Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2012 в 10:51, курсовая работа
Қазақстан Республикасы аралас әлеуметтік бағыттағы нарықтық экономиканы қалыптастыру бағытын таңдап алды. Бұл бағыт республиканың өзіндік жағдайын, өзінің моделін құру факторы көбірек ескеріледі. Қазақстан ары қарай реформаны жүргізгенде басқа елдің өтпелі экономикадағы әлсіздігі мен жетістіктерін ескере отырып, нарықтық экономиканың өзіне тән моделін құрады.
Нарықтық экономикада ақша - өндіру мен бөлу процестерінде адамдар арасындағы белгілі бір экономикалық қарым-қатынастарды көрсететін, тарихи даму үстіндегі экономикалық категория болып табылады.
Курстық жұмысты орындаудағы мақсатым – ақшаның экономикадағы мәні мен экономикалық мазмұнын ашу, ақша айналымын ұйымдастыру жолдарын көрсету және ұлттық теңгеміздің экономикадағы роліне тоқталу.
Ақша – ерекше тауар ретінде
Кіріспе........................................................................................... 3-4
І тарау. Ақшаның мәні, экономикалық мазмұны
1.1. Ақшаның экономикалық мазмұны, атқарымдары мен түрлері .........................................10
1.2. Ақшаның сандық теориясы және айналымдағы ақша қаражаттарының құрылымы ............. 11-15
1.3. Ақша агрегаттарының құрылымы, өзгеру себептері... 16-18
ІІ тарау. Ақша айналымын ұйымдастыру
Ақша айналымының мазмұны, құрамы мен құрылысы ............................................................. 19-21
Ақша айналымын тұрақтандыру нышандары ..............22-26
ІІІ тарау. Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының экономикадағы ролі
Егемендік және ұлттық теңгеміз ................................... 24-26
3.2. Ақша ресурстарын қалыптастыру және пайдалану ................................... 27-32
Қорытынды ...............................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер ..........................................................
Мазмұны
Ақша – ерекше тауар ретінде
Кіріспе.......................
І тарау. Ақшаның мәні, экономикалық мазмұны
1.1. Ақшаның экономикалық
мазмұны, атқарымдары мен түрлері ..............................
1.2. Ақшаның сандық теориясы және айналымдағы
ақша қаражаттарының құрылымы ..............................
1.3. Ақша агрегаттарының құрылымы, өзгеру себептері... 16-18
ІІ тарау. Ақша айналымын ұйымдастыру
ІІІ тарау. Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының экономикадағы ролі
3.2. Ақша ресурстарын қалыптастыру және пайдалану
..............................
Қорытынды ..............................
Пайдаланылған әдебиеттер ..............................
Қосымша
Кіріспе
Қазақстан Республикасы аралас әлеуметтік бағыттағы нарықтық экономиканы қалыптастыру бағытын таңдап алды. Бұл бағыт республиканың өзіндік жағдайын, өзінің моделін құру факторы көбірек ескеріледі. Қазақстан ары қарай реформаны жүргізгенде басқа елдің өтпелі экономикадағы әлсіздігі мен жетістіктерін ескере отырып, нарықтық экономиканың өзіне тән моделін құрады.
Нарықтық экономикада ақша - өндіру мен бөлу процестерінде адамдар арасындағы белгілі бір экономикалық қарым-қатынастарды көрсететін, тарихи даму үстіндегі экономикалық категория болып табылады.
Курстық жұмысты орындаудағы мақсатым – ақшаның экономикадағы мәні мен экономикалық мазмұнын ашу, ақша айналымын ұйымдастыру жолдарын көрсету және ұлттық теңгеміздің экономикадағы роліне тоқталу.
Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспе, үш тараудан яғни, І тарау «Ақшаның мәні, экономикалық мазмұны» деп аталады. Бұл бөлімде ақшаның экономикалық мазмұны, атқарымдары мен түрлері, сандық теориясы, айналымдағы ақша қаражаттарының құрылымдары қарастырылады. Сонымен бірге, ақша агрегаттарының құрылымы мен өзгеру себептері туралы айтылады.
Ақша айналымдарын ұйымдастырудың нарықтық экономикада маңызы зор. Сондықтан да ІІ тарау «Ақша айналымын ұйымдастыру» деп атадым. Бұл бөлімде ақша айналымының мазмұны, құрамы мен құрылысы, ақша айналымын тұрақтандыру нышандары қарастырылады.
ІІІ тарау Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының экономикадағы рөлі мен ақша ресурстарын қалыптастыру және пайдалануы туралы қарастырылады және қолданылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.
І тарау. Ақшаның мәні, экономикалық мазмұны
1.1. Ақшаның
экономикалық мазмұны, атқарымд
Ақша – тауардың ерекше қасиеті, оның кез келген басқа тауарлардың құнын көрсете алатындығы, оның жалпыға бірдей құралы екендігінде. Ақшаның тағы бір ерекше қасиеті құнның сақталуын қамтамасыз ететін күші.
