Ақша-несие саясаты және оның мақсаттары, түрлері

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Сентября 2013 в 19:39, курсовая работа

Описание работы

Жұмыста отандық және шет елдік торлардың кітаптары мен мерзімдік басылымдар кеңінен қолданылған: Ғ. С. Сейітқасымов «Ақша, Несие, Банктер» оқулығы, Доғалов А.Н., Досмағанбетов Н.С. Макроэкономика: Экономикалық мамандықтарға арналған оқулық, Ә.Ә. Әбішев, К.А. Хубиев Макроэкономика оқу құралы, «Қаржы Қаражат» журналы, Ильясова К.К. Финансово-кредитные проблемы экономики Казахстана және т.б.

Работа содержит 1 файл

Курстық жұмыс doc.doc

— 210.50 Кб (Скачать)

Лицензиялық-рұқсат беру жүйесін және мемлекеттік органдардың  бақылау-қадағалау қызметін жетілдіру  арқылы бизнес-ахуалды жақсарту бойынша жұмыстар жалғасады. Рұқсат беру заңнамасының жаңа принциптері енгізілетін болады.

«Бизнестің  жол картасы 2020» бағдарламасында  инновацияларды енгізу үстіндегі ісін жаңа бастаған және жас кәсіпкерлерге  мемлекеттік қолдау көрсетудің жаңа тетіктері көзделетін болады. Аталған тетік шеңберінде 10 млн. теңгеге дейінгі мөлшерде банк несиелерін беру көзделеді, бұл ретте  80% дейінгі несие  «Даму» қоры арқылы кепілдендірілетін болады.

Экономиканың  әлеуметтік маңызы бар секторына  инвестициялауды  ынталандыру мақсатында бюджет және концессия  заңнамасына қажетті өзгерістер енгізу арқылы мемлекеттік-жеке меншік әріптестік тетіктерін пайдалануды жетілдіру жүзеге асырылатын болады. 

Ауыл шаруашылығын дамыту үшін бірыңғай бидай холдингі және аграрлық өндіріске жеке инвестициялар тәуекелін төмендету үшін қарызды сақтандыру мен  кепілдендірудің нәрменді жүйесі құрылады.

Тауарларды делдалсыз  сататын фермерлер мен бөлшек сауда кәсіпорындарына  мемлекеттік  қолдау жүйесін құру мақсатында  «Тұтынушылар кооперативі туралы»  және «Ауылдық тұтынушылар кооперациясы» туралы заңдарға өзгерістер енгізілетін болады.

Өңірлік даму инфрақұрылымдық  және институционалдық шектеулерді  еңсеруге, Қазақстан азаматтарын  өздерінің әлеуметтік және экономикалық құқықтарын іске асыруға тең мүмкіндіктер құруға және адами әлеуетті дамытуға жәрдем көрсетуге, мемлекеттік басқару және жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін қалыптастыруға бағытталған.

Кәсіпкерлікті белсенді дамыту және еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру арқылы моноқалалар мен  қалалық агломерациялардың  экономикасын әртараптандыруға бағытталған осы қалаларды дамытудың жаңа бағдарламалары әзірленетін болады. 

Әлеуметтік жаңғырту білім  беру және денсаулық сақтау жүйесін  одан әрі дамыту, зейнетақы жүйесін  жетілдіру арқылы Қазақстанда адами  капиталдың сапалы өсімін жалғастыруға бағытталатын болады. Жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету мақсатында кең ауқымды негізде оқытуға және жұмысқа орналастыруға көмек көрсетуге, ауылдағы кәсіпкерлікті дамытуға көмек көрсетуге, еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыруға бағытталған Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы іске қосылады.     

  Қазақстандықтарды қол жетімді тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында «Қол жетімді тұрғын үй 2020» бағдарламасы әзірленеді. Қазақстанда жыл сайын 6 миллион шаршы метр жаңа тұрғын үй пайдалануға беріледі. Перспективада жалға берілетін тұрғын алаңдарды пайдалануға беру         1 миллион шаршы метрге дейін  жеткізіледі.  

Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы мен Ресей  Федерациясы интеграцияның келесі  кезеңі – Еуразиялық экономикалық одақ құру кезеңіне көшу туралы мәлімдеді. Экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету және әрбір елдің мүдделерін қорғау қағидаттарында ұзақ мерзімді экономикалық қатынастар құру арқылы сауда қатынастарын одан әрі интеграциялау және дамыту мүмкіндіктерін барынша пайдалану қажет.

