Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Сентября 2013 в 19:39, курсовая работа
Жұмыста отандық және шет елдік торлардың кітаптары мен мерзімдік басылымдар кеңінен қолданылған: Ғ. С. Сейітқасымов «Ақша, Несие, Банктер» оқулығы, Доғалов А.Н., Досмағанбетов Н.С. Макроэкономика: Экономикалық мамандықтарға арналған оқулық, Ә.Ә. Әбішев, К.А. Хубиев Макроэкономика оқу құралы, «Қаржы Қаражат» журналы, Ильясова К.К. Финансово-кредитные проблемы экономики Казахстана және т.б.
КІРІСПЕ
Ақша-несие саясаты
– бұл ақша айналымы мен несие
жүйесі саласын-дағы мемлекеттік іс-шараларды
жүзеге асырумен байланысты бірқатар
жалпы экономикалық міндеттерді
орындауға бағытталған
Қазақстан Республикасының Елбасының елге жолдаған жолдауында ақша-несие саясаты туралы былай мәлімдеген:
«Ақша-несие саясатының
Ақша-несие саясаты мемлекет экономикасының дамуына тікелей әсер ететін макроэкономикалық саясат болып табылады. Ақша-кредит саясатының негізгі мақсаты бағаның тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің осы мақсатқа жету жөніндегі шаралары экономикалық өсуді қолдауға, депозиттік нарықтың әлуетін дамытуға, сондай-ақ банк секторының кредиттік белсенділігін қалпына келтіруге ықпал етеді.
Курстық жұмыс тақырыбының өзектілігі. Ақша-несие саясаты - бұл қайтарымдылық, жеделдік және процент төлеу шарты бойынша өзге елге валюталық және тауар ресурстарының несиеге берілуін қадағалайтын саясат. Ақша-несие мемлекетті реттеу саясатының бір бағыты болып табылады. Ол - нарықтық экономиканың тірегі ретінд еэкономикалық дамудың ажырамас элементін білдіреді. Ақша - несие саясаты Қазақстан Республикасында ҚР Ұлттық Банкімен елдің банктік пайыздық ставкаларын, валюта курсын, төлем қабілеттілігін анықтау жолымен іске асады. Сонымен қатар ақша массасы көлемінің кеңеюіне немесе оның қысқаруына бағытталуы мүмкін. ҚР Ұлттық банкі түрлі күрделі операцияларды орындайтын және ақша айналымын реттейтін, ұлттық валютаның тұрақтылығын қамтамассыз ететін негізгі буын болғандықтан бірінші деңгейлі банк болып есептеледі.
Ақша-несие саясаты бүгінгі таңда несиелеуге болатын экономика секторын дұрыс таңдай білуге, сондай-ақ несие беру мүмкіндігі туралы, төлем балансы сұрақтарын шешуде банк үшін бірінші реттік маңызы бар басқа факторлар мен қарыз алушының несиелік қабілетіне қарап өз клиентін таңдаудағы біліктілігіне негізделеді.
Мемлекеттің
ақша-несие саясаты нақты
Ақша-несие
саясатының көмегімен мемлекет
бос ақша ұсынысына әсер етеді.
Несиелі қатынастар сферасында Орталық банктен басқа институттар жұмыс істейді: мемлекеттік банктер және арнайы функциялы органдар, Қаржы министлігі және қаржы органдары. Олар несие операцияларына қатысады, бірақ ақша айналысын және мемлекеттегі жеке ссудалық капиталдың қозғалысын реттемейді, оларға әсер ете алмайды.
Курстық жұмыстың
мақсаты - мемлекеттің ақша-несие
саясатының негізгі мақсаттары мен
оған жету жолындағы ақша-несие
Жұмыста отандық және шет елдік торлардың кітаптары мен мерзімдік басылымдар кеңінен қолданылған: Ғ. С. Сейітқасымов «Ақша, Несие, Банктер» оқулығы, Доғалов А.Н., Досмағанбетов Н.С. Макроэкономика: Экономикалық мамандықтарға арналған оқулық, Ә.Ә. Әбішев, К.А. Хубиев Макроэкономика оқу құралы, «Қаржы Қаражат» журналы, Ильясова К.К. Финансово-кредитные проблемы экономики Казахстана және т.б.
Курстық жұмыстың міндеттері: жалпы ақша-несие саясатының міндеттерін, мақсаттарын қарастыру, Қазақстандағы ақша-несие саясатының қазіргі жағдайына талдау жасау және оның реттейтін мәселелерін талқылау, Қазақстанның ақша-несие саясатының жетілдіру жолдары мен оны болашақта дамыту бағыттары айқын көрсетілген.
