Ақшаның мәні

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Ноября 2011 в 10:24, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмысымның тақырыбы «Ақша айналысы және оның эволюциясы». Бұл тақырыпты таңдаған себебім: қай заманда болмасын ақша маңызды роль атқарады. Экономиканың ақшасыз мәні болмайды. Ал, осы ақшаның дамуын, эволюциясын білген кімге болса да артық емес.
Ақша – тауардың ерекше қасиеті, оның кез – келген басқа тауарлардың құнын көрсете алатындығы, оның жалпыға бірдей балама болып жұмыс істейтіндігі, яғни, алмастырудың жалпыға бірдей құралы

Содержание

Кіріспе....................................................................................... 3
І. Ақшаның мәні және оның дамуы
Ақшаның даму тарихы мен эволюциясы.................... 4
Ақшаның қажеттілігі мен экономикалық мәні........... 7
Ақша қызметінің эволюциясы..................................... 10

ІІ. Ақша айналымы оның қызметтері мен түрлері
Ақша айналымының сипаттамасы................................. 15
Ақша атқарымдары......................................................... 17
Ақшаның түрлері............................................................ 21

Қорытынды................................................................................. 25
Пайдаланылған әдебиеттер.......................

Работа содержит 1 файл

ақшаның мәні курсовая.DOC

— 163.00 Кб (Скачать)

                 Жоспар  

     Кіріспе....................................................................................... 3 

     І. Ақшаның мәні және оның дамуы

    1. Ақшаның даму тарихы мен эволюциясы.................... 4
    2. Ақшаның қажеттілігі мен экономикалық мәні........... 7
    3. Ақша қызметінің  эволюциясы..................................... 10
 

         ІІ. Ақша айналымы оның қызметтері  мен түрлері

    1. Ақша айналымының сипаттамасы................................. 15
    2. Ақша атқарымдары......................................................... 17
    3. Ақшаның түрлері............................................................ 21
 

       Қорытынды................................................................................. 25

       Пайдаланылған әдебиеттер....................................................... 27 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                              Кіріспе 

     Курстық жұмысымның тақырыбы «Ақша айналысы және оның эволюциясы». Бұл тақырыпты  таңдаған себебім: қай заманда болмасын ақша маңызды роль атқарады. Экономиканың ақшасыз мәні болмайды. Ал, осы ақшаның дамуын, эволюциясын білген кімге болса да артық емес.

     Ақша  – тауардың ерекше қасиеті, оның кез  – келген  басқа тауарлардың  құнын көрсете алатындығы, оның жалпыға  бірдей балама болып жұмыс істейтіндігі, яғни, алмастырудың жалпыға бірдей құралы.

     Ақша  – жалпы бірдей эквивалент, ерекше тауар, онда барлық басқа тауардың құны бейнеленеді және оның делдал ретінде  қатысуымен тауар өндірушілер арасында еңбек өнімдерінің айырбасы үздіксіз жасала береді.

     Ақша - өндіру мен бөлу процестерінде адамдар арасындағы белгілі бір экономикалық қарым – қатынастарды  көрсететін, тарихи даму үстіндегі экономикалық категоия болып табылды.

     Ақша  ежелгі заманда пайда болған. Ақша, пайда болғаннан бері бірнеше рет өзгеріске ұшырады. Бірақ, бұл өзгеріс оның тек сыртқы түріне ғана тиді, ішкі мағынасы өзгерген жоқ.  Ақшаның сыртқы түрінің өзгеру себебі, оның жұмыс істейтін жағдайларымен, яғни қоғамдағы болған өзгерістермен байланысты.

     Нарықтық экономика кезінде ақшаның қаншалықты маңызды екендігі барлығымызға мәлім.  Қазіргі таңда ақшамен қатар ақшаның құнсыздануына қарсы саясатта қоса дамып келеді.

     Курстық жұмысымның мақсаты – ақшаның  пайда болуы, эволюциясына, ақша айналысына, атқаратын қызметтеріне, түрлеріне  терең тоқтала келіп, экономиканың ажырамас бөлігі екендігін дәлелдеу.  
 
