Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Ноября 2011 в 10:24, курсовая работа
Курстық жұмысымның тақырыбы «Ақша айналысы және оның эволюциясы». Бұл тақырыпты таңдаған себебім: қай заманда болмасын ақша маңызды роль атқарады. Экономиканың ақшасыз мәні болмайды. Ал, осы ақшаның дамуын, эволюциясын білген кімге болса да артық емес.
Ақша – тауардың ерекше қасиеті, оның кез – келген басқа тауарлардың құнын көрсете алатындығы, оның жалпыға бірдей балама болып жұмыс істейтіндігі, яғни, алмастырудың жалпыға бірдей құралы
Кіріспе....................................................................................... 3
І. Ақшаның мәні және оның дамуы
Ақшаның даму тарихы мен эволюциясы.................... 4
Ақшаның қажеттілігі мен экономикалық мәні........... 7
Ақша қызметінің эволюциясы..................................... 10
ІІ. Ақша айналымы оның қызметтері мен түрлері
Ақша айналымының сипаттамасы................................. 15
Ақша атқарымдары......................................................... 17
Ақшаның түрлері............................................................ 21
Қорытынды................................................................................. 25
Пайдаланылған әдебиеттер.......................
Дамыған елдерде бұл процесс кеңінен дами түсуде: оларда қолма – қолсыз ақша айналысы өсіп келе жатыр. АҚШ – та халықтың есеп айырысуларының 25 – 27% - зы ғана қолма – қол ақшамен, ал қалған чек, несиелік карточкалар, тағы басқалар көмегімен жүргізіледі.
өмірлік тәжірибе көрсеткендей, ақша айналысын ақша айналымынан бөлуге болмайды. Ақша айналымын қолма – қол және қолма – қолсыз деп қатаң түрде шектеуді ғалымдар онша қабылдай қоймайды.
Бұл екеуі өзара тығыз байланысты, сондықтан оларды бөлу қажет емес. Ақша өз айналысында қолма – қолдан қолма – қолмасыз ақшаға өтеді. Мысалы, кәсіпорынның бөлшек саудасынан түскен түсім банкке түскеннен соң оның айырысу шотында қолма – қолсыз ақша қаражаттарына айналады да, ол бұдан өз жеткізушілеріне ақша аударуы мүмкін.
Сонымен, бүкіл ақша айналысы: қолма – қолсыз ақшалар болып бөлінеді. Сондай – ақ:
2.2.
Ақша атқарымдары
Ақшаның мәнін көрсетуші оның атқарымы болып есептеледі. Экономиканың кез – келген үлгісінде ақшаның атқарымы өзгермей, бір қалыпта қалады. Қазіргі жағдайда да (нарық жағдайында) ақшаның атқарымдары да бұрынғыдай:
Айта кететін нәрсе, көрсетілген атқарымдарды тек ақша ғана орындай алады. Енді осы атқарымдардың әрқайсысымен толығырақ танысамыз.
Ақша құн өлшемі ретінде. Ақшаның бұл атқарымы оның көлемі мен тауардың өзіндік құны анықталған кезде байқалады. Бұл жерде тауардың
өзіндік құны, оны өндіру жолындағы, қоғамдық қажетті шығынмен тең. Олай болса, тауар өндіру, болмаса басқаша қызмет көрсету үшін, алдымен еңбек бұйымдарын табу керек, тек содан кейін, солардың көмегімен, керекті өнім шығарылады, болмаса қызмет көрсетіледі. Осыған байланысты жаңадан шығарылған тауардың өзіндік құны екі элементтен тұрады. Біріншісі, жоғарыда айтылған еңбек құралдары мен еңбек бұйымдарының құны. Өйткені, ол түгелімен, жаңадан шығарылған өнімнің өзіндік құнына ауысады. Екіншісі, осы өнімді өндіру жолындағы жұмсалатын тірі еңбеку күшінің құны. Сонымен қатар, жаңа өнімнің өзіндік құнына қосылатын еңбек құралдарының және еңбек бұйымдарының құны да, тірі еңбек күшінің құны да әрбір тауар өндірушіге бірдей болмайды. өйткені, барлық тауар өндірушілердің техникамен жабдықтандырылуы, мамандық дәрежесі және үнемшілдігі әртүрлі болады. Алайда, кез келген тауар, тек қоғамдық қажетті шығынға байланысты бағаға сатылады. Осы жағдайды №1 қосымшадан көруге болады.
