Ақшасыз есеп айырысу нысандары

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Марта 2013 в 11:04, курсовая работа

Описание работы

Бүгінде бухгалтерлік есебі басқару жүйесінде ең басты бір орын алады. Ол кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттап және басқарушылық шешімді қабылдау үшін негіз бола отырып, тұтынуды таратуды, айналысты және басқа да өндіріс процесін шынайы көрсетіп береді. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есебі бухгалтерік есеп Стандарттарында және субъектілердің қаржылық – шаруашылық қызметіндегі бухгалтерлік есеп шоттарының Бас есеп жоспарында бекітілген жалпы қағидалар мен ережелерінің негізінде құралады жіне ол бүкіл алынған ақпараттарды пайдаланушылардың талабына, қызметтің құрылымына, ұйымның нысанына, айрықша ерекшелігіне есептің сәйкес келуін қамтамасыз етеді.

Работа содержит 1 файл

акшасыз ес йыр нег нысанд.doc

— 235.00 Кб (Скачать)

КІРІСПЕ

 

Бүгінде бухгалтерлік есебі  басқару жүйесінде  ең басты бір  орын алады. Ол кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттап және басқарушылық шешімді қабылдау үшін негіз бола отырып, тұтынуды таратуды, айналысты  және басқа да өндіріс процесін шынайы көрсетіп береді. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есебі бухгалтерік есеп Стандарттарында және субъектілердің қаржылық – шаруашылық қызметіндегі бухгалтерлік есеп шоттарының Бас есеп жоспарында бекітілген жалпы қағидалар мен ережелерінің негізінде құралады жіне ол бүкіл алынған ақпараттарды пайдаланушылардың талабына, қызметтің құрылымына, ұйымның нысанына, айрықша ерекшелігіне есептің сәйкес келуін қамтамасыз етеді.

Шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайында шарушылық жүргізуші  субъектінің күрделі эканомикалық тетігін нақты, жақсы жолға қоймайынша, сондай – ақ толық, сенімді ақпаратсыз басқару жүйесін іс жүзінде жүзеге асыру мүмкін емес.

Эканомиканың барлық саласындағы кәсіпорындардың иелері мен еңбек ұжымдары шикізат пен маатериалдарды ұқыпты жұмсауға, өндіріс қалдықтарын азайтуға, ысырапты жоюға, бәсекеге жарамды өнімдерін өндіруге (ұлғайтуға), оның сапасын көтеруге, өзіндік құнын төмендетуге, қоршаған ортаны сақтауға мүдделі. Бұл орайда, шаруаға қырсыздыққа, кәсіпорынның материалдық құндылықтарын, ақша қаражаттарын және басқада ресурстарын заңсыз және тиімсіз жұмсауға және тонауға қарсы күресте бухгалтерлік есептің маңызы мен мәнін айрықша бағаламауға болмайды.

Есепке алынған ақпараттардың  көмегімен шаруашылық жүргізуші  субъектілердің және олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін жедел басқару үшін, экономикалық болжамдар мен ағымдық жоспарлар жасау үшін, ел экономикасының даму заңдылықтарын  зерделеу және зерттеу экономикалық тетіктің бірі ретінде пайдаланылады.

Эканомиканың саласындағы  мамандар, оның ішінде, бірінші кезекте, бухгалтерия қызметкерлері есепке алудың және есеп берудің барлық жүйесін жақсы білулері, оларды оңайлатуды қарастыру қажет, субъект қызметін бухгалтерлік және салықтық есепке алуды ұйымдастырудың ережелерін, нұсқауларын және басқа нормативтік актілерін қатаң сақтаулары керек.

Курстық жұмыс үш бөлімнен тұрады: бухгалтерлік есеп, салық және салық салу және аудит. Осы курстық  жұмыс бухгалтерлік есебін игерушілер үшін жақсы демеу бола алады деп  үміттенемін.

 

 

 

 

 

 

 

1 БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП

 

1.1 Ақшасыз есеп айрысудың негізгі нысандары

 

Төлем тапсырма; чек; вексель; тапсырма талап төлемдері; кеден мен салық қызметіні органдарының инкассалық жарлықтары болып табылады.

Төлеуші мен алушылар өзара есеп айрысу нысандарын келісім- шарт негізінде  анықтайды, сондай-ақ олардың арасында  болатын талаптары мен міндеттемелерді зачетқа жатқыза алады.