 
 

І. Ақшаның мәні және оның дамуы

1.1. Ақшаның даму тарихы  мен эволюциясы 

     Ақша  ежелгі заманда пайда болды. Олар тауар өндірісінің дамуындағы бірден – бір шарт және өнім болып табылады. Тауар – бұл сату  немесе айырбастау  үшін жасалынған еңбек өнімі. Адам еңбегінің өнімі (зат), оны өндірушілердің белгілі  қоғамдық қатынастарын тудыра  отырып, тауар формасын қабылдайды. Заттардың тауарға  айналуы ақшаның пайда болуындағы  объективтік алғышартттарды құрайды. Бірақ кез келген  зат тауар бола алмайды. Егер (нақты еңбекпен белгіленген) тұтыну құны өз сатып алушысын таппаса немесе қоғам тарапынан  мойындалмаса, онда  оны дайындалуға  кеткен уақытының рәсуә болғаны; мұндай бұйым тауарлық формаға ие емес, өйткені  оның қоғамға қажеті шамалы. Сондықтан да әрбір тауар қажетті  тұтыну құнын алу құралы бола отырып,  өзінің өндірушісіне қатынасы бойынша айырбас құны ретінде көрінеді. «Айырбас құн тауардың өзінен бөлініп шыққан және олармен бірге өз бетінше өмір сүретін тауар, ол ақша».

     Әрбір ерекше тауар міндетті түрде тұтыну құны ретінде көрінеді. Оның құны жасырын  түрде болады және тек қана  ақшаға теңестіру жолымен табылады.  Тауарлар және ақшалар  бір және осы тауар формасының  нақты  қарама – қарсы жақтары бола отырып, айырбас процесінде бір – бірін табады және өзара бір – біріне ауысады.

     Алғашқы қауымдық құрылыс кезінде бір  тауардың басқа бір тауарға кездейсоқ  айырбасталуына барысында, айырбас  құнның жай немесе кездейсоқ формалары  қолданылады.

     Тауар өндірісінің дамуы барысында  кездейсоқ айырбас жиіленді. Жалпы тауар массасының ішінен барынша  жиі  айырбасталатын тауардың бөлініп шығуымен құнның жай формасы толық формаға өте бастады. Мысалы, бидайды етке, майға, жүнге және тағы басқаларға айырбастауға мүмкін болды.

     Тауар өндірісінің өсуіне байланысты неғұрлым жиі айырбасталатын тауар – барлық басқа тауарлардың бір – бірімен  өзара айырбасталу құралы бола бастады. Осыдан келіп, құнның толық немесе кең көлемдегі формасынан жалпы құндық формасына жасырын түрде өту басталды. Бірақ оның рөлі бір тауарға нық бекітілмеген еді.  Біртіндеп жалпы құдық эквивалент рөлін белгілі бір тауарлар  көптеп атқара бастады және осы тауарлар ақша деп аталынды. Құнның жалпы құндық формасы  ақша формасына айналды.

     Тауар айналысының тарихи  эволюциялық  даму прцесінде жалпы құндық эквивалент  немесе ресімделінбеген ақша формасын,  әр түрлі тауарлар қабылдады.  Әрбір тауарлы – шаруашылық уклад өз эквивлалентін алға тартты.  Бір халықтың  өзінде әр түрлі уақыттарда және әр түрлі халықтарда бір мезгілде  әр түрлі эквиваленттер болды. Сонымен, бірінші, ірі еңбек  бөлісінің нәтижесінде мал бағушылардың  бөлініп шығуымен мал айырбас құралына  айналды.  Олардың белгілі түрлері табиғи – климаттық  жағдайларға  байланысты нақты  сол ортада айрбас құралы  болды.  Шалғынды аудандарда – жылқы, сиыр және қой; ал шөл және шөлейт жерлерде – түйе; тундрада – бұғы жалпы құндық эквивалент ретінде пайдаланғаны туралы  нақты дәлелдер әр түрлі қолжазбаларда, қазба жұмыстарының нәтижесінде табылған заттарда, поэззияларда кездеседі. Гомердің көне Троя батырлары туралы поэмасында өгізді құн өлшемі ретінде  пайдаланғаны жайлы айтылады. Осы уақыттарда  металдан  жасалынған  ақшаларда «өгіз» деген атау ойып  өрнектелініп  жазылып жүрді.  Латынның сөзі «пекуния» (ақша) «пекус» («мал») сөзінен шыққан. «Рупа» («мал») сөзі нен шыққан. «Рупа» («мал») сөзі үнділердің ақша бірлігінің атауы «рупия» негізінде жатыр. Ежелгі Русьтарда да ақша металл ақшаларға ауысқаннан кейін  де «мал»  деген  атауға ие болды. Ярослав Мудрый 1018 жылы былай деген «біздің жинаған малдарымыз: елдерден  4 күн, старостылардан  10 гривен және боялардан  18 гривеннен тұрады». Ол кездегі қазынашы «малшы», қазына, қазына жинау орны – «мал ұстайтын орын» деп аталынады.

