Ақшасыз есеп айырысу нысандары

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Марта 2013 в 11:04, курсовая работа

Описание работы

Бүгінде бухгалтерлік есебі басқару жүйесінде ең басты бір орын алады. Ол кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттап және басқарушылық шешімді қабылдау үшін негіз бола отырып, тұтынуды таратуды, айналысты және басқа да өндіріс процесін шынайы көрсетіп береді. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есебі бухгалтерік есеп Стандарттарында және субъектілердің қаржылық – шаруашылық қызметіндегі бухгалтерлік есеп шоттарының Бас есеп жоспарында бекітілген жалпы қағидалар мен ережелерінің негізінде құралады жіне ол бүкіл алынған ақпараттарды пайдаланушылардың талабына, қызметтің құрылымына, ұйымның нысанына, айрықша ерекшелігіне есептің сәйкес келуін қамтамасыз етеді.

Работа содержит 1 файл

акшасыз ес йыр нег нысанд.doc

— 235.00 Кб (Скачать)

 

Салық декларациясы

 

  • ҚҚС төлеуші әрбір  салық кезеңі үшін ҚҚС бойынша декларацияны салық кезеңінен кейінгі айдың  15-нен кешіктірілмей табыс етуге міндетті.
  • Ауыл шаркашылық өнімін өндіруші заңды тұлғаларға арналған арнаулы салық режимін қолданылатын қосылған құн салығын төлеушілер әр тоқсан сайын үшін қосылған құн салығы бойынша декларацияны есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-інен кешіктірілмей табыс етуге міндетті.
  • Декларациямен бірге салық кезеңі ішінде сатып алынған тауарлар бойынша шот-фактуралардың тізімі табыс етіледі. Шот-фактуралар тізімінің нысанын уәкілетті мемлекеттік орган белгілейді.

 

Қосылған құн  салығын төлеу мерзімдері

 

   Қосылған құн  салығын төлеуші қосылған құн  салығы бойынша декларацияны  тапсыру үшін мерзімі белгіленген  күнге дейін немесе сол күні

Бюджетке әрбір салық  кезеңі үшін салық төлеуге міндетті.

Салық төлеуші төлеуге  тиіс қосылған құн салығын қоспағанда, импортталатын тауарлар бойынша  қосылған құн салығы уәкілетті мемлекеттік  органмен келісім бойынша кеден  ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен, кеден төлемдерін төлеу үшін Қазақстан Республикасының кеден заңдарында белгіленген күні төленеді.

 

2.2 Акциздер

 

Акциздерді  қолдану

 

   Қазақстан Республикасының аумағында өндірген және Қазақстан Республикасының аумағында импортталатын  тауарлар қызмет түрлеріне акциз салынады.

 

 

Төлеушілер:

  • Қазақстан Республикасы аумағында акцизделетін тауарлар шығаратын;
  • Акцизделетін тауарларды Қазақстан Республикасының кедендік аумағында импорттайтын;
  • Қазақстан Республикасы аумағында бензинді (авиа бензинді қоспағанда) және дизель отынын көтерме, бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын;
  • Қазақстан Республика аумағында қызметтердің акцизделетін түрлерін жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар акциз төлеушілер болып табылады;
  • Осы баптың 1-ші тармағының ережелері ескеріле отырып, резидент емес заңды тұлғалар және олардың құрылымдық бөлімшелері де акциз төлеушілер болып табылады.

 

Акцизделетін  тауарлар мен қызмет түрінің тізбесі:

 

  • Спирттің барлық түрлері
  • Алкоголь өнімі
  • Темекі бұйымдары
  • Құрамында темекісі бар басқа да бұйымдар
  • Бензин, дизель отыны

 

Салық салу обьектісі:

 

  • Акциз төлеушінің өзі жасап шығарған және өндірген және ыдысқа құйылған акцизделетін тауарлармен жүзеге асыратын мынадай операциялары.

