Аумақтық экономикалық дамытуды реформалау

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Ноября 2011 в 18:36, курсовая работа

Описание работы

Аумақтық экономика өзінің зерттеулерінде ғылыми әдістер кешенін қолданылады, яғни баланстық, картографиялық, жүйелілік, экономика- математикалық және статистикалық әдістер қазіргі кезде аумақтық деңгейде басқарудың қызметтері мен әдістері экономикалық, әлеуметтік және әкімшілдік бағыттарының бірігуіне негізделеді.
Бұл бітіру жұмысындағы барлық аумақтар үшін жалпы аумақтық тапсырмалары:
бұл экономика құрылымын реформалауды жүзеге асыру:
жеке аумақтарды депрессифті жағдайдан шығару:
әлеуметтік, нарықтық инфрақұрылымды дамыту:
экономиканы тұрақтандыру:
аумақаралық көлік жүйесін дамыту:
экалогиялық қауіпсіз жағдай туғызу:
кәсіпкерлікті дамыту.

Содержание

КІРІСПЕ..................................................................................................................3
I бөлім. Қазақстан Республикасының экономикасын аумақтық басқарудың теориялық және әдістемелік аспектілері
Қазақстандағы аумақтық экономикалық саясат түсінігі және мәні............5

1.2 Қазақстан Республикасының экономикасын мемлекеттік аумақтық басқару негіздері................................................. ....................................................9
II бөлім. Қарағанды обылысының аумақтық экономикалық дамуын басқару
2.1 Территориясы, орны, саяси-әкімшілік бөлінуі, ерекше белгілері..............14
2.2 Обылыстың экономикалық және әлеуметтік дамуын реформалауды басқару көрсеткіштері...........................................................................................16

2.3 Аумақтық дамудағы көрсеткіштер мен стратегиялық жобаларды басқару...................................................................................................................22

ҚОРЫТЫНДЫ....................................................................................................34
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР..............................................................35

Работа содержит 1 файл

даиын курс.docx

— 118.39 Кб (Скачать)

    Нарықтық  жағдайларда бірінші екі проблема макросаясат пен координация  қаражаттарымен, ал кейінгі екеуі  макро-микросаясат қаражатымен шешіледі. Егер Үкімет макроэкономикалық саясатты жүргізудегі аумақтық ерекшеліктеріне  көңіл аудармаса, әлсіз аумақтық экономикалық саясатжүргізеді, осыған орай аумақтар территориалды немесе басқа да мүдделері бойынша бірігуді бастайды. Еліміздің аумақтық экономикалық саясатын құруда “донор” және )реципиент” аумақтардың қарсылығының пайда  болуына жол бермеу керек, әйтпесе  ол бірлік экономикалық кеңістіктің  құлдырауына әкелуі мүмкін, соңында  Қазақстанның бүтінділігі мен мемлекеттігінің  құлдырауына әкеліп соғады.

    Аумақтық  саясаттың мақсатты функциясы ең алдымен экономиканың қайта құрулар  және экономиканың құрылымдық қайта  құруларынан шығады. Экономиканы  реформалау кезіндегі экономикалық реформалар тереңдігін және әлеуметтік-экономикалық жағдайын сипаттайтын негізгі параметрлері бойынша аумақ дифференциациясы болады, ресурстарды территориалды  қайта бөлуде жабық каналдар, бірінші  кезекте қаржылық жаңай туады. Осы  аумақтарда процестердің нәтижесінде  басқа аумақтардың сәйкесінше тездетілген  дамуда барлық әлеуметтік-экономикалық сфераның құлдырауына әкелуі мүмкін.

    Экономикалық  мақсаттар негізінен өндіргіш күштерді орналастыру факторы ретінде  инвестицияны орналастыруды мемлекеттік  реттеуден тұрады, осыған орай мемлекеттің  рөлі өндіріс факторының мағынасы қаншама  көп болса, соншама жоғары болады.

    Әлеуметтік  мақсат экономикалық мақсаттармен тікелей  байланысты, олардың жетістігіне  мемлекет пен аумақтардың әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясының негізгі мақсаты  бағытталған. Әлеуметтік мақсаттарға  жетуде мемлекеттің рөлі әлеуметтік әділдік және азаматтардың теңдігі  ретіндегі демографиялық қоғамның осындай қағидаларынан тікелей  шығады.

