Ақша қаражаттарының есебі

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2013 в 17:50, курсовая работа

Описание работы

Бухгалтерлік есеп нарық қатынастары жағдайында шаруашылық жүргізуші субъектілерде ерекше маңызды орынға ие. Қазақстан нарық экономикасына түгелімен күшті, оны бүкіл әлемдік қауымдастық та мойындады. Мұндай жағдайда біздің республикамызда пайдасы жоғары, тұрақты, әлемдік нарықта бэсекелестік қабілеті бар кәсіпорындар неғұрлым көп болса, соғұрлым біздің экономикамыздың деңгейі де жоғарлай береді.

Содержание

КІРІСПЕ………3

I Тарау. Ақша қаражаттар есебінің теориялық негіздемесі.
1.1. Ақша қаражаттар операцияларын есепке алудың мәні мен мақсаты……4-5
1.2. Есеп айырысу шоты операцияларының есебі………………….6-10

ІІ Тарау. Касса операцияларының есебі……..11-14
2.1. Банктегі арнайы шоттардағы ақшалар есебі……….15-20
2.2. Төлем карточкаларының есебі…………20-23
2.3. Ақша қаражаттар қозғалысының есебі…….24-26

ҚОРЫТЫНДЫ……..27-28
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ……..29-30

Работа содержит 1 файл

Ақша қаражаттарының есебі....docx

— 124.12 Кб (Скачать)

 

Чек кітапшасын алу үшін банкке үтініш беріледі. Лимиттелеген чек  кітапшасы иесінің жеке шотындағы  қаражаты депоненттеуге арналған, субъектінің  шоты бойынша операциялар жасауға  арналған құжаттарға қол қоюға құқығы бар адамдардың қолы қойылған төлем  тапсырмасы мүртаңбасы қойылып, оған қоса беріледі. Чек кітапшасының лимиті чек жазып беріле алатын және банк түлеуге тиісті шекті соманы білдіреді. Ол банк белгілеген сомадан кем болуы  мүмкін емес, бірақ тауарлар мен  қызметтерді түлеуге арналған қаражаттардың  айлық түтынысынан эдетте күп  болуы да мүмкін.

 

Чектермен есеп айырысу есебі  активтік 422 «Чек кітапшаларындағы ақша қаражаттары» шотында жүргізіледі.

 

1.  Лимиттелген чек кітапшасын  онда күрсетілген лимит сомасында  алған кезде Д-т 422 К-т 441, 431, 601

 

2.   Банктен алынған  чек кітапшалары бойынша сомалар  субъект берген чектердің түленуіне  қарай есептен шығарылады, яғни  жеткізушілер, үзге де кредиторлар  үсынған чекті банктің үтеу  сомасы Д-т 671, 687 К-т 422

 

3.    Пошта-телеграф  шығындары чекпен түленді Д-т  821 К-т 422

 

4.  Іссапарға жіберілген  адамдар үшін жол жүру билеттері  сатып алынады Д-тЗЗЗК-т422

 

5.  Чек    кітапшасы    лимитінің    пайдаланылмаған    қалдығы    қаражаттар депоненттелген  шотқа есептелді Д-т 441, 4314, 601 К-т  422

 

422, 423 -шоттардың кредиті  бойынша және 42-бөлімшенің басқа  шоттары бойынша операциялар   банк күшірмесінің негізінде  №3  журнал-ордерде (кредитінде) күрсетіледі.