Төлем тапсырмалары онда көрсетілген соманы бенефициардың  пайдасына ақшаны жіберушіге  қызмет көрсететін банк алушының ақшаны аударғаны  туралы тапсырмасы болып табылады. Қызмет пен жұмысты және тауарлы- материалдық құндылықтарды  өтеу үшін есеп айрысу  кезінде, сондай ақ  қызмет пен тауарға алдын-ала төлем жасаған кезде, аванстық төлемдер жасаған кезде төлем тапсырмаларын пайдаланады.

Төлем жасаушы банкке берілген нысандағы банкілердегі төлем тапсырманы ұсынады. Тапсырмаларға қоса төлем жасаушы банктің талап етуі бойынша салынатын салықтық шот-фактуралары және төлемдердің мақсатын растайтын басқа да құжаттарды бірге тапсырады. Төлем тапсырмалары жазылып берілген күннен бастап 10 үкн бойы күшінде болады (жазылған күні есепке алынбайды). Төлем тапсырмалары төлем жасаушының шотында қаражат болғанда ғана орындауға қабылданады. Төлем құжаттарын электрондық түрінде де, қағаз ретінде де ұсынуы мүмкін. Бұл құжаттардың данасын әрбір банк өздері дербес анықтайды. Негізінен алғанда, олар екі данада толтырылады, біріншісі банкте қалдырылады да, оның электрондық көшірмесі  бенефициарға жіберіледі, ал екіншісі иесіне, яғни  ақшаны жіберушіге қол қойылып, штамп басылып қайтарылады.

Төлем тапсырмасын толтыру кезінде келесі реквизиттері көрсетіледі:

  • төлем тапсырмасының номері;
  • төлем тапсырмасының жазылған күні;
  • жеке теңестірілген немесе теңдестірілген (идентификацияланған ) коды( ЖТК немесе ИИК)
  • жіберуші мен бенефициардың банкі шоттарының номері;
  • бенефициардың коды ( БК немесе КБе) және жіберушілердің коды (ЖК немесе КОд) – бұл кодтар 2 символдан тұрады: біріншісі – резиденттік белгісін, ал екіншісі – экономикалық секторын көрсетеді;
  • бенефициар – аудару жасалған ақша кезде қаражатын алушы;
  • банк алушы – банк атауы, аударылған ақшада, оның мекен жайы көрсетіледі;
  • бенефициар банкісі – бенефициардың пайдасына келіп түскен ақша қаражатын қабылдайтын банк жіберушімен жасалған келісім- шарттың негізінде;
  • жіберушілердің теңестірілген немесе теңдестірілген (идентификацияланған) банктік коды( ЖТБК немесе ИИК ) – филиаларалық айналымдардың коды (ФАК немесе МФО);
  • төлем арналымының коды – ҚР ҰБ нормативтік – құқықтық актісімен белгіленген және соның негізінде төлемдерді жүзеге асыратын кодтық белгілер, ал ол үш символдан тұрады;
  • бюджеттік классификацияның коды – салықтарды кері қайтаруда қойылатын код;
  • валюттелген күні – ақша қаражатын бенифициардың банктікшотына ақша қаражатын аударған күні төлем жасаушының ынтасымен анықталады.

Чек беру төлемді жүзеге асырудың бір тәсілі болып табылады, онда төлем чек беруші аттас төлем құжатын ұстаушыға беру жолымен жасайды. Чек беру өз мәні бойынша чекті ұстаушының ақшалай міндеттемесін орындау болып табылмайды, бірақ ол соны орындау үшін жазылған болса да.

Банк чек берушіден (немесе чек ұстаушыдан) чекті қабылдамауына болады, егер де мынадай жағдайлар анықталса.

  • егер де жазумен жазылған сомасы цифрмен көрсетілмеген болса;
  • чектің мерзімі өтіп кетсе;
  • төлем құжаттарында жасанды жазулардың белгілері бар болса (немесе түзетулер бар болса);
  • чек әр түрлі қолмен және әр түрлі сиямен жазылған болса;
  • чекте көрсетілген реквизиттер қате болса;
  • чектің жабу сомалары жеткілікті болмаса;
  • чектің басқа да дефектілері бар болса.

Дефектісі бар чектер чек ұстаушыларға қолхат жазылып  қайтарылады.  Чектердің дефектілері табылса, банктің бас бухгалтері ол туралы Клиринктік платаға хабарлайды, ал олар ондай чектердің өңделуін тез арада тоқтатады.

