Ақша-несие саясаты және оның мақсаттары, түрлері

Автор: Пользователь скрыл имя, 12 Сентября 2013 в 19:39, курсовая работа

Описание работы

Жұмыста отандық және шет елдік торлардың кітаптары мен мерзімдік басылымдар кеңінен қолданылған: Ғ. С. Сейітқасымов «Ақша, Несие, Банктер» оқулығы, Доғалов А.Н., Досмағанбетов Н.С. Макроэкономика: Экономикалық мамандықтарға арналған оқулық, Ә.Ә. Әбішев, К.А. Хубиев Макроэкономика оқу құралы, «Қаржы Қаражат» журналы, Ильясова К.К. Финансово-кредитные проблемы экономики Казахстана және т.б.

Работа содержит 1 файл

Курстық жұмыс doc.doc

— 210.50 Кб (Скачать)

Аралық мақсат:

а) ақша  жиыны;

ә) пайыз  мөлшерлемесі;

б) айырбас  бағамы.

Ақша ұсынысын нысаналау 1970 жылдың соңында және 1980 жылдың басында кеңінен тарады. Ақша ұсынысының өсуі мен инфляция қарқыны арасында тұрақты байланыс болады деп саналған. Алайда, ақша ұсынысын аралық мақсат ретінде пайдаланудың екі кемшілігі бар. Біріншіден, бұл пайыз мөлшерлемесінің өзгерісіне әкеп соқтырады. Ұлттық банк ақша ұсынысын және пайыз мөлшерлемесін бір мезгілде тіркей алмайды. Пайыз мөлшерлемесінің тіркеуі Ұлттық банкті ақша ұсынысын сұраныс шамасына сәйкес өзгертуге итермелейді. Егер ұлттық банк ақша ұсынысын тіркегенді қолайлы көретін болса, онда ақша сұранысы пайыз мөлшерлемесінің қозғалысымен реттеледі. Пайыз мөлшерлемесін тіркеудің мынадай өзгешелігі бар: ол оның көтерілуінен туындайтын ығыстыру әсерінен құтылуға мүмкіндік береді. Алайда ұзақ мерзімді кезеңде Ұлттық банк ақша ұсынысының мөлшерін бақылау мүмкіндігінен айырылады. Ұлттық банк аталмыш параметрді нақты бақылай алмайды деген пікір бар. Пайыз мөлшерлемесінің қозғалысы экономикада ақшаның аз-көптігіне қатысты топшылау жасауымызға мүмкіндік беріп қоймай, сонымен бірге ақша жиынының мөлшеріне ықпал етеді.

Екіншіден, ақша ұсынысы мен инфляция арасындағы дәстүрлі байланыс қаржының қайта реттелуі және ақша сұранысын болжаусыз құбылысқа айналдырған жаңа қаржы құралдарының пайда болу салдарынан ішінара бұзылады.

Келесі аралық мақсатқа валюта бағамы жатады. Инфляция деңгейі жоғары елдер өз валютасын  инфляция деңгейі төмен елдердің валютасына байланыстырады. Іс-тәжірибеде бұл елдің ақша-несие саясатын инфляциясы төмен елдердің саясатына бағынышты етеді. Көптеген дамушы елдер валюта бағамын долларға қатынасы бойынша тіркейді. Ұлттық шекара арқылы капитал қозғалысының еркіндігі мынаған әкеледі: валюта бағамын өзге елдің валюта қозғалысына байланыстыру алаяқтардың шабуылына ұшырайды.

Ақша-несие саясатының мақсаттарына тікелей және жанама деп  бөлінетін нақты құралдар арқылы қол жеткізіледі.

Ақша-несие саясатының тікелей құралдары:

1) несиелеу лимиттері;

2) пайыз мөлшерлемесін  тікелей реттеу.

Ақша-несие саясатының жанама құралдары:

1) міндетті резервтер  нормасын өзгерту;

2) есептік мөлшерлемені  өзгерту;

3) ашық нарықтағы  операциялар.

Тікелей және жанама құралдарының арасында айырмашылықтар бар. Жанама құралдарды тиімді пайдалану ақша нарығының дамуымен тығыз байланысты. Нарықтық экономикада әсіресе алғашқы өзгерістер кезеңінде, тікелей және жанама құралдар пайдаланылады, соңғылары алғашқыларын ығыстырады.

Соңғы мақсаттар жалпы экономикалық саясаттың, сонымен қатар қазыналық, валюталық, сыртқы сауда, құрылымдық және басқа да саясаттарды ескере отырып, несие-ақша саясаты жоғарыда аталған саясаттардың бір бағыты ретінде қарастырылады.

