Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Ноября 2011 в 10:24, курсовая работа
Курстық жұмысымның тақырыбы «Ақша айналысы және оның эволюциясы». Бұл тақырыпты таңдаған себебім: қай заманда болмасын ақша маңызды роль атқарады. Экономиканың ақшасыз мәні болмайды. Ал, осы ақшаның дамуын, эволюциясын білген кімге болса да артық емес.
Ақша – тауардың ерекше қасиеті, оның кез – келген басқа тауарлардың құнын көрсете алатындығы, оның жалпыға бірдей балама болып жұмыс істейтіндігі, яғни, алмастырудың жалпыға бірдей құралы
Кіріспе....................................................................................... 3
І. Ақшаның мәні және оның дамуы
Ақшаның даму тарихы мен эволюциясы.................... 4
Ақшаның қажеттілігі мен экономикалық мәні........... 7
Ақша қызметінің эволюциясы..................................... 10
ІІ. Ақша айналымы оның қызметтері мен түрлері
Ақша айналымының сипаттамасы................................. 15
Ақша атқарымдары......................................................... 17
Ақшаның түрлері............................................................ 21
Қорытынды................................................................................. 25
Пайдаланылған әдебиеттер.......................
Жекелеген
елдердің ішінде алтын айналысы жоқ.
Төлем, айналыс және қорлану құралы
болып, алтын белгілері – қағаз және несие
ақшалар қызмет атқарады. Бірақ та алтын
дүниежүзілік ақша болып қалып
отыр десек, онда ол жалпыға бірдей эквивлентті
білдіреді.
1.3. Ақша қызметінің эволюциясы
Ақшаның әрбір қызметі ақшаның тауар айырбастау процесінен туындайтын, тауар өндірушілердің өзара байланысының формасы ретіндегі әлеуметтік – экономиалық маңызының белгілі бір жағын мінездейді. Ақша бес түрлі қызмет атқарады: құн өлшемі, айналыс құралы, төлем құралы, қор және қазына жинау құралы, дүниежүзілік ақша.
Ақша құн өлшемі ретінде. Құнның өлшем қызметі тауар өндірісі жағдайында туындайды. Бұл ақшаның барлық тауарлар құнының өшемі ретіндегі қабілеттілігін білдіреді, бағаны анықтауда делдал қызметін атқарады. өзінің жеке құны бар тауар ғана, құн өлшемі бола алады. Бұндай тауар болып өндіруіне қоғамдық еңбек жұмсалған, құнды құрайтын алтын саналады. Яғни, бұл қызметті толық құнды ақшалар атқарады. Ақша еңбек өлшемі- ол жұмыс уақытын емес, осы еңбекпен құрылған құнды көрсетеді.
Ақша құн өлшемі қызметін идеалды, оймен ойлау арқылы орындайды. Яғни тауардың құнын өлшеу ақшаға айырбасталғанға дейін орындалады, сонымен құнның тауар формасынан ақша формасына айналуы үшін тауардың бағасын белгілесек жеткілікті.
Тауар бағасын өлшеу үшін қолма – қол ақшаның болуы қажет емес, себебі еңбек өнімін теңестіру ойша орындалады. Тауарды ақшаның көмегімен өлшеуге болады, өйткені олар адаи еңбегінің өнімі.
Ақша түрінде көрінетін
Ақша айналыс құралы. Ақша айналыс құралы қызметінде тауарларды өткізудегі делдал болып табылады.
Тауарлар бір қлдан екінші қолға ауыса отырып, өзінің тұтынушысын тапқанға дейін ақша үздіксіз қозғалыста болады.
Тауар айналысы кезінде, ақша делдал ролін атқарады, ал бұл кезде сатып алу және сату актісі ерекшеленеді, уақыты мен кеңістігі бойынша сай келмейді. Сатушы, тауарын сатқаннан кейін, басқа тауарды сатып алуға әр уақытта асықпайды. Ол тауарды бір нарықта сатуды, ал басқа нарықтан сатып алуы мүмкін. Делдал ретіндегі ақшаның көмегімен уақыт пен кеңістіктегі өзара сай келмеушілік жойылды.
Өінің құнын өткізгеннен кейін, айналыстан кететін тауарларға қарағанда, ақшалар айналыс құралы ретінде барлық уақытта осында қалып отырады және сату-сатып алу процесіне қызымет етеді.
Біздерге ақша айналыс құралдары қызыметін негізінен мемлекеттік, оперативтік, комерциялық саудада тұрғындардың тауарды сатып алуыкезінде орындайды. Шет елдеоде мұндай шектеулер жоқ. Онда фирмалар мен корпорациялардың және т.б. қолма қол ақша есептеуіне тыйым салынбаған.
Айналыс құрал ретінде ақша қызыметінің ерекшеліктері мыналар:
Бірақ бұл, несие және қағаз ақшалар ақшалы тауармен (алтын) байланысты емес деген сөз емес. Бұл байланыс несие ақшалардық алтын нарығында жасырын айналыс болуыменен түсіндіріледі.