Вексель – бір жақты  сөзсіз орындалатын ақша міндеттемесін қамтитын қатаң нысанда белгіленген төлем құжаты. Ол жай және аударма болып келеді

     Жай вексель  ( соло вексель) – талап етуі  бойынша немесе белгіленген мерзімде  келешекте вексельде көрсетілген ақша сомасын вексель ұстаушыға төлейтіні туралы вексель ешқандай  талқылауға жатпайтын міндеттемесінен тұрады.

     Аударма  вексель (тратта) – вексель берушінің   үшінші тұлғаға бірінші вексель  ұстаушыға немесе оның бұйрығы  бойынша келешекте белгілі бір  уақытта, не ұсынған кезде,  вексельде көрсетілген ақшаны  төлейтіні туралы басқаша ешбір  шарт қойылмайтындығы туралы міндеттемесі.

 

 

 

 

1.2 Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу есебі

 

   Кәсіпорын өз  өндірісінің тиімді және ырғақты жұмысын қамтамасыз ету үшін өзінің материалдық техникалық базасын  жасайды, яғни өндіріске қажет қорларын құрайды. Кәсіпорынды жабдықтау экономикалық және әлеуметтік даму жоспарларына сәйкес жүргізіледі. Кәсіпорын өзінің ұдайы өндірісін қамтамасыз ету үшін өнім шығарушы кәсіпорындармен немесе делдалдық ұйымдармен  келісім шартқа отырады.

    Демек, кәсіпорын   жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айрысу үшін 671 «жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айрысу» шотын пайдаланады, онда есеп айрысулар сомасының деңгейіне және  нысандарына қарамастан, жабдықтаушылардан алынған материалдық, босалқы қорлар, атқарылған жұмыстар мен қызметтер үшін есеп айрысу жүргізіледі. 671- шоттың кредиті бойынша жабдықтаушылардың акцептелген шот- фактурасы және дебеті бойынша – есеп айырысу, валюталық және басқа шоттардың кредитінен олардың төлем ақысы жазылады.

    Өнім жеткізушілер  мен есеп айрысулар есебі арнайы нысандағы журналда, машинограммада немесе тізімдемеде әрбір шот-фактурасы немесе төлем-талап тапсырмалары бойынша жүргізіледі, ал бұл кезегінде әрбір құжат бойынша есеп айрысуларды бақылап отыруға мүмкіндік береді.

    Келіп түскен шот-факураларды алдымен « Келіп түскен жүктер есебі журналына» тіркейді. Қоймаларға құндылықтардың түсуіне қарай  журналда кіріс құжаттары бойынша  есепке алынады да, қоймаларға  босалқы қорлардың немесе түспеген жүктерді іздестірумен байланысты сұрау салудың нәтижесінде алынған деректер негізінде келіп түскен күнін жазып қойады. Журналдың деректерін 671 шотының деректерімен мезгіл-мезгіл тексеріп отырады. Журнал бойынша сондай-ақ жол үстіндегі материалдық құндылықтардың сомасы бақыланады. Журналға жабдықтау бөлімінің тауарлы-көліктік ілеспесі (накладнойы), кіріс ордерлерді, материалдарды  қабылдау туралы актілері негізінде кәсіпорын қоймасына материалдық құндылықтардың түсуіне қарай  жазып отырады. «Ескерту» бағасына шоттың төленуі , акцептелген бас тартуы немесе  ішінара акцептелген сомасы  және басқалары жөніндегі мағлұматтар жазылады. Журналға тек акцептелген шот-фактура ғана жазылады.

   Есеп журналы  бойынша тіркеу номерін көрсете  отырып, түскен жүктердің акцептелген  шоттары бухгалтерияға беріледі. Осында олардың деректерін жабдықтаушылармен мердігерлермен есеп айырысу жөніндегі есебі журналға жазылады, ал ол үш кезең бойынша жүргізіледі.

   Бірінші кезеңде  журналға акцептелген шот-фактура  және басқа да есеп айырысу  құжаттары келіп түскен кездегі  жазулар жазылады. Бұл ретте тіркеу номері мен төлем тапсырмаларының номері, жабдықтаушының атауы, шот-фактурадағы акцептің сомасы жазылады. Содан соң жабдықтаушының шот-фактурасын жергілікті жабдықтаушыдан немесе станциядан өзге қалалардан түскен құндылыұтарды алу үшін экспедиторға шот-фактураны береді.