Ақшаның мәнін көрсетуші оның атқарымы болып есептеледі. Экономиканың кез келген үлгісінде ақшаның атқарымы өзгермей, бір қалыпта қалады. Нарық жағдайында да ақшаның атқарымдары бұрынғыдай:
Көрсетілген атқарымдарды тек ақша ғана орындай алады.
Ақша құн өлшемі ретінде. Ақшаның бұл атқарымы оның көлемі мен тауардың өзіндік құны анықталған кезде байқалады. Бұл жерде тауардың өзіндік құны, оны өндіру жолындағы, қоғамдық қажетті шығынмен тең. Жаңадан шығарылған тауардың өзіндік құны екі элементтен тұрады:
Алайда, кез келген тауар тек қоғамдық қажетті шығынға байланысты бағаға сатылады. Сонымен қатар, тауардың бағасын анықтағанда төмендегідей жағдайларға көңіл аудару керек:
Ақша айналым құралы ретінде.
Барлық тауарлар қай жерде шығарылғандығына қарамастан, қандай меншіктің шығарғандығына қарамастан, уақытында сатылуы керек. Сонымен ақшаның айналым құралы ретінде жұмыс істеуі ақшаның тауарға, тауардың ақшаға айналуының тізбегі болады. Бұл атқарымның өзіне тән ерекшелігі бар, ақша мен тауардың біріне-бірінің қарсы қозғалатындығында: ақша сатушыға қарай қозғалса, тауар сатып алушыға қарай қозғалады. Айта кететін бір жәй, осы айналымның құралы ретінде істеу тек ұлттық ақшаға тән. Заң бойынша елдің ақша айналымында басқа мемлекеттің ақшасы болуы тиіс емес. Айналымда жүрген ақшаның саны осы атқарымның дұрыс орындалуымен тығыз байланысты. Егер ақша айналымы тезірек жүрсе, айналымға керек ақшаның саны азаяды, керісінше айналым баяу жүрсе, айналымда көбірек ақша жүруі тиіс.
Ақша төлем құралы ретінде.
Бұл атқарымға тауардың
қозғалысы мен ақшаның
Ақшаның бұл атқарымы, несие беріп, және оны қайтарғанда, қаржы органдары мен ақшалай қарым-қатынаста, халыққа қызмет ететін кәсіпорындар үшін есеп айырысқанда, жеке тұлғаларға еңбек ақы, зейнетақы және басқа да ақшалай төлемдерді өтегенде байқалады. Ақшаның төлем құралы ретіндегі атқарымның айырмасы ұлттық ақшамен қатар, басқа елдердің ақшалары да орындай алады.
Ақша қорлану құралы ретінде.
Бұл атқарымды айналыс құралы, болмаса төлем құралы ретінде айналыста жүрген ақшалар есем, айналысқа қатыспайтын ақшалар ғана орындайды. Оның ішінде халықтың қолында жүрген ақша, банктердегі есепшоттарда қалған жеке және заңды тұлғалардың ақшасы кіреді. Ақшаның қорлану құралы ретінде атқарымын орындайтын артық ақша (бос ақша) табыс шығыннан көбірек болған күнде пайда болады. Ол ақшалар алдағы кезде қор ретінде сақталады. Жеке уақытша артық ақшасы басқа шаруашылықтарға жеке тұлғаларға уақытша пайдалануға береді. Сонымен бірге, оның инфляция әсерінен құнсызданып кетуне жол берілмейді. Тек мынадай жағдайларға сүйену керек:
Дүниежүзілік ақша атқарымы.
1976 жылы ақшаның алтын тепе-теңдігі жойылғаннан кейін көптеген экономистер, енді құнсыз, қағаз ақша, дүниежүзілік ақша атқарымын орындай алмайды деген пікірге келді. Бірақ та ақша әлі де әртүрлі елдердің және олардың заңы және жеке тұлғаларының, өзара қарым-қатынастарына қызмет көрсетіп жүр. Осыған байланысты қазіргі ақша дүниежүзілік ақша атқарымын орындай алмайды. Сондықтан, ақшалар еркін айырбасталынбайтын елдер, ең алдымен өз ақшасын сол кездегі бағамен еркін айырбастанатын ақшаға (доллар, марка, иена, сияқты) ауыстырады да содан соң оны өзінің, керекті халықаралық істеріне жаратады.
Ақшаның түрлері.
Ақша пайда болғаннан бері бірнеше рет өзгеріске ұшырады. Бірақ бұл өзгеріс оның тек сыртқы түріне ғана тиді, ішкі мағынасы өзгерген жоқ. Ақшаның сыртқы түрінің өзгеру себебі, оның жұмыс істейтін жағдайларымен, яғни қоғамдағы болған өзгерістермен байланысты.
Өмірге кесектелген қола, мыс, күміс, алтын ақшалар келді. Одан кейінгі қоғамдық дамудың нәтижесінде, кесек металл ақшаның орнына металдан дайындалған монеталар пайда болды, оның ішінде алтын ақша да бар.