Ақша айналыс құралы қызыметін атқаратын болғандықтан, айналыс қажеттілігі олардың саны өткізілуі тиіс тауарлардың бағасы мен массасы негізінде, яғни өткізілуі тиіс тауарлар бағасының сомасымен анықталады. Қанша дегенмен бір ақша бірлігі бір – несие тауар мәмілелеріне қызымет ететін болғандықтан, ақша айналысы қанша аөп болса, айналыс үшін олардың қажетті саны сонша аз болады.
Егер ақшаның айналыстағы массасы тауар массасынан көп болса, онда бұл олардың құнсыздануын, яғни инфляцияға алып келеді.
Ақша төлем құралы. Тауар айналысы ақша қозғалысымен байланысты. Бірақ ақша қозғалысы міндетті түрде тауар қозғалысымен бір уақытта тоғысуы тиіс емес. Ақша құнының еркін формасында көрінеді. Олар өткізу процесін еркін аяқтайды. Ақшаның қозғалысы тауар қозғалысынан ерте немесе кеш жүруі мүмкін.
Егер
тауар мен ақшаның қарама-
Ақшалар
төлем құралы ретінде тек қана
тауар айналысына ғана емес, сонымен
бірге қаржы-несие
Аша
төлем құралы ретінде айналыс
құралынан өзара
Төлем құралы қызыметін толық бағалы емес нақты ақшалар (қағаз немесе несие), ал борыштық міндеттемелерді өзара өтеуде идеалды ақшалар атқарады.
Төлем құралы ретіндегі ақшаның қызыметі оның бұдан бұрын қарастырылған қызыметтерінен айырмашылығы болғанмен ол олармен берік байланысты екені анық. Ақшаның төлем құралы қызыметі, оның құн өлшемі және айналыс құралы ретінде қызымет етуінің дамуы резервтік қор құрудың, яғни ақшаның қор және қазына жинау қызыметтерінің туындауының қажет екенін көрсетеді.
Ақшаның төлем құралы қызыметін атқаруына байланысты ақша айналысы заңы өзінің неғұрлым толық көрінісін тапты. Егер тауарлар несиеге сатылса, онда қолма қол ақша деген қажеттілігін азайтады. Бірақ төлем мерзімі жақындаған сайын борыштарды жабу үшін ақша айналымының қажеттілігін артады. Егер қандай да бір бөлімде, борыштық міндеттеме бойынша төлем өз уақытында түспейтін болса, онда бұл өзімен бірге басқа да төлемсіздік тізбесін тудырады.
Ақша – қорлану және қазына жинау құралы ретінде.
Аққшаның төлем және айналыс құралы қызыметтері ақшалай қорлардың құрылуын талап етеді. Ақшаның қорлануының қажеттігі Т – А – Т айналымының екі актілерге Т –А және А – Т айырылумен байланысты.
Капиталистік қоғамдық формацияға дейінгілер үшін байлықты «таза қазына» формасында жинақтау, яғни ақшаның қарапайым қорлануы тән келеді. Бұл экономикалық дамуға ешқандай да ықпал еткен жоқ, себебі олар шын мәнісінде айналыстан тыс жатқан ақшалар болды. Капитализм тұсында бұл қазыналар несиелік жүйе және қор биржалары арқылы пайда әкелетін капиталға айналды. Қазына жинау қызыметінің қажеттігі тауар өндірісі мен байланысты болды. Айналым капиталын немесе тұтыну заттарын алу үшін ең басты ақшаны жинау қажет.
Әрбір тауар тек қана жекелеген қажеттілікті анықтайды және олар жалпы байлықты білдірмейді. Толық бағалы ақшалар материалданған құнның формасы ретінде байлықтың жалпы өкілін сипаттайды. Демек, қазына жинау құралы қызыметін тек қана толық бағалы немесе нағыз ақшалар орындауы мүмкін. Қазыналарды қорландыру – алтын монеталар мен алтын құймаларын жинақтау түрінде жүзеге асады.
Металл ақшалар айналысы тұсында қазына жинау тек қана ақша айналысын реттеуші ролін атқарған болатын. Қазіргі жағдайда қазына жинау қызметі айналыстағы ақша массасын реттегіш ролін атқармайды. Қазына тек қана мемлекеттік сақтандыру қоры ретінде болады. Алтын резервтері мемлекетке экономикалық тәуеліліктің болуына кепілдеме береді.
Несиелік және қағаз ақшалар қазына жинау құралдары қызметін атқара алмайды, себебі олардың меншікті құны жоқ. Бірақ та осы қызмет негізінде олар қорлану қызметін жүзеге асырады.
Несиелік механизмнің арқасында кәсіпорындар мен халықтың ақшалары банктен берілетін қағаздар түрінде қайтадан айналыс процесіне түседі. Сөйтіп, ақшалар бұл қызметінде ұлттық табыстың қалыптасу, бөлу және қайта бөлу прцесіне дәнекер болды.
