Акционерлік қоғам

Автор: n**********@gmail.com, 25 Ноября 2011 в 20:24, реферат

Описание работы

Акционерлік нысандағы кәсіпкерліктің рөлі мен маңызы 2003 жылы 13 мамырда «Акционерлік қоғамдар туралы» ҚР арнайы Заңы қабылданғаннан кейін күшейді.
Акционерлік қоғамның басқа ұйымдық-құқықтық шаруашылық түріне қарағанда бірнеше артықшылықтары бар:
1. АҚ капиталдың шоғырлануына мүмкіндік береді, сондықтан ірі кәсіпорындар негізінен акционерлік қоғамға ұйымдастырылған;
2. АҚ акционерлері қоғам міндеттері бойынша жауап бермейді, яғни оның тартымдылығы осы.

Содержание

КІРІСПЕ…………………………………………………….....................3
1 АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1Акционерлік қоғамның пайда болу тарихы және оның дамуы….........................................................................................5
1.2Акционерлік қоғамның атқару органы мен басқару….……….....8
1.3Қазақстандағы акционерлік қоғамдардың қалыптасуы мен дамуы……..............................................................................................................14
2 «ШЫМКЕНТ МҰНАЙ ӨНІМДЕРІ»АҚ-НЫҢ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ТАЛДАУ
2.1“Шымкент Мұнай Өнімдері” АҚ –ның технико-экономикалық қызметін талдау......................................................................................................................19 2.2“Шымкент Мұнай Өнімдері”АҚ қызметінің ерекшелігін талдау.......….....24
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМДАРДЫҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ
3.1Қазақстандағы акционерлік қоғамдардың даму проблемалары мен оларды шешу жолдары…………………….......................................................................26
ҚОРЫТЫНДЫ……………….........................................................30
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ……………......................31

Работа содержит 1 файл

Айка курсовой.doc

— 303.00 Кб (Скачать)

   Акция акционерлік қоғамдарда істейтін адамдардың қолында ғана, сондықтан жалпы халық биржаларға барып, оны сатып ала алмайды. Яғни таралым жоқ. Оның бір себебі Болат Жәмішев айтқандай, ашықтық, жариялылық жоқтықтан. Акционерлік қоғамдардың нағыз иесі кім, қалай жұмыс істейді, табысы қай деңгейде, стратегиялық болашағы қандай екендігі белгісіз. Сондықтан көптеген инвесторлар оған сенім арта бермейді. Бүгінде банктер, үлкен корпорациялар шет елдерде өзінің еншілес кәсіпорындарын (ПСН - предприятие специального назначение) аша бастады. Бұл біздің бір ұтатын жеріміз болуы керек деп ойлаймын. Мысалы, Қазкоммерцбанк, «ТұранӘлем Банк» Нидерландыда осындай өндірісті ашты. Енді осы аталған банктер еурооблигациялар шығарады да, оларды осы кәсіпорындар арқылы Еуропаның рыноктарына орналастырады. Сол арқылы несие тартады.     Банктердің одан табатын пайдасы – сырттан арзан несие тартады. Себебі шет елдерде несие ресурстары арзан. Бізде несиені іштегі банкаралық рыноктан сатып алады. Одан сатып алған несие пайызы сырттан алғаннан гөрі қымбатқа түседі. Біздің банктердің сырттан несие тартуға құмар болып тұратыны да сондықтан. Ол жақтан бес-алты пайызбен алады да, өзіміздің кәсіпкерлерге пайыздық ставкасын, комиссиялығын қосып сатады. «ҚазМұнайГаз» да өзінің еурооблигацияларын шет елдерге орналастыру арқылы инвестиция тартуда. Бұл – бір. Екінші жағдай – бюджет саласындағы қаржы. Бюджеттің кірісінен шығысы артық болатыны белгілі. Бюджет есебінен күн көретін әлеуметтік сала, оқу-денсаулық, т.б. осыларға қажет шығынды жабу үшін Қаржы министрлігі құнды қағаздар – облигациялар шығарады. Оны кей жағдайда қарапайым адамдар да сатып алуына болады. Көбіне, әрине, ақшасы бар мекемелер, жинақтаушы зейнетақы қорлары сатып алады да, бюджет тапшылығы сол арқылы жабылып отырады. Жалпы, құнды қағаздар белгілі бір уақытқа шығарылады, сол мерзім аяқталған кезде шығарған ұйым оны үстеме пайызымен өзіне қайта сатып алады. Яғни банк сатып алған құнды қағазын Қаржы министрлігіне қайтып сатады да, үстінен пайызын алады.

