Аумақтық экономикалық дамытуды реформалау

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2011 в 18:36, курсовая работа

Описание работы

Аумақтық экономика өзінің зерттеулерінде ғылыми әдістер кешенін қолданылады, яғни баланстық, картографиялық, жүйелілік, экономика- математикалық және статистикалық әдістер қазіргі кезде аумақтық деңгейде басқарудың қызметтері мен әдістері экономикалық, әлеуметтік және әкімшілдік бағыттарының бірігуіне негізделеді.
Бұл бітіру жұмысындағы барлық аумақтар үшін жалпы аумақтық тапсырмалары:
бұл экономика құрылымын реформалауды жүзеге асыру:
жеке аумақтарды депрессифті жағдайдан шығару:
әлеуметтік, нарықтық инфрақұрылымды дамыту:
экономиканы тұрақтандыру:
аумақаралық көлік жүйесін дамыту:
экалогиялық қауіпсіз жағдай туғызу:
кәсіпкерлікті дамыту.

Содержание

КІРІСПЕ..................................................................................................................3
I бөлім. Қазақстан Республикасының экономикасын аумақтық басқарудың теориялық және әдістемелік аспектілері
Қазақстандағы аумақтық экономикалық саясат түсінігі және мәні............5

1.2 Қазақстан Республикасының экономикасын мемлекеттік аумақтық басқару негіздері................................................. ....................................................9
II бөлім. Қарағанды обылысының аумақтық экономикалық дамуын басқару
2.1 Территориясы, орны, саяси-әкімшілік бөлінуі, ерекше белгілері..............14
2.2 Обылыстың экономикалық және әлеуметтік дамуын реформалауды басқару көрсеткіштері...........................................................................................16

2.3 Аумақтық дамудағы көрсеткіштер мен стратегиялық жобаларды басқару...................................................................................................................22

ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................34
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..............................................................35

Работа содержит 1 файл

даиын курс.docx

— 118.39 Кб (Скачать)

     Гидрографиялық жүйе Кіші және Үлкен Бұқпа, Соқыр, Солонка, Безымянка, Федоровка су қоймасы, Орталық мәдениет және демалыс саябағындағы көлмен және төрт Көгілдір көлдермен берілген. Қала климаты ыстық құрғақ жаз және қатал ұзақ қыспен сипатталады. Қарағанды қаласының экономикасы индустриалдық салаға мамандандырылған және өңдеуші, тау-кен өндіруші, өнеркәсіп және электр энергиясын тарату салалары басым салалар болып табылады.

      2010 жылдың 1 қаңтардағы жағдай бойынша  қала халқының саны 471,8 мың тұрғынды  құраған. Қала аумағында облыс  халқының 34,9% өмір сүріп жатыр. 2009 жылдың нәтижесі бойынша Қарағанды  қаласының көші-қон сальдосы 3255 адамды  құраса, Қарағанды облысы бойынша  көші-қон сальдосы 2457 адамды құраған.  Қалаға көші-қон ағымының негізін  Қарағанды облысының басқа аймақтарынан  көшіп келетіндер құрайды. Қала  облыс халқының ақшалай табыстарының  деңгейі бойынша бірінші орында  бола отырып, облыстағы адамдық  капиталды тартудың орталығы  болып қала береді.

      Жетекші өндірістік кәсіпорындар «Қарағанды-Жылу»  ЖШС, «Қарағанды-Жарық» ЖШС, «Қарағанды маргарин зауыты» ААҚ, «Қарағанды-Нан  Корпорациясы» ЖШС, «Эфес Қарағанды  сырақайнатушы зауыты» ШК ЖАҚ, «Қарағанды конфеттері» ААҚ, «Қарағанды-СУ»  ЖШС, «Имсталькон» ААҚ филиалы металдық конструкциялар зауыты болып табылады. Қалада 12882, оның ішінде 9207 жұмыс істейтін шаруашылық субъектілер тіркелген. Кәсіпкерлік саласында 53,3 мың адам жұмыспен қамтылған. 2010 жылғы қаңтарындағы өнеркәсіптік өнімдер көлемі 9,2 млрд. теңгені құраған. Ауыл шаруашылығы  өнімдерін қайта өңдеумен «Қарағанды-Нан  Корпорациясы» ЖШС, «Қарағанды бидай  қоры» ЖАҚ, «Ақнар» ЖШС, «Мади» ЖШС, «Номад» ЖШС, «Бериев» КШ айналысады.

      Қаладағы  экологиялық жағдайды тұрақтандыру мен жақсартудың негізгі бағыттары: Қарағанды қаласының қоршаған ортаның  сапасын басқару жүйесін оңтайландыру, табиғатты ұтымды пайдалану мен қоршаған ортаға экологиялық ауыртпашылықты төмендету, қаланың экологиялық инфрақұрылымын дамыту болып табылады.

      Қарағанды қаласындағы білім беру саласының  жағдайы оң өзгерістерімен сипатталады: ұйымдар желілері кеңеюде, білім  беру бойынша қызмет көрсету сапасы жақсаруда, мектептер, балабақшалар, мектептен  тыс ұйымдардың материалдық-техникалық жабдықталуы нығайып келе жатыр.

