Қазақсталаға дағдарысқа қарсы бағдарламалар

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2012 в 13:37, доклад

Описание работы

Агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға 120 миллиард теңге жұмсалады – бұл елдің азық-түліктік қауіпсіздігін қамтамасыз ете¬ді, сондай-ақ болашақ, астық, ет және көкөніс экспортына мүмкіндік береді. Осындай көлемде қаржы экономиканың нақты секторына түседі – бұл қаражаттар кәсіпорындарды жаңартуға бағытталады. Дағдарыстық жағдайға қарамастан, Қазақстан өкіметі алға көз жіберіп отыр және инфрақұрылымға біаз ақша салмақ. Үкімет жаңа жолдар мен электр желілерін тартуды жоспарлап отыр, бұл экономиканың дамуын еселей түсіп, дағдарыстан кейінгі кезеңде бәсекеге қабілетті болуына жағдай жасайды.

Работа содержит 1 файл

НАЗАРБАЕВТЫҢ ДАҒДАРЫСҚА ҚАРСЫ БАҒДАРЛАМАСЫ.docx

— 113.25 Кб (Скачать)

«Әлемдік экономикадағы  жағдай әлі де тұрақсыз. Беделді әлемдік сарапшылар экономикалық даму деңгейінің төмендеуіне байланысты өз болжамдарын қайта қарап шығуға мәжбүр. Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) қыркүйек айындағы болжамында 2011-2012 жылдары әлемдік экономиканың өсімі небәрі 4 пайызды құрайды деген болатын, бірақ ағымдағы жылдың қаңтар айында қор бұл болжамын тағы да төмендетті», – деп мәлімдейді ҚР Премьер-министрі Кәрім Мәсімов өзінің Facebook-тегі ресми бетінде.  
 
Еуроодақтағы жағдай да көңіл көншітерлік емес, экономикалық өсімнің төмендейтіні, ал Одақтың бірқатар елінде рецессия болу ықтималдығы артып келеді. Әлемдік экономикадағы жағдайдың әрі қарай ушығуын ескере отырып, жаһандық дағдарыстың екінші толқынын пайымдауға болады. Бұл туралы Қазақстанның Премьер-министрі Кәрім Мәсімов бірнеше рет айтқан болатын. Және ондай жағдайға Қазақстан Үкіметінің Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша әзірленген «Б жоспары» дайын тұр.

Өткеннен алған сабақ  өткелден аман өткізеді 
 
Айта кету керек, әлемдік рецессияларды еңсеруде біздің еліміздің тәжірибесі баршылық. 2008-2009 жылдардағы қаржы дағдарысы жас та болса экономикасынан мол үміт күттіріп отырған Қазақстанды айналып өткен жоқ. Сол кезде ел Үкіметі президенттік жоспардың негізінде «5 батыл қадам» дағдарысқа қарсы бағдарламасын әзірлеп, жүзеге асырған болатын. Дүниежүзіндегі дағдарысқа қарсы ең тиімді бағдарламаның бірі болып табылған бұл құжат қаржы секторын тұрақтандыру, жылжымайтын мүлік нарығындағы проблемаларды шешу, шағын және орта бизнесті қолдау, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту, инновациялық, индустриялық және инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру сияқты бес басым бағытқа негізделді. Және бұл мақсаттарға Ұлттық қордан 10 млрд АҚШ доллары бөлінді.  
 
Нәтиже күткендегіден асып түсті. Банк секторына айрықша қолдау көрсету арқылы елдегі болуы мүмкін қаржылық дағдарыстың жолы кесілді. Құрылыс секторында 53 мың үлескердің проблемалары шешілді. Шағын және орта бизнестің 3 мың субъектісіне жалпы сомасы 184,56 млрд теңгенің несиелері берілді және қайта қаржыландырылды (төмендетілген сыйақы мөлшерлемесі бойынша). Өңдеу өнеркәсібінің кәсіпорындарында 34,7 млрд теңге соманың несиесі берілді.  
 
