Акционерлік қоғам

Автор: n**********@gmail.com, 25 Ноября 2011 в 20:24, реферат

Описание работы

Акционерлік нысандағы кәсіпкерліктің рөлі мен маңызы 2003 жылы 13 мамырда «Акционерлік қоғамдар туралы» ҚР арнайы Заңы қабылданғаннан кейін күшейді.
Акционерлік қоғамның басқа ұйымдық-құқықтық шаруашылық түріне қарағанда бірнеше артықшылықтары бар:
1. АҚ капиталдың шоғырлануына мүмкіндік береді, сондықтан ірі кәсіпорындар негізінен акционерлік қоғамға ұйымдастырылған;
2. АҚ акционерлері қоғам міндеттері бойынша жауап бермейді, яғни оның тартымдылығы осы.

Содержание

КІРІСПЕ…………………………………………………….....................3
1 АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1Акционерлік қоғамның пайда болу тарихы және оның дамуы….........................................................................................5
1.2Акционерлік қоғамның атқару органы мен басқару….……….....8
1.3Қазақстандағы акционерлік қоғамдардың қалыптасуы мен дамуы……..............................................................................................................14
2 «ШЫМКЕНТ МҰНАЙ ӨНІМДЕРІ»АҚ-НЫҢ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ТАЛДАУ
2.1“Шымкент Мұнай Өнімдері” АҚ –ның технико-экономикалық қызметін талдау......................................................................................................................19 2.2“Шымкент Мұнай Өнімдері”АҚ қызметінің ерекшелігін талдау.......….....24
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМДАРДЫҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ
3.1Қазақстандағы акционерлік қоғамдардың даму проблемалары мен оларды шешу жолдары…………………….......................................................................26
ҚОРЫТЫНДЫ……………….........................................................30
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ……………......................31

Работа содержит 1 файл

Айка курсовой.doc

— 303.00 Кб (Скачать)

               МазмҰны

КІРІСПЕ…………………………………………………….....................3

 

1 акционерлік Қоғам қызметінің ерекшеліктерінің теорИЯлыҚ негіздері

1.1Акционерлік қоғамның пайда болу тарихы және оның дамуы….........................................................................................5

1.2Акционерлік қоғамның атқару органы мен басқару….……….....8

1.3Қазақстандағы акционерлік қоғамдардың қалыптасуы мен дамуы……..............................................................................................................14 

2 «Шымкент Мұнай өнімдері»АҚ-ныҢ қызметінің ерекшеліктерін талдау

2.1“Шымкент Мұнай Өнімдері” АҚ –ның технико-экономикалық қызметін талдау......................................................................................................................19                                                                 2.2“Шымкент Мұнай Өнімдері”АҚ қызметінің ерекшелігін талдау.......….....24 

3 Қазақстан Республикасында акционерлік қоғамдардың тиімділігін арттыру жолдары

3.1Қазақстандағы акционерлік қоғамдардың даму проблемалары мен оларды шешу жолдары…………………….......................................................................26 

Қорытынды……………….........................................................30

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ……………......................31 
 
 
 

                                     
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

               КІРІСПЕ 

     Қазақстан Республикасында акционерлік  нысандағы кәсіпкерліктің  құрылымын құру мен басқару ұлттық экономиканың құрылымында анықтаушы орынға ие. Көп жағдайда акционерлік қоғам қызметінің тиімділігі ел экономикасының қарқынды  дамуына үлкен ықпалын тигізеді. Экономикадағы өндірістің құлдырауы және дағдарыс жағдайларында акционерлік қатынастардың дамуы қаржылық ресурстардың көлденең түрде ауысуын қадағалап, салааралық қаражаттардың  қозғалысын рационалдайды, яғни экономиканы көтерудің және қайта құрудың алғышарттарын қалыптастырады. Акционерлік қатынастардың, қаржылық ресурстардың мобилизациясы ақшаны байланыстырудың, инфляциямен күрестің және ақша айналымын тұрақтандырудың құралы болып табылады. Сондай-ақ, акционерлік қоғамдар ел экономикасына несиелік және тікелей формадағы шетелдік капиталды тартуға мүмкіндік береді. Тікелей инвестициялар біріккен кәсіпорындарды құру, компанияның акция пакеттерін иемдену немесе кәсіпорынды жеке жоба бойынша жекешелендіру бойынша тартылады. Шетелдік капитал өндіріс факторларының халықаралық мобильділігіне сүйенуге, ғылым, технология, басқару тәжірибесін тасымалдауға мүмкіндік береді.