 

Жолдағы аударымның және банктегі арнайы шоттардағы қаражаттардың есебі. Аударылған, бірақ әлі кәсіпорынның шотына келіп түспеген, яғни кіріске  алынбаған ақша қаражаттары жолдағы  ақшалай қаржылар болып саналып, Ал олардың есебі 411-«Аударылған  жолдағы ақшалай қаражаттар»-деп  аталатын шотта жүргізіледі.  Бұл  шот ай соңында кәсіпорынға немесе фирмаға басқа кәсіпорын, ұйым немесе фирмалардан аударылған, бірақ эзірге келіп түспеген, яғни кіріске алынбаған  жолдағы ақшалай қаржылар жайлы  ақпараттарды қорытындылауға арналған.  Бұл  шотта кәсіпорындар, фирмалар немесе ұйымдар үздерінің қарамағындағы  филиалдардың, бөлімшелердің, сондай-ақ сатып алушылардың банктерге, сақтық кассаларына, почта бөлімшелеріне салған, бірақ тиісті шотқа әлі түспеген, аударылғандығы туралы тиісті құжаттармен дәлелденген ақшалай қаржыларды есептейді. 411-«Жолдағы ақшалай қаражаттар» шотында ақша қаражаттарын есептеу үшін мынадай құжаттар болуға тиіс:

 

1.   Саудадан  немесе   басқа  да  операциялардан  түскен  түсімді   банкінің  қабылдағанын дәлелдейтін құжат.

 

2.  Почта бөлімінің ақшаны  қабылдағаны жайлы квитанциясы.

 

3.  Басқа кәсіпорындардан  олардың ақша аударғаны жайлы  берген авизасы (бұл авизада  ақшаны аударған күні, сомасы, оны  қабылдаған банк немесе почта  аты көрсетіледі).

 

Кәсіпорынның, ұйымның және фирманың бухгалтериясы аударылған жолдағы ақшалардың банктердегі  есеп айырысу немесе басқа да тиісті шоттарға уақтылы да, дер кезінде  түсіп есепке алынуына бақылау жасап  отыруы керек. Кәсіпорындар, ұйымдар, фирмалар арасында жолдағы аударылған шетел  валютасы да осы 411 «Жолдағы аударылған ақшалай қаражаттар» шотында  есептелініп, бірақ бүлек күрсетіледі.

 

Кәсіпорындар мен ұйымдарда, мекемелерде нақты ақшамен қатар  почта маркалары, демалыс және емдеу, сауықтыру орындарының жолдамалары, жол билеттері, сонымен қатар  үкіметтің жәрдемі ретінде берілген қаражаттары, яғни үлкен жауапкершілікпен сақталуын қадағалауды талап  ететін басқа да қаржылар сақталады.  Бұл ар «Банктердегі арнайы шоттардағы ақшалай қаржылар» шотында есептеледі:

 

1 .Әлеуметтік мекемелерді  үхтауға пайдаланушылардан келіп  түскендері Д-т 423 К-т 334

 

а)  электр энергиясын, жылуды, суды, отынды жеткізу қызметін төлеу  Д-т 671К-т423

 

б) ТМҚ, инвентарь сатып  алу Д-т 201-206, 208, 125 К-т423

 

4.  Ұзақ    мерзімді    инвестицияларды    қаржыландыруға    алынған    және инвестордың  өтініші бойынша жеке шоттан  жұмсалатын қаражаттар Дт 423 К-т  687/мақсатты қаржылар, 641-643

 

5.  Атқарушы билік органдарының  демеу қаржысы (субсидия) Д-т 423 К-т 726.

 

Вексель қаражаттарының есебі. Вексель (қарыздық қолхат, міндеттеме) -бүл вексель берушінің вексель  ұстаушыға (вексель иесіне) белгілі  бір соманы мерзімі жеткен бойда  қарыздық міндеттемені сөзсіз төлеуді  куәландыратын бағалы қағаз.

 

Вексель - бұл вексель айналымы жолымен берілетін коммерциялық несиенің түрі (вексельдің бір иегерден басқасына берілуін ақша алмастырады). Вексельдің екі түрі болады:

 

1. Жай вексель — оны  борышкер жазып береді және  оған қол қояды. Екі тарап  қатысады: вексель беруші және  вексель ұстаушы. Вексельде берілген  орны мен күні, міндеттеменің  жалпы сомасы немесе % төлеу жүніндегі  міндеттеме бөлек түрде, төлемнің  мерзімі мен орны, алушының атауы,  екі тараптың қойған қолдары  күрсетіледі.