Жұмыссыздықпен күрес Үкіметтің Дағдарысқа қарсы бағдарламасының басым бағыты болды және қазақстандықтар мемлекет дер кезінде қабылдаған шаралардың арқасында әлемдік дағдарыстың салдарын қатты сезінген жоқ. Үкімет еңбеккерлердің жаппай жұмыстан қысқартылуына жол бермеу үшін тау-кен және өңдеуші секторлардағы ірі компаниялармен меморандумдар бекітті. Оған қоса, өңір тұрғындарын жұмыспен қамту үшін Елбасының тапсырмасы бойынша арнайы бағдарлама – Жол картасы әзірленді. Бұл бағдарлама 191,5 млрд теңге сома қаржымен қамтамасыз етілді және ол қаражат дағдарыстан кейінгі орнықты дамуға жағдай жасауға және қосымша жұмыс орындарын құруға жұмсалды. Жол картасының аясында 5221 жоба жүзеге асырылды, 248 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылды. 
 
Ал жалпы сомасы 7,26 триллион теңге болатын 237 жоба енгізілген Индустрияландыру картасының ел экономикасының алдағы даму қарқынына ерекше дем беретіні даусыз. Сонымен бірге ел экономикасына шетел инвестицияларын тарту әлеуетінің мол екендігі де айқын. Алдын-ала жасалған есептеулер ҮИИДБ шеңберінде таяудағы төрт жыл ішінде экономиканың шикізаттық емес секторына кемінде 30 миллиард доллар инвестиция тартуға болатынын көрсетіп отыр. Бұл еліміздің әлемдік экономикаға үйлесімді кірігуіне, тек Бірыңғай экономикалық кеңістікте ғана емес, әлемдік деңгейде де бәсекелестіке қабілеттікке ие болу мүмкіндігін арттырмақ. 
 
Өткен ғаламдық дағдарыс қажырлы еңбектің, дұрыс таңдалған шешімдердің арқасында ғана тосылған болатын. Мәселен, 2009 жылы дағдарыс салдарынан АҚШ экономикасы – 2,6 пайыз, Ресей экономикасы – 7,9 пайыз, Украина экономикасы 15,1 пайызға құлдыраса, біздің елімізде бұл көрсеткіш 2,6 пайызға артты. Жұмыссыздық деңгейі 5,5 пайызға дейін төмендеді. Ұлттық қордың қаржысы толайым жұмсалып кеткен жоқ, керісінше, 2007 жылғы 14,7 млрд доллардан 2011 жылы 40,3 млрд долларға дейін өсті.  
Ендігі жерде Елбасының тапсырмасымен даярланған ел дамуының 2020 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары бес бағытты қамтып отыр: 
 
– Экономиканы дағдарыстан кейінгі кезеңге даярлау; 
 
– Ел экономикасын әртараптандыру арқылы оның тұрақты дамуын қамтамасыз ету; 
 
– Адам капиталын дамыту – болашаққа инвестиция салу; 
 
– Ел халқын әлеуметтік және тұрғын үй-коммуналды салада сапалы қызметпен қамтамасыз ету; 
 
– Халықаралық қатынастардағы тұрақтылық пен ел ішіндегі ауызбіршілікті сақтау. 
 