Аралық мақсаттар  нарықтық жағдайда тікелей орталық банктің жанама құралдары арқылы жүзеге асырылады.

Бұл мақсаттарға  жетуде Ұлттық банк ақша-несие саясатын жүргізуде. Нысанаға алатын ақша базасы келесідей ақша-несие саясатының негізгі құралдарының көмегімен реттеледі:

  • қайта қаржыландыру мөлшерлемесі: ресми мүдделендіру мөлшерлемесі деңгейін белгілеу;
  • Қазақстан Ұлттық банкінде жинақталатын ең төменгі міндетті резервтер нормасын белгілеу, оның ішінде сырттан тартылған қаражаттарды мерзіміне, көлеміне және түрлеріне байланысты жіктеу;
  • мемлекеттің бағалы қағаздарын сатып алу және сату бойынша ақша нарығындағы операцияларды жүргізу;
  • анктерге және үкіметке несие беру;
  • валюталық нарықтағы басқыншылық;
  • кейбір жағдайларда несиелік операциялардың жекелеген түрлерінің деңгейі мен көлеміне тікелей сандық шектеулер енгізу;

-ресми есепке  алу (дисконттық) мөлшерлемесі.

Ұлттық банк үш негізгі құралды пайдалана  отырып, ақша нарықтағы операция, қайта  қаржыландыру мөлшерлемесі және міндетті резерв мөлшері.

Ашық нарықтағы  операция. Ашық нарықтағы операция ақша базасыныңың шамасына бақылау орнатудың негізгі әдісі болып табылады. АҚШ-та белгіленген табысы бар бағалы қағаздардың жылдық айналысы 1999 жылы 14 трлн.долларға бағаланады. Федералдық резерв жүйесі оларды бір жылдың ішінде 1-ден 5 млрд.доллар сомасында сатты немесе сатып алды. Бұл ақша ұсынысы мен пайыз мөлшерлемесінің шамасына ықпал ету үшін жеткілікті болды.

Ұлттық банктің  мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып  алуы экономикада ақша ұсынысының өсуіне себеп болады. Коммерциялық банктер  Ұлттық банкке резервті арттырады және өндірушілер мен тұтынушыларға көп мөлшерде несие беру мүмкіндігі ұлғаяды.

Халық қосымша  ақшалай қаражат алады және оның бір бөлігін коммерциялық банктің  шотына орналастырады. Ұлттық банктің  мемлекеттік бағалы қағаздарды сатуы  коммерциялық банктердің резервін азайтады және бұл халықтан ақшаны өндіріп алуға итермелейді.

Ашық нарықтағы  операция ақша ұсынысының шамасын ғана емес, сонымен бірге несиеге қатысты  банкаралық нарықтағы пайыз мөлшерлемесін  де реттейді. Кейбір коммерциялық банктер  артық резервке ие болса, кейбіреулерінде ол жетіспейді. Банкаралық нарықтағы артық резервке байланысты сауда-саттық пайыз мөлшерлемесімен реттеледі.

Қайта қаржыландыру мөлшерлемесі. Ақша ұсынысы қайта  қаржыландыру мөлшерлемесіне тәуелді. Бұл мөлшерлеме ұлттық банктен ақша алатын коммерциялық банктер үшін белгіленеді. Ұлттық банк қайта қаржыландыру мөлшерлемесін өзгерту арқылы коммерциялық банктердің өз ресурстарына қол жеткізу мүмкіндігін ұлғайтады немесе азайтады.

Ақша нарығына қатысушылар осы мөлшерлеменің  қозғалысын жіті қадағалап отырады. Қайта қаржыландыру мөлшерлемесін көтеру Ұлттық банктен несие алу мүмкіндігін шектейді және акция мен облигация бағамының төмен түсуіне ықпал етеді. Ал, оның кемуі коммерциялық банктердің Ұлттық банктен қарызға ақша алу жолын жеңілдетеді және акция мен облигация бағамын көтереді.

Міндетті резерв нормасы. Коммерциялық банктер өз депозиттерінің белгілі бір бөлігін орталық  банкте ұстауға міндетті. Міндетті резерв рөлі мынада; ол Ұлттық банкке коммерциялық банктердің несиеге қатысты экпанциясының мөлшерін реттеуге мүмкіндік береді. Егер Ұлттық банк экономикада несиелеу талабын қатайтуға қатысты шешім қабылдаса, ол міндетті резерв нормасын көтеруі мүмкін. Міндетті резерв нормасының кемуі коммерциялық банктердің қаржылық ресурсын несиелеуге босатады.  Міндетті резерв нормасы төлем қабілеті жоғалған жағдайда және салымшылар тарапынан шапқыншылық орын алғанда банкті күйреуден аман алып  қалуға жетпейді. Депозиттердің сақталуы оларды сақтандыру жолымен қамтамасыз етілуі мүмкін.