     «Капитал» сөзінің  шығуы да  малмен байланысты, өйткені ескі герман  тілінде бұл сөз мал басы санының  көптігін білдіре отырып, меншік иесінің байлығын көрсетті.

     Солтүстік халықтары ең бірінші  тауар ретінде  айырбас үшін жүнді пайдаланды. Ежелгі скандинавтар  көлемі бойынша әр түрлі тауарлар сатып алу барысында  құстардың, аңдардың  жүнгдерін пайдаланды.  Құс жүндері Солтүстік Сібір  халықтарында, ал аң жүндері Солтүстік Америка  халықтарында жалпы  құндық эквивалент  ретінде қолданылады.  Жүн ақшалар Монғолияда, Тибетте және Памир аудандарында кең көлемде таралды.  Ежелгі Русьтардың  арабтар мен хазарлармен, Византиямен сауда – саттық жасауы барысында  жүн ең басты  құоалдардың  бірі болды. Ежелгі Русь елінде жүн ақша жүйесінің  бүгіні болып саналады.  1610 жылы  жаулап  алған орыстардың  әскери  кассасында 5450 руб.күміс  пен 7000 руб.жүн табылады.

     Жылы  теңіздердің жағасын мекендеген тайпалар  айналыс құралы ретінде  болашақ  ақшаларды пайдаланды.  Тарихта  бақалшақ  алқалардың келесі атаулары сақталынды, бұлар: чангос, цимбис, бонгез, хайква және тағы басқалары.  Көлемі түймедей  ақшыл – қызғылт бақалшақ  Кари көптеп таралды.  Безендірулер түрінде жіпке тізілгендерді Ежелгі Үнді елінде, Қытайда, Үндіқытайда, Африканың Шығыс жағалауларында, Цейлонда және Филиппин аралында  алғашқы ақшалардың  қызметін атқарды.  Американдық үнділердің  белдіктерінде бақалшақ  ақшалар құстардың, жыртқыш аңдардың келбет – кескінін көрсете өрнектеліп, былғары белдіктерге көрік берді. Бақалшақтарды Солтүстік Американың Тынық мұхит жағалауларынд, Полинезияда, Каролин және Соломон аралдарында айырбас құралы ретінде пайдаланылды.

     Бақалшақ  ақшалар тауар ақшалардың ең бір  тұрақты формасы болып табылады. Біздің бүгінгі күндерімізге дейін  өмір сүре отырып, олар ешқандай

өзгеріске ұшыраған жоқ. XX ғасырдың  70 – жылдарының басында Соломон аралдарының кейбір тұрғылықты  тұрғындарының ақша айналысы ретінде  бақалшақтардың үш түрі: ең арзаны – қара түсті (курила), ақ түсті (галиа), аса қымбат – қызыл түсті (ронго) пайдаланылды.

     Әлемде  әртүрлі «экзотикалық» ақшалар  болған. Каролин аралдары тобына кіретін Яв аралында  осы күнге дейін феи ақша айналысында қызмет етеді.  Олардың формасы дөңгелекше тас түрінде келе отырып, диірменнің тасын еске түсіреді. Мұндай «монеталардың» диаметрі бірнеше метрге, ал массасы  тоннаға  дейін жетеді.

     Юлий Цезарь патшалығының тұсында  ақша ретінде құлдарды пайдаланды. Сонымен, бір құлдың құны үш сиыр, алты бұзау, он екі қойға теңестірілді.

     Жалпы эквивалент ретінде  металдар да пайдаланыла  бастады. Ежелгі Спартта, Жапонияда, Африкада темір, мырыш, қорғасын, мыс, күміс, алтын түріндегі ақшалар пайда бола бастады. Рим императоры Дионисий Сиракуз және орта ғасырдағы ағылышын корольдары мырыш ақшалар құйды.  Қытайда және Ежелгі Римде мыс ақша ретінде пайдаланылды.

     Металл  ақшалардың артықшылығы, олар – біркелкі, төзімді, ұсақталынады, және тағы басқалары. Металл ақшалардың кең таралуымен ақша есебінің салмақтық жүйесі нақтылана түсті.

     Кейін келе металдардың арасында басты  роль алтын мен күміске өте  бастады, өйткені олар жалпы эквивалент үшін аса  қажетті сапаға ие.

     Монеталардың  пайда болуы – ақшаның құлдырауындағы  соңғы кезең болып табылады.  
 

