Ақша – ерекше тауар ретінде

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2012 в 10:51, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан Республикасы аралас әлеуметтік бағыттағы нарықтық экономиканы қалыптастыру бағытын таңдап алды. Бұл бағыт республиканың өзіндік жағдайын, өзінің моделін құру факторы көбірек ескеріледі. Қазақстан ары қарай реформаны жүргізгенде басқа елдің өтпелі экономикадағы әлсіздігі мен жетістіктерін ескере отырып, нарықтық экономиканың өзіне тән моделін құрады.
Нарықтық экономикада ақша - өндіру мен бөлу процестерінде адамдар арасындағы белгілі бір экономикалық қарым-қатынастарды көрсететін, тарихи даму үстіндегі экономикалық категория болып табылады.
Курстық жұмысты орындаудағы мақсатым – ақшаның экономикадағы мәні мен экономикалық мазмұнын ашу, ақша айналымын ұйымдастыру жолдарын көрсету және ұлттық теңгеміздің экономикадағы роліне тоқталу.

Содержание

Ақша – ерекше тауар ретінде
Кіріспе........................................................................................... 3-4
І тарау. Ақшаның мәні, экономикалық мазмұны
1.1. Ақшаның экономикалық мазмұны, атқарымдары мен түрлері .........................................10
1.2. Ақшаның сандық теориясы және айналымдағы ақша қаражаттарының құрылымы ............. 11-15
1.3. Ақша агрегаттарының құрылымы, өзгеру себептері... 16-18
ІІ тарау. Ақша айналымын ұйымдастыру
Ақша айналымының мазмұны, құрамы мен құрылысы ............................................................. 19-21
Ақша айналымын тұрақтандыру нышандары ..............22-26
ІІІ тарау. Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының экономикадағы ролі
Егемендік және ұлттық теңгеміз ................................... 24-26
3.2. Ақша ресурстарын қалыптастыру және пайдалану ................................... 27-32
Қорытынды ...............................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер ..........................................................

Работа содержит 1 файл

Ақша – ерекше тауар ретінде.doc

— 190.50 Кб (Скачать)

          Банктердің есептесу операциясы: инкассо, аудару және аккредитив  болып бөлінеді.

Несиенің даму дәрежесі ақша санына кері әсер етьеді: неғұрлым тауарлардың көп бөлігі несиеге сатылса; соғұрлым айналыс үшін ақшаның аз саны қажет етіледі. Айналыстан алынған ақшаның белгілі бір саны шаруашылықтағы және халықтың қолындағы тұрақты ақша резервін қалыптастырады. Осының нәтижесінде, айналыстағы ақша санын анықтайтын заң келесі түрдегі формуламен беріледі.

Ас – төлем құралы және айналыс құралы ретінде қажетті ақша саны;

Тб.с. –  тауар бағасының сомасы;

Hт.б.с. – несиеге бағытталған тауар бағысының сомасы

Тс. –  қарыз және басқа міндеттемелер бойынша төлем сомасы;

Өт.м.с. – өзара есептескен талаптар мен міндететмелер сомасы;

АР –  ақша резервтері;

А – ақшаның төлем  және айналыс құралдары ретіндегі  айналымның саны.

Ақшаның сандық теориясы айналысқа қажетті ақша санын дәл анықтауға мүмкіндік бермейді, ол шаруашылық қатынастары мен экономикалық даму факторларының жалпы жиынтығындағы ақша қаражаттарының орнын анықтайды.

Орталық банк экономикалық айналымға  оның қажеттіліктеріне сәйкес, несиелеу жолдары бойынша қажетті несие ақшаларының массасы беретін, өзінің эмиссиялық және несиенің қызметін атқарады. Ақша екі түрлі формада болады: қолма-қол (монеталар мен банкноталар) және банктік шоттардағы қолма-қолсыз ақша қаражаттарының жазу формасындағы ақша белгілері. Ақшаның бұл екі формасы бір-бірімен тығыз байланысты. Банктік айналымның ақшалары әрдайым қолма-қол банкноталарға айналуы мүмкін.

Ақша айналысының екі облысының  бірлігі, яғни ақшаның қолма-қолсыз формасының қолма-қол ақшаға ауысуы және бұған кересінше болуы ақша массасының өзіне қандай компоненттерді қамтитынын анықтауды талап етеді.

Теориямен қатар бұл мәселенің  тәжірибелік те маңызы бар. Оны дұрыс  шешу ақша айналысының екі облысы үшін қажетті ақша массасын реттеудің  белгілі бір әдістерін анықтайды.

