Ақша қаражаттарының есебі

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2013 в 17:50, курсовая работа

Описание работы

Бухгалтерлік есеп нарық қатынастары жағдайында шаруашылық жүргізуші субъектілерде ерекше маңызды орынға ие. Қазақстан нарық экономикасына түгелімен күшті, оны бүкіл әлемдік қауымдастық та мойындады. Мұндай жағдайда біздің республикамызда пайдасы жоғары, тұрақты, әлемдік нарықта бэсекелестік қабілеті бар кәсіпорындар неғұрлым көп болса, соғұрлым біздің экономикамыздың деңгейі де жоғарлай береді.

Содержание

КІРІСПЕ………3

I Тарау. Ақша қаражаттар есебінің теориялық негіздемесі.
1.1. Ақша қаражаттар операцияларын есепке алудың мәні мен мақсаты……4-5
1.2. Есеп айырысу шоты операцияларының есебі………………….6-10

ІІ Тарау. Касса операцияларының есебі……..11-14
2.1. Банктегі арнайы шоттардағы ақшалар есебі……….15-20
2.2. Төлем карточкаларының есебі…………20-23
2.3. Ақша қаражаттар қозғалысының есебі…….24-26

ҚОРЫТЫНДЫ……..27-28
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ……..29-30

Работа содержит 1 файл

Ақша қаражаттарының есебі....docx

— 124.12 Кб (Скачать)

 

Барлық шаруашылық субъектілер  ақша қаражаттарын банктердің сәйкес мекемелеріндегі шоттарда сақтайды және міндеттемелер бойынша төлемдерді жүзеге асырады. Көп жағдайда бұл  төлемдер қолма-қолсыз есеп айырысу  нысанында болады, ал қажетті қолма  — қол есеп айырысулар Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің нормативті құжаттарымен бекітілген мүлшерде ғана жүзеге асады. Заңды тұлғалар арасындағы төлем 4000 айлық есеп айырысу күрсеткішінен артып кеткен жағдайда, есеп айырысу тек қолма -қолсыз түрде жүзеге асу керек.

 

Ақша қаражаттардың есебі  мынадай алғашқы құжаттардың  негізінде жүзеге асады:

 

-    төлем тапсырмасы;

 

-    нақты жарнаға  хабарландыру;

 

-    төлем талап  тапсырмасы;

 

-    кіріс касса  ордері;

 

-    шығыс касса  ордері;

 

-    ақшалай чектер;

 

-    слиптер;

 

-    қаражатты депонирлеудің  төлем тапсырмасы;

 

-    банктік көшірмелер.

 

Әр бір кәсіпорын басшылары  кәсіпорын қызметін дүрыс жолға  қойып, пайдасын асыру үшін ішкі аудитті  жүргізу керек. Кәсіпорынның барлық қаржылық нәтижелері қаржылық есеп беруде шығарылады. Ал, аудиттің ең маңызды  объектісі қаржылық есеп беру, яғни ол жердегі мәліметтердің шынайылылығын, анықтау болып табылады. Теорияда аудиттің әдісі болып ең алдымен  аудит обьектілерін зерттеудің диалектикалық  әдісі түсініледі.  Бұл  зерттеулерді өткізген кезде танымның жалпы ғылыми әдістеріне үлкен көңіл бүлінеді, оның ішінде негізгі болып табылатындар: талдау және синтездеу, индукция    және    дедукция,    абстракция    және    аналогия,    модельдеу  және эксперимент жасау және т. б. Аудиттің әдістемелік тәсілдері: есептік  талдау, құжаттық және жалпылау.

 

Аудиттің ең негізгі принциптері: тәуелсіздік, кәсіпқойлылық, объективтілік, шыншылдық, қүпиялылық.

 

Кәсіпорын құжаттарымен жұмысты  бастаудан бұрын аудитор аудиторлық тексерудің бағдарламасын жасайды.

