге көлемінде қосымша өтімділік беруді көздеген болатын, сол арқылы банктер резервтің бірдей деңгейін қалыптастырып, экономиканы несиелендіре алды.  
Сол жылдары әртүрлі сарапшылардың тарапынан бұл міндет Министрлер кабинетін тығырықтан шығара алмайды деген сыңайдағы сыни пікірлер көп айтылды. Алайда ел экономикасы сауығып, 2010 жылдың қорытындысы бойынша оның өсімі 7 пайыз, 2011 жылдың қорытындысы бойынша 7,5 пайызды құрады.  
Жүйе құрушы банктерден қарыз алушылардың несиені дер кезінде қайтаруға мүмкіндігі болмаған қауіпке қарамастан, қаржы секторының тұрақтылығы және оның өсімін қалпына келтіру үшін экономиканы несиелендіру көлемі сақталды. 11 млрд. АҚШ доллары көлемінде банктердің ішкі қарыздары қайта құрылымдалып, 147,5 млрд. теңге көлемінде Ұлттық қор қаражаты мерзімінен бұрын қайтарылды.  
Үкіметтің дағдарысқа қарсы оңтайлы шаралары халық пен бизнестің банк жүйесіне деген сенімін нығайтты. 2007 жылдың соңында екінші деңгейлі банктердегі депозит салымдары 3,9 трлн. теңгені құраса, 2011 жылдың 1 желтоқсанындағы жағдайға сәйкес, бұл сома екі есеге жуық мөлшерде артып, 8,4 трлн. теңгеге жетті.  
Теңдессіз тәжірибе жинақтай отырып және дағдарыстан кейінгі қарқынды дамуға жол аша отырып, әлемдік қаржы дағдарысын еңсеру шын мәнінде Үкіметтің Дағдарысқа қарсы бағдарламасының сәтті жүзеге асырудың арқасында мүмкін болды.  
Екі жылдық дағдарысқа қарсы бағдарламаның нәтижесіне тоқтала келе, ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Үкіметке, ұлттық холдингтерге, Ұлттық банк пен Қаржылық бақылау агенттігіне тікелей тапсырма берген Мемлекет басшысының салиқалы саясаты арқасында жақсы нәтижелерге қол жеткізілгенін атап өтті, сондай-ақ біздің қоғамдағы саяси тұрақтылық та көп рөл атқарған. Құрылыс, қаржы салалары, шағын және орта кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы немесе айтарлықтай мәселе туындаған басқа да бағыттар бойынша нәтижесін берген нақты шаралар жүзеге асырылды.  
Сондай-ақ Ұлттық қордың да маңызды рөлін айта кету керек. Ұлттық қор арқасында еліміз халықаралық қаржы институттарынан көмек сұрамады, бұл белгілі бір деңгейде еркіндігімізге әсерін тигізбеді. Бұлай болмаған жағдайда, елімізде зейнетақы, еңбекақы артып, тұрақтандыру шаралары іске аспас еді. Сондықтан «5 Батыл қадам» дағдарысқа қарсы бағдарламасы барлық бағыт бойынша өз нәтижесін берді. 
02.02.2012 - Қазақстан дағдарыстың жаңа толқынына дайын

Информация о работе Қазақсталаға дағдарысқа қарсы бағдарламалар