    Нарықтық  экономикаға өту барысындағы  аумақтық саясат біршама динамикалы. Экономикадағы сәтсіздікте басқарушы  орталар жауапкершілікті аумақтардың  жетекшілеріне аударуға тырысады және  керісінше мемлекеттік деңгей нарықтық механизмде аумақтық саясат қажеттілігіне  күнән туғызады, және бұл алдымен  экономикалық аспектілерде пайда болады. Бұл – аумақтық саясаттың динамикасына субъективті жақындау, осымен қоса әртүрлі экономикалық саясат жүргізуде  орталықтың аумаққа қатынасының  объективті себептері бар. Кейбір аумақта  мемлекет тарапынан нарықтық экономиканың қалыптасу үшін жалпы құқықтық режимді  қолдау жеткілікті, басқасында экономикалық белсенділікті ынталандыру қажет, үшіншіден, аумақтық экономикаға оның ішінде мемлекеттік капитал салуға экономикалық және әкімшілік әсер ету  әдістері қажет (7).

    Экономикалық  саясат еліміздің және оның жеке бөліктерінің экономикалық жағдайын қамтамасыз ету  және қойылған даму мақсаттарына жетуге әсер беретін проблемаларды шешу болып табылады. Ал, аумақтық саясаттың  мәні жалпы ұлттық мақсаттарға жету үшін аумақтық дамуды басқару қатынастарынан тұрады.

    Экономикалық  теорияда 2 деңгейі бар, яғни:

  1. макроэкономикалық
  2. микроэкономикалық.

    Макроэкономикалық деңгей – бұл экономикаға бүтіндей және оның жеке үй секторына қатысты  белгілі құбылыстар мен процесстердің  сипаттамалары. Бұл деңгейде шаруашылықтың  жалпы құрылымы талданады, экономикалық жүйенің ірі элементтерінің арасында маңызды байланыстар бекітіледі. Сәйкес, негізгі көрсеткіш ретінде  шығады: өнімнің жалпы көлемі, жұмысбастылықтың жалпы деңгейі, кіріс пен табыстың жалпы көлемі, бағаның жалпы деңгейі.

    Микроэкономикалық деңгей, керісінше нақта шаруашылық бірлік қызметінің талдауымен байланысты: сала, фирма және кәсіпорын, жеке үй шаруашылығы. Талдауда, болжауда өндіріс  көлемі және нақты өнім бағасы көрсеткіштері, белгілі бір кәсіпорында жұмысбастылар  саны, жеке алынған фирма кірістері мен шығындары жатады .

    Жалпы, аумақтық экономикалық саясатты жетілдіру, шығару және оны жүзеге асыру өте  қажет. 
 
 
 
 

II бөлім.  Қарағанды обылысының аумақтық экономикалық дамуын басқару 

         2.1 Территориясы, орны, саяси-әкімшілік бөлінуі, ерекше белгілері.

  

   Орталық Қазақстан  республикасының  орта тұсында, Қазақтың қатпарлы  өлкесінде /Сарыарқа/, шөлейт пен  шөл зонасындағы ағынсыз шарын  Нұра, Сарысу және тағыда басқа  өзендердің алабында орналасқан.

   Орталық Қазақстанның экономикалық  ауданы Қарағанды, Жезқазған облыстарын  қамтиды. Ол  республика территориясының  16% -ке жуығын алып жатыр: 15әкімшілік  аудан,15 қала, 38қалашық, 164 ауылдық кеңестен  тұрады.[1;145]

   Орталық Қазақстан –экономикалық  –географиялық тұрғыдан алғанда  атына сай республиканың орталығында  орналасқан аудан. Ол 30-жылдарға  дейін қалалары мен темір жолдары  жоқ, жаппай дерлік мал шаруашылығымен  айналысатын аудан ретінде қалып  келді және тек бірінші бесжылдықта  құрамына Қарағанды енетін Орал-Кузнецк  комбинатына салынуына байланысты  кокстелетін көмір беретін аймақ  ретінде дамыды. Қазір бұл –Қазақстанның  көмір, металлургия және химия  өнеркәсібі, сондай-ақ  металды көп  қажет ететін машина жасау  өнеркәсібі дамыған аса ірі  индустриалды ауданы.Тың және  тыңайған жерлерді игеруге байланысты 50- жылдардың ор-тасынан бастап  ауданның астық, ет, сүт сияқты  ауылшаруашылық өнімдерін өндіру  өнінен де маңызы арта түсті. 