      Қарағандыда халықтың табиғи өсімінің оң жылдамдығымен, қала тұрғындарының материалдық  жағдайларының жақсаруымен байланысты қолайлы демографиялық және әлеуметтік-экономикалық жағдай қалыптасуда. Осыған орай азаматтардың білім беру бойынша ұсынылатын қызмет сапасының мейлінше жоғары болуын қажет  етулері қалада қызмет ететін білім  беру жүйесінің мүмкіндіктерінен асып түсуде.

      Қарағанды қаласының білім беру саласының  дамуын тежейтін және қолда бар әлеуетті толықтай пайдалануға жол бермейтін  бірқатар мәселелер туады.

      Білім беру саласындағы мәселелер 2 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың мектепалды білім алумен төмен дәрежеде қамтылуымен, мектепалды білім беруде педагогикалық  кадрлардың аздығымен, білім беру ғимараттарының айтарлықтай тозуы, білім беру мекемелерінің  шектен тыс тығыздығымен, білім беру объектілерінің тисіті жабдықталу деңгейінің төмендігімен сипатталады.

      Денсаулық сақтау жүйесі 102 мемлекеттік және мемлекеттік  емес медициналық ұйымдармен сипатталады.

      Жұмыссыздық деңгейі 2009 жыл нәтижелері бойынша 7,8% құрады. Жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау мақсатында міндетті әлеуметтік сақтандыру енгізіліп, атаулы әлеуметтік көмек көрсетіледі.

      Соңғы бес жыл ішіндегі қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының өзгеруі оң сипатта болып  есептеледі. Алайда 2008-2009жж. дүниежүзілік қаржы-экономикалық дағдарыс салдарынан бұрынғы кезеңдермен салыстырғанда  кейбір экономикалық көрсеткіштердің  төмендегені байқалған.

         

Инфрақұрылымдық кешен 

      Жол-көліктік инфрақұрылымы

      Жол — жайластырылған немесе лайықтандырылған және көлік құралдарының қозғалысы үшін қолданылатын жер алқабы немесе жасанды құрылыс беті. Жол бір немесе бірнеше жүргінші бөліктен, сонымен қатар трамвай жолдарынан, тротуарлардан, жол бойынан және бөлгіш сызықтардан тұрады.

      2010 жыл қалпына Қарағанды қаласындағы жолдардың жалпы ұзындығы 9881,3 км құрап, олардың ішінде республикалық маңыздылығы бар – 2837,0 км, облыстық маңыздылығы бар – 6071,3 км және қалалық маңыздылығы бар жолдар – 973 км.

      Қалалық жолдардың жалпы саны 724. Олардың ішінде ұзақтығы 346 км-ге созылған 165 жол қаралып, 3 978,7 мың м2 ауданы жиналады.

      Қалалық маңыздылығы бар автокөліктік жолдар асфальт-бетон қабығы бар жолдардан (346 км), қиыршықсақталған тастар қабығы бар жолдардан (145 км) және топырақ жолдардан (482 км) құралады. 2006 жылдан бастап 2010 жылға дейінгі уақыт аралығында 242,2 км ұзақтығындағы, яғни 70% асфальт-бетон қабығы бар 138 жол орташа жөндеуден өткізілді. 

Бағдарламаны  басқару

      Қарағанды қаласының 5 жылға арналған даму бағдарламасын  басқаруды бағдарламаның мемлекеттік  тапсырушысы – «Қарағанды қаласы экономика және бюджеттік жоспарлау  бөлімі» ММ жүзеге асырады. Бағдарламаны басқару орталық мемлекеттік  органдар мен жергілікті атқарушы органдар әрекеттерінің келісушілігіне қол  жеткізу, мақсаттары мен ресурстары жөнінен құжаттың тепе-тең болуы  бойынша аумақтың даму бағдарламасын  басқару жүйесінің сипаты болып  табылады.

    Бағдарламаны  басқару үдерісі келесі сатылардан тұрады:

  • құру және бекіту;
  • жүзеге асыру;
  • мониторинг;
  • бағалау;
  • бақылау.
 
    
  1. Бағдарламаны  құру бизнес-орта мен қоғамдық ұйымдарының  пікірлерін ескере отырып жасалынған, мақсаттар мен ресурстар бойынша  құжаттардың тепе-тең болуы үшін бекітілген тәртіпте қаланың мүдделі  билік органдары мен атқарушы биліктің республикалық органдарымен келістірілген жобаны құрастыруды, қаланың өкілетті мемлекеттік билік  органдарының бекітуіне тапсырылуын  қарастырады.
  2. Бағдарламаны жүзеге асыру жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын шаралар Жоспары мен атқарушы органдардың стратегиялық жоспарларын жүзеге асыру арқылы жүргізіледі.

    Бағдарламаны  жүзеге асыру бойынша шаралар  жоспары – бұл мерзімдерді, атқарушыларды, аяқтау нысандарын, оны жүзеге асыруға  қажетті шығындардың көлемін  анықтау арқылы бағдарламаның мақсаттары мен міндеттеріне жетуге бағытталған  нақты әрекеттердің жиынтығы.

    Бағдарламаны  жүзеге асыру бойынша шаралар  жоспары «Қарағанды қаласы экономика  және бюджеттік жоспарлау бөлімі»  ММ-мен құрылып, Қала әкімімен мемлекеттік  жоспарлау бойынша жоғары тұрған өкілетті органмен келісу арқылы Бағдарламаны бекітуден кейінгі бір айлық  мерзімде бекітіледі.

