Акционерлік қоғам

Автор: n**********@gmail.com, 25 Ноября 2011 в 20:24, реферат

Описание работы

Акционерлік нысандағы кәсіпкерліктің рөлі мен маңызы 2003 жылы 13 мамырда «Акционерлік қоғамдар туралы» ҚР арнайы Заңы қабылданғаннан кейін күшейді.
Акционерлік қоғамның басқа ұйымдық-құқықтық шаруашылық түріне қарағанда бірнеше артықшылықтары бар:
1. АҚ капиталдың шоғырлануына мүмкіндік береді, сондықтан ірі кәсіпорындар негізінен акционерлік қоғамға ұйымдастырылған;
2. АҚ акционерлері қоғам міндеттері бойынша жауап бермейді, яғни оның тартымдылығы осы.

Содержание

КІРІСПЕ…………………………………………………….....................3
1 АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1Акционерлік қоғамның пайда болу тарихы және оның дамуы….........................................................................................5
1.2Акционерлік қоғамның атқару органы мен басқару….……….....8
1.3Қазақстандағы акционерлік қоғамдардың қалыптасуы мен дамуы……..............................................................................................................14
2 «ШЫМКЕНТ МҰНАЙ ӨНІМДЕРІ»АҚ-НЫҢ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ТАЛДАУ
2.1“Шымкент Мұнай Өнімдері” АҚ –ның технико-экономикалық қызметін талдау......................................................................................................................19 2.2“Шымкент Мұнай Өнімдері”АҚ қызметінің ерекшелігін талдау.......….....24
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМДАРДЫҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ
3.1Қазақстандағы акционерлік қоғамдардың даму проблемалары мен оларды шешу жолдары…………………….......................................................................26
ҚОРЫТЫНДЫ……………….........................................................30
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ……………......................31

Работа содержит 1 файл

Айка курсовой.doc

— 303.00 Кб (Скачать)

        

Жоғарыда  көрсетілген мәліметтерге қарай  отырып, кәсіпорын қызметінің тиімділігіне төмендегідей бағалау берер едім:

     Өнімді өткізуден өткізуден түскен түсім: әрине өнімді өткізу ол кәсіпорынның шығарылған өнімінің ең соңғы кезеңі деп айтсақ болады және ол кәсіпорын үшін өте мағызды.Өнімді өткізуден түскен табыс 2009 жылға қарағанда, 2010 жылы 75227520 мың теңге болып,10806460 мың теңгеге артты немесе  116,8 %- ға өсті.

     Өткізілген  өнімнің өзіндік  құны:бұл кәсіпорын жұмысының қалай жүріп жатқанын сипаттайтын көрсеткіш, яғни бұдан кәсіпорынның қаржылық жұмысы, өндіріс жұмысының кеңдігі, шаруашылық субъектілерінің қаржылық денгейін көруге болады. Жалпы алғанда өнімнің өзіндік құны 2010 жылы 2009 жылға қарағанда 1931766 мың теңгеге өсті.

     Жиынтық табыс:оның сомасы 2010 жылы 2009 жылмен салыстырғанда 8874694 мың теңгеге өсті.

      Кезең шығындары:бұл көрсеткіш жалпы шығындар, өнімді өткізуге кеткен шығындар, пайыз шығындары курстық ерекшелік шығындары. Осылардың қосындысы кезең шығындарын береді және 2009 жылмен салыстырғанда 2010 жылы  4906205 мың теңгеге  өсті.

     Салық салғанға дейінгі жиынтық табыс: 2010 жылы 2009 жылмен салыстырғанда 3902539 мың теңгеге өскен.

     Таза  табыс немесе пайда: бұл көрсеткішті есептеу үшін:салық салудан кейінгі жиынтық табыс пен төтенше жағдайлардан болған жиынтық табысты (шығынды) қосу (шегеру) арқылы анықталады.2010 жылы пайда 132,2 пайызға өсті  немесе 3633044,8  мың теңге деп айтуға болады.

   Сату рентабельділігі:2010 жылы  5,2 теңгеге өскен.

    Жұмыскерлер саны: 2010 жылы 18 адамға кеміді.

   1жұмыскердің еңбек өнімділігі:өндіріс қызметінің нәтижелігін көрсететін маңызды көрсеткіш. Бұл көрсеткіш бір адамның орташа жылдық өндіру көлемін сипаттайды. Ол 2010 жылы   8464,7 мың теңгеге өскен. Бұл жақсы нәтиже.

       Негізгі құралдардың  орташа жылдық  құны:бұл көрсеткіш кәсіпорынның орналасқан жерін, мекеменің тасымалдайтын транспорты, машиналары жатады және бұлардың қосындысы арқылы негізгі құралдардың орташа жылдық құнын табу үшін, осы көрсеткіштің бәрін қосып, әр жылды жеке – жеке  бөлеміз. Бұл көрсеткіш 2010 жылы  209435523 мың тенгені құрады.