         Акцизделетін тауарларды өткізу;

         Акцизделетін тауарларды алыс-беріс негізінде ұқсатуға беруі;

         Алыс-беріс, оның ішінде акцизделетін шикізат пен материалдарды            ұқсату өнімдері болып табылатын акцизделетін тауарларды беруі;

         Жарғылық капиталға жарнасы;

          Заттай ақы төлеген кезде акцизделетін тауарларды пайдалану;

         Тауар өндірушінің акцизделетін тауарларды өзінің құрылымдық     бөлімшелеріне тиеп жөнелту;

          Тауар өндірушілердің жасап шығарған және өндірген және ыдысқа     құйылған тауарларды өздерінің өндірістік мұқтаждарына пайдалануы;

          Тауар өндірушінің акцизделетін тауарларды өзінің құрылымдық          бөлімшелеріне тиеп жөнелтуі;

        Тауар өндірушілердің жасап шығарған және өндірген және ыдысқа     құйылған тауарларды өздерінің өндірістік мұқтаждарына пайдалануы;

  • Бензинді авиациялық бензинді қосағанда және дизель отынын көтерме сауда өткізуі;
  • Бензинді авиациялық бензинді қоспағанда және дизель отынын бөлшек саудада өткізуі;
  • Тәркіленген және иесі жоқ, мұрагерлік құқығы бойынша мемлекетке енген және мемлекет меншігіне өтеусіз берілген акцизделетін тауарларды өткізу;
  • Ойын бизнесі саласындағы қызметті жүзеге асыруы;
  • Лотореяларды ұйымдастыруы және өткізуі;
  • Акцизделетін тауарлардың, акциз маркаларының бүлінуі, жоғалуы акциз салынатын обьект болып табылады.

Мыналарға:

  • Акцизделетін тауарлардың экспортына;
  • Этиль спиртін өндіруді және оның айналымын бақылау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілейтін квоталар шегіндегі этиль спирті:
  • Тауар өндірушіде аталған өнімді өндіру құқығына Қазақстан Республикасының лицензиясы бар болған жағдайда емдік және фармацевтік дәрі-дермек әзірлеу үшін;
  • Мемлекеттік медицинаінде босатылса;

 

Операция жасалған күн

 

  • Барлық жағдайларда акцизделетін тауарларды тауар алушыға тиеп жөнелту күні операция жасалған күн болып табылады.
  • Тауар өндіруші өзі өндірген құрылымдық бөлімшелері арқылы өткізген жағдайда тауарларды құрылымдық бөлімшелерге тиеп жөнелткен күн операция жасалған күн болып табылады.
  • Акцизделетін алыс-беріс тауарларын беру кезінде аталған тауарларды мердігерге берген күн операция жасалған күн болып табылады.

          Алыс-беріс тауарларынан акцизделетін тауарлар әзірленген кезде     әзірленген акцизделетін тауарларды тапсырыс берушіге немесе тапсырыс беруші көрсеткен тұлғаға берген күн операция жасалған күн болып табылады.

  • Акцизделетін тауарларды өздерінің өндірістік қажеттеріне пайдаланған кезде алған тауарларды осындай пайдалануға берген күн операция жасалған күн болып табылады.
  • Лоторея ұйымдастырған және өткізген жағдайда салық органында лоторея билеттерін сатуға шығыруды тіркеген күн операция жасалған күн болллып табылады.
  • Акцизделетін өнім, акциз маркалары бүлінген жағдайда бүлінген акцизделетін өнімді есептен шығару туралы акт жасалған күн немесе оны өндірістік процесте одан әрі пайдалану туралы шешім қабылданған күн операция жасалған күн болып табылады.

 

          Акцизделетін тауарлар, акциз маркалары  жоғалған жағдайда  акцизделетін  тауарлар, акциз маркалары жоғалған  күн операция жасалған күн  болып табылады.