       Бюджеттің шығыс жағында көптеген  жобалар болады (жол салу, мектеп салу, модернизациялау, т.б.), осыларға арнап мемлекет сырттан несие тартады. Құнды қағаздар үшін төленетін қаржының біразы солармен жабылады. Жыл сайын мемлекеттің құзырындағы көптеген жобаларды жүзеге асыру керек болады. Яғни өзі жүзеге асыруға міндетті жобалар, шаруалар үшін мемлекет сырттан несие тартады. Сондықтан сыртқа қарызымыз жайында жиі әңгіме қозғалып жататын. Мемлекеттің, Ұлттық банктің, жеке кәсіпкерлердің, екінші деңгейлі банктердің шет елдерден алған қарызы жиналып келіп Қазақстанның сыртқы қарызын құрайды. Қаржы министрлігі бес жылға құнды қағаз шығарды делік, оны жинақтаушы зейнетақы қорларына, банктерге орналастырсын. Мұны ішкі қарыз дейміз, яғни министрлік аталған ұйымдарға құнды қағазын қайтып сатып алғанша қарыз болып тұрады. Оны жыл сайын пайызымен жауып отырады. Мұндай тәжірибе барлық мемлекетте бар. Тек мәселе сол қарызға қоятын кепілдігі болуы керек. Сондықтан құнды қағаз шығарар кезде бірінші кезекте осы мәселе назарға алынуы керек. Қарызды ала беріп оны қайтаруды кейінге шегере беретін болса, арасында баға көтеріліп кетіп, инфляцияға апарып соқтырады. Себебі банктің өзі ақша жасамайды, ондағы қаржы – елдің салған депозиттегі ақшасы. Банк соның бәрін жинап, несие береді. Артық ақша емес, қамтамасыз етілген ақша. Сондықтан ол инфляция жасамайды. Ал құнды қағаздарды көбірек шығарып жіберіп, кепілдігі жоқ болатын болса, ол міндетті түрде инфляцияға жол ашады. Яғни банктер депозитіндегі қаржыдан артық несие бермеуі тиіс.

   Инфляцияның орын алуы тікелей келгенде жанар-жағармай бағасының қымбаттауына орай болып отырған құбылыс. Дүние жүзінде қазір осындай үрдіс орын алуда. Дегенмен Ұлттық банк оны реттеуге күш салуда. Олардың инфляцияны таргеттеу деген өздерінің бір әдісі бар. Бұл Марченконың кезінде де қолданылған болатын. Бұл әдіс бойынша инфляцияны 3-5 пайыздан асырмауға тиіс еді. Бірақ, өкінішке қарай, Ұлттық банк оны ендіре алмады. Ал ендіру үшін Қаржы министрлігі, Экономика министрлігі инфляцияны ұстауға жұмыс істеуі керек еді. Олар мұны жөн көрмегеннен кейін жалғыз Ұлттық банк қайда барады? Енді сол баяғы инфляцияны ескі әдіс бойынша ауыздықтаумен айналыса бермек. «Жалғыздың үні шықпайды» деген сөз бар емес пе қазақта?! Көп мемлекеттер осы инфляцияны таргеттеуді қолға алып жатыр. Англия, Австрия, т.б.

    Бюджеттік саясат, салық, баға саясаты артындағы тұрған министрліктер үш жылға ма, бес жылға ма, көрсеткіштерді белгілейді. Инфляция 5 пайыз болғанда, ЖІӨ мынадай пайызға, ақша шығару деңгейі мынадай пайыз деген сияқты макроэкономикалық көрсеткіштерді қабылдайды да, барлығы жабылып, соны бір деңгейде ұстап тұруға қызмет істеуі керек. Түрлі министрліктер, түрлі мекемелер осыған жұмылуы тиіс. Біз де ондай ауызбіршілікке бара алмай отырмыз. Шамасы, министрліктердің де өздерінің жобалары бар, соны жүзеге асыру керек, келіспегендері – сол жобаларының бір арнаға сыймағаны ғой. Марченконың да вице-премьерліктен кетуінің сыры сонда жатыр ма деп ойлаймын. Себебі инфляцияны таргеттеуді енгізген сол ғой. Халықаралық дәрежеде қолданысқа ие болған әдіс бізде тамыр жайып кете алмады. Бір жағынан, біздің экономика оған әлі дайын емес те қой. Қазір айтып жатырмыз ғой, кластер, кластер деп, оның алдында естеріңізде болса, холдинг, холдинг дегенбіз. Менің субъективті пікірім, кластерге де әлі дайын емеспіз. Мақтадан алынатын түпкі нәтижеге қол жеткізу үшін оған қажет нәрсенің бәрі бір жерден шығатын. КСРО кезінде бәрі бір кластер болатын. Оның үстіне Қытайдың тауарымен бәсекеге түсу де қиындау, сапасы жағынан емес, бағасы жағынан.  
   