    Қор қайтарымдылығы: негізгі өндірістік қорларды пайдаланудағы жалпы көрсеткіш ретінде, кәсіпорынның эффектілігін көрсетеді. Бұл көрсеткіш 2 жыл ішінде де тұрақты.

   Қор сыйымдылығы: бұл көрсеткіш қор қайтарымдылық көрсеткішіне кері көрсеткіш болып табылады. Бұл техникалық өндірістік учаскілеріне деген жерін, қор пайдаланудағы жалпы көрсеткішін анықтауға мүмкіншілік береді. Қор сыйымдылығы 2010 жылы 112 пайызға өст 

2.2«Шымкент Мұнай өнімдері»АҚ-ның экономикалық тиімділігінін талдау 

        Кәсіпкерлік ұйымның ең тиімді түрі акционерлік қоғам оның ұтымдылығы: акционерлердің капиталдарын орталықтандыру, сол арқылы инвесторларды тарту; жеке және коғамның қызығушылықтарын біріктіру; акционерлерге материалдық көмек ретінде дивиденттерді  төлеу; әрбір акционердің  қоғамды басқаруға қатысуы және т.б

      АҚ  қызметінің тиімділігі әр түрлі фактоларға тәуелді.Ортақ факторлармен қатар, арнайы факторларда әсер етеді.АҚ үшін бұл қосымша фактор «акционерлік қоғамның тартымдылығы» ол келесідей болуы мүмкін:дивиденттік саясат, қоғам жұмыстарына ұйымдық принциптерді ұсыну, таза пайданы дұрыс бөлу, АҚ толық және сенімді ақпарат беру.

      АҚ  тиімді жұмыс жасауы мен дамуы  үшін қосымша құралдарды пайдалану қажет:дивиденттерді төлеу, көлемді келісімдер жасау, таза табысты бөлудің әдістерін таңдау. Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның тиімді жұмыс жасағанын пайда және өтімділік анықтайды.  

     Пайда – бұл таза табыстың бір бөлігі, шаруашылық етуші субъектілер өнімді өткізгеннен кейін алатын табысы. Тек қана сатылудан кейін таза табыс пайда түрін қабылдайды.Кәсіпорынның тиімді қызмет жасауы – қаржылық нәтижесі көрсеткіштерін сапалы талдап, келешекке жоспар жасауға тікелей байланысты. Кәсіпорынның қаржылық талдау сапасы қолданатын әдіс-тәсілдер мен талдау деректерінің нақтылығына тәуелді.

     ҚР-ның  Президенетінің Жолдауында экономиканың өсуі,барлық жұмыстардың тиімділігі мен сапасын көтеру: «Қоғамның  қарқынды өркендеуінің іргетасы болып  жаңа, бәсекеге қабілетті және ашық нарықтық экономика» табылады.

      Нарықтық  экономика жағдайында барлық шаруашылық субъектілер акционерлік қоғамдар білінші кезекте тиімді жұмыс  жасауы үшін жұмысшыларын материалдық  жағынан қолдау қажет. Бұл тетік  басқа ынталандыру жүйелерімен  қатынасын жақсартып қоғамның бәсекеге қабілеттілігін арттырып,жаңа технологиялардың енуіне,кадрлардың  тұрақтылығымен және т.б алып келеді.

 
              Көрсеткіштер
   2009

   жыл

   2010

   жыл

         Ауытқу
      +,-       %
1. Меншікті капиталды шоғырландыру коэффициенті 0,61 0,67 0,06 109,8
2. Қарыздық капиталды шоғырландыру  коэффициенті 0,64 0,33 -0,31 51,6
3. Қаржылық тәуелділік коэффициенті 1,64 1,49 -0,15 90,8
4. Ағымдағы берешек 

Коэффициенті

0,16 0,09 -0,07 56,2
5. Қарыздарды меншік капиталмен жабу коэффициенті 1,57 2,01 0,44 128
6. Қаржылық леверидж коэффициенті 0,64 0,49 -0,15 76,6
7. Тұрақты қаржыландыру коэффициенті 0,83 0,90 0,07 108,4

2–  кесте. «ШымкентМұнайөнімдері» АҚ-ның 2009-2010 жылдың     қаржылық тұрақтылығын талдау

2–  кесте. «ШымкентМұнайөнімдері» АҚ-ның 2009-2010 жылдың     қаржылық тұрақтылығын талдау 

     Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдайтын болсам, кәсіпорынның тәуелсіздік дәрежесін сипаттайтын меншікті капиталды шоғырландыру коэффициенті 2010 жылы 2009 жылға қарағанда 109,8 %-ға артық. 
 

   Ал, қарыздық капиталды шоғырландыру коэффициенті болса 51,6 %-ға кемігендігін көреміз. Бұл көрсеткіш кәсіпорын капиталының қандай бөлігін қарыздық қаражаттар құрайтындығын көрсетеді.

   Келесі көрсеткіш қаржылық тәуелділік көрсеткіші болып табылады. Ол 2010 жылы 2009 жылға қарағанда 90,8 %-ға кеміген,яғни бұл кәсіпорынның қаржыландыруда қарыздық қаражаттардың үлесінің кемігенін көрсетеді.