 

Ойын бизнесі  саласындағы қызметке салық салу

 

Ойын бизнесі (лотореяларды қоспағанда) саласындағы қызметті жүзеге асыру кезінде мыналар:

  • ойын столы
  • ақшалай ұтысы бар ойын автоматы
  • тотализатор кассасы
  • букмекер кеңселерінің кассасы салық салу обьектісі болып табылады.

 

Лотореяларды  ұйымдастыруға және өткізуге салық салу

 

Лоторея ұйымдастырушының лоторея билеттерін сатуға шығаруы  лоторея бойынша салық салу обьектісі  болып табылады.

Лоторея билеттерін сатуға шығарудың әрбір шығарылымы және оның ақша түріндегі көлемі лоторея билеттерін өткізу басталғанға дейін он күнтізбелік күннен кешіктірмей салық органдарында міндетті түрде тіркелуге тиіс.

    Лоторея билеттерін  сатуға шығарды тіркеу тәртібін  уәкілетті мемлекеттік орган  белгілейді.

 

Салықтан шегеру

 

   Салық төлеушінің белгіленген салық сомасын белгіленген шегерімдерге кемітуге құқығы бар.

     Акцизделетін тауарларды спирттің барлық түрін,(шикі мұнайды, газ конденсатын қоспағанда) сатып алған немесе оны Қазақстан Республикасының кеден аумағына импорттталған кезде, егер аталған тауарлар бұдан әрі акцизделетін тауарлар өндіру үшін негізгі шикізат ретінде пайдаланылған болса, Қазақстан Респбликасының аумағында төленген акциз сомалары шегкерілуі тиіс.

      Салық кезеңінде акцизделетін тауарлар дайындауға нақты пайдаланылған акцизделетін шикізат көлемі негізге алынып анықталған акциз сомасына шегерім жасалады.Акцизделетін алыс-беріс шикізаты мен материалдарынан дайындалған акцизделетін тауарларды беру кезінде де, акцизделетін алыс-беріс шикізаты мен материалдарының меншік иесі акциздің төленгенін растаған жағдайда қолданылады.

 

Акциз сомасын  есептеу

 

    Акциз сомасын есептеу белгіленген акциз ставкасын салық базасына қолдану арқылы жүргізіледі.

     Ойын бизнесі бойынша акциз сомасын есептеу салық кезеңіне белгіленген акциз ставкасын салық салынатын обьектілердің санына қолдану арқылы анықталады.Салық кезеңінде салық салынатын обьектілердің саны өзгерсе,

Енгізілген обьектіге  акциз сомасы толық көлемде төленеді.

 

Акциз маркаларының бүлінуі, жоғалуы

 

     Акциздік маркалар жоғалған,бүлінген кезде акциз мәлімделген ассортимент мөлшерінде төленеді.Алкоголь өнімін таңбалауға арналған бүлінген немесе жоғалған акциздік маркалар бойынша акцизді есептеу маркада көрсетілген сауыттың көлеміне қолданылатын белгіленген ставка негізге алынып жүргізіледі.

   Маркада сауыттың  көлемі белгіленбеген жағдайда  бүлінген немесе жоғалған акциздік  маркалар бойынша акцизді есептеу  акциз маркалары бүлінген, жоғалған  кезеңнің алдындағы салық кезеңі ішінде өнім құю жүргізілген сауыттың неғұрлым үлкен көлемі негізге алынып жүргізіледі.

Акциз маркалары бүлінген, жоғалған кезде мынадай жағдайларда:

  • Акциз маркалары төтенше жағдайлар салдарынан бүлінсе,жоғалса;
  • Бүлінген акциз маркаларын салық органдары жоюға жасалған есептен шығару актісі негізінде қабылдаса, акциз төленбейді.

 

Акцизделетін  тауарлардың бүлінуі,жоғалуы

 

Төтенше оқиғалар салдарынан болған жағдайларды қоспағанда, өндірілген акцизделетін тауарлар бүлінген, жоғалған кезде акциз толық мөлшерде төленеді. Өткізу үшін сатып алынған бензин, дизель отыны бүлінген, жоғалған жағдайда да қолданылады.