Қағаз ақша. Ең бірінші қағаз ақша ХІ ғасырда Қытайда шықты. Содан кейін ХVII ғасырдың аяғында Солтүстік Америкада, ал ХVIIІ ғасырдың аяғында ХІХ ғасырдың басында Англтяда шығарылған. Ресейде 1769 жылы «ассигнация» деп аталатын қағаз ақша шығарылды. Қағаз ақшалар алтынға, не күміске айырбасталынбайды және оны Үкімет тек мемлекеттік бюджет тапшылығын жабу мақсатында шығарылатын және металға ауыстырылмайтьын, сондай-ақ мемлекет белгілеген өзіндік номиналы бар құнның белгілері.
Қағаз ақшалар тек қана айналыс құралы және төлем құралы қызметін атқарады.
Несиелік ақшалар – тауар өндірісінің дамуымен, яғни тауарларды сатып алу және сатудың уақытын кешіктіріп төлеуге (несиеге) берілуімен байланысты пайда болған ақшалар.
Несиелік ақшалардың шығуы банктердің несиелеу операцияларымен байланысты. Мұндай ақшалардың басты мақсаты: ақша ақша айналымын икемді ету; нағыз ақшалардың үнемдеу; қолма-қолсыз ақша айналымының дамуына мүмкіндік жасау.
Қолма-қол ақшасыз айналымдағы ақша.
Қолма-қол ақшасыз айналым дегеніміз, қолма-қол ақшаның орнына несие операцияларын пайдалану. Яғни, ақшаны бір есепшоттан екінші есепшотқа аудару болып табылады. Ол үшін әр түрлі құжаттар мен құнды қағаздар пайдаланылады.
Қолма-қол ақшасыз айналымның, қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың айырмашылығы бар. Олар:
Егер есепшот иесі касса чегімен өз шотынан ақша алса, бұл ақшаның есеп айырысудың қолма-қол ақшасыз нысанынан қолма-қол ақшалы нысанына ауысқаны.
1.2. Ақшаның
сандық териясы және
Айналыстағы ақшаның саны ақша айналыс заңымен реттеледі. Айналысқа қажетті ақша саны айналыстағы ақша санымен сатуға арналған тауарлар массасы және атауы бір ақша бірліктерінің айналыс жылдамдығы арасындағы белгілі бір сәйкестіктің болуын талап етеді. Айналысқа қажетті ақша санының формуласы төмендегідей:
Монетаристер деп аталатын, ағылшын классикалық экономика мектебінің ғалымдары, келесідей тепе-теңдікті белгіледі:
РУ = ТV + DV'
Мұндағы:
Р – бағаның жалпы деңгейі;
У - өндіріс көлемі;
Т – ақша белгілерінің саны;
V – және V' – ақшаның
және депозиттің айналыс
D – депозиттер.
1929 жылы ұлы депрессиядан кейін ақшаның сандық теориясы өзінің күшін жоғалта бастады, себебі кейнеиандық теория ақша массасын емес, нақты экономиканы басқаруға көп көңіл бөлді.
70-жылдардың басында
көптеген елдерге жариялаған
инфляцияға қарсы күрес
Қолма-қол емес ақша айналымы - ол банктегі шот иесінің жазба бұйрығы бойынша шоттағы ақша қалдығының өзгеруі немесе ақшаның төлем құралы ретіндегі қызмет атқарады. Ол бүкіл ақша айналысының басым бөлігің құрайды. Төлем айналысы төлеушілер мен сатып алушылардың банктегі шотына немесе жазу түрінде немесе олардың өзара талаптарын есептеу жолымен жүзеге асырылады.
Егеп айырысу операцияларын жүргізу үшін әр түрлі шоттар қолданылады. Олардың арасында кең тарағандары: ағымдаға есеп айырысу және т.б. шоттары. Қолма-қол ақшасыз төлем айналысы: тауарлы операциялар бойынша және қаржы міндеттемелері бойынша екі топқа бөлінеді. Бірінші топқа тауарлар мен қызметтер үшін қолма-қол ақшасыз есеп айырысу, ал екіншіге бюджетке төленетін төлемдер және бюджеттен тыс қорлар, банктін борышты өтеу, несие үшін өсімді төлеу, сақтандыру компанияларымен есептесу жатады.
Қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды ұйымдастыруға әр елдің тарихи және эканомикалвқ дамуының ерекшеліктері әсер етеді. Мысалы, ең алғаш 1775 ж. Ұлыбритания чекті, вексельді, кейін АҚШ чекті қолдана бастады, ал Германия - жирошотты, ТМД-ға мүше - мемлекеттер есеп айырысу шоттарын қолданады. Қазіргі кезде пластикалық карточкаларды қолдану қолма-қол ақшасыз есепайырысуды ұйымдастыруда ең бір прогрессивтік құрал екенін әлемдік әлемдік тәжірибеде дәлелденді. Олардың көптеген түрлерінің ішінде, негізінен, магнитті жолағы бары кең қолданылады. Өркениетті мемлекеттерде жоғары қорғалу дәрижесі бар микропроцессорлы карточканы айналымға енгізу үшін белсеңді жұмыс жүргізілуде.