Дүниежүзілік ақша қызметі. Тауар шаруашылығының кеңеюі, шаруашылық байланыстардың интернационалануы дүнеижүзілік нарықтың пайда болуы дүниежүзілік ақшалар қызметінің пайда болуына себеп болды. Дүниежүзілік ақшалар интернационалдық құн өлшемі, халықаралық төлем және сатып алу құралы ретінде қызмет етеді.
Бұл қызметті бастапқыда толық бағалы ақшалар (алтын), ал кейіннен нағыз ақшалар (шетел валютасы) атқарады. 1867 жылы Париж келісімі дүниежүзілік ақша қызметін алтынға балап бекітті.
Қазіргі
жағдайда дүниежүзілік несиелік ақшалардың
жобалары жасалуда, бірақ одан әлі
нәтиже шыққан жоқ. Енгізілген шарты
есептесу бірліктерінің өзіндік
меншік құндары жоқ, сондықтан да олар
толыққанды түрде дүниежүзілік ақшаның
қызметін атқара алмайды. Бұл қызметті
тек қана алтын нарығындағы операциялар
атқарады.
ІІ. Ақша айналымы оның қызметтері мен түрлері
Қайта құру кезеңне дейін «ақша айналымы» мен «ақша айналысы» ұғымдары арасында айтарлықтай шек қойылатын. Ақша айналысы деп қолма – қол ақшаның қозғалысы танылады. Ал ақша айналымы ұғымы одан кең мағына бергендіктен ол қолма – қол және қолма – қолсыз айналым мағынасын сипаттайды. Бұл жағдайда қолма – қол ақша қозғалысы тұрғындардың ақшалай табыстарының бөлінуін қарастырса, қолма – қолсыз ақша өндіріс қаражаттарының бөлінуін қарастырады.
Ақша белгілері әр түрлі жағдайда қамтамасыз етіледі. Қолма – қол рубль тұтыну заттары және қызметтер жиынтығымен қамтамасыз етілсе, қолма – қолсыз рубль – бөлуге арналған өндіріс құралдарының жиынтығымен қамтамасыз етіледі.
Мұндай жүйе тек қана орталықтандырылған жоспарлы экономика жағдайында ғана мүмкін болады, себебі ол уақытта кәсіпорындар мен халықтың қолында қанша ақша, қанша тауардың болатыны және олардың қандай бағада сатылатыны белгілі болған. КСРО – ның таратылуына, бағаның босатылуына , меншіктің мемлекет иелігінен алынуына және тағы басқаларға байланысты жүзеге асыру мүмкін емес болып қалды.
Ақша айналысы мен ақша айналымы арасындағы шек жойылды. Тауар айналысы процесіндегі қолма – қол ақша қозғалысы және төлемақыны жүзеге асыру кезінде қызмет көрсету, сонымен бірге кәсіпорындар мен қаржы несие мекемелерінің арасындағы ақшалай қаражаттардың алмасуы – ақша айналысы деп аталады.
Ақша айналысының объективті негізі – тауар өндірісі мен тауар айналысы болып табылады. Құн формасының өзгеріп отыруы, яғни тауардың ақшаға және ақшаның жаңа тауар сатып алу үшін қолданылуы, ақшаның әрдайым қозғалыста, яғни айналыста болуына мүмкіндік жасайды.
Бірақ та ақша айналысы тауар айналысын қайталап қоймайды. Бұл екі процесс бір – бірінен жекешеленіп жүреді. Тауарлар, оларды сатып алғаннан кейін, айналыстан шығады және тұтынылады. Ал ақша айналыста әрқашан жүреді.
Айналыста жүре отырып ақша әрі айналыс құралы, әрі төлем құралы функцияларын атқарады. Сонымен, тауарды сатудан түскен ақша қарызды өтеуге жұмсалуы мүмкін. өз кезегінде , қарызды төлеуге түскен ақшалар тауарлар алу үшін қолданылуы мүмкін.
Жалпы
ақша айналысының көлемі тауар бағаларының
сомасынан әрдайым артық
Ақша айналысын реттеудің маңызды элементі – қолма – қол ақшаның қолдану аясын азайту болып келеді. Бұл мәселе біздің елімізде кәсіпорындар арасындағы есеп айырысуларда қолма – қол ақшаның қолданылуын шектеу, есеп айырысу чектерін ендіру арқылы ғана шешіледі.
Банк жүйксін реформалау және ақша банкнотасын өндіруге байланысты жағдайды түбірімен өзгертті. Осыған байланысты 1992 – 1993 жылдары қолма – қол ақшаның тапшылығы тұсында енгізілген дерективті саясаттың орнына республикамызда қолма – қол ақша айналысын тұрақтандыру және басқарудың экономикалық әдістерін алғышарттары жасалынды.