Бұл жоспар – мемлекеттік жобалау жүйесіндегі жаңа тұрғыдан бағдарланған алғашқы құжат. Стратегиялық жоспар ел дамуының негізгі мақсаттарын өлшемді индикаторлар арқылы бағалауға, еліміздің 2020 жылы қандай деңгейде болатынын болжауға мүмкіндік бермек. 
Демек, ел Үкіметі дағдарыстың болуы мүмкін келесі толқынына соңғы жылдардағы жинақтаған үлкен тәжірибемен, зор дайындықпен келіп отыр. Ендігі мақсат – халық саны 170 миллион, ЖІӨ 2 триллион долларды құрайтын ғаламат экономикалық алаң – Біртұтас экономикалық кеңістікте бәсекеге төтеп беріп, түрлі дағдарыстар соққысына төзімді ұлттық экономиканың әлеуетін нығайтып, ғаламдық экономиканың белді субъектісіне айналу болмақ. 
Банк секторы шетелдік кредиторлар алдында абыройын жақсы қорғап шықты 
Банк жүйесі дегеніміз ел экономикасының күре тамыры іспеттес. Ғаламдық дағдарыс кезеңінде бүкіл ағзаға жан бітіріп тұрған осы сектордың жүйеқұраушы бірдей үш банкіне банкроттық қаупі төнді. Сол себепті мемлекет банк секторының бұл дағдарыстан шығуына көмек қолын созды. Үкімет шетелдік кредиторлармен бір жылға жуық келіссөздер жүргізіп, елдің қаржы саласы, оның тұтынушылары үшін оң нәтижеге қол жеткізді. Яғни үш банктің қайта құрылымдау қорытындысы бойынша 11 млрд АҚШ долларынан аса қаржы кешіріліп, шегерілді. Осылайша Үкімет БТА банктің, Альянс банктің, Халық банктің капиталына енді. Тағы бір жағынан еліміздегі ірі компаниялар мен қорлардың қаржысы олардағы депозитке орналастырылды. Осының бәрі банк секторын банкроттықтан құтқарып қалды. Сондықтан 2010 жыл коммерциялық банктердің банкроттықтан аман қалған сындарлы да сәтті жылы болды. Ұлттық қорға дағдарысқа қарсы шаралар үшін алынған 147,5 млрд теңге мерзімінен бұрын қайтырылды. Бір сөзбен айтқанда, бұл біздің банк секторының шетелдік кредиторлардың алдында өздерінің абыройын жақсы қорғап шыққан күрделі тапсырманы еңсеруі болды. Өйткені біздікі секілді үлкен көлемдегі қарызды қайта құрылымдау бұрын-соңды бүкіл әлем тәжірибесінде болмаған екен. Сондықтан мұны осы сала тарихындағы айрықша оқиға деп атауға болады. Бұл ретте Financial Times газетінің қаржылық шолушысы Джиллиан Теттің сыртқы қарыз бойынша қазақстандық қайта құрылымдау механизмін өте жоғары бағалағандығы мысал бола алады. Сол секілді біздің осы қайта құрылымдау тәжірибесі негізінде Германияда «Қайта құрылымдау туралы» Заң қабылданды. Бұл қазақстандық қайта құрылымдау моделін батыстық банктердің үлгі ретінде қабылдағанын көрсетеді. Осыдан-ақ жүйеқұраушы банктерді дағдарыстан алып шығу біздің Үкіметіміз үшін қандай қажырлы еңбекпен келгенін байқай беруге болады. Осының бәрі қиын-қыстау кезеңді басынан кешірген біздің банк секторының кәсіби біліктілігінің ұшталып келе жатқанын көрсетеді. Соның арқасында банк секторына халықтың және бизнес қауымдастықтың сенімі тұрақталып қалды. 
Дағдарыстан кейінгі кезеңдегі банк секторындағы оң құбылыс ретінде несиелендірудің қалыпқа келе бастауын айта кету керек. Егер 2010 жылдың қорытындысы бойынша екінші деңгейдегі банктердің ел экономикасын несиелендіру жағынан белсенділігі төмендеп кеткен болса (-07%), ал 2011 жылы осы теріс тенденцияны бұзуға мүмкіндік туындады. 2011 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша несиелендіру өсімі 11,2 пайызды, яғни 8,4 трлн теңгені құрап, ол ел экономикасындағы дағдарыстық құбылыстарды еңсерудің көрсеткіші бола алды. Бұл арада ұлттық валюта сипатында несиелендіру үлесінің барынша артып келе жатқанын айрықша атау керек. 2010 жылдың желтоқсанында ұлттық валютадағы несиенің үлесі 57,7 пайызды құраса, ол 2011 жылдың қазан айында 63,7 пайызға жеткен. 
Жалпы, әлемдік экономикада әлі де дағдарыс құбылыстары барына қарамастан, халықтың салымы мен жинағы күн өткен сайын артып келеді. Бұл отандық банк жүйесіне халықтың сенімі сақталып қалғанын байқатады. Мәселен, нағыз дағдарыс өршіп тұрған шақта – 2007 жылдың аяғында екінші деңгейдегі банктердің депозитіндегі жинақ 3,9 трлн теңгені қамтыса, 2011 жылдың 10 айғы мұндай жинақ көлемі 8,6 трлн теңгеге жеткен. Жыл басынан бері бұл көрсеткіш 16,7 пайызға өскен. Сондай-ақ заңды тұлғалардың депозиті – 16, халықтың салымы 16,9 пайызға артқан.

дағдарысқа қарсы шаралар туралы

– Бақыт Тұрлыханұлы, азамат Жұмағұл Азат Оразұлы Елбасына қаржылық дағдарыс қашан бітеді деп ойлайсыз, Қазақстан қаржылық дағдарыстан шығу үшін не істеуі қажет деген сауал жолдапты. Сонымен бірге, дағдарысқа қарсы қандай шаралар қабылданып жатқаны туралы сұрақтар бар. Осы сұрақтарға тоқталып өтсеңіз.

– Экономиканың қаржы секторындағы басталған жаһандық дағдарыс барлық салаларды шарпып өтті. Бұл экономиканың даму қарқынына, әрине, әсер етпей қоймады.

