Ақша – ерекше тауар ретінде

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2012 в 10:51, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан Республикасы аралас әлеуметтік бағыттағы нарықтық экономиканы қалыптастыру бағытын таңдап алды. Бұл бағыт республиканың өзіндік жағдайын, өзінің моделін құру факторы көбірек ескеріледі. Қазақстан ары қарай реформаны жүргізгенде басқа елдің өтпелі экономикадағы әлсіздігі мен жетістіктерін ескере отырып, нарықтық экономиканың өзіне тән моделін құрады.
Нарықтық экономикада ақша - өндіру мен бөлу процестерінде адамдар арасындағы белгілі бір экономикалық қарым-қатынастарды көрсететін, тарихи даму үстіндегі экономикалық категория болып табылады.
Курстық жұмысты орындаудағы мақсатым – ақшаның экономикадағы мәні мен экономикалық мазмұнын ашу, ақша айналымын ұйымдастыру жолдарын көрсету және ұлттық теңгеміздің экономикадағы роліне тоқталу.

Содержание

Ақша – ерекше тауар ретінде
Кіріспе........................................................................................... 3-4
І тарау. Ақшаның мәні, экономикалық мазмұны
1.1. Ақшаның экономикалық мазмұны, атқарымдары мен түрлері .........................................10
1.2. Ақшаның сандық теориясы және айналымдағы ақша қаражаттарының құрылымы ............. 11-15
1.3. Ақша агрегаттарының құрылымы, өзгеру себептері... 16-18
ІІ тарау. Ақша айналымын ұйымдастыру
Ақша айналымының мазмұны, құрамы мен құрылысы ............................................................. 19-21
Ақша айналымын тұрақтандыру нышандары ..............22-26
ІІІ тарау. Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының экономикадағы ролі
Егемендік және ұлттық теңгеміз ................................... 24-26
3.2. Ақша ресурстарын қалыптастыру және пайдалану ................................... 27-32
Қорытынды ...............................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер ..........................................................

Работа содержит 1 файл

Ақша – ерекше тауар ретінде.doc

— 190.50 Кб (Скачать)

 

 

ІІІ тарау. Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының экономикадағы рөлі

3.1. Егемендік  және ұлттық теңгеміз

 

Ұлттық валюта енгізу - әр елдің тарихында бір-ақ реет болатын оқиға. Қазақстанда осындай  есте қаларлық қуанышты сәтті бұдан  он жыл бұрын – 1993 жылы 15 қарашада бастан өткерді.

Ұлттық валютамыз –  теңгенің енгізілуімен Қазақстан мемлекетінің қалыптасуы мен дамуының жаңа шын  мәніндегі өзгерістер кезеңі басталды.

Қазақстан 1991 жылы тәуелсіздік  алғанымен, нақты экономикалық тұрғыдан алғанда, ол әлі де болса сол кезде ыдырай бастаған рубль аймағында қалған болатын. Инфляцияны ауыздықтауға, ұлттық валютаның іргесін нығайтуға, валюталық қатынастар мен бағалы металдар рыногын ырықтандыруға барлық күш-жігер жұмсалады. Мәселен, 1991 жылы ЖЧӨ-нің төмендеуі 11% болса, инфляция деңгейі 147,1% дейін жоғарылады. Халықтың нақты жалақысының индексі 13% төмендеді.

Осындай жағдайларда  Қазақстан Үкіметі бұрынғы Кеңестік аумақта ондаған жылдар бойы қалыптасқан  экономикалық және мәдени байланыстарды  ескере келе, рублт аймағын сақтап қалу тиімді деп санай отырып, тиісті шаралар қабылдады. Сонымен қатар, Қазақстан ұлттық валютаны енгізу жөнінде алдын-ала дайындық шараларын жүргізді.

1993 жылдың шілде-тамыз  айларында Ресейдің, өз валютасын  енгізу Қазақстан мен Ресей  арасында рубльдің шын мәнінде бөлінуіне алып келді. Қазақстанға Ресей рубльдерінің жаңа үлгісін енгізу туралы Ресей басшылығымен жүргізілген жиі келіссөздер нәтижесіз аяқталды. Сонымен қатар, республикаға кеңестік рубльдің бақылаусыз көптеп келуі инфляцияның шарықтап өсуіне әкеп соқты. Осындай жағдайда Қазақстан өз валютасын енгізуге мәжбүр болды.

Ұлттық валюта енгізілгеннен  кейін алғашқы екі жыл біздің еліміз үшін өте қиын жылдар болды. Жалпы экономикалық сипаттағы объективті қиындықтар шетел валютасына сұраныстың едәуір көлемінің өсуіне, ал ізінше бағамның өсуіне әкелді. Теңгені енгізуге қатысты есеп айырысу жүргізген кезде ұлттық валютаның тұрақтылығына ықпал ете алатын барлық негізгі факторлар есепке алынды. Алғашқы кезде теңге бағамы төмендейді деп күтілген болатын. Алайда, мысалы, 1994 жылы кәсіпорындардың сәтсәз жүргізілген өзара шаруашылық есеп беруі сияқты өкінішті экономикалық жақсақтықтар алғашқы айларда теңге айналысының жағдайын біршама қиындатты. Енгізілген кезден бастап алғашқы 7 айда теңге 8 есе құнсызданды.

Бұдан кейінгі жылдароы теңгенің АҚШ долларына қатынасы бойынша құнсыздану қарқыны едәуір баяулады. Мәселен, егер 1995 жылы теңгенің бағамы 17,9%, 1996 жылы – 15,4% төмендеген болса, 2001 жылы теңгенің номиналдық құнсыздануы 5,17%, ал 2002 жылы – 3,25% болды.

Осы қиындықтардың бәріне қарамастан теңгені енгізу қажеттігіне  және дайындық жұмысын жүргізу дұрыс  еді.

Ұлттық валютамыздың ішкі тұрақтылығын инфляция қарқынының төмен болуының сақталуымен, ал сыртқы тұрақтылықты – айырбас бағамның тұрақтылығымен сипаталлады.

 Инфляцияның төмендеуі  макроэкономикалық тұрақтылыққа  қол жеткізеді. Және сол арқылы  экономикалық өсуге жағдай жасайды.  Айырбас бағамының тұрақтылығы  инфляциялық күтулерге және ішкі  қаржы рыноктарының тұрақтылығына  он ықпал тигізді.

Экономикада ақша ұсынысының сұраныстан едәуір артуы бағалардың өсуіне, яғни инфляцияны тездетуге әсер етеді. Сондықтан, Ұлттық банк ақша-кредит саясатының құралдарын пайдалана отырып, экономикаға ақшаның түсуін реттейді. Мысалы, ақша шамадан тыс көп түскен кезеңдерде Ұлттық банк портфеліндегі мемлекеттік бағалы қағаздардың бір бөлігін сатып, ақша ұсынысын азайтады. Ақша жеткіліксіз көлемде түскен кезеңдерде қайталама рынокта айналыста жүрген мемлекеттік бағалы қағаздардың бір бөлігін сатып алып, ақша ұсынысын ұлғайтады.

Ұлттық банк сыртқы рынокта  Қазақстандық тауарлардың баға бәсекелестігі  қабілетін қолдау үшін теңгенің өзгермелі  айырбас бағамының режимін сақтау ниетінде, ол ақшаға сұраныс пен  ұсыныстарға байланысты өзгеруіне  негіз болды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3.2. Ақша ресурстарын қалыптастыру және пайдалану

 

Қазақстан Республикасының  халықаралық экономикалық қатынастарын дамытуда орталықтандырылған валюта қорларын қалыптастыру және пайдалану арқылы сыртқы экономикалық байланыстарды  қаржылық реттеу маңызды рөл атқарады. Сыртқы экономикалық қызметтің ырықтануы жағдайында валюта түсімдерінің негізгі көлемі кәсіпорындардың меншігінде болады. Алайда халықаралық қатынастарға мемлекеттің қатысуы және ұлттық валюта – теңгені нығайту үшін бүкіл ел ауқымында да, сондай-ақ Қазақстан Республикасы құрамындағы әкімшілік-аумақтық құрылымдар деңгейінде де орталықтандырылған валюта қорлары құрылады.

Мемлекеттің, мемлекеттік  емес сектордың валюта ресурстары валюталық операциялар жасалынған кезде қалыптасып, пайдаланылады. Валюталық операциялар – бұл: меншік құқығының және өзге құқықтардың валюталық құндылықтарға өтуіне байланысты, соның ішінде шетел валютасы төлемдері мен шетел валютасындағы төлем құралдарын қаражат ретінде пайдалануға байланысты мәмілелер; валюталық құндылықтарды кез келген тәсілмен елге немесе елден әкелу / әкету және жөнелту; ұлттық валютаға, сондай-ақ номиналы мен (немесе) құны ұлттық валютада көрсетілген бағалы қағаздар мен төлем құралдарына меншік құқығы мен басқа құқықтардың ауысуына байланысты резиденттер мен бейрезиденттердің арасындағы мәмілелер.

Валюталық операциялар  ағымдағы және капитал қозғалысына  байланысты операцияларға бөлінеді.

Ағымдағы операцияларға мыналар жатады:

тауарлар мен қызметтерге  төлем мерзімі ұзартылмаған есеп айырысуларды жүзеге асыру үшін ақша аудару;

экспорт-импорт мәмілелері бойынша 180 күннен аспайтын мерзімге кредит беруге байланысты есеп айырысуларды жүзеге асыру;

180 күннен аспайтын  мерзімге кредиттер беру және  кредиттер алу; 

депозиттер, инвестициялар, қарыз және өзге де операциялар бойынша ақша аудару және дивидендтер, пайыздар, тағы басқа кірістер алу;

сауда түріне жатпайтын  ақша аударымдары, оған қоса гранттар, мұрагерлік сомалардың аударымдары, жалақы, зейнетақылар, алименттер және өзге операциялар.

Капитал қозғалысына байланысты операциялар мыналарды қамтиды:

инвестициялар;

жылжымайтын мүліктің мүліктік және басқа да құқықтарына төленетін  ақша аударымдары;

180 күннен астам мерзімге  экспорттық-импорттық мәмілелер  бойынша кредит беру және алу. [6; 487 – 488б]

Валюталық операциялар: экспорт, импорт, қызметтер көрсету, капиталды инвестициялау, халықаралық, мемлекеттік және коммерциялық кредит, экономикалық көмек көрсету, елдің алтын-валюта резервтерінің қозғалысы, дипломатиялық және басқа органдарды ұстау, шетелдік іссапарлар, туризм, халықтың миграциясы, мемлекетаралық трансферттер, мәдени, ғылыми, техникалық ынтымақтастық және сыртқы экономикалық қызметтің басқа түрлері кезінде жасалады.

Елдегі пайдаланылатын барлық валюталық ресурстардың түсу көздері болуы тиіс, сондықтан  сыртқы экономикалық қызметтің аталған түрлерінің көбісі валюталық ресурстардың орнын толтырады, одан қаржыланады.

Валюталық ресурстар қаржы ресурстарының құрамды бөлігі болып табылады және ұқсас орталықтандырылған (мемлекеттік) және орталықтандырылмаған (шаруашылық жүргізуші субъектілердің ресурстары) болып бөлінеді.

Мемлекеттік валюта ресурстары мыналардың есебінен қалыптасады:

экономиканың мемлекеттік  секторының – кәсіпорындардың, ұйымдардың, компаниялардың, фирмалардың, қоғамдардың  және т.б. өнімін, тауарларын және қызметін экспортқа шығарудан түскен түсім-ақшадан;

тауарлар мен жүктердің  кеден шекарасы арқылы қозғалысы  жөніндегі операцияларды дайындау кезіндегі шетел валютасындағы кеден баждарынан, басқа төлемдерінен;

келісімшарттардың, мәмілелердің, контракттардың шетелдік қатынасушылары төлейтін салықтардан, бонустардан, роялтилерден түсетін түсімдерден;

валюталық заңды бұзғаны  үшін шетелдік валютада төленген айыппұлдар мен өсімнен;

шетел банктеріне және басқа  қаржы ұйымдарына депозиттерді орналастырудан түсетін түсімдерден, сондай-ақ шетелдердегі мүлік пен активтерді пайдаланғаннан алынған табыстардан;

шетел мемлекеттерінің, банктерінің, халықаралық және мемлекетаралық қаржы ұйымдарының кредиттері мен қарыздарынан;

валютадағы гранттар мен тегін көмек түріндегі  түсімдерден.

Валюталық ресурстар  көбінесе мемлекеттің қарамағына шоғырландырылады. Басым мәселелерді орындау үшін немесе жалпы мемлекеттік ресурстардың бір бөлігі жергілікті органдарға берілуі  мүмкін. Бұдан басқа, биліктің жергілікті органдары валютаны валюта рыногында сатып ала алады. Мемлекеттің уәкілетті органдары мен оның қаржы агенттері де банкаралық биржада валютаны сатып алушылар бола алады.

Мемлекеттің валюта ресурстары былайша пайдаланылады:

1) Ұлттық банк: «валюталық басқыншылықтарды» - елдегі тұрақты ақша айналысын қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттің стратегиялық жоспарлармен анықталатын, реттелетін деңгейде ұлттық валюта бағамын қолдап отыру мақсатында валютаны сатуды жүзеге асыру үшін; Ұлттық банктің қарыздары мен басқа міндеттемелері бойынша есеп айырысу үшін;

2) Қаржы министрлігі:  қарыздар туралы келісімшартпен  белгіленген уақытта сыртқы берешекті  өтеу графигі бойынша жабу  үшін; халықаралық ұйымдардағы мүшелік  үшін жарналар төлеу; елшіліктердің,  консулдықтардың, өкілдіктердің  және басқа елдердегі осындай органдардың жұмысын қаржыландыру үшін;

3) Үкімет органдары:  мемлекеттік қажеттерді – тауарлар  мен көпшілік қолды бұйымдарды  импорттау жөніндегі орталықтандырылған  сатып алуды қанағаттандыру үшін;

4)  Басқарудың жергілікті  органдары – коммуналдық шаруашылықтың, өндірістік емес сфераның қажеттіліктерін, аймақтардың жергілікті инфрақұрылымын дамытуды, халықтың түрлі елеулі қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін.