1.АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Ақша-несие саясаты және оның мақсаттары, түрлері
Ақша-несие саясаты дегеніміз - бұл айналыстағы ақша жиынын, несие көлемін, сыйақы мөлшерлемесін өзгертуге, жалпы банк жүйесінің қызметін реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы. Оның мәні мынаған саяды: Ұлттық банк түпкі және аралық мақсаттарды анықтауда монетарлық құралдарды пайдалана отырып экономиканы реттейді. Ақша-несие саясатын жүзеге асыру барысында монетарлық конститутция деген атауға ие болған бірқатар негіз қалаушы принциптер әзірленді. Оның қатарына жататындар: ақша эмиссиясы бюджет мәселесінен бөлінгені жөн; мемлекет бюджет тапшылығы мен мемлекеттік борышты монетарлау орын алмауы тиіс; Ұлттық банктің үкіметке несиені тікелей беруіне мүмкіндігінше жол берімеуі қажет; ақша-несие саясаты қазыналық саясаттың міндеттерін шешпеуі тиіс. Іс-тәжірибе көрсеткендей, ақша-несие саясаты кінәратсыз қазыналық саясат жүргізілгенде, мемлекетік шығыс шектелгенде, мемлекеттік бюджет тапшылығы жойылғанда сәтті жүзеге асады. Ең дамыған елдерде Ұлттық банктің мемлекеттік бюджет тапшылығын қаржыландыруына тыйым салынған.
Ақша-несие саясатының мақсаты- экономикалық өсуді қамтамасыз ету, адамдарды жұмыспен толық қамту, бағаны тұрақтандыру және төлем балансының тепе-теңдігін сақтау жатады. Ақша - несие саясатының келесі мақсаты - қаржы нарығының тұрақтылығын қамтамасыз ету, инфляция өсімінің залалды зардаптарын төмендету, сонымен бір мезгілде экономикалық өрлеуді ынталандыру үшін нақтылы айырбас бағамының икемділігін сақтап тұру. Осы орайда Ұлттық қор маңызды роль атқаруға тиіс, Үкімет қор қаражатының ашықтығын және ұтымды құралуы мен пайдаланылуын қамтамасыз етуге тиіс.
Ақша – несие сясаты ақша, несие және банктердің атқаратын қызметтеріне байланысты туындайтын ақша қатынастардың ерекше жүйесін зерттейді.
Ақша теориясы ақша несие саясатының негізін құрайды. Ақша теориясы, ақшаның және ақша несие саясатының жалпы экономикаға ықпал ету процессін зерттейді.
Ақша және несие теориясы бір орталықтан жоспарлау жүйесінен – нарықтық қатынастарға өту кезеңіндегі ақша айналымы және несиелеуді ұйымдастыру тәжірибелерімен тығыз байланысты. Ақша және несиенің өзіндік ерекше белгілерін, олардың қоғам мен экономиканы қайта құрудағы ролі мен қызметін, сондай-ақ басқа да экономикалық категориялармен өзара әрекетін атап білудің өзі қаржы-несие мекемелерінің ақша-несие саясаттарының ғылыми негізін анықтайды.
Ұлттық банкі
мемлекеттік ақша-несие
Ақша-несие – бұл айналыстағы ақша жиынын, несие көлемін, сыйақы мөлшерлемесін өзгертуге, жалпы банк жүйесінің қызметін реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы. Ақша-несие саясатының макроэкономикалық деңгейдегі субъектісі – Ұлттық банк болып табылады. Ал ақша-несие саясатының Ұлттық банк тарапынан реттеу объектілеріне экономикадағы қолма-қол және қолма-қол ақшасыз жиынының жиынтығы жатады.
Ашық нарықтағы операциялар. Ұлттық банктың ашық нарықта ақша массасының көлемін реттеу мақсатында мемлекеттің құнды қағаздарын сатуы және сатып алуы. Мұның мағынасы: Ұлттық банк ақша эмиссиясын тоқтату және банктердің несиелік мүмкіншіліктерін шектеу мақсатында, нарықта құнды қағаздарды сатып, бұл қағаздарды сатып алған банктердің резервтік шоттарынан белгілі бір соманы есептен шығару. Керісінше, ақша шығаруын және несиелерді беруді ынталандыру үшін Ұлттық банк құнды қағаздарды өзіне қайта сатып алып, оның құнын банктердің резервтік шотына аударады.
Резервтік норманы өзгерту - ақша-несиені реттеуде қолданатын өте қатаң құрал. Ұлттық банк барлық банк мекемелердің міндетті резервті нормасын бір мезгілде өзгерту арқылы әрбір банктің резервінің көлеміне тікелей әсер ете алады. Міндетті резервтер – бұл әрбір коммерциялық банктер салымдардың бір бөлігін міндетті түрде сақтау қоры ретінде мемлекеттің Ұлттық банкте ұстауы қажет.
Есептік ставкасын өзгерту - коммерциялық банктер Ұлттық банктен несие алғанда ақша көлемін реттеу мақсатымен бірінші дәрежедегі банк несиенің мөлшерлемесін жиі өзгертіп отырады. (пайыз мөлшерлемесін көтерсе коммерциялық банктер алатын несиелерін азайтуға мәжбүр болады, керісінше, төмендетсе – несие көлемі өседі) Осы жоғарыда келтірілген 3 құралдарды қолдану – мемлекеттің «арзан ақша саясаты» және «қымбат ақша саясаты» деп аталады. Қазақстанда осы келтірілген құралдармен қатар, ақша айналысын реттеу үшін басқа да тәсілдер қолданылады.