   Акционерлік нысандағы кәсіпкерліктің рөлі мен маңызы 2003 жылы 13 мамырда «Акционерлік қоғамдар туралы» ҚР арнайы Заңы қабылданғаннан кейін күшейді.

   Акционерлік қоғамның басқа ұйымдық-құқықтық шаруашылық түріне қарағанда бірнеше артықшылықтары бар:

1. АҚ  капиталдың шоғырлануына мүмкіндік  береді, сондықтан ірі кәсіпорындар негізінен акционерлік қоғамға ұйымдастырылған;

2. АҚ  акционерлері қоғам міндеттері  бойынша жауап бермейді, яғни  оның тартымдылығы осы.

   Акционерлік нысандағы кәсіпкерліктің  құрылымын құру мен басқару әлі толық зерттелмеген, алайда елімізде отандық экономиканың құрылу жолдары белгілі.

     Бұл тақырып бүгінде өте өзекті, себебі Қазақстандағы акционерлік қоғамдардың дамуы корпоративті бағалы қағаздардың екінші нарығы мен шаруашылық субъектілердің қызметін реттейтін заңдардың дамымаған жағдайында жұмыс істеуі орын алып отыр. Бұл проблемалар АҚ қызметі тиімділігінің жеткіліксіз дамуына әкеліп соғады.

     Курстық жұмыстың мақсаты акционерлік қоғам қызметін бағалау және Қазақстан Республикасында оның экономикалық тиімді қызмет атқаруын зерттеу болып табылады. нарықтық экономика жағдайындағы акционерлік нысандағы кәсіпкерліктің маңызы мен тиімділігін ашып көрсету.

   Аталған мақсатқа сай келесі  міндеттерді шешуге ұмтылыс жасалған:

  • нарықтық экономика жағдайындағы акционерлік нысандағы кәсіпкерліктің теориялық негіздерін ашып көрсету;
  • «Шымкентмұнайөнімдері» АҚ–ның техника–экономикалық көрсеткіштеріне талдау жасау;
  • АҚ–ның қызметінің мәнін,оның Қазақстан Республикасындағы рөлін қарастыру;
  • АҚ–ның даму проблемалары мен оларды шешу жолдары қарастыру.

     Жалпы курстық  жұмыс кіріспеден, 3 бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Курстық жұмыстың бірінші тарауында –акционерлік нысандағы кәсіпкерліктің құрылуы,қызмет етуі және олардың рөлі, екінші тарауда – «Шымкентмұнайөнімдері» АҚ–ның жалпы экономикалық сипаттамасы, оның техника– экономикалық көрсеткіштері, негізгі қызметі, ал үшінші тарауда – жалпы АҚ–ң даму проблемалары, оны шешу жолдары мен берілген кәсіпорынның инвестиция тартымдылығы қарастырылып, талқыланды.

      Жұмысты жазу кезінде отандық және шетелдік авторлардың әдебиеттері, АҚ–ның қызметін реттейтін заңдар және нормативтік актілер, сонымен қатар «Шымкентмұнайөнімдері» АҚ–ның 2008-2010 жылғы негізгі экономикалық  және бухгалтерлік құжаттары пайдаланылды. 
 
 

  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

1 Акционерлік қоғам қызметінің ерекшеліктерінің

                                 теориЯлыҚ негіздері

1.1Акционерлік қоғам түсінігі және оның дамуы 

      Акционерлік қоғам дегеніміз- қатысушылардың қоғамға  деген міндеткерлік құқықтарын куәландыратын,  жарғылық капиталы белгілі бір акция санына бөлінген коммерциялық ұйым. Акционерлер қоғамның міндеттеріне жауап бермейді және тек сатып алған акция құнымен шығын тәуекеліне барады.

      Қоғам балансында ескерілетін иелігінде  жекелеген меншігі бар, өз атынан заттай және заттай емес құқықтарды иеленіп жүзеге асыратын заңды тұлға.

      Акционерлік қоғам заңға қайшы келмейтін  кез-келген іс-әрекетке құқылы. Қоғамның іс-әрекеті негізінен құнды қағаздар мен акция операцияларынан пайда  табуға бағытталған.

      Қоғам құрылтайшылары арқылы қайта құрылуы немесе жұмыс істеп жатқан заңды тұлғаның қайта ұйымдастырылуы (бірігу, бөліну, сіңіру, қайта құрылу) мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап құрылуы деп есептеледі.

      Қоғамның  барлық органдарына және акционерлеріне талаптардың орындалуы негізгі құжат қоғамның жарғысы болып табылады. 