Мемлекеттік басқару жүйесін  жаңғырту нәтижелерге бағдарланған мемлекеттік жоспарлауды енгізу жөніндегі реформаларды тереңдету,  бөлінетін бюджет қаражатын мақсаттар  мен нақты нәтижелерге өзара  байланыстыруды күшейту жолымен  бюджет жүйесін жетілдіру арқылы жүзеге асырылатын болады. Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын жақсарту, мемлекеттік қызметті одан әрі кәсібилендіру және квазимемлекеттік сектордың тиімділігін арттыруға ерекше назар аударылатын болады.

Мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру және мемлекеттік функцияларды іске асыру шеңберінде сот және құқық қорғау жүйесін жаңғыртылатын болады, «электрондық үкіметті» дамыту жалғасады, әкімшілік рәсімдер қысқартылады, халықтың компьютерлік сауаттылығы арттырылады.

2012 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақша-несие саясатында жүргізілген қызметінің басым бағыты баға тұрақтылығын қамтамасыз ету, яғни макроэкономикалық алғышарттарға барабар қалыптасып жатқан жылдық инфляцияның төмен деңгейін қолдау болып қала береді.

Ұлттық Банктің негізгі күш-жігері ақша-несие саясатының тиімді құралдарын жетілдіруге және арттыруға, сондай-ақ қабылданып жатқан шаралардың ақша нарығының жай-күйіне әсерін күшейтуге бағытталатын болады.

Қазақстан Республикасының  ақша-несие саясатын жүргізу кезінде экономикадағы ақша ұсынысын икемді реттеу бойынша шаралар қабылданатын болады. Инфляциялық қысымды ынталандыратын артық ақша ұсынысын ұлғайту стерилизацияланған операциялардың өсуімен нивелирленетін болады.

Сонымен бірге, Ұлттық Банк монетарлық құрамдауыштың оңтайлы деңгейде болуына және қосымша инфляциялық қысым көрсетпеуіне ынталанатын болады.

Қысқа мерзімді ноталарды шығару және екінші деңгейдегі банктердің депозиттерін тарту банктердің артық өтімділігін стерилизациялау, сондай-ақ қаржы нарығында сыйақы ставкасын реттеу жөніндегі негізгі құралдар болып қалады.

2012 жылы Ұлттық  Банк ең төменгі резервтік талаптарды, атап айтқанда оны қолданудың тиімділігін арттыру бөлігінде жұмысты жалғастырады.

Валюталық саясат қазақстандық экономиканың ішкі және сыртқы бәсекеге қабілеттілігі арасындағы теңгерімді қамтамасыз етуге тартылатын болады. Бағамдық саясатты жүргізу кезінде әлемдік конъюнктураның үнемі өзгеруі жағдайында отандық бәсекеге қабілеттілікке теріс әсерін тигізуі мүмкін ұлттық валютаның нақты бағамының едәуір ауытқуына жол берілмейтін болады.

Айырбастау  бағамы саясаты әлемдік бағаның  өзгеруіне, сыртқы сауда жағдайына ішкі экономиканың дамуы үшін іргетас қалай отырып барабар ден қоятын болады.

Экономикалық  жағдайға байланысты Қазақстан Республикасының  Ұлттық Банкі теңге бағамының  икемділігін арттыру мақсатында валюталық нарықта өзінің қатысуын одан әрі төмендетуге ұмтылатын болады.

Ақша-несие және валюта саясатының қандай да бір болмасын шараларын қабылдау Бірыңғай экономикалық кеңістіктің қызмет атқаруы шеңберінде болатын интеграциялық үдерістердің есебімен жүзеге асырылатын болады.

Осылайша, 2012 жылы Үкімет пен Ұлттық Банк жүргізетін экономикалық саясат ЖІӨ-нің нақты өсуін орташа 6-7 % деңгейінде қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, бұл орта мерзімді кезеңде экономика өсімінің қарқынын 7% деңгейінде қамтамасыз етуге сәйкес келеді. Инфляция деңгейі 6-8 % аралығында болады.