 

Салық базасы

 

Тұрлаулы акциз ставкасы белгіленген акцизделетін тауарлар бойынша салық базасы өндірілген, өткізілген заттай нысандағы акцизделетін тауарлар көлемі ретінде белгіленеді.

Адваларлық акциз ставкалары белгіленген акцизделетін тауарлар бойынша салық базасы лотореяны өндіруші осы тауарды акциздер мен қосылған құн салығын енгізбей беретін бағалар бойынша анықталатын өндірілген, өткізілген акцизделетін тауарлар құны ретінде белгіленеді.

Лотореяларды ұйымдастыру  және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру кезіндегі салық базасы лотореяны ұйымдастырушы салық  органында лоторея билеттерін сатуға шығаруды тіркеген кезде жүлде қорына жатқызылатын сома алып тасталған, оған акциз сомасы қосылмай мәлімделген түсім сомасы ретінде анықталады және шығарылым тіркелгеннен кейін ол өзгертілмеуге тиіс.

 

Акциз төленетін жер

 

Акциз төлеу, акциз төлеушінің тіркелген жері бойынша жүргізіледі.

Құрылымдық бөлімшелері бар акциз төлеушілер, егер олар:

  • акцизделетін тауарларды өндіруді және оларды құюды;
  • бензинді (авиациялық бензинді қоспағанда) және дизель отынын көтерме, бөлшек саудада өткізуді жүзеге асыратын болса, құрылымдық бөлімшелердің орналасқан жері бойынша акциз төлейді.

 

 

Акциз ставкалары

 

         Акциз ставкаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді және     тауар құнына процентпен адвалорлық және заттай нысандағы өлшем бірлігіне абсолюттік сомада тұрлаулы белгіленеді.

  • Алькоголь өніміне акциздер ставкасы онда су араластырылмаған жүз проценттік спирттің болу көлеміне байланысты бекітеді.
  • Спирттің барлық түрлеріне акциз ставкалары спирттің бұдан әрі пайдалану мақсаттарына қарай сараланады.Алькоголь өнімдерін өндіру үшін өткізілетін спиртке акциз ставкасы алькоголь өнімдерін өндіру үшін пайдаланбайтын адамдарға өткізілетін спиртке белгіленетін базалық ставкадан төмен белгіленуі мүмкін.
  • Ойын бизнесі обьектілеріне акциздің базалық ставкасының ең жоғары және ең төмен шектерін Қазақстан Республикасының Үкіметі бір жылға есептеп белгілейді.
  • Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес жеке тұлғалар оңайлатылған тәртіппен өткізетін акцизделетін тауарларға акциз ставкаларын жиынтық кедендік төлем құрамына қосылуы мүмкін, оның мөлшері Қазақстан  Республикасының кеден заңдарына сәйкес айқындалады.
  • Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының кедендік аумағында еркін айналым үшін шығарылатын акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлеріне акциз ставкалары белгіленеді, жиынтық төлемнің құрамына енгізілуі мүмкін. Акцизделетін туарлардың жекелеген түрлерінің тізбесін және жиынтық төлемнің ставкаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.

Жиынтық төлем белгіленген  тәртіппен және мерзімдерде төленеді.

 

Акциз төлеу  мерзімдері

 

Акцизделетін тауарларға акциз:

Салық кезеңінің алғашқы  он күні ішінде жасалған операциялар  бойынша айдың он үшінші күнінен

Салық кезеңінің екінші он күні ішінде жасалған операциялар бойынша айдың жиырма үшінші күнінен

Салық кезеңінің қалған күндерінде жасалған операциялар бойынша есепті айдан кейінгі айдың үшінші күнінен кешіктірілмей бюджетке аударылуы тиіс.

Информация о работе Ақшасыз есеп айырысу нысандары