      Акционерлік қоғамның акциялары 

      Акция – меншік титулы, жазбаша куәлік, акционерлік қоғам капиталына қаржы салымын куәландыратын бағалы қағаз болып табылады.

      Ол  акция иесіне Акционерлік қоғамның істеріне қатысуға, салынған капитал мөлшеріне байланысты белгілі көлемде дивиденд алуға құқық береді. Акция иесі – акционер болып табылады. Акционер Акционерлік қоғамның кредиторы болып табылмайды, сондықтан күнделікті дивиденд төлемін және акцияны сатып алуына (егер акция курсы төмендейтін болса) фирмадан талап етуге құқы жоқ. Акционерлердің жылдық табысының (дивиденд) көлемі баланста көрсетілген табысына тәуелді. Жалпы акционерлік жиналыста осы табыс үлесін дивиденд түрінде болу және төлеу, табысты қолдану сұрақтары шешіледі. Табыс акция мөлшеріне байланысты пропорционалды бөлінеді.

      Егер  Акционерлік қоғам тиімді жұмыс  істесе, онда акицонерлік капиталды  көбейтуге мүмкіндік болады. бірақ  акция иелері акционерлер санын  көбейтуге ұмтылмайды, себебі әр акционер қайта шығарылған акцияны алуға ерекше құқық алады. Әрбір акционер «ескі акция мөлшеріне пропорционалды суммада жаңа акция ала алады.

      Бағалы  қағаздар нарығында, әсіресе қор  биржасында, компанияның іс жүзіндегі  қоры ешқандай шайқалусыз дамуына қарамастан, бір кәсіпорынның акциясы бір уақытта әр түрлі баға (курсқа) ие бола алады.

      Акционерлік қоғам табысы келесідей қолданылады: бір бөлігі акционерлер арасында таратылады,  екінші бөлігі акционерлік  қоғамның резервіне бағытталып, капитал  ұлғаюына немесе кәсіпорын құлдырағанда дивиденд төлеуге қолданылады.

      Әдетте, Акционерлік қоғам «жасырын резервтердің  өсіруге жағдай жасайтын саясатты жүргізеді. Резервте жиналымдар біткеннен кейін  акционерлік компания дивидендтерін  төмендетеді. Бұл Акционерлік қоғам  күйреуінің бірінші белгісі. Акция иелері аз дивидендтер әкелетін акциялардан құтыла бастайды. Бұл акция курсының номиналды құнынан төмендеуіне әкеледі. Егер Акционерлік қоғам қызметін тоқтатса, онда акция ұстаушылар Акционерлік қоғамға салған қаржысын толығымен жоғалтады, ал акция ешкімге керек емес қағазға айналады.

      Акционерлік қоғам қалыпты жұмыс істеген  жағдайда акция ұстаушы өз акциясынан қоғам жұмысына сәйкес дивиденд алады. Мысалы, 50 теңгелік акция табысы 6 теңге  құрайды. Сондықтан, бір акция дивидендті 6 теңге құраса, онда акционер жылдық 12% алады. Қоғам құрылған кезде алғашқы акциялар номиналды  құны бойынша сатылады. Кейіннен олар өте жоғарырақ курс бойынша сатылады. Бұл жағдайда табыс көлемін іс жүзінде келесі формула бойынша анықтайды:

      

      Қор биржасында және банкте акция сатылу мен сатып алу бағасын акция  курсы деп аталады. Ол негізгі  екі факторға тәуелді: дивиденд мөлшеріне  және саудалық пайыз көлеміне. Әрине, төленетін дивиденд көлемі жоғары болса, яғни оның курсы жоғары.

      Акция сатып ала отырып, ақшалай қаржы иесі әрдайым алынған дивидендтің, аз капитал салымын берік табысқа кепіл беретін банк немесе өнеркәсіп облигациясынан кепілмен ала алатын табыстармен салыстырады.

      Банктік пайыздық көрсеткіш акция курсының төмендеуі мен жоғарылауына әсер ететін фактор: банктік пайыз жоғары болған сайын, қор биржасындағы акция курсы соншалықты төмендейді және керісінше. Айталық, акцияның номиналды 100 теңгелік құны 12 теңге көлемінде дивиденд әкеледі, ал ссудалық пайыз көлемі – 4. Онда бұл акция қор биржасында 360 теңге курспен сатылады, өйткені дәл осындай соммамен банкке жылдық 4% есеппен қойылған сомма 12 теңге әкеледі.

      Сонымен, акция курсы өзімен капитализацияланған  дивидендті көрсетеді, оны мына формуламен есептейді:

      

      Берілген түсініктегі шамалар акция курсының әрдайым тербелінуі, акцияның сұраныс пен ұсыныс қатынасына тәуелді.