1.2. Ақшаның қажеттілігі мен экономикалық мәні 

     Ақшаның өмір сүруіндегі объективтік қажеттілік ол тауар өндірісі және тауар айналысының  болуына негізделеді. Кез – келген тауар айналысында ақша айырбас  құралы болып табылады.  Тауар және ақша  бір – бірінен бөлінбейді.  Ақша айналысы болмаса, онда тауар айналысы да болмайды.

     Бірақ XVІ ғасырдың басында утопиялық социолизмнің негізін қалаушы Томас Моор өзінің «Жаңа Утопия аралы және мемлекеттің үздік құрылымы туралы алтын кітап» деген еңбегінде: «Алдау, ұрлау, тонау... кісі өлтіру заң тәртібімен қатаң жазаланатынын кім білмейді, әйтсе де бұл жөнінде алдын ала ескертілмеу мүмкіндігі бар жерде алдымен  ақша құрымай, олар да жоғалмайды, сонымен бірге, ақшаның жоғалуына байланысты адамдардың алаңдаушылығына, қайғысы, қиыншылықтары және ұйқысыз түндері де ұмытылар еді. Егер ақша адам өмірінен  алысталынатын болса, онда тіпті ақша қажеттілігнен туған кедейліктің өзі де жойылар еді».

     Ақша  – жалпы бірдей эквивалент, ерекше тауар, онда барлық басқа тауардың құны бейнеленеді және оның делдал ретінде  қатысуымен тауар өндірушілер арасында еңбек өнімдерінің айырбасы үздіксіз жасала береді.

     Жалпыға бірдей эквивалент ролі тарихи түрде  алтынға бекітілген. Алтынның басқа барлық тауарлардың құнын бейнелеу қасиеті, оның табиғи қастеті емес.

     Ақша - өндіру мен бөлу процестерінде  адамдар арасындағы белгілі бір  экономикалық қарым – қатынастарды  көрсететін, тарихи даму үстіндегі  экономикалық категоия болып табылды. Экономикалық категория ретінде ақшаның мәні оның үш қасиетінің бірігуімен көрніс табады.

  • жалпыға тікелей айырбасталу;
  • айырбас құнының дербес формасы;
  • еңбектің сыртқы заттық өлшемі.

     Жалрыға тікелей айырбасталу  формасында  ақшаны пайдалану, кез – клген материалдық  құндылықтарға ақшаны айырбастау мүмкіншілігінің  бар екандігін көрсетті. Социализм жағдайында бұл мүмкіндік елеулі қысқарды және тік қоғамдық  жиынтық өнімді  пайдалану және бөлумен ғана шектеледі.  Кәсіпорындар, жер, орман, жер асты байлықтары сатылмады және сатып алынбады. Қазіргі кезде жекешелендіру процесінің  жүруімен байлансыты, жалпыға тікелей айырбастау формасында  ақшаны пайдаланудың көлемі едәуіпкеңіді.

     Ақшаның айырбас құнының  дербес формасы ретінде пайдалану тауарларды тікелей өткізумен  байланысты емес.  Ақшаның бұл формада қолдану жағдайлары олар несие беру, бюджеттің кірістерін қарыздық берешектерді өтеу, мемлекеттік бюджет кірістерін қалыптастыру, өндірістік және өндірістік емес шығындарды қаржыландыру, Ұлттық банктің несиелік ресурстарды басқа банкіге сатуы және тағы басқалары.

     Еңбектің  сыртқы заттық өлшемі тауарды өндіруге жұмсалған еңбектің, олардың ақша көмегімен жұмсалуы мүмкін құнын анықтау арқылы көрінеді.

     Ғалым – экономистердің арасында  алтынның ақшалай тауар ретіндегі  ролі туралы  әр түрлі көзқарас  бар. Біреулер алтынның демонетизациялануы аяқталып, ол жалпыға бірдей  эквивалент және  ақша қызметтерін атқару олін орындауды  толығымен тоқтатты дейді.  Құнның ақшалай  формасынан жалпылама немесе  жайылыңқы  формасына қайтып кледі.  Несие ақшалар жалпыға бірдей  эквивалент ретінде жүреді.  Алтын ақшаның  классикалық қызметтерін  атқаруды жалғастыруда дейді екінші біреулер. Ал, енді үшінші біреулер,  алтынның жартылай демонитизациялануы жалғасуда және ол жалпыға бірдей эквивалент ролін орындаушы, ерекше тауар ретіндегі өзінің қасиеттерн  сақтап қалды дейді.

Информация о работе Ақшаның мәні