Қолма-қол  емес ақша айналымы - ол банктегі шот иесінің жазба бұйрығы бойынша шоттағы ақша қалдығының өзгеруі немесе ақшаның төлем құралы ретіндегі қызмет атқарады. Ол бүкіл ақша айналысының басым бөлігің құрайды. Төлем айналысы төлеушілер мен сатып алушылардың банктегі шотына немесе жазу түрінде немесе олардың өзара талаптарын есептеу жолымен жүзеге асырылады.

           Егеп  айырысу операцияларын жүргізу  үшін әр түрлі шоттар қолданылады.  Олардың арасында кең тарағандары:  ағымдаға есеп айырысу және  т.б. шоттары. Қолма-қол ақшасыз төлем айналысы: тауарлы операциялар бойынша және қаржы міндеттемелері бойынша екі топқа бөлінеді. Бірінші топқа тауарлар мен қызметтер үшін қолма-қол ақшасыз есеп айырысу, ал екіншіге бюджетке төленетін төлемдер және бюджеттен тыс қорлар, банктін борышты өтеу, несие үшін өсімді төлеу, сақтандыру компанияларымен есептесу жатады.

         Қолма-қол  ақшасыз есеп айырысуды ұйымдастыруға  әр елдің тарихи және эканомикалвқ  дамуының ерекшеліктері әсер  етеді. Мысалы, ең алғаш 1775 ж.  Ұлыбритания чекті, вексельді, кейін АҚШ чекті қолдана бастады, ал Германия - жирошотты, ТМД-ға мүше - мемлекеттер есеп айырысу шоттарын қолданады. Қазіргі кезде пластикалық карточкаларды қолдану қолма-қол ақшасыз есепайырысуды ұйымдастыруда ең бір прогрессивтік құрал екенін әлемдік әлемдік тәжірибеде дәлелденді. Олардың көптеген түрлерінің ішінде, негізінен, магнитті жолағы бары кең қолданылады. Өркениетті мемлекеттерде жоғары қорғалу дәрижесі бар микропроцессорлы карточканы айналымға енгізу үшін белсеңді жұмыс жүргізілуде.

          Банктердің есептесу операциясы: инкассо, аудару және аккредитив болып бөлінеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.3. Ақша агрегаттарының  құрылымы, өзгеру себептері

 

Ақша айналысының негізгі  сандық көрсеткіштерінің біріне ақша массасы мен ақша базасы жатады.

Ақша массасы жеке тұлғаларға кәсіпорындармен мемлекетке тиісті және шаруашылық айналымына қызмет ететін сатып алу және төлем құралдарының жиынтығы.

Белгілі бір күндегі  және белгілі бір кезеңдегі ақша айналысының сандық өзгерісін талдау үшін, сондай-ақ ақша массасының өсуі мен көлемін реттеуге байланысты шараларды жасау үшін әр түрлі көрсеткіштер пайдаланылады. Ондай көрсеткіштерді ақша агрегаттары деп атайды.

Өнеркәсібі жағынан  дамыған елдердің қаржэылық статистикасында  ақша массасын анықтау барысында  мынадай ақша агрегаттары қолданылады:

М1 агрегаты, яғни ол айналыстағы  нақты ақшаларды (банкноттар мен  монеталарды) және банктегі ағымдық  шоттардағы қаражаттарды қамтиды;

М2  агрегаты, ол М1 агрегаты қосылған коммерциялық банктердегі  мерзімді және жинақ салымдарының төрт жылға дейінгі тұруы;

М3 агрегаты, ол М2 агрегаты қосылған арнайы несиелік мекемелердегі  жинақ салымдарын құрайды;

М4 агрегаты, ол М3 агрегаты қосылған ірі коммерциялық банктьердегі депозиттік сертификаттардан тұрады.

АҚШ-та ақша массасын анықтауға төрт ақша агрегатын, Жапония мен Германияда – үш, Англия мен Францияда – екеу, Ресейде үш ақша агрегаттары пайдаланылады.

Қазақстанда ақша массасы  Ұлттық банк пен екінші деңгейдегі банктердің байланыстық шоттарын шоғырландыру негізінде анықталады және оның құрамына қолма-қол ақша және резидент депозиттері жатады. Қазақстан Республикасында Ұлттық банктің 12.01.1995 ж. бекітілген.

Аталған ережеге сәйкес, ақша базасы (МВ) – бұл міндеттемелерге  жататын резервтік және бастапқы ақшаларды білдіреді. Олар мынадай формуламен есептеледі:

МВ = CIC + RR + DCB,

мұндағы  CIC – айналыстағы  нақты ақшалар;

RR – міндетті резервтер;

DCB – екінші деңгейдегі  банктердің Ұлттық банктегі коршоттағы  қаражаттар.

CIC = L (Н + С),

мұндағы  Н – айналысқа шығарылған билетер;

С - айналысқа шығарылған монеталар.