 

 

    1.  Қазақстандағы ақша-несие саясатының реттейтін мәселелері

 

Қазақстандағы ақша-несие саясатының негізгі мақсаттарының  бірі-жуық кезеңде ұлттық валютаны одан әрі тұрақтандыру болып табылады. Үкімет пен Ұлттық банктің бірлесе  күш салуымен айырбас бағамының күрт ауытқуын болдырмау және ішкі баға тұрақтылығын қамтамасыз ету жөнінде жұмыс жүргізілетін болады.

Сыртқы нарықтарда ахуалдың дамуының тұрақсыздығына байланысты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының  Ұлттық Банкі жүргізетін ақша-несие саясатының қысқа мерзімді саясатын ескере отырып Қазақстан Республикасының ақша-несие саясатын  2012 жылғы шеңберде ғана әзірлеуге шешім қабылдады. Ақша-несие саясатының және төлем балансының негізгі өлшемдері, оның ішінде ақша-несие саясатының кейінгі жылдарға арналған шаралары  2012 жылдың нәтижелері бойынша нақтыланатын болады.

2012 жылы Қазақстан  Республикасының Ұлттық Банкі  жүргізетін ақша-несие саясаты қызметінің басым бағыты баға тұрақтылығын қамтамасыз ету, яғни жылдық инфляцияның төменгі деңгейін, барабар қалыптасқан макроэкономикалық алғы шарттарды қолдау болып қала береді.

Қазақстан Республикасының  Ұлттық Банкі негізгі мақсаты  ақша-несие саясаты болғандығына қарамастан баға тұрақтылығын айқындады, инфляциялық таргеттеу қағидаттарына өту барынша ұзақ перспективаларға ауыстырылады. Таяу перспективада негізгі күштер ақша-несие саясаты құралдарының тиімділігін жетілдіруге және арттыруға, сондай-ақ қабылданатын шаралардың ақша нарығының жай-күйіне ықпалын күшейтуге   шоғырландырылатын болады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының ақша-несие саясатын жүргізу кезінде экономикадағы ақша ұсынысын икемді реттеу бойынша шаралар қабылдайтын болады. Ақша нарығында қысқа мерзімді өтімділік тапшылығы туындаған жағдайда Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі өтімділікті беру бойынша операциялар көлемін ұлғайтатын болады.

Сонымен қатар  Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі  монетарлықты құрайтын қызметтің  оңтайлы деңгейде болуын және қосымша  инфляциялық қысым көрсетпеуге  тырысатын болады.

Қысқа мерзімді ноталар шығару және екінші деңгейдегі банктердің депозиттерін тарту Қазақстан  Республикасының Ұлттық Банкі үшін банктердің артық өтімділігін айықтыру, сондай-ақ қаржы нарығындағы сыйақы ставкаларын реттеу бойынша негізгі  құралдар болып қала береді.

2012 жылы ақша  нарығындағы өтімділікпен ахуал  түбегейлі өзгермейді. Осыған байланысты, осы құралдардың мерзімін мынадай  нақты деңгейде сақтауды болжамдайды:  Қазақстан Республикасы Ұлттық  Банкінің қысқа мерзімді ноталар  бойынша – 3, 6 және 9 ай, банктерден тартылатын депозиттер бойынша – 7 күн және 1 ай.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің шаралары Қазақстан  Республикасы Ұлттық Банкінің ставкалары дәлізінде қысқа мерзімді құралдар нарығында пайыздық саясаттың реттеуші ролін арттыруға және  нарықтық ставкаларды ұстап тұруға бағытталатын болады.

Бұдан басқа, ашық нарықта операцияларды барынша  тиімді пайдалану мүмкіндігі (open market operations) қаралады, банктерге берілетін  өтімділіктің оңтайлы өлшемдеріне (операциялардың көлемдері, мерзімдері, кепілмен қамтамасыз ету түрлері) талдау жүргізіледі. Осы мақсатта Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ең үздік шетелдік практиканы одан әрі қолдану мүмкіндігі бар дамыған елдердің тәжірибесін зерделейді.

Тұтастай алғанда, бұл өтімділікті басқару мен  реттеудің тиімділігін арттыруға, сондай-ақ ақша нарығындағы қаржы құралдары бойынша қисық кірістілікті қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі банктердің қысқа мерзімді өтімділігін қолдау үшін қайта қаржыландыру заемдарын береді. Бұл ретте Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі осы ресурстарға сұраныстың айтарлықтай өсуін күтпейді. Осы операциялардың мерзімі 1 жылдан аспайды.