 

2. Аудармалы вексель (тратта) — бұл вексельде көрсетілген  соманы белгіленген  мерзімде  үсынушыға немесе үшінші  тұлғаға  (эмитентке)  төлеу

 

жүнінде кредитордың (трассантың) борышкерге (трассатқа) берген бұйрығы. Аудармалы вексельді төлеуші (трассант) табыстау қолының (индосаменттің) көмегімен  акцептеуге тиіс. Вексель бірнеше  рет пайдаланылуы мүмкін, сүйтіп әмбебап  несиелік-есеп айырысу құжатының  рөлін атқарады. Вексель қаражаттардың  айналымын, банктегі вексельдегі есебін (дисконттауды) жылдамдатады. Мұндай жағдайда вексель ұстаушы индосаменттің  көмегімен вексельді төлем мерзімі  басталғанға дейін банкке табыстайды және банк пайдасына берілетін процентті (дисконтты) шегеріп тастап, вексель  сомасын алады. Бухгалтерлік есепте вексель емес, вексельді қамтамасыз ететін берешек сомасы күрсетіледі. Ал вексельдің өзі баланстан тыс 006 «Қатаң есеп беру бланкілері» шотында  ескерілуі мүмкін. Алынған өнімдер, жұмыстар мен вексельге алынған  қызметтер үшін сатып алушылармен  және тапсырыс берушілермен есеп айырысудың 302-«Алынған вексельдер» шотында  жүргізіледі.[2]

 

Банктегі   арнайы   шоттағы   ақша   қаражаттар   бойынша   операциялар   есебін төмендегі сызба арқылы көруге болады.

 

 

 

2.2 Төлем карточкаларының  есебі.

 

Инкассация шығындарын төмендету, бухгалтерия жүктемесін азайту, Қазақстаннан әлемнің кез — келген жеріне ақшаны автоматты тез түрде аудару мақсатында кәсіпорындар төлем карточкаларын  қолданады. Төлем карточкасы — карточка үстаушыға төлемді жүзеге асыруға, қолма — қол ақшаларды алуға, валюта айырбастауға және карточка шығарушы банкпен белгіленген басқа операцияларды  жүргізуге мүмкіндік беретін  ақпараты бар элетронды терминал немесе үзге де қондырғылар арқылы ақша қаражаттарға қол жеткізу әдісі.

 

Төлем карточкаларының түмендегідей түрлері бар:

 

Дебеттік - осы карточканы үстаушыға карт — шоттағы (төлем  карточкасын қолдану арқылы іске асатын төлемдерді күрсететін ағымдағы шоттар) ақша қаражаттар сомасының  шегіндегі төлемді жүзеге асыруға  мүмкіндік беретін карточкалар. Сонымен қатар, олар үхтаушыға банк үсынған заем сомасының көлемінде  де төлемді жүргізуге мүмкіндік  береді.

 

Кредиттік — банктік заемдық  келісім-шарт негізінде төлем карточкасын  шығаруды жүзеге асыратын банкпен үсынған  заем сомасының көлемінде ғана карточка иесіне төлем жүргізуге мүмкіндік  береді.

 

Сонымен қатар, кәсіпорын  іс-сапар, кеңсе, үстеме шығындарын түлеу  үшін корпоративті төлем карточкаларын  аша алады.

 

Корпоративті карточка —  банк пен заңды түлға — карт-шот  иесі арасындағы келісім-шарт негізінде  ұстаушыға берілетін төлем карточкасы. Корпоративті төлем карточкасын  қолдану арқылы жүргізілген төлемдер заңды түлғаның карт-шотындағы ақша сомасының шегінде ғана немесе аталған  заңды түлғаға үсынылған заем шегінде ғана жүзеге асады.

 

Бүгінгі таңда 2 млрд. астам  карточкалар әлемнің барлық елдерінде  қаржылық қүрал ретінде қолданыста жүр. Әлем бойынша 14 млн. астам төлем  карточкаларын қабылдайтын кәсіпорындар бар.