Меншіктің барлық нысандары компанияларының, фирмаларының және ұйымдарының валюта ресурстарының негізгі көзі экспортталатын өнімнен алынған валюталық түсім-ақша болып табылады. Бұрын валюталық түсім-ақшаның бір бөлігін кәсіпорын салықтар мен кеден баждарын төлегеннен кейін Ұлттық банкке оның белгілейтін бағамы бойынша сатуға, ал бір бөлігін уәкілетті банктер арқылы Ұлттық банк белгілейтін тәртіпке сәйкес ішкі валюта рыногында сатуға міндетті болатын. Қолданыстағы тәртіп бойынша заң жүзінде белгіленген салықтар мен баждарды төлегеннен кейін қалған валюта заңи тұлғалардың қарамағында қалады және иегердің немесе құрылтайшының қарап шешуі бойынша жұмсалады.

Экспорттық  өнім өндірмейтін шаруашылық жүргізуші  субъектілер және валютаға мұқтаждары, оны валюта рыноктарында ұлттық валютаны айырбастау жолымен сатып алады. Осылайша барлық ұйымдық-құқықтық түрлердің шаруашылық органдары валюта қорларын көбейте алады.

Шаруашылық жүргізуші  субъектілердің валюта ресурстарын қалыптастырудың келесі көзі – банктердің валюта кредиттері. Өнім өндірумен немесе қызмет көрсетумен айналысатын, басымдық сипаты бар, саланы, аймақты, жалпыұлттық шаруашылықты дамыту тұрғысынан маңызды немесе дамудың тиісті бағдарламаларын жүзеге асыруға қатысатын компаниялар, фирмалар үшін шетел банктерінен алынған кредиттерді елдің үкіметі кепілдендіре алады; Қазақстанда мұндай практика коммерциялық есеп қағидатын дамыту қажеттігімен және қарыз қаражаттарын тиімді пайдалану үшін жауаптылықтың оларды пайдаланушыларға ауысуымен байланысты бірте-бірте шектеліп келеді. Өндірістің осыған ұқсас бағыттарын қаржыландыру үшін валюта қаражаттары компанияларға, фирмаларға үкімет шешімімен орталықтандырылған валюта ресурстарынан бөлінуі мүмкін.

Үлестік негіздерде әрекет ететін шаруашылық жүргізуші субъектілер үшін (акционерлік, бірлескен, кооперативтік) валюта ресурстарын толықтыруға осы шаруашылық құрылымдары қатысушыларының валютадағы қосымша салымдары есебінен жетуге болады.

Валюта қаражаттары  түсімдерінің мүмкін болатын көзі келісімшарттарды, арбитраж органдары белгілеген контракттар бойынша міндеттемелерді, басқа елдердің сақтық органдары тарапынан болатын валютадағы сақтық өтемдерді орындамағаны үшін алынатын компенсациялар болып табылады.

Қайта бөлу ретіндегі  валюта қаражаттары басқарудың жоғарғы  буыны тарапынан төменгі шаруашылық бөліністерге бөлінуі мүмкін (басқарудың бұл деңгейінде валюта қорларын жасау кезінде).

Валюта ресурстарының  аталған көздерінің қаражаттары  жиынтығында шаруашылық жүргізуші  субъектілердің валюта қорларын құрады, бұл қорлар субъектілер ұжымдарының өндірістік және әлеуметтік дамуының әр түрлі мақсаттарына пайдаланылады. Валюта қорларын пайдаланудың мүмкін бағыттары мыналар болып табылады:

1) дүниежүзілік рыноктарда  жұмыс істейтін компаниялардың, фирмалардың экспорттық әлеуетін  ұлғайту; 

2) импортты алмастыратын  өнім өндіруді ұйымдастыру немесе  мұндай өнімнің қолданыстағы  өндірісін ұлғайту; бұл мақсаттарды жүзеге асыру үшін валюталық ресурстар есебінен құрал-жабдық, саймандар, материалдар, технологиялар, лицензиялар, ноу-хау сатып алынады, негізгі құралдардың лизингі жөніндегі операциялар жүргізіледі, шетел мамандары шақырылады, кадрларды оқытады.

Информация о работе Ақша – ерекше тауар ретінде