Ақша, айналым құралы ретінде. Барлық тауарлар, қай жерде шығарылғанына қарамастан, қандай меншіктің шығарылғанына қарамастан, керекті уақытында сатылуы керек. Яғни, құнның тауарлық нысаны ақшалық нысанға ауысуы тиісті. Сонымен қатар, әрбір тауар өндіруші, сатылған тауардан түскен ақшаға жаңадан құрал – саймандар мен еңбек бұйымдарын сатып алады, еңбекақы төлейді, және басқа да шаруашылықтың қажеттерін қанағаттандырады. Сөйтіп, өндіру мен өткізу прцесін үздіксіз жалғастырады.
Сонымен, ақшаның айналым құралы ретінде жұмыс істеуі ақшаның тауарға, тауардың ақшаға айналуының толассыз тізбегі болып табылады. Осылайша ақша үздіксіз айналымда жүреді.
Бұл атқарымның өзіне тән ерекшелігі, ақша мен тауардың біріне – бірінің қарсы қозғалатындығында: ақша сатушыға қарай қозғалса, тауар сатып алушыға қарай қозғалады.
Айта кететін бір жәй, осы айналымның құралы ретінде істеу, тек ұлттық ақшаға ғана тән. Заң бойынша елдің ақша айналымында басқа мемлекеттің ақшасы болуға тиіс емес. өйткені, олай болған күнде айналымдағы ақшаның саны көбейіп, сапасы азайып, құнсыздануына апарып соғады. Басқаша айтқанда, айналымда жүрген ақшаның саны осы атқарымның дұрыс орындалуымен тығыз байланысты. Егер, ақша айналымы тезірек жүрсе, айналымға керек ақшаның саны азаяды. Керісінше, айналымның қозғалысы баяулап кетсе, айналымда көбірек ақша жүруі керек.
Ақша төлем құралы ретінде. Бұл атқарымға тауардың қозғалысы мен ақшаның қозғалысындағы айырмашылық тән. өйткені, тауар, оны сатып алушының қарауына, ақшаның, сатушының қаруына түсуіне қарағанда, әлдеқайда кеш түседі. Егер сатушы мен сатып алушының арасындағы келісімі бойынша тауардың құны алдын – ала төленетін болса, ақша сатушыға ертерек түседі. Сөйтіп, келтірілген екі нұсқада да тауар мен ақшаның қозғалысы екі бөлек. Тарихи тұрғысынан қарағанда, ақша төлем құралы ретіндегі атқарымда тауарды несиеге берумен байланысты пайда болған.
Ақшаның бұл атқарымы, несие беріп және оны қайтарғанда, қаржы органдарымен ақшалай қарым – қатынаста, халыққа қызмет ететін кәсіпорындар мен көрсетілген қызметі үшін есеп ажырасқанда, жеке тұлғаларға еңбек ақы, зейнет ақы, жәрдем ақы, степендия және басқа да ақшалай төлемдерді өтегенде байқалады. Көбінесе жоғарыда аталған төлемдер қолма – қол ақшасыз, яғни бір шоттан, екінші шотқа аудару арқылы жүргізіледі. Қолма – қол ақша тек, есеп ажыратушылардың бір жағы жеке тұлға болғанда ғана қолданылады.
Ақшаның осы атқарымында, қолма – қол ақшасыз есептелетін жеке тұлғалардың үлесі қаншалықты төмен болса, қолма – қол ақшамен есептесетін Заңды тұлғалардың үлесі соншалықты төмен.
Ақша, қорлану құралы ретінде. Бұл атқарымды, айналыс құралы болмаса, төлем құралы ретінде жүрген ақшалар емес, айналысқа қатынаспай жүрген ақшалар ғана орындайды. Оның ішінде халықтың қолында жүрген ақша, банкілердегі есеп шоттарда қалған, жеке және заңды тұлғалардың ақшасы кіреді.
