Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Марта 2013 в 11:04, курсовая работа
Бүгінде бухгалтерлік есебі басқару жүйесінде ең басты бір орын алады. Ол кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттап және басқарушылық шешімді қабылдау үшін негіз бола отырып, тұтынуды таратуды, айналысты және басқа да өндіріс процесін шынайы көрсетіп береді. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есебі бухгалтерік есеп Стандарттарында және субъектілердің қаржылық – шаруашылық қызметіндегі бухгалтерлік есеп шоттарының Бас есеп жоспарында бекітілген жалпы қағидалар мен ережелерінің негізінде құралады жіне ол бүкіл алынған ақпараттарды пайдаланушылардың талабына, қызметтің құрылымына, ұйымның нысанына, айрықша ерекшелігіне есептің сәйкес келуін қамтамасыз етеді.
Алыс-беріс шикізаты мен материалдарынан өндірілген акцизделетін тауарлар бойынша акциз тапсырыс берушіге немесе тапсырыс беруші көрсеткен тұлғаға өнім берілген күні төленеді.
Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген шикі мұнайды, газ конденсатын, өнеркәсіптік ұқсатуға берген кезде акциз ол берілген күні төленеді.
Өз өндірісінің акциз салынуға тиісті шикізатынан акцизделетін тауарлар өндірген кезде осы шикізатқа акцизделетін дайын тауарлар бойынша акциз төлеуге белгіленген мерзімде акциз төленеді.
Ойын бизнесі бойынша акциз белгіленген тәртіппен, мерзімдерде төленеді.
Лоторея ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асырудан түскен акциз, лоторея билеттерін сатуға шығару тіркелген күнге дейін немесе тіркелген күні төленеді.
Түрлі ставкалар белгіленген жағдайда спирттің барлық түрлеріне салық салу ерекшеліктері
Спирттің барлық түріне әртүрлі акциз ставкалары белгіленген жағдайда, салық базасы сол бір ставкамен салық салынатын операциялар бойынша жеке-жеке анықталады.
Алькоголь өнімін өндірушілер
базалық ставкадан төмен
Емдік және фармацевтік дәрі-дәрмек өндіру және медициналық қызмет көрсету үшін алынған спирт мақсатқа сай пайдаланылмаған жағдайда да қолданылады.Осы спирт бойынша емдік және фармацевтік дәрі-дәрмек өндірушілер мен спиртті акцизсіз алған мемлекеттік медициналық мекемелер акциз төлеушілер болып табылады.
Салық төлеушілердің құрылымдық бөлімшелері үшін акциз есептеу мен төлеу тәртібі
Құрылымдық бөлімшелері бар акциз төлеушілер құрылымдық бөлімшелерді олардың орналасқан жері бойынша салық органдарында тіркеу есебіне қоюға және өзінің құрылымдық бөлімшелерін тіркеу есебіне қойғаны туралы өзі тіркелген жері бойынша салық органына хабарлауға міндетті.
Құрылымдық бөлімше үшін төленуге тиіс акциз сомасы әр құрылымдық бөлімше бойынша жасалған құрылымдық бөлімше жөніндегі акциз есебі негізінде анықталады.
Акциз есебін құрылымдық бөлімшелер бойынша жасаған кезде акциз салынған және салық кезеңі ішінде құрылымдық бөлімшелер жүргізген операциялар ескеріледі.
Акциз төлеушілер құрылымдық бөлімшелері үшін төлеуге тиіс акциз сомалары бойынша есепті құрылымдық бөлімшенің тіркелген жері бойынша салық органына белгіленген мерзімдерде табыс етуге міндетті.
Ағымдағы төлемдерді қоса алғанда, құрылымдық бөлімшелер үшін акциз төлеуді акциз төлеуші заңды тұлға тікелей өзінің есеп шотынан төлейді немесе ол құрылымдық бөлімшеге жүктеледі.
Қызметті өзі тіркелген орнынан тыс жерде жүзеге асыратын жеке кәсіпкер акциз төлеген жағдайда да қолданылады.Жеке кәсіпкер, ағымдағы төлемдерді қоса алғанда, акциз төлеуді өзі қызметін жүзеге асыратын жері бойынша жүргізеді.
Салық кезеңі
Акцизге қатысты күнтізбелік ай салық кезеңі болып табылады.