Осыған байланысты мемлекет жалпы экономиканы тұрақтандыруға және жекелеген салаларды қолдауға бағытталған бірқатар кешенді шараларды қолға алды.

2007 жылдың күзінде Үкімет  экономика салаларына қолдау көрсетуге бағытталған шаралар кешенін әзірлеп, оны іске асыра бастады және Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық даму тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған бірінші кезектегі іс-әрекеттер жоспарын бекітті.

Шаралар:

1) макроэкономикалық тұрақтылықты  қамтамасыз етуге және экономиканың несиеге тәуелді секторларындағы экономикалық белсенділікті ынталандыруға;

2) өтімділікті қолдау және  елдің қаржы жүйесін тұрақтандыруға  бағытталған.

Осымен бірге Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жүйесіне жаһандық дағдарыстың кері әсерін жұмсарту және экономиканың алдағы сапалы өсімін қамтамасыз ету мақсатында республикада Үкіметтің, Ұлттық Банк пен Қаржы нарығын  және қаржы ұйымдарын реттеу мен  қадағалау агенттігінің Экономиканы  және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі 2009-2010 жылдарға арналған бірлескен  іс-қимыл жоспары іске асырылуда.

Бүгінгі күні дағдарысқа қарсы  шараларға бағытталған жалпы  сома 2,9 триллион теңгені құрайды.

1. Қазақстан Республикасының  әлеуметтік-экономикалық даму тұрақтылығын  қамтамасыз етуге бағытталған  бірінші кезектегі іс-әрекеттер  жоспары – 421,1 млрд. теңге. Олар  мыналарды қамтиды:

- 204,3 млрд. теңге – салынып  жатқан тұрғын үй үлескерлерінің  құқықтарын қорғауға және ипотекалық нарықтағы тұрақтылықты қамтамасыз етуге;

- 142 млрд. теңге – шағын  және орта бизнес жобаларын  қаржыландыруды жалғастыруға, сонымен  қатар, банктер 59 млрд.теңге бөлді;

- 74,8 млрд. теңге – елдің  азық-түлік нарығындағы тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталды.

2. Үкіметтің, Ұлттық Банк  пен Қаржы нарығын және қаржы  ұйымдарын реттеу мен қадағалау  агенттігінің Экономиканы және  қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі  2009-2010 жылдарға арналған бірлескен  іс-қимыл жоспары – 1 270 млрд. теңге,  оның ішінде:

- 480 млрд. теңге – қаржы  секторын тұрақтандыруға;

- 360 млрд. теңге – мүлік  нарығындағы проблемаларды шешуге;

- 120 млрд. теңге – шағын  және орта бизнесті қолдауға, банктер қосымша 10 млрд. теңге  бөлді;

- 120 млрд. теңге – агроөнеркәсіпті  кешенді дамытуға;

- 120 млрд. теңге – индустриялық-инновациялық және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға бағытталды.

3. Ең төмен резервтік  талаптарды азайту арқылы өтімділікті  қолдауға – 350 млрд.теңге.

4. Салық жүктемесін төмендету  арқылы қаражат босату – 500 млрд.теңге.

5. Экономиканы одан әрі  жаңғыртудың жаңа жоспарын іске асыруға және жұмыспен қамту стратегиясын іске асыруға – 347,9 млрд. теңге, оның ішінде 240 млдр. теңге “Жол картасына” (2009 жылы 140 млрд.теңге және 2010 жылы 100 млрд. теңге).

Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің мәліметтері бойынша, қазан айында елдегі жұмыссыздық деңгейі тұрғындардың экономикалық белсенді тобына шаққанда 6,4 пайыз деңгейін (2008 жылы қазанда – 6,6 пайыз) көрсетіп, ағымдағы жылдың екінші тоқсанымен салыстырғанда 0,5 пайызға төмендеген (2009 жылдың сәуірінде – 6,9 пайыз).

Ағымдағы жылдың қазан  айында жұмыссыздар саны 539,9 мың  адамды құрады, бұл 2008 жылдың қазанымен  салыстырғанда 13,6 мың адамға аз.

Тұтастай алғанда, Еңбек  және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 13 қарашадағы мәліметтеріне сәйкес “Жол картасының” инвестициялық жобаларын іске асыру кезінде 258,6 мың жұмыс орны құрылды, бұл жоспардан 0,9 пайызға артық.