 

Аудиторлық тексерудің жоспары

 

1.   клиент қызметі  жүнінде білім алу;

 

2.   есеп саясаты мен  ішкі бақылау жүйесімен танысу;

 

3.   ішкі аудитке деген  күтімді сенімді анықтау;

 

4.   қызмет көлемі  жүнінде дүрыс мағлүмат алып, олардың еңбек сыйымдылығына  баға беру;

 

5.  Аудит жүргізу үшін  мамандарды жинау;

 

6.  Шынайы ақпарат алу;

 

7.  Аудиторлық тәуекелді  бағалау;

 

8.  Аудит бағдарламасын  жасау;

 

Өндірістік іс — тәжірибе үлкен кәсіпорында ішкі аудит  жүйесі дұрыс жолға қойылған. Оның заңды мәртебесі тексеруші комиссия ретінде анықталған және серіктестік  жарғысымен белгіленген.

 

Тексеруші комиссия Серіктестіктің Қатысушыларының Серіктестіктің атқарушы органдарының қызметіне бақылау  жасау мақсатында тексеруші комиссиясын  құруға немесе тексерушіні сайлауға қүқығы бар.

 

Тексеруші комиссияның Серіктестіктің атқарушы органының қызметіне тексеру  жасаған кезде атқарушы органнан барлық қажетті материалдарды, бухгалтерлік және басқа да құжаттарды және жеке түсінік берулерін талап етуге  құқығы бар. Тексеруші комиссия жасалған тексерулердің нәтижелерін Серіктестіктің Қатысушыларына ұсынады.

 

Тәжірибе үткен кәсіпорында (серіктестік) ішкі аудит 2003ж. ақпан  айында жүргізілген. Аталмыш кәсіпорында  бухгалтерлік есеп соның ішінде ақша қаражаттар есебі дұрыс жолға  қойылған. Бірақ, кәсіпорын қызметкерлерімен не қаржылық талдауы, не басқару талдауы  жүзеге аспайды. Менің айтатын ұсынысым осы талдау мэселесін реттеп, дүрыс  жолға қойу керек, яғни қызметкерлерді қосымша арнайы мамандандырып немесе жаңа мамандарды шақырып, бүл мәселені шешу керек. Әрине, бүл қосыша шығындарға алып келеді, бірақ бұл міндетті түрде өз-өзін ақтайтын шығындар. Себебі, қаржылық талдау, басқару талдауы  кәсіпорын қызметінің дұрыс жолға  қойылып басқарылуының негізі болып  табылады.

 

Жалпы айтқанда, мен қойған мақсатыма жеттім, яғни ақша қаражаттар есебі мен ішкі аудитінің теориялық  мәселелерін тәжірибе принциптерімен үштастырып, алған білімімді нығайта  түстім.

 

Пайдаланған нормативті —  құқықтық актілер және арнайы

 

әдебиеттер:

 

1.    Қазақстан Республикасының  «Бухгалтерлік есепке алу және  қаржылық есеп беру туралы»  Заңы. 26.12.1996ж. (үзгертулер мен толықтырулар  енгізілген)

 

2.    Қазақстан Республикасының  «Аудиторлық қызмет туралы» 20.11.1998ж.  Заңы

 

3.    Бухгалтерлік   есептің   Типтік   жоспары,   Қазақстан   Республикасының Қаржы  министрлігі, Алматы 2002ж.

 

4.    Бухгалтерлік  есептің стандарттары. Алматы, 1996ж.

 

5.    Қаржылық есеп  берудің халықаралық стандарттары, 2001ж.

 

6.    Қазақстандағы  Аудиттіңхалықаралықстандарттары,2001ж.

 

7.    Қазақстан Республикасының  Азаматтық кодексі (Негізгі бүлім, 1996ж.)

 

Арнайы әдебиеттер:

 

1.    Айтжанова Ж.Н.  «Бухгалтерский учет, отчетность  и аудит устойчивого экономического  развития». Алматы 2002, 205с.

 

2.    Абдыкалыков Т.А., Сатмурзаев А.А., «Основы бухгалтерского  учета и аудита» Алматы 2001, 236с.

 

3.    «Аудит». Под  редакцией профессора В.И. Подольского  Москва 1997г. 432с.

 

4.    Әбдіқалықов Т.Ә.  «Бухгалтерлік есеп және аудит». Алматы 2000ж. 1686.

 

5.    Баймұханова   С.Б.,   Балапанова   Ә.Ж.   «Бухгалтерлік   есеп»,   Алматы 2001ж., 2366.

 

6.    Балапанова Ә.Ж.  «Аудиттің теориялық негіздері». Алматы 2003ж. 936.

 

7.    Бернстайн Л.А.  «Анализ финансовой отчетности».  Москва 2002г. 623с.

 

8.    Дюсембаев   К.Ш.   и  др.   «Аудит  и  анализ  финансовой  отчетности».  Алматы 1998г. 432с.

 

9.    Дюсембаев   К.Ш.,   Түлегенов   Ә.Т.   т.б.   «Кэсіпорынның   қаржылық  жағдайын талдау» Алматы 2001ж. 3296.

 

10.  Дюсембаев К.Ш., «Аудит  и анализ в системе управления  финансами» Алматы 2000г., 293с.

 

11.   Кеулімжаев Қ.Қ., Әжібаев З.М. т.б. «Қаржылық  есеп». Алматы 2001г. 3306.

 

12. Кодекс  РК  о  налогах   и  других обязательных  платежах  в  бюджет. Алматы2003г. 238с.

 

13.  Международные стандарты  финансовой отчетности 2001г. 1242с.

 

14.  Нидяз Б., Андерсон X. Принципы бухгалтерского учета  Москва 2000ж., 495с.

 

15.  Радостовец В.К. и  др. «Бухгалтерский учет на предрприятиях». Алматы 2002г. 728с.33

 

16.  Савицкая Г.В.  «Анализ  хозяйственной деятельности предприятия». Москва 1999г.   686с.

 

17.  Сейдахметова Ф.С.  «Современный бухгалтерский учет».  Алматы 2000г. 335с.

 

18.  Стандарты бухгалтерского  учета и методические рекомендации 1999г., 609с.

 

19.  Тасмағамбетов Т.А., Омаров А.Ш. т.б. «Қаржы есебі»  Алматы 1998ж. 475 б.

 

20.  Шуванова В.М.,  Абдилсанапов  А.А.  «  Организация  бухгалтерского  учета и формирование учетной  политики предприятия». Алматы2001 г., 398с.

 

21.  «Бухгалтерский учет  — Аудит» №7 февраль, №3  март 1999г.

 

22.   http//www.buhgalter.kz

 

 

 

 

 

 

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ………3

 

I Тарау. Ақша қаражаттар  есебінің теориялық негіздемесі.

1.1. Ақша қаражаттар операцияларын  есепке алудың мәні мен мақсаты……4-5

1.2. Есеп айырысу шоты  операцияларының есебі………………….6-10

 

ІІ Тарау. Касса операцияларының  есебі……..11-14

2.1. Банктегі арнайы шоттардағы  ақшалар есебі……….15-20

2.2. Төлем карточкаларының  есебі…………20-23

2.3. Ақша қаражаттар қозғалысының  есебі…….24-26

 

ҚОРЫТЫНДЫ……..27-28

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ……..29-30

 

 

Кіріспе

 

Бухгалтерлік есеп нарық  қатынастары жағдайында шаруашылық жүргізуші субъектілерде ерекше маңызды орынға ие. Қазақстан нарық  экономикасына түгелімен күшті, оны бүкіл әлемдік қауымдастық  та мойындады. Мұндай жағдайда біздің республикамызда пайдасы жоғары, тұрақты, әлемдік нарықта бэсекелестік қабілеті бар кәсіпорындар неғұрлым көп болса, соғұрлым біздің экономикамыздың  деңгейі де жоғарлай береді.  Бұл  бүгін, ертең, алдыңғы отыз жыл ішінде де ең үзекті мэселелердің бірі болатыны Қазақстан Республикасының Президентінің  «Қазақстан — 2030» деген халыққа  жолдауында да ерекше аталып кеткен. Ал кәсіпорын қызметінің дүрыс жолға  қойылуы күптеген факторларға байланысты болып табылады. Соның ішінде бухгалтерлік есептің, аудиттің, оның ішінде қаржылық есептің, ішкі аудиттің және талдаудың  дұрыс ұйымдастырылып жүргізілуі үлкен  роль атқарады.  Бұл  қызметтердің мэні «тірі» ақпаратта. Ал кім ақпаратқа  ие болса, сол әлемді билейді деген  сөз бар. Бухгалтерлік есептің маңызын  осыдан ақ білуге болады.

 

Есепке алу мәліметтегі  кәсіпорынның және оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметін жедел басқаіру үшін, экономикалық болжамдар мен ағымдық жоспарлау  жасау үшін, сүйтіп ел экономикасының даму заңдылықтарын зерттеу үшін қолданылады. Шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайында кәсіпорынның күрделі экономикалық тетігін нық, дұрыс жолға қойылған есеп жүйесінісіз, сондай — ақ сенімді экономикалық ақпаратсыз басқару іс жүзінде мүмкін емес. Осы түрғыдан есептегенде ақша қаражаттарының есебі мен оның ішкі аудиті өзекті болып есептелінеді.

 

Бухгалтерлік есепті халықаралық  стандарттардың талабына сай жүргізу  қазіргі кезде ең басты мәселе болып табылады. Осыған байланысты бухгалтерлік есеп пен аудитке жүктелетін міндеті қай кезде болмасын күрделі  болып отыр. Осы тұрғыдан қарағанда  ақша қаражаттар есебін дұрыс ұйымдастырудың рөлі зор.

 

Ақша қаражаттардың есебін зерттеп бақылай отырып кез —  келген кәсіпорынның жабдықтаушылары  мен клиенттерінің кім екендігін, олардың қандай тауар сататынын, қызмет көрсететінін, олармен қандай қарым -қатынастарда, қандай тәртіпте, қандай құжат негізінде жүзеге асатынын көріп білуге болады.

 

Бұл  жерде тағы маңызды  бір нәрсе — банк мекемесі. Жоғарыдағы айтылып кеткен қарым — қатынастар қолма қолсыз есеп айырысу нысанында  жүзеге асырылса банк мекемесі де бүл  қатынастарда өз үлесін қосады. Яғни, кәсіпорын  банкі мен жабдықтаушы банкі  арасындағы қатынастар жүзеге асырылады.  Бұл  жерде банк қызметімен де жақынырақ  танысып, олардың құжаттарының кәсіпорын  құжаттарымен қандай байланысы бар  екенін көруге болады.

 

Жоғарыдағы айтылып кеткен мәселелер мені қызықтырды, сондықтан  бухгалтерлік есептің ақша қаражаттар бӨлімін кеңірек ауқымда қарастырып, курстық жұмысымның тақырыбы ретінде  таңдап алдым.

 

 

 

I ТАРАУ. Ақша қаражаттар  есебінің теориялық негіздемесі.

 

1.1 Ақша қаражаттар операцияларын  есепке алудың мәні мен

 

мақсаты.

 

Қазақстан Республикасы Қаржы  Министрлігі жанындағы «Бухгалтерлік  есеп және аудит әдістемесі департаментінің» №4 «Ақша қаражаттарының қозғалысы  туралы есеп» — деп аталатын бухгалтерлік есеп стандартының бірінші бабында: «Кәсіпорындар мен ұйымдардың, яғни субьектілердің ақша қаражаттарының қозғалысы  туралы есебі осы деректі пайдаланушыларды түрлі операциялық және инвестициялық  қаржы қызметі бойынша есепті кезеңдегі ақша қаражаттарының келіп  түсуі, кірістелуі ол қаржылардың жұмсалуы туралы ақпараттармен қамтамасыз етіп және оларға осы заңды тұлғаның, яғни субъектінің қаржы жағдайындағы өзгерістерін бағалауына мүмкіндік  береді» делінген. Ал осы стандарттың  екінші бабында:«Заңды тұлғалар, субьектілер (банктер мен бюджеттік мекемелерден басқа) ақша қаражаттарының қозғалысы  туралы есепті осы стандарттың талаптарына  сай жүргізеді және есепті кезеңдегі  қаржы нәтижелері есептемесінің  құрамында (яғни сонымен бірге) тапсырады» делінген.

 

Барлық шаруашылық жүргізуші  субьектілерде өндірілген өнімді сату барысында, сондай-ақ материалдық қүндылықтарды, негізгі құралдарды, тауарларды сатып  алғанда немесе бюджеттен тыс  басқа да мекемелерге эртүрлі  төлемдерді түлеуге байланысты түрлі  операциялар пайда болады. Әрбір  кәсіпорын, ұйым, мекеме немесе фирма  әдетте бір уақытта өндірілген өнімін сатып немесе қызмет күрсетіп, жабдықтаушы  ретінде болатын болса, екіншіден  сол өнімдерді өндіріп шығару үшін қажет болатын шикізаттар мен  материалдармен жабдықтайтын жабдықтаушылар алдында сатып алушы болып  табылады.

 

Осындай кәсіпорындар мен  ұйымдардың, фирмалардың арасында алашақ және берешек операциялар күбіне қолма-қол ақша және қолма-қол ақшасыз  түлеу жолы арқылы жүргізіледі. Қолма  қол ақшамен есеп айырысу Қазақстан  Республикасының Ұлттық Банк мекемесі белгілеген ережелер мен тәртіпке сәйкес жүргізілуі тиіс. Ақшаларды сақтау және қолма қолсыз ақшасыз есеп айырысуды  жүргізу үшін Қазақстан Республикасының  банк мекемелері:

 

1)   ҚР   Әділет   министрлігінде   тіркеуден   өткен   заңды   тұлғаларға   есеп айырысу шоттарын;

 

2) Шетелдік валютадағы  қаражаттардың қолда бары мен  қозғалысын есепке алу үшін  заңды тұлғаларға валюталық шоттарды;

 

3) Бюджеттік мекемелерге,  олардың бюджеттен тыс қаражаттары  бойынша, қоғамдық ұйымдарға,  өндірістік, коммерциялық қызметпен  айналысатын жеке тұлғаларға  ағымдық шоттарды;4

 

4) Республикалық бюджетте  түрған мекемелерге бюджеттік  шоттарды;

 

5)     Ұлттық     банк     мекемелеріндегі     екінші     деңгейдегі     банктерге корреспонденттік шоттарды  ашады.

 

Ақшалай қаржылармен есеп айырысу операцияларының бухгалтерлік есебін жүргізу мен оны ұйымдастырудың мақсаттары мыналар болып табылады:

 

1) Ақшамен есеп айырысу  операцияларын толық және уақтылы  дер кезінде есептеу.

 

2) Субьектідегі ақшалай  қаржылардың түгелдігін және  оларды дұрыс, тиімді пайдалануды  бақылау.

 

3)  Есеп айырысу, төлеу  тәртібін бақылау, кәсіпорынның, ұйымның немесе фирманың ақшалай  кірістері мен шығындарын дұрыс  есептеу.

 

Ақша қаражаттарының бухгалтерлік есебінің міндеттері:

 

1)  Қолма қолсыз ақша  аудару жолымен және қолма  қол ақшамен қажетті есеп айырысуларды  уақтылы және дүрыс жүргізу.

 

2)  Ақша қаражаттарының  қолда бары мен қозғалысын  және есеп айырысу опрацияларын  есептік тіркелімдерде толықтай  және жедел түрде кӨрсету.

 

3)      Бұл інген    лимиттерге,    қорларға    және    сметаларға    сәйкес    ақша қаражаттарын мақсаты бойынша  жұмсаудың қолданыстағы ережелерін  сақтау.

Информация о работе Ақша қаражаттарының есебі