2012 жылы Қазақстан  Республикасының Ұлттық Банкі   ең төменгі резервтік талаптар тетігін оны қолдану тиімділігін арттыру бөлігінде одан әрі жетілдіру жұмысын жалғастырады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің валюта саясаты Қазақстан  экономикасының ішкі және сыртқы бәсеке қабілеттілігінің арасындағы балансты қамтамасыз етуге бейімделген. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бағам саясатын жүргізу кезінде үнемі өзгеріп отыратын әлемдік конъюнктура жағдайларында ұлттық валютаның нақты бағамының отандық өндірістің бәсеке қабілеттілігіне теріс ықпал ететін айтарлықтай ауытқуларына жол бермейді.

Айырбас бағамының  саясаты әлемдік бағаның өзгеруіне, сыртқы сауда жағдайларына осы арқылы, ішкі экономиканы дамытуға негіз  құра отырып, барабар сезінетін болады. Мемлекет жаңа технологиялар, жабдық пайдалану, еңбек сапасын арттыру сияқты осындай факторлармен байланыстағы осы саясатты қатаң қолдай отырып, жедел даму траекториясына шыға алады.

Қазақстан Республикасының  Ұлттық Банкі экономикалық ахуалға  байланысты теңге бағамының икемділігін  арттыру мақсатында өзінің валюта нарығына қатысуын одан әрі төмендетуге тырысатын болады.

Экономикалық  ахуалдың түпкілікті өзгеруі энергия  ресурстарына әлемдік бағаның күрт және айтарлықтай төмендеуі және олардың ұзақ уақыт ішінде осы  деңгейде сақталуы, сондай-ақ Қазақстан  Республикасының негізгі сауда  әріптестері елдеріндегі құнсыздануы кезінде теңге бағамының күрт өзгеруі ықтимал.

Экономикалық  даму сценарийіне қарамастан ақша-несие саясатының шаралары жылдық инфляция деңгейін  6-8% шекте ұстап тұруға бағытталады. Инфляциялық қысымда ынталандыратын артық ақша ұсынысының ұлғаюы тиісінше, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің айықтыру  операцияларының өсуімен жойылады.

Қазақстан Республикасының  Ұлттық Банкі Бірыңғай экономикалық кеңістіктің жұмыс істеуі шеңберінде өтетін  интеграциялық үдерістерді  ескере отырып ақша-несие және валюта саясатының сол немесе өзге де шараларын қолдануды жүзеге асырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    1. ҚАЗАҚСТАНДА АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

 

3.1 Ақша-несие  саясатының негізгі бағыттары

 

2010 жылдан бастап  Қазақстан экономикасы жоғары өсу қарқынын көрсетіп отыр. Оралымды деректер бойынша ЖІӨ-нің 2011 жылғы нақты өсуі 7,5% құрады. Бұл ретте ауыл шаруашылығы, сауда, байланыс сияқты салалардың нақты көлемінің өсуі көлемдер өсімінің қарқындары бойынша 2011 жылы көш бастады.

Қазақстан экспортының  негізгі баптарының қолайлы баға конъюнктурасы сыртқы сауда көлемінің  ұлғаюына себепші болды. Алдын ала  деректер бойынша 2011 жылы төлем балансының ағымдағы операцияларының шоты 13,6 млрд. АҚШ долл. (немесе ЖІӨ-нің 7,3%-ы) мөлшеріндегі профицитпен қалыптасты. Қазақстанға тікелей шетелдік инвестициялардың әкелінуі жалғасуда, олардың көлемі 2011 жылдың қорытындылары бойынша 13,1 млрд. АҚШ долл. құрады.

2011 жылы инфляциялық  үдерістердің дамуы 2011 жылдың 1-жартыжылдығында  инфляцияның аздап жылдамдауымен сипатталды. Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі іс-қимылдарының үйлесімділігі мен тиімділігі 2011 жылға белгіленген мақсатты дәліздің шектеріне 6-8%-ға қайта оралуға мүмкіндік берді. 2011 жылдың қорытындылары бойынша жылдық инфляция 7,4% (2010 жылғы желтоқсанда 7,8%) деңгейінде қалыптасты.

Информация о работе Ақша-несие саясаты және оның мақсаттары, түрлері