  Екінші кезеңде  журналға қоймадан бухгалтерияға   келіп түскен кіріс құжаттары  негізінде жазылады. Журналда осы  құжаттардың номерлері  келіп  түскен құндылықтардың есептік   неиесе келісім-шартта көрсетілген  бағасы  бойынша алынған құны және  ТМҚ немесе өндіріс шығындары есебі бойынша жекелеген шоттар шегінде төлем талап-тапсырмаларына  сәйкес алынған нақты құны бойынша көрсетіледі.

    Кіріс құжаттары  мұқият тексерілуі жәңе төлем-тапсырмаларындағы  материалдық құндылықтар санына  сәйкес келуі тиіс. Егер жүктерді қабылдау кезінде жабдықтаушының немесе көлік ұйымының кінәсінен құндылықтардың жетіспейтіні немесе бұзылуы анықталса, актінің негізінде талап сомасын 671-ші шоттың кредитінен 334-ші шоттың дебетіне есептен шығарады. Егер материалдық құндылықтардың жетіспеуін есеп айрысуға дейін, яғни төлем құжаттарын акцептеуге дейін анықтайтын болса, онда оның сомасына тиісті есеп айырысу төлем құжаттарындаакцепті азайтады.

     Сондай-ақ  журналда жұмыстар мен қызметтр  берушілер мен есеп айырысулар есебі бойынша операциялар да көрсетіледі. Жұмысты орындағаны немесе қызметті көрсеткені үшін берілген шот-фактура мәліметтері журналға жазылған кезде, оның не үшін берілгені көрсетіледі.

   Үшінші кезеңде  журналда шот-фактурасының төленгені көрсетіледі. Төлем туралы белгілер банктегі есеп айырысу және басқа да  шоттар бойынша үзінділері бойынша расталады. Бұл орайда, шоттың қай күні төленгені  және төлемнің қай шоттан жасалғаны (431, 441, 451, 421) көрсетіледі.

    Айдың аяғында журналдың жиынтығы есептеледі және төленбеген шоттар бойынша қалдықтары шығарылады.

     Журналдың  қорытындысы төрт қатар бойынша  шығарылады; ай ішіндегі жиынтығы, айдың басындағы, жол үстіндегі  материалдар  шегеріліп тасталынады; айдың аяғындағы жол үстіндегі материалдар және журнал бойынша барлығы рет-ретімен көрініс табады.

     Жабдықтаушылар мен  және мердігерлермен есеп айырысулар  есебі бойынша шоттардың корреспонденциясын  қарастырайық:

  • Тауарлы- материалдық құндылықтарды алғаны үшін ( ҚҚС есебінсіз) акцептелген шот-фактураларына: 201-208, 222-223 шоттары дебеттеледі, сондай-ақ осымен бірге шот-фактурасына енгізілген ҚҚС сомасына 331 шоты да дебеттеліп, 671 шот кредиттеледі
  • Жабдықтаушылардың төленген шот-фактурасына: 671-шот дебеттеліп, 441,431,432 шоттар кредиттеледі.
  • Төленген шот-фактура бойынша ҚҚС сомасы есепке алынады, ол кезде: 633- шот дебеттеліп, 331- шоты кредиттеледі.
  • Жабдықтаушылардың орындалған жұмыстар мен қызметтері үшін акцептелген шот-фактурасына сондай-ақ 671- шоттың кредиті бойынша жүргізілген басқа да  жазулар мына төмендегі шоттардың  дебеті бойынша көрініс табады:

126 «Аяқталмаған құрылыс»  шоты өздерінің күрделі құрылыстары  үшін жабдықтаушылар мен мердігерлер  орындаған  жұмыстардың және  қызметтердің құнына: негізгі табындарды  қалыптастыру үшін, сатып алған жас малдар мен ірі малдардың құнына;

301 «Алынуға тиісті  қарыздар» шоты сатып алушы  тікелей жеткізген тауарлар құнына ; баспа-бас операциялар тәртібінде есепке алынған қарыздар құнына;

334 «Дебиторлық басқа да қарыздар»   шоты жабдықтаушыларға және мердігерлерге қойылған талаптарының сомасына;

351 «ТМҚ-мен жабдықтау үшін берілген  аванстар» шоты, 352 «Орындалатын  жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер  үшін берілген аванстар» шоты- бұрын төленген аванстардың есепке  қосылған сомасына;

Информация о работе Ақшасыз есеп айырысу нысандары