  1. Бағдарламаны жүзеге асырудың мониторингі:
  • Бағдарламаны жүзеге асырудың барысы жөнінде ақпарат жинау (іс жүзінде жүзеге асырылған шаралар, міндеттер, жеткен нәтижелер, жоспарланған параметрлерден ауытқу бар болған кезде бұндай ауытқу себептері жайлы жедел есеп беру);
  • көрсетілген мәліметтерді талдау және сәйкес ұсыныстар шығару (жүзеге асыруды жалғастыру, стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларына өзгертулер мен толықтырулар енгізу, басқа да нормативтік-құқықтық актілер дайындау, жоспарланған шаралардың уақытылы жүзеге асырылуын қамтамасыз ету бойынша шаралар қолдану).

    Бағдарлама  мониторингі Қарағанды қаласы экономика  және бюджеттік жоспарлау бөлімімен  жылына 2 рет жүзеге асырылады: бірінші  жарты жылдық нәтижелері бойынша  және бір жылдық нәтижелер бойынша.

    4) Бағдарламаны бағалау оны жүзеге асырғаннан 3 жылдан соң (аралық) және жоспарлық кезеңі таусылғаннан кейін (соңғы) Қарағанды қаласы экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімімен жүзеге асырылады.  

Бағдарлама  атауы Қарағанды қаласының 2011-2015 жылдарға арналған бағдарламасы
Бағдарламаны  құрудың негіздемесі «Қазақстан  Респубикасындағы мемлекеттік жоспарлау  жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 Жарлығы
Аймақтың  негізгі мінездемесі Қала аумағының  ауданы – 497,8 ш.км. Әкімшіліктік-аумақтық бөлініс екі ауданмен сипатталады. Халық саны – 471,8 мың адам. Қала аумағында  облыс халқының 34,9% тұрады.
Бағыттар
  • Қаланың экономикалық саласын дамыту
  • Әлеуметтік саланы дамыту
  • Инфрақұрылымдық кешенді дамыту
  • Аумақтық (кеңістіктік) құрылысты дамыту
  • Мемлекеттік жергілікті басқару жүйесін дамыту
Бағдарлама  мақсаттары Қаланың экономикалық саласын  дамыту:
  • Жедел диверсификациялау жолымен Қарағанды қаласының тұрақты экономикалық дамуын қамтамасыз ету
  • Инвестицияларды тарту және қала экономикасының инновациялық құраушысын дамыту
  • Бизнес-ортаны жақсарту, сауда және кәсіпкерлікті дамыту
 

Әлеуметтік  саланы дамыту:

  • Білім алудың сапасы мен оған деген қол жетімділікті қамтамасыз ету, балалардың заңдық мүдделері мен құқықтарын қорғау жүйесінің тиімділігін арттыру
  • Қала азаматтарының денсаулықтарын күшейту саясатын жүргізу арқылы адамдық капиталдың сапасын арттыру
  • Бұқаралық спорт, дене шынықтыру, денсаулықты жақсарту қозғалысын және жоғарғы жетістіктер спортын дамыту
  • Ұлтаралық және дінаралық келісімді нығайту, Қазақстандағы халықтардың бірігу факторы ретіндегі толеранттік тілдік ортаны қалыптастыру
  • Мәдениет саласының бәсекеге қабілеттілігін арттыру
  • Азаматтарды әлеуметтік қорғаудың тиімді жүйесі
  • Қала көшелеріндегі және т.б. қоғамдық жерлердегі құқықтық тәртіпті сақтау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқықбұзушылықтардың алдын алу жүйесін дамыту
  • Қылмыстың өзімен және оның ұйымдастырылған формаларымен күрес, заңсыз есірткі айналымына және нашақорлыққа қарсы тұру, азаматтардың заңдық мүдделері, құқықтары мен бостандықтарын қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау
  • Қарағанды қаласының Мұрағаттық саласының дамыту
 

Инфрақұрылымдық кешенді дамыту:

  • Жол-көліктік инфрақұрылымды жаңғырту және дамыту
  • Қаланың энергетикалық кешенінің тұрақты дамуы
  • Халықты тиісті сапасы бар коммуналдық жағдаймен қамтамасыз ету
 

Аумақтық (кеңістіктік) құрылысты  дамыту

  • Тұрғын-үй құрылысын дамыту
  • Мемлекеттік және халықаралық нормативтер мен стандарттардың талаптарынан ауытқуға жол бермеу мақсатында сәулет, қала құрылысы және құрылыс салаларда жұмыс істейтін субъектілердің қызметіне мониторинг пен бақылау жүргізу
  • Қаладағы сәулет және қала құрылысы салаларында мемлекеттік саясатты жүргізудегі ұйымдастыру, бақылау және бағдарлау функциясын жүзеге асыру
  • Оралмандар мен босқындарға қатысты мемлекеттік саясатты жүзеге асыру
  • Қала құрылысы жобаларын іске асырудың тиімді механизмін құру
  • Қаланың абаттану деңгейі мен экологиялық жағдайын жақсарту
  • Жер ресурстары туралы пайдаланушыларға берілетін ақпараттың толық және дұрыс болуын қамтамасыз ету
  • Ішкі тұрақтылықты қамтамасыз ету
 