Салық декларациясы
3 АУДИТ
3.1 Аудит пәні, мақсаттары мен міндеттері
Аудит нарықтық экономика жағдайында барлық шаруашылық процесіне қатысушылардың қызметінде маңызды рөл ойнайды. Ол анық ақпаратпен қамтамасыз етеді, серіктестіктер арасындағы сенімділікті қалыптастыруға септігін тигізеді, оңтайлы басқарушылық шешімдерді іріктеу мен кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстарды әзірлейді, сондай-ақ қаржылық жағдайды тұрақтандыруға, шаруашылық жүргізуші субьектілер қызметінің тиімділігін арттыруға және тұтастай қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға ықпал етеді.
Аудитті қаржылық, экономикалық, техникалық, заңдық және басқа да қызмет салаларында жүргізуге болады. Аудиттің ең негізгі мақсаттарының бірі – шаруашылық жүргізуші субьектілердің қаржылық есеп берулерінің нақты екендігін анықтау болып табылады.
Бұл арада клиенттің нориативті-құқықтық актілердегі талаптарды сақтауын 34заңды сақтауы туралы ақпараттың тәуелсіз расталуы мемлекетке, меншік иелеріне, акционерлерге, инвесторларға, кредиторларға және олардың бизнес бойынша серіктестіктеріне қажет. Негізгі есеп тұжырымдамасы бойынша Америкалық бухгалтерлер ассоциациясы аудиттің мазмұнын барынша қамтып жинақтаған анықтамасында былай делінген «Аудит – бұл экономикалық әрекеттер мен оқиғалар, олардың белгіленген деңгейінің нақты өлшемдерге қаншалықты сәйкестігі туралы ақпаратты алу мен бағалаудың және нәтижелерді мүдделік танытқан пайдаланушыларға беретін жүйелі процесс».
ҚР «Аудиторлық қызмет туралы » Заңында мынадай анықтама берілген « Аудит Қазақстан Республикасының заңында белгіленген талаптарға сәйкес қаржылық есептіліктің дұрыс және обьективті жасалғаны туралы тәуелсіз пікір білдіру мақсатында заңды тұлғалардың қаржылық есептілігін тексеру болып табылады».
Аудиттің дәл анықтамасы жоқ. Біздің пікіріміз бойынша, аудит пәні қоғамның мүддесін білдіретін экономикалық құбылыстар мен оқиғалар және процестер, сондай-ақ мәліметтері нақтылық пен анықтығына қарай тексерілетін, зерттелетін және обьективті бағасын алатын әр түрлі мақсаттарды көздейтін заңды және жеке тұлғалар, басқаруды оңтайландыру, экономикалық қызметтердің тиімділігін арттыру, кеңес берушілік, бақылаушы-талдамалы және басқа да кәсіби аудиторлық қызмет көрсету жатады. Аудит мазмұны алға қойылған мақсаттар мен бақылау обьектілерін ескеру арқылы нақтылануы мүмкін. Мысалы, егер аудит обьектісіне шаруашылық жүргізуші субьектінің қаржылық қызметі кіретін болса, онда мұндағы мақсат оның есеп берулері мен расталуының толықтығы мен анықтығын тиянақты тексеру, яғни кәсіпорынның қаржылық есеп беруінің нақты қаржылық жағдайымен қаншалықты сәйкес келетіндігі туралы өз пікірін тапсырыс берушіге білдіру болып табылады. Егер аудиттің обьектісіне кәсіпорындағы бухгалтерлік есептің жағдайы кіретін болса, онда аудиттің мақсатына, оның қолданыстағы заңның талаптарына, шаруашылық жүргізуші субьектілерінің өз ішінде қабылданған есептік саясатпен және мемлекет белгілеген жалпы нормаларға, стандарттарға және ережелерге қаншалықты сәйкестігін тексеру жатады. Аудит мақсатының консалтингтік қызмет жүзеге асыру барысында клиенттің коммерциялық қызметін жақсартатын жоғары сапалы кеңес беру қызметі болады, сонымен қатар аудитордың беделі мен табысы коса өседі.
Алға қойған аудит мақсаттарына қол жеткізу үшін нақты міндеттерді шешу керек.
3.2 Кредиторлық берешек аудиті
Кредиторлық берешек аудиті – кәсіпорынның басқа заңды немесе жеке тұлғаларға міндеттемелері.