АҚ-ның дамуы кез келген мемлекет үшін оның экономикасын көтеруде үлкен септігін тигізеді. Қазақстан Республикасындағы акционерлік қоғамдардың дамуының проблемалары айтарлықтай көп. Атап кетсек:

1. Заңдар  тұрақсыздығы;

2. Несие  жеңілдіктерінің жетілмеуі;

3. Мемлекет  тарапынан көмектің жеткіліксіздігі;

4.Кәсіпорындардың маркетингтік және менеджменттік жүйенің жетілмеуі,т.с.с кедергілердің болуы.

   Сонымен, акционерлік қоғамдардың тиімді қызмет жасауы үшін ең алдымен:

1. заңдық  базаны дұрыстау;

2. несие  беру жолдарын жеңілдету;

3. мемлекеттің  бос тұрған объектілерін өтеусіз жалға беру;

4. жарғылық  қордың бір бөлігін субвенциялау;

5. салық  жеңілдіктерін алып тастап, ставкаларын  (тарифтерін) төмендету;

6. АҚ-ды  басқарудағы маркетингтік және  менеджменттік жүйені дұрыс жолға  қою;

7. АҚ  субъектілерінің есептілігін оңайлату;

8.лицензиялау,келісу,сертификаттау,стандарттау,аккредиттеу  және аттестаттау кәсіпкерлікті  дамытуды ынталандыру және бизнестің  «көлеңкеден» одан әрі шығуы  үшін салық заңнамасын жетілдіру.

   Акционерлік қоғамдардың артықшылықтары мен кемшіліктері келесі топтарға топтастырылуы мүмкін.

   Кәсіпорынның акционерлік нысанының артықшылықтары:

- өндіріс  масштабын кеңейтуге мүмкіндік  беретін ақшалай қаражаттарды  тиімді тарту; 

- заңды  тұлға ретінде иеленушілерден  тәуелсіз өмір сүру;

- акционерлердің  шектеулі жауапкершілігі және салыстырмалы тұрақтылық.

   Кәсіпорынның акционерлік нысанының кемшіліктері:

- тіркеу  тәртібі қиын және шығындарды  қажет етеді;

- меншік  функцияларын бөлу және бақылау;

- басқарушылардың  табысқа аз мүдделілігі;

- акция  шығаруда теріс пайдаланудың бар болуы.

   Жалпы алып қарайтын болсақ, акционерлік қоғамды ұйымдастырушылық-құрамдық құрылымы жағынан дамыған, қызметтердің бірнеше бағыттарын жүзеге асыра алатын, нарықтың елеулі үлесіне, кең тараған шаруашылықтың байланысқа және кәсіби басқарудың жетілген деңгейіне ие кәсіпкерлік ұйым ретінде қарастыруға болады.

   Бүкіл әлемнің барынша дамыған 50 елдің қатарына қосылуымыз үшін бәрін егжей-тегжейлі зерттеп,оны дұрыс жолға қоя білуіміз қажет. Ал АҚ-дар болса, оған кірудің жолдарын тездетеді.  

    
 

  

    
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

ҚОРЫТЫНДЫ 

  Келесідей қорытындылар жасауға болады:

   1. Мұнайгаз өндіру мен мұнайгаз өңдеу өндірістерінің экономикалық тиімділігін арттыру бойынша алуан түрлі факторларды талдау аталмыш мәселенің көптеген аспектілерінің оның деңгейінің өзгерісіне күшті әсер етуін куәландырады.