Мемлекеттік жергілікті басқару  жүйесін дамыту

  • Қалалық мәслихат аппараты қызметінің тиімділігі мен нәтижелілігін арттыру
  • Мәслихат аппараты қызметкерлерінің жұмыс сапасы мен кәсіптілігінің арттыру
  • Қала әкімінің аппараты қызметінің тиімділігі мен нәтижелілігін арттыру
  • Жергілікті деңгейдегі мемлекеттік басқару функцияларын іске асырудың тиімділігін арттыру
  • Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту
  • Бюджетті орындаудың сапасын арттыру
  • Нәтижеге бағытталған мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесін сатылап енгізу
Бағдарлама  міндеттері Қаланың экономикалық саласын  дамыту:
  • Қаланың индустриалдық дамуы
  • Қала экономикасының аграрлық секторын дамыту
  • Қала экономикасының инвестициялық тартымдылығын қалыптастыру
  • Қала экономикасының инвестициялық құраушысын дамыту
  • Бизнес-ортаны жақсарту мен кәсіпкерлікті дамыту
  • Ішкі сауда тиімділігін арттыру
 

Әлеуметтік  саланы дамыту:

  • Мектепалды ұйымдар желісін үлкейту мен мектепалды білім берудің сапасын жақсарту
  • Мектептегі білім беру сапасын жақсарту
  • Электронды оқыту жүйесін енгізуге жағдай жасау
  • Педагогикалық кадрлардың кәсіптілігі мен мұғалім мамандығының беделін көтеру
  • Дамуында қабілеті шектеулі балаларға білім алу жеңілдігін қамтамасыз ету
  • Панасыздық, қадағалаусыздық және әлеуметтік жетімдікті болдырмау, сонымен қатар жетім балалар мен ата-аналар қарауынсыз қалған балалардың жанұялы болуына ықпал ету
  • Азаматтардың денсаулығын жақсарту арқылы қала гендік қорын жақсарту
  • Денсаулық сақтауды басқару мен қаржыландыру жүйесін жақсарту, медициналық қызмет көрсетуді жетілдіру
  • Дәрі-дәрмектердің сапасы мен қол жетімділігін арттыру
  • Салауатты өмір салтын дамыту
  • Бұқаралық спорт, дене шынықтыру және денсаулықты жақсартатын қозғалыстарды дамыту
  • Тіл нормаларын іске асыру, мемлекеттік тілдің әлеуметтік-коммуникативтік әрекетін ұлғайту, сонымен қатар полисинтетикалық тілдерді іске асыру үшін жағдай жасау мен ономастика саласындағы мемлекеттік тіл саясатын жүргізу
  • Мәдениет саласының даңқын арттыру
  • Тұрақты жұмысбастылықты қамтамасыз ету
  • Гендерлік теңдікті нығайту
  • Әлеуметтік серіктестік шеңберінде қала өнеркәсіптеріндегі ұжымдық-келісімдік қатынастарды дамыту
  • Халықтың аз қамсыздандырылған қабаттарына әлеуметтік көмектің атаулы түрде берілуін және тиімділігін арттыру
  • Мүгедектер мен ардагерлердің ҮЕҰ тұрақты дамуына ықпал ету, сонымен қатар олардың әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыруға қатысуын күшейту
  • Мүгедектер қажеттіліктерін қанағаттандыру деңгейін арттыру
  • Арнайы әлеуметтік қызмет көрсету стандарттарын енгізу
  • Қоғамдық тәртіпті күшейту және азаматтардың конституциялық құқықтарын және бостандықтарын, денсаулық, өмір сүру қауіпсіздігін қажетті деңгейінде ұстау; қылмысқа қарсы күрес жүргізудегі алдын алу шараларының көбейту
  • Жолда жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету
  • Қылмысқа қарсы күрестің және қылмыскерлерді іздестірудің тиімділігін арттыру, нашақорлық пен есірткі бизнесімен күресу
  • Қазақстан Республикасы Ұлттық мұрағат қорының бүтіндей сақталуын қамтамасыз ету және құрамы мен мазмұнын байыту
 

Инфрақұрылымдық кешенді дамыту:

  • Қарағанды қаласының жүк және жолаушы тасымалының жылдамдығын тездететін жол-көліктік жүйені дамыту
  • Электроэнергетиканы дамыту
  • Коммуналдық жүйелерді жаңарту және дамыту
  • Тұрғын үй қорының тиісті пайдаланылуын қамтамасыз ету
  • Тұрғын үй және коммуналдық шаруашылығының тиімді  әрекет етуін қамтамасыз ету

 

Аумақтық (кеңістіктік) құрылысты  дамыту:

  • Үй-жайға қолжетімділікіті қамтамасыз ету
  • Сәулет, қала құрылысы және құрылыс салаларында қызмет ететін ұйымдар қызметінің лицензияландырылуын бақылау
  • Өндірістік және өндірістік емес мақсатта салынатын объектілердің сапасын арттыру
  • Халықтың қолайлы өмір сүруі мақсатында қала аумағын дамыту
  • Қала құрылысы жобаларын жасау және бекіту
  • Өмір сүру орнын таңдаудың бостандығы жайында Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген адам құқықтарын жүзеге асыру
  • Қала аумағында тиімді түрде құрылыс салу және дамыту
  • Мемлекеттік қалақұрылыстық кадастрын қалыптастыру
  • Қала көшелерінің тиісті санитарлық жағдайын қамтамасыз ету
  • Жер ресурстарын ұтымды пайдалану мен қорғау
  • Жер телімдері мен қалалық жер қоры жайындағы мәліметтер жинағын қалыптастыру, сонымен қатар мөлшерлік есепті жақсарту
  • Техногендік апаттар мен табиғи апаттардан болатын шығындарды мейлінше азайту мен қауіптерді төмендету бойынша жағдай қалыптастыру
 