   Ал ағымдық берешек коэффициенті 56,2 %-ға кеміген.

Қарыздарды  меншік капиталмен жабу коэффициенті 2010 жылды 2009 жылмен салыстырғанда 128 %-ға артқанын аңғаруға болады.

   Қаржылық тұрақтылықтың негізгі индикаторларының бірі қаржылық леверидж немесе қаржылық тәуекел коэффициенті болып табылады. Оның мәні 76,6 %-ға кеміген. Тұрақты қаржыландыру коэффициенті баланс активінің қандай бөлігі тұрақты көздер есебінен қалыптасқанын көрсетеді. Оның мәні 2010 жылы 2009 жылмен салыстырғанда 108,4 %-ға өскен. 
 
 

3-кесте. Кәсіпорынның еңбек ресурстарындағы құрамы

     
Көрсеткіштер Мөл

шері

    2009 жыл
    2010 жыл
    Ауытқуы
    +;-
%
1 Жұмыскерлердің  нақты тізімдік саны адам
    1393
   1375
    -18
98,7
2 Жұмыскерлердің  еңбек ақы қоры мың теңге 1 950272 2 072796  122524     106,3
3 Орта айлық  еңбек ақысы теңге 116 671 125 624     8953 107,7
 

     АҚ-ның  басқа ұйымдармен салыстырғанда ұтымды жағы инвестициялау көздерін ,қаржылық ресурстар тарту мүмкіндігі.Олардың тиімділігін арттыру үшін мемлекет тарапынан түрлі бағдарламалар әзірленуі тиіс.

     Экономикалық  реформа жылдары АҚ қызметінің тиімділігі артқан.Шығынды акционерлік қоғамдардың  үлесі 2003ж 44%, 2005ж 29,3%-ға төмендеген.Акционерлік қоғамның жұмыстары басқа ұйымдармен салыстырғанда нәтижелі.Оның тиімді жұмыс істеуінің негізгі жағдайы кез келген ұйым сияқты , өндірісті жетілдіру, ғылыми- техникалық жетістіктерді,  инновациялық қызметті, басқаруды жақсарту, ұйымдық еңбекті жетілдіру,маркетингтік қызметті жақсартуды ұйымдастыру.Көбінесе АҚ дәстүрлі басқару құрылымын қолданады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

   3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА АКЦИОНЕРЛІК  ҚОҒАМДАРДЫҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ  ЖОЛДАРЫ   

   3.1 Қазақстандағы акционерлік қоғамдардың  даму проблемалары мен оларды  шешу жолдары 

   Елімізде шағын бизнестің белсенді дамуы 1992-1993 жылдары басталды. Осы кезең ішінде мемлекеттің меншігі бірте-бірте жеке меншікке ауысты. Олар әртүрлі шаруашылық ассоциациялары, ЖШС, шағын кәсіпорындар, АҚ-дар формаларында қайта құрылды.

   Aкционерлік қоғам міндетті түрде акция шығарып, меншікті бөлуі тиіс. Бірақ біздің акционерлік қоғамдар құнды қағаздар шығарып, инвестиция тартқаннан гөрі, банктерден несие алуды оңай көреді. Өйткені құнды қағазды шығару керек, оған эмиссия жасау керек, орналастыру керек, ол үшін жұмыстары ашық болуы керек. Толып жатқан талаптар бар. Былай қарағанда, құнды қағаздар нарығы мен банк несиесі екеуі бір-біріне балама. Өндіріс орны «несиені қайдан алсам екен?» деп ойланған кезде, алдынан оның екі жолы шығады. Біреуі – банктен несие алу, екіншісі – құнды қағаздар шығарып, инвесторлар ақшасын салу, ал үшіншісі – сырттан инвестиция тарту. Қайсысын таңдайды, екінші нарық жұмыс істемейді, ішкі нарық жоқ. Сондықтан олар ең жеңілін таңдайды. Акционерлік қоғамбыз дейді де, құнды қағазды шығарып, сейфке салып қояды да отырады. Несиені банктен ала салады.

   Құнды қағаздар нарығының дамымай келе жатқанының бірнеше себебі бар. Негізгі себебі – қаржы нарығы екіге бөлінеді: алғашқы нарық және екінші нарық. Алғашқы нарық – эмитент шығарып, оны орналастыру. Екінші нарықта ол сатылады. Бізде осы екінші нарық жұмыс істемей тұр деуге болады. Себебі акционерлік қоғамның қолындағы құнды қағаздарды (бұл осы АҚ-тың меншігі болып табылады) банктер, корпорациялар, т.б. (немесе акционерлердің өзі иә болмаса мүдделі адамдар) сатып алады. Сөйтеді де, оны сейфке салып қояды. Анда-санда аздаған дивиденд берсе берді, бермесе ол да жоқ. Заң жүзінде акция сейфте жатпауы керек. Ол екінші нарықта айналымда жүріп, ақша жасауы керек.

Информация о работе Акционерлік қоғам