Ақшаның қорлану құралы ретінде атқарымын орындайтын артық ақша табыстың шығыннан көбірек болған күнде ғана пайда болды. Ол ақшалар алдағы кезде орын алатын көлемді шығындардың қоры ретінде сақталады. Сонымен ақшаның бұл атқарымы, несиелік қарым – қатынастың пайда болуына, оның әрі қарай дами түсуіне әсер ететін алдыңғы жағдай туғызады.
Осының арқасында шаруашылықтың, жеке тұлғалардың уақытша (бос) артық ақшасы, басқа шаруашылықтарға, жеке тұлғаларға уақытша пайдалануға беріледі (қарызға беріледі). Сөйтіп ақшаның бостан – босқа пайдасыз жатуына, сонымен бірге оның инфляциясының әсерінен құнсызданып кетуіне жол берілмейді. Тек мына жағдайларға сүйену керек:
Дүниежүзілік
ақша атқарымы. 1976 жылы, ақшаның
алтын тепе – теңдігі жойылғаннан кейін,
көптеген экономистер, енді құнсыз қағаз
ақша, дүниежүзілік ақша атқарымын орындай
алмайды деген пікірге келген. Бірақ та,
ақша әлі де, әртүрлі елдердің және олардың
заңды және жеке тұлғаларының, өзара қарым
– қатынастарына қызмет көрсетіп жүр.
Мысалы, басқа елдің шаруашылықтарымен
жеке тұлғалармен алып – сату, ол үшін
өзара есеп ажырасу, несие алу оны қайтару
деген сияқты істер жыл сайын өсіп келеді.
Осыған байланысты, қазіргі ақша, дүниежүзілік
ақша атқарымын орындай алмайды деген
пікір, онша дұрыс емес. Ақша бұрынғыша
өзінің дүниежүзілік ақша атқарымын орындап
келеді. Рас, кез – келген ұлттық ақша
емес, тек еркін айырбасталымды ақшалар.
Еркін айырбастауға жатпайтын ақшалар
дүниежузілік ақша атқарымын орындай
алмайды. Сондықтан ақшалары еркін айырбасталмайтын
елдер, алдымен өз ақшасын сол кездегі
бағамен еркін айырбасталатын ақшаға
(доллар, марка, иена сияқты) ауыстырады
да, содан соң оны өзінің, керекті халықаралық
істеріне жаратады. Сондықтан қағаз ақша,
дүниежүзілік ақша атқарымын тіпті орындамайды
деген түсінікпен келісуге болмайды. Орындайды,
тек тежеулі көлемде.
2.3.
Ақшаның түрлері
Ақша, пайда болғаннан бері бірнеше рет өзгеріске ұшырады. Бірақ, бұл өзгеріс оның тек сыртқы түріне ғана тиді, ішкі мағынасы өзгерген жоқ. Ақшаның сыртқы түрінің өзгеру себебі, оның жұмыс істейтін жағдайларымен, яғни қоғамдағы болған өзгерістермен байланысты. Мысалы, жоғарыда айтылғандай, адамзат өмірінің бастапқы кезінде жалпыға бірдей баламаның, маңызын әртүрлі тауарлар атқарған.
Ең бірінші металл ақша, біздің заманымыздан бұрынғы ІІІ ғасырда Римде басылған, ал біздің заманымыздан бұрынғы 7 – 8 ғасырларда, Малазиядағы Лидия мемлекетінде және Ежелгі Грецияда басылған. Басқа Европа елдерінде және Ресейде өз металл ақшасын басу, ІX-X ғасырларда басталған. Сөйтіп, металдан жасалған ақша өте ұзақ мерзім өмір сүрген. Мысалы, Ресейде, 5 – 10 сомдық алтын ақша, бірінші импералистік соғыс басталғанға дейін қолданылған.
Алтын ақшаның жеке өзіндік құны бар. Сондықтан да ол ешуақытта, тіпті инфляция кезінде де құнсызданбайды. Осыған бапйланысты алтын ақша өз бетімен айналымға қанша керек екенін шамалай алмады. Егер айналыстағы алтын ақша керек мөлшерден артық болса, олар айналымнан шығып, қазынаға сақтауға ауысады, ал егер айналыс керегі алтын ақшамен қамтамасыз етілмесе, олар қайтадан ешқандай кедергісіз айналысқа енеді. Мұндай жағдайда, айналысқа қанша керек екенін анықтап, оны тәртіптеп жатудың ешқандай керегі жоқ.