Мемлекеттік жергілікті басқару  жүйесін дамыту:

  • Қазіргі қолданыстағы заңдар базасына қала мәслихаты депутаттарының қол жетімділігін қамтамасыз ету
  • Қалалық мәслихат қарауына шығарылатын нормативтік-құқықтық актілер жобаларының құрылу сапасын арттыру
  • Қалалық мәслихат депутаттарына құқықтық білім беру
  • Мәслихат аппараты қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мен қайта даярлау
  • Мемлекеттік сектордың тиімділігін арттыру
  • Электрондық құжат айналымы жүйесін тиісті деңгейде пайдалана білу
  • Қала әкімі аппаратының қызметкерлер құрамын сапасына қарай түгендеу
  • Электрондық түрде көрсетілетін ақпараттық қызметтердің ұлғаюы
  • Компьютерлік сауаттылық деңгейін көтеру
  • Ақпараттық жүйелерді құрастыру мен дамыту
  • Ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету
  • Жергілікті өзін-өзі басқару органдарын құру мен дамыту
  • Бюджетке түсетін қаражаттар мен оның атқарылуы тиімділігін арттыру
  • Электрондық мемлекеттік сатып алулар тиімділігін арттыру
  • Нәтижеге бағытталған бюджеттік жоспарлауды енгізу
Бағдарламаны  жүзеге асыру сатылары
  • 1 саты – аралық (3 жыл) – 2011-2013жж. – алдыңғы қатардағы әрі дағдарысқа қарсы бағытталған шараларды іске асыру, қаланы дағдарыстан кейінгі дамуға дайындау
  • 2 саты – қорытынды (2 жыл) – 2014-2015жж. – Бағдарламада қойылған міндеттерді шешу үшін жоспарланған шараларды іске асыру және қаланың кейінгі әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін негіз қалыптастыру
Мақсаттық индикаторлар Қаланың экономикалық саласын  дамыту:
  • 2011-2015жж. тұтынушылық бағалар индексі жылына 8%-дық көрсеткіштен аспайды
  • 2015ж. қарай өндірістегі еңбек өнімділігі 47,9 %-ға дейін өсуі
  • 2015ж. қарай өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі 48,8 %-ға дейін өсуі
  • 2015ж. қарай тау-кен өнеркәсібі өнімін өндіру көлемі 73,5 %-ға дейін өсуі
  • 2015ж. қарай көмір өндіру көлемі 3500 мың тоннаға дейін өсуі
  • Тау-кен өнеркәсібі мен карьерлерді игеру өнімі көлемінің орта есеппен алғанда өткен жылға қарағанда іс жүзінде 14,7 %-ға дейін өсуі
  • 2015ж. қарай өңдеуші сала өндірісінің көлемі 40 %-ға дейін өсуі
  • Өңдеуші өнеркәсіп өндірісі көлемінің орта есеппен алғанда өткен жылға қарағанда іс жүзінде 8 %-ға дейін өсуі
  • 2015ж. қарай электр қуаты, газ бен суды өндіру және тарату көлемінің 56,6 %-ға дейін өсуі
  • 2015ж. қарай жыл сайынғы құрылыс-монтаж жұмыстарының көлемі 2009ж. деңгейге қарағанда 2,7 %-ға дейін өсуі
  • 2011-2015жж. ауыл шаруашылығының жалпы өнімдер өндірісінің өсуі жылына 1,8 %-ды құрайтын болады
  • Мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың, қаланың жүйе құрушы кәсіпорындарының сатып алуларындағы Қазақстанда жасалынған өнімдердің бар болуы қатынасын – тауарларда 60 %-ға дейін, жұмыстар мен қызмет көрсетулерде 90 %-ға дейін көтерілуі
  • 2015ж. қарай тау-кен өндірісі саласындағы еңбек өнімділігінің 71,6 %-ға дейін өсуі
  • 2015ж. қарай өңдеуші өнеркәсіп саласындағы еңбек өнімділігінің 39,5 %-ға дейін өсуі
  • 2015ж. қарай электр қуаты, газ бен суды өндіру және тарату саласындағы еңбек өнімділігінің 55,7 %-ға дейін өсуі
  • 2015ж. қарай қала кәсіпорындарының негізгі капиталына инвестициялар көлемінің іс жүзіндегі жыл сайынғы өсуі 3,1%-ды құрайтын болады
  • 2015ж. қарай инновациялар саласындағы кәсіпорындардың белсенділік деңгейі 10 %-ды құрайтын болады
  • 2015ж. қарай кіші және орта бизнес өнімдерінің шығарылу көлемі 20 %-ға дейін өсуі
  • 2014ж. бизнесті тіркеу және жүргізумен байланысты операциялық шығындар (лицензияға рұқсат, сертификат, консультация алу), уақыт пен ақшалай шығындардың да 30 %-ға дейін төмендеуі
 

Әлеуметтік  саланы дамыту:

  • 2015ж. қарай 100 %-ға** дейін балалардың мектепалды тәрбиемен және білім алумен қамтылуына жағдай жасау
  • 2015ж. қарай 12 жылдық білім беру бағдарламасымен жұмыс істейтін мектептер санын 100 %-ға*** дейін жеткізу
  • 2015ж. қарай орта білім беретін мекемелерде электрондық оқыту жүйесін қолдануды 53,8 %-ға*** дейін жеткізу
  • 2015ж. қарай барлық педагогтардың ішіндегі жоғарғы немесе бірінші санаты бар мұғалімдер санын 49 %-ға*** дейін жеткізу
  • 2015ж. қарай барлық білім беру мекемелерінің ішіндегі инклюзивтік білім беруге жол ашқан мекемелер санын 19,8 %-ға*** дейін жеткізу
  • 2015ж. қарай халық өмір сүруінің орта ұзақтығы 70 жыл
  • 1000 адамға жалпы өлім-жітім, 2015 жылы – 1000 адамға жалпы өлім-жітім 7,7 адам
  • 2015 жылға қарай АМСК шеңберінде медициналық қызметтің 30% жалпы тәжірибелі дәрігерлер ұсынатын болады
  • 2015 жылға қарай АМККМ шеңберінде  дәрілер мен медициналық бұйымдармен қамтамасыз етудің 80% дейін тиімді жүйесін енгізу
  • 2015 ж. жүйелі түрде дене шынықтыру мен спортпен шұғылданатын барлық жас аралығындағы адамдары қамту - 20 %
  • 2015 ж. БЖӨСМ-де, спорттық және аулалық клубтарда, жалпы білім беретін мекемелердегі спорт үйірмелерінде жүйелі түрде дене шынықтыру мен спортпен шұғылданатын балалар мен жас өспірімдердің саны 35 % (22500 адам)
  • 2015ж қалалық деңгейде өткізілетін шаралардың саны – 245-ке дейін
  • 2015ж. қарай жүйелі түрде дене шынықтыру мен спортпен шұғылданатындардың санынан (72637 адам) дәрежесі бар спортышлардың санын 10 %-ға дейін көбейту
  • 2015ж. қарай мемлекеттік тілді меңгерген ересек адамдардың үлесі – 68 %-ға дейін
  • 2015ж. қарай орыс тілін меңгерген ересек адамдардың үлесі – 98 %-ға дейін
  • 2015ж. қарай ағылшын тілін меңгерген ересек адамдардың үлесі – 6 %-ға дейін
  • 2015ж. қарай мәдениет саласындағы қызмет көрсету сапасымен тұтынушылардың қанағаттану деңгейі – 48 %-ға дейін
  • 2015ж. қарай жұмыссыздық деңгейі – 7,6 %-ға дейін
  • 2015 жылы жұмысқа тұрғызуға өтініш білдірген тұлғалардың жалпы санының ішінен жұмысқа орналастырылғандардың үлесі -  95% дейін
  • 2015 жылы жұмыспен қамтылған еңбекке қабілетті жастағы этникалық оралмандар үлесі– 70 %-ға дейін
  • 2015ж. қарай атаулы әлеуметтік көмек алатындар арасындағы еңбекке жарамды адамдар үлесі – 29,8 %-ға дейін
  • 2015 жылға қарай әлеуметтік қызмет көрсетілетін адамдардың жалпы санынан арнайы әлеуметтік қызметпен қамтылғандардың үлесі – 100% дейін
  • 2015ж. қарай мүгедектер мен ардагерлердің көрсетілетін қызмет сапасымен қанағаттану деңгейі – 95 %-ға дейін
  • Ішкі істер органдарына халықтың сенім артуының болжамды деңгейі, 2015 жылға қарай 50% төмен емес деңгейде
  • 2015ж. қарай жалпы қылмыстардың (10 мың адамға шаққанда) болжамдық деңгейі 75-тен жоғары емес
  • Мұрағаттық ақпаратты пайдаланушылардың сауалнамаларына оң жауап қайтару пайызы 2015ж. 80 %-ға дейін құрайды
 

Инфрақұрылымдық кешенді дамыту:

  • 2015ж. қарай қалалық маңызды бар автокөліктік жолдардың 31 %-ға дейінгілері жақсы және қанағаттанарлық жағдайда
  • 2015ж. қарай жүк айналымының өсуі 15 %-ға дейін
  • 2015ж. қарай жолаушылар айналымының өсуі 5 %-ға дейін
  • 2015ж. апаттар саны 10 %-ға дейін төмендейді
  • 2015ж. қарай жылумен қамту желілерінің істен шығу деңгейінің 50 %-ға дейін төмендеуі
  • 2015ж. қарай ЖЭО-1, ЖЭО-3 қуаттылығының есебінен өндірілетін электр қуатының жиынтық деңгейін 37,5 %-ға дейін көтеру
  • 2015ж. қарай орталықтандырылған сумен жабдықтауға қолжетімділік деңгейін  85 %-ға дейін көтеру
  • 2015ж. қарай тұтынушылардың көрсетілетін коммуналдық қызметтердің сапасымен қанағаттану деңгейі 51,5 % кем емес
  • 2015ж. қарай электр қуатымен қамту желілерінің істен шығу деңгейін 45 %-ға дейін төмендету
 

Аумақтық (кеңістіктік) құрылысты  дамыту:

  • Жыл сайынғы тұрғын үй құрылысының көлемін орта есеппен алғанда 1,7 %-ға дейін өсіру
  • 2015ж. құрылысы аяқталған, пайдаланылуға берілген объектілердің сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы ережелерге сәйкес болуын 100 %-ға дейін өсіру
  • Өтініш беру мөлшеріне қарай халықты жер телімдері мен жер қатынастарының субъектілері жайлы ақпаратпен қамтамасыз етуді 100 %-ға дейін жеткізу
  • Қаланың жасыл аймағын 100 %-ға дейін сақтау
  • Оралмандар мен босқындарды жаңа орындарында жайластыру бойынша көмек көрсетуді 100 %-ға дейін жеткізу
  • 2015ж. қарай Қарағанды қаласы аумағындағы қала құрылысын дамыту сызбаларын  жасауды 100 %-ға дейін жеткізу
  • 2015ж. базалық деңгейдегі қала құрылысы кадастрын жасау және жүргізу – 20 %
  • 2015ж. қарай рұқсат етілмеген жерде қоқыс тастаудың көлемін 2010ж. деңгейге қарағанда 88 %-ға дейінгі деңгейге жеткізу
  • Ғылыми-зерттеу аймақтық даму институтымен ұсынылатын өсімдіктік отырғызу нормасына, яғни өсімдіктерді отырғызу ауданын 1 адамға 15,8 ш.м. дейін үлкейту
  • 2015ж. қарай жер ресурстарын ұтымды пайдалану мен қорғау көрсеткішін өсіруді 27 %-ға дейін жеткізу
  • 12,4 мың га дейін аумақтағы Қарағанды қаласының жер телімдері мен қалалық жер қоры жайындағы мәліметтер жинағын қалыптастыру, сонымен қатар мөлшерлік есептің жақсаруы
  • Халықтың табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан сақталу деңгейін 60 %-ға дейін көтеру
  • Техногендік және табиғи апаттар кезіндегі эвакуациялық көшуді талап ететін халықтың жалпы бөлігінен көшірілген адамдар бөлігін 100 %-ға дейін көтеру
  • Алдын алу шараларын өткізудің сапасын 95 %-ға дейін көтеру
 

Мемлекеттік жергілікті басқару  жүйесін дамыту:

  • Аппарат көрсететін қызметтер сапасымен депутаттардың қанағаттану деңгейі – 100 %-ға дейін
  • 2015ж. қарай мәслихат қолданатын нормативтік-құқықтық актілердің қолданыстағы заңдармен сәйкестігін қамтамасыз етуді 100 %-ға дейін жеткізу
  • Қалалық мәслихатты ұйымдастырушылық және басқа да қамтамасыз ету жайындағы жүргізілетін шаралардың сапасы әрі тиімділігімен депутаттардың қанағаттану деңгейі – 100 %-ға дейін
  • 2015ж. қарай қала әкімі аппараты көрсететін қызметтер сапасымен жеке және заңды тұлғалардың қанағаттану деңгейі – 90 %-ға дейін жеткізу
  • Жыл сайынғы кадрлар тұрақсыздығын 10 %-ға дейін төмендету
  • 2015ж. стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге жетуді 100 %-ға дейін жеткізу
  • 2015ж. қарай аппараттар көрсететін қызметтер сапасымен әкімнің қанағаттану деңгейі 90 % дейін жеткізу
  • Электрондық түрде көрсетілетін қызметтер санының өсуі 37 %-ға дейін көтеріледі
  • 2015ж. қарай электрондық үлгіде көрсетілетін әлеуметтік маңыздылығы бар мемлекеттік қызметтер бөлігі 50 %-ға дейін жетеді
  • 2015ж. қарай халықтың компьютерлік сауаттылық деңгейі 40 %-ға дейін жетеді
  • 2015ж. қарай мемлекеттік және азаматтық қызметкерлердің жалпы санынан мемлекеттік қызметтерді көрсетуде қолданылатын арнайы бағдарламалық сүйемелдеулермен жұмыс істей білетіндер қызметкерлердің жалпы санының 50 %-ға дейінгі бөлігін қамтитын болады
  • 2015ж. қарай жергілікті өзін-өзі басқару дамуының үдерісіне қаланың аумақтық-әкімшіліктік бірліктерінің қатысуын 100 %-ға дейін өсуі
  • Жыл сайынғы бюджеттік бағдарламаларды игеруді 100 %-ға дейін жеткізу
  • 2011ж. нәтижеге бағытталған мемлекеттік жоспарлау жүйесі жұмыс істеуінің құқықтық және методологиялық базасын 100 %-ға дейін енгізу
  • 2011жылы нәтижеге бағытталған жоспарлау жүйесіне 100 %-ға дейін сатылап көшу
Қаржыландырудың көздері мен көлемі* Қаржыландыру  көздері: республикалық, облыстық және жергілікті бюджеттер, инвесторлардың жеке қаражаты, заемдік қаражат.

Қаржыландыру  көлемі:

2011 жыл – 69 391,1 млн. теңге:

Республикалық бюджет – 4021,5 млн.теңге;

Облыстық  бюджет – 742,5 млн.теңге;

Жергілікті  бюджет – 6986,3 млн.теңге;

Инвесторлардың  жеке қаражаты мен  заемдік  қаражат  – 48640,8 млн.теңге. 