Міндетті резерв нормасының негізгі функциясы ақша ұсынысының мөлшерін реттеуден тұрады. Ұлттық банк, әдеттегіше коммерциялық банктердің резервтеріне төмен пайыз төлейді немесе төлемейді. Міндетті резерв нормасының көтерілуі коммерциялық банктер үшін тиімсіз, өйткені олардың табысы азаяды. Сол себепті, Ұлттық банк ақша ұсынысын бақылаудың осы құралын сирек пайдалануға тырысады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. ҚАЗАҚСТАНДА  АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫНЫҢ ҚАЗІРГІ  ЖАҒДАЙЫНА ТАЛДАУ ЖАСАУ

 

2.1 Қазақстандағы қазіргі ақша-несие саясатының жағдайы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2011 жылы үйлестірілген макроэкономикалық және ақша-несие саясатын жүргізуінің нәтижесінде елде макроэкономикалық, қаржылық және әлеуметтік тұрақтылық қамтамасыз етілді.

Өткен жылы дамыған  елдерде дағдарыстың тереңдеуіне  қарамастан, Қазақстан экономикасы  жоғары қарқынмен дамыды. Алдын ала  деректер бойынша нақты Жалпы  ішкі өнім 2011 жылы 7,5% өсті. 

Экономиканың  өсіміне ішкі сұраныстың кеңеюі мен жыл бойы экспорттық өнімдерге қолайлы конъюнктураның сақталуы әсер етті.

Ең көп өсім қарқыны ауыл шаруашылығында – 26,7% , саудада 14,5%, байланыста – 18,7% белгіленді. Өнеркәсіп өндірісінің өсімі 3,5%, құрылыста – 2,7 % құрады.

Алдын ала бағалау бойынша еңбек өнiмдiлiгі 2011 жылы 104, 3%-ды құрады.

Экономика салаларындағы  өсім ел халқының әл-ауқатының жақсаруымен  қатар жүреді. Халық табысы өсуде  және еңбек нарығындағы жағдайдың  жақсарғаны байқалды. Бағалау бойынша 2011 жылы жан басына шаққанда ЖІӨ 11 мың АҚШ долларынан асты. 2011 жылғы нақты ақшалай табыс 7,4%,-ға нақты жалақы – 7,2%-ға өсті. Жұмыссыздық деңгейі 2011 жылдың соңында 5,4%-ға дейін  төмендеді. 

Үкімет пен  Ұлттық Банктің бағаны тұрақтандыру бойынша тиімді әрекеті жылдық инфляция деңгейін жоспарланған 6–8% дәлізде ұстап тұруға мүмкіндік берді. 2001 жылдың соңында инфляция деңгейі 7,4 % құрады, бұл 2010 жылмен салыстырғанда 0,4 %төмен.

Елдің қаржылық тұрақтылығы алтын-валюта резерві  мен Ұлттық қордағы елеулі жинақтармен  қамтамасыз етіледі. 2011 жылы елдің халықаралық резерві 73 млрд. АҚШ долларын құрады және бір жылда 23,2 %-ға  өсті, оның ішінде шетел валютасындағы Ұлттық қор активтері 41%-дан 43,7 млрд. АҚШ долларына дейін өсті. 

Банк секторының позитивті даму серпіні белгіленді, бұл банктердің несиетік белсенділігінің біртіндеп қалпына келуімен қатар болады.   2011 жылғы қыркүйек айының қорытындысы бойынша банк секторының борышы 2007 жылы 45,9 млрд. АҚШ долларынан  16,5 млрд. АҚШ долларына дейін қысқарды.

Мемлекеттік бюджеттің тапшылығы төмендеді және ЖІӨ-ге 2,2%-ды құрады.

2011 жыл ішінде  экономикадағы банк несиетерінің жалпы көлемі   15,7 %-ға артты, банк жүйесіндегі депозиттер көлемі 14,3 %-ға, оның ішінде тұрғындар депозиті 24,1 %-ға өсті.

2011 жылы экономикалық  белсенділікті арттырудың негізгі факторы  Индустрияландыру картасының жобаларын іске асыру болып табылды. Өткен жылы 1 трлн. теңге сомаға 237 жоба іске қосылып, шамамен алғанда 20 мың жұмыс орны құрылды.