“Жол картасы” жұмыс орындарын  құрғаннан басқа тұрғын үй-коммуналдық  мәселелерін, жол, әлеуметтік нысандар проблемаларын шешуге мүмкіндік берді. Барлығы 5221 жобаны іске асыру жоспарланса, соның 4468-і бойынша жұмыс аяқталған.

Аяқталмаған жобалар бойынша  жөндеу жұмыстарын осы жылдың соңына дейін аяқтау көзделіп отыр.

Осымен бірге, “Жол картасы” халықты кіріспен қамтамасыз ету  міндетін шешуге және ұйымдардың құрылысы мен қызмет көрсету өндірісін  мемлекет тарапынан қолдауға мүмкіндік  берді. Дағдарыс жағдайында 2,5 мыңнан астам  компания мемлекеттік тапсырыс алды.

Жөндеу жұмыстарына тартылған  адамдардың орташа айлық жалақысы 29,6 мың теңгені құрады.

Жалпы, барлық инвестициялық  бағыттар бойынша 153,6 млрд.теңге (1 жылға  арналған жалпы соманың 91 пайызы) игерілді.

“Жол картасы” бойынша  жұмыстар 2010 жылы жалғаса түспек, оны  іске асыруға республикалық бюджеттен 2010 жылы 100 млрд. теңге көлемінде  қаржы қарастырылды.

2009 жылы әлемдік экономикадағы  дағдарыстық құбылыстардың пессимистік даму сценарийіне қарамастан, жыл басынан бері жалпы әлемдік экономика жүйесінде қалпына келу бағыты байқалуда. Жыл басынан бергі жаһандық тауар нарықтарындағы бағалар жоғарылау үрдісін көрсетіп отыр. Бұл экономикадағы бағаның нарықтық қалыптасу тетіктерінің ретке келуі және оңалту белгісі болып отыр.

Әлемдегі оң серпін Қазақстан  экономикасындағы белсенділіктің артуына ықпал етеді, қазірдің өзінде оң үрдістер байқалып отыр деуге болады. 2009 жылдың 9 айы бойынша макроэкономикалық көрсеткіштердің статистикасы экономикалық дамудың жандануын көрсетіп отыр. 2 тоқсанның басынан бері ЖІӨ төмендеу қарқынының баяулауы байқалуда. Егер жыл соңына дейін экономикадағы байқалып отырған оң көрсеткіштер тұрақталып, сенімге ие болса, онда жұмсалған өндірістік қуаттардың қалпына келуі экономикалық белсенділіктің одан әрі өсуіне себеп болады және даму фазасына өтуге мүмкіндік береді. Бүгінде жеке тауар айналымы, құрылыс жұмыстары, жүк тасымалдау көлемінің біртіндеп өскені байқалады. Негізгі капиталға инвестициялар көлемі өсуде, ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі ұлғаюда.

Қазақстандағы ағымдағы жағдай туралы

– Дағдарысқа қарсы жоспар аясындағы іс-шаралар, тұрақтандыру процесіне айтарлықтай әсер етті. Дағдарысқа қарсы жоспар банк, құрылыс  және агроөнеркәсіп секторларына қаржылай қолдау көрсетуді, және инвестициялық  жобаларды іске асыруды қамтиды. Және де бұл іс-шаралар әлемдік  дағдарыстың экономикаға кері әсерін едәуір азайтты.  
Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректері бойынша ағымдағы жылғы қаңтар-қыркүйек айларында жалпы ішкі өнімнің төмендеуі, өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда, 2,2 пайызға дейін баяулады. Экономиканың өнеркәсіп, көлік, электр энергиясын өндіру сияқты бірқатар салаларында өндірістік көрсеткіштердің құлдырауы төмендей бастағаны байқалады. 
Негізі капиталға инвестициялардың көлемі 2009 жылдың қаңтар-қазанында бұған дейінгі жоюдың сәйкес кезеңіне қарағанда 1,7 %-ға өсті. Инфляция аясының бәсеңдеуі инфляциялық процестерді реттеу бойынша қолданылған шаралармен бірге тұтыну рыногында бағаның өсуінің баяулауына ықпалын тигізді. Мысалы, 2009 жылдың қазанында инфляция деңгейі 2008 жылдың желтоқсанына қарағанда 5,1 пайызды құрады, бұл өткен жылдың ұқсас мерзімімен (8,8%) салыстырғанда 3,7 пайыздық тармаққа төмен.