      Қоғам акция ұстаушыға түрлі артықшылықтарды  беретін және атаулы акция түрлерін шығарады. Акция ұстаушы – заңды  түрде компанияның акционері  екенін куәландырады. Атаулы акцияларды шығарғанда, оларды тек акционерлік кітапқа енген акционерлер иемдене алады. Әр түрлі елдерде, қоғам қызметін реттейтін түрлі заңдар бар. Біреулерінде ұсынушыға, ал екіншісінде атаулы акциялар көп кездеседі. Акцияның әр түрлі артықшылықтары мен кемшіліктеріне ие.

      Ұсынушыға арналған акция сату операцияларында  қолдануға ыңғайлы. Бұл жағдайда компания акция иелерінің аттарын  білмейді. Осылайша акцияларды сату және сатып алуда қоғам құрылтайшыларына және акционерлеріне түрлі қиыншылық туғызуы мүмкін.

   ҚР-да АҚ-дар бағалы қағаздар нарығын дамытуда маңызды рөл атқарады. АҚ-ның шығаратын бағалы қағаздары акция және облигация болып табылады. Акция - акционерлік қоғам шығаратын және акционерлік қоғамды басқаруға қатысу, ол бойынша дивиденд және қоғам таратылған жағдайда оның мүлкінің бір бөлігін алу құқығын куәландыратын бағалы қағаз. Акцияның өзі жай акция және артықшылықты акция болып екіге бөлінеді. Жай акция – акционерлік құқықта негізінде көрсетілген қоғам табысына сәйкес дивиденд алуға құқық береді. Артықшылығы бар акция жай акцияға қарағанда ұстаушыға түрлі формада көрсетілетін арнайы басымдылықтарға ие. Басымдылықтардың бірі, қоғам акцияларына табыс деңгейі аныталғанға дейін кепілді табыс нормасы төленеді Бірақ, артықшылықты акциялар саны, оның жарияланған акцияларының жалпы санының 25%-нан аспауы керек. Алайда аталған құқықтар барлық акциялар үшін мүлде бірдей болмайды. Себебі акциялардың өздері екі түрлі болады: жай және артықшылықты. Олар басты айырмашылығы сол, артықшылықты акцияларды иеленушілердің бекітілген дивиденд алуға құқығы бар. Бұл акционерлік қоғам артықшылықты акцияларды иеленушілерге әрқашан да анық белгіленген мөлшердегі дивидендтерді төлеп отыруға міндетті, ол осы қоғамның Жарғысында көрсетілуге тиіс.

   Облигациялар бағалы қағаздардың акциялардан кейінгі екінші ең кең тараған түрі болып табылады. Облигацияларды сатып ала отырып, акцияларды сатып алғандай оны шығарған қоғамның тең иесіне айналуға болмайды. Облигациялар қоғамның қарызы болып табылады. Оларды шығара отырып, қоғам сол арқылы инвесторлардан қарызға ақша сұрағандай болады. Шығарылған облигацияларды сата отырып, қоғам осы облигацияларды сатып алатын инвесторлардан қарызға ақша алады. Облигацияның өзі осы борыштың куәлігі болады, борыш міндетті түрде инвесторға қайтарылуға тиіс. Дәл осы айырмашылыққа байланысты акциялар үлестік бағалы қағаздар тобына, ал облигациялар борыштық бағалы қағаздар тобына жатқызылады. Сонымен қатар, «алтын акция» да қарастырылуы мүмкін. Ал «алтын акция» иеленуші адам қоғам өзгерістеріне «вето» жариялауға толық құқығы бар. Акция өз кезегінде оның иесіне тиісті акция сомасына сәйкес салынған капиталына белгілі бір дивиденд алуға құқық береді. Акцияны иеленуші акционер деп аталады. Қоғамның акционері оның міндеттері бойынша жауап бермейді және өзіне тиесілі акциялардың құны шегінде қоғам қызметіне байланысты залалдарға тәуекел етеді. Акционерлердің жылдық табысының шамасы баланста көрсетілген пайдаға тәуелді. Қор биржасындағы және банктердегі акцияның сатылу және сатып алу бағасы акцияның бағамы деп аталады. Ол негізінен екі факторға: дивиденд мөлшеріне және қарыздық пайыз деңгейіне байланысты. Акция бойынша төленетін дивиденд қаншалықты жоғары болса, соғұрлым қымбат немесе жоғары болып келеді.

Информация о работе Акционерлік қоғам