Кәсіпкерлікті, ең алдымен шағын және орта бизнесті дамыту мақсатында «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы белсенді түрде іске асырылуда. 2010 жылдан бастап бағдарламаның үш бағыты бойынша жалпы сомасы     288,3 млрд.теңге сомаға 930 жоба субсидиялауға мақұлданды.

Бизнеске әкімшілік  жүктемені азайту бойынша жүргізілген жұмыс Қазақстанның Дүниежүзілік Банкі «Doing Business» рейтингіндегі бизнес жүргізуге неғұрлым қолайлы жағдай жасалған әлемнің 50 елінің қатарына кіруіне мүмкіндік берді.

Экономикадағы оң үрдістер, сақталып отырған макроэкономикалық  тұрақтылық Standard&Poor`s және Fitch агенттіктері егемен рейтингтерді тиісінше «ВВВ+» және «ВВВ» деңгейіне дейін жақсартуға мүмкіндік берді.

Беларусьтің, Қазақстанның және Ресейдің Кеден одағы (бұдан  әрі - КО) табысты жұмыс істеуде, Кеден  одағының Бірыңғай кеден аумағын қалыптастыру жұмысы аяқталып, 70 халықаралық келісімді қамтитын Кеден одағының шарттық-құқықтық базасы қалыптастырылды. 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап Бірыңғай экономикалық кеңістіктің халықаралық шарттары пакеті өз күшіне енді – бұл біздің мемлекеттеріміздің неғұрлым терең интеграциясын білдіреді.

Өткен жылы біз  айтарлықтай нәтижелерге қол  жеткіздік. Сонымен бірге ел экономикасына  әсер етеді мүмкін сыртқы тәуекелдер де бар.

Әлемдік экономикада  қазіргі уақытта ЕО және АҚШ экономикаларында рецессияға және 2012 жылдың өзінде Қытайда өсу қарқынының күрт төмендеуіне алып келетін құлдырау үрдісі сақталып отыр. Халықаралық ұйымдар  әлемдік экономиканың дамуы жөніндегі болжамын төмендеу жағына қарай қайта қарады. Халықаралық валюталық қор (бұдан әрі – ХВҚ) әлемдік экономиканың 2012 жылға арналған өсу болжамын 3,3%-ға дейін төмендетті, ал бұдан бұрын 4 % өсімі болжанған болатын, Дүниежүзілік Банк 2,5 %-ға дейін төмендетті. Fitch Ratings агенттігі 2012 жылға арналған еуроаймақтың ЖІӨ өсу болжамын қазандағы 0,8 % болжаммен салыстырғанда 0,4 %-ға төмендетті.

Бұл жағдайларда 2012 жылы экономикалық саясаттың негізгі  бағыттары мыналар болады:

1) макроэкономикалық  тұрақтылықты қамтамасыз ету  және  жоспарланған деңгейде экономикалық  өсудің тұрақтылығын  қамтамасыз  ету;

2)   адами  капиталдың бәсекеге қабілеттілігін  арттыру және әлеуметтік міндеттемелерді  орындау;

3) -  өңірлік  саясатты одан әрі дамыту;

4) бірыңғай экономикалық  кеңістік шеңберінде интеграциялық  процестерді жалғастыру;

5)     мемлекеттік басқару жүйесін  жаңғырту. 

Макроэкономикалық тұрақтылық үйлестірілген ақша-несие және салық-бюджет саясатының және инфляцияның деңгейін жоспарлы 6-8 % дәлізде ұстау есебінен қамтамасыз етіледі.

Салық-бюджет саясаты  әзірленген мемлекеттік саясат шараларын  тиімді іске асыруға және экономиканың теңгерімді өсуі қамтамасыз етуге бағытталатын болады.

Тұрақсыздықтың  ішкі факторларының экономикаға  кері әсерін төмендету мақсатында контрциклды  бюджет саясаты жүргізілетін болады. Экономикалық серпіліс кезеңінде экономиканың «қызып кетуіне» жол бермеу үшін бюджет шығыстарының өсімі тежелетін болады. Экономикалық құлдырау кезеңінде ішкі сұранысты қолдау үшін шығыстар ұлғайтылатын болады.  

Ірі жоғары  технологиялық индустриялық жобаларды  іске асыру және жүйе құраушы кәсіпорындарды қолдау «Өнімділік 2020» және «Бәсекеге  қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру» бағдарламалары шеңберінде қамтамасыз етіледі.

Информация о работе Ақша-несие саясаты және оның мақсаттары, түрлері