Инфляцияның бәсеңдеуі аясында  халықтың нақты табыстары мен  еңбекақыларының өсуі жүріп жатыр. 9 айда халықтың жан басына шаққандағы орташа нақты табысы 3,3 пайызға, еңбекақылары – 2,6 пайызға ұлғайды.

“Жол картасын” іске асыру  жұмыссыздықтың өсуіне жол бермеді. Ағымдағы жылдың үшінші тоқсанында жұмыссыздық  деңгейі 6,4 пайызды құрады, бұл өткен  жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,1 пайыздық тармаққа төмен.

Дағдарыстан шығу туралы

– Дағдарыстан шығу мемлекеттердің дағдарысқа қарсы шараларына және әлемдік экономика секторларындағы, қаржы жүйесіндегі жинақталған құрылымдық проблемалардан қаншалықты жылдам арылатынына байланысты болады.

Қазақстан экономикасындағы белсенділікті арттыру Қазақстанның негізгі сауда әріптес елдеріндегі  экономиканың жандануына әсер етеді.

Еуропалық Одақтың Франция, Германия сияқты бірқатар елдері экономиканың рецессиядан шыққанын ресми жариялады.

2009 жылдың 9 айындағы экономикалық  көрсеткіштердің статистикасы экономиканың  даму белгілерінің бар екенін  көрсетіп отыр. 2009 жылғы 2-тоқсаннан  бастап жалпы ішкі өнімнің  төмендеу қарқынының баяулай  бастағаны байқалды.

– Дағдарыстың келесі толқыны басталған жағдайда, еліміз оған дайын ба?

– Экономика және бюджеттік  жоспарлау министрлігі әлемдік  экономикадағы қалыптасқан жағдай мен оның даму перспективаларына  талдау жасады, ғаламдық қаржы-экономикалық дағдарыстың екінші толқынының болу мүмкіндігіне, оның себептері мен даму бағытына қатысты сарапшылардың пікірлерін зерттеп, дағдарыстың екінші толқынының Қазақстан экономикасына кері әсерін тигізу мүмкіндіктеріне талдау жүргізді. Жүргізілген талдау қорытындылары бойынша әлемдік экономиканың даму динамикасы мен әлемдік тауар нарықтарындағы бағалардың деңгейіне қарай әлемдік экономика дамуының екі сценарийі әзірленді. Осының негізінде, Қазақстан Республикасының орта мерзімді перспективадағы макроэкономикалық параметрлерінің сценарийлік жобасы жасалды.

Яғни, бұл, дамудың екі  негізгі сценарийі туралы айтылып  отыр, А және Б сценарийлері. Әлемдік  экономикалық жүйенің құрамдас бөлігі ретінде қазақстандық экономиканың даму динамикасы негізінен әлемдік  экономика динамикасына тәуелді  болатындықтан, сценарийлерді анықтайтын параметрлері сыртқы факторларға байланысты.

А сценарийі 2010 жылдан бастап әлемдік экономиканың қалпына келуін, қазақстандық экспорттың негізгі құрамдас бөліктері болып табылатын мұнайдың, металдың әлемдік бағалардың бірте-бірте  өсуін болжайды.

Жалпы, А сценарийі бойынша  бастапқы параметрлер халықаралық  ұйымдардың әлемдік экономиканың даму перспективалары бойынша жасаған  болжамдарына ұқсас болып келеді.

Берілген сценарий бойынша 2009-2010 жылдары мұнайдың (Brent) әлемдік бағалары орташа есептегенде барреліне 50 АҚШ долл. деңгейінде болады. 2011 жылдан бастап мұнайдың әлемдік бағасының 60 АҚШ долл. дейін өсуін болжамдайды.

Мұнайды импорттаушы мемлекеттер  және экспорттаушы мемлекеттер мұнайдың әлемдік бағасын әртүрлі болжайды. Егерде импорттаушы мемлекеттер  бюджеттің шекті шығыстарын есепке алу үшін максималды бағаларды қойса, экспорттаушы мемлекеттер өздерін бағалардың және бюджет кірістерінің ықтимал төмендеуінен қауіпсіздендіру үшін сақтықпен әрекет жасайды.

Қазақстандық экспорттың негізгі тауарлық құрамдас бөліктерінің әлемдік сұраныс және бағалардың өсуі, экономиканың өсу қарқынының өсуі экспорт пен импорт көлемдерінің ұлғаюына себеп болады.

Информация о работе Қазақсталаға дағдарысқа қарсы бағдарламалар