Қазақстандағы ақша агрегаттарының жағдайы туралы 1-кесте соңғы жылдарға арналып көрсетілген. Қазақстандағы  негізгі ақша агрегаттарына, қазіргі  кездегі ақша несие статистикасын  жасау және талдауда қолданылып жүрген, ақша базасы мен белгіленуі М3 - ақша массасы жатады.

Ақша массасы құрылымына мынадай ақша агрегаттары жатады.

М0 (айналыстағы қолма-қол  ақша немесе банк жүйесінен тыс ақша);

М1 = М0 + банктік емес заңды  тұлғалар мен халықтың теңгедегі  аудармалары депозиттері;

М2 = М1 + теңгедегі басқа да депозиттер және банктік емес заңды тұлғалар мен халықтың шетел валютасындағы басқа да депозиттері.

Аудармалы депозиттер – 1) әрқашан айыппұлсыз және шектеусіз  атаулы құнмен ақшаға ауыстырылады; 2) чектің траттаның немесе  жирокепілдіктің көмегімен еркін айналады; 3) төлемдер жүргізуде кеңінен қолданылады.

Айдармалы депозиттер қысқа  ақша массасының бір бөлігін құрайды.

Ақша базасының ақша массасына ықпал етуі ақша мультипликаторы (Ам) көмегімен мынадай формула арқылы есептеледі:

М3 (ақша массасы)


МВ (ақша базасы)

 

Егер мысалы, ақша мультипликаторы 2,0-ге тең болса, онда ақша базасының  әрбір теңгесі 2 теңге жасауға  қабілеттігін көрсетеді. 2002 жылы ақша массасындағы депозиттердің өсуі, ақша мультипликаторының мәні өткен жылмен салыстырғанда 3,29-дан 3,67-ге дейін өсіріп отыр.

ІІ тарау. Ақша айналымын ұйымдастыру

2.1. Ақша айналымының  маңызы, құрамы мен құрылысы

 

Қазіргі ақша айналымының ерекшелігі – айналымның құнсыздық түрі болып  есептеледі. Айналымның құндылық түрі – бұрыңғы, алтын мен күміс ақшаларының қолданған күндерінде болған. Олай болатын себебі, жоғарыда талай қайталанып айтылғандай, алтын және күміс ақшалардың өзіндік құны болады.

Ақша айналымы, төлем айналымының  бір бөлігі болып табылады. Өйткені  төлем айналымының құрамына, ақша айналымынан басқа чек, вексель, депозиттік сертификат сияқты төлем құжаттарымен жүргізілетін төлемдер кіреді. Ақша айналымының ерекшелігі – оның айналымда орындайтын атқарымдарына байланысты. Бұрын ақша, экономикалық санат ретінде бес атқарым орындайды деген болатынбыз. Ал, айналым процесінде ол тек үш атқарым орындайды: айналыс құралы ретінде, төлем құралы ретінде және қорлану құралы ретінде. Олай дейтін себебіміз, ақшаның, құнды өлшеуші ретіндегі атқарымы, оның айналымға түспей тұрған кезінде орындалады, ал дүниежүзілік ақша атқарымын, кезінде айтқанымыздай, тек еркін айырбасталымды валюталар орындайды. Айналымдағы ақша мұндай бола алмайды.

Ақша айналымының құрылысы бірнеше  белгілермен сипатталады. Ең маңыздысы, осы айналымның қызмет көрсететін қарым-қатынастардың түрі.

Осы белгімен ақша айналымы үшке бөлінеді:

    • ақшаның есеп айырысудағы айналымы. Бұл айналым заңды және жеке тұлғалардың тауар немесе әртүрлі қызметтері үшін есеп айырысуға көмектеседі;
    • ақшаның несиелік айналымы. Бұл айналым заңды және жеке тұлғаларға несие беру, оны қайтару процестеріне қызмет көрсетеді;
    • ақшаның қаржылық айналымы. Бұл айналым шаруашылықтардың қаржылық қарым-қатынастарына қызмет көрсетеді.

Осы айналымға қатынасатын  субъектерге байланысты оны тағы бес түрге бөлуге болады:

    • банкаралық айналым;
    • банктер мен басқа заңды және жеке тұлғалардың арасындағы айналым;
    • тек заңды тұлғалар арасындағы айналым;
    • заңды тұлғалар мен жеке тұлғалар арасындағы айналым;
    • тек жеке тұлғалар арасындағы айналым.

Басқа экономикалық құралдар сияқты, ақша айналымының да түрі, әр түрлі шаруашылық жүйесінде ақша айналымы тарату қатынастарына қызмет көрсетті. Ол кезде барлық шығарылған өнімдер әдейі құрылған сауа және жабдықтандыру жүйелері арқылы бөлінетін.