   2. Дүниежүзінің ірі мұнай компаниялары өз қызметтерін тек мұнай өндіру саласында ғана жүзеге асыруда. Мемлекет саланы дамытудың стратегиялық бағытын анықтаумен байланыстиы алуан түрлі құжаттарды жасай отырып, басты артықшылық ретінде мұнай өндіруді интенсификациялау мен оны дүниежүзілік нарықтағы экспорттауға басты назар аударады. Дамудың осы жолы мемлекет үшін жағымсыз салдарға әкеледі: отын түрлері, полимерлік және синтетикалық материалдар, смола, ерітінділер және т.б. алуан түрлі өнімдерді өткізу нарықтарынан айырылу және т.б.

   3. Республиканың мұнайгаз ресурстарын кешенді пайдалану жоғарғы экономикалық нәтижелерге жол ашады.

   4. Қазақстандық мұнайды дүниежүзілік нарықтар мен жақын шетел мемлекеттерінің нарықтарына тасымалдаудың экспорттық бағыттары бойынша жобаларды талдау сыртқы экономикалық операцияларды жүзеге асыру мүмкіндіктерінің сол операцияға қажет аталмыш ресурстардың шамасына тәуелділігін анықтады.

   5. Экономикалық реформаларды жүзеге асыру барысында шетел капиталын белсенді тарту қазақстандық экономиканы либерализациялау мақсаттарына сай келеді. Шетел инвесторларын экономикаға тарту мынандай себептермен түсіндіріледі:

   Біріншіден, шетел капиталын тарту ұлттық экономиканың даму деңгейін арттырып, ішкі нарықтарға бәсекелестік күрестің элементтерін енгізе отырып, бәсеке қабілеттілікті арттыруға жол ашады.

  Екіншіден, шетел капиталын тарту ұлттық экономиканы инвестициялық-техникалық жарықтандыруға мүмкіндік туғызады.

  Үшіншіден, шетел капиталын тарту жекешелендіру мен ел экономикасын монополияландыруды арттырады. Сонымен қатар, шетел инвесторының қатынасуы қоғамда меншіктің алуан түрлі формаларының өмір сүруіне әкеледі. 

  
 
 
 
 
 
 

 Қолданылған  әдебиеттер тізімі

  1. «Қазақстан халқының әл- ауқатын арттыау мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» Н.Назарбаев 2009жылғы Казақстан халқына Жолдауы.-Астана , Ақорда , 2009ж. 5ақпан.
  2. ҚР «Акционерлік қоғамдар туралы Заңы/16.05.2003/..
  3. Қазақстан Республикасының “Аудиторлық қызмет жөніндегі” заңы, 18.11.1998ж. (соңғы өзгерістер мен толықтырулар 2001.)
  4. Қазақстан Республикасының “Салықтар және бюджетке тиісті міндетті төлемдер жөніндегі” заңы, 1.01.2000.
  5. Баймұханова С.Б., Балапанова Ә.Ж. Бухгалтерлiк есеп: Оқу құралы. А: Қазақ Университеті, 1999.
  6. Вещунова Н.Л., Фомина Л.Ф. Экономикаский учет на предприятиях различных форм собственности: М., 1999.
  7. Дуйсенбаев К.Ш., Төлегенов Э.Т., Жұмағалиев Ж.Г. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау: Оқу құралы. А.: Экономика, 1999.
  8. Н.А.Назарбаев. Рынок и социально-экономичское развитие. -М.:Экономика, -1994.
  9. Каминка А.И. Акционерные компании. Т.1. -С.-Пб.:1902.
  10. Тарасов И.Т. Учение об акционерных компаниях. -М.:1998.
  11. Маркс К. Капитал. Т 4.
  12. Писемский П. Акционерные компании с точки зрения гражданского права. -М.:1876.
  13. Указ от 27 октября 1699 года /Свод Законов Российской империи /№1706/.
  14. Метелева Ю.А. Правовые положения акционера в АО-е.-М.:1999.
  15. Шершеневич Г.Ф. Курс торгового права.Т.1.       -С.Пб.:1908.
  16. Кошанов А.К.,Рамазанов А.А., Бисембаев А.А. и др.формирование системы акционерных отношений в РК. -А.:Гылым,1995.
  17. Кошанова Ж.А. Становление акционерной собственности в условиях перехода экономики Казахстана к рыночной экономике. Канд. Дисс.А.:1995.
  18. ҚР-ның Азаматтық кодексінің ресми мәтіні/Жалпы және ерекще бөлімдер/:-А.:Жеті жарғы, 2000.-59-65 б.

Информация о работе Акционерлік қоғам