2012 жыл – 74 310,9 млн.теңге:

Республикалық бюджет – 2047,7 млн.теңге;

Облыстық  бюджет – 858,7 млн.теңге;

Жергілікті  бюджет – 4658,0 млн.теңге;

Инвесторлар қаражаттары мен  қарыздық қаражаттар – 59176,0 млн.теңге;

Мемлекеттік-жеке серіктестік қаражаттары  – 7570,5 млн.теңге. 

2013 жыл – 83 340,5 млн.теңге:

Республикалық бюджет – 2642,6 млн.теңге;

Облыстық  бюджет – 850,7 млн.теңге;

Жергілікті  бюджет – 4895,5 млн.теңге;

Инвесторлардың  жеке  қаражат  мен заемдік  қаражат  – 74951,7 млн.теңге. 

2014 жыл – 82 918,4 млн.теңге:

Республикалық бюджет – 2144,1 млн.теңге;

Облыстық  бюджет – 909,7 млн.теңге;

Жергілікті  бюджет – 5353,7 млн.теңге;

Инвесторлардың  жеке қаражаты мен  заемдік  қаражат  – 74510,9 млн.теңге. 

2015 жыл – 83 082,6 млн.теңге:

Республикалық бюджет – 2039,6 млн.теңге;

Облыстық  бюджет – 790,0 млн.теңге;

Жергілікті  бюджет – 5513,8 млн.теңге;

Инвесторлардың  жеке  қаражаты мен  заемдік қаражат  – 74739,1 млн.теңге. 

Барлығы: 384 043,5 млн.теңге:

Республикалық бюджет – 12895,5 млн.теңге;

Облыстық  бюджет – 4151,6 млн.теңге;

Жергілікті  бюджет – 27407,3 млн.теңге;

Инвесторлардың  жеке  қаражаты мен  заемдік қаражат  – 332018,6 млн.теңге;

Мемлекеттік- жеке меншік әріптестігінің қаражаты – 7570,5 млн.теңге.

 
 
 
 
 
 
 

    ҚОРЫТЫНДЫ 

    Соңғы жылдары аумақтық экономика мәні бірден өсіп кетті. Қазіргі уақытта  әлеуметтік экономикалық мақсаттар  ерекше орын алады. Рыноктық экономикаға  өту кезінде біз аумақтық саясатты дұрыс бағаламай, бұл мәселе зерттелмеген проблемалардың бірі болып отыр. Осыған байланысты аумақтардың көбінде  рыноктық шаруашылық етудің көптеген институттары жоқ, өндірістік құрылым  дұмыс дамымаған. Рынокқа өту  кезеңінде аумақтардын өзіне  тән ерекшеліктерін ескермей, біздің республикамыз экономикалық өсуінің  тиімділігін төмендетіп алды. Осындай  мәселелерді шешу үшін аумақ экономикасын мемлекеттік реттеу басқару туындап  отыр.

    Қазақстан бойынша аумақтық экономиканың жағдайына  талдай жасау, оны міндетті түрде  мемлекет тарапынан реттеу керектігін көрсетті. Қазақстан Республикасының  Президентінің “Қазақстан – 2030” Жолдауында айтылғандай: “Қазіргі уақытқа қоғам мен экономиканығ күрделі жүйесі құрылымдарының мемлекеттік басқару мәселесі жүйелі болу керектігі туралы дау туғызып отыр” /37/. Аумақтардың қаржылық-экономикалық басқаруының тіптен орталықтандырылғаны елдің экономикалық дамуының кедергісі болып отыр.

    Мәселені  қарастыра, аумақ деп – қалыптасқан  және перспективадағы материялдық  – технологиялық негізге, өндірістік және әлеуметтік инфроқұрылымға сәйкес табиғи ресурстар кешенінің үлесуі негізінде өндіріс күштерінің даму бағытталығы тән, біркелкі немесе әртүрлі  жағдайлар тән мемлекеттің ірі  территориясы.

    Аумақтық  экономиканың пәні өндіріс күштерінің әлеуметтік-экономикалық аумақтық қозғалысын зерттеу, оның экономикалық салаларын дамыту болып танылады. Әрбір аумақ қазіргі кезде рынокқа кірудің әртүрлі старттық деңгейіне ие.

    Аумақтың  экономикасының дамуын мемлекеттік  реттеу аумақтық саясат жүргізуді талап  етеді. Аумақтық саясаттын дұрыс  жүзеге асырылуы мемлекет үшін ғана маңызды  емес, ол аумақ экономикасын қайта  құруға, депресивті жағдайдан шығуға, әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға, экономиканы тұрақтандыруға, аумақтың потенциялын көтеруге мүмкіндік  жасайды.

    Аумақтық  экономика өзінің зерттеушілерінде картографиялық, жүйелі талдау, модельдеу, статистикалық әдістер сияқты ғылыми тәсілдер кешенін қолданады.

    Негізгі мақсат – орталық пен аумақ  арасындағы қаржылық – экономикалық қарым-қатынасының оптималды үлгісін  табу. Осы уақытта ғана біз аумақ  мәселелерін шешіп, басұарудың көп  табалдырықты моделіне көшеміз. Қатаң  басқару жүйесі төменгі басқару  органдарының еркіндігін шектеп, кері байланыс заңын бұзып, өзін-өзі реттеу жүйесін бұзады да, тиімсіз болып  қалады.           
 

Информация о работе Аумақтық экономикалық дамытуды реформалау