   Орталық Қазақстанның экономикалық-географиялық  орны атынан көрініп тұр. Біршама  оқшау, жер шалғайлығы және  көлемді шөл дала арқылы республиканың  оңтүстік, шығыс, батыс бөліктерінен  бөлектенген жағдайда. Оның территориясы  арқылы Петропавлдан Мойынты  мен Шуға аса маңызды магистральдардың  бірі өтеді. Одан Жезқазғанға,  Балқаш қаласына тармақ шығады. Бұл магистраль Орталық Қазақстанды  солтүстігінде-Солтүстік Қазақстан  және Батыс Сібірмен, солтүстік-батысында  –Оңтүстік Уралмен, солтүстік-шығысында  –Алтай және Кузбаспен, оңтүстігінде  Мойынты арқылы Алматымен, Оңтүстік  Қазақстан экономикалық ауданы  және Орта Азия елдерімен байланыстырады. Бұл ауданның географиялық орнының  осындай ерекшелігі Оралдың   металлургия кәсіпорындарын кокстелетін  көмірмен көмірмен негізгі жабдықтаушы  ретінде мемлекетаралық маңызын    арттырады.

   Орталық Қазақстан- табиғат байлықтарының  нағыз асыл қазынасы. Мұнда айтарлықтай  шағын аумақта отын және металлургия  өнеркәсібін ғана емес, сондай-ақ  химия және құрылыс индустриясын  дамытуға мүмкіндік беретін кен  байлықтары кездеседі. Орталық  Қазақстандағы қазба байлықтардың  ішінде, ең алдымен, Қарағанды  алабының кокстелетін қуатты  тас көмірі, Жезқазған, Қоңырат  және Саяқтың мыс кендері ерекше  орын алады. Сонымен қатар,  ауданда темір және марганец  кендері, полиметалдар, сирек кездесетін  және шашыранды металдар, әртүрлі  отқа төзімді балшықтар және  басқа құрылыс материалдары бар. Бұған қоса, көптеген кен байлықтары кездесетін орындар әдетте, бір-біріне айтарлықтай жақын орналасқан. Бұл оларды тасымалдауға жұмсалатын көптеген қаржыны үнемдеуге, шикізатты жан-жақты пайдаланып, сол арқылы шығарылатын өнімнің өзіндік құнын едәуір кемітуге мүмкіндік береді.

   Орталық Қазақстанның табиғат  жағдайлары ауыл шаруашылығын, әсіресе  егіншілікті дамытуға онша қолайлы  емес. Бұл жердің климаты республиканың  басқа аудандарының климатымен  салыстырғанда неғұрлым континентті,  жазы ыстық және құрғақ, ал  қысы суық, қары аз, күшті жел  соғып тұрады. Жауын-шашын аз жауады. Солтүстігінде, Қарағанды және  Қарқаралы маңында ғана жауын-шашынның  мөлшері 300 мм-ге дейін жетеді, бұл суарылмайтын егіншілікпен  айналысуға мүмкіндік береді. Осы  жерден астық тұқымдастар өсетін  құрғақ дала зонасының жіңішке  алқабы өтеді, топырағы қоңыр-қызыл,  ал ауданның бүкіл ортаңғы  бөлігін ақшыл-қызғылт топырағы  бар дала зонасы алып жатыр,  оңтүстік бөлігі жусанды-күйреуікті  шөлейт зонасына өтеді, бұл  зона негізінен мал жайылымы  ретінде пайдаланылады.

   Жер суаруға қажетті өзендер  өте аз, ал ауданның оңтүстігі  мен батысында көптеген аумақтарда  ағын су мүлде жоқ. Срндықтан  орталық Қазақстанды сумен қамтамасыз  ету мәселесінін орасан зор  шаруашылықтық маңызы бар. Бұл  ауданның өнеркәсібі  мен ауыл  шаруашылығын дамыту көп жағдайда  осы мәселенің шешілуіне келіп  тіреледі. Ауданды сумен жабдықтауды  жақсарту үшін көптеген өзендерде  бөгендер салынған. Мысалы Нұра, Жезқазған, Қарсақпай бөгендері  ал 70- жылдардың басында ұзындығы 500 шақырымнан асатын  Ертіс-Қарағанды  каналы іске қосылды. Ол Павлодар  облысындағы Ақсу қаласының маңынан  басталады. [9;71]

   Қазан революциясынан кейін Орталық  Қазақстанның қойнауы мұқият  зерттелді. Белгілі геологтар  А.А. Гапеев пен Н.Г. Кассин  Қарағанды көмір кен орнын,  ал  Қ.И. Сәтбаев Жезқазған мыс  кен орнын зерттеді. Қарағанды  көмір кен орнында сол кездегі  Кеңес Одағындағы Донбас пен  Кузбастан кейінгі үшінші көмір  базасының кен орнын құру жөніндегі  шешімнің (1931ж.) Орталық Қазақстанның  өндіргіш күштерін дамытуда ерекше  зор маңызы болды. 12көмір шақтасы  жұмыс істеп, түсті металлургияның  ірі орталықтары- Балқаш, Қарсақпай  пайда болды. Және Қарағанды  темір жолы салынды. 