 

Қазақстан Республикасының  территориясында төлем карточкаларын  ҚР Ұлттық Банктің карточканы шығаруға лицензиясы бар банктер ғана шығара алады. Келісім — шартқа банк мекемесіне заңды (жеке) түлғаның үтініші негізінде  отырады, оның мазмүлы келесідей  болу керек:

 

-    төлем карточкаларын  беру шарттары;

 

-    төлем карточкасын  қолдану арқылы төлемді жүзеге  асыру шарттары;

 

-    қосымша карточка  берілетін түлғалар тізімі немесе  түлғалар тізіміне сілтеме;

 

-    төлем карточкасын  жою шарттары;

 

-    төлем карточкасы  жүніндегі келісім — шарттың  мерзімдері; т   екі жақтың қүқықтары  мен міндеттері;

 

-    екі жақтың  жауапкершілігі;

 

Төлем    карточкаларын   қолдану   арқылы    жүретін   төлемдер   төлем құжаттары   мен   төлем   карточкасының   реквизиттері   арқылы   жүзеге   асады.

 

Қазақстан   Республикасы   территориясында   төлем   карточкаларын   қолдану арқылы жүретін төлемдер тек ұлттық валюғада жүзеге асады.

 

Егер төлем басқа валютада, ал карт — шот басқа валютада жүргізілсе, карт — шоттан ақша алу  төлем валютасының конвертациясынан кейін ғана жүзеге асады. Төлем валютасын  шот валютасына конвертациялау төлем  карточкаларының жүйесінің қатысушылары арасындағы келісім — шарт негізінде, төлем карточка жүйесінің ішкі ережелеріне  сәйкес жүзеге асады.

 

Төлемді жүргізудің алдында  кәсіпорын төлемнің авторизациясын жүргізу қажет. Авторизация автоматтандырылған (кәсіпорын төлем терминалын қолдану) немесе дауысты (телефон байланысын қолдану) жағдайда жүзеге асады.

 

Авторизация — төлем карточкасын  қолдану арқылы төлемді жүзеге асыруға  банктің рұқсат беруі.

 

Карточка қолдану арқылы төлем жүзеге асқанда, төлем құжаты ресімделеді. Авторизация берілгеннен  кейін банк алдында осы төлем  құжатын түлеу бойынша міндеттеме туады.

 

Төлем құжаты — сатып алынған  тауарлар немесе көрсетілген қызметтер  үшін ақша төлеу жүнінде эквайерге  тапсырмасы.

 

Эквайер — төлем карточкасы бойынша қолма — қол ақшаның  берілуін, сонымен қатар, карточка иесі пайдасына түскен ақша қаражаттарды қабылдауды немесе келісім — шартта күрсетілген басқа да шарттарды  жүзеге асыратын банк мекемесі.

 

Қазақстан Республикасында  тауарлар мен қызметтердің ақысының төлем карточкасын қолдану арқылы төлемі сатып алу сомасына сауда  чектерінің екі данасымен немесе слиппен расталуы тиіс.

 

Слип — қағаз бетінде  ресімделеген төлем құжаты. Ол үш данада ресімделеді: біріншісі банкке беріледі, екіншісі кәсіпорында (тауар сататын, қызмет күрсететін) қалады, үшіншісі —  төлем карточкасының иесіне беріледі.

 

Төлем құжатында келесі реквизиттер  болу керек:

 

-    төлем құжатының  номері, оның ресімделу күні, айы,  жылы;

 

-    операцияны жүзеге  асырып жатқан ұйымның және  банктің толық атауы;

 

-    төлем карточкасының  реквизиттері;

 

-    төлем сомасы;

 

-    төлем валютасы;

 

-    карточка үстаушының  қолы;

 

-    эквайер немесе  үкілетті түлғаның қолы;

 

-    төлем мақсатының  коды;

 

Қағаз бетінде құрылған төлем  құжаттарында еш бір түзету рұқсат етілмейді.