Күрделі несиелік қаржының өсімін шектеу. Ұлттық банк коммерциялық банктердің несиелік қаражаттарының бөлінуін пайыздық норма арқылы шектеп отырады.
Ерікті келісімдер бойынша Ұлттық банк коммерциялық банктермен өзара келісімге келеді.
Ақша-несие саясатының макроэкономикалық деңгейдегі субъектісі — Ұлттық Банк болып табылады. Ал ақша-несие саясатының Ұлттық Банк тарапынан реттеу объектісіне экономикадағы қолма-қол және колма-қолсыз ақша массасының жиынтығы жатады.
Ақша-несие саясатының негізгі екі типі ажыратылады: ынталандырушы және шектеуші.
Ынталандырушы ақша-несие саясаты (несиелік экспансия) – бұл ақша ұсынысын арттыру және ақшаның бағасын (пайыз мөлшерлемесін) төмендету жолымен елдегі экономикалық белсенділікті көтеру мақсатында жүргізілетін саясат.
Шектеуші ақша-несие саясаты (несиелік рестрикция) – экономиканың инфляциялық өсуін тежеуге, ақша ұсынысының көлемін қысқартуға және ақшаның бағасын өсіруге бағытталған саясат.
Экономиканың циклдік ауытқулары мен толқуларын жұмсарту және қалпына келтіру мақсатында Орталық банк ынталандырушы немесе шектеуші ақша-несие саясатын жүргізу барысында өз қарамағында жоғарыда аталып өткен құралдар кешенін қолданады.
Өндірістің құлдыруы мен жұмыссыздықтың өсуі жағдайында Орталық банк «жұмсақ» ынталандырушы саясатты жүргізеді, мұны басқаша, «арзан ақшалар» саясаты деп атайды. Бұл саясат мынадай іс-шаралар арқылы жүргізіледі:
• есептік мөлшерлемені (қайта қаржыландыру мөлшерлемесін) төмен-дету;
• міндетті резервтер нормасын төмендету;
• халықтан және коммерциялық банктерден бағалы қағаздарды (қысқа мерзімдік мемлекеттік облигацияларды) сатып алу.
Осындай шараларды
атқарудың нәтижесінде
Экономиканың қызып кетуі жағдайында, яғни экономика артық шығындар мен инфляцияға тап болғанда Орталық банк «қатаң» ақша-несие саясатын іске асырады, мұны басқаша, «қымбат ақшалар» саясаты деп атайды. Бұл саясат мынадай іс-шаралар арқылы жүргізіледі:
• есептік мөлшерлемені (қайта қаржыландыру мөлшерлемесін) жоғары-лату;
• міндетті резервтер нормасын арттыру;
• халықтан және коммерциялық банктерден бағалы қағаздарды (қысқа мерзімдік мемлекеттік облигацияларды) сату.
Осындай саясатты жүргізудің нәтижесінде коммерциялық банктердің қарыз берулері шектеледі, ақша ұсынысы қысқарады, пайыз қойылымы өседі, ал соңында инвестициялар қысқарады, жиынтық шығындар төмендейді және инфляция басылады.
Сөйтіп соңында, ақша-несие саясатының қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді деген түрлерін бөліп көрсетуге болады. Олар өзінің нәтижелері бойынша ерекшеленеді. Қысқа мерзімде ақша-несие саясаты ұлттық өндіріс көлеміне үлкен дәрежеде әсер етеді және бағалар деңгейіне соншалықты әсер етпейді. Ұзақ мерзімде керісінше, ақша-несие саясаты бағалар деңгейіне айтарлықтай әсер етеді және ұлттық өндірістің көлеміне соншалықты әсер ете алмайды.
1.2 Ақша-несие саясатының құралдары
Ақша-несие саясатының құралдарын төмендегідей топтастыруға болады.
Түпкі мақсат:
а) экономиканың өсуі;
ә) толық жұмыс бастылық;
б) бағаны тұрақтандыру;
в) төлем балансын тұрақтандыру;
Түпкі мақсаттарға қол жеткізу үшін Ұлттық банк әдетте аралық мақсаттарды белгілейді. Оған қозғалысын Ұлттық банк бақылай алатын көрсеткіштер жатады. Аралық мақсаттар болжанатындай жолмен түпкі мақсаттар қозғалысымен байланысты болуы керек. Іс-тәжірибеде мінсіз мақсат болмайды, сол себепті аралық және түпкі мақсаттардың өзара қатынасының болжану өзгешелігі мен бақылану мүмкіндігі арасына таңдауға тура келеді. Ақша ұсынысы – ақша базасыың ұлғаюы аралық мақсаттың бірі болып табылады ( М0 ), М1, М2, М3. Ұлттық банк ең аясы тар көрсеткіш- ақша базасын мейлінше сәтті бақылай алады. Алайда, ақша қозғалысы М1, М2, М3 ақшалай агрегаттарымен өте тығыз байланыты.
Информация о работе Ақша-несие саясаты және оның мақсаттары, түрлері