Пайда болу
сипатына қарай кредиторлық
Қалыпты
кредиторлық берешек пен
Бұларға төлеу мерзімдері келмеген акцептелген есеп-қисап құжаттары бойынша жабдықтаушыларға берешек және бюджетке төлемдері өтіп кеткен берешек және т.б
Аяқталмаған кредиторлық берешек болып бюджетпен есеп айырысу бойынша – қаржы органдарына, еңбекті өтеу бойынша – кәсіпорын қызметкерлеріне, мерзімінде төленбеген есеп-қисап құжаттары бойынша – жабдықтаушыларға және т.б мерзімі өткен берешектер саналады.
Кредиторлық берешекті тексерудің басты міндеттері мыналар:
Кредиторлармен есеп айырсу жағдайын бақылауды ұйымдастыру келісім-шарттық және есептік тәртіптің нығаюына тапсырылған асортиментте және
Төлемдік тәртіпті сақтау
үшін жауапкершілікті арттыру
Кредиторлық берешектің есепті кезеңнің басы мен аяғындағы жағдайы баланста мынадай баптардың қалдықтарымен сипатталады:
«Төленуге тиісті шоттар мен вексельдер» бабын тексергенде аудитор оның қалдығын 671 «Төленетін шоттар» шотымен салыстыруы қажет, ол мыналар үшін жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу жөніндегі ақпаратты жинақтап қорытуға арналған:
Бұл шот бойынша есептеулерді мынадай екі бағыт бойынша жүргізу қажет:
Қабылданған материалдық құндылықтар, орындалған жұмыс пен көрсетілген қызмет үшін төлемнің дұрыстығын талдау.
Жабдықтаушылардан алынған ТМҚ кіріске алудың толықтығын талдау.
Аудитор жабдықташылармен
және мердігерлермен есеп айырысуды
тексеру бағдарламасын
3.3 Басқадай кредиторлық берешек аудиті
Қалдықтардың жыл басы мен соңындағы «Басқадай кредиторлық берешек» баланстық бабы бойынша анық сенімділігін анықтауға баса назар аударған жөн. Сонымен бірге оларды Бас кітапта көрсетілген 681«Қызметкерлермен еңбекақы бойынша есеп айырысу» 683 «Жалгерлік міндеттемелері» , 684 «Төленілетін сыйақы» 686 «Басқа да кредиторлық берешек пен есеп айырысу» 687 «Басқалар» шоттары бойынша жиынтық қалдықтарымен, сондай-ақ 9 журнал-ордердің 681, 683, 684, 687 шот кредиттері бойынша мәліметтермен салыстыруы қажет
2 кесте Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу аудитінің бағдарламасы
Аудит процедулары |
Ақпарат көздері |
1. Тауарлы-материалдық қорларды алуға арналған құжаттарды рәсімдеудің дұрыстығы мен бар екендігін тексеру |
Шарттар, шот-фактуралар, төлем тапсырмалары, кірістік құжаттар мен т.с.с. |
2. Тауарлы-материалдық
қорлардың саны мен сапасы
жөніндегі тілек-талаптарды |
Тиісті құжаттарды (коммерциялық акт, түбіртектері, салыстыру және т.б.) жабдықтаушыға, 8 журнал-ордер, Бас кітап және т.б. |
2 кестенің аяғы | |
3. Алынған қүұндылықтарды
кіріске алудың немесе |
Қабылдау актлері, жүкқұжаттар, шот-фактуралар, кірістік ордерлер, қойма есебі карточкалары, материалдар есебі тізімдемесі, 6 журнал-ордер, Бас кітапты, баланс және т.б. |
4. Жабдықтаушыламен мердігерлерге берешектің анық сенімділігін, шынайылығын және заңдылығын тексеру |
Шарттар (сатып алу, бірлескен іс-қызмет туралы, опциондық, фьючерлік мәмілелер, ынтымақтастық, траст және т.б.) жобалық-сметалық құжаттама, орындалған жұмыс актілері, шот-фактуралар, төлем тапсырмалары, 6 журнал-ордер, Бас кітап, баланс және т.б. |
5.Вексельдерді пайдаланып, жабдықтаушылармен ҚҚС алып тастап, жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысудың дұрыстығын тексеру |
Вексель, кірістік төлем құжаттары, 5,6 журнал-ордерлер, салықтық шот-фактуралар, ҚҚС-ға салық жөніндегі декларация, Бас кітап және т.б. |
6. Шот корреспонденцияларын құрудың дұрыстығын тексеру, аналитикалық есеп мәмілеттерінің синтетикалық есеп мәмілеттеріне сәйкестігі |
Шот-фактуралар, 6 журнал-ордер, Бас кітап, баланс, әдістемелік ұсынымдар |