   Соғыс жылдарында бұл жерге  Ресей  Федерациясының батыс  аудандары мен Украинадан бірқатар  машина жасау зауыттарының құрал  жабдықтары көшіріліп, Теміртау  қаласында қайта қорытатын қара  металлургия зауыты салынды. Соғыстан  кейінгі жылдары мұнда жаңадан  ірі өнеркәсіп орындары, Мойынты-Шу, Балқаш-Саяқ-Ақтоғай темір жолы  пайда болды, тың және тыңайған  жерлер игерілді. Осының бәрі  Орталық Қазақстандағы шаруашылықтың  барлық салаларының дамуына қуатты  түрткі болды және аудан аумағына  өндірісті орналастыруға айтарлықтай  өзгерістер енгізді, сөйтіп мұнда  жаңа шаруашылық географиясын құруға себепші болды.[9;74

2.2 Обылыстың экономикалық  және әлеуметтік  дамуын реформалауды басқару көрсеткіштері 

       2008-2010 жылы әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі бағыттары Президенттің Қазақстан халқына арнаған «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Жолдауында анықталған мақсаттар мен міндеттерге, ҚР Үкіметінің  2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасына, 2003-2015 жылдарға арналған индустриалдық - инновациялық   стратегиясына сәйкес келеді.

       Қазақстанның  жақын жылдары бәсекеге қабілетті  дүниежүзінің 50 елдің қатарына енуі үшін облыста қолайлы жағдай тудыру, облыс халқының өмір сүру сапасын арттыру 2008-2010 жылдардағы  әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі мақсаты  болып табылады. 

       Алдыға  қойылған мақсаттарға қол жеткізу  үшін мына міндеттер шешілмек:

       өнеркәсіпте:

       - өнеркасіп өнімдерін өндіру көлемін қамтамысыз ету. Сөйтіп 2008 жылы  803,6 млрд. теңгеге, ал 2010 жылы 912,7 млрд. теңгеге арттыру;

       - жоғары дәрежеде қосымша құн  салығы бар салаларды алдыңғы  қатарлы және басым бағытта  дамуына жағдай жасау (машина  құрылыс, химиялық, құрылыс индустриясы,  металлургия 4-й);

       - наукоемка және жоғары технологиялық  өндірістерді құруды ынталандыру;

       - экономика салаларының халықаралық  сапа стандартына өту, және  кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін  арттыру.

       - құрылыс индустриясы, металлургия  4 және 5 переделов, машина құрылысы  және химия өнеркәсібі сияқты  экономиканың жүйе орнататын  негізгі салаларының одан әрі  дамыту;

       - дүниежүзілік стандартқа сәйкес  келетін жоғары дәрежелі жаңа  технологияларды әзірлеу және  енгізу;

       - импорт алмастырушы және экспортқа  бейімделген өнімдерді шығаруды  кеңейту;

       - жоғары дәрежеде дайындалған  өнімдерді шығара отырып, шикізатты  тереңдетіп қайта өндіру жөніндегі  жаңа өндірістерді дамыту;

       - өнеркәсіп саласына инвестиция тарту;

       - алждыңғы қатарлы әдістемелерді,  технологиялық жүйелерді және  жаңалықтарды енгізу, ескі технологиялардың қысқарту (рост инновациялық өндірістің өсімі).

      Сыртқы  экономикалық саясатта:

      - облыс кәсіпорындарында сыртқы  сауда серіктестерімен байланыс  орнату, ұлттық және халықаралық  рыногындағы орнын іздестіру;

      -  кәсіпорынды техникалық қайта  жарақтау;

      - батысқа қарағанда төмендетілген   нормалар бәсекелестермен демпинг  болып түсүндуруне байланысты  экология шығындары, еңбек жалақсының денгейін халықаралық нормалар мен стандарттарға сәйкестендіру;

Информация о работе Аумақтық экономикалық дамытуды реформалау