 

Төлем карточкаларын қолданумен жүзеге асқан. операциялар карточка ұстаушының карт — шотында күрсетіледі. Орын алған төлемдер жүнінде ақпараты бар банк күшірмелері үхтаушыға  үсынылып отырады. Төлем карточкаларын  қолдану жағдайларына сәйкес шоттар корреспонденциясымен мысал келтірейік:

 

Мысал.   VISA   халықаралық   корпоративті   карточкасын   шығару   мен қолдану жүнінде  кәсіпорын банкпен келісім —  шартқа отырды. Бір жалпы карт -шот  ашылды  және  іс — сапар,  кеңсе,  үстеме  шығындарын  түлеу үшін   10 қызметкерге   карточка   берілді.   Карт   -   шот   шетел   валютасында   -   АҚШ долларында ашылды.

 

Карт — шоттағы орналасқан ақшалар 423 «Банктегі арнайы шоттағы  ақша қаражаттар» шотында күрсетіледі. Олардың келіп түсуі 423 шоттың дебетінде  және 441, 431 шоттың кредитінде күрсетіледі.

 

Төлем карточкалары арқылы ақша қаражаттарды шығысқы шығару 423 шот  кредиті және сэйкес шоттардың дебеті:

 

333 «Қызметкерлер мен басқа  да түлғалардың борышы» — іс  — сапар және шаруашылық шығындарды  авиа — теміржол билеттерін  түлеу үшін қолма қол ақша  қаражаттарды алған кезде.

 

821 «Жалпы және әкімшілік  шығындар», 811 «Өткізу бойынша шығындар», 938 «Басқалар» — күрсетілген қызметтерге  корпоративті карточка арқылы  төлем ақыны жүзеге асырған  кезде.

 

821 «Жалпы және әкімшілік  шығындар» — Банк комиссиясының  сомасына

 

20 бөлімше «Материалдар», 222 «Сатып алынған тауарлар» —  карточка арқылы тауарлы материалдық  қорларды сатып алған кезде.

 

Карт — шот бойынша  күшірмеде екі күн күрсетіледі.

 

-    «шот бойынша  күн» — шотта операцияның шотта  күрсетілу күні

 

-    «күн» — операцияның  нақты орын алған күні. Шоттар  корреспонденциясын құрайық

 

1.   банкоматтан кеңселік  шығындарды жабу мақсатында қолма  қол ақша алынды: Д-т 333; К-т 423;

 

2.   валюталық   шоттан   карт  -   шотты   толтыру   үшін   ақша   қаражаттар  аударылды (Ұлттық Банк бағамы  бойынша):

 

Д-т423;К-т431;

 

3.   Астана қ. қонақ  үйінде түрудың 1 күннің ақысы  түленді: Д-т 811; К-т .  . 423;

 

4.   Карт -шоттағы депозит  бойынша гфоценттер есептелді:  Д-т423;К-т724;

 

5.   банк комиссиясы  кәсіпорын шығындарына жатқызылды: Д-т 821; К-т 423;

 

6.   Валюталық шот  бойынша бағамдық айырым күрсетілді: Д-т 423; К-т 725;

 

2.3 Ақша қаражаттар қозғалысының  есебі.

 

Ақша қаражаттар қозғалысының есебі №4 БЕС сәйкес жасалынады. Есеп беруді құрудың қажеттілігі  ақша қаражаттардың келіп түсуі  мен шығуы бойынша ақпарат  алуда және қаржылық қызметі жүнінде  мәліметке ие болуда жатыр.

 

Ақша қаражаттар қозғалысы  туралы есебі ақпарат қолданушыларға кәсіпорынның қаржылық жағдайындағы үзгерістерді бағалауға мүмкіндік береді, шаруашылық субъектінің операционды, инвестициялық  және қаржылық қызметі бойынша есепті мерзімде ақша қаражаттардың келіп  түсуі мен шығысы туралы мәліметтермен  қамтамасыз етеді.

Информация о работе Ақша қаражаттарының есебі