Дегенмен, алтын ақшаны пайдаланудың бірқатар қиындықтары бар. Біріншіден, алтыннан ақша басу, алтын шығарумен тығыз байланысты, ал алтын шығарудың, өз кезегінде, қымбатқа түсетіндігі белгілі. Екіншіден, айырбастау операциясының өсуі, айналыстағы ақшаның көбеюін керек етеді. Осыған байланысты, қымбатқа түсетін алтын ақшаны, арзанырақ ақшаға ауыстырудың қажеттілігі туды. Сөйтіп, өзінің жеке құны жоқ қағаз ақша белгісі пайда болды.
Қағаз ақша. Ең бірінші қағаз ақша XІ – ғасырда Қытайда шықты. Содан кейін VІІ- ғасырдың аяғында Солтүстік Америкада, ал XVІІІ – ғасырдың аяғында XІX – ғасырдың басында Англияда шығарылған. Ресейде 1769 жылы «ассигнация» деп аталатын қағаз ақша шығарылды.
Қағаз ақшалар алтынға, не күміске айырбасталынбайды және оны Үкімет тек мемлекеттік бюджеттің тапшылығын жабу үшін ғана шығарады. Осыған байланысты қағаз ақша мөлшерден артық шығып кетіп, құнсыздануы мүмкін, ал бұл өз кезегінде, инфляциялық жағдайға әкелетіні анық. Бұл қағаз ақшаның өзіне тән ерекшелігі. Дегенмен, бұндай жағдайды, несиелік ақшаның көмегімен босаңдатуға болады.
Несиелік ақша (банк билеттері). Несиелік ақшаны айналысқа шығару және оны қолданудан алып тастау, несиелік операцияларды жүзеге асыратын, кез – келген банктің қолында. Шаруашылықтарға несие бергенде, болмаса вексельдерді есепке алғанда, не қайта есептегенде, банктер арыз алушыларға өзінің банкнотын береді. Мұндай несиелік ақша шығару ешқандай Үкіметтің артық шығынымен, болмаса бюджеттің тапшылығымен байланыспайды. Тек, тауар өндірумен, оны өткізудің анық қажеттілігімен байланысты шығарылады. Бұл ақшаның қағаз ақшамен салыстырғандағы үлкен артықшылығы бар. Бұлай болудың ең басты себебі несиенің материалдық құндылықтар мен шаруашылық шығындардың нақты қозғалысына қарай беріліп және қайтарылып отыратыны. өйткені, мұндай құндылықтар мен шаруашылық шығындар несиенің уақытында қайтарылуын қамтамасыз етеді. Сондықтан несиелік ақша шығару ақша айналысына ешқандай зиянкелтірмейді, керісінше, айналымда жүрген ақшаның санын азайтуға, сөйтіп, оның құндылығын арттыра түсуге әсер етеді. Тек, мұндай қолма – қол ақша беру мен несие берудің, сонымен қатар, қолма – қол ақшаның банкке түсуімен несиенің қайтарылуының байланыстары әрбір операциядан байқалмайды. Оның тек барлық операцияларды бір тұтас жиынтық ретінде қарағанда ғана байқаймыз. Егер, несие жоғарыда айтылған байланыссыз, шаруашылықтардың нақты керегінен артық берілсе, бүкіл халық шаруашылығы бойынша несие көбейіп кетеді. Де, инфляциялық жағдай туып, оның ұлғая түсуіне апарып соғады.
Қолма – қол ақшасыз айналымдағы ақша. Қолма – қол ақшасыз айналым дегеніміз, қолма – қол ақшаның орнына несие операцияларын пайдалану. Яғни, ақшаны бір есеп шоттан екінші есеп шотқа аудару болып табылады. Ол үшін әртүрлі төлем құжаттары мен құнды қағаздар пайдаланылды. Сөйтіп, бұл айналым, несиелік ақшаның пайда болуын қажет етеді.
Бірақ қолма – қолсыз ақша айналымының, қолма – қол ақшасыз есеп айырысудан айырмашылығы бар. Олар: