Ақшасыз есеп айырысу нысандары

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Марта 2013 в 11:04, курсовая работа

Описание работы

Бүгінде бухгалтерлік есебі басқару жүйесінде ең басты бір орын алады. Ол кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттап және басқарушылық шешімді қабылдау үшін негіз бола отырып, тұтынуды таратуды, айналысты және басқа да өндіріс процесін шынайы көрсетіп береді. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есебі бухгалтерік есеп Стандарттарында және субъектілердің қаржылық – шаруашылық қызметіндегі бухгалтерлік есеп шоттарының Бас есеп жоспарында бекітілген жалпы қағидалар мен ережелерінің негізінде құралады жіне ол бүкіл алынған ақпараттарды пайдаланушылардың талабына, қызметтің құрылымына, ұйымның нысанына, айрықша ерекшелігіне есептің сәйкес келуін қамтамасыз етеді.

Работа содержит 1 файл

акшасыз ес йыр нег нысанд.doc

— 235.00 Кб (Скачать)

811 «Тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сату бойынша шығындары»; 821 «Жалпы және әкімшілік шығындары»; 901,921,931,934,936,941,944,948;951 «Материалдар» және басқа да шоттары бойынша кәсіпорынның қабылдаған жұмыстары мен қызметтерінің сомасына.

Мына төмендегі шоттардың кредитінен 671-шотының дебетіне жазылған жазулар 301 «Алынуға тиісті шоттар», 351 «Тауарлы материалдық запастары үшін берілген аванстар» 422 «Аккредитивтегі ақша қаражаттары» 423 «Банктердегі арнайы шоттардағы қолма-қол ақша», 431 «Ел ішіндегі валюта шотындағы қолма-қол ақша», 432 «Шетелдердегі валюта шотындағы қолма-қол ақша» 451 «Кассадағы ұлттық валюта түріндегі қолма-қол ақша»  шоттары бойынша жабдықтаушылар мен мердігерлердің шоттарының тиісті шоттарынан төленетін ін көрсетеді.

Жабдықтаушылар мен есеп айырысулар есебі жөніндегі журналда ай аяғында 671- шоты бойынша талданған қалдықтар көрсетіледі. Талдама есептің құрылымы негізінен жабдықтаушылар мен мердігерлермен  есеп айырысулар жөнінднгі қалдықтар туралы мағлұмат алуды қамтамасыз ету үшін және есеп айырысу ын жедел бақылау үшін мына төмендегі топтардан қалыптасады, атап айтсақ: төлеу мерзімі келмеген есеп айырысулар жөніндегі жабдықтаушылардың құжаттарынан; фактураланбаған қалған жабдықтардан; мерзімінде төленбеген есеп айырысу құжаттары бойынша жабдықташылардан.

Талдамалық деректер бойынша берешекткрді анықтама түрінде көрсетеді: төлем  мерзімі келмеген, төлеу мерзімі  өткен вексельдер бойынша, жолдағы  материалдар (соның ішінде жүк айналымының  нормативтен тыс мерзімі)

      Жабдықтаушылар мен мердігерлер бұл ұйымдар кәсіпорынларға ТМҚ-ды әкеледі және жұмысшылар мен қызметтерді жүзеге асырады. Жабдықтаушылар кәсіпорынға шикізат, әр түрлі материалдарды, тауарларды, негізгі құралдарды және материалды емес активтерді сатады. Мердігерлер әр түрлі жұмыстарды көрсетеді. Кәсіпорындар мердігерлермен және жабдықтаушылармен келісім шартқа отырады. ТМҚ- ды әкелген соң және жұмыстарды қабылдағаннан кейін кәсіпорын олармен есеп айырысады.

Кәсіпорын жабдықтаушылармен  және мердігерлермен есеп айырысу есебін 671 «Берушілер мен мердігерлерге берілетін қысқа мерзімді берешек» шотын пайдаланады. Бұл синтетикалық пассивті шот.

 

1 схема «Жабдықтаушылармен  және мердігерлермен есеп айырысу»  шотының схемасы.

Дт                                                   671                                                      Кт

 

Бастапқы сальдо –  ай басындағы кәсіпорынның берешегін  көрсетеді.

Дебеттік айналым –  төлемақысы істелінген соң жабдықтаушылар және мердігерлердің алдынан қарыздардың  азайтылуын көрсетеді.

Кредиттік айналым – есеп беру кезінде кәсіпорынның берешектердің көбейгенін көрсетеді.

 

Сс=Бс+Ка-Да


 

1 кесте «Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысуының» басқа да шоттармен есеп айырысуы.

Операция мазмұны

Дт

Кт

1.Жабдықтаушылардан құндылықтар  сатып алынды:

    1. Тауарлар
    2. Шикізат пен материалдар
    3. Негізгі құралдар
    4. Материалды емес активтер

 

2.Алынған құндылықтар  бойынша ҚҚС сомасы есептелінді.

 

3.Мердігерлерден жұмыстар  қабылданды:

  1. Жалпы қызметімен байланысты
  2. Сатумен байланысты қызмет
  3. Құрылыспен байланысты
  4. Коммуналдық қызметтер мен өндірістік негізгі қорларды жөндеумен байланысты

 

4.Қабылданған жұмыстар  бойынша ҚҚС сомасы

 

5.Жабдықтаушылардың және  мердігерлердің шот фактуралары  төленді:

 

211

221

141

101

 

331

 

 

 

821

811

126

931

 

 

 

331

 

671

671

671

671

 

671

 

 

 

671

671

671

671

 

 

 

671


 

1 кестенің аяғы

  1. Ағымдағы шотынан
  2. Кассадан
  3. Валюталық шотынан
  4. Басқа да банктік шотынан

671

671

671

          671

441

451

431

          441


 

 Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысудың аналитикалық есебі №6 журнал ордерінде жүргізіледі.Журнал ордерінің 3 бөлімі бар.

    • Ай басындағы бірінші бөлімде жабдықтаушылардың атауы және бастапқы сальдо жазылады.
    • Келіп түскен шот фактуралардың номерін және сомасын жазады. Бұл бөлімде бухгалтерлік шоттың корреспонденциясын жазады.
    • Шот фактураның  төленгенін көрсетеді. Ай соңында журнал ордері бойынша қортындысын есептейді. Кредиттік айналым Бас кітапқа көшіріледі.

 

 

1.3 Берілген аванстар бойынша есеп айырысудың есебі

                                                                  

Берілген аванстар бойынша есеп айырысудың есебі 35 «Берілген аванстар» бөлімшесінің шоттарында жүргізіледі. Бұл бөлімшенің екі шоты бар – 351 «Тауарлы-материалдықь құндылықтармен жабдықтау үшін берілген аванстар» және 352 «Орындалатын жұмыстармен көрсетілген қызметтер үшін берілген аванстар».

Аванс берілген жағдайда 35- бөлімшенің шоттары дебеттеледі  және 441 «Есеп айырысу шотындағы  қолма-қол ақша», және т.б. шоттары  кредиттеледі, сондай-ақ шетелдік валютада берілген аванс бойынша бағамдық  оң айырмасының сомасына 725 шоты корреспонденцияланады. Тиесілі шоттардың (351,352)  кредиті бойынша және 671 шоттың дебеті бойынша жабдықтаушылардың біткен жұмыстарын төлеуі кезінде, берілген аванс сомалары ескеріледі, сондай-ақ шетелдік валютада берілген авнс бойынша бағамдық теріс айырмасының сомасына 844 шоты корреспонденцияланады.

Берілген аванстың (талдамалық) есебі басқалай кредиторлық және дебиторлық қарыздар бойынша есеп айырысудың аналитикалық тізімдемесінде 351 және 352 шоттары бойынша бөлек жүргізіледі.

 

 

 

 

 

 

2 САЛЫҚ ЖӘНЕ САЛЫҚ САЛУ

 

2.1 Қосылған құн салығы бойынша есепке қою

 

        ҚҚС бойынша есепке қойылатын талаптар.

  • Қорытынды бойынша тауарларды өткізу бойынша айналымның мөлшері осы баптың 3-тармағында белгіленген өткізу бойынша ең төменгі айналымнан асатын болса, тұлғалар кез келген кезең аяқталған күннен бастап күнтізбелік он бес күннен кешіктірілмей ҚҚС бойынша есепке қою туралы салық органына өтініш беруге міндетті.
  • Өткізу бойынша айналымды анықтау кезінде салықтан босатылатын өткізу бойынша айналым, сондай-ақ жеке тұлғаның жеке мүлкін өткізу бойынша айналым, егер ондай мүлік кәсіпкерлік қызмет мақсатында пайдаланылмаса , есепке алынбайда.
  • Заңды тұлғаның құрылымдық мөлшерлері болған жағдайда өткізу бойынша айналым көлемі осы тұлғаның барлық құрылымдық бөлімшелерінің өткізу бойынша айналымдары ескеріле отырып айқындалады.
  • Өткізу бойынша айналымның ең төмен деңгейі осы баптың бірінші тармағында көрсетілген кезнңнің соңғы айына белгіленген АЕК-тің 15000 еселенген шамасын құрайды.
  • Осы баптың 1-ші тармағына сәйкес ҚҚС бойынша есепке қойылуға жатпайтын, бірақ ҚҚС-ғын салуға жататын тауарларды өткізуді жүзеге асыратын немесе жүзеге асыруды жоспарлаған тұлға ҚҚС бойынша есепке қою туралы өтінішті салық органына ерікті түрде бере алады.
  • ҚҚС салығы бойынша ол есепке қою туралы өтініш берген айдан кейінгі айдың алғашқы күнінен бастап ҚҚС салығын төлеушіге айналады.
  • Жеке кәсіпкер он жұмыс күнінен кешіктірмей ҚҚС бойынша есепке қою туралы салық органына  өтініш берген жағдайда, жеке еәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы тұлға жеке кәсіпкерлер ретінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап ҚҚС төлеушіге айналады.
  • Мемлекеттік мекемелерді сондай-ақ ҚР-ғы қызметін тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент еместі қоспағанда, заңды тұлға ол мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күннен кешіктірмей салық органына ҚҚС бойынша есепке қою туралы өтініш берген жағдайда осы тұлғалар өздері салық төлеуші ретінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап ҚҚС төлеушілерге айналады.
  • ҚҚС төлеуші заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері ҚҚС бойынша есепке қою туралы өтініші берілген айдан кейінгі айдың 1-ші күні ҚҚС-ын төлешілерге айналады.

 

 

Қосылған құн  салығы бойынша есепке қойылатын  орын

 

  • Егер осы бапта өзгеше көзделмесе, ҚҚС бойынша есепке қою салық төлеуші ретінде мемлекеттік тіркеу орны бойынша жүзеге асырылады.
  • Заңды тұлға арнайы экономикалық аймақтың аумағында объектілер салу жөніндегі қызметті жүзеге асырған жағдайда, ондай заңды тұлғаны не оның құрылымдық бөлімшесін ҚҚС бойынша есепке қоюды арнайы экономикалық  аймақ аумағындағы салық органы жүзеге асырады.
  • Егер заңды тұлға өзін ҚҚС бойынша есепке қою туралы өтініш бермесе, оның арнайы экономикалық аймақтың аумағына объектілер салу жөніндегі қызметті жүзегше асыратын құрылымдық бөлімшесі аталған заңды тұлғаның  өтінішсіз ҚҚС-ын дербес төлеуші деп қарастырылады.

 

Қосылған құн  салығы бойынша есепке қою туралы куәлік

 

  • ҚҚС бойынша есепке қойған кезде салық органы тұлғаға оның ҚҚС төлеуші ретінде есепке қойылғаны туралы куәлік беруге міндетті, онда  

 

 Қосылған құн салығы бойынша есептен шығару

 

  • Егер ҚҚС төлеушінің соңғы 12 айлық кезеңіндегі салық салынатын айналым мөлшерінен аспаса, ол тіркелген жеріндегі салық органына өзін ҚҚС бойынша есептен шығару туралы өтініш беруге құқылы.
  • ҚҚС төлеуші мұндай құқықты өзін ҚҚС бойынша есепке қойған кеезден бастап, кем дегенде екі жыл өткеннен кейін пайдалана алады.
  • Егер ҚҚС төлеуші болып табылатын тұлға салық салынатын айналымдарға байланысты қызметін тоқтатқан жағдайда, мұндай тұлға қызметі тоқтатылған салық кезеңінен кейінгі алты айдың аяқталуынан кешіктірілмей, өзін ҚҚС бойынша есептен шығару туралы өтініш беруге міндетті.
  • Салық органы ҚҚС төлеуші болып табылатын және салық есептілігін беру мерзімінен кейін алты ай кезең ішінде оны бермеген тұлғаны тапқан жағдайда, салық органы ҚҚС бойынша есептен шығаруды ҚҚС-ғын төлеушіні хабардар етпестен, уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен жүргізіледі.
  • ҚҚС төлеуші болып табылатын заңды тұлға таратылған жағдайда, мұндай тұлға салық төлеушілердің мемлекеттік тізімінен алып тасталған күннен бастап ҚҚС бойынша есептен шығарылуға тиіс.

 

Қосылған құн  салығынан босатылған және айналымдар импорт

 

     Мынандай тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді):

  • пошталық ақы төлеудің мемлекеттік белгілері;
  • акциздік маркаларын
  • уәкілетті органдар жүзеге асыратын, соларға байланысты мемлекеттік баж алынатын қызметтерді;
  • адвокаттық қызметті, наториалдық іс-әрекеттерді жүзеге асыру бойынша көрсетілетін қызметтерді;
  • ҚР ҰБ өткізетін тауарлар;
  • мемлекеттік меншікті жекешелендіру тәртібімен өткізілетін мүлікті;
  • ҚР заңдарына сәйкес мемлекеттік қажеттіліктер үшін сатып алынған мүлік;
  • ҚР заңдарына сәйкес мемлекеттік мекемелердің пайдасына өтеусіз негізде негізгі құралдарды беру, сондай-ақ мемлекеттік мекемелердің кәсіпорындар пайдасына өтеусіз негізінде негізгі құралдар берілді;
  • жарғылық капиталға жарналарды;
  • жарғылық капиталға жарна ретінде алынған мүлікті қайтарып алуды;
  • жерлеу бюроларының әдет-ғұрыптық қызмет көрсетулерін, зираттар мен криматорийлердің қызмет көрсетулерін;
  • оларды жеткізу жөніндегі қызмет көрсетулерді қоспағанда, лотереялық билеттерді өткізу бойынша айналымды;
  • банк карталары мен операциялары бойынша есеп қисаптарға қатысушыларға жинау, өңдеу және таратып беру жөніндегі қызмееет көрсетулерді қоса алғанда, есеп қисаптарға қатысушылар арасындағы ақпараттық және технологиялық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету жөнінде көрсетілген қызметтерді өткізу бойынша айналымдар;
  • ҚР-ның кеден аумағына «ҚР-ның кеден аумағында тауарларды ұқсату» кеден режимінде әкелінген  тауарларды ұқсату және жөндеу бойынша қызмет көрсетулер;
  • тұрғын үй қорын басқару, ұсату мен пайдалану жөнінде қызмет көрсету;
  • ұлттық валюта;
  • ҚР кеден заңына сәйкес айқындалған «Еркін қойма» кеден режимі қолданылатын аумақта өндірілген  және ҚР кеден аумағының қалған бөлігіне өткізілген қазақстанды тауарларды;
  • ҚР-ның аумағында жұмыс істейтін және келісім шарттың талаптары бойынша импортталатын тауарларға ҚҚС-дан босатылған кәсіпорындарға өткізілген тауарларды өткізу бойынша айналымдарҚҚС-дан босатылады.

 

Салық салынатын  айналым түзетілген кезде шот-фактуралар жасау

 

Салық салынатын айналым  мөлшерін түзету кезінде қосымша  шот-фактура жасалады, онда:

  • Қосымша шот-фактураның рет нөмірі мен жасалған күні;
  • Қосымша шот-фактурасы жасалатын шот-фактураның рет нөмірі мен жасалған күні;
  • Тауарларды беруші мен алушының атауы, мекен-жайы және тіркеу нөмірі;
  • Қосылған құн салығын есепке алмай, салық салынатын айналымды түзету мөлшері;
  • Қосылған құн салығының сомасы көрсетіледі.

Қосымша шот-фактураны  тауарларды беруші жасайды және аталған тауарларды алушы растайды.

 

Салықты есептеу және төлеу тәртібіСалық салынатын айналым бойынша бюджетке төленуге тиісті қосылған құн салығы

 

Салық салынатын айналым  бойынша бюджетке төленуге тиісті қосылған құн салығының сомасы ҚҚс-ның ставкаларына салық салынатын айналым бойынша есептелген ҚҚС-ныңсомасы мен есепке жатқызылған салық сомасы арасындағы айырма ретінде анықталады.

 

ҚҚС ставкалары

 

  • ҚҚС-ның ставкасы 15 процентке тең болады және салық салынатын айналым бойынша қолданылады.
  • Салық салынатын импорт бойынша ҚҚС ставкасысалық салынатын импорт мөлшерінің 15 процентке тең болады.
  • Жеке тұлғалар оңайлатылған тәртіппен өткізетін тауарлар импорты кезінде ҚҚС жиынтық кедендік төлем құрамын да төлей алады, оның мөлшері ҚР-ның заңдарына сәйкес айқындалады.

 

Салық кезеңі

 

  • ҚҚС бойынша салық кезеңі күнтізбелік ай болып табылады.
  • Егер алдыңғы тоқсан үшін бюджетке төленуге тиіс ҚҚС-ның орташа айлық сомасы 1000 АЕК-тен кем болса, онда салық кезеңі тоқсан болып табылады.
  • Егер күнтізбелік ай ішінде есепке жатқызылған ҚҚС сомасы есептелген салық сомасынан асып түскен жағдайда, ҚҚС төлеуші дербес айқындалған күнтізбелік ай не тоқсан салық кезеңі болып табылады.
  • Ауыл шаруашылық өнімін өндіруші заңды тұлғаларға арналған арнаулы салық режимін қолданатын ҚҚС төлеушілер үшін аталған арнаулы салық режимінің күші қолданылатын қызметті жүзеге асырудан бюджетке төленуге тиісті ҚҚС бойынша салық кезеңі салық жылы болып табылады.
  • Басқа да қызмет түрлерін жүзеге асырудан бюджетке  төленуге тиіс ҚҚС бойынша  салық кезеңі 1-3 тармаққа қарап айқындалады.

Информация о работе Ақшасыз есеп айырысу нысандары