Қазіргі, нарық жағдайында, ақша айналымын  жүзеге асыру мүлдем басқаша. Енді бұл айналым тек нарықтық қатынастарға қызмет етеді. Бұндай қатынастарға қанша, қашан және қалай қызмет ету жөнінде ешқандай заңдылық шектеулер жоқ.

Сонымен қатар бірінші  және екінші дәрежедегі банктердің айналымға  ақша шығаруда банктік мультипликатор жұмыс істейді.

Нарықтық экономика  тұсында ақша айналымы, өз кезегінде  нарықтық қарым-қатынастың жүйесіне байланысты екі салаға бөлінеді: ақшалық –  тауарлы және ақшалық – тауарсыз қарым-қатынас. Ақшалы-тауарлық қарым-қатынаста тек ақша ғана емес, тауарлық айналымда болады, ал ақшалық-тауарсыз қарым-қатынаста құнның қозғалысы болмайды. Тек ақшаның иесі өзгереді. Бұны несиелік нарықтан көруге болады. Мұндай, мәмілеге сәйкес несие берушінің ақшасы азаяды да, ал несие алушының ақшасы көбейеді. Сонымен қатар, ақша айналымының әрбір бөлігі, өзінің саласына қызмет етеді. Бірақ, керек кезінде ақша бір саладан екінші салаға ауыса алады, яғни, нарықтық экономика тән, капиталдың еркін қайта құйылымы мүмкіндік алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    1. Ақшаның тұрақтылығы және конверсиялану проблемалары

 

Тауар айналымына қызмет жасайтын ақша айналымы, ақша айналымының экономкиалық заңымен анықталады және нақты тауар айналымын қамтамасыз етуге қажетті ақша санына (Аа) сай болады және мынадай формуламен анықталады:

Мұндағы SС – тауар бағысының сомасы;

А – бір есімдегі ақша бірлігі айналамының саны.

Нарық жағдайында айналымдағы  ақша саны әрбір кезеңде үш фактордың  стихиялы өзара іс-әрекетімен –  айналатын тауардың массасымен, олардағы бағаның қозғалысымен, ақша айналымының жылдамдығымен анықталады.

Алайда ақша айналым  құралы ретінде ғана қызмет жасап  қоймай, төлем құралы қызметін де атқарады. Сондықтан да жоғарыда қарастырған  айналым үшін қажетті ақша саны формуласы (Аа), кәдімгідей өзгеріске ұшырап, төмендігідей түрге ие болады:

БС – Н + Т - ӨЕ

Ш


Мұндағы  Аа – айналымда болатын ақша саны;

БС - өткерілуге жататын  тауар бағасының сомасы;

Н – несиеге өткерілетін  тауар бағасының сомасы;

Т – мерзімі келген төлемдер;

ӨЕ - өзара есеп айырысу;

Ш – бір өлшемді ақша бірлігі айналымының шапшаңдығы.

Тауар массасы мен  айналымда болатын ақша бірлігі  санының арасындағы тепе теңдіктің  бұзылуы, тауарды қамтамасыз ете  алмайтын ақша бірлігінің пайда болуы  инфляцияны білдіреді.

Ақша айналымын тұрақтандыруға, ақшаны тұрақтандыруға мына тәсілдерді жатқызамыз: нолдендіру, девалвациялау, револвациялау және деноминациялау.

Нолдендірудің экономикалық мәні мынада: мемлекет құнсызданған қағаз  ақшаны жарамсыз деп жариялауы керек. Ескі ақша белгілері жаңасына белгілі  бағамен айырбасталады.

Бұрынғы КСРО-да нолдендіру екі реет жүргізілді: азамат соғысы кезінде 1920-1924 жылдары.

Қазақстан Республикасында  нолдендіру құнсызданған ресей рублінің орнына ұлттық валюта – «теңгені» 1993 жылы 15 қарашада ендірумен байланыстырылды.

Валютаны тұрақтандырудың ең көп тараған тәсілі деволвация болып табылады.

Деволвация – бұл  ұлттық валюта курсының шетел валютасына қатынасы бойынша немесе халықаралық  ақша бірлігі есебіне төмендеуі.

Револвация – бұл  ұлттық валюта курсының шетел валютасына қатынасына қарай көтерілуі. Егер инфляция басқа елдерге қарағанда қарқынмен дамиды.

Деноминация – ақша бірлігінің ұлттық құнының бекемделуі және оларды жаңа ақша бірлігіне айырбастау, сондай-ақ ара қатынаста баға, тариф, жалақы және т.б. бірмезгілде есептеуді  жүргізу.

Информация о работе Ақша – ерекше тауар ретінде